Қазақтың ұлттық дүниетаным ерекшелігі



І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Казақ халқының дүниетанымында алғашқы философиялық, діни және мифологиялық түсініктердің қалыптасуы.
2. Көне түрік жәдігерлеріндегі алғы философиялық ойлар.
3. Қазақ халқының дүниетанымының ерекшеліктері.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген белгісіз түрік бабамыз алдындағы жатқан дүниеге таңғалып, сол жөнінде алғаш рет ойланып, ондағы адамның орны қандай екен деген сұрақты өз алдына қойған кезде, сол сәтте отандық философия бұлағының көзі ашылды деп айтуға да болады. Әрбір халық өз тілінің негізінде өзіне тән дүниесезім мен дүниетанымын қалыптастырады. Олай болса, жер бетінде өз тілінің негізінде қанша халық өмір сүріп жатса, соншалықты дүниетаным, философия болады.
Әлемде әрбір халықтың өзіндік философиялық ойлауы, алғашқы дүние жөніндегі көзқарастары қалыптасып келген. Осыдан сұрақ туындайды: қазақ философиялық ой-өрістің шеңберінде қалыптасқан қандай рухани құндылықтарды халқымыз мақтан етіп, басқа халықтарға ұсына алады? Осы сұрақ бізді отандық философияның өзіне тән ерекшеліктерін іздеп табуға ұмтылдырады.
Менің бұл семестрлік жұмысты жазғандағы мақсатым:
- қазақтың дүниетанымының тарихи ерекшеліктерін айқындау.
Міндетім:
- деректерге сүйене отырып, қазақ халқының философиясының өзіне тән элементтерін, мифологиялық түсініктерін ашып көрсету;
- көне түрік жазбаларындағы дүниетанымдық ойларды айқындау және философиялық ойлаудың қалыптасуындағы қазақ ойшылдарының ықпалын атап өту.
1. Философия тарихы: Оқулық. / Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли.
– Алматы: «Жеті жарғы», 1999. – 288 бет.
2. Философия: Оқулық. / Мырзалы Серік. – Алматы: «Бастау», 2010.
- 644 бет
3. Электрондық ресурстар.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Казақ халқының дүниетанымында алғашқы философиялық, діни және мифологиялық түсініктердің қалыптасуы.
2. Көне түрік жәдігерлеріндегі алғы философиялық ойлар.
3. Қазақ халқының дүниетанымының ерекшеліктері.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

-1-
КІРІСПЕ
Осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген белгісіз түрік бабамыз алдындағы жатқан дүниеге таңғалып, сол жөнінде алғаш рет ойланып, ондағы адамның орны қандай екен деген сұрақты өз алдына қойған кезде, сол сәтте отандық философия бұлағының көзі ашылды деп айтуға да болады. Әрбір халық өз тілінің негізінде өзіне тән дүниесезім мен дүниетанымын қалыптастырады. Олай болса, жер бетінде өз тілінің негізінде қанша халық өмір сүріп жатса, соншалықты дүниетаным, философия болады.
Әлемде әрбір халықтың өзіндік философиялық ойлауы, алғашқы дүние жөніндегі көзқарастары қалыптасып келген. Осыдан сұрақ туындайды: қазақ философиялық ой-өрістің шеңберінде қалыптасқан қандай рухани құндылықтарды халқымыз мақтан етіп, басқа халықтарға ұсына алады? Осы сұрақ бізді отандық философияның өзіне тән ерекшеліктерін іздеп табуға ұмтылдырады.
Менің бұл семестрлік жұмысты жазғандағы мақсатым:
қазақтың дүниетанымының тарихи ерекшеліктерін айқындау.
Міндетім:
деректерге сүйене отырып, қазақ халқының философиясының өзіне тән элементтерін, мифологиялық түсініктерін ашып көрсету;
көне түрік жазбаларындағы дүниетанымдық ойларды айқындау және философиялық ойлаудың қалыптасуындағы қазақ ойшылдарының ықпалын атап өту.
Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшылдардың шығармашылық мұралары, олардың философияға қосқан үлестері, өз ойлары мен өзекті мәселелері жайлы туындылар да баршылық. Атап айтқанда, М.Орынбековтың Ежелгі қазақ дүниетанымы атты монографиясында қазақ жеріндегі көне заманда өткен түркілердің дүниетанымдық негіздері философиялық ұғымдары жайлы пікірлер жазылған.
Халық философиясы тарихының тәуелсіз мемлекет үшін маңызы аса зор. Өйткені өзінің жеке философиясы болмаған елдің дербес рухани тұрмыс пен өркендеуге мүмкіндігі болмай, бөгде тектік факторларға тәуелділігі күшейе түседі. Ұлттық философия тарихын - философияның бір бөлігіне, дәлірек айтқанда, тарих философиясына жатқызуға болады.

-2-
Казақ халқының дүниетанымында алғашқы философиялық, діни және мифологиялық түсініктердің қалыптасуы.
Қазақ халқының философиямен ойлау мәдениетінің шығу тегі көне заманнан басталады.
Басқа халықтардың философиясы сияқты отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандыр, ертегілерден бастайды. Егер аңыздарда бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар, өйткені өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың байлығы болды - ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хиқаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда.
Көне түріктердің түсініг бойынша, бұл Дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүниенің негізін құраушылар - жер, су, от, ауа. Ол неше түрлі қарама-қайшылықтарға толы болып келеді: мысалы, жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, жылы мен суық т.с.с.
Ежелгі түрік бабаларымыз аспанды Тәңір, яғни Жаратқан әлеміне, адамдар мен басқа да өмір сүріп жатқан дүние - Жер мен Су әлеміне, ал өлгендердің панасын - Жерасты әлеміне жатқызған. Оған мысал, Білге қаған мен Күлтегіннің құрметіне тасқа ойылып жазылған ескерткіште Дүниенің бейнеленуі: Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасынан адам баласы жаратылған...
Адамда әуелде қалыптасқан қоршаған ортаға деген тәуелділік, табиғаттың стихиялық күштерінен үрейленуінен Тәңірге, Жер-Суға табыну пайда болса керек; өйткені олардың түсінігінше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсімдіктердің жемістерін азық ретінде сыйлаған.
Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған Әйел Құдай - Ұмай болды. Ол - шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, өнердің қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келеді, ал үндіде оны Үнді құдайы Ұмамен салыстырған, ол да Ұмай сияқты міндеттерді атқарған. Ұмай сөзі бала орны, ана құрсағы сияқты ұғымдармен байланыстырылған. Ұмай балалардың тууында, олардың тағдырында аса маңызды рөл атқарады.
Тувадағы Ұйық өзенінің бойынан табылған түрік ескерткішінде былай деп жазылған: 20 жасымда мен еліммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлік даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менің сүрген өмірім! Мен сендерде тастап кетіп барамын, туыстарым.
-3-
Жас жігіт майдан даласында өліп бара жатып, өмірінің соңғы сәтінде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысына өзі өсіре алмаған кішкене балалар алдындағы кінәсін, туысқандарының артқан үмітін ақтай алмағанын айтады. Мұның өзі туыстық байланыстардың, отбасының, ру мен тайпаның қадірі мен қасиетінің зор маңызы бар екенін көрсетеді.
Аңшылар мен малшылар әлемін әрқилы аңдар, жан-жануарлар жайлап, әртүрлі заттар мен өсімдіктерге, жануарлар құдіретіне сиыну елеулі орын алған. Түріктер әсіресе қасқырды жоғары орынға қойған. Бұл аңның тотемдік сипаты өз көрінісін түрік қағандарының патшалық рәміздерінен тапты: олардың туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың жеке қорғаушыларын бөрілер деп атаған.
Бұл жануардың көне түріктердің негізгі тотеміне айналу себебі сол көшпенділік өмір салтына байланысты болса керек. Өйткені қасқыр жыртқыш аң ретінде малшылардың бағатын табынынан онша алыстамаған, үйірдегі әлсіреген, ауру жануарларды қырып отырған, ал малшылардан аса сақтықты, қырағылықты талап еткен. Өмірде жиі кездесетін аң болғандықтан, малшылар оның мінез-құлқын терең зерттеп, оның батылдығына, сақтығына, үйірлік өміріне және басқа да ұасиеттеріне қарап қайран қалып, сол қасиеттерді өз бойынан табуға тырысқан.
Ежелгі түріктер жерде не суда, тауда не орманда, қайда болсын табиғаттың әрбір бөлшегінде киелі күштер бар деп есептеді. Қазақтардың бүгінгі күнге дейін ағашқа, басқа да нәрсеге жыртыс байлауы, киелі жер деп санауы діннің ғұрпына жатпайды, бұл - сол көне заманнан бері келе жатқан сенім.
Ежелгі түріктер үшін қайырымды рухтар - ата-баба рухтары (аруақтар) болды. Оларға сиынып, құрбандық шалған. Егер адам өлсе, оның аруағына арнап, қырық күн от жағып, өлікті жерлегенде онымен бірге үй заттарын, тағамдарды бірге жерлеп т.с.с. нанымдары қалыптасқан.
Қазақ халқының ұғымында аруаққа сену өте жоғары, қысылған кездерінде әр уақыт аруақты шақырып, құрбандық шалып, сәті түскен іс болса аруақтың көмегі деп білді. Өлген ата-бабаларын түсінде көрсе, аруақ қолдайды деп сенген. Аруақтарға арнап мал сойып тілек тілеген.
Көне бабалар киелі және оған қарсы кесір ұғымдарына жоғары мән берген. Адамдар әдет-ғұрыптарды сақтаса, олардың басына байлық-бақыт орнап құт қонады. Ал әдет-ғұрыптарды сақтамаса, кедейлікке ұшырайды, яғни кесірге айналады деп айтқан.
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде Анахарсисті (Анарысты) айтуға болады.
-4-
Ол осыдан 2,5 мың жыл бұрын өмір сүріп, көне грек ой-өрісінде өшпестей ізін қалдырған.
Геродот айтуы бойынша, Анарыс қара теңіздің солтүстік жағалауын жайлаған тайпалардан шыққан. Ол өнер-білімге құмар, өз Отанының әдет-ғұрыптарын жетік білген атақты адам болған.
Грек философиясында Анахарсисті өздерінің дана жеті бабаларының біруі деп санайды. Олар өздерінің нақыл сөздері арқылы даналыққа ие болды. Анахарсис: Жүзім шыбығы бір шоқ ләззат, содан кейін мастық, соңында жиіркеніштік әкеледі, - деген екен. Бұл нақыл сөздің ішкі сыры әр нәрсенің өлшемін біліп, сақтауда болса керек. Оның ойынша, адам мен адамның айырмашылығы - тілі мен даңқында емес, ол - ақылында. Қызғаныш пен қорқақтық - ең қасиетсіз сезімдер.
Анахарсис грек елінен тәлім-тәрбие алып, өз еліне қайта оралып, сондағы игерген білімін өз еліне қолдануға тырысады. Бірақ оның реформаторлық идеялары қалың бұқараның қолдауын таппай, ақырында оны көре алмаған біреудің қанды жебесінен қазаға ұшырайды. Соңғы демі үзілерде ол: Эллада жерінде мені ақылым қорғап еді, өз елімде қызғаныштың құрбаны болдым, - деген екен.
Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына мифологиялық ертегілері, хайуанаттар жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс салт) ертегілерінің де үлкен әсері болды. Бұл ертегілер өте ерте заманда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерде туған. Қазақ аңыз, ертегілерінің ой туғызар дүниетанымдық тұстары олрдың адамды бірінші орынға қоя білуінде. Мысалы: патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғынуы үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекеттерін қарсы қоятын қиял-ғажайып аңыз-ертегілері осы ізде туған.
Мифологияда ғарыштың құрылымы былай бейнеленеді: жеті қат Жер бар, онда Көктөбе тұр, Көктөбеде Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп тұр. Ғарыш суық әрі шексіз кеңістік емес, адамдық дүниенің мәңгілік кепілі ретінде түсіндіріледі. Адам ғарыштың бір бөлігі болғандықтан, ол қоршаған ортаның түрлі қасиеттері, кескін келбеті, болмысы туралы ой толғамай, бейтарап қала алмайды.
Жалпы, адамзат өркениеттегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдайы көшпелілер мекені мен жапсар өңірлерінде дүниеге келіп отырғаны кездейсоқтық емес. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған.

-5-
Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі еді.
Тәңірлік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болып, өмір салтына айналды.
Мұсылмандық діннің еуроазиялық далада таралуына байланысты көшпелі халықтардың ғарыш туралы түсінігі де өзгерістергі ұшырады. Бұрынғы ескі мұра жоғалып кетпей, ислам космогониясымен тұтасты.
Бұл түсініктер бойынша әлем екі дүниеден: фәни (белгісіздік) және бақидан (мәңгілік) тұрады. Осыған сәйкес азам өмірі шексіз. Фәниден бақиға өту, бұл дүниеден кету дегеніміз жанның бір формадан екінші формаға ауысуы, оның нұрға айналуы.
Адам орасан зор Әлеммен жеке қалса, онда тұлғада күйкілік сезім, жатсыну, бағыныштылық қатынас тууы мүмкін. Сондақтан халықтық дүниетаным ғарышты жат күш ретінде емес, қайта өзіне етене жақын табиғилық шарт түрінде қабылдайды.
Мұсылмандық әлемде Ай діни таңбаға айналған. Ай символикасы мәдени гомогендік дәстурмен тығыз байланысты. Ол аруақтар дүниесімен жалғастыратын белгі болып табылады. Мұсылман зираттарына Ай белгісмін қою ұрпақтар, дәстүрлер сабақтастығын көрсетеді.
Әркімнің жұлдызы - бақытының көрсеткіші. Бұл жерде адам өмірінің шектілігін аңғарып қайғырудан, мәңгілікке қарай ұмтылыс мүмкіндігін жариялау басым тұр. Кеңістік аясындағы мәдениет ғарыш пен дүниені жатсынбай, өзіндік ерекшеліктерін адамдық әлемге қоса білді. Көшпелілердің ғарышты игеру тәжірибесі адамзаттық рухани қозғалыстың терең бір арнасы болып табылады.
Сонымен, философиялық ой-пікір бүкіл дүниежүзілік деңгейде б.з.д. VII-V ғғ. пайда бола бастаған кезде, біздің бабаларымыз да аса кемеңгер дана тұлғаны - Анарысты тудырды. Олай болса, біз сол заманнан бері бүкіл дүниежүзілік рухани көштен қалмай тарихи халықтардың арасында өз орнымызды алдық.
Көне түрік жәдігерлеріндегі алғы философиялық ойлар.
Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділік әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.

-6-
Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қата өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге
табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының арақатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.
Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VI ғасыр хандықтың басқару жүйесін құқықтық негізде құрды. Халықтың құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның Жеті жарғысы деген атқа ие болған ел заңы.
VIII ғасыр басында жазылған аталмыш жәдігерліктер типі XIX-XV ғасырларға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына Қорқыт Ата кітабы мен Оғызнаманы да жатқызуға болады. Олардың өзара желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.
Орхон-Енисей жазбалары Қорқыт Ата кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде тотемдік, аналистік көзқарастар сақталғанмен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымда тұрғыда баяндалатынынан пайымдауға болады. Алайда тотемдік көк бөрі барлық аталмыш жәдігерліктерде орын алып отырады. Сонымен қатар, анимистік көзқарастардың да аз да болса бой көрсетіп қалатынын байқаймыз. Қорқыт Ата кітабы - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, өмір салтын, әдет-ғұрпын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық-тарихи мұра. Оның ішінде 12 түрлі дастан бар және оның әрқайсысы - өзінше аяқталған шығарма.
Қазақстан аймағында алғашқы адамдар тас дәуірінен бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет процессі басталды. Қола дәуірі жалпы тұрғыдан бақташылықтың пайда болуымен, яғни қоғамдағы алғашқы ең үлкен ебек бөлінісімен белгілі. Бұл материалдық мәдениеттің дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш береді.
Сапа санаты қасиет ұғымына алып келді. Ол пәннің басқа заттар мен шындыққа деген қатынасынан туындайды. Ғұндардың өзі заттар мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан қарады. Тайпа көсемін оның сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады. Оның қасиеттері неғұрлым күштілігімен, айлалы көрегендігімен бағаланды. Жастар мен мықтылары сыйлы, ал кәрілері мен әлсіздері керісінше болды. Мұндай теңсіздік сапалардың сандық өлшеуішінің қажеттілігін туғызды.
-7-
Мысалы: Үйсіндерде жылқы көп, ең бай адам 4-5-мың жылқы иеленеді!?!! Демек малшылықтың дамуы сандық айқындылықты дүниеге әкелді. Санның онтопологиялық мінездемесі -кеңістік пен уақыт.
Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталды.
Кеңістік бет-бағдары ежелгі қазақтар есігінің шығысқа бағытталуымен ерекшелінеді. Ғұндар жайлы былай делінген: Шаньюй ертемен қосынан күнге табыну үшін, кешке қарай айға табыну үшін шығады. Ғұндардан қалған бұл дәстүр түріктерге ауысты. Бұл ғұндардың алғашқы түріктер екендігі жайлы болжамды қуаттайды.Киіз үйлерінің есігі әрқашан оңтүстікке ашылған Монғолиядан айырмашылығы осында. Таным бағдарында шығысты құрмет тұтушылық көне тас балбалдардан көрінеді. Тіптен, көне түрік тілінде Шығыс алдыңғы жоқ, батыс (кейінгі) арқа бет, ал оңтүстік-оң, солт-сол жақ болып саналады. Күлтегін ескерткішінде былай делінеді: Ілгері-күншығыс, оңға-түстік, кейін-батыс, солға терістік. Бұл кеңістік орналасуының қатаң тәртібін бекітті.
Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар, үйсіндер және қоңлылардың дүниетанымдық түсініктерінің өзара байланысы нығая түсті. Олар алғашқыда әр алуан еді. Өйткені ғұндар таза егіншілік, ал үйсіндер - жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған. Бүкіл Евразия даласын өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді. М.С. Орынбеков пайымдағандай, мемлекеттілігі әлсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа зор ықпал ететіні белгілі. Әлемді сезіну айқындала түсті. Дүниетаным шарттылығы шынайы, айқын болды. Табиғат қалтқысыз өзіндік табиғи тәртіпке бағынған, ал адам табиғаттың бір бөлігі және төл баласы ғана болып қалды. Әйтпесе де, адамзаттың даму эволюциясына байланысты, еңбектің қолданбалық және жаңғыртушылық қызметін түсінушілік пайда болды. Осы процесс нәтижесінде табиғи ортаны адам қажетіне бейімдеу және оның артынша өңдеу іске асады. Егіншілік, аңдарды қолға үйретуге, жабайы жылқыны қолға үйрету - жалпы малшылық және көшпелі өмір басталды. Бұл өз заманындағы үлкен бір құбылыс болды.
Жалпы, адамзат өркениеттегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдайы көшпелілер мекені мен жапсар өңірлерінде дүниеге келіп отырғаны кездейсоқтық емес.
-8-
Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі еді.
Тәңірлік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болып, өмір салтына айналды. Қазақтар күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі уақытты 5-ке бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. А.Тарақтының материалдарында көрсетілгендей, қазақтар әрбір маусымды өз ішінде 3-ке бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы. Осынау өмір салтының өзегінен бір жылды 12-айға бөлетін таным-түсінінікті бастау тегі аңғарылды. Көшпелілер мәдениеті өзінің 3-мың жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр шығыс елдеріне қарағанда шығармышылық эволюцияны бастан өткерді.
Қ.Ш.Бейсеновтің зерттеулеріне сүйенер болсақ, қауымдық сана қоршаған ортаның ерекшеліктеріне, қауымдық болмыстық тіршілік тынысына байланысты дамып отырды.
Табиғатты игеру барысында адамдардың практикалық іс-әрекеттерін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, қарапайым түсініктер пайда бола бастады. Олардың бәрі қауымдық өмірдің күнделікті тәжірибесін жинақтаудың, танымның, көбінесе сезімдік сатысына тән нәтижелерін қорытудың негізінде дүниеге келді. Қауымдық болмыстың бейнесі-қауымдық сананың негізгі өзекті мазмұнын құрайтын, жеке адамдардың, яғни қауым мүшелерінің мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал жасайтын, реттеушілік атқаратын ой кешу үрдістерінің жиынтығы танымдық тәжірибесі мол, көргені мен көңіліне түйгені көп ру ақсақалдарының құзырында болды. Жазу-сызудың жоқ кезінде ру көсемдерінің ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан тәжірибені зердесіне сақтаған әрі күнделікті өмір сүру процессінің қарапайым қағидаларын тұжырымдап отыруы сол заманға тән заңдылық болатын.
Өмірдің сан алуан салаларындағы соғысқа, шаруашылыққа, тұрмысқа қатысты мәселелерді шешу ақсақалдар кеңесінің үлесінде еді. Олардың шешімдері барлық қауымдастар үшін жазылмаған заң, ал оларды орындамаған адамға қолданылатын ең ауыр жаза қауымнан аластау болатын. Қауымнан тыс қалу жеке адам үшін өлім жазасына кесумен бірдей еді, себебі ол заманның жағдайында жалпы адам өз алдына дербес тіршілік ете алмайтын. Қауымдастықтың өзі саналылықтың нәтижесінде емес, ғұмыр кешудің жандалбаса стихиялық ұмтылсы, жан сақтаудың табиғи түйсікке негізделген мүдделеріне сәйкес қалыптасқан.

-9-
Осы рулық тайпалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақы дүниетанымның алғышарттары
Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі
Ұлт ойындарын балалардың жас ерекшелігіне және қызығушылығына байланысты іріктей білуі
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі
Қазақ мәдениетіндегі күй өнері
Қазақ рухындағы даналық
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
Рухани құндылықтардың қалыптасу ерекшелігі
Бейнелеу өнері пәнін оқытудағы интеграциялау мәселелері
Пәндер