Керамикалық кірпіш пласикалық перстеу арқылы алу өнімділігі 25млн дана


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2-3
2. Шикізаттардың сипаттамасы . . . 4-6

3. Өнім номенклатурасы . . . 7-8
4. Өндірістің жұмыс істеу режимі . . . 9
5. Өндірістік әдісті таңдау . . . 10-11

6. Өндірістің технологиялық нобайы . . . 12-17

7. Шикізат өндірісінің материалдық балансы . . . 18
8. Құрал-жабдықтардың санын есептеу . . . 19-20
9. Өнім сапасын бақылау . . . 21-22
10. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелері . . . 23
11. Қоршаған ортаны қорғау . . . 24
12. Қорытынды . . . 25
13. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26

Кіріспе

Керамикалық материалдар көптеген ғимараттардың конструктивті элементтерінде қолданылады.

Күйдіру денесінің құрылымына қарай керамикалық бұйымдар кеуекті және тығыз түрлерге бөлінеді. Кеуекті бұйымдар - глазурьлі қабаты жоқ болған жағдайда су өткізеді және ұрғанда тұйық дыбыс шығарады.

Ғимараттардағы элементтердің тағайындалуына байланысты керамикалық бұйымдар мен материалдарды келесі түрлеріне ажыратуға болады: қабырғалық (кірпіш, керамикалық тастар және олардан алынған панельдер) ; қасбеттік (беттік кірпіш, қасбеттік плиталардың түрлері, сәулеттік - көркемдік детальдары) ; ішкі ғимаратты әрлеуге арналған бұйымдар (қабырға және еденді әрлеуге арналған плиткалар) ; жабынға арналған бұйымдар (қуысты тастар, балкалар және қуысты тастан жасалған панельдер) ; жабын бұйымдары (қыш) ; жерасты коммуникациясына арналған бұйымдар (канализация және дренажды құбырлар) ; техникалық-санитарлық бұйымдар (жуыну үстелдері, унитаздар, ванналар) ; жол кірпіші; жылу оқшаулағыш бұйымдар (ұялы керамика, перлит керамикасы, диатомитті және салмағы жеңіл шамотты бұйымдар) .

Керамикалық материалдарға бетон толтырғыштарын жатқызуға болады. Мысалы: керамзит және аглопорит.

Керамикалық бұйымдардың қолданылуының әр түрлілігі олардың қасиеттерінің кең көлемдегі көрсеткіштерін қамтамасыз етуді талап етеді.

Бұған дайындаудың көптеген тәсілдерін, әр түрлі құрылғыларды, әр түрлі технологиялық әдістерді қолдану арқылы жетеді.

Бұйымдардың тағайындалуына байланысты олар негізгі керекті нақты анықталған қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Мысалы: кірпіш үшін негізгі қасиеттер әр түрлі механикалық беріктік, су сіңіргіштік, аязға төзімділік; қышқа - аязға төзімділік; дренажды құбырларға - кеуектілік. Кірпіш пен қыш үшін механикалық беріктік түріне қысу, майысу және созу кезіндегі беріктік, еденге және жол плиткалары үшін - соғу (ұру) кезіндегі және жанасу кезіндегі беріктік, канализациялық құбырларға - атқылау кезіндегі беріктік жатады.

Керамикалық материалдарды алу үшін құрамында темірдің тез еритін тотықтары мен қиын еритін заттары бар табиғи балшықты минералды қоспалармен араластырылады. Осы араластан дайындалған бұйымдар жоғарғы температурада күйдіріледі. Осындай тез еритін заттардың ерімеген бөлшектерін байланыстыру нәтижесінде күйдірілген керамика алынады.

Табиғи жағдайда топырақты балшық кең тараған және керамика өндірісінде қолданылатын жалғыз ғана шикізат деп саналады. Оны сумен араластырғанда, әр түрлі пішіндерді жеңіл қабылдайтын иілгіш балшыққа айналады. Керекті пішінді қабылдап болған соң, жоғарғы температурада күйдіріледі, нәтижесінде әр түрлі құрылыс материалдары, тұрмыстық заттар мен сәулеттік бөлшектер алынады.

Құрылыста қолданылатын керамикалық бұйымдар өздерінің тығыздығына орай екі топқа бөлінеді: қуысты және тығыз. Қуыстыларға су өткізгіштігі 5% көп бұйымдар жатқызылады. Мысалы, әр түрлі кірпіштер, әйнекейленбеген керамикалық қаптағыш плиталар, ағынды судағы дренажды құбырлар, черепица, керамзит және басқа кеуекті керамикалық бұйымдар.

Тығыз керамикалық материалдарға су өткізгіштігі 5% кем бұйымдар жатады. Мысалы, әйнекейленген және клинкерлі балқымалы қоспадан қалыпталған бұйымдар, жол құрылысында қолданылатын қырлы кеспелі тастар, санитарлы тазалық тораптарға және еденге керекті қаптағыш плиткалар.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалды -инновациялық стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2005-2014 жылдар аралығында құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялары өндірісінің дамуы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан Республикасының болашақтағы даму жоспарларына қойылған. Яғни, тиімді құрылыс материалдарын және сапалы жылу оқшаулағыш материалдарын шығару кажеттілігі аталып көрсетілген және олар шетелден әкелінетін құрылыс материалдарымен бәсекелесе алуы керек.

Тұрғын үй және азаматтық құрылыс қарқынының өсуіне байланысты керамикалық материалдар өндірісі де дамуда.

Керамикалық кеуек материалдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестері механикаланған және автоматтандырылған өндіріс саласы. Мұндағы ең басты өндіріс процесі - қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдар пештерде жоғарғы температурада белгілі режимде күйдіру. Сондықтан, бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген материалдар мен бұйымдар деп аталады. Керамикалық материалдар номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар: кәдімгі күйдірілген кірпіштер, кеуек кірпіштер, түрлі мақсатка арналған керамикалық тастар.

Кеуекті қуыс денелі жеңіл кірпіш - жасалу тәсілі қуыс денелі кірпішті шығарғандай, керамика масса құрамына жанып кететін заттар (ағаш, көмір, диатомит және т. е. с. заттардың ұнтақтары) қосылады. Жеңіл салмақты кірпіш кәдімгі кірпішпен салыстырғанда оның тығыздығы және жылу өткізгіштігі төмен болады да қабырғаның қалыңдығын және үй конструкция массасын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл кірпіштің мөлшері 250x120x88 мм, тығыздығы 700/1450 кг/мЗ, қысқандағы мықтылығы 3, 5/10 МПа, аязға төзімділігі Ғ10.

2. Шикізаттардың сипаттамасы

Керамикалық кірпіщтерді жасарда саздық массаны, әдетте илеуі, жұмсақ саздан, каолиннен және жұмсақтылығы жоқ қоспалардан (ширақтандырушы және жанып кетуші қоспалардан, оңай балқитын) тұратын құрамалардан дайындайды. Саздар мен каолиндерді керамикалық кірпіш өндірісінде саздық материалдар деп біріктіре атайды. Кейбір керамикалық бұйымдарды өндірерде диатомиттерді, трепельдерді және таза немесе саз қосылған сланцыларды, кеуектендірушілерді және тағы басқа қоспаларды пайдаланады.

Саздар деп құрамы өте майда түйіршікті шөгінді тау жыныстарын айтады. Оны сумен араластырып илегенде созылмалы жұмсақ балшық береді. Балшықтан қалыптанған бұйымдар жоғарғы температурада күдірілуі нәтижесінде мықты және суға төзімді жасанды тасқа айналады.

Көпшілігінде дала шпаттарының мүжіліп бұзылуынан пайда болатын саздың химиялық құрамы, әдетте, түрлі оксидтердің проценттік мөлшерімен, ал минералдық құрамы кристалдық структурасы бар сулы алюмосиликаттар шамасымен сипатталады. Түрлі саздардың, қандай болғанда да, құрамдарында міндетті түрде мынадай оксидтер болады: кремнезем SiO₂ (40%-дан 70% аралығында) ; глинохем AI₂Oз (15-35%) ; К₂O + Na₂O (1-5% шамасында болады) және химиялық байланыстағы су Н₂O - 5-15%.

Саздар құрамында айтылған минералдардан басқа кварцтер, дала шпаты, темір тотықтарының гидраттары және тағы басқа қосындылар міндетті түрде керамикалық материалдар технологиясына да, олардың негізгі қасиеттеріне де әсерлерін тигізеді. Мысалы, аз да болса кальций және магний карбонаттары саздардың отқа төзімділіктерін төмендетеді және де кальций карбонатының ірі кесектері болса, онда қыш материалдарын өртеген кезде кәдімгі әк қосындысы пайда болады. Ал, ол ауада көлемін үлкейте гидратталынып, жасалынған керамикалық кірпіштердің өзінен-өзі жарықтанып кетуіне себеп болады. Саздағы құмдық қосындылар кремнезем мөлшерінің көбейіп кетуіне әкеліп соғады, осыған байланысты саздың созымталдығы төмендейді, күйдірілген бұйымның кеуектілігі жоғарылап, мықтылығы төмендейді. Глиноземнің мөлшері басымдау болған сайын саздардың созымталдығы және отқа төзімділігі жоғарылай түседі. Сілтілік және сілтілік жер металдарының болуы бұйымдардың қалыпталуын нашарлатады, отқа төзімділігін төмендетеді және бұйымдар бетінде ақ дақтар тудырады.

Саздарда болатын айтылған қоспалар желдің және судың ағымымен саздар пайда болған жерлерінен екінші бір жерлерге айдалынып көшірілу нәтижесінде қосылады. Сондықтан, мұндай саздарды екінші рет құралған қосымшалары бар саздар деп атайды. Бұлардың өртелініп жасалынған материалдардың түстері әр алуан болуы мүмкін.

Химиялық құрамы бойынша ең таза, көпшілігінде каолиниттен құралған саздарды каолиндер деп атайды. Каолиндік бағалы саздарды негізгі құрамы ретінде фаянстық және фарфорлық бұйымдарды жасағанда қолданады. Каолиндік саздар дала шпаттарының мүжілініп бұзылуынан пайда болған жерінде құрылып жататындықтан бірінші саздар деп аталады. Қосындысыз таза болғандықтан, олар ақ түсті, созымталдығы және отқа төзімділігі жоғары болады. Саздардың түйіршіктік құрамын да білгеннің маңызы зор. Себебі, түйіршік құрамдары бойынша саздардың негізгі қасиеттері жөнінде, мысалы, олардың созымталдығы, кептіруге және күйдіруге сезімталдығы және дайын бұйымдардың мықтылығы туралы айтуға болады.

Жүдеудеткіш қоспалар: құм, шамот, дегидратталған саз. Күйдіретін қоспалар ретінде ағаш кесінділері, көмір, қазанды силикаттарды және т. б. қолданылады. Дегидратталған сазды 600°С температурада қыздыру нәтижесінде алады. Дегидратталған саз материалды жүдеудетуге тиімді болып саналады. 50% дегидратталған сазды қосу, кірпішті күйдіру және кептіру ұзақтығын қысқартуды қамтамасыз етеді.

Шамот жүдеудеткіш материал ретінде майдаланған күйінде сазды массаға косылады. Ол массаның ауалық және оттық шөгуін төмендетіп оған белгілі қасиеттер (температураға тұрақтылық, механикалық беріктік, үлкен температуралық өндеуде деформацияланбау т. б. ) береді.

Күйген газдан алынатын шамотпен қатар керамика өндірісінде қалдықтарынан (ақау керамикалық бұйымдардың қалдыктары, капсельдер, шамотты бұйымдар, бұрын жылу агрегаттарын қалауда қолданылады) алынатын шамотты қолданамыз. Ондай шамоттың кеуектілігі жоғары болады, сондықтан өндіріс қалдықтарынан жасалған шамоттан дайындалған бұйымдардың да кеуектілігі артып, механикалық беріктігі төмендейді.

Ауадағы шөгіну. Қалыптау массасынан қажетті иілгіштігіне қол жеткізу үшін оған саздың аумағын ұлғайтатын (ісіну ) су енгізеді. Кептіру барысында су буланып, шикі бұйымның көлемі мен аумағы кішірею құбылысы ауада шөгіну деп аталады. Саздың ылғалдығы жоғары болғандағы шөгіну деформациясында ішінара сумен толтырылған капиллярдағы күш тепе-теңдігінің бұзылу нәтижесінде де капиллярлық қысым күштері ерекше мәнге ие болады деп есептеуге негіз бар. Ылғалдық азайған сайын, отыру деформациясының пайда болуына да сазды минералдардың бетіндегі су қабыршағы қалыңдығының кішіреюіне орай, өсетін осматикалық қысым мен молекула аралық тартылыс күштері барған сайын басты роль атқара бастайды.

Саздың отта шөгінуі. Саздың неғұрлым тез балқитын құрамы күйдіру кезінде сұйық қалыпқа өтеді де, балқымай қалған бөлшектерін қамтиды және олардың ара-арасына сіңісіп, ішінара толтырылады. Саздың құрамында құм және кварц көп болған жағдайда шөгу болмауыда мүмкін немесе тіпті материалдың ісінуі байқалады, ол кварцтың күйдіргенде аумағы ұлғайып, өзге кристалдық формаға көшуімен байланысты да 2-6% дейін болуы мүмкін.

Саздың толық шөгінуі деп ауа және от шөгіндісінің жиынтығын айтады. Толың шөгіну әдетте 5-18 %-ға дейінгі аралықта болады. Белгілі өлшемдегі бұйымдар алу үшін толық шөгінді қалыптау кезінде, тиісінше өлшемін ұлғайта ескереді.

Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарын жасау үшін қолданатын саздардың гранулометриялық құрамдары әр алуан, дегенмен мына төменде келтірілген аралықта ауытқиды:

0, 25мм жоғары шамадағы түйіршіктер - 0, 2-2

0, 25мм - ден 0, 05мм - ге дейінгі - 2-26

0, 05мм-ден 0, 01мм-ге дейінгі -12-46

0, 01мм-ден 0, 005мм-ге дейінгі-10-55

0, 005мм - ден кіші - 10-40.

Саздардың түйіршіктік құрамдарын Рутковскийдың тәсілімен шамалап анықтайды. Осы тәсіл бойынша саздар түйіршіктерінің ірілігіне байланысты үш түрге бөлінеді:

Түйіршіктері 0, 05мм - ден ірі - құм;

Түйіршіктері 0, 05мм - ден 0, 005 - ге дейін - шаң;

Түйіршіктері 0, 005мм - ден майда - сазды зат.

Сазда неғұрлым ірілігі 0, 005мм аспайтын өте майда түйіршіктер көп болса, соғұрлым оның созымталдығы, байланыстырушы қабілеті және сулағандағы ісіну шамасы жоғары болады.

Саздың қасиеттерін реттеуге қолданылатын коспалар. Саздық шикізаттың бір өзі керамика өндірісінде кеңінен қолданылады. Сазға басқа қосымша материалдарды (құнарсыздандырушы, жанып кетуші, оңай балқығыш материалдарды және арнаулы қоспалар) қосу арқылы оның технологиялық қасиеттерін және жасалынатын бұйымдар сапасын жақсартады.

Құнарсыздандырғыш материалдарды саздық массалардың құрамына олардың созымталдығын, кептіру және өртеу қасиеттерін реттеу үшін, кептіру және өртеу ұзақтығын қысқарту үшін қосады. Оларда ірі түйіршіктер болмау керек, ал 0, 25мм майда түйіршіктер мөлшері 20%-дан аспауы тиіс. Осындай мақсаттармен құнарсыздандырушы қоспа ретінде табиғи құмды және маршалитті - ұнтақтылығы жоғары топырақты (кварциттік материал) ; жасанды қоспалардан - судан ажыратылған сазды, шамотты, шлакты және күлді қолданады. Судан ажыратылған сазды, әдетте 6000-7000°С температурада кәдімгі сазды қыздырып барып алады. Шамотты - отқа берік немесе қиын балқитын сазды 1000-1400°С өртеп, содан кейін түйіршік құрамы 0, 1б-2мм аралығында болатындай дәрежеде диірменге тартып алады.

3. Өнім наменклатурасы

1) Негізгі параметрлері мен өлшемдері:

1. 1 Керамикалық кірпішті параллепипед пішінінде жасайды және өлшемдерінің түрі болады. Қуыстары горизонтальды орналасқан кірпіштің өлшемі - 250x120 х88мм.

1. 2 Келтірілген мөлшерлерден мм қателіктері аспауы қажет: Пластикалық әдіспен алынған лесстер, трепельдер, диатомидтерден алынған бұйымдар үшін:

ұзындығы бойынша . . . ±7

ені бойынша . . . ±5

Пластикалық қалыптау және жартылай құрғақ пресстеуден алынған бұйымдар үшін:

ұзындығы бойынша . . . ±5

ені бойынша . . . ±4

қалыңдығы бойынша . . . ±3

2) Түрлері мен өлшемдері:

2. 1 Біртекті және қалыңдатылған кірпішті толық денелі етіп шығарады (кеуексіз және техникалық кеуектердің көлемі 13% - тен көп емес) және кеуекті болып шығарылады. Сыртқы қабырғалар үшін кеуекті кірпіштің қалыңдығы 12мм - ден кем болмауы қажет. Кеуектер бұйымда басқа түрде болуы мүмкін.

2. 2 Қуыстар бұйымда табанына перпендикуляр және параллельді, өтпелі және өтпелі емес болуы мүмкін. Көрінетін қуыстардың ені 16мм - ден көп емес, цилиндрлі өтпелі кеуектің диаметрі және кеуекті квадратты бұйымның өлшемі 20мм - ден көп болмауы қажет.

2. 3 Беріктігі бойынша кеуектері вертикальды орналасқан бұйымдарды мына маркалар бойынша жасайды: 75, 100, 125, 150, 175, 200, 250, 300. Горизонтальды кеуектері бойынша: 25, 35, 50, 100.

2. 4 Аязға төзімділігі бойынша: Ғ15, Ғ25, Ғ35, Ғ50.

2. 5 Керамикалық бұйымның мерзімді белгісі, оның аты, түрі, беріктік маркасы және аязға төзімділігі бойынша түрлерге бөлінеді.

3) Мерзімділік белгісі бойынша:

Кеуекті керамикалық кірпіш беріктігі бойынша біртекті маркаға: 150, аязға төзімділігі Ғ15 бөлінеді.

Кеуектері горизонтальды, қалыңдатылған керамикалық кірпіштің беріктік маркасы 100, аязға төзімділігі Ғ15.

4) Техникалық талаптар:

4. 1 Бұйымдар қазіргі талаптарға сай болуы керек. Техникалық регламенті және алушы мен шығарушының негізделгендігіне байланысты.

4. 2 Мінездемелері

4. 3 Сыртқы түрі.

4. 3. 1 Бұйымдардың сыртқы пішіні тегіс және қабырғалары тік болуы қажет. Бетінің фактурасына байланысты бұйымда тегіс немесе рифленді болады.

4. 3. 2 Әкті қосылыстар буланғаннан кейін бұйымның беттерінде жарықтар мен тесіктің тереңдігі 6мм-ден көп болса жіберілмейді. Бұйымның бетіндегі тесіктің ең үлкен өлшемі бойынша Змм - ден 10мм-ге дейін және 3 данадан көп болуы керек.

4. 3. 3 Партияда сынықтардың мөлшері 5% аспауы қажет.

4. 3. 4 Сатып алушыға күйдірілмеген немесе күйіп кеткен бұйымдарды тасымалдауға тыйым салынады.

4. 3. 5 Кептірілген кірпіштің массасы 4, 3 кг - нан артық емес болу керек.

1307227623_5.jpg

Сурет-1. Кеуекті қуыс денелі жеңіл кірпіш.

Кірпіштер пішіні, өлшемі, бұйымдағы қуыстардың орналасуы, сыртқы қабырғасының қалыңдығы, цилиндрлі қуыстың диаметрі, тесікті қуыстың ендері, сыртқы көрсеткіштері бойынша бұйым бетінен ауытқу бойынша МЕСТ 530-90 сәйкес барлық талаптарға сай болуы кажет.

Кірпіштердің үстіңгі бетінде жарықтары болмауы қажет. Кірпіште екі үстіңгі беті үшкірлі және қасықты болады. Тұтынушы мен дайындаушы кәсіпорынның келісімі бойынша, кірпіштерді бір ғана бетімен шығарады.

Кірпіштің үстіңгі бетінде күндізгі жарықта ашық алаңда 10м қашықтықта көрінетін дақтар, басқа түстер және ақаулар болмауы тиіс. Бұйымның үстіңгі бетінде сурет, түс және басқа көрсеткіштер, эталон үлгісінің орнатылған ретімен бекітілгенуге сай болуы керек.

Кірпіштердің үстіңгі бетінің сыртқы түрінің көрсеткіштері мен номиналды өлшемдерінің ауытқулары белгілі бір шамадан аспауы қажет.

Кірпіштердің су жұтуы 6% кем болмауы керек және карбонат құрамды саздарға - 12%, диатомит қосқан саздарға - 20%, калған саздарға-14% рұқсат етіледі.

4. Өндірістің жұмыс істеу режимі

Жылына 25млн шартты дана шығаратын цехты керамикалық кірпіш. Өнеркәсіптің жұмыс істеу тәртібі жылдың жұмыс күні санымен, тәуліктегі сменалар санымен және жұмыс сменасындағы жұмыс сағатымен анықталады. Зауыттағы негізгі агрегаттардың жұмыс түрін, сменалық жұмысты, құрал - жабдықтардың өтпелі және жобалық жөндеу үшін қажетті уақыт резервін және де керамика бұйымдарын өндіретін өнеркәсіптерді техникалық жобалау нормаларын ескере отырып, келесі жұмыс тәртібін қабылдаймыз:

Жылдағы тәулік саны365

Мейрам күндері мен демалыс күндері. 60

Жылдық есептік тәуліктер саны305

Апталық жұмыстың ұзақтығы, тәулік . . . 5

Тәуліктегі жұмыс сменасының саны. 2

Жұмыс сменасының ұзақтығы, сағат. 8

Жұмыс уақытының жылдық қоры:

Ек = К-Т

Ек - жұмыс уақытының жылдық қоры, сағат.

К - жұмыстың күнтізбелік уакыты, сағат (305x24)

Т - негізгі қондырғылардың (пештің) жобаланған тоқтатылуы, сағат (15x24)

Ек = (305x24) -(15x24) = 6960 (1)

Жылдық қорды 2 ауысымға анықтаймыз:

305*8*2 = 4880

Өндірістік бағдарлама

Өндірістік қуат - бұл берілген бұйым түрлерін максималды шығарудың мүмкінділігі.

Өндірістік бағдарлама - нормаланған уақыттағы бұйымның әрбір түрін шығарудағы өндірістік қуат.

Жылдық өнімділіктің санын м³-қа айналдырамыз:

25 х 0, 25 х 0, 12 х 0, 088 = 66000м³

Өнімді жылдық жұмыс күнінің санына бөлеміз:

25/305 = 81967 штук; 34320/305 = 216м³

Шықкан нәтижеден жұмыс күнінің ауысымын табамыз:

81967/2 = 40983, 5 штук; 216/2=108 м³

Енді ауысым сағатын табамыз:

40983, 5 /8 = 5122 штук; 108 /8 = 13, 5м³

Шығару бағдарламасы 1-кесте

Шикізат аты
Шығару бағдарламасы
Шикізат аты: Кеуекті керамикалық кірпіш
Шығару бағдарламасы: Жылына
Күніне
Ауысымына
Сағатына
Шикізат аты: дана
Шығару бағдарламасы: м³
дана
м³
дана
м³
дана
м³
Шикізат аты: 25
Шығару бағдарламасы: 66000
81967
216
40983, 5
108
5122
13, 5

5. Өндірістік әдісті таңдау

Шикізатты өңдеу және массаны дайындаудың негізгі 3 тәсілі бар:

1. Жартылай құрғақ әдіс. Жартылай құрғақ әдіспен дайындалатын материалдар алдын-ала жанышқаларда майдаланған соң, кептіргіш барабанда ылғалдылығын 6-8%-ға жеткізе кептіріледі, одан кейін ұнтақтағышта тағы да майдаланады, еленеді, 8-12%-ға дейін суланады және жақсылап араласттырылады. Майда саз ұлпасын сумен немесе бумен суландыруды екібілікті саз араластырғышта немесе шахталық бумен суландырғышта үдемелі араластыра отырып, жүргізіледі. Нәтижеде сумен біркелкі араласқан саз массасы алынады. Алынған массаны гидравликалық немесе механикалық пресстерде қалыптайды.

2. Пластикалық әдіс. Пластикалық әдіспен дайындағанда саз біркелкі масса алынғанша өңделеді. Ол үшін шикізат алдымен жанышқыларда, одан кейін айнала жүгіртпелерде майдаланудан өтеді. Одан әрі шикізат сазараластырғышқа түсіп 18-25%-ға дейін суланып созымталды біркелкі масса алынғанша иленеді. Содан кейін таспалы (ленталы) пресске түсіріледі. Пресстен үзіліссіз шығатын кескін (брус) автомат арқылы кірпіш қышқа кесілініп, камералық немесе туннельдік кептіргіш пеш вагонеткаларына тиеледі. Алдын-ала кептірілген қыштар үздіксіз істейтін сақиналық немесе туннельдік пештерінде күйдіріледі.

3. Шликерлік әдіс. Шликерлік әдіспен дайындау ылғалдылығы тым жоғары, суда оңай-ақ езіліп кететін, тас түйірлері араласқан шикізат қорын немесе көп құрамалы массаны пайданаларда қолданған тиімді. Бұл технологиялық схема мынандай операцияларды қамтиды: сазды шығару, ірілеу, майдалау, сазды суда ыдырату, кесек тастарды ажырату мақсатымен саздық сұйық ерітіндіні елек торы арқылы өткізу және сұйық ерітінді сусыздандыру (масса ылғалдылығы 45-60%) . Алынған шликерден тікелей кұю тәсілімен бұйымдар қалыптауға болады. Бірақ көпшілігінде шликерді шашыратқыш мұнара кептіргішінде құрғатып барып пайдаланады. Майда тамшыларға мембрандық сораппен 1, 2-2, 5 МПа қысымда шашыратылған шликер ыстық газдар ағымында өте тез, небәрі 3 с ішінде, берілген ылғалдық дәрежеде кеуіп бітеді. Бұйымдардың үсті тегіс, түзу қырлы және механикалық төзімді болып қалыптан шығады.

Әдістер шикізат материалдырың қасиеттері мен алынатын бұйым сапасына байланысты тағайындалады.

Бұл жобада кеуекті кірпішті өндіру әдісі ретінде пластикалық әдіс таңдалған. Себебі, керамика өндірісінде көп тарағаны пластикалық тәсіл. Пластикалық тәсіл карапайым жолмен дайындалатын саздық массаның сапасын жетерліктей жақсы етіп шығарады. Бірақ, дайын массаны міндетті түрде баяу, кептіру қажеттігіне байланысты технологиялық процесс ұзақтау және отын шығыны басымдау болады. Бұл әдіспен шығарылған бұйымдардың пішіні айқын, беті тегіс, тығыз болады.

Саздық шикізат, ылғалдығы 18-25%

Мөлшөрлеу

Ірі майдалау (тас бөліп алатын біліктер, жүгіртпелер,

топырақ тазалайтын машиналар)

Майда ұнтақтау (майда ұнтақтайтын біліктер)

Бункерде сақтау

Қоспаларды араластыру (екі білікті ар

capture-20141207-152601.png

Сурет 2. Керамикалық кеуек кірпішті пластикалық әдіспен алу схемасы.

6. Өндірістің технологиялық нобайы

Пластикалық әдіспен өндіретін технологиялық процестің схемасы.

Сазды сақтау (сазды сақтау орны)

Сазды ұсақтау (дезинтеграторлы валикті,

жұқа майдалайтын валикті)

Массаны дайындау (құнарсыздандырғыш қоспаларды майдалау, оларды алдын - ала араластырып ылғалдау, шихтаны ұлпа етіп майдалау және саз массасын дайындау; қоспалар су 18-25% сазды араластырғыш)

Бұйымды қалыптау (ленталы қысқыш)

Кептіру (камералы, туннельді кептіргіш)

Күйдіру (туннельді пеш, шеңбер пеш )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі подъезді 9 қабатты тұрғын үй
Модульді өлшемді тас
Кірпіш - кең таралған керамикалық материал
Керaмикaлық кірпішті өндіретін цеxтің жoбacы
Құрылыстық керамика өндірісі
Күлді керамикалық кірпіш
Керамикалық бұйымдардың кептірілуі
Керамикалық черепицаның сипаттамасы
Құрылыс керамикасын өндіруге арналған шикізаттар
Жеңіл балқитын саз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz