Резинамен оқшауланған күштік кабельдердің типі және қолдану


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Резинамен оқшауланған күштік кабельдерге жалпы сипаттама . . . 4

Күштік кабелдердің классификациясы мен маркировкасы . . . 5

Конструктивтік элементтері . . . 6

Кейбір кабельдердің маркаларының электротехникалық сипаттамалары, пайдалану салалары . . . 11

Қорытынды . . . 15

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 16

Кіріспе

Резинамен оқшауланған күштік кабельдер - стационар қондырғыларда электр энергиясын таратуға және бөлуге арналған. Бұл кезде 50 Гц жиілікті тұрақты токтың номинал кернеуі 0, 66 кВ, немесе 1, 0 кВ.

Кабельдерді климаты бірқалыпты және тропикалық аймақтарда эксплуатация үшін дайындайды.

Резинамен оқшауланған күштік кабельдердің басым бөлігін кіші вольтты кабельдер құрайды. Резинамен оқшауланған күштік кабельдер деп тұрақты орнатылымға арналған кабельдерді атайды. Бірақ, резинамен оқшауланған иілгіш кабельдердің үлкен тобы электр энергиясын тарату және бөлу үшін арналған, сондай-ақ, күштік кабельдерге жатқызылады. Қазіргі шығарылатын күштік кабельдер тұрақты орнату үшін 660 В немесе тұрақты 1, 3, 6 және 10 кВ арналған.

Тұрақты емес орнатылымға арналған резинамен оқшауланған күштік кабельдерге белгіленуі әр түрлі кабельдер тобы жатады, бірақ бұл кабельдердің басым бөлігін 660 В дейінгі иілгіш кабельдер құрайды.

Кабельдер қозғалатын механизмдерді айнымалы немесе тұрақты кернеулі электр желілеріне қосу үшін арналған.

Резинамен оқшауланған күштік кабельдер - стационар қондырғыларда электр энергиясын таратуға және бөлуге арналған. Бұл кезде 50 Гц жиілікті тұрақты токтың номинал кернеуі 0, 66 кВ, немесе 1, 0 кВ.

Кабельдерді климаты бірқалыпты және тропикалық аймақтарда эксплуатация үшін дайындайды.

Кабельдер:

- Құрғақ жерде, теңіз деңгейінен 4300 м биіктікте өзен, көлдерде эксплуатация үшін қолданылады;

- құрғақ және дымқыл бөлмелерде, шахталарда, подвалдарда, ұзақ уақыт бойы суы бар аумақтарда құрастырыла алады;

- вертикаль, көлбеу және горизонталь трассаларға арналған;

- вибрацияға берілген орындарда қолданыла алады.

Резинамен оқшауланған күштік кабельдердің артықшылықтары:

- оқшауламаның иілуі қасиеті жоғары;

- резина оқшауламасының және қабықшасының суға төзімділігі жоғары;

- қабықшаның агрессивті орталарға тұрақтылығы (қышқыл, май)

- қысқа тұйықталу температурасы жоғары.

Кемшіліктері:

- күн сәулеленуіне төзімділігі төмен;

- токөткізгіш желілерінің дөңгелек формасының болуы кабельдің ішкі диаметрінің үлкендігіне алып келеді.

Өнімнің сапасы жоғары болуы - қазіргі технологияларды, дәлдігі жоғары реттеу және өлшеу аспаптарын қолдану арқылы қол жетімді.

Резинамен оқшауланған күштік кабельдердің негізгі артықшылығы - орнату кезінде иілу радиустарын кішірейтуге мүмкіндік беретін иілгіштік қасиеті. Бірақ, электрлік параметрлері бойынша бұндай кабельдер пластмассамен оқшауланған күштік кабельдерге жетпейді. Бұдан басқа, кабельдердің оқшаулағыш қабықтары уақыт өтуімен өздерінің созымдылық қасиеттерін жоғалта бастайды; резинаның ескіруінен физика-механикалық және электрлік параметрлері төмендейді. Резина ескіруі әр түрлі факторлардың әсерінен болуы мүмкін (жоғары температура, озонның, сутегінің, жарықтың болуы және т. б. ) және резина құрамындағы каучуктың қышқылдық бұзылуының салдарынан болуы мүмкін. Осылардың салдарынан қазіргі кезде жоғары кернеулерге резинамен оқшауланған кабельдерді шығаруға мүмкіндік бермейді. Іс жүзінде, резинамен оқшауланған кабельдердің жұмыс кернеулері 35 кВ аспайды, бірақ бөлек шетелдік фирмалар этилен пропиленді резинамен оқшауланған, 66 және 110 кВ кернеулерге арналған кабельдерді шығарады.

1 - Сурет. Резинамен оқшауланған кабель

1 - токжүргізуші желі, 2 - оқшаулама, 3 - резиндалған лента қабаты,

4 - толтырма, 5 - резиндалған лента қабаты, 6 - жұмсақ қабат, 7 - броня,

8 - қорғаныс қабаты.

Зерттеулер көрсетуінше, резинамен оқшауланған кабельдердің тесілуінің себебі ауалық қосулар кезінде резинаның озонмен бұзылуы болып табылады. Сондықтан, жоғары кернеулі кабельдерді дайындау кезінде озонға тұрақты резиналарды, оқшауламада және желіде жартылайөткізгішті экрандар қолдану қажет.

Резинамен оқшауланған кұштік кабельдердің басым бөлігін кіші вольтты кабельдер құрайды.

Күштік кабелдердің классификациясы мен маркировкасы

Күштік кабельдерді номиналды кернеулері бойынша класстарға бөледі. Бұл себептерге сондай-ақ, бұл себептерге оқшаулама түрі және құрылымдық ерекшеліктер жатады.

Номиналды жұмыс кернеу бойынша барлық күштік кабельдерді екі топқа бөлуге болады. Кіші кернеу тобына жататын кабельдер қатарына 50 Гц жиілікті, 1, 3, 6, 10, 20 және 35 кВ айнымалы кернеулерге арналған кабельдер жатады. Бұл кабельдер жерге тұйықталып және тұрақты ток желілерінде де қолданыла алады. Бұндай кабельдер пластмасс және резина оқшауламамен шығарылады, бұдан оқшауламаның перспективті түрі ретінде пластмассты кабель болып табылады.

Резинамен оқшауланған күштік кабельдердің шығарылу саны шектеулі. Кіші кернеулі кабельдер бір желілі, екі желілі, үш және төрт желілі болып шығарылады. Бір және үш желілі кабельдер 1-35 кВ кернеулі желілерде, ал екі мен төртжелілі кабельдер 1 кВ дейнгі кернеулерде қолданылады.

Резинамен оқшауланған күштік кабельдер ГОСТ 22483-77 сәйкес болуы қажет.

Резинамен оқшауланған күштік кабельдер электр желілерінде тұрақты орнату ретінде, 660 В айнымалы немесе тұрақты 1000 В және айнымалы 3, 6 мен 10 кВ кернеуде электр энергиясын тарату мен бөлу үшін арналған.

Кабельдерді тұрақтылығы аз және резинаның жануын таратпайтын ПВХ пластикаттан және қорғасыннан тұратын қабықшалардан дайындалады. Қажет болған жағдайда, монтаж және эксплуатация жағдайларында бронмен қапталып дайындалады. Резиналы немесе ПВХ қабықшалы күштік кабельдер ГОСТ 15150-69 У және Т климаттық орындалу шарттарын қанағаттандырады. Олар қоршаған ортаның -40 0 С - тан +50 0 С температураларында эксплуатацияға арналған, ал қорғасынмен орнатылған кабельдер -50 0 С - тан +50 0 С. Кабель маркасына байланысты желілерде ұзақ жіберілетін температура +65 0 С немесе 90 0 С аспауы тиіс.

Резинамен оқшауланған күштік кабельдердің номенклатурасы 1 - кестеде, ал сортамент 2 - кестеде көрсетілген.

Конструктивтік элементтері

Резинамен оқшауланған күштік кабельдерді алюминий немесе мыс желілерімен дайындайды. Олар ГОСТ 22483-77 сәйкес келуі қажет. 1, 0 - 16 мм 2 қимамен мыс желілер 1 классына; 2, 5 - 500 мм 2 - 2 классына сәйкес келеді.

3 және 6 кВ тұрақты кернеулі кабельдерде тұтынушылардың талаптарына сай, 2 классты, қимасы 1, 5 - 10 мм 2 және 3 классты, қимасы 25 - 35 мм 2 мыс желі рұқсат етілген.

Қимасы 2, 5 - 70 мм 2 алюминий желілер 1 классқа, 95 - 500 мм 2 алюминий желілер - 2 классқа жатады. 2 классқа жататын қимасы 16 - 70 мм 2 алюминий желілер рұқсат етіледі. Қимасы 35 мм 2 дейінгі ток өткізуші желілер үшін ГОСТ 6132-79 бойынша АПТ маркалы алюминий сымдарды, ал қимасы 50 мм 2 және одан жоғары - АПТ немесе АТ маркалы сымдарды қолданады.

1 - Кесте.

Желі кабельдерінің маркасы
Қабықшасы
Қорғаныс қаптамасы
Желі кабельдерінің маркасы: Алюминий
Қабықшасы: Мыс
Қорғаныс қаптамасы:
Желі кабельдерінің маркасы:

АВРБ

(35 2232 2100)

АВРБГ

(35 2232 5100)

АВРБн

(35 2232 3100)

АВРГ

(35 2232 1100)

АВРТБ

(35 2232 0600)

АВРТБГ

(35 2232 0800)

АВРТБн

(35 2232 0700)

АВРТГ

(35 2232 0500)

АНРБ

(35 2234 2100)

АНРБГ

(35 2234 5100)

АНРГ

(35 2234 1100)

АСРБ

(35 2223 2100)

АСРБГ

(35 2223 5100)

АНРБ2лГ

(35 3592 5100)

АСРГ

(35 2233 1100)

Қабықшасы:

ВРБ

(32 2132 2100)

ВРБГ

(32 2132 5100)

ВРБн

(35 2232 3100)

ВРГ

(35 2232 1100)

ВРТБ

(35 2232 0600)

ВРТБГ

(35 2232 0800)

ВРТБн

(35 2232 0700)

ВРТГ

(35 2232 0700)

НРБ

(35 2234 2100)

НРБГ

(35 2234 5100)

НРГ

(35 2234 1100)

СРБ

(35 2223 2100)

СРБГ

(35 2223 5100)

НРБ2лГ

(35 3592 5100)

СРГ

(35 2233 1100)

Қорғаныс қаптамасы:

ПВХ

Резиналы

Қорғасынды

Б типті

БГ типті

Бн типті

-

Б типті

БГ типті

Бн типті

-

Б типті

БГ типті

-

Б типті

БГ типті

Б2лГ типті

-

2 - Кесте. Резинамен оқшаулаулы күштік кабельдердің сортаменті

Резинамен оқшауланған күштік кабельдердің оқшауланған желілерінің құрылымдық мәндері 3, 4 Кестелерде көрсетілген. Айнымалы 0, 66 кВ (1 кВ - тұрақты ток) кернеулерге 3 Кестеде көрсетілген.

3 - Кесте

S, мм 2
Оқшаулама қалыңдығы, мм
Оқшауланған желі диаметрі, мм
S, мм2:

1

1, 5

2, 5

4

6

10

16*

16**

25

35

50

70

95

120

150

185

240

300

Оқшаулама қалыңдығы, мм:

0, 1

0, 1

0, 1

0, 1

0, 1

1, 2

1, 2

1, 2

1, 4

1, 4

1, 6

1, 6

1, 8

1, 8

2, 0

2, 2

2, 4

2, 6

Оқшауланған желі диаметрі, мм:

3, 13

3, 37

3, 76

4, 24

4, 73

5, 95

6, 90

7, 50

9, 19

10, 33

12, 25

13, 85

16, 15

17, 67

19, 68

21, 97

24, 96

27, 79

Желілердің оқшауламасын жарықтан, судан, химиялық орталардан, механикалық әсерлерден қорғау үшін оралған желілердің сыртынан қорғасыннан, ПВХ пластикаттан немесе ГОСТ 16. 0. 505. 015-79 бойынша РШН-2 типті резинадан қабықшаны орайды. Қорғасынды қабықша кабель экраны болып табылады.

Монтаж және эксплуатация шарттарына байланысты кабельдерді ГОСТ 7006-72 бойынша қорғаушы қабықтармен брондалып дайындайды.

Резинамен оқшауланған күштік кабельдердің ішкі диаметрі мен массасы 5 - 7 кестелерде көрсетілген.

4 - Кесте. 0, 66 кВ айнымалы кернеулерге резинамен оқшауланған, ПВХ қабықшалы кабельдердің ішкі диаметрі мен массасы.

Резинамен оқшауланған күштік кабельдерді таңдау және орнатудағы ұсыныстар.

Кабельдерді таңдау оларды орнату мен эксплуатация шарттарына байланысты орындалу қажет. Ыстық беттер бойынша машина залдарында кабельдерді қорғасын қабатымен орнату ұсынылады. Өртке қауіпті бөлмелерде немесе басқа орындарда резина оқшаулаулы күштік кабельдер брондалып орындалуы мүмкін.

5 - Кесте. қоршаған ортаның сипаттамаларына және орнату түрлеріне байланысты Резинамен оқшауланған күштік кабельдерді қолданудағы ұсыныстар.

Орнату түрі
Қолдану аймағы
Ұсынылатын кабельдер маркалары
Орнату түрі: Жерде
Қолдану аймағы: Кабель айтарлықтай созылуға жіберілмейді
Ұсынылатын кабельдер маркалары: АСРБ, СРБ, АВРБ, ВРБ, АНРБ, НРБ
Орнату түрі: Егер кабель айтарлықтай созылмаса, жанудың таралуына тұрақты
Қолдану аймағы: АВРБн, ВРБн
Орнату түрі: Бөлмелердің ішінде, каналдарда, туннельдерде
Қолдану аймағы: Кабель айтарлықтай созылмайды
Ұсынылатын кабельдер маркалары: АСРБГ, СРБГ, АВРБГ, ВРБГ, АНРБГ, НРБГ
Орнату түрі: Кабельге механикалық әсерлер болмаған жағдайда
Қолдану аймағы: АНРГ, НРГ
Орнату түрі: Агрессивті ортада (қышқылда), бірақ кабельге механикалық әсерлер болмаған жағдайда.
Қолдану аймағы: АВРГ, ВРГ
Орнату түрі: Айтарлықтай созылмайтын жағдайда Метрополитенде
Қолдану аймағы: АСРБ2лГ, СРБТ2Лг

Кейбір кабельдердің маркаларының электротехникалық сипаттамалары, пайдалану салалары

АВРТГ, ВРТГ, АВРТБ, ВРТБ, АВРТБГ, ВРТБГ, кабельдері желіде 90 0 С температурасының ұзақ әсеріне төзімді, ал қалған маркалы кабельдер 65 0 С - та тұрақты.

КГ-380

Стандарт ГОСТ 24334-80,

ТУ 16. К09-064-2004

Құрылымы:

1. токжүргізуші желісі бұралған, мыс (КГ, КГ-ХЛ) немесе (КГ-Т) сымдардан тұрады.

2. Қабаты ПЭТ-Э маркалы қабықшадан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрлік кабельдердің түрлері
10 кВ кернеулерге арналған резеңке оқшаулы күштік кабельдер
Байланыс желілері мен сымдар
«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-де №3 цехының электрлік желілерін құрылымдау үшін электрмен жабдықтау жүйесін жасау»
Кабельдерді коррозиядан қорғау кезінде жүргізілетін өлшемдер
Оптикалық кабельдің телекоммуникацияда қолданылуы
Қызылорда қаласының макарон цехын электрмен қамтамасыз ету және электр жабдықтарын пайдалану
Кабель желілерінің зақымдану түрлері
Әуе желілерін монтаждау
Коаксиалды кабель туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz