Мәдениет әлеуметтануы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Мәдениет социологиясымен құрылымы және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
II. Мәдени кешендер, оның негізгі нысандары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...9
III. Мәдениеттің бірлігі мен әр түрлілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
"Мәдениет" түсінігі ежелден бері түрлі мазмұнда қолданылады. Ежелгі Римда жер өңдеуді, тәрбиені, білім беруді «cultura» деген сөзбен ғылыми тілде қолданған. ХҮІІІ ғ. Еуропа ғалымдары мәдениет түсінігін осы күнгі мағынада қолдана бастады. Оны Д. Вико, Й.Г. Гердер, Ш. Монтескье шығармаларынан көруге болады. Бұл дәуірде жаңа жерлердің, елдердің мәдени құндылықтарымен танысу мүмкіндігі кеңейе түскен. Сондықтан алыс елдердің өмір қалпының өзгешіліктері еуропалықтардың мәдениеттерді салыстыруға қызығушылығын күшейтті. XIX ғ. 2-ші жартысында "мәдениет" түсінігі ғылыми мәртебе иеленеді. Егер де Ағартушылар дәуірінде бағалаушылық қырынан ғана қарап ол қоғамның жоғары даму деңгейін білдірсе, енді оның мағынасы күрделене түсті. "Мәдениет" түсінігі "өркениет'", "қоғамдық-экономикалық формация”, “Жаһандық аймақтану” ұғымдарымен қиылысып жатады. Адамдардың басқалардан маңызды өзгешелігі - олардың өзі тұрған қоршаған ортасын өзі жасауы. Адамның тәжірибесі дәлелдегендей еңбек құралдарымен, материалды игіліктермен қатар адамдар бір-бірімен қарым-қатынас құндылықтарын да жасайды. Әр елдің өзінің ережелері, мөлшерлері, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері қалыптасады, оларды өзіндіктілінен, жүріс-тұрысынан, дінінен, талғамдық көзқарастар жүйесінен әлеуметтік институттардан көруге болады. Күнделікті ауыз екі тілде мәдениет ұғымын бұрмалап түрлі құбылыстарға қолданады. Ғалымдар 500-дей мағынада пайдаланатьшын көрсетеді.
1. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология.-Алматы,2001
2. Қарабаев Ш.К. ӘЛЕУМЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ оқу құралы Экономика баспасы Алматы, 2007ж.
3. И.Шәмшәтұлы, М.Дәкенов, Д.Дәуіт, Н.Күнхожаев Әлеуметтану Алматы, 1999ж.
4. Әбсаттаров Оқу құралы
5. Әбдімәлік Нысанбаев Социология Алматы, 2002ж.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Мәдениет социологиясымен құрылымы және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
II. Мәдени кешендер, оның негізгі нысандары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...9
III. Мәдениеттің бірлігі мен әр түрлілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17



Кіріспе
"Мәдениет" түсінігі ежелден бері түрлі мазмұнда қолданылады. Ежелгі Римда жер өңдеуді, тәрбиені, білім беруді cultura деген сөзбен ғылыми тілде қолданған. ХҮІІІ ғ. Еуропа ғалымдары мәдениет түсінігін осы күнгі мағынада қолдана бастады. Оны Д. Вико, Й.Г. Гердер, Ш. Монтескье шығармаларынан көруге болады. Бұл дәуірде жаңа жерлердің, елдердің мәдени құндылықтарымен танысу мүмкіндігі кеңейе түскен. Сондықтан алыс елдердің өмір қалпының өзгешіліктері еуропалықтардың мәдениеттерді салыстыруға қызығушылығын күшейтті. XIX ғ. 2-ші жартысында "мәдениет" түсінігі ғылыми мәртебе иеленеді. Егер де Ағартушылар дәуірінде бағалаушылық қырынан ғана қарап ол қоғамның жоғары даму деңгейін білдірсе, енді оның мағынасы күрделене түсті. "Мәдениет" түсінігі "өркениет'", "қоғамдық-экономикалық формация", "Жаһандық аймақтану" ұғымдарымен қиылысып жатады. Адамдардың басқалардан маңызды өзгешелігі - олардың өзі тұрған қоршаған ортасын өзі жасауы. Адамның тәжірибесі дәлелдегендей еңбек құралдарымен, материалды игіліктермен қатар адамдар бір-бірімен қарым-қатынас құндылықтарын да жасайды. Әр елдің өзінің ережелері, мөлшерлері, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері қалыптасады, оларды өзіндіктілінен, жүріс-тұрысынан, дінінен, талғамдық көзқарастар жүйесінен әлеуметтік институттардан көруге болады. Күнделікті ауыз екі тілде мәдениет ұғымын бұрмалап түрлі құбылыстарға қолданады. Ғалымдар 500-дей мағынада пайдаланатьшын көрсетеді. Мысалы, білімді, шетел тілін білетіні, киінгені, өзін ұстауы, сөйлеуі, әдептілігі, жұмысты атқаруы, тамакты ішкенде шанышқыны орынды қолдануы кезекте тұрғанда, көпшілік жиналған жерде тағы көптеген жағдайларда адамдар өзін мәдениетті немесе мәдениеті жеткіліксіз болып көрінгенін көпшілік айтатыны жиі кездеседі. Бірақ басқа елдерде қолмен тамақ жейтін немесе әйелдер мен ерлер бөлек отырып тамақ қабылдауы сияқты дәстүрлері бар. Ол мәдениет түсінігін қолдануда қайшылық тудыруы мүмкін. Күнделікте тілде қолданатын сөздің көп мағыналығы кездессе, ғылымда дәлдік пен бір мағыналығы керек.
Мәдениет түсінігіне ғылымның түрлі саласында көптеген анықтаулар берілді. Соның ішінде ағылшын этнографы Э. Тайлор 1871 ж. біршама сәтті анықтама берген. "Мәдениет, этнографиялық кең мағынада ол өзіне білімдерді, сенімдерді, өнерді, өнеге-ғибратты, заңдарды, әдет-ғұрыптарды тағы басқа қоғам мүшесі ретінде адамның иеленетін және қолы жететін қабілеттері мен дағдыларын кіргізетін біршама тұтастық" . Бұларға әрине матери - алды игіліктерді, барлық өндірілетін өнімді қосса, онда мәдениет бөлігіне оның қоғамның мүшелерінің қабылдауына байланысты, қуатталатын санада заттандырылған өнім жазу арқылы немесе жадығат түрінде меңгеріліп, келесі ұрпаққа мұраға қалдыратыны анықтаманы толықтырар еді.
Мәдениетті адамдар өздері жасайды, оған үйретеді. Әрбір жекелік мәдениетті әлеуметтік мұра ретінде қабылдап, қажет болғанда оған өзгертулер ендіреді. Егерде мұны келесі ұрпақ қабылдаса, ол мәдени мұраға айналады.
Сондықтан соғыс немесе апаттар кезіңде қираған ғимараттар, көпірлер адамдардың санасындағы мәдениеттің бөлігі ретінде қайтадан қалпына келтіріле алады. Сөйтіп мәдениет екі бөліктен тұрады: материалды және рухани. Материалды мәдениет (артефактар) қолмен жасалынады, рухани мәдениет, ол - парасаттың жемісі. Материалды мәдениетті сақтап қалу үшін ол материалды емес мәдениеттегі сөздерге, ойларға, дағдыларға, әдет-ғұрыпқа және сенімдерге меңгеріліп алынған рухани дүниесіне айналуы керек.
Жалпы алғанда, француз антропологы К. Леви-Стростың пайымдауы мәдениет ұғымын толық ашады. Ол мәдениетті "табиғилықтан" таңдалып алынған, адамның өзінің қажеттілігіне айналдырған жасанды ортасы ретінде көрсетеді. Әлеуметтік өмірдің мазмұнын айтқанда біз мәдениеттің оған толық қатысы барын көреміз, әлеуметтік өмір әр түрлі және өзара әрекеттерден тұрады. Белсенділіктің заттық мазмұнын материалды объектілер, технологиялар, қуатталатын рәмізді объектілер, бағалау өлшемдері мен құндылықтардың өлшеуіштері құрайды. Оларды адамдар өздері жасайды, пайдаланады және қиратады. Ол жағдайлардың өзгеруіне бейімделу барысында жүзеге асырылады. Мәдени ақпарат (білім, бейнелер, түсініктер, сезімдер) адамдар арасында алмасу арқылы байланыс мазмұнын құрайды. Әлеуметтік мәдени ортаның мазмұнына адамдар бірлесіп өмір сүруі барысында олардың белсенділігінен пайда болған оқиғалар мен үдерістер жатады. Қоғамның өзі әлеуметтік өмірдің және адам әрекетінің құрылымдық жағына жатса, ал мәдениет бұл құрылымның мазмұнымен толықтырылуы болып саналады. Мәдениеттің нақты өмір сүруі өзара әрекеттестікте, адамдар араларындағы ақпараттық, мазмұндық айырбаста ғана көрініс табады. Бұл мәдени объектілердің әлеуметтік құбылысқа жататынын дәлелдейді.
Сонымен, мәдениет -- ол парасатты адамға тән, матери - алды объектілермен ажырамас байланыста қаралатын жүріс-тұрысы. Мәдениет тілден, ойлардан, сенімдерден, дәстүрлерден, заңнамалардан, институттардан, құралдардан, технологиялардан, өнер шығармаларынан, салт-жоралардан, рәсімдерден т.т. тұрады. Яғни адамның бірінші табиғаттан алып жасалған "екінші-табиғатты" - адамның өзі тұратын әлемі. Мәдениеттің дамуы адамның үйренуі мен келесі ұрпақтарға жеткізу қабілетіне бай-ланысты. Мәдениет жеке тұлғаларды қоғамда өмір сүруге дайындайды, әлеуметтендіреді. Қоғамдағы қабылданған ережелерді мойындаған ол өз жүріс тұрысын мәдени үлгілерге бағындырады.
"Мәдени үлгілермен. шартты таңбалардың мәнді жүйелерімен се-бептелінбеген адамның мінез-құлқы мүлдем басқарусыз болар еді, ол өз-өзінен ойға сыймайтын қылықтарға және ұстатпайтын сезімдерге бой беретін еді. Адамның өмірлік тәжірибесінің қалыптасуы мүмкін болмас еді". Гирц мәдениетті шартты таңбалардың -нышандардың жүйесі ретінде қарайтын осы шартты таңбалардың интерпретациясын -- талдап беруін, түсіндіруін іздеп табу керек дейді. "Вебердің адамды өзі тоқитын мағыналар торына өрілген жануар деген пікіріне қосылып, мен, - деп жазады Гирц, -мәдениетті осындай тор деп қараймын, сондықтан оны талдау заңды іздейтін экспериментті ғылым болып табылмай, мағынаны іздейтін интерпретация болып саналады".
Әлеуметтік өмірді мәдениетсіз елестету мүмкін емес. Оның ру - хани мәдениетпен тығыз байланыста, өзара әрекет ететінін ескеру қажет. Рухани мәдениет, әсіресе жаңа демократиялық қоғам және құқықтық мемлекетті қалыптастыру жағдайында аса маңызды орын алады. Рухани мәдениеттің ықпалымен жан-жақты дамыған және әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігін арттыру қажет. Мәдениетті игеру барысында адам өзін танып жетілдіреді, өйткені ол адамдардың шығармашылық қызметінде жасалынатын материалды және рухани құндылықтардың жиынтығын меңгереді. Рухани мәдениет материалды мәдениетпен дамиды. Қоғамның тұрпатына сай рухани мәдениеті дамиды. Антагонистік таптық қоғамдарда мәдени даму таптық күресті бейнелейді, ал қазіргі демократиялық әлеуметтік кіріктірілген қоғамдарда жаңа жалпы адамдық қалыптастыру бүкіл адамзаттың мүдделері мен құндылықтар негізінде жасалуына бет бұрды. Қазіргі дамыған мәдениетті талдау ерекшелігі бойынша назарды мәдени-әлеу-меттік объектілер мен үдерістерден адамға қарай бүрды.
Адамдар өздерінің әлеуметтік және мәдени ортасын әлеуметтік әрекеттер барысында жасайды, оның бөлшектерін қолдайды және өзгертеді. Мәдениеттіңсоциологиялықзерттеуі осы өзгермелі ортаны тұлғалардың меңгеруі, зерделеуі және өзгертуі күрделі әрі көп өлшемді қоғамдық үдеріс ретінде алынып қаралады. Мәдениеттің социологиялық талдауы адамдардың мәдени объектілерді игерудің, пайдаланудың және жасаудың нысандары мен тәсілдерінің қоғамдағы әлеуметтік және аумақтық үлестірілуін зерттеуге мүмкіндік береді. Одан мәдени жылжымалығының тұрақты және өзгермелі үдерістері мен олардың себепшісі болатын әлеуметтік тетіктерін ашуға мүмкін болады. Осыдан әр түрлі әлеуметтік топтардың мәдени өмірге және оның қозғалу бағытына қосқан үлесі анықталады.

I. Мәдениет социологиясымен құрылымы және мазмұны.
Мәдениеттану әлеуметтану сияқты екі негізгі бөлімнен құралады: мәдениеттік статика және мәдениеттік динамика. Біріншісі мәдениетті қозғалыссыз қалпында, ал екіншісі қозғалыс күйінде суреттейді. Мәдениеттік статикаға мәдениеттің ішкі құрылысын жатқызады, яғни мұнда базистік бөлшектердің жиынтығын және мәдениеттің нысандарын қарастырылу көзделеді. Мәдениет динамикасына құралдар, механизмдер мен үдерістер жатқызылады. Ол мәдениеттің өзгеруін, трансформациясын, бейнелеуін көрсетеді. Мәдениеттің құрылуы, сақталуы, бұзылуы, сонымен қатар әр түрлі метаморфоздардың болуы мүмкін.
Көптеген ғалымдар мәдениет деген ұғымды екі түрлі негізде өлшейді: материалдық және материалдық емес. Материалдық мәдениет - ол табыстан пайда болған адамдардың еңбектерінің жетістіктері. Материалды жадығаттар (артефактар) ұзақ сақталады. Рухани мәдениет - адамдардың айналаны қоршаған дүниені тани білу дәрежесін көрсетеді, яғни сол адамдардың сұлулыққа, жақсылыққа, жаңалыққа, білімге, ғылымға құштар сезімі болып табылады. Оған мөлшерлер, ережелер, үлгілер, заңдар, құндылыктар, рәміздер, таңбалар, білімдер, ойлар, әдет-ғұрыптар дәстүрлер, тіл жатады. Ол қолмен емес, ақыл-парасатпен жасалынады. Рухани мәдениетті қолмен үстап көрмейді, ол адамның санасында өмір суреді, қарым-қатынаста білінеді және қолданады.
Мәдениетте алғашқы болып зат емес, мән мен таңба алып қаралады. Кітап дайындауға жұмсалған материал екінші болады, ал ондағы ақпараттың мазмұны алғашқы болып саналады. Бұл ақпаратты адамдардың үлкен тобына кітаптан белек радио, теледидар немесе интернет арқылы жеткізуге де болады. Әрине, бұлар мәдениеттің бөлшектеріне қатысты емес. Мысалы, киім екі түрлі қызметті атқарады - физикалық суықтан қорғайды және мәдениет жағынан әсемдікті бейнелейді. Солтүстік халықтарына бірінші киімді тігуге қолданған тері мен жүннің сапасы маңызды, ал оңтүстікте ыстыққа байланысты киім жұқа болады. Жабайы тайпаларда киім қажет болмаған, бірақ мәдени талаптарға сай әшекейлер мойнына, қолына тағатын немесе денесін бояп әшекейлеген. Демек, өмір сүру жағдайларына байланысты киім жан бағу, жұмысқа қолайлығына сай болуы керек, ал демалу, салтанатты жағдаяттарда мәдени талаптар алғашқы болады.
Мәдениет адамдардың өз ортасында өмір сүруге көмектесетін, басқа қауымдастықтармен әрекеттестікте өз қоғамьның тұтастығы мен бірлігін сақтайтын адам әрекеттестігінің маңызды тетігі бо - лып танылады. Сонда да әлеуметтануда маңыздысы рухани мәдениеттегі көңілдің түрлі бөлшектерінің қызмет етуіне аударылады. Осы бөлшектердің маңыздылары - тіл, құндылықтар, мөлшерлер, шартты таңбалар мен нышандар.
Бірінші және ең негізгі бөлшек болып танымдық, шартты таңбалық, нышандық, басқаша айтқанда, белгілі бір ұғымдарға жинақталған және белгілі бір тілде айқындалған білім танылады. Тіл адамдардың тәжірибесін әділ түрде жинақтау, сақтау және беру қызметін көрсетеді. Тіл - мәдениеттің маңызды бөлшегі. Тіл дегеніміз - белгілі бір мәнді білдіретін белгілер мен рәміздердің жүйесі.
Мәдениеттің екінші және маңызды бөлігіне құндылықты танымдық жүйе жатады. Құндылық дегеніміз белгілі бір қоғамдық заттардың қасиеті, қажеттілік, тілек, ынтаны қанағаттандыратын құбылыс. Құндылық әлеуметтік субъектіні өзінің қажеттіліктерін қоршаған ортадағы заттар мен ара қатынасын түсіну нәтижесінде немесе бағалаудағы құндылық қатынасында пайда болады. Егер мөлшерлер -- ол мінез-құлықты реттейтін ережелер болса, онда құндылықтар - ол қоғамның көпшілігі нені қажетті, пайдалы және дұрыс деп ойлайтын жалпы түсініктері. Құндылықтар жал-пылама және дерексіз сипатта көрінеді. Олар жүріс-тұрыстың қай тұрпаттары жарамды екенін нақты көрсете алмайды. Құндылықтар оқиғаларды, заттарды және адамдарды, олардың абы-ройын, сүлулығын немесе өнегелік қасиеттерін бағалауға кө-мектесетін өлшемдерін береді. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде негізгі мәдени құндылықтар ретінде жұмыстағы табыс, ілгерішілдік, ұғымды іс атқару, отаншылдық пен демократияны түсінеді.
Мөлшерлік мәдениет -- ол ұқыптылықпен жасалынған, қоғам мүшелері ұстануға тырысатын қалыптар жүйесі. Қоғамдағы өзгерістер адамдардың бірлесіп әрекеттенуінің жағдайын өзгертеді. Сондықтан кейбір мөлшерлер жаңа талаптарды қанағаттандырмайды немесе әлеуметтік қатынастардың одан әрі дамуын тежейді. Мысалы, бұрынғы социалистік қоғамның жойылуы және оның орнына нарық пен жеке меншікке негізделген әлеуметтік қатынастар қалыптаса бастады. Ол адамдық қатынастарды реттейтін ережелер мен маңызды экономикалық, саяси, мәдени өмірді реттейтін заңдардың шығуына әкеледі. Әлеуметтік мөлшерлер қоғамдық маңыздылығы бойынша әдет-ғұрып, құлықтылық мөлшерлері, институттық мөлшерлер, құндылықтар, заңдар болып таптастырылады.
Әдеттер, дәстүрлер - ол адам қатынастарын реттейтін алғашқы ережелері. Бұл шарттылықтарды адамдар күнделікті өмірде аса қатал ұстана бермейді. Оларға уақтылы тұрып, тіс тазалап, ертеңгі ас ішіп, далаға шыққанда, жұмысқа келгенде таныстары мен әріптестерге сәлем беру, қоғамдық көлікте үлкендерге, екіқабат әйелдерге орын беру, кездесуге уақтылы келу т.с.с. жатқызады. Бұл шарттылықтарды бұзатындар мәдениеті темен, әдепсіз, ысылмаған адам ретінде бағаланады, бірақ олардың құлықтылығына мән берілмейді. Ондай ережелер үлгісі мыңдап саналады және әр елдікі басқаларға қисынсыз көрінуі мүмкін. Мысалы, ежелгі Ресейде екіқабат әйел ыстық моншаға босанатын, Оңтүстік Америкада үндіс әйелдері ағашта салбыраған күйде нәрестені дүниеге әкеледі. Батыста тамақты шанышқымен, Шығыста екі таяқшамен, ал Орта Азияда қолмен алу дәстүрін қалыптастырды. Еуропада қоштаспай қонақтан қайтса, қазақтар қонады немесе ұзақ қоштаспаса ыңғайсызданады. Осының бәрі ұрпақтан-ұрпаққа өткендері. Яғни, әдеттер, дәстүрлер - ол үйреншікті, қалыпты, ең ыңғайлы және жеткілікті тараған іс-әрекеттің амалдары. Бастапқы мағынасы басқа болған әдеттердің себептері жойылғанмен, ол ұрпақтан-ұрпаққа еріксіз сіңіп сақталады. Мысалы, оң қолды беріп сәлемдесу мыңдаған жылдар бойы қолында қару ұстап кел-мегенін дәлелдеу еді, енді ол ыстық ілтипатын білдірудің белгісі, дәстүрі. Батыстың нарық жағдайында бір-бірінің үйіне, мысалы немістер, жай жүздесуге барғанда кофесін, мейрамдауға тамағын бірге алып барады, тамақты қонаққа өлшеп береді, ал Кеңес Одағы халықтарында қонақжайлықты дәлелдеу үшін тамақты аямай ысырап етеді. Жаңа буын дәстүрлердің жарамсызын қолданыстан шығарады, жаңа жағдайға лайықтысын қалыптастырады. Бұрын социалистік кеңшілік кезенде жеңіл көлігі барлар мінгендерден ақы сұрамайтын, енді майдың қымбап ылығынан, нарықтың талабын ұстанып, ешкімді тегін тасымайтын болып қалыптасып келеді. Нарыққа дейін бөтен адамдардың өзін тегін жеткізе салатын. Осының бәрін жаңа буын санасыз еліктеу арқылы қабылдайды. Бір-екі ұрпақ ауысқанда бүл әдеттер үйреншекті, қалыпты болып қолданылады.
Құлықтық, өнегелік мөлшерлер. Бұл мөлшерлерді бұзуға әдет, дәстүрді бұзғандай кешірімділік жасалынбайды. Адамға қастандық жасау, ұрлық, зорлау, жас балаларды азғындау, адам өлтіру - бәрі дамыған елдерде қатты айыпталып жазаланады. Қасық пен шанышқаны дұрыс пайдаланбаған адам үшін ыңғайсыздануы мүмкін. Ал отбасын, әйелі мен нәрестені тастап, баланы асырауға көмек көрсетпеу ауыр күнә ретінде бағаланады. Одан да ауыры, егер әйел нәрестені емізбей - басқа біреумен түрмыс құрып кетуі. Бұлардың қоғам үшін салдарлары ауыр. Сондықтан осы сияқты құлықтық мөлшерлердің бұзуын болдырмау шаралары қолданылады. Ежелгі қауымдарда ұрысу, мазақтаудан бастап, тәртіп бұзғандарды тайпадан қуатын, ұратын, зақым келтіретін азайтатын, ал дамыған өркениетті елдерде қамау шарасы қолданылады. Кейбір топтардың өнегелік мөлшерлері басқаларға түсініксіз. Үнділер сиыр етін қасиетті санайды, ал мұсылмандар шошқа етін жеуге тыйым салады. Сол сияқты әйелдерге сыртта жүргенде денесін ашып жүруге рұқсат етпейді. Осындай тыйымдарға сенетіндіктен оларды ұстанады. Бірақ кейбірі зиянсыз болуы мүмкін. Құлықтық, өнегелік мөлшерлер - олардың дұрыс немесе дұрыс еместігіне сенім. Яғни өнегелік мөлшерлер жүріс-тұрыстың дұрыс немес дұрыс еместігі жөніндегі ойлар, олар бір әрекеттерге рұқсат береді және басқаларына тыйым салады. Бұл мөлшерлерді әдейілеп жасамайды, ойдан шығармайды. Олар күнделікті өмір тәжірибесінен бірте-бірте туындайды, саналы таңдаусыз және ақылға күш салмай пайда болады. Ол ұрпақтан-ұрпаққа мызғымайтын қасиетті ережелер жүйесі ретінде тапсырылады. Нәтижесінде қүлықтық мөлшерлері берік орнығып, өз-өздігінен орындалады. Жекеліктер оларды игергеннен кейін жүріс-тұрысты өнегелік бақылау жүзеге асырады. Жекелік бұл талап-тарды бұзуы психологиялық түрғыдан қиынға соғады. Құлықтық мөлшерлері берік орныққан қоғамда оларды бұзу сирек кездесетін құбылыс.
Заңдардың шығуы -- мөлшерлік мәдениеттің жоғары шыңы. Құлықтық мөлшерлер адамгершілік тыйымдар мен рұқсаттарға негізделеді, оларды адамдар өзінен-өзі, дағды бойынша орындайды және осылай істегенін дұрыс санайды. Бұлай мойындаудың жағдайында әр кезде өнегелік мөлшерлерді бұзуға еліктеушілік көп кездеседі. Ондай адамды мөлшерлерге бағындыру заңда отырылған жазалаумен қорқыту арқылы іске асырылады. Сөйтіп, құлықтық мөлшерлерді қайта құру және күшейту жолымен заңға айналдырылады, заңды бұлжытпай, мүлтіксіз орындауды талап етеді. Заңды жүзеге асыру үшін арнаулы институтар құрылады: милиция, сот, абақты қылмыскерлерді қоғамнан оқшауландырып ұстайтын орын.
Сонымен, заңдар - ол арнаулы саяси ұйымның өкілдерінің өздеріне берілген күш қолдану құқын пайдаланып жүзеге асырылатын ережелер. Кеңес Одағында жеке меншікке және дінге тыйым салмақ болған, бірақ ол адамдарға керек болғандықтан сақталып, жаңа демократиялық жағдайда кең өріс алды. Алайда, әр кезде жеке әлеуметтік топтарды кейбір заңдар қанағаттандырмайды. Ол үшін заң құлықтық, адамгершілік мөлшермен барынша үйлесімді болуы қажет. Бірақ бұл заң халықтың қолдауынсыз іске аспай қалды. Сол сияқты маскүнемдікке қарсы күрестің нәтиже бермеуі көпшіліктің құлықтық түсінігіне сай келмеуінен. Қазіргі қоғамда құлықтық мөлшерлер жүйесі қамтылмайтын жүріс-тұрыстың көп түрлерін заңдар реттейді.
II. Мәдени кешендер, оның негізгі нысандары мен түрлері

Мәдениеттің бөлшектеріне Э. Хобель "жүріс-тұрыстық үлгінің немесе материалдық өнімнің бұдан басқа бөлінбейді деп саналатын бірлігі" жататынын пайымдады. Мысалға, қалам қалпақ, құрал, кілем, соқа, үй, әлеуметтік теңдік пен әлеуметтік ойы, әр түрлі дәстүрлер (сәлем беру, қонақ күту, той жасау). Әр мәдениеттің мындаған бөлшектері болады. Би көптеген бөлшектерден құралады. Бөлшектердің жиынтығын мәдени кешен деп атайды. Бір бөлшек арқылы жалпы мәдени кешенді тұтас елестетуге бола - ды. Мәдени кешен бөлшектерден қиылыстырады. Әр бөлшектің мағыналық жүктемесі болады. Мысалы, спорттық ойынды, футболды алсақ. Онымен байланысты мәдени бөлшектері мынандай: стадион, жанкүйерлер, төрешілер, ойыншылар, шабуылшылар, жартылай қорғаушылар, қақпашы, киімдері т .т.
Мәдени кешендер -- кітап басу, компьютерді ойлап шығару, өнер көрмесі, оқыту, үйлену дәстүрі. Мәдени кешен мәдени бөлшек пен мәдени институттың аралығында орналасады. Институционалды мәдениет бірқатар мәдени кешендерден тұрады. Мысалы, отбасы институты келесі мәдени кешендерден тұрады: өзіне өмірлік серігін таңдау, үйлену тойы, үйленгеннің балдай тәтті алғашқы айы, балаларға қамқорлық жасау. Бірақ мәдени кешеннің бәрі әлеуметтік институттарға жатпайды. Олар маңызды емес мәдени кешендерге жатады. Мысалы, әр түрлі заттардың жиынтығы (маркалардың, ыдыс-аяқтың, қарулардың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Мәдениеттің негізгі элементтері
Тұлға
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Орта деңгей теориясы
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Саяси жүйе және әлеуметтік-саяси процесс ұғымдары
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Экономикалық әлеуметтану туралы
Пәндер