Рента қатынастары және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 4

І Бөлім. Ренталар теориясы және аграрлық қатынастар

1. 1. Аграрлық қатынастардың мәні мен ерекшелігі . . . 5

1. 2. Рента және оның түрлері . . . 7

1. 3. Рентаның арендалық шарттағы жағдайы . . . 10

1. 4. Шетелдердегі жер рентасы . . . 11

1. 5. Кен өнеркәсібіндегі рента қатынастары . . . 14

ІІ Бөлім. Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция

2. 1. Рента қатынастарының ауыл шаруашылығы өнімділігіне тиімділігі . . . 16

2. 2. Агроөнеркәсіптік интеграция ауыл шаруашылығын нығайту көзі . . . 17

Қорытынды . . . 21

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 22

Кіріспе

Аграрлы қатынастар экономикалық теория мен практикада ең маңызды әрі күрделі мәселе болып табылады.

Аграрлы деген ұғым латын сөзі («аgгагіа» - жер деген мағынаны білдіреді) . Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік-экономикалық катынастарды аграрлы қатынастар дейміз.

Бұл қатынастардың ерекшелігінің өзі сонда. Көбінесе бұлар экономикалық және табиғи факторлардың өзара іс-әрекетімен, аграрлы еңбек өнімділігін арттырудағы өнеркәсіп ролінің өсуімен анықталады. Сондай-ак, жерді игеру және жерді қолданумен де өте тығыз байланысты.

Менің курстық жұмысым «Рента қатынастары және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі» деп аталады. Курстық жұмыс екі бөлімнен бірнеше бөлімшелерден тұрады.

Бірінші бөлім «Ренталар теориясы және аграрлық қатынастар» деп аталады. Мұнда аграрлық қатынастардың мәні мен ерекшелігі, рента және оның түрлері, І-ші және ІІ-ші дифференциальды ренталар және рентаның арендалық шарттағы жағдайы ашып көрсетілген.

Ал екінші бөлім «Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция» деп аталады. Мұнда рента қатынастарының ауыл шаруашылығы өнімділігіне тиімділігі және агроөнеркәсіптік интеграция ауыл шаруашылығын нығайту көзі деген сұрақтар қаралған.

Курстық жұмысты жазу барысында А. Б. Темірбекованың «Экономикалық теория» оқулығын, Я. Әубәкіров, М. Есқалиевтардың «Экономикалық теория негіздері» оқылығын, «Микроэкономика» оқулықтарын, сондай-ақ экономика саласы бойынша мерзімді басылымдарды пайдаландым.

І Бөлім. Ренталар теориясы және аграрлық қатынастар

1. 1. Аграрлық қатынастардың мәні мен ерекшелігі

Бүкіл халықтық референдумда 1995-ші жылы 30-шы тамызда қабылданған Казақстан Республикасы Конституциясында былай делінген: «Жер және оның койнауы, су көздері, өсімдіктер мен жаңуарлар дүниесі, басқа да табиғип рсесурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ Заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін-» (6 бап, 3 ші пункт) .

Осындай заңға 1995-ші жылы 25-ші желтоксанла қабылданған Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заңын жатқызамыз. Онда жерді иеленудің және жерді қолданудың детальлары дәйектілікпен ашылған. Алдыменен кез келген шаруашылық субьектілерін (ұжымдық немесе жекелеген) қызыктыратын нәрсе ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайының ерекшеліктері. Сондықтан осы срекшеліктерді барынша ашуымыз керек.

Ауыл шаруашылығы өндірісі өнеркәсіп өндірісінен біршама ерекшелігі бар.

Біріншіден, мұнда басты ондіріс құрал-жабдығы жер болып табылады. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі өте шсктеулі. Одан басқа жерлерді: тундра, орман, тау, кұм, су бассейндері. қала және ауылдық тұрғындар қосыны, өнеркәсіп пен транспорт объектілері алады.

Екіншіден, ауыл шаруашылығына жарамды жерлер-табиғи және экономикалық (жасанды) құнарлылығы бойынша бөлінеді.

Үшіншіден, кәдімгі өндіріс құралдарынан: машине, ірі құрылыстар, жабдықтардан жердің айырмашылығы сол, ол қайта өндіруге болмайтын өндіріс құралдары болып табылады. Егер оған қамқорлықпен дұрыстап қараса жақсаруы әбден мүмкін.

Төртіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі процесіне жердің сапасы ғана әсер етіп қоймайды, сондай-ақ табиғи факторлар - ауа-райы, күннің ұзақтығы, жауын-шашын мөлшері және температурадағы кұбылыстар да ықпал жасайды.

Бесіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі циклында сезондық айырмашылық болады. Ауыл шаурашылық өнлірісіндегі сезондылық мәшине мен жабдықтарда қолдануы кері әсерін тигізеді. Ауыл шарушылық мәшинелері тек қана жерде жұмыс істеген кезеңде ғана қолданылады: сонда жылына 20 күндей сеялка, 5-10 күндей, астық жинайтын комбайындар - 10-20 күндей, трактор паркі - 50-60 күндей ғана пайдаланылады. Сондықтан өнеркәсіпке қарағанда, негізгі өндірістік мерзім айналымы әлде қайда жай жүреді. Мұнда ескіні жөндеуге және жаңа ауыл шаруашылығы мәшинелерін алуға қажетті амортизациялық қор баяу калыптасады. Осының барлығы резервтік және сақтандыру корының құрылуын талап етеді. Егін болмағаи жылдары ауыл шаруашылығы өндірушілері банкке несие үшін, ал мемлекетке субсидия үшін қол жаюына тура келеді.

Алтыншыдан, аграрлық қатынастардың тарихы басқа жерді ( мейлі ол оброк, жерде жұмыс істеу немесе арендалық төлем) қолданған үшін ақы төлеудің ерекше экономикалық маңыздылығын барлығын куәландырады.

Жерді қолданғаны үшін төлем арендалық төлемнің мазмұны болып табылады, ал оның экономикалық қайнар көзі дифференциалдық және абсолюттік рента. Жер рентасының осы екі түрі де жерге деген меншіктің экономикалық өткерілуін көрсетеді.

«Жер туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 34-ші баптың 3-ші пункті «Жеке меншік құқығын өткізуде» жер учаскесінің иесі сол жерді уақыгша пайдалануға - жер учаскісін уақытша пайдалану шарты негізде беруге құқылы.

Мемлекет меншігіндегі жерді уақытша пайдалануға беру 38-ші баптың 4-ші пунктіне сай жүзсге асады. Жердің уақытша пайдалануға берілуі «жер учаскісінің арендалық шарты негізінде» жүргізіледі. «Мемлекет жүзеге асыратын жерге деген төлем (8 бап, 4 п. ), жер салығы ретінде немесе арендадық төлем түрінде алынады, ол жер учаскісінің сумен қамтамасыз етілуі және орналасуы, сапасына байланысты анықталады».

Осыдан арендалық төлем (жер рентасы) мәселесін қарастыру маңызды. себебі ол ауыл шаруашылығы өндірісі тиімділіпне кәдімгідей әсер етеді.

1. 2. Рента және оның түрлері

Аграрлы қатынастар құрылымындағы басты экономикалық қатынастарға ренталық қатынастарды жатқызамыз.

Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне жерді арендаға бере отырып, жер иегері бұл үшін белгілі төлем - рента адады. Жер рентасы жер иегеріне арендалық төлем түрінде төленеді. Алайда арендалық төлем мен жер рентасын баламадан (теңестіріп) қарауға болмайды. Арендалық төлем рентаға қарағанда сандық жағынан көптеу. Арендалық төлемге мыналар енді: жер рентасының өзі, жерде салынған үй-құрылыстары мен жабдықтарының амортизациясы, жерге жұмсалған капиталдың пайызы (%), ауыл шаруашылығы жұмыскерлері жалақысының бір бөлігі.

Жер рентасы - жер учаскісін уақытша қолданғанға (пайдаланғанға) төленетін төлем. Осы төлем қосымша құнның арендатор капиталының орташа пайдасынан артық болу есебінен пайда болады.

Мынандай сауал туындайды: мұндай артықтық калай пайда болады? Бұл сауалға дифференциалдық және абсолютті рента құрылуының механизмін талдау арқылы көз жеғкізуге болады.

Дифференциалдық рентаның екі түрі бар: І-ші және II-ші дифференциалдық ренталар. І-ші диффереициалдық рентаның құрылу себебін жерді шаруашылық объектісі ретінде мононолиялау болып табылады. Оның мәнісі мынада: сапалық жағынан жақсы және орташа жер учаскілерін пайдаланған кәсіпкер-арендаторлар, өздерінше жерді шаруашылық объектісі ретінде игереді.

Сондықтан олар (арендалық келісім шеңберінде) оған басқа кәсіпкерлердің қапитал салуына жол бермейді, сөйтіп сапалық жағынан жақсы және орташа жер үчаскесінен монопольды қосымша пайданы табады. Мұндай монополиялық ауыл шаруашылығын өңдеуге жарамды және онымен әртүрлі шаруашылықтың айналысуына жердің шектеулігімен туындаған.

Осы монополиялыққа байланысты ауыл шаруашылығы өніміне баға құрылуының ерекшелігі тән болып келеді, Өнеркәсіпте бағалар өндірістің орташа жағдайымен реттеледі. Ауыл шаруашылығында жер өндіріс құрал-жабдығыың басты элементі болғандықтан, онда бағалар ең нашар жер учаскісіндегі өндіріс жағдайымен және орташа сапалы жерлер саны шектеулі (көптеген жерлер шөл және шөлейтті аймақлтарда, ормаи, тундра. Балшықты, таулы массивтер және с с), сондықтан жақсы және орташа учаскеден алынған өнім көлемі сұранымды жаба алмайды.

Мемлекет нашар (құнарлылығы төмен) жерлерді де айналымға қосуға мәжбүр. Сондықтан өндірістіңц қоғамдық бағасы орташа жермен емес, нашар жермен анықталады. Нәтижесінде жақсы және орташа жер учаскесіндегі еңбек өонімділігінің жоғары болуы кеткен шығындар бірлігін өнімге шаққанда нашар учаскіге карағанда жоғары болады. Сөйтіп , қосымша пайда құралады, оны жер иегерлері дифференциалды рента түрінде иеленеді.

Дифференциалды рентаның қайнар көзі жақсы және орташа сапалы жер учаскесіндегі ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің өнімді еңбегі болып табылады. Нақты мысалмен 1 жәнс П-ші дифференциалды реналардың құрылу механизімін; қарастырамыз: учаскілер табиғи құнарлылығы бойынша әрқалай, ал осы учаскідегі капитал шығындары біркелкі - 100 тг. бірлігінде және орташа пайда шартты түрде 20тг. бірлігіне тең. Капиталды біркелкі шығындағанда, осы учаскіге жұмсаған әрбір еңбек әртүрлі эффект тиімділігін береді: бірінші - учаскінің арендаторы 1 га. 4 центнер алады екіншісі - 5ц., үшіншісі - 6 центнерден. Нәтижесінде бірінші (нашар) учаскідегі 1центнер өнім өндірісінің жеке бағасы (өндіріс шығындары плюс орташа пайда) ең жоіғары - 30 тг. бірлігінде, екіншісінде (орташада ) - 24 тг. бірлігінде және үшіншісінде (жақсысында) ең төменгі 20 тг., бірлігінде болады.

І-ші және ІІ-ші дифференциалды ренталарның құрылу механизмі.

Учаскілер
Капиталға шығындар
Орташа пайда
Егін өнімділігі ц
Өндіріс бағасы 1ц
Барлық өнімнің өндіріс бағасы
Дифференц рента
Учаскілер:
Капиталға шығындар:
Орташа пайда:
Егін өнімділігі ц:
Өндіріс бағасы 1ц:
Барлық өнімнің өндіріс бағасы:
Дифференц рента:
Учаскілер: І нашар
Капиталға шығындар: 100
Орташа пайда: 20
Егін өнімділігі ц: 4
Өндіріс бағасы 1ц: 30 30
Барлық өнімнің өндіріс бағасы: 120 120
Дифференц рента: 0 -
Учаскілер: 2 орташа
Капиталға шығындар: 100
Орташа пайда: 20
Егін өнімділігі ц: 5
Өндіріс бағасы 1ц: 24 30
Барлық өнімнің өндіріс бағасы: 120 150
Дифференц рента: 30 -
Учаскілер: 3 жаксы
Капиталға шығындар: 100
Орташа пайда: 20
Егін өнімділігі ц: 6
Өндіріс бағасы 1ц: 20 30
Барлық өнімнің өндіріс бағасы: 120 180
Дифференц рента: 60 -
Учаскілер: 3-ші учаскіге қосымша қаржы
Капиталға шығындар: 100
Орташа пайда: 20
Егін өнімділігі ц: 8
Өндіріс бағасы 1ц: 15 30
Барлық өнімнің өндіріс бағасы: 120 240
Дифференц рента: - 120

Алайда нарық бұл айырмашылықты мойындамайды және бірдей сапалылықтағы барлық өнім біркелкі рыноктық бағамен сатылады. Ол баға нашар участкі жердегі өндіріс жағдайымен анықталады, яғни 1 центнерге 30 тг. бірлігі келуі керек.

Демек, құнарлығы бойынша І-ші дифференциалды рента - ауыл шаурашылығы өнімі өндірісінің қоғамдық бағасы арасындағы айырмашылыққа тең. Сондықтан ол нашар участкі жағдайымен және олардың ең құнарлы жердегі өндірістің жеке бағасымеи анықталады.

Сондықтан І-ші дифференциалды рента жер участкісікің рыноққа алыс-жақын орналасуымен, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу орынының алшақтығы салдарынан тууы мүмкіи. Өткізу пунктіне жақын орналасқан шаруашылықтар өз өнімдерін біркелкі қоғамдық өндіріс бағасымен сата отырып, қосымша пайда табады - ол орналасуы бойынша І-ші дифференциалды рентаны құрайды.

Егер дифференциалды рента топырақтың табиғи құнарлылығымен байланысты болса, ІІ-ші дифференциалды рента топырақтың жасанды құнарлылығымен байланысты. Ол топырақ құнарлылығын қосымша

капитал жұмсау арқылы жақсартумен түсіндіріледі.

Айталық, үшінші (жақсы) жер участкісіне қосымша 100 тг. бірлігі сапасында капитал жұмсалды делік, ол осы участкінің кұнарлылығын және өнім түсімділігін арттыруға ықпал етеді. Егер бірінші жұмсалған капитал I га. 6 центнер берсе, екіншісі түсімділігін 8 центнерге дейін көтерді.

Сөйтіп, ІІ-ші дифференциалды рента І20тг. (ақша) бірлігіне тең.

Топырақтың экономикалық құнарлылығын арттыру дегеніміз - экстенсивті жерді игерудің орынына интенсивтіліктің келуі. Бұл бұрыннан белгілі участкіге қосымша өндіріс құрал-жабдығы менп еңбекті жұмсау арқылы жүзеге асады. Немесе оны былай түсінеміз: жаңа мәшинені қолдану, өсімдіктің түсімділігі мол сорттарын шығару, тыңайтқыштарды кеңінен пайдалану, мәдени өсімдіктер ауруымен күресу үшін химиялық құралдарды қолдану, суғаратын және құрғататын каналдар салу.

