ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстанның өзекті мәселелері



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1.тарау. Қазақстан XIX ғасырдың I.ширегіндегі Патшалық Ресеймен қатынасы.
1.1 Қазақстандағы әлеуметтік.шаруашылық құрылым және 1822.1824 жылдардағы реформалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 XIX ғасырдың 20.30жылдардағы отарлық саясатқа қарсы көтерілістер (Жоламан Тіленшіұлы, Саржан Қасымов) ... ... ... ... ...19

2.тарау. XIX ғасыр ортасындағы Қазақстандағы саяси жағдай.
2.1 Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басшылығымен болған ұлт.азаттық көтеріліс ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.1. Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс ... ... ...43
II Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
III Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Қазақстанның патшалы ресейге тәуелді болуының басы XVIIIғасырдың 30-жылдарына жатса да, бірақ патша өкіметі Қазақстанды тек XIX ғасырдың алғашқы жартысында ғана түпкілікті бағындыра алды. Шығыстағы байтақ даланы жаулап алуға ұмтылу патша өкіметінің дәстүрлі саясаты болды. Алайда Орта Азиядағы орыс өктемдігінің тоқтаусыз жүруіне қарамастан, XIXғасырдың 30-жылдарына дейін ортаазиялық істер патша өкіметінің "үлкен саясаты" саласынан сырт қалып келді. Негізінен Таяу Шығысқа, онда да ең әуелі иелігіндегі жерлерімен қоса Түркияға жер аударылды. Патша өкіметі Орта Азиядағы өз орнын баяу, әрі мықтап бекіте отырып, XIX ғасырдың екінші ширегі басталғанша бұл бағыттағы саясатын тездетпеді. Орта Азиялық хандықтармен сауда айналымын кеңейтуге ұмтылу бұл саясаттың негізгі өзегі болды.
Ресей, ортаазиялық хандықтар және Қытай аралығына орналасқан Қазақстанның орасан зор стратегиялық маңызы нақ осы жылдары неғұрлым айқын көрінді. Бұл елдерге және одан әрі Ауғанстан мен Үндістанға баратын сауда жолдары Қазақстан арқылы өтетін. Тек осында ғана мықтап орналасып алып, содан соң ортаазиялық хандықтарға қарсы жорықты іске асыруға кірісуге және одан әрі Орта Азияға енуіне болтын еді.
Қазақстанға бекіну қажеттігі өсіп келе жатқан орыс капитализімінің экономикалық мүддесінен туындаған. Бүкіл Орта Азия сияқты Қазақстанда да өнім өткізу және арзан шикізат базасы ретінде патша өкіметінің назарын өзіне бірден аңғарған.
Қазақстанның патшалы ресейге тәуелді болуының басы XVIIIғасырдың 30-жылдарына жатса да, бірақ патша өкіметі Қазақстанды тек XIX ғасырдың алғашқы жартысында ғана түпкілікті бағындыра алды. Шығыстағы байтақ даланы жаулап алуға ұмтылу патша өкіметінің дәстүрлі саясаты болды. Алайда Орта Азиядағы орыс өктемдігінің тоқтаусыз жүруіне қарамастан, XIXғасырдың 30-жылдарына дейін ортаазиялық істер патша өкіметінің "үлкен саясаты" саласынан сырт қалып келді. Негізінен Таяу Шығысқа, онда да ең әуелі иелігіндегі жерлерімен қоса Түркияға жер аударылды. Патша өкіметі Орта Азиядағы өз орнын баяу, әрі мықтап бекіте отырып, XIX ғасырдың екінші ширегі басталғанша бұл бағыттағы саясатын тездетпеді. Орта Азиялық хандықтармен сауда айналымын кеңейтуге ұмтылу бұл саясаттың негізгі өзегі болды.
Ресей, ортаазиялық хандықтар және Қытай аралығына орналасқан Қазақстанның орасан зор стратегиялық маңызы нақ осы жылдары неғұрлым айқын көрінді. Бұл елдерге және одан әрі Ауғанстан мен Үндістанға баратын сауда жолдары Қазақстан арқылы өтетін. Тек осында ғана мықтап орналасып алып, содан соң ортаазиялық хандықтарға қарсы жорықты іске асыруға кірісуге және одан әрі Орта Азияға енуіне болтын еді.
Қазақстанға бекіну қажеттігі өсіп келе жатқан орыс капитализімінің экономикалық мүддесінен туындаған. Бүкіл Орта Азия сияқты Қазақстанда да өнім өткізу және арзан шикізат базасы ретінде патша өкіметінің назарын өзіне бірден аңғарған.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Ф.4.7-007-05

ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих факультеті

Археология, этнология және мұражай ісі кафедрасы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі
Т.ғ.к., доцент
___________Б.А.Байтанаев
“_____”___________2006ж.

Д и п л о м д ы қ ж ұ м ы с

Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстанның өзекті мәселелері

Кеңесші: Диплом жұмысы жетекшісі
Мусаева С.Т. _________ т.ғ.к., доцент
_________Сулейманов Р.Х.
___________2006 ж.
қолы __________________
Тапсырманы орындауға
алған
Рецензент студент: Мұсабаева Н ХҚТУ-
нің доценті Молдахметова Ж. қолы ______________

қолы________________________

ШЫМКЕНТ – 2006ж.

Мазмұны
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
1-тарау. Қазақстан XIX ғасырдың I-ширегіндегі Патшалық Ресеймен қатынасы.
1.1 Қазақстандағы әлеуметтік-шаруашылық құрылым және 1822-1824 жылдардағы
реформалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 XIX ғасырдың 20-30жылдардағы отарлық саясатқа қарсы көтерілістер
(Жоламан Тіленшіұлы, Саржан Қасымов) ... ... ... ... ...19

2-тарау. XIX ғасыр ортасындағы Қазақстандағы саяси жағдай.
2.1 Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басшылығымен болған ұлт-
азаттық көтеріліс ... ... ... ... ... ... .. ... ... .30
1. Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс ... ... ...43
II
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...57
III Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 60

-тарау. Қазақстан XIX ғасырдың I-ширегіндегі Патшалық Ресеймен қатынасы.
1.1 Қазақстандағы әлеуметтік-шаруашылық құрылым және 1822-1824
жылдардағы реформалар.
Қазақстанның патшалы ресейге тәуелді болуының басы XVIIIғасырдың 30-
жылдарына жатса да, бірақ патша өкіметі Қазақстанды тек XIX ғасырдың
алғашқы жартысында ғана түпкілікті бағындыра алды. Шығыстағы байтақ даланы
жаулап алуға ұмтылу патша өкіметінің дәстүрлі саясаты болды. Алайда Орта
Азиядағы орыс өктемдігінің тоқтаусыз жүруіне қарамастан, XIXғасырдың 30-
жылдарына дейін ортаазиялық істер патша өкіметінің "үлкен саясаты"
саласынан сырт қалып келді. Негізінен Таяу Шығысқа, онда да ең әуелі
иелігіндегі жерлерімен қоса Түркияға жер аударылды. Патша өкіметі Орта
Азиядағы өз орнын баяу, әрі мықтап бекіте отырып, XIX ғасырдың екінші
ширегі басталғанша бұл бағыттағы саясатын тездетпеді. Орта Азиялық
хандықтармен сауда айналымын кеңейтуге ұмтылу бұл саясаттың негізгі өзегі
болды.
Ресей, ортаазиялық хандықтар және Қытай аралығына орналасқан
Қазақстанның орасан зор стратегиялық маңызы нақ осы жылдары неғұрлым айқын
көрінді. Бұл елдерге және одан әрі Ауғанстан мен Үндістанға баратын сауда
жолдары Қазақстан арқылы өтетін. Тек осында ғана мықтап орналасып алып,
содан соң ортаазиялық хандықтарға қарсы жорықты іске асыруға кірісуге және
одан әрі Орта Азияға енуіне болтын еді.
Қазақстанға бекіну қажеттігі өсіп келе жатқан орыс капитализімінің
экономикалық мүддесінен туындаған. Бүкіл Орта Азия сияқты Қазақстанда да
өнім өткізу және арзан шикізат базасы ретінде патша өкіметінің назарын
өзіне бірден аңғарған.
Осы кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік қатынастарға талдау жасағанда
жекелеген феодалдық институттардың қандай өзгерістерге ұшырағандығын және
қазақтардың қоғамдық өмірінде сол өзгерістердің қандай орын алғандығын
анықтаудың маңызы өте зор. Қоғамдық ғылым мәселесіндегі ең сенімді нәрсе
әрбір мәселеге тарихтағы белгілі құбылыс қалай пайда боды, бұл құбылыс
қандай басты-басты кезеңдерден өтті деген көзқарас тұрғысынан қарау және
осы даму көзқарасы тұрғысынан талдау жасау мәселесі.
Революцияға дейінгі буржуазиялық тарихшылар Қазақстандағы”ақсүйек ”
пен “қарасүйек деген” екі әлеуметтік топты ғана білді. Олар ақсүйекке
барлық чингизидтерді, ал қара сүйекке бүкіл қалған халықты жатқызды. Бұл
екі топ барлық зерттеулерде әбден қалыптасқан әлеуметтік категориялар болып
тұлғаланады. Сондықтан ғалымдардың еңбектерінен XV ғасырда да XVIII-XIX
ғасырларда да „ақсүйек“ пен „қарасүйекті “ кездестіруге болады. Алайда бұл
әлеуметтік топтардың қандай өзгерістерге ұшырағандығы, қарастырылып тырған
кезеңде қазақтардың қоғамдық өмірінде олардың қандай орын алғандығы
анықталмай қалды. XV ғасырдағы ақсүйек XIX ғасырдағы ақсүйектен көп
жағдайда өзгеше болды, мұндай жағдайда қарасүйек жөнінде де айтуға
болады. Патриархалдық-рулық қатынастардың ыдырауы және топтардың саралануы
процесінде “қарасүйектің“ арасынан өздерінің жағдайы жағынан чингизидтерге
дес бермейтін текті шонжарлар және тәуелді қоғамдық топтар-егіншілер,
жатақтар, байғұстар бөлініп шықты.\1\
„Ақсүйек “ терминінің шығуы қазақ халқының тарихының бастапқы
кезеңдеріне жатады. „Ақсүйек “ шонжарларының пайда болуы татар-моңғол
басқыншылары үстемдік жүргізген кезеңмен және Қазақстанда феодалдық
қатынастардың қалыптасуымен байланысты еді.“Ақсүйек“ өкілдері өздерін
Шыңғыс ханның ұрпақтарымыз деп атады. Қазақтардың этногенезисін зеттеумен
арнайы шұғылданған сұлтан Меңдәлі Пірәлиев былай жазады: „Ақсүйектердің
қара сүйекке үстемдік етуі жөніндегі табиғи құқықтар деген ұғым бүкіл
халықтарға(қазақтар мен өзбектерге) моңғолдардан көшті деп қорытынды жасай
аламыз. Қожайындар жерде жаратылған хандар болмауы мүмкін дейтін түсініктер
оларды қарапайым халықтан“.
Орта Азияның тарихын зерттеуші Қары-Құрбан-әлі-Қажы-Халид бек оғлы
“төре“ терминін шығуын да Шыңғыс хан заманына жатқызады.
Төре дегеніміз ханның туыстары олар өздерінің алатын орны жағынан
хандардан төмен тұрды.
Ақсүйек өкілдері- төрелер бөлек феодалдық кастаны құрап, қазақтың
рулық қауымының құрамына кірмеді.XVIII ғасырға дейін “ақсүйек ” өкілдері-
хандар мен сұлтандар-қазақтардың қоғамдық саяси өміріне үстем болды.
Қазақстандағы патариархалдық-феодалдық қатынастарға және осы негізде
қалыптасқан дәстүрге байланысты тек “ақсүйек” өкілі ғана хан болып
сайланатын. Сұлтан деген атақты тек чингизидтер ғана алатын. XVIII ғасырға
дейін бұл атақ қазақтардың қоғамдық-саяси өмірінде чингизидтердің үстем
жағдайы арқылы орнықты. Бірақ XIX ғасырдың 1-жартысында “ақсүйектің”
бұрынғы біртектілігі енді байқалмайтын боды. Артықша жағдайдағы осы бір
сословие ықпалының әлсіреуіне чингизидтердің арасында мүліктік теңсіздіктің
өсуі себеп болды. Олардың сословиелік біртектілігіне патша үкіметінің
саясаты да елеулі соққы берді. Патшаға қызмет етуге көшкен және үкіметтен
ата тегінен бері дворян деген атақ алған билеуші сұлтандар мен аға
сұлтандарды есепке алмағанда 1822 жылғы жарғының негізінде және кіші жүздің
саяси жағынан өзгеріске ұшырауы нәтижесінде чингизидтердің қалған бөлігі
өздерінің артықша жағдайларынан айырылып қалды.”Ақсүйектің” ұрпақтары
қалған бұқарамен араласып кетті.
XIX ғасырдың 40-жылдарында Орынбор шекара комиссиясының тапсырмасы
бойынша қазақтардың жекелеген әлеуметтік топтарының, сұлтандардың, билердің
жағдайы зерттелді. Зерттеушілердің бірі, ерекше тапсырмаларды орындаушы
чиновник д' Андре қазақтардың арасындағы чингизидтердің жағдайына мынадай
анықтама береді: Орта Орданың батыс бөлігіндегі барлық сұлтандар өздерін
Шыңғыс ханнан тарағанбыз деп есептейді, ал бұлардың көбі ата тегін білмейді
де. Өздерінің ақсүйектен тарағандығын дәлелдеу үшін олар 3 ұрпақтан 6
ұрпаққа дейінгі тектерін білуге тырысады. Орда да Шыңғыс ханның мұндай
ұрпақтарының пайдаланатын артықшылықтары аз.
Сонымен қатар ақсүйектің бұрынғы артықшылықтарынан чингизидтерге
үйлену жөніндегі әдет-ғұрып қана сақталғандығын атап көрсетеді. Өздерінің
тегін мақтан тұтқан төрелер өз қыздарын ақсүйектен шыққан қазаққа ғана
күйеуге беру дәстүрін жалғастыра берді. Бірақ бұл дәстүр барлық жерде
бірдей сақталмады. XIX ғасырдың 1-жартысында ақсүйек атағының сословиелік
маңызынан гөрі тарихи маңызы көбірек болды. Тек патша әкімшілігі жүйесінде
белгілі бір қызметке ие болған сұлтандар ғана мұндайға ұшыраған жоқ.
Осы кезеңде сұлтандар мен ру шонжарларын қарама-қарсы қоюға болмайды.
Сұлтандар мен ру шонжарларының жерді пайдалануға қатынасы, сондай-ақ
көшпелі қауымды қанау формалары өзгерген жағдайларға сәйкес бірдей болды.
Көшпелі қауымның арасынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік
үстем топ ру старшындары-билер еді. Осы кезде билер де қазақтардың арасында
үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық
артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық
қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XIX ғасырдың 1- жартысында
мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы
қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру
старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты
ру қауымдарынан бөлек көшетін болды.
Егер XVIII ғасырда сұлтандар қосымша құнды азық-түлік рентасы
формасында, ал ру шонжарлары жұмыспен өтеу рентасы формасында иемденсе, XIX
ғасырдың 1-жартысында сұлтандар мен ру шонжарлары рентаның екі түрін де-
азық-түлік рентасын да, жұмыспен өтеу рентасын да алды. Малды жеке
отбасылардың меншігіне шоғырландыру қауымдық жерге иелік етудің
шоғырландырылуына да әкеліп соқтырды.
Бұл кезде сұлтандар мен ру шонжарларының қауымдық жерлерді озбырлықпен
пайдалануына патша өкіметінің қауымдық таңдаулық жерлерді басып алумен
ұласқан отарлық саясаты келіп қосыолды. Бұл жағдай жер пайдаланудың
қалыптасқан тәртібін өзгертпей қоймады. Негізгі қазақ руларының көне
заманнан бергі дәстүрлі көшу бағыт-бағдарлары бұзылды, мұның өзі мал
өсірудегі дағдарыс себептерінің бірі болып, қазақтардың шаруашылығы
құрылымының өзгеруіне әкеп соқтырды.
Ру шонжарлары мен сұлтандар енді рудың таңдаулы қысқы қоныстары мен
шабындық жерлеріне билік жүргізу құқығымен шектеліп қалмады. Олар бұларды
жеке иелікке ала бастады. Сұлтандардың ру шонжарларының таңдаулы
қыстауларды басып алуы қазақ қоғамының ішінде жер үшін күресті
шиеленістіріп жіберді. Билер мен сұлтандардағы қысқы қоныстарды күшпен
тартып алу әрекеттері жасалды.
Сонымен, жерге феодалдық меншіктің түпкілікті қалыптасуы жүзеге аса
бастады. Алайда қазақтарда феодалдық қатынастардың қалыптасуы XIXғасырдың
бас кезіне ғана қатысты деген асығыс қорытынды жасамауға тиіспіз. Көшпелі
феодализмнің өзгешелігі негізгі өндіріс құрал-жабдығы ретінде малдың
жекелеген феодалдардың қолдарына шоғырлануына байланысты қауымдық жердің де
іс жүзінде солардың иелігіне көшуі негізінде мұнда феодалдық қатынастардың
бұдан бұрын да қалыптаса бастағанында еді. Феодалдық жер меншігінің пайда
болуы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық қатынастарына ірі өзгерістер
енгізді.
Азық-түлік рентасының болуы қазақтарда патриархалдық-рулық
сарқыншақтардың сақталуына себепші болды. Азық-түлік рентасымен қатар
жұмыспен өтеу рентасы болды. Азық-түлік рентасымен салыстырғанда жұмыспен
өтеу рентасы неғұрлым көне формада көрініп, құқықтық нормалар саласындағы
бернік сақталған патриархалдық-рулық қатынастармен ұштасып кетті.
Қазақтардың шаруашылық құрылысын талдау барысында үш жүздің-Кіші, Орта
және Ұлы жүздердің қоныстарының жағрафиялық орналасуына тоқталайық; Кіші
жүз Сырдария өзенінің төменгі сағасынан Орал және Тобыл өзендеріне дейінгі
аумақты алып жатты. Кіші жүз жерін мекендеген толып жатқан рулар мен кіші
ру тармақтары үш ұрпақтың- Байұлы, Жетіру және Әлімұлы ұрпақтарының
құрамына енді. Кіші жүздің шығыс бөлігін осы рулармен қатар Арғын руының
Кейбір тармақтары (Шақшақ, Айдарқы, Қырық мүлтік) мекендеді. Билеуші
сұлтандардан жинаған мәліметтеріне сүйеніп полковник Бламберг XIX ғасырдың
40 жылдарында кіші жүз халқының жалпы саны шамамен 500 000 адам, ал
шаңыцрақ саны 100 000 мыңға жуық деп анықтаған.
Орта жүз Семей, Ақмола облыстарының, Сырдария Жетісу облыстарының бір
бөлігінің жерін алып жатты. Орта жүз жерін мекендеген барлық рулар мен ру
тармақтары Арғын, Найман, Керей, Уақ, Тарақты, Қыпшақ және Қоңырат деп
аталатын жеті ру бірлестігінің құрамына кірді. 1883 жылғ подполковник
Бутовский жазған статистикалық есептеуіне сәйкес, Орта жүзде 116 500
шаңырақ болды, әр шаңыраққа 4 адамнан келді деп есептейтін болсақ, халық
саны 468 000 адам болған.
Ұлы жүз Жетісу, Әулиеата, Шымкент облыстарының жерін алып жатты және
Дулат, Жалайыр, Албан, Суан, Шапырашты, Ысты, Серғалы Ошақты, Қаңлы және
Шанышқы деп аталатын негізгі рулардан құралды. Ю.Южаков жинаған ең соңғы
мәліметтер бойынша Ұлы жүзде шаңырақ саны 95 000-ға жетті, ал Аристовтың
мәліметтері бойынша, Ұлы жүзде халық саны 550 000 адам болды.
Қазақтар шаруашылығының негізгі саласы көшпелі мал шарушылығы еді.
Олар жылқы, түйе, қой және ешкі өсірумен айналысты. Шаруашылықтың
жайылымдық көшпелі жүйесі экстенсивті сипатта болды. Малшы қазақтың тағдыры
ең алдымен табиғат жағдайына тәуелді еді. Қазақтардың малының көбі дүркін-
дүркін қайталанып тұратын жұттан қырылды.
XIX ғасырда қазақтарда егіншілікте едәуір дамыды. Мұнымен негізінен
алғанда қазақ кедейлері-егінші деп аталған жатақтар айналысты. XIX ғасырға
дейін егіншілікпен не жұттың салдарынан, не өзара феодалдық қырқыс-
барымтаның салдарынан малынан айырылып қалған қазақтар шұғылданды.
Сырдария, Торғай және Ырғыз өзендерінің жағалауларын мекендеген
қазақтар бау-бақшалық шаруашылығымен айналысты. Қазақтардың басқа
кәсіптерінен балық аулауды атап өтуге болады, мұнымен де қазақтардың ең
кедей бөлігі-жатақтар мен егіншілер айналысты. Қазақтар балықты арнаулы
тормен, аумен аулады. Үлкен өзендерде, мысалы Сырдарияда қазақтар балықты
сүзгіш деп аталатын аудың көмегімен ұстады. Қазақтардың шаруашылығында әр
түрлі қолөнер кәсібі айтарлықтай орын алды. Тері илеу, оқ-дәрі, бояу
дайындау, ағаш пен сүйекке ою-өрнек салу, металл мен жүн өңдеу дамыды.
Феодал шонжарларға жер меншігін бекітіп беру жолымен олардың үстем
жағдайын сақтап қалуға тырысу қазақ кедейлерін сұлтандар мен билердің
қыстақтарымен жайлауларына қол сұғуға мәжбүр еткен кезде үкімет
басындағылар әрдайым феодал шоншарларын қолдап отырды.
Патша өкіметі өзінің жаулап алу саясатына бір жағынан отарлау
аппаратына,қарулы күшке, екінші жағынан қазақ шонжарларының феодалдық басшы
тобына сүйенді. 20 жылдары басқару жүйесін өзгертуге талдау жасағанда,
феодалдық басшы топтың отарлау аппаратымен сіңісіп кету процесін айқын
көруге болады.
Ұлғайып алған империя құрамына Қазақстанның қосылуы оны орналасқан
геосаяси жағдайы әскери жағынан алғанда әлсіз Қоқан және Хиуа хандықтарын
таптап тастап, бірінші отаршыл империя-Англияның шығыс Түркістан ауданына
енуін жоққа шығаруға мүмкіндік беретін, бұған қазақ өлкесі кедергі болып
қала берген. Ресей империясының экономикалық мүдделері, Петербургтің
ғаламат саяси жоспарларымен қатар, патшаның стратегиялық болжамдарын ұстана
отырып, оның Орталық Азияның түкпіріне қарай біртіндеп ілгерілеуін тездете
түсті. 3
Абылайдың 1781 жылы қайтыс болуы, оның ұрпақтары арасындағы
кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. 1795 жылы екі сұлтан, 19 ақсақал және
122360 қазақ императрица II Екатеринаның атынан Уәлиді хан тағынан алып
тастау туралы өтініш жіберді. Паташ үкіметі қазақ қоғамындағы хан билігін
жою жөн емес деп, алайда оны әлсірету мақсатымен Орта жүзде бақуатты
Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады. Петербург сарайы
қос билеуші Бөкей мен Уәлиді қан төкпей орындарынан алуға сылтау іздеді.
Олардың екеуіне де кең байтақ өлкені басқаруға қажетті амалдары болмады.
Ресей бөліп ал да билей бер саясатын жүргізіп, оларды бір-біріне айдап
салды, сөйтіп кедейленген хандармен өздерінің байлығы жөнінен бақталас
ауқатты сұлтандарды өз жағына тартып отырды. Байлық саяси салмақ берді,
басқа ру ауылдарының жеріне жиі көшуден күйзелген, беніністердің әскери
қызметінің жандана түсуі және құнарлы аудандарға казак континентінің
қоныстандырылуы салдарынан меншіктері мен жер алаптарынан айырылған
адамдарды өзіне тартатын құдіреті күшті қасиеттері бар деуге болады.
Ресейдің әкімшілік-аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанының
болмауы, Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс-қимылын
әлдеқайда тежеп отырды. 1817 жылы Бөкей хан, екі жылдан кейін Уәли
қайтысболды. Петербург бір жақты қадамға-Орта жүзде енді хан тағайындамауға
және оның үстіне оларды бүкіл әлемді Ұлы тітіркенушінің-Шыңғыс ханның
заманына барып тірелетін ертедегі ғұрып бойынша сайламау керек деп шешті.
Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып, нақты биліктің
қандай нысаны болмаған жайдай орын алды.Хандық ықпалды сұлтандар мен
келіспей немесе алдын-ала келіссөз жүргізілмей, іс жүзінде жоғарғы жақтан
жойып жіберілді.
Жаңа реформаны әзірлеуді патша сол жылдары өз дәуірінің аса
тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанскийге жүктеді. Оның сан қырлы қызметінің
өзегі Орта жүзде дәстүрлі хан мемлекеттілігін жойған жаңа заң актілерін
енгізу болды.
М.М.Сперанский қазақ даласының аз зерттелген аудандарды толық зерттеп
және жинақтап көрсету үшін Сібір жерлерін мәлім етуді ұсынды. Бұл
тапсырманы орындауға болашақ декабрист Г.С. Батюшков қатысты. Ол Сібірді
басқару туралы заң жобаларына бірқатар қосымша, түсіндірмелік бөлімдер:
құрғақтағы жол қатынастары, этаптар құру, жер аударылған бұратаналар,
Орта Орда даласына орыс билігін тарату бөлімдерін әзірледі.
1822 жылғы 22 маусымда патша Сібір губернияларына арналған
мекемелер, Бұратаналарды басқару туралы жарғы Қырғыз –қайсақтарды
басқару туралы жарғы, Этаптар туралы жарғы және жер міндеткерлігі туралы
ережелер, Астық қорлары, шаруалар мен бұратаналар арасындағы борышкерлік
міндеттемелер туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.
Сібір мекемелеріне сәйкес,азиялық Ресей 2 генерал-губернаторлыққа:
Орталығы Тобыл болған Батыс Сібір, Орталығы Иркутск болған Шығыс Сібір
генерал-губернаторлықтарына бөлінді. Орталығы Тобыл болған Батыс Сібірге
Тобыл, Томск губерниялары мен Омбы облысы жатқызылды. Орта жүз аудандары
екіншісінің құрамына енгізілмекші болды.
Орта жүздегі дәстүлі мемлекеттілікті таратып, хан атағын мүлде артық
деп жойып жіберген үкімет Сібір қазақтары туралы жарғыға сүйеніп,
басқарудың жаңа жүйесін енгізді. 3 параграфқа сәйкес, географиялық жағынан
Оңтүстік –батыс Сібірді мекендеген қазақтар көшпелі ьұратаналар
сословиесі болып есптелді және тең құқықтарды пайдаланды, ал Сібір
қазақтары елі ең алдымен 1838 жылы Батыс Сібір Қзақтарын шекаралық басқару
құрылғанға дейін Омбы облысына бағынып келген сыртқы округтерден құралды.
5
Қазақ руларының арасындағы өзгерістер әкімшілік-аумақтық құрылымдарына
қатысты болды; даладағы үштаған-округ, болыс, ауыл бұрынғы округ басқару
жүйесін іс жүзінде жоқ етіп жіберуге тиіс еді. 5 параграф арқылы жаңа
құрылым: ауыл 50 ден 70 ке дейін шаңырақ, болыс 10 ауылдан 12 ге дейін
ауыл, округ-15 болыстан 20 болысқа дейін болып белгіленді.
Округтердің жекелеген бөлімшелерін басқарудың жаңа тәртібі жарғының 15
параграфында белгіленді: ауылдарды- ауыл старшындары, болыстарды-болыс
сұлтандары, округтерді аға сұлтандар басқаратын болды. Бұл өзгерістер ерте
кездерде Шыңғыс ұрпақтарының ықпалын әлсіретуге тиіс болатын; сонымен бірге
болыстарды басқармайтын тсұлтандар бұрынғы сословиелік артықшылығын сақтап
қалды.
Қазақ арасындағы аға сұлтандарға зор құқықтар берілді, оның
басшылығымен округтік приказда өткізілетін отырстарға облыстық бастық
тағайындайтын ресейлік екі заседатель және сайланып қойылатын екі құрметті
қазақ қатысуға тиіс болды.
Бұл реформа Қазақстанға сауда экономикалық дамуы өсуі үшін оң
алғышарттар туғызды. Патша үкіметінің бұған белгілі дәрежеде мүдделі болуын
экономикалық факторлармен қоса, оның көшпелілер арасында өзінің саяси
ықпалын нығайту ниетімен түсіндіру керек. XIX ғасырдың басында Бұқтырма,
Өскемен бекіністерінің, Петропавлдыың, Семейдің маңызы едәуір арта түсті.
Жарғының бірқатар параграфтарында 205 параграфқа сәйкес үш санатқа;
қылмыстық, талап арыздық және облыстық басқармаға шағымдар бойынша
сараланған сот жүйесіне түзетулер енгізілді. Қылмыцстық істерге мемлекеттік
опасыздық, тонау, барымта, белгіленген билікке көрінеу бағынбаушылық
жатқызылады; оның үстіне барлық талап-арыз істері билердің қатысуымен
ауылдармен болыстарда талқыланды; 216 параграфта тұтас алғанда қазақ
ғұрыптары мен заңдары бойынша дәстүрлі билер сотының мәні сақталды; 220
параграфта билер істерді негізсіз шешкен жағдайда оларды жауапқа тарту
көзделді. Арнайы параграфта аға сұлтандарға , болыстардың басқарушыларына
жалақы төлеу, кешегі жоғары текті Шыңғыс ұрпақтары мемлекеттік қызметшілер
санатына көшіріліп, оларға империяның сол кезде қолданылған заңдарын тарату
туралы айтылды.
Реформаның 243-249 параграфтары Орта жүз халқын ағартуға арналған
жағдайды кеңейтті және сауаттылықты кең тарату көзделді. Сонымен қатар
жарғының 250 параграфы округтік приказдары өздеріне сеніп тапсырылған
халықтың ешбірі қайыршылыққа ұшырамауы және қамқорсыз қалмауын барлық
амалдармен ойластыруға міндетті. 329 парагрфтан тұратын Жарғының қазақ
тіліне аударылған мәтіні көп ұзамай аудандарға таратылып жіберілді. Алғашқы
екі округ пен приказ ашылатын аймаққа марқұм Уали ханның Көкшетаудағы
қоныстары мен бұрынғы Бөкей ханның Қарқаралыдағы ауылдары таңдап алынды.
Қазақстан жеріне барлығы 7 округ ашып, кейін олардың санын 8-10 ға
дейін жеткізу көзделді, патша үкіметінің мұндағы мақсаты одан әрі Орта Азия
шебіне шығу болатын.
Алғашқы сыртқы округ-Қарқаралы округі 1824 жылғы 8 сәуірде ашылды.
Жаңадан құрылған округке кірген болыстар құрамында 20 мыңдай шаңырақ-
шамамен алынған есептеулер бойынша, 60 000-ға дейін ер-азамат болды.
Осы кезеңде бірқатар сыртқы округтер: 1825 жылы-Құсмұрын, 0826 жылы-
Баянауыл, 1831 жылы-Аягөз, 1832 жылы-Ақмола округтері құрылды. Бұл ретте
көпнеcе мал қоңданатын шілде, тамыз айларында өткізілетін сайлауларға
көшпелілерді қайран қалдыратын салтанатты мерекелер; зеңбіректер гүрсілі,
мылтықтардан оқ ату ілесе жүретін, офицерлердің алтын жалатылған эполеттері
дала тұрғындарының көзін қызықтырып, олардың не болып жатқанын сезінуін
әлсірететін; олар өз мемлекеттілігі жойылуының куәләрі болды. Номадтарға
жоғарғы қызметке сайланушыны ақ киізге көтеретін ежелгі ғұрыптың сақталуы
ұнады 11.
Қазақстан тарихында XIX ғасырдың 20 жылдарындағы басқару жүйесін
өзгенртуге талдау жасағанда, феодалдық басшы топтың отарлау аппаратымен
сіңісіп кету процесін айқын көруге болады. Патша үкіметіне қызмет етуге
көшкен қазақ сұлтандары мен билері қазақстандағы феодалдық-отарлау езгіні
бейнеледі. Орта жүздегі аға сұлтандар мен Кіші жүздегі билеуші сұлтандарды
үкімет тағайындап отырды, лауазымды адамдарды жаңадан сайлау дегенің орыс
әкімшілігінің шексіз бақылауымен ғана жүргізілді. Патша қызметіне ауысқан
қазақ феодалдары-аға сұлтандар,болыс билеушілері, ауылдық старшындар және
дистанциялық бастықтар-еңбекшілерді феодалдық жаншудвң бұрынғы формаларын
сақтап қана қоймай сонымен қатар үкімет атынан салық жинады. Мысалы; түндік
басынан алынатын алым, билет үшін алым, көшіп-қонғаны үшін ақша төлеу т.б.
Қазақ халқын басқарудың жаңа жүйесі, әсіресе Сібір қырғыздары туралы
жарғы далада ғасырлар бойы орнаған тәртіпті елеулі түрде өзгерткені сонша,
қарсыласудан сескенген үкімет жаңа басқару жүйесін бірден енгізе алмады.
Округтік приказдар құрылғанша қазақтар арасында дайындық жұмыстары
жүргізілді. Қазақтарды; приказдар мүмкін болатын шабуылдардан қорғау үшін
құрылады, ал жер өздерінің мәңгілік пайдалануларыңа қалдырылады,-деп
сендірді.
Сонымен қатар жаңа әкімшілік үштағанды-ауыл,болыс және округті асығыс
құрған М.Сперанский мен оның ізбасарлары жергілікті факторлармен санаспады,
оны іске асырудың күш қолданылатын тактикасына сенді және реформаны жүзеге
асыруға жасалған алғашқы әрекеттердің өзі қоғамда жіктеліс және үкіметке
қарсы пиғылдар туғызуға әкеп соғып, ол 20 жылдан астам уақыт күреске
ұласады деп ойламады.
Орта жүзде хандық, феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы,бір жағынан,
қазақ қоғамының өзінде ішкі рулық талас-тартыстардың жалғасуы салдарынан,
екінші жағынан, патша өкіметінің әскери-әкімшілік әрекеттерінің нәтижесінде
болды.
Сібір қазақтары туралы 1822 жылғы қабылданған жарғы, алғашқы патшалық
реформма ретінде, бүкіл дәстүрлі билік құрылымын қиратып, әлеуметтік-саяси
және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын қамтыды, қазақ қоғамы ішіндегі, ең
алдымен патшалық өзгерістерді, негізінен, қиналмай қабылдаған шеп
маңайындағы ауылдар арасындағы және кең далада еркін көшіп жүріп, көшпелі
тәуелсіздің ең берілген жақтаушылары ретінде сұлтандардың, билердің ақыл
беруі бойынша патшалық өзгерістерге көнбегендер арасындағы қайшылықтарды
тереңдетіп, Кавказдағы, Еділ бойының түркі тілдес аймағындағы және далалық
табиғи ландшафты реформаның іске асырылуын белгілі бір дәрежеде қиындатқан
Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы оппозицияның топтасуын күшейте түсті.

1.2 XIX ғасырдың 20-30 жылдарындағы отарлық саясатқа қарсы
көтерілістер. (Саржан Қасымов және Жоламан Тіленшіұлы )
Қазақстанда патша өкіметінің отарлық саясатының күшеюіне және
ортаазиялық хандықтардың басқыншыларына қарсы халық бұқарасының наразылығы
Кенесары Қасымов бастаған кең сипаттағы және ұзақ уақытқа созылған
көтеріліске ұласқанға дейін біртіндеп күшейе түскен болатын. 20-30 жылдары
болған Саржан Қасымов, Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс.
XIX ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды әскери отарлаудың шешуші кезеңі
болды. Ресейдің қазақ даласына жүз жылдан астам уақытқа созылған отаршылдық
әрекеті, оңтүстік аймақтарды қоспағанда, өлкенің барлық дерлік аумағының
империя құрамына қосылуына әкеп соқты. Бұл Қазақстанның саяси
бытыраңқылығының, күлделі сыртқы жағдайының салдарынан ғана емес, ал оның
армиясы сол кезде Еуропадағы ең қуатты армиялардың бірі еді. 1825 жылы
орыстың құрғақтағы армиясында 526 мың адам болды.
Жоламан Тіленшіұлы Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басшысы әрі батыр
болған. XIX ғасырдың 20 жылдары Табын руы мекендеген жайылымға, өзендерге,
тұзды жерлерге бай Жаңа Елек ауданын патша өкіметі тартып алған кезде
Жоламан батыр өз руын бастап күреске шыққан.
Алғашқы бұл жерлерді тартып алу Елек тұзын тасу үшін жаңа жол салу керек
деген сылтаумен жүргізілді. Елек тұзын тасу үшін салынған жаңа жол біткен
соң, тасымалдаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек деп бекіністі
Шепті Елек өзеніне ауыстырды. Жаңа Елек Шебі 29 бекіністен тұрады. Қазақ
халқы Орал, Елек, Берден және Құрат өзендері бойындағы жерлердің ең жақсысы
7 мың десятинасынан айырылды. Патша үкіметі бұл жерлерге орал мен Орынбор
әскерлерінің казактары мен орыс шаруаларын қоныстандыра бастады. Қазақтар
бекіністердің салынуына қарай өз жайылымдарынан ығыстырыла берді. Осы
әрекеттердің барлығы Жоламан көтерілісіне себепші болды. Алғашқыда ол
қазақтардың құқығын бейбіт жолмен қорғау мен тырысты.
Орынбор әскери губернаторы 1822 жылы Эссенге жолдаған хатында былай
делінген: Әбілхайыр ханның тұсында қазақтарға Оралдың арғы жағындағы
шабындықтарды пайдалану және өзеннің жартысынан балық аулау еркіндігі
беріліп еді, 1810 жылға дейін қазақтар бұл еркіндікті кедергісіз
пайдаланды, ал кейін Ресей Елек өзенін алып, ірі бекіністер тұрғызып, бұрын
берілген жерлерді пайдалануымызға тыйым салды. Ал біз болсақ, орманы суы
жоқ иен далада көптеген ауылдарымызбен мұқтаждық көріп отырмыз. 8.
Әділеттілікке жетуге ұмтылған бұл хаты жауапсыз қалғанына қарамастан,
бір жыл өткен соң 1823 жылы 6 тамызда Эссенге тағы да урядник Плешков
арқылы хат жолдайды. Онда қазақтардың наразылығының басты себептерін айқын
да ашып көрсетіп, олардың талаптарын баяндайды.
Жоғары мәртебелі патша ағзамның мақсаты бізге дәл осындай арсыздықпен
қарау емес шығар деп үміттенеміз. Егер олай болмаса мен тархан ретінде
сізден Нарын құмдарын, жаз жайлап, қыс қыстаған өзен бойын, Жайықтың
далалық жағын, Елек қорғанысынан тыс жатқан Елек өзенінің екі жағын да
бізге беруді, сол жерлерге салынған ірі бекіністер мен отрядтарды әкетуді
сұраймын. Егерсіздің қолыңыздан келмесе, онда патша ағзамға осы туралы
хабарлауыңызды өтінемін, Онсыз да Санкт-Петербургке жіберген елшілеріміз
Арынғазы Абылғазиев пен тархан Жүсіп Сырымовтың қайтып оралмауына
байланысты және олардың елге оралуына император патша ағзамның неге рұқсат
етпей отырғанын білмегендіктен ордалықтар мазасыздануда, егер біздің
өтінішімізге патша ағзам құлақ асып, көңіл бөлсе, онда біз оған риза болар
едік, егер олай болмаса, біздің ордалықтардың көңілі қалып, мазасы кетуі
мүмкін.
Осылайша жіберген екі хаты да жауапсыз қалып, Жоламан 1823 жылы 3
қыркүйекте тағы да Эссенге алдыңғылардан да ұзақ етіп жаңа хат жазады. Бұл
хатқа да Эссен жауап бермеді, оның орнына тұтқындарды босатудағы үлкен
табыстары үшін Жоламанға 327 сомдық сыйлық жібереді. Сонымен қатар бір
мезгілде Орынбор Шекара Комиссиясы Жоламанға бұдан былайғы келіссөздердің
Шерғазы хан арқылы жүргізілуі керек екендігін хабарлайды. Ал Жоламан оны
халқын сатқан опасыз ретінде өте жек көретін. Патша өкіметі тонаған
қазақтардың өмір сүруге қажет талаптарын қажет талаптарын бейбіт жолмен
қанағаттандыруға тырысқан жолдаманның әрекеттері осылайша нәтижесіз
аяқталды.
Бірнеше рет жасаған әрекеттері сәтсіздікке ұшыраған соң Жоламан қарулы
күрес жолына түсуге мәжбүр болды. Оның ұйымдастырған отрядтары шекара
заставаларына, билеуші сұлтандардың қонысына шабуыл жасай бастады.
Жоламан Тіленшиевті ұстау үшін қазақ даласына қайта-қайта жазалау
отрядтары жіберілді. Көтеріліске шыққан қазақтар осы кезде қарап жатпай,
Жоламан Тіленшиевке қарсы жүргізілген барлық іс-қимылға белсене қатысушы,
патша өкіметіне әбден берілген Шерғазы ханға да қарсы күресті Жоламан 1823
жылы күзде тұтқындағы жасауыл падуровты босату туралы келіссөз жүргізуге
келген хорунжий Биккиниге Ресейге қарсы соғысты Елек өзені бойына бекініс
шебі салғаны үшін жүргізіп отырғандығын, себебі ол жерлерде бұрын
қазақтармен бірге мұның өзінің де мал азығына ыңғайлы жерлері болғаны, ал
қазір тақыр далада көшіп-қонуға мәжбүр болғанын , олар үшін қазір аштан өлу
немесе өз істері үшін күресіп өлудің бәрібір екендігін, Жаңа Елек Шебі
бойындағы жерлер ордалықтарға берілмесе, Зен, Қамыс-Самар жанындағы
қарауылдар әкетілмесе онда ордалықтар бекініс шебіне шабуыл жасауды
тоқтатпайтындығын айтты 12.
Жоламан көтенрілісінің кең қанат жайған кезі 1835 жылы болатын. Осы
кезде Жағалбайлы, Жаппас, Алшын, Арғын, Қыпшақ рулары өз беттерінше күреске
шыға бастады. Орск мен Троицк арасында Жаңа шеп салынуы оларды 10 000 шаршы
шақырымнан астам жерінен айырылған болатын. Билеуші сұлтандардың ауылынна
шабуыл жасау себептерін қазақтар сол сұлтандардың үкіметтің қазақтарға мал
бағуға рұқсат алып беруге жарамай отырғандығғы үшін деп түсіндірді.
Көтерілісшілер қозғалысы 1838 жылы Кіші жүзде Бөкей ордасында халық
көтерілісінің көсемдері Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов болған кезде
ерекше өрлей түсті. 1838 жылдың орта тұсында қарай Елек қалашығынан Орск,
Тройцк қамалдарына дейінгі шекаралық Шепке жақын жерде көшіп-қонған
қазақтар көтеріліске қамтылды және олар топталып Торғай мен Ырғыз
аудандарына көше бастады. Көшкен қазақтарды қайтару үшін және Жоламан
көтерілісін басу үшін патша үкіметі қырға үш отряд жіберді.
Жоламан Тіленшиев қозғалысының басты мазмұны жер үшін, жоғалтқан
жайылымдар үшін күрес болды. Осындай күрес орта жүздегі Саржан Қасымов
қозғалысының да негізі болды. Саржан қозғалысына түрткі болған 1822 жылғы
Сібір қырғыздары туралы жарғының енгізілуі еді. Патша үкіметі бұл
Жарғыныжүзеге асыруға бірден кірісе қойған жоқ. Үкімет әуелі тиісінше
дайындық жұмыстарын жүргізу керек деп шешті. Осы мақсатпен қырға, жеке
қазақ руларымен жұмыс жүргізу үшін, осы приказдардың құрылуының қажеттігін
дәлелдеуші патша тыңшыларын-қазақ сұлтандарын жібере бастады. Олар
приказдар жергілікті халықтың мүддесін қорғау үшін ашылады деп дәлелдемек
болды 23.
Қазақ даласында 1824 жылғы алғашқы приказдарды құру үшін екі
экспедиция жасақталды, бірі-Омбы облысын басқарушы полковник Броневскийдің
бастауымен Көкшетауға жіберілді.
Сонымен 1824 жылы 8 ақпанда сұлтандар мен билердің белсене қатысуымен патша
үкіметі бірінші Қарқаралы приказын құрды, оның бастығы болып аға сұлтан,
подполковник Тұрсын Шыңғысов сайланды. Сол жылы подполковник Григоревский
Көкшетау приказын құрды. Бұл приказдар патша өкіметінің Қазақстанды одан
әрі бұғаулау ісінің басталуы рөлін атқарды.
Қарқаралы және Көкшетау приказдарының өз бетінше күреске көтерілген
халық бұқарасына Саржан сұлтан басшылық етті, ол 1824 жылдан 1836 жылға
дейін патша старшындарымен аға сұлтандарға қарсы қажымай-талмай күрес
жүргізді. Саржан приказдарды жоюды, қазақ даласынан әскерлерді әкетуді және
қазақтардың бұрынғы еркіндігін қайтаруды талап етті.
Қожан, Тама, Айдабол, Байдәулет руларының қазақтары 1825-1826 жылдары
Саржан Қасымовтың туының астына көтеріліске шығуға жиналды. Осы уақытқа
дейін көтерілісшілер саны көбейіп қалған болатын. Осыған орай Қарқаралы
округтік приказының 1826 жылғы 14 маусымдағы хабарында былай делінген:
“Мына соңғылары 1000 -ға жуық жиналған адамымен болыстарды төңіректеп,
оларға өздерінің салық жинаушыларын жіберді, бағынбағандарға шабуыл жасап,
тонап кетеді.” Көтерілісшілердің қатары күннен күнге көбейе түсуде. 1826
жылдың ротасына таман Саржан өзінің ордасын Бұғылы және Тағылы деген еді
мекенге көшіреді. Осы жерде оған Қаракесек, Үйсін, Жағалбайлы және Шор
болыстарының қазақтары қосылды.Саржан бауыры Есенгелді екеуі ауылдарды
аралап, жұртты өкімет пен аға сұлтандарға қарсы күреске шақырды. Ол әсіресе
Бөкей ордасының сұлтандарын өте жек көрді, оның ішінде Қарқаралы округінің
аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысовқа да өш еді 12.
1826 жылы тамызда Саржан өзінің отрядымен Қарқаралы округіне шабуыл
жасады. Саржанның Қарқаралы маңында көрінгені туралы хабарлай отырып, Омбы
облысының басқарушысы полковник Броневский былай деп жазған: “Саржанға
барлық қарақшылар жиналуда. Олар Ордадағы барлық тыныштықты бұзып, жеңілтек
қырғыздарды желіктіруде, Ресей үкіметінің жүргізген тәртіптеріне зиян
келтіруде... Саржан сұлтан 1825 жылға қарай Қарқаралы округі сұлтандары
Тұрсын Шыңғысов және басқа да сұлтандарды Ресейге бағынғаны үшін жек көріп,
қарулы адам жинап, округке шабуыл жасауға да батылы барды.”
Патша билігіндегілер “басты бүлікшілердің”-көтеріліс басшыларының
шындап соңына түсті. 1825-1826 жылдары, атап айтқанда, көтерілісшілер
Қарқаралы приказына шабуыл жасаған кезде, Саржан Қасымовтың бірнеше
жауынгер серіктері тұтқындалды.1826 жылғы 31 қаңтарда болған алғашқы ашық
қақтығыс Саржан сұлтанның соғыста жеңілуімен аяқталды; оның тұтқынға түскен
пікірлестері қарусыздандырылып, Омбы ордононсгаузы жанындағы әскери сотқа
берілді. Сұлтан өз серіктерімен бірге көптеген ауылдарымен Орынбор шебіне
қарай көшіп, қудалаудан құтылып үлгерді, Тройцк қаласына жақын Кидел-Қыпшақ
болысында қыстап шықты.
Көтерілісшілердің шоғырлану аясының өзгертілуі айқын мақсатқа-патша
өкіметі басқа бір Жарғыны- “Орынбор қазақтары туралы” жарғыны қолданысқа
енгізбекші болған Кіші жүз ауылдарында үкіметке қарсы пиғылды өршіту
мақсатына байланысты болатын, ал бұған осы аймақта Кіші жүздің соңғы ханы
Шерғазынының тұтқынға алынып, содан соң Калуга қаласына жер аударылып
жіберілуі негіз болған еді. Енді Батыс Сібірдің де, Орынбордың да генерал-
губернаторлары Саржан сұлтанға “даладағы барлық мазасыздыққа басты кінәлі”
деп қарады. Көтерілісшілердің этникалық құрамы қашқын орыстар, татарлар
қосылып, барған сайын интернационалдық сипат ала түсті; халық қозғалысы
қамтыған аудандарда ара-тұра Қоқан, Хиуа хандықтарының, Бұхара әмірлігінің
өкілдері болып тұрды.
Қабылданған Жарғының VI тарауына сәйкес “қазақтардың тәртіпсіздіктері
мен бетімен кетушіліктері үшін ” жауапкершілік ең алдымен сұлтандарға
жүктелгенімен, 1826 жылдың бүкіл жазы бойында Саржан жасақтарының белсенді
қимылы әлсіремей,барған сайын жаңа болыстарды қозғалысқа тарта берді.
“Қазақтар арасында ашу-ыза туғызу ниетін ойлаған” көптеген сұлтандар
округтік приказдардың “бастапқы құрылысын күйрету” жөніндегі саяси
талаптармен шектелмей, жер-жерде қаруланған көп партияларды топтастырды,
бұл орайда отаршыл әкімшілікке адалдығын сақтап қалған ауылдарды қорқытудан
тайынбады. Саржан жасақтарының бірін басқарған Абылай Ғаббасов өзінің
ерекше ымырасыздығымен көзге түсті, ол Қарқаралы приказына жақындап келіп,
бірқатар болыстарды өзіне ертіп алды, өзінің сенімді адамдарын көрші
аудандарға, ең алдымен Көкшетау округіне жіберіп, оның сұлтандарына олардың
өзі бағынатын заңды өкіметке бағынбауға ақыл берді.
Көкшетау округінде қозғалысты Сартай Шыңғысов басқарды, ол да
көтеріліс басшысы Саржан Қасымовтың көзқарасына қосылатын. Қазақ жерлерін
біріктіруге ұмтылған атақты Абылай ханды ерекше құрмет тұтатын Қарауыл
облысының өкілі Сартай Шыңғысов өзқимылын Ғұбайдолламен үйлестіріп, өзі
жалпыхалықтық жетекші Саржан сұлтанның билігіне толық бағынды. Халық
қарсыласуының одан әрі күшеюінен қорқу Омбы облыстық бастығы де Сент-
Лоранды 1825 жылғы 4 қыркүйекте “құпия” деген белгімен Қарқаралы округі
әскери күзетінің бастығы жүзбасы Карбышевке Саржан, Ғұбайдолла және Сартай
сұлтандарды оларды бір-бірінен ұзап кеткен кезін күтіп, іздеп табуға және
қолға түсіруге кірісуді міндеттеуге итермеледі. Бұл орайда қиын кедергілер
кездескен жағдайда Карбышев олардың бірі-Саржан Қасымовты қолға түсіруге
ұмтылуға тиіс болды.
Сол кездің өзінде көтерілісшілерге қарсы қимыл жасап жүрген 200
казактан басқа, Карбышевтің қарамағына орындарды алуға жіберген офицерлері
бар 150 казак келді. Тұтқынға алынған сұлтандарды әскери сотқа беру үшін
“ең қысқа жолмен айдау арқылы ” Омбыға жеткізу көзделді, ал олардың
әрекеттері 1822 жылғы Жарғының “Мемлекеттік опасыздық туралы” туралы бабына
жатқызылды, сондықтан Саржан сұлтанның Омбы бекінісінде өз тағдырларыныцң
не боларын күтіп жатқан 12 серігі сияқты, олар да өлім жазасына кесіліп, ең
жақсы дегенде Сібірге, каторгалық жұмыстарға жіберілуі мүмкін еді.
Сол кезде Омбыда қалалық ордононгауз жанынан арнулы комиссия құрылды;
колледж тіркеушісі Пиррожковқа Саржан сұлтан “қарақшыларының” 12 қазағының
айғақтарын қазақ тілінен орыс тіліне аударумен айналысуға пәрмен берілді.
Көтеріліске қатысқандарды аяғандықтан болар абақтыға қамалып, торығып
жатқан қазақтардың қайғылы тағдырына жан ашығандықтан болар, қамаудағы 12
адамның үшеуі түрмеден кепілдікке босатылып, бұл облыс кеңсесінде нағыз
әбігерлік туғызды. Заседатель Бубеннов, хатшы Елгин, бөлім бастығының
қызметін атқарушы Захаров сотқа берілді, бұл іске қатысты бар облыстық
кеңес шенеуніктеріне “аса қатаң сөгіс” жарияланды.
Осы аталған шенеуніктердің өздері үшін қатерлі, өкімет орындары қатаң
айыптау мүмкін шешімге не үшін барғандары жөнінде пікір айту қиын. Едәуір
көпшілігі Омбыда да жер аударылу мерзімін өтеп жүрген декабристердің
ықпалына ұшыраған бұл адамдардың крепостниктікке қарсы қозғалыстың жалпы
рухына сол арқылы үлес қосуға, Сібірдегі бұратаналардың, соның ішінде
қазақтаардың ауыр жағдайын әйтеуір бір жеңілдетуге ұмтылуы мүмкін. Осы
оқиғаға облыс бастықтарының ерекше мән бергенін, бұл жөнінде оның Батыс
Сібір Бас басқармасына дереу хабарлағанын дәлелдейді. Солай дегенмен,
қарулы бой көрсетулерді басып-жаныштауды ұйымдастыру міндеті жүктеген облыс
бастықтары екі жақты көзқарас ұстанды: бір жағынан, халықтық қозғалысты
оның жетекшісін тұтқынға алу жолымен басшысыз қалдыруды, екінші жағынан,
жер жағдайын жақсы білетін шағын топтарға бөлініп жасырын қимылдау арқылы
дұшпандық пиғылдағы ауылдардың шабуыл жасауы жағдайында күрес жүргізу
тактикасын жүзеге асыруды көздеді, өйткені облыс бастықтары көтеріліс
басталысымен-ақ Батыс Сібір Бас басқармасына былай деп жазды. “Мен Карпық
болысының сұлтаны Саржан Қасымовтың бетімен кетушілігі және теріс
қылықтарынан болуы мүмкін қырсықты ертерек көріп, оны болдырмау жөнінде
соған сәйкес шаралар қолдану пайдалы болатынын айтпай кете алмаймын” I
Николайдың Саржан сұлтанға әзірше “ешқандай қудалау қолданылмасын, оны
қолға түсіруден бұл жөнінде үкіметтің көзқарасы нақтыланғанға дейін тоқтала
тұрсын деген әмірі жеткізілді. 1826 жылғы 9 шілдеде Петропавл бенінісінде
жергілікті өкімет орындарының көтерілісті басып жаныштау жөніндегі іс-
қимылына шек қойылатын үкімет нұсқауы алынды” 14.
20 жылдардың екінші жартысында Орта жүзде уақытша тыныштық орнады:
үкімет 1824 жылдың өзінде-ақ ашылған Қарқаралы, Көкшетау округтерін нығайту
жайын ойластырып және 1826 жылы Баянауыл округін құрып, көтеріліске шыққан
ауылдардың ізіне түсу үшін ірі казак отрядтарын жабдықтаудан тартынды.
1827-1830 жылдар аралығында көшіп-қонып жүрген жерлерінен айырылған
көптеген болыстардың қазақтары елдің ішкі аудандарына көше бастады. Соларды
қайтару үшін Ақмола приказы жанындағы әскери отрядтың бастығы, полковник
Шубинге Қарқаралы округіне көмектесу тарсырылды. Бірнеше отрядтар
жасақталып жіберілгенімен, олар ештеңесіз оралды. Жай жүрмеген отрядтар
бейбіт ауылдарға шабуыл жасап, қазақтарды одан әрі ызаландыратүсті.
1832 жылдың басынан Саржан қайтадан белсенді қимыл жасауға көшті. 1832
жылы наурызда Сұлукөл деген елді мекеннен шығып, екі інісі және 400 адамдық
отрядымен Қарқаралы округіндегі Ресейге бағынған билердің ауылдарына шабуыл
жасап, 1 600 жылқысын айдап әкетті, басқа да алғандары көп болды. Осы
шабуылы туралы хабар Омбыға жеткізілді. Саржанның соңынан түсуге жіберілген
жүзбасы Потаниннің отрядымен Сұлукөл маңында қатты шайқас болды.
Зеңбіректері бар Потанин отрядының екпініне шыдамай, Саржан отряды кеш бата
шегіне бастады.
Осы сәтсіздік 1832 жылы Саржанды Патша өкіметіне қарсы бірігіп күрес
жүргізу үшін Ташкент құсбегімен одақ құруға итермеледі. Ташкент құсбегі
оның ұсынысына қарсы болған жоқ. Осы жағдайға байланысты барон У-р былай
деп жазды: “Оған Саржанның өзінің әкесі және бауырларымен бірге барды және
бұлар өте жақсы қарсы алынды”.
Саржан Ташкент құсбегімен бірге тез арада біршама көп мөлшерде әскер
жинап алды және қазақтарды патша өкіметіне қарсы көтеріліске шақыратын хат
пен үндеулерді жан-жаққа тарата бастады.
1832 жылы Саржан мен Ташкент құсбегінің Орта жүзге келуі патша
өкіметін мазалай бастады. Батыс Сібір генерал-губернаторы Вельяминов жедел
түрде бірнеше отряд жасақтап көтерілісшілерге қарсы аттандырды. Осы жолы да
көтерілісшілер патша отрядтарының тегеурінен елеулші шығынға
ұшырады.Көтерілісшілер тек Қарқаралы және Көкшетау округтері қазақтарынан
ғана белсенді қолдау тапқан. Сондықтанда өкімет бытыраңқы түрдегі бұл
көтерілістің жеке ошақтарын тез арада басып тастады.
Сарысу өзені бойында көтерілісшілердің ізіне түсе отырып, патша
отрядтары Ташкент құсбегі салдарынан екі беніністі қоршап алды. Осындай
сәтсіздіктерге қарамастан Саржан күресті тоқтатқан жоқ. 1833 жыл барысында
ол кішігірім отрядтармен патшалы Ресейге бағынышты сұлтандар мен билердің
ауылдарына, сауда керуендеріне, бекеттерн мен разъездерге шабуыл жасап
отырды. Көтерілісшілердің ізіне түсу күшейе түсті. Генерал-губернатор
Вельяминов Омбы облысының бастығына Саржан Қасымовты қауіпті жау ретінде
ұстауға бұйрық берді. Алайда Саржанды ұстау әрекеттерінің баплығы сәтсіз
аяқталып отырды. Ташкент иеліктері төңірегінде жасырын жүріп, Саржан
шапқыншылық жасауын жалғастыра берді. Патша өкіметіне күтпеген жағдай
көмектесті. Атап айтқанда, Саржан Қоқан ханының Ташкенттегі ел басқарушысы-
құсбегінің қолынан қаза тапты.
1834 жылы мамыр айында Ташкент құсбегі Саржанмен бірге, алты мың
адамдық әскермен Орта жүз аймағына басып кіріп, Көкшетау округіне 200
шақырым жерде, Ұлытау маңына орналасқан. Құсбегі “Қорған” деп атаған
бекініс салып, қазақтарға “бүлікшілікке шақыратын екі жүздей хат жолдады”.
Шорман және Тілеулі билерге жазған хатында ол былай дейді: “Біз 40 мыңдық
адамдық күшпен, алты айға жететін азық-түлігімізбен келдік және Алашахан
деген жерге тоқтадық”.
Ташкент құсбегіне қарсы күресу үшін бір мың адамдық 6 зеңбірегі бар,
генерал-майор Броневский басшылығындағы отряд жасақталды. Ол 1834 жылы
Ақмола приказынан шығып, Ұлытауға жылдам жетті, бірақ құсбегі оның келе
жатқанын естіп, Бетпақдалаға қарай қашты. Қорғанда қалдырған шағын гарнизон
аз уақыттан соң Броневскийге берілді. Осыдан кейін Ташкент құсбегі Ресейге
қарсы жорыққа шыққан жоқ. Патша отрядтары ығыстырған Саржан бұрынғыдай
Қоқан ханының қолдауына үміттеніп, өзінің сарбаздарымен Ұлы жүз жеріне
оралды. Осы жерде ол Ұлы жүз қазақтарының және Сыр бойындағы бытыраңқы
күштерін патша оаршыларын.а қарсы күреске біріктіруге тырысты. Ол Ташкент
құсбегінің қол астындағы қазақтарды да өз жағына тартқысы келді. Бірақ бұл
Ұла қазақтарын бағындыруға Саржанды пайдаланғысы келген құсбегінің
мүддесіне сай емес еді. Осы негізде туған жанжалдың нәтижесінде
ташкенттіктер 1836 жылдың жазында Саржан мен оның ұлдарын опасыздықпен
өлтірді. Ташкент құсбегі өз қоластындағы қазақ даласындағы Саржанның іс-
әрекетін естіген соң, балаларын келісім жүргізуге жіберуін сұрап Қасым
Абылайхановқа өкілін жібереді. Қасым өзінің балалары – Саржан, Есенгелді
және Ержанға 20 жігіт қосып, құсбегіне аттандырады. Олардың арасында
кейіннен Кенесарының атақты батыры болған, ол кезде 19 жастағы Ағыбай да
бар еді.
Саржан Қасымовтың өліміне патша өкіметі үлкен мән берді. Алайда
олардың Саржан қасымовтың өлімінен соң қырдағы толқулар тоқтайтын шығар
деген үміті ақталмады. “Сібір қырғыздары туралы жарғының” енгізілуіне жауап
ретінде халық бұқарасы бас көтеріп, Саржан Қасымов жетекшілік еткен
көтерілістің маңызы өте зор болды. Ол алдағы айқастарға бұқараны дайындап,
саяси күрестің жақсы мектебі қызметін атқарды.
20-30 жылдардағы күрестің барысында өзгелелерден оқшау бытыраңқы
қимылдан нәтиже шықпайтыны және ортаазиялық билеушілерден көмек күту
көтеріліс басшыларының өздері үшін қауіпті екені анықталды. Бұл жағдай
Кенесары Қасымовтың көтерілісінде ескерілді. Онда қазақ жүздері
жұртшылығының көпшілігі Кенесары Қасымовтың басшылығымен атқа қонып, патша
отаршылдарына, Қоқан мен Хиуаға қарсы күреске шыққан еді.

II-тарау. XIX ғасырдың ортасындағы Қазақстандағы саяси жағдай.
2.1 Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен
болған ұлт-азаттық көтеріліс.
Бөкей ордасын 1801 жылы Нұралы ханның баласы Бөкейдің орыс патшасы
Павел бірінші рұқсатымен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868-1917 жж.)
Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Москва университетінің профессоры жөне
Уақыт және тарих
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге қойылатын талаптар
Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері зерттеген ғалым еңбегін ғылыми тұрғыдан зерделеу
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Пәндер