Білім және қоғам



1. Ғылым социологиясының мәні мен рөлі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
2. Ғылым . айрықша әлеуметтік құбылыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7
3. Ғылымның әлеуметтік қызметтері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .9
4. Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .13
1. Ғылым - адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. Осы үш саланың әркайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың даму зандылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым - жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның, идеалдык, және практикалық байлығын білдіреді.
Ғылым социологиясы - социология саласы, сондай-ақ ғылым философиясын, ғылымның методологиясы мен логикасын, ғылыми шығармашылықтың психологиясын, ғылымның тарихы мен экономикасын енгізетін ғылымдарды танытатын пәндердің аса маңызды компоненті (құрамдас бөлігі).
Өз зерттеулерінде ол факті жинау мен талдаудың социологиялық
1. Батыгин Г.С. Обоснование научного вывода в социологии. М.І986
2. Вардомацкий А.П. Аксио-биографическая методика. «Социс»1991, №7, стр. 80
3. Гречихан В.Г. Лекции по методике и технике социологических исследований.
4. И. Шәмшатұлы, М. Дәкенов және т.б «Әлеуметтану» Алматы:1999, 227бет
5. Ә. Нысанбаев «Социология». Алматы:2002, 222 бет
6. Ұ. Е. Сыдыков «Инженерлік еңбектің социологиясы» А:2003, 175 бет
7. Д.С. Орынбекова «Социология» А:2002, 83 бет
8. Ә.Х.Тұрғынбаев. «Социологиядан лекциялар курсы»А:2001, 160 бет

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Ғылым социологиясының мәні мен рөлі. . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . -3
2. Ғылым – айрықша әлеуметтік құбылыс . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . -7
3. Ғылымның әлеуметтік қызметтері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . -9
4. Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . -13

1. Ғылым - адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің
жүйесі. Осы үш саланың әркайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және
олардың даму зандылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым - жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп
отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік
түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса
маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет
бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның, идеалдык, және практикалық
байлығын білдіреді.
Ғылым социологиясы - социология саласы, сондай-ақ ғылым философиясын,
ғылымның методологиясы мен логикасын, ғылыми шығармашылықтың психологиясын,
ғылымның тарихы мен экономикасын енгізетін ғылымдарды танытатын пәндердің
аса маңызды компоненті (құрамдас бөлігі).
Өз зерттеулерінде ол факті жинау мен талдаудың социологиялық
методтарын қолданады.Ғылым социологиясы ғылым мен қоғамның, ғылым мен басқа
да аялардың: өндірістің, білімнің, саясаттың, басқарудың т.б, өзара
әрекетін, ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі қызмет ету, даму
заңдылықтарын, ғалымдар мен ғылыми ұжымдардың әлеуметтік топ ретіндегі
қатынастарын, олардың басқа еңбек ұжымдарымен өзара байланыстарын; ғылыми
кызметтің тиімділігін арттырудың, ғылым нәтижелерін қоғамдық практикада
қолдану процесін басқаруды жетілдірудің әлеуметтік факторлары мен т.б.
механизмдерін зерттейді.
Ғылыми еңбектің сапасы мен нәтижелілігін одан әрі арттыру жолдарын
іздестіруге белсене қатыса отырып, ғылым социологиясы ғылыми қызметтің
ғалымның өзіне, оның санасы мен мінез-құлқына тигізетін кері әсерін:
еңбекке жауапкершілікпен карауын, мамандығын көтеруге тырысуын,
творчестволык белсенділігін қалыптастыруын,ғылым мен коғам мүдделеріне
кайшы келетін эгоизмін (өзімшілдігін), жеке басынын, пайдасына тырысуын
болдырмау мәселелерін ғылым социологиясы зерттейді. Мұнда ғылым саласындағы
ынталандыру жүйесіне ерекше орын беріледі.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр.
Социологиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу жумыстардың төмен нәтижелілігі
ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дүрыс еместігінен, жеке
салалар мен кызметкерлердің, ең алдыыен жастардың жүмысына ғылыми
жетекшіліктің нашарлығьшан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми
жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында
арта түседі.
Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми кызметті
интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық қамтуды
жақсарту, ғылыми коммуниикация жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы, сондай-
ақ ғылыми және өндірістік ұжьмдар арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту
болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды алға бастыру ғылым дамуының, оның
практикамен байланысының әлеуметтік механизмін жасауды талап етеді, өйткені
ол ғылыми жетістіктердің практикада қолданылуын объективті түрде бақылаудың
тиімді қүралы болар еді.
Ғылымды интенсивтендіру проблеммалары күн тәртібінен түспей келеді.
Демек, ғылымды интенсивті жолға қоюдың тиісті механизмін қалыптастыру
проблемасы ерекше маңыз алады. Ол ғылым социологиясы тұрғысынан келгенде
басқару органдары тарапынан ғылыми қоғамдастыққа және оның әлеуметтік
белсенді мінез-құлкына ықпал етудің әлеуметтік факторлары мен әдістері
жүйесі қызметін атқарып, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және олардың
практикамен байланысын нығайту максатын көздейді.
Мұндай механизмге мыналар жатады. Біріншіден, үйымдастыру ықпалы -
ғылыми ұжымдардың әрбір ғылыми қызметкердің мінез-құлқын ғылыми-зерттеу
жүмыстарының жоспарларында және мамандықты арттыру жолымен бағыттау,
мақсаттардың, интенсивтендірілуіне әлеуметтік бағдар беру т.б. көп салалы
ғылыми ұжымдардың бағдарламаларын интенсивтендіруді көздейді. Соның ішінде
жалпы ортақ және колданбалы және сондай міндеттерді шешу үшін жекелеген
шетелдік ғалымдардың, халықаралық ғылыми ұжымдар бағдарламаларының
катыстырылуы да маңызды.
Екіншіден, себепті ыкпал - ғылыми кызметкерлерде ғылыми қызметтің
сапалық көрсеткіштерін жетілдіруге, өз творчествосының потенциалын
(пәрменділігін) жүзеге асыруға себептіліктерін қалыптастыру, кәсіби
шеберлігін, практикамен байланысын нығайту.
Үшіншіден, нормативтік-бағалаушылық ықпал жасау: ол ғылыми
коғамдастықтағы ғалымнын, жеке тұлғалық дербес мінездемелерінің шешуші
маңызын, оның, талантын, жоғары мамандығын, ерік-жігер сапасын, идеялық
шындалуын, ғылыми қызметке кабілеттілігін және баска қасиеттерік сақтаумен
бірге ұжымдық еңбектің және жеке тұлғалар арасындағы өзара механизмнің,
өскелең рөлін есептей отырып практикада жаңа, ғылыми кызметті
интенсивтендіру (күшейту) кезеңіне сәйкес нормалар мен бағалаушылықтарды
жасап шығару мен қолдануды көздейді.
Төртіншіден, ақпараттық, ықпал ғылыми қызметкерлерде ғылымды
интенсивтендіру кезінде оларға қойылатын талаптар туралы қажетті білімдерді
қалыптастыруды көздейді.
Ғылымды интенсивтендіру процесін басқару проблемасы зерттеулерді,
эксперименттерді колдануды, ғылыми қызмет пен оны интенсивтендірудің
әлеуметтік факторлары арасындағы көпжақты байланыстарды ашуды қажет етеді.
Бұл ретте ғылым социологиясына ерекше роль жүктеледі.
2. Қазіргі жағдайда ғылымның маңызды проблемаларын, оның гуманистік,
дүниеге көзкарастық, методологиялық негіздерін, оның алуан түрлі әлеуметтік
жүйелерде дамуы мен кызмет етуі жолдарын, қоғам өміріне және адамзат
тағдырына терең де жан-жақты әсер ету сипатын зертгеу аса зор теориялық,
әсіресе практикалык, маңыз алып отыр.
Бұрын адамзат ешқашан өз болашағы үшін, үшінші мыңжылдық
табалдырығындағыдай, соншалықты жауапты да маңызды кезенді басынан өткізіп
көрген емес. Бұл тарихи белес адам даналығының бұрын-сонды болмаған
шарықтауымен, микро және макро дүниелер кеңістігіне, табиғат пен адам
өмірінің негіздеріне терең енуімен сипатталады. Ғылым мен техника барған
сайын осы заманғы өркениеттің іргетасына айналуда, ғылым прогресі мен
адамзат болашағынын, прогресі қоғамдық санада ажырамастай ұштасуда. Алайда
ғылымның көптеген табыстары мен техникалық жаңалықтары қазіргі адамды
таңдандырумен қатар оның болашағы үшін қауіпті құбылыстарды деп аталады
тудырып отыр. Осы күнгі ғылыми-техникалық прогресс өмірге бірқатар
жағымдылықтарды ғана емес, сондай-ақ жағымсыз құбылыстарды да әкелді.
Демек, үшінші мыңжылдықтын, үрдісі алдында адамзат ғылымды қоғам өміріндегі
адамгершілік, имандылык, бағалауға байланысты терең ойланыс пен толғанысқа,
тіпті абыржушылыққа да түсуде. Ғылым оның болмысының әлеуметтік
жағдайларынан тыс адам мүдделері мен қажеттіліктеріне қызмет ететін күш пе,
немесе бұл адам бақылауынан шығып кететін және оны құртуға кабілетті
арбаушы ма? - дейтін мәселелер жалпылама талқылау мәселесіне айналды.
Ғылымтану мәселесі төңірегінде қазіргі заманғы ғылымның логикалық-
гносеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқыктық және басқа көптеген
зерттеулер топтасуда. Ғылыми білім мен ғылыми қызмет дамуының нақтылы
процестері мен бағыттары туралы маңызды эмпирикалық (тәжірибелік)
мәліметтер қорланды және корлануда. Қазіргі ғылымтануда социологиялық
проблематика неғұрлым үлкен орын алып келеді.
Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының, типтерінің
жалпы атауы, олардың ішінен негізгі алтауын бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, ғылымды логикалық-гносеологиялық зерттеу, оның пәні ғылыми
білімнің өзі, оның кұрылымы, оның дамуының логикасы мен диалектикасы болып
алады. Екіншіден,тұтасынан алғандағы ғылым дамуының нақтылы тарихи
процесіне және оның жеке көріністеріне көңіл бөлетін тарихи-ғылыми
зерттеулер. Үшіншіден, ғылымды социологиялық зерттеулер. Төртіншіден, ғылым
дамуының экономикалық проблемаларын зерттеулер. Бесіншіден, ғылыми
творчествоның психологиясын зерттеулер. Алтыншыдан, ғылымды сан тұрғысынан
түсіндіру методы ретіндегі ғылым өлшеу зерттеулері.
Сонымен, ғылым - күрделі көп өлшемді әлеуметтік құбылыс әрі білімнің
түрлі салалары, алуан түрлі нақтылы тарихи жағдайларда оны алуан түрлі
жақтарынан зерттейді. Ғылым социологиясының ерекшелігі сол, ол ғылыми
білімнің мазмұнын, оның құрылымы мен дамуы логикасынан аулақтай отырып
ғылымды әлеуметтік институт ретінде, қызметтің өзіндік түрі және аясы
ретінде қарастырады.
Ғылыми қызмет барысында білімді үйлестіру жолындағы жауапты адамдардың
өзара әрекеті жүзеге асырылады, ал өзара әрекеттің типтері нақтылы
әлеуметтік-мәдени жағдайларға тәуелді. Әлеуметтік институт ретінде, белгілі
бір қоғам көлеміндегі нормалар мен құндылықтардың жүйесі ретінде ғылымның,
қызмет атқаруы ғылым социологиясының пәні болып шығады, басқаша айтқанда,
ғылым социологиясы ғылыми білім өндіру жөніндегі қызметті әлеуметтік
аспектілерін, қырлары мен сырларын, жаңа ғылымның тууынан оның практикаға
енгізілуіне дейінгі қозғалысы процесінде пайда болған әлеуметтік қатынастар
жүйесін, алуан түрлі әлеуметтік жүйелердегі ғалымдар мінез-кұлқының
типтерін, олардың құндылық бағдарлары мен артықшылыктарын, сондай-ақ ғылым
мен қоғамнын, ғылым мен басқа да қоғамдық құбылыстардың өзара әрекетінің
нақтылы формаларын зерттейді.
Қоғамдық өндіріс аясында айтулы өзгерістер тудырып отырған казіргі
заманғы ғылым экономикалық, әлеуметтік, рухани қайта құрулардың, қоғам мен
жеке адамның мәдениетін, білімнін, сапасын жаңартудың шешуші факторларының
бірі болып алды. Ғылым адамның өзін,оның творчестволық қабілетін
жетілдіруге көмектесетін қуатты қызмет атқаруда. Солай бола тұрса да
Батыста миллионға тарта адам сауатсыз деуге сенгің келмейді. Көбінесе
ғылыми білімдер толык, көлемде пайдаланылған көкейтесті проблемаларды
шешуден сырт калды, 90-шы жылдары өлемде 50 миллион адам аштан өлгені
осының мысалы, ал тіпті көптеген адамдар өмірі үшін ғылымның ешбір маңызы
болмайды. Білімдер өсуіне көмектесе келе, ғылым адамды едәуір жатсынуға да
келтіреді, өйткені адамның өскелең ақпарат тасқынының бәрін игеруге,
жаңадан ашылған ғылым жаңалықтарын қалыптасқан өлшемдермен салыстыруға
мүмкіндігі жетпейді. Ал тіпті бұқаралық, ғылыми өндірістің өзі де жекелеген
өнеркәсіп қызметшісін тудырады.
Әлеуметтік жүйенің кемеліне келмеген, қайшылықты жағдайларында ғылым
мен техника табыстарын енгізу адам белсенділігін жүзеге асырудың жаңа
бағыттары мен келешектерін ашып қана қоймайды, сондай-ақ көптеген күрделі
әлеуметтік проблемаларды да тудырады, адам мен адамзат болашағы туралы
мәселені де өткір алға тартады. Мәселенің көлемді де күрделі екендігі адам
мен ғылым арасындағы өзара қатынастылықта, демек, ғылым адамға не береді
және одан болашақта нені талап етеді дегенді естен шығармау керек. Мұндай
проблеманы қою мен ойластыру, оны шешудің жолдарын іздестіру ғылым
социологиясының, аса маңызды міндеттерінің бірі және оның әлеуметтік мәнін
айкындайды.
Ғылымды социологиялық зерттеулердің теориялық және іс жүзінде
қолданылатын маңызы бар. Ғылым социологиясының теориялық маңызы ғылымды
әлеуметтік құбылыс ретіңде ойластыруда, ғылыми қызметтің өзгешелігін ашып
көрсетуге көмектесетіндігінде, мұнда орнығып қалған қатынастарды зерттеу,
ғылыми аяның қоғам өмірінің басқа да аялдарымен өзара байланысын ашу,
ғылымның көкейтесті де пәрменді маңыздылығын үғыну құнды болып табылады.
Мұның бәрі ғылыми қызметті басқару мен ұйымдастыру, оның реттілігі мен
үйлесімдігі үшін, оның әлеуметтік-экономикалық сенімділігі мен тиімділігі
үшін, мемлекеттің ғылыми негізделген ұлттық және халықаралық саясат жасауы
үшін, демек, ғылымның өзінің дамуы үшін және оны қоғам тарапынан басқару
үшін қажет.
Ғылым социологиясының іс жүзінде қолданылатын маңызды зерттеу
нәтижелерімен байланысты. Ондай нәтижелер нактылы практикалык міндеттер мен
проблемаларды шешу үшін кеңінен пайдаланылады. Әсіресе ғылымды нақтылы
социологиялық зерттеулердің практикалық маңызы зор. Олар ғылымның қоғаммен
өзара байланыста дамуы бағытына накты көрсеткіштерді ашуға мүмкіндік
береді. Мысалы, ғылыми және ғылыми-техникалық кызметшілер саны қозғалысын
өлшемдеуге, жарияланған жұмыстар санының өсуі жай-күйін, қаражаттар мен
қаржылар бөлуді, ғылымды колданудың жалпы өндірістік тиімділігін және
сондайлар сияқты басқа да көрсеткіштерді қадағалауға болады.
Жалпы мәдени, адамгершілік қызмет ғылым социологиясынан ерекше орын алады.
Қазіргі жағдайда ғылым адамды қоршаған ортаның барған сайын маңызды да
мәнді құрамды бөлігі болып отырғанда онда қалай да өмір сүріп, әрекет етуге
дұрыс бағдар ұстауға тура келеді. Ғылымның қоғамдық өмірге әсері
қайшылыкты. Сондықтан ғылым мүмкіндіктерін адамгершілік, гуманистік
тұрғыдан бағалау, оның адамдық өлшемін, ғылымның, коғаммен өзара
байланыстылықта дамуының ерекшеліктері туралы жалпы түсініктер бар болуын
ашып көрсету маңызды. Бұл біріншіден, адам мен өркениет дамуының
перспективалары мен мүмкіндіктерін ғылымның жаңадан ашылған жаналықтары мен
олардың әлеуметтік-экономикалык, көкейтесті ортақ нәтижелері тұрғысынан
түсіну үшін, ғылымды қоғамдық пікірде дұрыс бағалау үшін қажет; екіншіден,
адамның дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптасуы жаңа ғылыми білімдерді
меңгеруге қабілеттілігі мен дайындығы болмайынша мүмкін емес; үшіншіден,
оқу мен тәрбие процесінде дұрыс бағдар ұстау үшін адамға ғылыми-техникалык,
прогресс қандай талаптар коятынын білу керек.
Сайып келгенде ғылым социологиясы қайдағы бір абстрактілі ілім емес,
қайта ғылым мен қоғам дамуын ынталандырып отыратын әлеуметтік -экономикалык
өмірге жанама әсер ететін, қоғамдық психология мен идеологияға ықпал
жасайтын, мемлекеттің ұлттык және халықаралық саясатына аса тиімді алғышарт
болатын маңыз алады, ал бұл адамгершілік қызмет атқару үшін аса қажетті.
Әлеуметтік Институт ретінде ғылым әлеуметтік-экономикалық өрлеудің аса
маңызды тұтқасы болып табылады. Ол қоғамның тікелей өндіргіш күшіне
айналды. Сондықтан ғылым саласындағы саясат әлеуметтік басқарудың жетекші
салаларының біріне айналып, айрықша маңызға ие болды. Жуырда ғана аяқталған
ХХ-ғасырдың аяғына қарай әрбір 5 жыл сайын ғылыми білімнің көлемі екі есе
артты. 90-шы жылдардың басында ғалымдар мен ғылыми кызметкерлердің саны
ғылымның бүкіл тарихы бойындағы ғалымдардың жалпы санынан 90 процент артты.
Үстіміздегі ғасырда ғылым өз дамуының жаңа кезеңін бастан кешуде. Бүл
ғылым келбетін де, қоғам өмірін де түбегейлі өзгерткен ғылыми-техникалық
революциямен байланысты.
Ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) мазмұны мен құрылымында ғылыми
және техникалық өзгерістердің органикалық бірігуі дамыған техникалық
базасыз ғылыми прогресс мүмкін болмайтынын, ал техника қуатты ғылыми-
техникалық негізге арқа сүйемейінше өркендей алмайтынын көрсетгі. ҒТР пайда
болуының тікелей алғышарты, біріншіден, XIX-және ХХ-ғасырлар қойнауында
жаратылыстануда революция тереңдеуінен еді. Бұл революция электронның,
радийдің ашылуына, химиялық элементтердің айналуынан, салыстырмалы теория
мен квант теориясының жасалуынан басталды, микро дүние мен жоғары
жылдамдықтар аяларына өту жүзеге асырылды. Мүның бәрі материяға
көзқарастардағы түбегейлі төңкеріске және дүниенің жаңа ғылыми бейнесі
қалыптасуына келтірді. Екіншіден, өндірісте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда білім беру жүйесі
Жаңа қоғамдағы жаңа ақпараттық технологиялар
«Қоғамдық білім негіздері»
ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҚПАРТТЫҚ ҚОҒАМ. БІЛІМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢСІЗДІК
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Білім беру әлеуметтануы
Ғылыми-техникалық революция мен ақпараттық қоғам жағдайындағы адам мен қоғам өмірін философиялық тұрғыдан қарастыру
Міндетті бастауыш білім беру стандарты
Әлеуметтану бойынша сұрақтар
Пәндер