Бюджеттік құқықтық қатынастар



Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
І. Бюджеттік құқықтық қатынастар
ІІ. Бюджеттік құқықтық қатынастар аясындағы салықтық құқық
ІІІ. Салықтық міндеттемелер
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік – мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін қажет.
Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арасындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес, мемлекеттік бюджеттің жоспары құрылады.
1. Танирбергенова Р.К., Касиенова К.М. құқық негіздері. Барлық бөлімдердің мамандықтарының студенттері үшін семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы, 2010.
2. Алибеков С.Т. Налоговое право Республики Казахстан (Общая и Особенная части): Учебник (Издание 2-е, дополн. и исправл.) – Алматы: 2013. - 991 с.
3. Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть. - Алматы, ТОО «Баспа», — 2001, 272

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
І. Бюджеттік құқықтық қатынастар
ІІ. Бюджеттік құқықтық қатынастар аясындағы салықтық құқық
ІІІ. Салықтық міндеттемелер
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер 11

Кіріспе
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік - мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін қажет.
Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арасындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес, мемлекеттік бюджеттің жоспары құрылады.
Бюджет арнайы экономикалық нысандардан - бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік - экономикалық жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады.

Негізгі бөлім
Бюджеттік құқықтық қатынастар
Мемлекеттік бюджет - мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.
Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың бөлістірушілік сипаты бар, және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Атап өткендей, мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік - мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады.
Мемлекеттік бюджеттің келесідей ерекше белгілері бар:
- қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлістіру қатынастарын жүзеге асыратын экономикалық нысан болып табылады;
- құнды жасау және оны тұтыну процесін жүзеге асыратын матениалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары , қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
- қоғамдық өнімнің тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің кезеңін білдіреді.
Бюджет сонымен қатар мемлекеттің экономикаға араласуының құралы ретінде пайдаланылады және ол көп жағдайда мемлекеттік несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттің сыныпталуының мәні бүгінгі уақытта мемлекеттік бюджетті монополиялық өнімінің бағасын реттеуде айқын білінеді және ол мемлекеттік кәсіпорындардың өнімдерініе бағаны төмендетуде, салық жеңілдіктерін қолдануда және монополиялы кәсіпорындарға субсидия бөлуде айқын көрінеді.
Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына негізделіп қалыптасады.
Бюджеттің бірлігі қағидасы бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай - ақ бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын сипаттайды.
Бюджеттің толықтылық қағидасы - бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді.
Нақтылық немесе реалистік қағидасы жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді.Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде - бір елде дұрыс сақталынбайды.Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады.
Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді.
Осыған орай, мемлекеттік бюджет мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.
Бюджет механизмі (тетіктері) - мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорларының сандық мөлшерін бекіту арқылы, бюджетті орындау барысында қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануды реттеу әдістері мен тәсілдерін бекіту арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі ең біріншіден, ұлттық табыстың 30% жуығын, ішкі жалпы өнімнің - 20%, жалпы қоғамдық өнімнің - 10% бөлістіру арасында анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, қоғамдық қызмет аяларының, мемлекеттің экономикалық аудандарының, аумақтарының арасында бөлістіреді.
Меншік формалары әр түрлі болғандықтан, шаруашылық жүргізуде болжамдық-жоспарлы негіз құру қажет. Шаруашылық жүргізуде бұл әдіс - бюджеттік қатынастардың қалыптасуында негізгі нысан болып табылады. Осы жоспарда мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының жұмсалуы бейнеленеді. Қаржылық жоспар - мемлекеттің қаржылық жоспарының өнімі, себебі онда мемлекеттің еркі бейнеленеді. Қаржылық жоспар мемлекеттің бюджет туралы Заңына сәйкес орындалады.
Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс аясында (өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, сауда салалары) және де материалдық емес өндіріс аясында ( білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, қорғаныс және басқару саласы) үлкен ролді атқарады. Себебі, ол мемлекеттің шаруашылық қызметімен және ұлттық табысты құрумен байланысты.
Бюджеттік құқықтық қатынастар аясындағы салықтық құқық
Бюджеттің негізгі құраушы нысандары - бюджет кірістері және шығыстары. Әрбір бюджетте мәндетті түрде кіріс пен шығыс бөлігін теңестіру қажет. Бюжет балансы (теңгерімділігі) - бұл тепе-теңдік; бюджетті құру барысында мемлекеттің ақшалай қаражаттары мен шығыстарының тепе - теңдік жағдайға келуі басты негізгі сұрақтардың бірі.
Бюджет қаражаттарының шығыс бөлігінің 50% астамы әлеуметтік - мәдени шараларды қаржыландыруға бөлінеді. Қалған қаражаттар мемлкеттік билік, басқару органдарының, құқық қорғау орагандарының сот органдары мен прокуратура органдарын қаржыландыруға жұмсалады. Кірістер мен шығыстары туралы негізгі мәлімет бюджетті ұйымдастыру бөлімінде.
ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру
Бюджеттік құрылымға бюджет жүйесінің құрылуы мен ұйымдастырылуы қағидалары жатады. Ол заң актілерімен бекітіліп, мемлекеттік құрылыммен анықталады.
Бюджетттік құрылымға келесі түсініктер кіреді:
:: Бюджет жүйесі
:: Бюджет құқығы
:: Бюджет үрдісі
:: Бюджеттік реттеу
Бюджеттік құрылым бюджеттің жеке түрлері арасында кірістер мен шығыстардың бөлістірілуін қарастырады. Мемлекеттің тұрақтылығын қалыптастыруда жергілікті бюджет жүйесінің маңызы зор. Оның негізін жергілікті салықтар мен займдар құрайды. Жергілікті бюджет шығындарының басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік шығындарға жұмсалады. Сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын құқықтық реттеу
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАТЫНАСТАР
Бюджеттік құқық
ҚР мемлекеті мен кұкық негіздері
Бюджеттік жүйе
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Қазақстан Республикасының мемлекеттің қаржылық қызметі
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер