А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы


Іс-әрекеттің жалпы сипаты. Қарастырылатын мәселеде іс-әрекет категориясы негізгі категорияның бірі болып табылады. Оның контексінде оқулықта келесідей түсіндіріледі: оқытушы (педагог) және оқытылушы (оқушы) педагогикалық және оқу іс-әрекетінің субъекттер ретінде, оқу материалын меңгеру оқу іс-әрекеті ретінде және т. б. Осыған байланысты іс-әрекеттің жалпы теориясының негізгі ережелерін біраз толығырақ қарастыру қажет, ол философия (Гегель, Фейербах, Маркс) және жалпы психологияда (М. Я. Басов, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев) тұжырымдалған.
Іс-әрекеттік ұғымы ғылыми ұғым ретінде филоcофиялық ойға XVIII ғ. И. Кант енгізді, алайда ХІХ ғ. әдіснамасында Г. Гегель, Л. Фейербахтың, сонымен қатар, К. Маркстың осы жұмыстарды талдауынан бастап (мысалы, «Фейербах туралы тезистер») іс-әрекетке категория ретінде мазмұнды, толық түсініктеме берілген болатын. Ол қазір де осы категорияны психологиялық түсіндірудің әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады. Сонымен бірге, іс-әрекет категориясы әлі нашар игерілгеніне назар аудару қажет. «Не психологияда, не философияда іс-әрекетке нақты және жікке бөлінген анықтама жоқ. Бұл ұғымды ғалымдар әртүрлі мағынада қолданады». Іс-әрекетті диалектикалық-материалдық түсінуде (оның басқаша түсіндірмелері болса да, мысалы субъектік және объективтік идеалистикалық) ең алдымен оның пәндік сипаты, іс-әрекеттегі пәндік пен және сезімдіктің біртұтастығы мойындалады. Мұндай түсінуде іс-әәрекетті белгілі бір адам жасайды - субъект немесе субъекттер жиынтығы немесе белгілі бір адамдар қауымы. Іс-әрекет субъектінің болуы, «әрекетшінің» болуы бұл құбылысты психологиялық тұрғыдан түсіндіру үшін өте маңызды. Адам іс-әрекет субъекті ретінде жоспарлайды, ұйымдастырады, бағыттайды, оған түзетулер жасайды. Сол мезгілдің өзінде іс-әрекеттің өзі адамды субъект, тұлға ретінде қалыптастырады. Субъект пен оның іс-әрекетінің байланысын осылайша түсіну С. Л. Рубинштейн бойынша, сана мен іс-әрекеттің біртұтастығы принципін айқындайды. Іс-әрекеттің субъекттілігі (В. И. Слободчиковтың, А. В. Петровскийдің түсініктемесіндегі субъект феноменінің ортақ контексінде) оның негізгі сипаттамасының бірі ретінде қарастырылады (С. Л. Рубинштейн, К. А. Абульханова, А. В. Брушлинский, В. А. Лекторский, В. В. Давыдов және т. б. ) . А. Г. Асмоловтың анықтамасы бойынша «іс-әрекет дегеніміз субъекттің қоршаған ортамен қарқынды түрде, өзін-өзі айқындаушы өзара әрекеттесуінің иерархиялық жүйесі болып табылады, бұл процесс барысында психикалық бейне туып, оның объектте көрініс табуы, субъекттің өзін қоршаған заттық ортамен психикалық бейнелер арқылы көрініс тапқан қатынастарының жүзеге асырылуы және қайта жаңғыртылуы жүреді»
Іс-әрекеттің философиялық тұжырымдамасында оның екі жағы қарастырылады: «заттандыру» және «заттансыздыру», ол адамның заттық іс-әрекетінің әртүрлі жақтарының қарама-қайшылығын, біртұтастығы мен бір-біріне енуін білдіреді. Заттандыру барысында адамның қабілеттері затқа ауысып, соған айналады. Осының арқасында К. Маркс бойынша, зат әлеуметтік, мәдени немесе адамдық болады. Адамның мәндік күші (мүмкіндігі, қабілеттілгі және т. б. ) заттанып объектке, мәдениет құбылысына айналады. Содан соң, ары қарайғы іс-әрекетте олардың заттансыздырылуы жүреді, адамның мүмкіндігі, қабілеттілгі мен мазмұндылығы яғни мәндік күштері ашылып, оларды заттардан, құбылыстардан, берілген жағдайда - әрекеттің өзінің объекттерінен сарқылып алынады. Мысалы, танымдық әрекетте заттансыздыру негізінен болашақта заттандыруға арналған. Еңбектік өндірістік әрекет көбінесе заттандырумен сипатталады (оған дейінгі болған заттансыздыру арқылы) . Аз дегенде екі адамның бірлескен іс-әрекеті арқылы анықталатын қоғамдық-коммуникативтік іс-әрекет заттандыру мен заттансыздыру қарым-қатынасының ішкі бірлігін жүзеге асырады. Мысалы, қоғамдық-коммуникативтік іс-әрекетті жүзеге асырудың ауызша қарым-қатынаста сөйлеу - тыңдаушының оны заттансыздыруы үшін мағынаны заттандыруды жүзеге асырады, ал тыңдау процесінде заттансыздыру, осы мағынаны, соңында оны заттандыру үшін мәтіннің мағыналық мазмұнын ашу жүзеге асырылады.
Бұл жерде осы сипаттаманың коммуникативтік процестің негізі ретінде қарастырылуы өте маңызды. Коммуникация - субъекттің қоршаған ортамен заттандыру және заттансыздыру барысында бағытталған байланысы; коммуникациялық процестерде ақпарат материалды тасушылар болып ақпарат беруші жүйенің заттанған әрекеті ретіндегі белгілі заттық-таңбалық жүйелер бола алады (К. К. Платонов, Н. М. Тавер) ; егер қабылдаушының сәйкес коды болған жағдайда оның заттансыздыру іс-әрекеті процесінде ақпарат қайтадан жаңарады (жаңғыртылады) . Заттану және заттансыздыру процестерінің мәні мен өзара ауысуын түсіну адам іс-әрекетін талдау үшін өте маңызды.
Осы категорияның біз келтіріп отырған түсініктемеміз А. Н. Леонтьевтің әрекет теориясына және осы категорияның генезисін, мазмұны мен құрылымын түсінуге негізделеді. А. Н. Леонтьевтің қарастырған психиканы дамыту тұжырымдамасында «әрекет» категориясы маңызды орын алады және адам белсенділігінің мәнін анықтаудың негізінде жатыр (М. Я. Басов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) .
Іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен белсенді мақсатты бағытталған өзара әркеттесу формасы (басқа адамдарды да қоса), ол осы өзара әрекеттесуді туғызған қажеттіліктерге жауап береді, мысалы, бір нәрсеге «мұқтаж», «қажеттілік» болғанда (С. Л. Рубинштейн) . Қажеттілік бұл алғышарт, іс-әрекеттің энергетикалық көзі. Алайда, қажеттілік өз бетінше әрекетті анықтамайды - оны іс-әрекеттің не нәрсеге бағытталғаны анықтайды, яғни, оның заты. «Кез-келген іс-әрекеттің алғышарты қандай да бір қажеттілік болып табылады. Қажеттілік өз бетімен іс-әрекеттің нақты бағытын анықтай алмайды. Қажеттілік өзінің анықталуын тек әрекет затында ғана алады: ол өзін іс-әрекетте табуы керек» Мысалы, композитордың іс-әрекеті музыкалық шығарма құруға бағытталған; шлифовщик пен фрезеровщиктің іс-әрекеті - өңдеп жатқан бұйымға қажетті пішін, сипат беру, педагогтың іс-әрекеті - әлеуметтік тәжірибе, оқушылардың берілетін мәліметтерді меңгеруін ұйымдастыру және т. б. Оқушының іс-әрекеті осы тәжірибені меңгеруге бағытталған. Басқа сөзбен айтқанда, іс-әрекет оны туғызған қажеттіліктің не нәрсеге бағытталғанын, яғни оның затын анықтайды. Іс-әрекеттің заттылығы оның негізгі сипаттамасының бірі болып табылады. Іс-әрекет заттылығы бойынша оның түрлері ажыратылып, аталады, мысалы педагогикалық, конструкторлық және т. б. Зат - іс-әрекеттің психологиялық (заттылық) мазмұнының негізгі элементтерінің бірі, оған одан басқа құралдар, тәсілдер, алынған өнім мен нәтиже кіреді. Іс-әрекеттің психологиялық мазмұны мен құрылымы жөнінде толығырақ оқу және педагогикалық қызметтің мысалында қарастырылады.
Іс-әрекеттің маңызды сипатының бірі оның түрткісі болып табылады, оны қарастырғанда ең алдымен, әрекеттің бастапқы сәті, яғни оның алғышарты - өзін затта тапқан қажеттілікке назар аударылады. «Қажеттілік затта өзінің анықталуын тапқандықтан (онда заттанып), берілген зат оның түрткісі болады, яғни оны соған итеруші болады». «Сонымен, іс-әрекет ұғымы мотивация ұғымымен қажетті байланыста. Түрткісіз әрекет болмайды». Бұл жерде егер, қажеттілік мысалы, танымдық, өзін баурап алатын кітап мазмұнында сияқты затта «тапса», онда бұл өзін затта тапқан қажеттілік, немесе «заттанған қажеттілік» әрекеттің ішкі түрткісі болады. Ішкі түрткі іс-әрекеттің құрылымының өзіне кіреді. Бұл жерде бұл анықтаманы С. Л. Рубинштейннің іс-әрекет түрткісін түсінуімен байланыстыруға болады: «кез-келген іс-әрекет түрткіден басталады, яғни қандай да бір маңызды жағдайды уайымдау іс-әрекетке итереді, ол индивид үшін берілген іс-әрекетке мағына береді». Бұл анықтамада уайымдау факторы маңызды, ол қажеттілік пен заттың «кездесуінің» жанында ілесіп жүреді, сонымен бірге ол мойындалатын қажеттілік ретінде болмауы да мүмкін.
Л. И. Божович бойынша, іс-әрекет ішкі түрткілермен қатар сыртқы- кең әлеуметтік немесе жеке түрткілерден де туады. Мысалы, белгілі бір мектепте, лицейде оқудың, өзінің жеке өсуі, парызы және т. б. - бұлар оқушының оқу әрекетінің өзіне қатысты сыртқы түрткілері болуы мүмкін. Олар тек «білетін, түсінетін» ғана болмай, «нақты іс-әрекеттегі» болуы мүмкін. Алайда, жалпы алғанда қоғамдық мінез-құлықтың мықты қозғаушы күші бола отырып, бұл сыртқы түрткілер оқушының оқу материалын меңгеруге бағытталған оқу қызметіне енуін өздігінен қамтамасыз ете алмайды. Олар оқушының оқу міндетін қабылдауын анықтамайды. Бұл процеске ішкі, танымдық түрткілер кіргізілуі тиіс. Сыртқы «түсінетін» түрткілер белгілі жағдайда «іс-әрекеттіге» айналады деп А. Н. Леонтьев атап өткен. Оқушы сабақты орындайды, себебі ол бұның мектеп талабы екенін біледі (нақтырақ айтқанда, ол оның қабылдаған әлеуметтік рөлі) . Ол енді үй жұмысын бірнеше рет қайта орындап, тазарақ жазады. Осының бәрін ол ата-анасына «өте жақсы» баға алғысы, мұғалімді немесе оларды қуантқысы келетінімен түсіндіреді. Ең ақырында, ол тапсырманы шешудің қызығырақ жолын тапқандығынан қайта шығарып отырғанын айтады. Бұл - жоғары, нағыз, ішкі, процеске бағытталған нақты әрекеттегі танымдық мотивтің жеңісі. Оған сәйкес, А. Н. Леонтьевтен соң іс-әрекет деп «адамның қоршаған ортаға қандай да болмасын қатынасын жүзеге асыра отырып, ерекше, соларға сәйкес қажеттілікке жауап беретін процестер» « . . . бұл процестер психологиялық тұрғыдан берілген процестің жалпы алғанда (оның пәнінің) неге бағытталғаны үнемі субъектті берілген әрекетке итермелеуші объективтімен, яғни түрткімен сипатталады». Іс-әрекеттің осындай анықтамасы оның үнемі заттылы және түрткіні екенін білдіреді - белсенді, мақсатты бағытталған процесс ретінде заттылы емес, мотивтелінбеген әрекет болмайды. Егер іс-әрекет пәні оның не нәрсеге бағытталғаны болса, онда түрткінің анықтамасы - осы іс-әрекеттің не үшін болатыны деген сұраққа жауап болып табылады.
Адамның іс-әрекетін анықтаушы сипаттамасы оның мақсат қоюшылығы мен мақсатты бағытталуы болып табылады. Іс-әрекеттің мақсаты, нақтырақ айтқанда оған кіретін әрекеттер оның біртұтастандыру және бағыттаушы басы болады. Жалпы әдіснамалық тұрғыдан мақсат әрекет нәтижесін ойлауда алдын ала біліп қою және оның белгілі құралдар көмегі арқылы жүзеге асырылуын сипаттайды.
А. Н. Леонтьев бойынша, психологиялық жағынан мақсат іс-әрекет пәнімен байланысты, себебі «…іс-әрекеттің мағынасын түйсіну саналы мақсат ретінде оның пәнінің бейнелеуі түрінде жүреді. Енді іс- әрекет пәнінің (оның мақсатының) және іс-әрекетті қозғаушы болатын күштің (оның мотиві) субъектке алғашқы рет ашылады». Осылайша, іс-әрекеттің мақсаты оның мотивтерімен де байланысты болады. Бұл байланыс адам іс-әрекетінде оның мотивінің мақсатқа қатысы ретінде пайда болады. Алайда, бұл қатысты қарастырмас бұрын іс-әрекеттің тағы бір сипаттамасын атап өтейік - ол өзіндік сана сезіммен ұғыну. Өзіндік сана сезіммен ұғыну іс-әрекет субъектіне (өзін ұғыну, рефлексия) немесе іс-әрекеттің мазмұнына, процесіне де қатысты бола алады. Мысалы, «…жеке танымның әрбір акті өзін-өзі ұғынуды ұйғарады, яғни субъекттің анық өз туралы білмеуі. Бұл анық еместі аныққа көшіріп көруге талпынуға болады, яғни өзін-өзі ұғынуды рефлексияға көшіру. Бұл жағдайда субъект өзінің ой-күйзелістерін талдайды, өзінің психикалық өмірінің ағымын байқайды, өзінің «Мен» дегенінің сипатын анықтауға тырысады және т. б. Рефлексияның әрбір акті - бұл өзін-өзі ұғыну, түсіну акті»
Іс-әрекет мазмұнын ұғынуға қатысты А. Н. Леонтьев санадағы «өзекті ұғыну» ұғымы мен «кездейсоқ пайда болған» ұғымын ажыратады. Кез-келген іс-әрекеттің осы ерекшелігін талдау үшін, атап айтқанда, оқу қызметінде, субъекттің мақсатты белсенділігінің пәні болып табылатын мазмұн ғана актуалды ұғынылады, яғни кез-келген әрекет жүйесінде ішкі және сыртқы әсердің тікелей мақсатының құрылымдық орынын алады. Іс-әрекеттің өзін-өзі ұғынуының келтірілген тұжырымы оқушының оқу іс-әрекетін талдау үшін өте маңызды. Мысалы, төменгі сынып оқушылары өзінің даму деңгейі бойынша оқу пәнінің мазмұнын үнемі өз әрекетінің мақсаты деп актуалды ұғынып, баға бере алмайды. Сол себепті, мұғалімнің міндетінің бірі - оқушыда осындай мақсатты біртіндеп қалыптастыру үшін жағдай жасау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz