Капиталдың ауыспалы моделі


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І. Бөлім. Капитал туралы түсінік және капитал мәніне теориялық көзқарастар
1. 1. Капитал туралы түсінік . . . 5
1. 2. Капитал мәніне теориялық көзқарастар . . . 9
1. 3. Негізгі капитал және оның қызметі . . . 13
ІІ Бөлім. Кәсіпорынның айналымдық капиталы және ауыспалы айналымы, инвестиция
2. 1. Капиталдың ауыспалы айналымы . . . 16
2. 2. Негізгі және айналымды капитал, негізгі капиталдың тозуы . . . 19
2. 3. Инвестиция өндірісітік қорларды қаржыландыру көзі . . . 20
2. 4. Өндіру уақыты және айналым уақыты. Кәсіпорынның айналымдық қаржысы . . . 21
Қорытынды . . . 23
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 24
Кіріспе
Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай жоне басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да кездерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде "капитал” сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Рас, қандайда бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды.
Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Ақша капиталы жүмыс күші мен ендіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға жұмсалады. Өндіріс процесінде сатып алған факторлар өзара әрекет етеді және жаңа енім өндіреді. Рынокта осы енімдерді сатып, кәсіпкер алдын ала жұмсаған капиталын қайтарып алады. Капиталдың біртіндеп алғашқы жұмсалуы, өндірісте пайдаланылуы, өндірген өнімдерді сату және капиталдың алғашқы нысанға қайтып оралуы капиталдық ауыспалы айналымы деп аталады.
Менің курстық жұмысым «Капиталдың ауыспалы моделі» деп аталады. Курстық жұмыс бөлімнен және бөлмшелерден тұрады. Мұнда бірінші бөлімде капитал туралы түсінік және капитал мәніне теориялық көзқарастар талданса, екінші бөлімде капиталдың негізгі түрлері және қызметі көрсетілген. Ал үшінші бөлімде «Капиталдың ауыспалы айналымы», және өндірістік қорларды қаржыландыру көзі- инвестиция, өндіру уақыты және айналым уақыттары туралы мәліметтер берілген.
Курстық жұмысты жазу барысында А. Б. Темірбекованың «Экономикалық теория» оқулығын, Я. Әубәкіров, М. Есқалиевтардың «Экономикалық теория негіздері» оқылығын, «Микроэкономика» оқулықтарын, сондай-ақ экономика саласы бойынша мерзімді басылымдарды пайдаландым.
І. Бөлім. Капитал туралы түсінік және капитал мәніне теориялық көзқарастар
- Капитал туралы түсінік
Капитал (capital) түсінігін кеңінен қарастырғанда, оны экономикалық игіліктерді көп мөлшерде өндіру мақсатымен құрылатын кез келген ресурс деп айтуға болады. Капиталдың төмендегідей негізгі түрлерін бөліп қарастыруға болады:
Біз талдауымызды жалғастыру үшін, алдымен фирманың сатып алатын капиталы мен басқа да факторларының қалай өлшенетінін анықтап алуымыз керек. Капитал мүлік түрінде, яғни фирманың меншігіндегі зауыттар мен құрал-жабдықтар, құрылғылар санымен өлшенеді. Мысалы, фирманың меншігінде құны 10 млн долл. болатын электр қозгауыштарын жасайтын зауыт бар болса, онда осы фирманың негізгі капиталы 10 млн долл. дейміз. Ал жұмыс күші мен шикізаттар сияқты ондіріс факторлары, сонымен қатар дайын өнім фирманың айналмалы капиталын құрайды.
Мысалы, фирма айына 8000 электр қозғауыштарын жасау үшін сағатына 2 адам күшін және айына 5 фунт (қадақ) мыс пайдаланады дейік. Айнымалы шығындар мен шығарылатын өнім көлемі айналмалы капитал қозғалысының көрсеткіштері болып есептеледі. Жұмысшының тарифтік мөлшерлемесі - сағатына 15 долл., ал мыстың 1 фунтының бағасы - 0, 80 долл. деп алайық. Бүдан жалпы айнымалы шығындар: (2) -(15 долл. ) + (5) • (0, 80 долл. ) = 3 400 000 долл. айына құрайды.
Ал орташа айнымалы шығындар: 3 400 000 долл. : 8000 = 42, 50 долл. болады.
Енді фирма өз өнімінің әр данасын 52, 50 долл. бағасымен сатады деп есептейік. Онда фирманың орташа пайдасы: 52, 50 - 42, 50 = 10, 00 долл. құрайды.
Осыларды ескере отырып жалпы пайданы табамыз. Ол айына 8 долл. құрайды және бұл да айналмалы капитал болады.
Сонымен фирманың 10 млн долл. құрайтын негізгі капиталы оған айына 8 долл. пайда табуына мүмкіндік береді.
Осы зауытқа 10 млн долл. көлемінде қомақты қаржы салу туралы шешім негізделген болды ма, жоқ па? Бұл сұраққа жауап беру үшін пайданы шығындармен салыстырамыз. Зауыт осы түрінде 20 жыл тұрады деп есептейік, онда төмендегідей сұрақ туындайды: бүгінгі айына түсетін 8 доллардың құндылығы 20 жыл барысында қандай болады?
Пайда 20 жыл ішінде 19, 2 долл. құрайды: 8 ■ 20 12 =19, 2 долл.
Бұл осы зауытты салуға арналған күрделі қаржыдан көп, сондықтан құрылысты инвестициялау мүмкіндігі өте пайдалы деп айтуға болады. Бірақ бүгінгі 8 долл. құндылығы 5 жылдан кейін немесе 20 жылдан кейін де осындай бола ма, жоқ па? Енді осыған жауап берейік.
Капиталдың бүгінгі бағалылығы оның болашақта не өндіретініне байланысты, сондықтан болашақтағы табыс ағынын құруды міндетті түрде бүгін ынталандыру қажет. Егер капитал иеленушісі өз капиталын кәсіпкерге пайдалануға берсе немесе өзі кәсіпкер болса, онда белгілі бір уақыт өткеннен кейін ол осы капиталды өсіммен қайтарып алуы керек. Бұл өсімше несие пайызы деп аталады.
Несие пайызы (interest) - капитал иеленушіге оның қаражаттарын белгілі бір уақыт аралығында пайдаланғаны үшін төленетін баға.
Капиталды құру және көбейту үшін ақша каражаттары қажет. Бұл ақша қаражаттары - иивестиция деп аталады. Ал инвестициялау (investment) дегеніміз - капиталды құрау және оны толықтыру.
Инвестициялау мәселелерін шешуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты кеткен шығындар мен жобаны жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстарды салыстыру қажет. Егер жоба үшін несие қаражаттары алынатын болса, онда өзін-өзі өтеудің ішкі нормасы (r) және несие пайызы (i) салыстырылады. Инвестициядан түсетін пайда ең жоғары деңгейге жетеді, егер:
r = і,
мұндағы r -өзін-өзі өтеудің ішкі нормасы;
i - несие пайызы. Мысал келтірейік.
І-Ісспе пайьпыныц
молшерлемееі, %
Өнім шығару көлемі өскенде өзін-өзі өтеудің шекті нормасы 12-ден 3%-ға дейін төмендейді. Инвестициядан түсетін пайда 900 бірлік өнім шығарғанда ең жоғары деңгейіне жетеді. Өзін-өзі өтеудің шекті нормасы шығарылатын өнім көлемінің санына тәуелді және өндіріс ауқымы өскенде азаяды. Бұл көрсеткіш инвестицияга сұранысты анықтайды. Несие пайызының мөлшерлемесі өнім шығару көлеміне тәуелді емес.
Инвестициядан (капитал салымдарынан) түсетін пайданы есептеу үшін төмендегілер қажет:
- капиталдың пайдалы қызмет етуінің мерзімін анықтау;
- табыстың жыл сайынғы үстемесін есептеу. Төмендегідей белгілеулер енгіземіз:
I- инвестициялардың шекті құны;
R - жыл сайынғы табыс өсуіне инвестицияның шекті салымы.
Капитал салымдарының құны тең болады:
1-жылы: R 1 =I (1 +r)
2-жылы: R 2 = I (1 +r) -(1 + r)
Бір жылдық инвестицияның құны тең болады:
I =R 1 ( 1+ r)
Екі жылдық инвестицияның құны:
I =R 2 ( 1+ r) 2
Бұдан инвестицияның п жылдағы құны төмендегідей болады:
I = R1 (1 + r) + R2 (1 + r ) + …+ R n (1 + r) n
Мысал: Күрделі салымдардың шекті құны 200 млн теңге, өзін-өзі өтеудің ішкі мөлшері - 20%. Онда табыстың бірінші жылы көбеюіне салынатын шекті салым: R 1 = I ( 1 + r) = 200 · (1 + 0¸2) = 240 млн теңге болады. Егер несиенің пайыздық мөлшерлемесі - 5% болса, онда таза өтемділік: r - і = 20 - 5 = 15%.
- Капитал мәніне теориялық көзқарастар
Қазақстан Республикасының занына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айлалысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашкы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінід ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы жэне оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде "капитал” сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Рас, қандайда бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл жерде айналым қызметін орындайды.
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда ақшалар капитал бола алады. Мысалы, А - Т - А' . мұндағы А' = А + ΔА ал А ' = А+Δ А ал ΔА- бұл ақшаның алғашқы саласынан арта өсуі. Осы алғашкы құннан өсімшені қосымша құн деп атап, M әрпімен белгілейді.
"Ақша ақша ретінде және ақша капииал ретінде алғашқыда бір бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгегешеленеді".
Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп, өзінің бай тұрғасынан құнды жасайды. Сондай тауарға - жұмыс күші тауары жатады.
Экономикалық теорияда капитал мәніне деген көзқарастар біркелкі емес.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А. Смит (1723-1790 жж. ) пен Д. Рикардо (1772-1825 жж. ) жәане қазіргі белгілі американ экономистері П. Самуэльсон, У. Нордхауздың ойынша, капитал - бұл өндіріс құрал-жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж. ) және ағылшын экономисі Джон Робинсон (1903-1983 жж. ) т. б. капиталды - бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқада көзқарастар бар: капитал - бұл өндіріс аясында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал - бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ онда өндіріс құрал-жабдығы, адамдар және ақшалар да капитал бола алады.
Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К. Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әртүрлі жақты (өзгермелі өндіріс құрал-жабдығында тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан соң капиталды - күрделі ұғым санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданса.
Өзінің басты еңбегі “Капиталда” К. Маркс капиталдың бірқатар анықтамасын берген. Бұл кездейсоқ емес. "Капиталдың"' бірінші томында: капитал - бұл құн бұл өзін-өзі өсіретін құн деп көрсетілген. "Капиталдың" екінші томында: "капитал бұл қозғалыс" екенін дәлелдеген. Капиталдын мәні толыққанды "Капиталдың" үшінші томында ашылған. Ол каппталды заттар жиынтығы (өндіріс құрал-жабдығы) ретінде карастыруды жоққа шығарып, капитал. - бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынастар екенін айтқан.
Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал-жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси экономияның классиктерінен тараған. А. Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д. Рикардо капиталды өндіріс құрал-жабдықтары деп тұжырымдаған, Қазіргі экономистердің еңбектерінде де мұндай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П. Самуэльсон мен Нордхаустың "Экономикс" деген еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, прокат стандары, өндірістік үйлер т. б. жатады. Кейбір зерттеушілер капитал ұгымын ақшамен байланыстырады. Мысалы, Дж. Робинсон "Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы" деген еңбегінде, "Капитал каржыландыру кезі болмай тұрып, ақша сомасы ретіңде танылған", - деп жазды.
Маркстің саяси экономиясының маңызды категориясы ретінде капитал қоғамның бүкіл өндірістік қатынастар жүйесін қамтитын құбылыс ретінде сипатталады, яғни капитал капиталистер мен жұмысшылардың қосымша құнды ендірумен байланысты қатынасын, әрі оны бөлумен байланысты таптар арасындағы қатынастарды қамтиды. Маркс капиталдың жалпы формуласын шығарды. Ақша - Тауар - Ақша осыған орай ол капитал мәңгі қозғалыста болады деген қорытындыга келді. Капиталдың өсуінің көзі капиталистердің ақысыз иемденетін, жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен ендірілетін қосымша қүн болып табылады. Сырт қарағанда капитал мынадай нақты нысандарда орын алады: өндіріс құрал-жабдықтары - өндіргіш капитал нысанда ақша - ақшалай, тауарлар - тауарлы капитал нысанында көрінбекші. Солай дей тұра К. Маркс ақша-тауар және құрал-жабдықтар жеке алғанда капитал болады дегенді айтпайды, олар белгілі бір өндірістік қатынастар құрамында ғана капитал болып саналады, деп білді. Сонымен капиталға деген көзқарас әр қилы, алайда олардын бір мәселеде бірлігі де байқалады, табыс әкелетін кабілеті тұрғысынан капитал меншікпен үндеседі.
1. 3. Негізгі капитал және оның қызметі
«Капитал» түсінігі барлық өндіріс ресурстарын қамтиды: зауыттар, құрал-жабдықтар, темір және басқа жолдар, электр станциялары, шикізаттар, материалдар және т. б. Бұл ресурстар инвестициялық ресурстар болып табылады. «Инвестициялык ресурстар» термині нақты капиталдық тауарларды өндіруді белгілеу үшін пайдаланады (немесе өндіріс құралдарын) .
Кәсіпорындар өз шаруашылық кызметіне пайдаланатын капиталдық тауарлар немесе инвестициялық ресурстар өндірістік қор деп аталады, Өндірістік корлар - бұл кәсіпорынның ұдайы өндіріс кезіндегі жабық кызметіндегі инвестициялық ресурстардың құндық нысанын көрсету.
Материалдық өндіріс саласында қызмет ететін капитал өнеркәсіп капиталы деп аталады. Өнеркәсіпке немесе ауыл шаруашылығына бөлінген ақша өңдірістік объектіні салуға, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, сол сияқты өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдарға жұмсалады. Өнеркәсіп капиталының өндіріс объектілерін, станоктарды, жабдықтарды қамтитын бөлігі өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал деп атайды. Шикізат, материалдар, энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір мезгілде пайдаланылады да, өндірілген өнімге бірден көшеді.
Негізгі капиталдың қызмет етуімен байланысты физикалық және моралдық тозу орын алады. Физикалық тозу процесі негізгі капитал элементтерінің өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сипаттайды. Негізгі капиталдың физикалық тозуына көптеген факторлар әсер етеді. Олар ең алдымен машина мен жабдықтарды пайдалану ұзақтығы мен қарқындылығы, негізгі капиталды пайдаланатын өндіріс технологиясының кұрылымы, атмосфералық ықпал, материалдың өз бойындағы болып жатқан ішкі процестер. Негізгі капиталды пайдалану ұзақтығы мен физикалық тозу дәрежесінің арасында тікелей пропорциялы тәуелділік бар, машиналар мен жабдықтарды пайдалану уақыты ұзақ болған сайын, физикалық тозу дәрежесі де жоғары болады.
Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа, оның қүнсыздануы нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық тозуы орын алады. Негізгі капиталдың моральдық тозуы ең әуелі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуымен байланысты. Моральдық жағынан тозған жабдықтар экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өнімсіз, сондай-ақ оннмен өндірілген өнімдердің бәсеке қабілеті де төмен болады. Моральдық тозған, ескірген жабдықтарды, құралдарды жаңарту белгілі бір бағдарламаға сай жүргізіледі, ол негізгі капиталға деген үлкен шығындарды қажет етеді. Осымен байланысты өндірісті техникалық жаңартуға жұмсалатын күрделі қаржының үлесі ұлғаяды. Дамыған елдерде өңдеуші өнеркәсіпке жұмсалатын қаражат бүкіл күрделі қаржының 60-80 процентін құрайды.
Заттай және моральдық жағынан тозған, ескірген кұралдарға кеткен шығындар амортизациялық жарна арқылы өтеліп отырады (негізгі капитал құнының бір бөлігінің жыл сайын шығарылатын енімге ауысуы) Амортизациялық жарна сомасының негізгі капитал құнына процентпен шаққанда қатынасы амортизация нормасы деп аталады. Ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқынымен, негізгі капиталдың моральдық тез тозуымен байланысты мемлекет заңды жолымен амортизация нормасын көтеріп отырады. Мемлекеттің бұл әрекеті жабдықтардың құнын шығарылатын өнімдерге тез ауыстырып, моральдық ескірген, уақыт талабына сай келмейтін құрал-жабдықтардан құтылуға бағытталған амортизацияны тездету саясаты деп аталады. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында негізгі капиталдың моральдық тозған бөлігін қалпына келтіру қаражаты осы амортизацияны тездету есебінен түседі. Амортизацияны тездету пайдадан көптеген соманы амортизация қорына аударға, сөйтіп қосымша қор жинау келемін арттыруға мүмкіндік береді. Мұның тағы бір ұтымды жері, амортизация қорына белінетін пайда салықтан босатылады.
Өндірісті кең көлемде жалғастыру үшін, кәсіпкер тапқан пайдасының бір бөлігін өзінің тұтынуына емес, өндірісті қаржыландыруға жұмсауы міндетті. Пайданың бір бөлігін үстеме капитал ретінде пайдалануды капиталдың қорлануы деп атайды. Ол тек жеке капиталдың ғана емес, бүкіл қоғамдық капиталдың өсуін сипаттайды. Капиталдың өсуінің тағы бір жолы - оның орталықтануы, бұл фирмалардың бірін-бірі қосып алуы немесе жойып жіберуі нәтижелерінде мүмкін болады. Капиталдың орталықтануынан экономикада қызмет етуші капиталдың жалпы көлемі өзгермейді.
ІІ Бөлім. Кәсіпорынның айналымдық капиталы және ауыспалы айналымы, инвестиция
2. 1. Капиталдың ауыспалы айналымы
Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Ақша капиталы жүмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға жүмсалады (А -Т) . Өндіріс процесінде (9) сатып алған факторлар өзара әрекет етеді және жаңа енім өндіреді. Рынокта осы енімдерді сатып (Т 1 - А'), кәсіпкер алдын ала жұмсаған капиталын қайтарып алады. Капиталдың біртіндеп алғашқы жұмсалуы, өндірісте пайдаланылуы, өндірген өнімдерді сату және капиталдың алғашқы нысанға қайтып оралуы капиталдық ауыспалы айналымы деп аталады. Өнеркәсіп капиталының бүкіл ауыспалы айналымы мына формуламен сипатталады.
ЖК
А - Т < . . . Ө . . . Т' - А 1
ҚЖ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz