Қабілеттілік және оның дамуы


Жоспар
1. Қабілет туралы жалпы түсінік . . . -3
2. Қабілеттілік түрлері . . . -5
3. Қабілеттіліктің дамуы . . . -5
4. Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар және оларды қалыптастыру . . . -6
5. Пайдаланылған әдебиеттер . . . -10
Күнделікті ауызекі сөзде "кабілет " деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен, мүғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне кабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардьщ кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің - музыкалық, үшіншісінің - суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеті бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерскшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратьп тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу кимылдап әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілсттілігі екінщіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тажірибе мен парасат адамдардың кабілст саласында тең емес екенін дәлелдейді.
Қабілеттіліктің өлшемі - белгілі бір істің нәтижелі болып орыңдалуында. Кабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, колдың икемділігі т. б. ) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін кабілет деп атайды.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық кабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артьп, дағдысы көбейе түссе, оның кабілеті де ойдағьдай дамып отырады. Мәселсн, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының (тіпті ол жаксы оқитын оқушы болса да)
үлгеріміне көңілі онша тола коймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп кынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, кажырлы әрекетке бойын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.
Оқу тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәніңде түсіне алмау - мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшырауы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы кабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондыктан да ол академияға кабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор кабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ал өзінің зор қабілетінің арқасьнда сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бұл жайт академиядағылардың Суриков жөніңдегі пікірлері жаңсақ болғаңдығын анғартады. Бұл мысал адамның кабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың кабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.
Қабілет негізінен үшке бөлінеді. Оның құрылысы төмендегі таблицада көрсетілген.
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез-келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің жеке салаларьнда ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін кабілетті арнаулы кабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, акітердің, спортшының, математик-ғалымның ақын-жазушының кабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалык, іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтік, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, практика) орайлас бөлінеді.
Адам кабілетінің дамуы қоғамдық прогреске, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогресс байланысты болып отырады. Мәселен, капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды, өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Сол кездері жан-жақты қабілетті, аса дарыңды адамдар көп болды, өйткені бұл қоғамның қажетінен туған құбылыс еді. Ф. Энгельс "Кайта өрлеу дәуіріне" берген сипаттамасында сол дәуірді: "Күшті ой - өрісі, құштарлығы мен сипаты, сан қырлылығы, ғылымдығы жағынан алыптарды керек еткен және сондай алыптарды туғызған заман болды. Ол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт-бес тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде-бір ірі адам болған жоқ дерлік еді. Леонардо да Винчи ұлы художник болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, ұлы математик, механик және инженер болды, физиканың сан- алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның арқасы. Альбрехт Дюрер суретші, гравер, скульптор, архитектор болды, оның үстіне өзіндік кейбір идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бұл идеяларды көп заман өткеннен кейін барып, Монталамбер және фортификация жайындағы ең жаңа неміс ілімі қайтадан көтеріп кетті. Макиавелли мемлекет қайраткері, тарихшы, ақын болды, оның үстіне жаңа замандағы ауызға алуға лайықты бірінші әскери жазушы болды. Ол замандағы геройлар кісінің өрісін тарылтатын, сыңар жақтық туғызатын, олардың ізбасарларының бойынан ықпалы бізге сондай жиі байқалып жүрген еңбек бөлінісінің құлдары бола қойған жоқты». Ф. Энгельс айтып отырған Орта ғасырдағы "кайта гүлдену" (дұрысы Қайта өрлеу. Қ. Ж. ) XX ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында да белең алған еді. Осы кезден тарихи аренаға жан-жақты кабілетті адамдар Ш. Қүдайбердиев, А. Байтүрсынов, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев, М. Жұмабаев, т. б. шыққандары белгілі.
Адам қабілеттерінің жан-жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін, яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіби немесе мамандыққа таңылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді.
Әрине, бұдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс-әрекеттің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икемі дұрыс үштасқанда ғана ғылым, техника, әдебиетпен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып, оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.
Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар және оларды қалыптастыру
"Алуан-алуан жүйрік бар, әліне карай шабатын" дегендей адамдардың қабілет саласындағы дара айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірімен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы орындай алады. Енді біреу, керісінше, сол істі әрі баяу, сапасын төмен етіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі - зеректілігімен, екіншілері байқағыштығымен, үшіншілері материалды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседі. Бұл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді.
Қандай болмасын әрекетті сапалы етіп орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Бір әрекеттің өзін орындау үшін кейде бірнеше қабілеттің жиынтығы керек болады. Мәселен, мұғалімге ұйымдастырғыштық қабілетпен қатар, бақылағыштық, ақыл-ой ерекшеліктерінің белсеңділігімен қатар, сөйлеу шеберлігі, зейін қойғыштық т. б. қажет болады.
Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі шамалы, өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес. Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; көрген нәрсесін есінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен талантты суретші болып шыққандары да бар. Мәселен, ескі заманның аса көрнекті ораторы (шешені) Демосфен бала кезінде тұтықпа кекеш бола тұрса да өзін ерекше жаттықтырудың арқасында кабілетінің кемістігін жойып, атышулы шешен деген атақка ие болған. Зор талант иелерінің арасында да қабілеттері өте кеш дамыған адамдар аз емес. Мәселен, В. Скатт бірінші романын 43 жасында, орыс жазушысы С. Аксаков алғашқы кітабын 56 жасында жазған. 40 жасында сауатын ашып, 73 жасында ғылым докторы болған ғалым Е. К. Гусеваның өмірі де осы айтылғанға жақсы дәлел. Осы адамдардың жас шағында да қабілеттері болғанмен оның лаулап жануына жағдай тумаған. Көздегеніне жетемін деген сенімнің күштілігі, қайрат-жігерлерінің молдығы - осы адамдардың қай-қайсысына да тән қасиеттер. Адам психикасының басты бір ерекшелігі: бір қасиеттің орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілетті басқа қабілеттермен алмастыра алатыңдығы. Өткен тараулардың бірінде орыс ғалымы О. Скороходованың өмірі жайлы сөз болды. Сол кісінің құлағы естіп, көзі көрмесе де өлшеусіз жаттығып, үйренудің нәтижесінде зор қабілетке ие болғандығы осы айтылғанға айқын дәлел. Сөйтіп, адамның белгілі бір әрекетпен шұғылдануына оның бейімділігі, қызығуы және басқа қабілеттері демеу берсе, ол ерік-жігері күшті еңбек сүйгіш адам болса, жеке бір қабілеттің жеткіліксіздігі оның іс-әрекетті ойдағыдай орындауына бөгет бола алмайды. Қабілеттіліктің даму шегі жоқ.
И. П. Павловтың, жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі (бұл жөнінде темперамент туралы тарауда толық айтылды) қабілеттердің физиологиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады. Ми қабығында жасалатын уақытша байланыстар жүйесінің пайда болу жылдамдығы мен беріктігі қозу, тежелу байланысты болатындығы, ал адамньш іс-әрекетінің белгілі бір түрін нәтижслі етіп орындауда осылардың елеулі рөл атқаратындығы күнбе-күнгі тәжірибеде жақсы байқалып жүр.
Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де байланысты. Нерв әрекетінің жеке көріністерінде сигнал жүйелерінің бір-бірінсн басым келуін И. П. Павлов адамға тән нерв қызметінің үш түрлі типі болады деп тұжырымдады. Егер адамның жүйке әрекетінде бірінші сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, оны "суретші тап", ал екінші сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, "ойшыл тап" деп атауды ұйғарды. "Суретші тап" қабылдау мен естің образдылығы және ашықтығымен (мұндай типке сурстшілер мен музыканттар кіреді), киялдың байлығымсн сипатталса, "ойшыл тип" абстрактылық ойлаудың басымдылыгынан (бұған философтар, математиктер жатады) көрінеді. И. П. Павлов сигнал жүйелерінің типтік ерекшеліктсрі психикалық әрекеттің кез-келген түрінен байқалады және олар өмірде бір-біріне ауысып, өзгеріп отырады, осы типтердің кез-келгенінің негізінде кабілетті жан-жақты дамытып отыруға болады дсді.
Бастауыш сыныптарда мүкшім оқушылардьң оқуға ынтасы тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан нс істеу кслетіндігін, оқу мен еңбекке үқьптылығы қандай сксңдігін есепке алып, оқу процесін осы негізге орайластыра жүргізгені дүрыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz