Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) Шоқан өміріндегі философиялық көзқарастардың қалыптасуы.
б) «Өмірдің жоғары үлгісі» немесе Ш.Ш. Уәлиханов еңбектеріндегі саяси . әлеуметтік көзқарас.
в) «Шоқан . кім?» және ол туралы құнды деректердің қазіргі заманда алатын орны.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Тақырыптың өзектілігі. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865жж.) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-демократы, ойшыл және қоғам қайраткері, саяси және құқықтық тарих ілімінде айқын ізін қалдырған асқан дарын иесі. Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Қазақтан бой көтерген Шоқан өз халқының мәдени, ғылыми өркендеуін аңсаған ағартушы. Ұлы ғалымның этнографиялық зерттеулерінің ғылыми дүниедегі орны қандай екенін анықтау және оның шығармаларының этнографиялық тұстарының тарихи деректілігін көрсету жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Шоқан Уәлиханов жөнінде бірқатар зерттеулер мен шығармалар жарық көрген болатын. Жазушылар Г.Марков, С.Мұқанов Шоқан туралы роман жазса, И.Стрелкова «Жизнь замечательных людей» атты серия бойынша «Ч. Валиханов» атты кітап шығарды.
Ш.Уәлихановтың өз кезіндегі оның достары мен әріптестері Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, К.К.Гутковский, ақын А.Маяков, академик Н.И.Веселовский, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Е.П.Ковалевский т.б. ғалымдар өз естеліктерінде және еңбектерінде оны өте жоғары бағалап және оның есімі мен шығармаларына құрметпен қарайды, оның замандасы болғанын мақтаныш етеді.

1. Шоқан Уәдиханов. Таңдамалы. Алматы: «Жазушы», 1985 -560 бет.
2. Тарихқа көзқарас. Ербол Құрманбаев.
3. Сот реформасы жайында жазба. Алматы: «Жеті жарғы», 2003 -116 бет. (Саяси және құқықтық ой-пікірлер тарихының інжу-маржандары).
4. Көмеков Б., Өтениязов С. Шоқан Уәлиханов. Тарих, тұлға, уақыт. Алматы: «Аруна», 2006 -100 бет.
5. Электрондық ресурстар.

Жоспар:
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) Шоқан өміріндегі философиялық көзқарастардың қалыптасуы.
б) Өмірдің жоғары үлгісі немесе Ш.Ш. Уәлиханов еңбектеріндегі саяси - әлеуметтік көзқарас.
в) Шоқан - кім? және ол туралы құнды деректердің қазіргі заманда алатын орны.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865жж.) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-демократы, ойшыл және қоғам қайраткері, саяси және құқықтық тарих ілімінде айқын ізін қалдырған асқан дарын иесі. Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Қазақтан бой көтерген Шоқан өз халқының мәдени, ғылыми өркендеуін аңсаған ағартушы. Ұлы ғалымның этнографиялық зерттеулерінің ғылыми дүниедегі орны қандай екенін анықтау және оның шығармаларының этнографиялық тұстарының тарихи деректілігін көрсету жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Шоқан Уәлиханов жөнінде бірқатар зерттеулер мен шығармалар жарық көрген болатын. Жазушылар Г.Марков, С.Мұқанов Шоқан туралы роман жазса, И.Стрелкова Жизнь замечательных людей атты серия бойынша Ч. Валиханов атты кітап шығарды.
Ш.Уәлихановтың өз кезіндегі оның достары мен әріптестері Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, К.К.Гутковский, ақын А.Маяков, академик Н.И.Веселовский, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Е.П.Ковалевский т.б. ғалымдар өз естеліктерінде және еңбектерінде оны өте жоғары бағалап және оның есімі мен шығармаларына құрметпен қарайды, оның замандасы болғанын мақтаныш етеді.
Сонымен қатар баспасөз беттерінде соңғы кездері жарияланып жүрген мақалалардан Шоқандай күрделі тұлғаны танып-білуде тосын пікірлер мен тұжырымдар жарияланып жүр. Оның офицерлік қызметіне, орыс достарымен қарым-қатынасына, тіпті өліміне қатысты да бірқатар түйінді мәселелердің шеті қылтиятыны рас. Осы жәйттар жөнінде ойлана келе, көрнекті ғалымдар мен зиялы азаматтар пікірлерін жұмыс барысында атап өтуді жөн көрдім.
-3-
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай бебері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті.
Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғаным тәрбиесінде болған. Мұрағат мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы қабылданғаннан кейін, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы қандай да маңызды оқығалар оның қатысуынсыз өткен емес. Айғаным қазақтар мен орыстардың арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына ұмтылып отырды.
Бала Шоқанның рухани жағынан өсуіне әжесі үлкен әсер етті. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесібілім мен халық даналығының сарқылмас көзі болды. Халықтың озық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің соңына дейін ұмытпай есте сақтады.
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Ол сондай қабілетті еді - деп жазды бірге оқыған досы, этнограф-ғалым Т.Н. Потанин.
-4-
Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін жақсы білмейтін, бірақ сирек кездесетін қабілетінің арқасында осы қиыншылықты тез жеңіп шықты.
Екінші курстан бастап Шоқан мен оның ұстаздары арасында етене жақындық пен достық қатынас орнады. Шоқанның дамуына Қазан университетінің шығыс факультетін аяқтаған және корпуста орыс әдебиетінен сабақ беретін әдебиетші мен шығыстанушы Н. Ф. Костылецкий (1818-1867жж.); өркениеттер тарихынан сабақ беретін аударылған ғалым П. В. Гонсевский; жас кезінде Н. Г. Чернышевскиймен дос болған және оның идеяларын жақтаушы әдебиетші П. В. Лободовский көп ықпал етті.
Г. Н. Потанин айтқандай, Шоқанның тез дамуына оның жеке басының ересен дарындылығы мен сол кездегі кадет корпусында қазақ халқының жалғыз өкілі ретінде оған ерекше назар аударылуы себеп болды. Шоқанға тек корпустың оқытушылары емес, сонымен қатар Омбы зиялыларының кейбір өкілдері де зейін қойды. Корпустың осындай маңдайалды оқытушылары, өз заманының алдыңғы қатарлы адамдары жас Шоқанды білімге, ғылымға талпындырып, оның демократиялық көзқарастарының қалыптасуына көмектесіп, зорлық-зомбылық пен бүлінушілікке қарсы өшпенділікті тәрбиеледі. Н. Ф. Костылецкийден кейін Уәлихановтың ой-өрісінің кеңеюіне ықпал жасаған педагог, тарих пәнінің оқытушысы, ғылыми қызметке дайындалып жүрген аса білімді адам - Гонсевский еді. Ол корпуста қоғамдық қозғалыстар тарихы жөнінде дәріс оқыды және оның дәрістері, - дейді Г. Н. Потанин, - біздер үшін өте маңызды болды
Жас Шоқан буржуазиялық қоғам шынайы көрсетілген философиялық трактаттар мен әлеуметтік романдарды тереңдей зерттеді. В. Г. Белинский мен А. И. Герценнің әшкерелеуші мақалалары, Н. В. Гогольдың ащы мысқылы Шоқанға әсер ететін және ол қоғамдық кеселдермен, өмірдегі әлсіздікпен бетпе-бет келгенде әрдайым жоғарыдағылардың еңбектеріне назар аударатын. Шоқан философиялық танымын көбінесе В. Г. Белинский, А. И. Герцен, кейінірек Н. Г. Чернышевский секілді ұлы орыс ойшылдарының шығармалары арқылы жетілдіріп отырды.
Уәлиханов Т. Карлейльдің әлеуметтік-философиялық трактаттарымен зейін қоя танысты. Кейде Шоқан өз мақалалары мен жазбаларында соларға сілтеме жасады.
Шоқанға А. С. Пушкин мен М. Ю. Лермонтовтың поэзиясы зор әсер етті. Олардың көптеген өлеңдерін ол жатқа білді. Шоқан батыс еуропа жазушыларынан Ж.Ж. Руссоның, Ч. Диккенстің, У. Теккерейдің еңбектерін үлкен зейінмен оқыды.
-5-
Зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болды.
Ол ауылда, туыстары мен достарының арасында жүріп, Сырымбеттің, жаз жайлау мен мекен-қоныстардың суреттерін салумен шұғылданды. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан корпустан елге, отпускіге барғанда язмыш суреттер, яғни корпустан елге, демалысқа барған кезде салған суреттер деп атады.
Туған елі мен Шығыс елдерін зерттеуге деген қызығушылық Шоқанның бойында кадет корпусында оқып жүрген кезде-ақ пайда болды. Ол осы бастан белгісіз Азияның даласына үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді арман етті. Корпус оқытушылары Шоқан - болашақ зерттеуші, ғалым деп қарап жүрген кезде, ол небәрі 14-15 жаста болатын, - дейді Г. Н. Потанин. Шоқан Омбыда табыла қоюы қиын сирек басылымға жататын тарихи-географиялық әдебиетті құныға оқыды. Мен үшін басшылардың Шоқанға бас кітапханадан кітап алуға рұқсат еткені, үлкен қуаныш болды. Шоқан кітап қоймасынан Палластың сапарнамасы мен Рычковтың күнделік жазбаларын әкелгенде бұл біздің дамуымыздың бір кезеңі болды. Қалың кітаптар, олардың пішімі, көне баспа, көне сөздер мен ескірген қағаз исі - қандай ғажап, әдеттен тыс, көне заман поэзиясына толы еді. Біз Палластың кітабын, әсіресе, оның біз үшін қымбат жерлерді суреттеген беттерін қызыға оқыдық - деп жазады Г.Н. Потанин.
Сібір кадет корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екенін танытты.
Шоқан Уәлихановтың ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастары кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастады. Шоқан корпустан жан-жақты терең білім алып, замандастарынан өресі анағұрлым биік адам болып шықты. Шоқан нағыз плебейлік ортаға түсті... Плебейлік ортада өмір сүру Шоқанның демократиялық идеяларының қалыптасуына, сірә, әсер етпей тұра алмаған болуы керек, - деп жазады Г.Н. Потанин.
1853 жылы 18 жасында Шоқан кадет корпусын бітіріп, армиялық атты әскердің корнеті болып шықты.
Шоқан Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі оқуды бітіріп шығысымен-ақ бірден басталды. Қағаз жүзінде Шоқан Сібірдің казак әскерлерінің 6-атты әскер полкінің офицері болып тағайындалғанымен, шын мәнінде Батыс Сібір генерал-губернаторының жанында қалдырылады да,
-6-
арада бір жыл өткеннен кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын басқарып отырған генерал Г. Х. Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Сонымен қатар өлкенің Бас басқармасы бойынша Шоқан Уәлихановқа төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер қызметі жүктеледі.
Қызметке орналасқаннан кейін жас Шоқан Уәлиханов бірден офицерлер мен шенеуніктер ортасына, корпустағы өзіне мәлім білімді және алдыңғы қатарлы адамдарға мүлдем қарама-қарсы ортаға тап болды. Олардың көпшілігі патшаның отаршыл аппаратын құраған реакцияшыл офицерлер мен шенеуніктер еді. Олардың басында генерал Г. Х. Гасфорт пен Сібірлік қазақтар облысын басқарып отырған көмекшісі фон Фридрихс тұрды.
Д. Фридрихстің тікелей басшылығында жұмыс істеуге тиіс болған Шоқанның жағдайы өте ауыр болды. Шоқанның Петербордағы достарына жазған хаттарынан көрініп тұрғандай, Дюгамель Фридрихс және оның жәрдемшілері Кройерус пен Кури Шоқанды олардың қылмысты істерін әшкерелеп, заңсыздыққа, талаушылыққа, парақорлыққа қарсы және патшаның отаршылдық аппараты тудырып отырған зұлымдық атаулының бәріне қарсы аянбай күрескені үшін үнемі қудалап, жәбірлеп отырған. Патша шенеуніктері Шоқан Уәлихановтың ғылыми бастамаларына кедергі жасап, Қашғар экспедициясының нәтижелерін төмендетіп көрсетуге тырысты, оның Атбасар округтік приказының аға сұлтаны болып сайлануына бөгет болуға айла-әрекет жасады. Осындай жағдайда қызмет ету Шоқанның денсаулығын әлсіретеді. А. К. Гейнс 1865 жылы әрдайым қорлап, тобықтан қағу биыл Шоқанның түбіне жетті, - деп ашық жазды.
Шоқан қызметінің алғашқы күндерінен бастап бұл ортада өзін жалғыз сезініп, өзін қоршаған орта мен патша шенеуніктерінің надандығынан құтылуға тырысып, қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдануға ұмтылды. Ф. М. Достоевскийге жазған хатында (1856) ол өзінің былыққан пасық ортада өмір сүріп, қызмет істеуіне тура келетініне налып, мұңын шағады: Омбының өсек-аяңы мен алауыздығы әбден жирендіріп болды, шынымен-ақ осы жерден кеткім келеді. Сіз бұған қалай қарар едіңіз? Ақылыңызды айтыңызшы, Федор Михайлович. Не істегенім жөн?
Отанына қызмет етуді аңсаған Шоқан жемісті және шығармашылық қызметке ұмтылды. Оған мұндай мүмкіндік көп ұзамай тап келді. Бұған сол кездері Қазақстанда қалыптасқан тарихи жағдайға байланысты Ұлы жүз қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының Ресейге қосылуы себеп болды. ХІХ ғасырдың 40 жылдарының басында Ұлы жүз қазақтары Ресейге мәңгілікке бодан болуға ант берді,
-7-
осыған байланысты 1845 жылы Қапал бекінісі салынды. Верный бекінісі ол кезде жоқ еді. Іле өлкесінде, Тянь-Шань тауында, сонымен бірге Шу алқабында үлкен де күрделі жұмыс атқарылуы тиіс еді. Бұл арада Қоқан хандығының ықпалы әлі күшті еді.
Қоқан хандығының ықпалын тоқтату үшін Жетісуда бұл аумақтардың бейбіт жолмен қосылуына бағытталған сақ және көреген саясат жүргізу қажет болды. Алға қойған міндетті шешумен офицерлердің бір тобы айналысуға тиісті еді, мұнда К. К. Гутковский, М. М. Хоментовский, М. Д. Перемышельский және Шоқан Уәлиханов басты рөл атқарды.
Патша әкімшілігі жергілікті халықтан шыққан, Орта Азия халықтарының тіршілік жағдайын, тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын жақсы білетін білімді адамдарға өте зәру болды. Бұл жағынан Шоқан Уәлиханов таптырмайтын адам еді. Жастығына қарамастан (18 жас) ол қазақ халқының тұрмысын, әдет-ғұрыптарын, рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін басқа офицерлерге қарағанда жақсы білді, бірқатар шығыс тілдерін білді. Аталған себептерге байланысты Шоқан осы маңызды міндетті орындауға қатыстырылды.
1855 жылы Шоқан генерал Г. Х. Гасфорттың сапарына қатысып, Орталық Қазақстан, Жетісу және Тарбағатайға үлкен саяхат жасайды. Қайтар жолда Шоқан Г. Х. Гасфортты Алтын Емел жотасына дейін ғана шығарып салып, осы жерден Жоңғар қақпасына дейін барып, Алакөл маңында және Тарбағатайға сапар шекті, содан кейін Орталық Қазақстанға беттеп, Қарқаралы және Көкшетау, Баянауыл арқылы жүріп, күзде Омбыға оралды. Генерал Г. Х. Гасфорттың өзі жас офицер-ғалымның дарыны мен білімін дұрыс бағаламауға шарасы жоқ еді. 1856 жылдың басында Ш. Уәлихановқа кезекті поручик шені берілді.
Омбыға қайтып келгеннен кейін Шоқан өзінің жинаған материалдарын қорытындылауға кірісіп, сол материалдар негізінде қазақтардың жерді пайдалану, рулық және отбасылық қарым-қатынастары мен ертедегі діни ұстанымы жайлы ресми есеп жазды.
Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбегінің дамып, өркендеуіне кең өріс 1856 жылы ашылды. Ол полковник М. М. Хоментовскийдің басшылығымен ұйымдастырылған ірі әскери-ғылыми экспедицияға қатысты. Экспедицияның мақсаты - қырғыз халқымен танысу және Ыстықкөл алабын топографиялық картаға түсіру еді. Бұл экспедицияға қатысуымыз үлкен абырой болды, - деп жазады Уәлиханов, - және қара қырғыздардың арасында екі ай жүріп, көбінесе олардың аңыздары мен тілін зерттеп, әрқилы пайдалы мәліметтер жинап алдық.
-8-
Шоқанның Петербургке барған кезі 1861 жылғы басыбайлылық тәртіпті жою жөніндегі реформаның қарсаңы еді. Шаруаларды патшаға қарсы үндеген, қоғамды сынаған т.б. Чернышевский, Добролюбов, Некрасов сияқты алдыңғы қатарлы ақын - жазушылардың Современник журналында жарияланған мақалалары Шоқанға қатты әсер етіп, саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына негіз болды.
Петербургте Шоқан достары П. П. Семенов-Тянь-Шаньский мен Ф. М. Достоевскийді кездестіреді және басқа да достарымен араласып тұрады. Бұлардың бәрі оның идеялық жағынан көп толып өсуіне бірден-бір себеп болған. Ресейдің әлеуметтік өміріндегі өзгерістер, орыстың революцияшыл демократтарының пікірлері оның демократтық көзқарасын тереңдете түсті.
Қазақ халқының, әсіресе, оның төменгі тобының ауыр халі мен оның жағдайларына жан ашырлықпен қарап, түсініп көре білді. 1861 жылдың көктемінде денсаулығы төмендеуіне байланысты туған еліне оралды. Ол қазақ халқының тыныс-тіршілігін жақсартып, көмектесуді ойлап, әділеттілікті жақтап, халықтың мұң-мұқтажын түсіне білу мақсатымен Атбасар уезіне аға сұлтан болуды да ойлайды. Сайлауға қатысып, көпшілік дауыс алғанымен, Сібір әкімшілігі оны аға сұлтандыққа бекітпеді. Себебі, демократтық бағыттағы озық ойлы зерттеуші ғалым билеуші топ үшін қауіпті адамдардың бірі еді.
1863-64 жылдары Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысып, бұл реформаның елге тиімді, пайдалы болу жағынан қарастырады. Осы кезде Шоқан "Сот реформасы туралы жазбалар" атты өзінің атақты еңбегін жазды. Оның: Біздің заманымыз халықтың нағыз мұң-мұқтажына тікелей қатысы бар, халыққа ең маңызды, ең керекті реформа - экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформа сол экономикалық реформаларды жүзеге асырудың құралы есебінде жүргізілмек, өйткені әрбір адам және бүкіл адам баласы өзінің өрлеу жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат - өзінің тұрмысын жақсарту.
Прогресс дегеніміздің негізінің өзі - біз осы тұрғыдан алып қарасақ, адамның тұрмысын жақсартуға жағдай туғызатын реформалар ғана керекті де, ал осы мақсатқа қандай болса да кедергі келтіретін реформалар болса, ондайлар халыққа зиянды, керексіз реформа болып табылады" - деп жазды. Бұл пікірдің біздің заманымыздың бүгіні мен ертеңі үшінде қашанда құнды, бағалы болып қала беретініне дау жоқ. Сол кездің өзінде Шоқанның миллиондаған халық тағдырына ерекше жанашырлықпен қарап, мәселенің дұрыс шешілуін армандағанын көрсетеді.
"Бізге, қазақтарға, облыстық бастықтар үстірт қарауды әдетке
-9-
айналдырған", - деп көрсете келіп, Шоқан реформа мәселесіне аса зор жауапкершілікпен қарап, бұған қарапайым (дәулетсіз) қазақтарды қеңінен қатыстырып, олардың пікірлерімен санасу керек екендігін, реформаны ақсүйектер емес, қалың бұқараның тілек-мүддесіне сай жүргізу керектігін талап етеді. Бұл еңбегінде Шоқанның қазақ қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайлары және қазақ халқының болашақ даму негіздері мен жолдарына терең талдаулар бере отырып, ең бастысы өз халқының болашағына үлкен сеніммен қарағанын көреміз. 1864 жылы наурыз айында Ш.Уәлиханов Оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу жөніндегі полковник М.Т.Черняевтің әскери экспедициясына шақырылады. Бірақ, жергілікті халықтарға Черняевтің, оның әскери қызметкерлерінің көрсеткен озбырлығы мен қаталдығына наразы болып, бөлініп кетеді. Верный (қазіргі Алматы 1 қаласына келіп, Албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына тоқтайды. Мұнда да жергілікті тұрғындардың хал-жағдайларымен танысып, аңыз-әңгіме, ертегі-жырлар жинап, зерттеушілік жұмыстарымен шұғылданады. Сол кездегі Батыс Қытайдағы қоғамдық-саяси жағдайдың шиленесуіне байланысты болған дүнгендер көтерілісіне көңіл бөледі. Жұмыс бабымен Қапалға оқта-текте келіп жүген бір сапарында Ш.Уәлиханов әскери газетіне Құлжадағы жағдай, дүнген қозғалыстарына байланысты мақала жариялайды. Демек, қай уақытта болмасын ел ішіндегі жағдайларға ерекше мән беріп отырғанын көреміз.
Ш.Уәлихановтың көп салалы әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық философиялық, ағартушылық, демократтық көзқарастары өз заманының биік деңгейінде болғанын айқындайды.
Шоқан Уәлиханов 1865 жылы сәуір айында қайтыс болды. Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады. Қазіргі Алматы облысы Шоқан атындағы шаруашылықта "Алтынемел" мемориалдық комплексі бар. Шоқан қазасы қазақ елі үшін және оның орыс достарына аса ауыр тиді.
Орыстың географиялық қоғамы басып шығарған (1904) Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик И.И.Веселовский: "Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халықтарының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті", - деп жазды. Шығысты зерттеуші әйгілі ғалым Е.И.Ковалевский Шоқанды "Асқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz