Оқыту психологиясының негіздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Психология пәнінен
Тақырыбы: Оқыту психологиясының негіздері
Тексерген
Орындаған
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Оқыту туралы жалпы түсінік . . . 5
1. 1 Оқыту процесінің мәні . . . 5
1. 2 Оқыту теориясының негізін қалаушылар . . . 7
1. 3 Оқыту процесінің қызметтері . . . 10
2. Оқыту психологиясының негіздері . . . 12
2. 1 Оқытудың психологиялық негіздері . . . 12
2. 2 Оқыту психологиясының құрамдық бөліктері . . . 16
2. 3 Оқыту психологиясының қозғаушы күштері . . . 22
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
3
5
5
7
10
12
12
16
22
28
30
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы өркениетті отыз ел қатарына қосылуды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға тән біршама білім-біліктер жиынтығын қалыптастырумен ғана шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизациялау мен гуманитаризациялау ниеті айқын әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мек- тепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан беріл- ген ізгілікті мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы оқу кезеңінде қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр. Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен дамуын зерттеу үшін биология, генетика, антропология, білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблема- ларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, меди- цина әдістерін тартуды талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыра беруге болады. Өз кезегінде, психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.
Сондықтанда жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынастағы зейіндерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқыту психологиясының негіздерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- оқыту процесінің мәнін ашу;
- оқыту теориясының негізін қалаушылардың еңбектеріне шолу жасау;
- оқыту процесінің қызметтерін анықтау;
- оқытудың психологиялық негіздерін қарастыру;
- оқыту психологиясының құрамдық бөліктеріне тоқталу;
- оқыту психологиясының қозғаушы күштерін қарастыру.
1 Оқыту туралы жалпы түсінік
- Оқыту процесінің мәні
Оқыту - оқу мақсатын (бiлiмдендiру мiндеттерiн) iске асыру бойынша педагогтың (оқытушының) реттестiрiлген қызметi, ақпарат жеткiзу (информирование) тәрбиелеу, игерiлген бiлiмдi түсiнiп, қолдана бiлуге үйрету iс- терiн қамтамасыз ету.
Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті. Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады - оқыту және білім алу. Оқыту - оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
«Оқыту - үйрету және білім алу» деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі сақталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін «білім беру», «оқыту» терминдері жиі қолданылады. Білім, іскерлік, дағды оқушыға бере салатын зат болмағандықтан оқыту мәнін нақты ашпай, көптеген сұрақтарға жауап бере алмаймыз. «Қандай іс-әрекет?», «Өзара іс-әрекет барысында білім қалай меңгеріледі, даму, тәрбие қалай жүреді?» - деген көптеген сұрақтарға жауап берілмеген. Әрине мұғалім мен оқушы оқыту процесінде өзара әрекет жасайды, оның негізі, оқыту мәні - мұғалім ұйымдастырған таным іс - әрекетін оқушылардың атқаруы нәтижесінде мәліметтерді меңгеруі, дамуы, тәрбиеленуі. Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және ынталандыру іс-әрекеті.
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудың маңызды міндеттері: Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру. Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру. Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту. Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау. Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жиналған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу. Дидактика «Нені оқыту керек?» «Қалай оқыту керек?» деген үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа да сұрақтар туындайды: «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» және «Қайда оқыту керек?». Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады. Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.
Оқыту - оқудың мақсаттарын (бiлiмдену мiндеттерiн) iске асыруға бағытталған, ақпарат беру, тәрбиелеу, бiлiмдi түсiндiру және тәжірибелік қолдануды қамтамасыз етушi педагогтың рет- тестiрiлген iс-әрекетi. Оқып үйрену - таным, дағдылану және игерiлген тәжiрибе негiзiнде жаңа мiнез-құлық және iс-әрекет формаларын пайда етiп, бұрын қалыптасқанды өзгерiске келтiретiн оқушының өзіндік іс-әрекет үдерісі. Оқу - белгiленген мақсатқа жетудi көздеген мұғалiм мен оқушы арасындағы өзара ықпалды реттестiрiлген iс-әрекет. Бұл ұстаз бен шәкiрттің бiрлiктi қызметiнің екi тарапы. Оқу - бұл ғылыми бiлiмдер, қажеттi iс-әрекет тәсiлдерi, эмоцио- налды-құндылықты және қоршаған болмысқа шығармашылық қатынас қалыптастыруға бағытталған мұғалiм басшылығында оқушылардың арнайы ұйымдастырылған iс-әрекетi. Оқу бары- сында бала дамиды. Жүйе ретiнде қабылданған оқудың негiзгi құрылым элементтерi: 1) мақсат; 2) мазмұн; 3) әдістер; 4) ұйымдастыру формалары; 5) нәтиже. Осы және басқа да кей- бiр түсiнiктердің мәнiне тоқталайық. Бiлiмдену - оқу барысында игерiлген бiлiм, ептiлiк, дағдылар мен ойлау тәсiлдерiнің жүйесi. Бiлiм - пәннің теориялық игерiлуiн бiлдiретiн идея- лар жиынтығы немесе қоршаған дүниенің бала санасында түсiнiктер, сұлбалар, нақты бейнелер кейпiнде өрнектелуi. Ептiлiктер - игерiлген бiлiмдердi тәжірибеде қолдану тәсiлдерiн (жолдарын, әрекет түрлерін) иелеу. Дағдылар - аса жоғары дәрежеде жетiлiп, автоматтық күйге түскен ептiлiктер. Мақсат (оқу, бiлiмдену) - оқу барысында қол жететiн мұрат, барша күш-қуат бағытталған болашақ . Мазмұн (оқу, бiлiмдену) - оқу үдерiсiнде шәкiрт игеруi қажет ғылыми бiлiмдер, ептiлiктер мен дағдылар, iс-әрекет және ой- лау тәсiлдерiнің бiртұтас жүйесi. Ұйымдастыру - дидактикалық үдерiстi белгiлi заңдылықтарға орай ретке келтiру, көзделген мақсатты тиiмдi iске асыру үшiн бұл үдерiстi қажеттi формаға түсiру. Форма - оқу үдерiсiнiң жасау жолы, оның iшкi мәнi, логи- касы және мазмұнының сыртқы қоршамы. Оқу формасы ең алдымен сыныптағы оқушылардың санымен, оқу уақыты және оқу орнымен, оның iске асырылу тәртiбiмен, т. б. байланысты. Әдiс - оқу мақсаттары мен мiндеттерiнің орындалу (iске асуы) жолы. Құрал-жабдықтар - оқу үдерiсiнiң заттық, материалдық қолдауы. Оқу үдерiсiнде құрал ретiнде педагогтың дауысы (сөзі), оның шеберлiгi, оқулықтар, сынып жабдықтары және т. б. танылады. Нәтиже (оқу өнiмi) - оқу барысында, оқу үдерісi салдары- нан, көзделген мақсаттың iске асу дәрежесiнен туындайтын соңғы өнiм. Дидактика өз пәнi аймағында iске қосылатын заңды- лықтарды зерттейдi, оқу үдерiсiнің барысы мен нәтижесiне не- гiз болар тәуелдiлiктердi талдайды, жоспарланған мақсаттар мен мiндеттердің орындалуын қамтамасыз етушi әдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгiлей- дi. Осының арқасында ол екi басты функцияны атқарады: 1) теориялық (нақтама және болжастыру) ; 2) тәжірибелік (қалыпты iс-әрекет, құралдар дайындау) . Дидактика барша пәндер бойынша және оқу iс-әрекетiнің барлық деңгейiне орайластырылған оқу жүйесiн бiрiктiредi. Зерттелушi болмысты қамту шеңберiне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болып бөлiнедi. Жалпы дидактиканың зерттейтiн пәнi: оқыту мен оқып үйренудi оларды туындатқан жағдаяттарымен әрi оларды орындау шарттары және соның арқасында жетiлетiн нәтижелерiмен бiрге анықтау. Жекелен- ген (нақты) дидактика оқыту әдістемесi деп аталады. Ол әртүрлі оқу пәндерiнің желiсiн, мазмұнын оқыту формалары мен әдістерiн қарастырады. Әр оқу пәнi өз әдістемесiне ие. Бастауыш мектеп дидактикасы да жекеленген, өзіне тән ерекшелiктерге ие, себебi ол оқудың жалпы мәселелерiмен шұғылдана отырып, кiшi мектеп жасындағы оқушылардың ерекшелiктерiн ашады.
1. 2 Оқыту теориясының негізін қалаушылар
Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я. А. Коменский, И. Г. Песталоций, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, В. Сухомлинский, А. С. Макаренко, т. б. қосқан үлесі. Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592 - 1670) . Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я. А. Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Я. А. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау; оқушыларды сыныпқа бөлу; әр сыныпқа бөлме беру; күніне 4 сабақ өткізу; әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау; қоңыраудың соғылуы; тәртіп; бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек; сабақты күзде бастау. Мұғалім оқушыларға жаңабілімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Я. А. Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.
Я. А. Коменский «Мұғалім - сабақты жаратушы, оның жүрегі», - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ. Я. А. Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» (1801ж. ) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негіздерін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары. Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. «Көз көргісі келеді, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді»-деген. Осы тұжырымдарға сай
И. Г. Песталоций буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше «заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді». Адамның дүние туралы түсінігі алғашқыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдың қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған. Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген.
Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я. А. Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген. Жан Жак Руссо (1712-1778жж. ) «Эмиль немесе тәрбие туралы» (1762ж. ) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады. Руссо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырады. Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларынң педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870жж. ) басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілтін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты. Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж. ) . Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді. Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруа шақырды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939жж. ) . А. С. Макаренко оқу пәндерін жүйелі оқытуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты әдістеріне қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970жж. ) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудың табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды. Оның негізгі идеялары:
Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет - баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.
Қысым жасамай оқыту. Ынтымақтастық педагогикасының бір принципі - оқушыларды қорқытпау, еркін ұстау, өз күшіне сендіру.
Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы - балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.
Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарға алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т. б. ) енгізді. Олар есті, қисынды, қиялды, ойдың алгоритмдік формаларын дамыту құралы.
Өз еркімен таңдау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.
Озу идеясы. Сабақта, алда өтетін тақырыптарға уақыт беріледі.
Ірі блоктар идеясы. Оқулықтың 3-4 тарауы бір сабақта оқылады.
Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға және пікірлерін айтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.
Сыныптағы ақыл - ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген құштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.
Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді.
1. 3 Оқыту процесінің қызметтері
Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.
Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласына білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:
білімнің толықтығы - оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;
білімнің түсініктілігі - оқушылардың өз бетімен ізденіп, ақыл-ойын дамыту;
білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен қолдану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың тәрбиелік қызметі - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы Я. А. Коменскийдің, И. Ф. Гербарттың, Ф. АДистервектің, Н. И. Пироговтың және К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И. Ф. Гербарт оқыту - адамгершілік тәрбиесінсіз, мақсатсыз құрал деп тұжырымдады. Әлемнің екінші ұстазы аталған Әл-Фараби «Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады » деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу тұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты өз шығармаларын да сол екі негізге байланыстырып құра білді.
М. Дулатов «Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, білім мен бірге жақсы тәрбиені беру керек» екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің бір тұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.
М. Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшықет сезімдері арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен екендігіне байланысты тәрбиелік іс-әрекетке тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.
Тәрбиелей отырып оқыту ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл -ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады. Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз байланыста өткізіледі.
Оқытудың дамыту қызметі, оқыту процесі - білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы. Л. С. Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды заңдарының бірі - баланың дамуы оқытуға байланысты. Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізіледі. Оқыту процесінде П. А. Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М. Н. Скаткиннің, И. П. Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz