Отбасындағы тәрбие дәстүрлері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Педагогика пәнінен

Тақырыбы: Отбасындағы тәрбие дәстүрлері

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 Отбасының бала тәрбиесіндегі орны . . .

1. 1 Бала тәрбиесіндегі отбасының маңызы . . .

1. 2 Ұлы педагогтардың еңбектеріндегі отбасы тәрбиесінің негіздері . . .


2 Отбасындағы тәрбие дәстүрлері . . .

2. 1 Отбасындағы бала тәрбиесі . . .

2. 2 Отбасындағы тәрбие дәстүрлерінің қалыптасуы . . .

2. 3 Салт дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі алатын орны . . .

2. 4 Қазақ халқының салт-дәстүріндегі ойын элементтерінің бала

тәрбиесіндегі ролі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

3

5

5

10

14

14

17

20

30

34

37

Кіріспе

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. “Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады”, - деп анықтама берген А. С. Макаренко болатын.

Яғни, отбасы - қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. осы жағынан кез келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.
Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек” екені айтылған.

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп, қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан - ғасырға жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара қарым - қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, яғни бұрыннан қалған жол - жосынды басшылыққа алады.

Дәстүрде жиналған ақпарлар арқылы ата - бабадан қалған материалдық және мәдениетке ие мұрагер болады. Мысалы халқымыздың «Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар», «Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер» деуінің мәні бұрынғыдан қалған салт дәстүрімізді басшылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді.

Қазақ - дәстүрі бай және қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез - құлқы, наным - сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет Байтұрсынов қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады.
Салт - дәстүр ұлттық тәрбие. ұлттық тәрбиені оқыту үшін мектепте мұғалім баланың жас дара ерекшеліктеріне сай қазақтың ойындары, мақал - мәтел және алуан түрлі салт - дәстүрді педагогикалық тұрғыдан іріктеп алу керек. Балаға ұлттық тәрбиені дер кезінде меңгерту ұстаздың басты міндеті.

Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т. б. мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының әріден келе жатқан мәдениетін және білім, тәлім-тәрбие беру жүйесінің негіздерімен жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десек те болады. Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, әдеп-тағылымдарын ұғыну, білу және өмірге үйлесімдерін қажетке жарату - жастардың туған халқына деген құрметінің артып және өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне әсерлі ықпал етумен қатар, бұл нәтижелі сапаға айналады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Отбасындағы тәрбие дістүрлерінің қалыптасуы мен салт-дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі алатын орнын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • бала тәрбиесіндегі отбасының маңызы;
  • ұлы педагогтардың еңбектеріндегі отбасы тәрбиесінің негіздері;
  • отбасындағы бала тәрбиесі;
  • отбасындағы тәрбие дәстүрлерінің қалыптасуы;
  • салт дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі алатын орны; қазақ халқының салт-дәстүріндегі ойын элементтерінің бала тәрбиесіндегі рөлін қарастыру.

1 Отбасының бала тәрбиесіндегі орны

1. 1 Бала тәрбиесіндегі отбасының маңызы

Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары - бұлардың бәрі де тұлға дамуьшдағы қалыптастырушы ыкпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткініиектер ұйымдары қарым-катынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал тәуелділігінде болады. Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.

Бала үшін отбасы - ең алғашкы да аса белсенді тұлғалык қалыпта-су көзі. Осыдан отбасында кабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар, әрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.

Отбасы белгілі кызметтерді атқарады:

- қайта өндіру (репродуктивті) -ұрпак келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі) ;

- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық және каржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру) ;

- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау;

- отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ыкпал жасап баруы;

- өмірлік тәжірибе, инабаттылык тәртіптері мен адамгершілік кұндылыктарға баулу) ;

- қарым-қатынас құру (коммуникативті-отбасы ішіндегі катынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру) ;

- қайта қалыпна келу (рекреативті - бос уакыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету) .

Отбасы тәрбиелік кызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты.

Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың Туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ыкпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, кызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-аналар мүмкіндіктері орасан.

Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмен-дегідей:

Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері) : үш әулетті отбасылар - ата-аналар, балалар, немерелер; екі әулетті отбасы-ата-аналар және балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз және т. б. отбасылар; отбасы тұрмысы және даму жағдайларына байланысты (жарасымды және қисыны кеткен жанұялар) ; отбасылық тәрбие стиліне орай (әкімшіл, адамгершілікті, либералды) .

Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.

Адамгершілікті қатынас түрі (стиль) ата-аналардың бала тұлға-сына болған сыйластық құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін кабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлак түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет куанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі, олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін сезінеді.

Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді Балалар ата-аналарының әсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.
Өз перзентіне шынайы қамқорлык пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтыц) стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.

Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:

- баланы бар қалпында сүю, кұрметтеу қажет;

- балаға әсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыкқандығы мәнді;

- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады;

- баланың не айткысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;

- жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін колдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның қылығы жаман) ;

- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықтап, кейін шешім кабылдаған жөн: жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз баланның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау;

- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;

- да балаңызға канша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріп көріңіз, содан корытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тәуелді;

- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-анасының өз өміріне шын ыкыласпен араласканын ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;

- баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн. себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;

- баланы киындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды.

Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер - бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сүхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау.

«Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеггігін үйретіп, сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бәрі: -баланы қалыптастыруда өз үлесін косып барады. Балаға болған катынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ-тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.

Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасынан басталады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасының ең негізгі қызметі ұрпақ жалғастыру болса, екінші кезекте сол ұрпағына дұрыс тәрбие беру қызметі тұрады. Отбасындағы тәрбиелік кызметі бұл - отбасының аса маңызды кызметінің бірі болып табылады. Себебі, отбасынан алған тәрбиені, қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, мәселе оған әлеуметтік-мәдени ортанын құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, яғни дүниеге келулеріне себеп болған балаларын, өздерін қоршаған ортаға және адамзатқа, өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу. Ата-ананың, отбасының басқа да мүшелерінің, әсіресе естияр ұрпақтың беделі, өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруы, бір-біріне кұрметті - бәрі де үлкен тәрбие мектебі. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ: «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол», - дейді. Мұның да үлкен тәрбиелік мәні бар. Отбасының тәрбиелік қызметімен тікелей байланысты жағы - оның дамушылық қызметі. Оның мәнісі мынада. Ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктеріне ертерек назар аударуы керек. Сонда ғана балалар өздерінің табиғи қабілеті мен дарындылығын көрсете алады. Жас күнінен бастап балалардың қабілетін танып, соған сәйкес тәрбие, бағыт-бағдар берудің маңызы айрықша. Балалардың ақыл-ой, еңбек қабілетін іске асыруы отбасында қалыптасады. Бұл балаға да, отбасының естияр мүшелеріне де тікелей катысты. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беру жөнінде қоғам алдында жауапкер.

Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы. Ол әлеуметтік, қоғамдық дамуда маңызды рөл атқаратын құрылымның негізі. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар ерекше міндеттерге негізделеді. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар - қоғамның жалғасуына, нығаюына қызмет еткендер, ал орындамағандар болса, олар - қоғамның тәртібін бұзған, әлеуметтік тәрбиеден үлгі ала алмаған бақытсыз жандар. Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл XXI-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек. Тақырып көкейтестілігі: XXI-ші ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады.

Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің ғылыми жұмысымның мақсаты болып табылады. Еліміздегі әлеуметтік жетімдіктің негізгі көздерінің бірі жаңа туған сәбиден ерте бас тарту болып табылады. Бүгінгі күні баладан бас тарту саны орын басу қамқорлығының мүмкіндіктерінін асып отыр. Перезентхана қалдырылған балалардың көбісі балалар үйінің тәрбиеленушісіне тапсырылып, әлеуметтік жетімдер санын көбейтуде. Нәрестесін перезентханада қалдыру бала үшін баланы ересек кезінде отбасынан айырудағы қасіреттен де артық болмаса кем емес. Осыған байланысты, баланы қағып-бағуға мүмкіндігі бар баланың өзінің қандай отбасын сақтап қалу стратегиялық маңызға ие. Баладан бас тартудың негізгі себебі - баланы өсіре алмаудың объективті жағы баспанасының жоқтығы, оны алу мүмкіндігінің болмауы сондай-ақ анасының балаға және өзінің аналығына деген қатынасының ерекшелігінде. Нәрестесінен бас тартудың тағы бір себебі, ананың шешімі өзінің көзқарасы бойынша амалсыздықпен, қиыншылыққа төзе алмаушылығы, терең жабығумен де сипатталады. Осындай жағдайларға байланысты белгілі бір уақыт өтіп, ананың жағдайы қалыпты бола бастаған соң өзінің бас тартуын, тағы өз көзқарасы бойынша, аталған мәселені түзетуге болмайтын қате ретінде санай бастайды. Осындай мәселелерге және басқа да жағдайларға байланысты баладан бас тарту бойынша қауыпті жағдайда тұрған жүкті және жаңадан өмірге нәресте әкелген аналармен жұмыс жасау қажет екендігі туындайды. Осыдан келе негізгі мәселе туындайды, баладан бас тартуды болдырмау немесе оны қандай отбасына қайтару әрекеті қаншалықты мақсатқа лайықты, бұл жағдайда бала жоспарланбаған, қалаусыз бола тұра өзіне әлеуметтік және психологиялық қауыпті ортаға түсуі мүмкін. Егер бас тарту бойынша қауіпті топтағы аналармен әлеуметтік жұмыс жасауды тек бас тарту ды алдын алу деп қарамай, оны ана мен баланы кешінді түрде қамтамасыз ету, яғни әлеуметтік-тұрмыстық, материалдық, медициналық және психологиялық мәселелерді шешуде анаға көмектесуді және ананы балаға қарауға, онымен эмоционалдық қарым-қатынаста болуға үйретуді, сондай-ақ аналық сезімін оятуды түсіну қажеттігін қарастырғанда ғана бұл сұраққа жауап табылады.

Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махаббаттық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арасындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және экономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. Осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұра бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында.

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата- аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым- қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Қазақтың ұлы ақыны Абай отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата- аналарды сынайды. Қорыта келе отбасындағы бала тәрбиесі бойынша әлеуметтік педагогикалық тұрғыда ата-аналардың мақсат міндеттері туралы баяндай отырып, отбасында қолданылып жүрген салт-дәстүрлер мен ырымдарды, ағартушылардың көзқарастары тәрбие туралы, әлеуметтік мәселерді шешудің қазіргі заманда қалыптасқан тәрбиелік құралдарды қолдана білу ретінде қолданудың мүмкіндігін көрсету болып табылады. Отбасы өзінің отбасылық және демографиялық құрылымы арқылы әлеуметтік- тарихи дамуға өзіндік ықпалын тигізеді. Сонымен, отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат тарихында маңызды рөл атқарады. Ол баланың дүниеге келіп, өсіп-жетілуін қамтамасыз етіп, отбасы мүшелерінің тіршілігін қолдап, ұрпақтардың физикалық және әлеуметтік мәдени жалғастығы арқылы социумның өмір сүруінің базалық алғышарттарын жасайды. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Қорыта келе адам баласы қасиетті борыштарын - үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік, сондай-ақ адамгершілік және отансүйгіштік сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады. Отбасы-сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың, бастау бұлағы. Олай болса отбасының мәні зор.

1. 2 Ұлы педагогтардың еңбектеріндегі отбасы тәрбиесінің негіздері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу
Отбасының қазіргі жағдайы
Қазақ салт - дәстүрлерінің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері туралы
Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
Салт - дәстүр ұлттық тәрбие
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Қазақ салт-дәстүрлері
Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруге байланыстыжүргізілген педагогикалық тәжірибе жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz