Төтенше жағдай кезіндегі білікті медициналық көмек ұйымдастыру


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы:
Төтенше жағдай кезіндегі білікті медициналық көмек ұйымдастыру
Қарағанды 2014 жыл
Жоспар :
- Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну ережесі, оның түрлері мен көлемі;
- Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің
түрлері мен көлемі;
- Тікелей төтенше жағдайлар аймағында немесе оның шекарасында медициналық көмек көрсету түрлері;
- Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну тәртібі;
Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну ережесі, оның түрлері мен көлемі.
1. Жалпы ережелер
1. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну ережесі, оның түрлері мен көлемі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі және «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну тәртібін, оның түрлері мен көлемін айқындайды.
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) апаттар медицинасы қызметі - зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету жолымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының алдын алуға және оларды жоюға және төтенше жағдайлар аймағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу мен төтенше жағдайларды жоюға қатысқандардың денсаулығын қалпына келтіруге арналған күштер мен құралдардың жиынтығы; медициналық-санитариялық жағдайды қадағалау және бақылау бөлімшелері (апаттар медицинасының кезекші - диспетчерлік пункттері), төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық көмек қызметі, денсаулық сақтау жүйесінің шұғыл медициналық көмек ұйымдары, зардап шеккендерге консультациялық-диагностикалық, стационарлық көмек көрсетуге, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуға арналған медициналық ұйымдар, қан қызметі, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары, Азаматтық қорғаныс медициналық қызметінің мекемелері мен құрамалары, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарын жоюға арналған өзге де күштер мен құралдар кіреді;
2) апаттар медицинасының құрамалары - төтенше жағдайлар аймақтарында жұмыс істеуге арналған, төтенше жағдайлар аймақтарында шұғыл медициналық көмек көрсету мен медициналық эвакуациялау үшін құрылатын жасақтар, топтар, бригадалар және басқа да бөлімшелер;
3) төтенше жағдайлар кезінде халыққа шұғыл медициналық көмек - төтенше жағдайлар кезінде шекарада немесе тікелей төтенше жағдайлар аймағында жүзеге асырылатын мақсаты бойынша эвакуациялауды ұштастыра отырып, емдеу-алдын алу іс-шараларының кешенін ұсыну нысаны;
4) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдары - төтенше жағдайлар кезінде туындаған жағдайды сипаттайтын және халыққа медициналық көмектің мазмұнын, көлемі мен ұйымдастырылуын айқындайтын факторлар мен шарттардың жиынтығы. Оның негізгі элементтері: халықтың санитариялық шығындарының шамасы мен құрылымы, олардың қалыптасу заңдылықтары; зақымданғандардың (науқастардың) медициналық көмекке мұқтаждығы, төтенше жағдайлар аймағының (ауданының) санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемиялық жай-күйі, медициналық-санитариялық қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдардың қажеттілігі және олардың болуы; медициналық күштер мен құралдардың жай-күйі; төтенше жағдайларды жою кезінде медициналық және авариялық-құтқару құрамаларының жұмыс жағдайы, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жағдайы және басқалар болып табылады;
5) төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің түрі - медициналық көмек көрсететін тұлғалардың біліктілігімен өткізілетін орны және қолда бар медициналық жарақтардың болуымен айқындалатын емдеу - алдын алу іс-шараларының тізбесі;
6) шұғыл медициналық көмектің көлемі - тіршілік көрсеткіштері бойынша төтенше жағдайлар аймағындағы жағдайдың шарттарына және медициналық эвакуациялау кезеңінің мүмкіндіктеріне байланысты медициналық көмек түрінің шеңберінде орындалатын толық немесе қысқартылған емдеу-алдын алу іс-шараларының жиынтығы.
3. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек
көрсетуді ұйымдастыру.
4. Төтенше жағдайлар кезінде халыққа медициналық көмек төтенше жағдайлардың санатына, сондай-ақ олардың медициналық-санитариялық салдарының сипаты мен ауқымына байланысты ұсынылады.
5. Объектілік төтенше жағдайлар кезінде зақымданғандарға (науқастарға) медициналық көмек көрсетуді күнделікті қызмет режимінде денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
6. Жергілікті, өңірлік және жаһандық төтенше жағдайлар туындаған кезде апаттар медицинасы қызметінің күштері мен құралдары қолданысқа енгізіледі.
7. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек тағайындалуы бойынша медициналық эвакуациялауды үйлестіре отырып, зақымданушыларды (науқастарды) зақымдану сипатына, ауырлық дәрежесіне қарай кезеңдік емдеу әдісімен ұсынылады.
8. Бірінші кезеңде тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның шекараларында шұғыл медициналық көмекті шұғыл медициналық көмек қызметінің, авариялық-құтқару бөлімшелерінің, апаттар медицинасының құрамалары мен Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі, сондай-ақ өзінің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалған жергілікті емдеу мекемелерінің күштері көрсетеді.
9. Екінші кезеңде медициналық көмек төтенше жағдай аймағынан тыс жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
10. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ көлік ұйымдарының қызметкерлері мен материалдық-техникалық құралдары тартылуы және пайдаланылуы мүмкін.
11. Денсаулық сақтау ұйымдарында шұғыл медициналық көмек іс-шараларын жүргізу үшін алдын ала ұдайы әзірліктегі апаттар медицинасы құрамалары құрылады және ұсталады. Апаттар медицинасы құрамаларын құру тәртібін және жұмыс ережесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
12. Төтенше жағдай аймағынан зақымданғандарды (науқастарды) қабылдауды, одан әрі медициналық көмек көрсетуді, емдеу мен медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
13. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің
түрлері мен көлемі
14. Төтенше жағдайлар кезінде зақымданушыларға (науқастарға) медициналық көмек, оны көрсету орнына, оны көрсететін тұлғалардың біліктілігіне және медициналық мүлікпен қамтамасыз етілуіне байланысты дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек түрінде ұсынылады.
15. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің көлемі төтенше жағдай аймағында қалыптасқан медициналық-санитариялық және дағдарысты жағдайға байланысты белгіленген медициналық көмек түрлері шеңберінде толық немесе қысқартылған түрде болуы мүмкін.
16. Тікелей төтенше жағдайлар аймағында және/немесе оның
шекарасында мынадай медициналық көмек көрсетіледі:
1) дәрігерге дейінгі - орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері, парамедиктер, құтқарушылар, шұғыл қызметтің басқа да қызметкерлері, сондай-ақ өзіндік және өзара көмек көрсету тәртібінде өзге де тұлғалар;
2) білікті - жедел медициналық көмек бөлімшелерінің күштері, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың апаттар медицинасы мен медициналық қызметтерінің құрамалары, далалық жылжымалы медициналық әскери бөлімдер мен бөлімшелер, сондай-ақ өздерінің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалған денсаулық сақтау ұйымдарының күштері;
3) мамандандырылған - апаттар медицинасының мамандандырылған құрамалары, сондай-ақ көп бейінді денсаулық сақтау ұйымдары.
Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде
медициналық көмек ұсыну тәртібі
4. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде халыққа медициналық көмек төтенше жағдайдың санатына, сондай-ақ олардың медициналық-санитариялық салдарының сипаты мен ауқымына байланысты ұсынылады.
5. Объектілік төтенше жағдайлар кезінде зақымданғандарға (науқастарға) медициналық көмек көрсетуді күнделікті қызмет режимінде денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
6. Жергілікті, өңірлік және жаһандық төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай режимі енгізілген кезде апаттар медицинасы қызметінің күштері мен құралдары қолданысқа енгізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz