Саяси жүйе: ұғым, мән-мазмұны, құрылымы, функциялары



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Саяси жүйе: ұғым, мән.мазмұны, құрылымы, функциялары
2. Саяси жүйені жіктеу
ІІІ. Қорытынды
Қоғамның саяси жүйесі ұғымы-саясаттану ғылымындағы өте күрделі мәселелердің бірі. Саяси жүйе - қоғамдық жүйенің құрамдас бөлігі, қоғамдық жүйе саяси жүйеден бұрын қалыптасқан. Қоғамның саяси жүйесі - саяси қаты-настарды, саяси сананы, саяси нормалар мен принциптерді қоғамның саяси ұйымдарын қамтитын саяси қондырманың ең басты бөлігі. Саяси жүйе ұғымы көптеген қоғамдық ғылымдардың назарында болып әр қырынан зерттеліп келеді. Ал саясаттану ғылымы саяси жүйені, қоғамның негізгі салаларындағы маңызды саяси құбылыстарды әрекетке келтіріп реттеп тұратын біртұтас әлеуметтік механизм деп қарайды. Саяси жүйе, қоғамның саяси әлеуметтік жөне экономика-лық дамуын қамтамасыз ететін тұтас саяси организм. Саяси жүйе негізін саяси билікке, ең бастысы мемлекеттік билікке қатынасы бар таптар, ұлттар ірі қоғамдық жіктер мен әлеуметтік топтар құрайды. "Жүйе" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901—1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды.
1. Борисов В.К. Теория политической системы. - М., 1991.
2. Вятр Ежи. Социология политических отношений. - М., 1979.
3. Нысанбаев А., Машан М., Мурзалин Ж., Тулеугулов А. Эволюция
политической системы Казахстана. - Т. 1,2.- Алматы, 2001.
4. Краснов Б.И. Политическая система //СПН. - 1995. - № 5.
5. Согрин В. В чем сила политической системы США? //ОН. - 1990. -
№5.
6. Кадыржанов Р.К. К определению понятия консолидации
политической системы // Саясат. - 1999. - № 4.
7.Кабаченко А.П. Политический процесс и политическая система:
источники саморазвития //Вестник МГУ. Сер. 12. Политические науки. -
2001. -№3.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Саяси жүйе: ұғым, мән-мазмұны, құрылымы, функциялары
2. Саяси жүйені жіктеу
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе

Қоғамның саяси жүйесі ұғымы-саясаттану ғылымындағы өте күрделі
мәселелердің бірі. Саяси жүйе - қоғамдық жүйенің құрамдас бөлігі, қоғамдық
жүйе саяси жүйеден бұрын қалыптасқан. Қоғамның саяси жүйесі - саяси қаты-
настарды, саяси сананы, саяси нормалар мен принциптерді қоғамның саяси
ұйымдарын қамтитын саяси қондырманың ең басты бөлігі. Саяси жүйе ұғымы
көптеген қоғамдық ғылымдардың назарында болып әр қырынан зерттеліп келеді.
Ал саясаттану ғылымы саяси жүйені, қоғамның негізгі салаларындағы маңызды
саяси құбылыстарды әрекетке келтіріп реттеп тұратын біртұтас әлеуметтік
механизм деп қарайды. Саяси жүйе, қоғамның саяси әлеуметтік жөне экономика-
лық дамуын қамтамасыз ететін тұтас саяси организм. Саяси жүйе негізін саяси
билікке, ең бастысы мемлекеттік билікке қатынасы бар таптар, ұлттар ірі
қоғамдық жіктер мен әлеуметтік топтар құрайды. "Жүйе" ұғымын XX ғасырдың 20
жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи
(1901—1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін
көрсету үшін пайдаланды.
Саяси жүйе: ұғым, мән-мазмұны, құрылымы, функциялары.
Жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда
қоғамды жүйелік түрде талдаған —Т. Парсонс. Ол коғамды өзара байланыста
болатын 4 жүйешіктен (экономикалык, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады
деді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және
сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап кайтарады. Олар қосылып жалпы
коғамның емір сүрүін қамтамасыз етеді.
Қолдау коғам мүшелерінін саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси
институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені
күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті
атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, қабылданған
шешімдерді, заңдарды уакытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады.
Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке
жатуына байланысты әр түрлі қарайды. Мысалы, антидемократиялық-
тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап-тілектеріне билікке көрсетілген
наразылық ретінде қарайды, Сондықтан олардың әділдігіне сенімсіздік
білдіріп, әр түрлі айла-тәсілмен басып-жаншуға тырысады. Демократиялық-
конституциялық саяси жүйе халықтың мұқтаждығына, тілек-талаптарына жауап
беруді, оларды мүмкіншілігінше қанағаттандыруды өз қызметін аткару деп
түсінеді. Шығыс — саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен
талап-тілектерге сәйкес саяси шешімдер кабылдайды, оларды жүзеге асыру
жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауап деп түсінуге
болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан зандарды, атқарушы биліктің
каулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жатқызуға болады. Саяси жүйе
орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы
шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп "кіріс"
пен "шығыс" әрдайым бір-біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бұл кері
байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету,
қателерді жою, колдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың
бұрын тандалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат қойып,
оған жету жолын таңдауға да мәні зор.
Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса, оның
шешімдері колдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс көп болмаса және
"кіріс" пен "шығыстың" әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп отырса,
саяси жүйе тиянақты қызмет атқарады.
Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. XX ғ. 50-60 жылдары
көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдері
егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардың біразы батыс саяси
жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д, Истон соны
зерттеді. Батыс елдерінің саяси институттары бөтен әлеуметтік-экономикалык
және мәдени-діни ортада езінің көптеген қызметтерін ойдағыдай аткара
алмады. Ең алдымен қоғамнын тұрақты дамуына кол жетпеді. Мұндай тәжірибені
сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами бастады. Оған Д. Истон
басшылық етті. Ол саяси жүйеге елдер мен олардың өзара қатынасының жиынтығы
ретінде карады. Олар үкіметтік институттар аркылы ғана емес, басқа да саяси
астары бар құрылымдар арқылы да жүзеге асырылады. Бұл құрылымдарды
талдағанда ол 2 деңгейді — институционалдық және бағдарлық — баса айтты.
Егер біріншісі мемлекеттік жене мемлекеттік емес институттарды
зерттеуге көңіл бөлсе, екіншісі саяси мәдениетті құрайтын саяси кұрылымды
зерделеді. Құрылым деп Д. Истон өзара байланысты рөлдер жиынтығын тусінді.
Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д. Истон мен Г. Алмонд
(1911 жылы туған) олардың төрт түрін керсетеді: 1) топтар мен жеке
адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2) өзінің
кызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты
қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік (озаттық)
белгілерді және т.с.с. бөлу және кайта бөлу мүмкіндігі; 4) әлеуметтік
ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға
бейімдеушілік мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П. Шарон бұл төртеуіне
бесіншісін — ішкі жағдайын басқара алатын өзін-өзі реттеу мүмкіндігін
косады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған коғамның
біртұтас өзін-өзі басқаратын әлеуметтік организм ретінде қызмет етуін
камтамасыз етуі керек.
Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:
Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін
қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда
бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға
негізделген жалпыға міндетті зандар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп
орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.
Саяси жүйе қоғамдык қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар
немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сөйкес адамдардың тіршілік
әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар
қызметінің мақсаттарын айкындайды, солардың негізінде оларды орындаудың
саяси жобаларын жасайды.
Саяси жүйе коғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті аткарады. Ол
ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық
әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз
етеді.
4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына
кажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік
түрлерін құкықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын
жүргізеді.
5. Коғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден
қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан (әскери,
экономикалык, информациялык) жәнет.с.с.
Сонымен, қогамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық
пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар,
мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен
мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі
мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал-әдістерді, оларға жету
жолдарын камтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге
асырады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Өйткені оған мемлекеттен баска
мемлекетгік билікке ықпал ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға
кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл
саяси қатынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1)
саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси
мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік.
Саяси институттарға(ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар,
кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер
жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптык, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас
мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын кептеген әлеуметтік
мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.
Солардың ішіндегі ең негізгісі — мемлекет. Ол коғамда белгілі бір
тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын
корғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу,
зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.т.) болады. Солардың
көмегімен ол адамдардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет коғам
атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең
үлкен рөл аткаратындар — саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге
асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді,
саяси сана мен мәдениетті калыптастыруға ат салысады.
Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы
әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық щаруашылығын өркендетудің
маңызды міндеттерін шешуге қатысады. Еңбекшілердің заңды талаптарын
корғайды, енбек зандарының қатаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсаулығын
сақтауға, мәдени-тұрмыстық қажетін өтеуге қамкорлық жасайды. Тұрғын үйлерді
бөлу, балабақшасына орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын
ұйымдастыру жұмыстарын басқарады. Қазір оның ыкпалы төмендеп кетті.
Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Олардың рөлі, әсіресе,
феодалдық қоғамда зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігін де өздеріне
қаратқысы келді. Сондықтан олар мемлекеттік билікпен қатар өздерінің заң
шығарушы, атқарушы, сот билігін де құрды. Олардың ішіндегі ең озбыры
католик шіркеуінің XIII ғасырда өздеріне қарсыларды ерекше қатал қудалаған
сот, полиция ұйымы — инквизиция еді. Олар 5 миллионға жуық адамды қуғын-
сүргінге салып, біразын тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінде дін
орындарының әсері әлдеқайда бәсендеді, бірақ саяси өмірде ықпалын тоқтатқан
жоқ. Бұрынғы Кеңестер Одағы кезінде олар қатты қудаланған болатын. Қазіргі
кезде жағдай өзгерді. Қайткен күнде де соңында миллиондаған дінге
сенушілері бар ұйыммен санаспауға болмайды.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың
саяси жүйеге тікелей қатынасы бар. Кәсіподақтар мен шіркеудің тура
болмағанмен жанама қатынасын байқаймыз. Олардың қатарына жастар одағын,
еңбек ұжымдарын, кооперативтерді жатқызуға болады. Солармен қатар биліктен
алшақ, дегенмен белгілі бір жағдайларда оған ыкпал да жасай алатын ұйымдар
бар. Оларға жазушылар, суретшілер, композиторлар одағы, ғылыми-техникалық
қоғамдар, көптеген ерікті, спорт, мәдени және т.б. ұйымдар жатады.
Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған
таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен коғамның, азамат пен
мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа (экономикалық,
ұлттык, діни, отбасылық және т.с.с.) қатынастардан айырмашылығы мұнда
олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.
Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі.
Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және
саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына
Конституция және соған сүйенетін зандар мен баска нормативтік актілер
жатады. Оларға белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан шаралар
қолданылады. Сонымен қатар саяси қызметті атқару үшін қоғамдық ұйымдар
жасаған және солардың ішіндегі қатынастарды реттеуге арналған ережелердің
де маңызы зор. Оларға ең алдымен сол ұйымдардың жарғылық ережелері жатады.
Саяси жүйенің төртінші белгісі — саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс-
әрекетте, саяси көзкарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси
тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста
көрініс табады. Саяси мәдениеттің реттеушілік кызметі адамдардың іс-
әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді. Сонымен бірге
бұрынғы және қазіргі саяси жүйе және оның элементтеріне, саяси
қызметкерлер, басқару аппаратының лауазымды адамдарына, саяси басқару
шешімдерін дайындау және қабылдау процесіне және т.б. ықпал етуінен де
байқалады.
Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады. Олар
өздеріне тән арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар
мен қызметтерді атқарады. Олар бір-бірімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия, оның пәні. Философия тарихы
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет және құқық теориясының пәні және белгілері
Құқық негіздері, нормасы және жүйесі
Мемлекет түсінігі және мазмұны
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты - адамдардың қоғамдық өмірін басқару
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Пәндер