Бұрыннан бар участкіні қосымша қаржылау бірінші қаржылауға қарағанда қосымша пайда әкелуі мүумкін, сосын барып ол ІІ-ші дифференциалды рентаға айналады.

1. 3. Рентаның арендалық шарттағы жағдайы

Арендалық (жалгерлік) шарттың мерзімі біткенше арендатор қосынды пайданы өзі иеленеді. Арендалық қатынастары дамыған елдер практикасы көрсеткендей, үшінші учаскіні арендаға жаңадан бергенде жер меншіккері арендалық төлемге барлық қосымша пайданы енгізеді. Бұл кезде арендалық төлем арендаторға емес, жер иесіне түседі. Сондықтан жер иесі мен арендатор арасында аренда мерзімі үшін күрес жүреді. Арендаторлар мерзімнің ұзақ болғанын қалайлы, себебі олар осы кезде жерге қосымша капитал салады және сол салымның жер участкілерін қысқа мерзімге өткізуге тырысады. себебі жиірек қосынды пайданы ІІ-ші дифференциалды рента түрінде алуға ұмтылады.

Аренда (жалгерлік) мерзіміне күрес жер тиімділігінін дамуына кері әсерін тигізеді. Арендаторлар жерді қысқа мерзімге ала отырып, қосымша капитал шығындарын жұмсаудан бас тартады, бұл болса жерді тиімді игеруге кедергі жасайды. Ауыл шаруашылығы өндірісінде ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін интенсивті қолдану кезінде П-ші дифференциалды рентаның ынталандырушы маңызы барынша артады.

Осы қайшылықты шешу үшін Қазақстан Республикасы «Жер туралы» Заңының 104-бабы 1-пунктінде былай делінген: «Жер участкілерінің меншіктері мен жерді колданатындар топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру бағытындағы шараларды жүргізуге міндетті».

Сондықтан да жер участкілерін арендалау шіартында арендаторлардың арендалайтын жерге қосымша капитал салуына материалдық мүдделілігі ескерілуі қажет.

Арендалық қатынастардың өзінс тән көп жылғы тарихы бар. Жерге жеке меншік пайда болғаи кезде жерге аренда туындаған.

1. 4. Шетелдердегі жер рентасы

Әлемдік қауымдастық елдерінде жерге аренданың негізінен екі түрі бар:

- каииталистік, пайда табу мақсатындағы түрі. Бұл Англия, Бельгия. Голландияда тараған;

- шаруалық, бұл түріндегі жер ұсақ шаруагердің және оның отбасының тұтыну қажеттілігін канағаттандыру үшін арендаланады. Бұл түрі Орта Шығыс пен Латын Америкасы елдерінде кең тараған.

АҚШ-да 150 млн. гектарға дейін жер арендаланады, ал фермерлердің ренталық төлемдері 20 млрд. долларға жетеді. Сондықтан да арендаторлар жер құнарлылығын жақсартуға шығындар жұмсайды.

Әлем қауымдастығындағы дамыған елдердің жерді және жерді қолдануды тиімді пайдалалуы бүгін бір ауыл шаруашылығы жұмыскерінің мұнша адамды асырай алатындығын көрсетеді:

- Белгияда - 100 адамды;

- Англияда - 95 адамды;

- АҚШ-та(да) - 80 адамды;

- Голландияда - 60 адамды;

- Канадада - 55 адамды;

- Германияда - 50 адамды;

- Данияда - 40 адамды;

- Францляда - 40 адамды.

Жер рентасының теориясын К. Маркс толық зерттеген. Дифферециалды рентаның теориясын жасауда классикалық экономикалық теорияның өкілі Давид Рикардо (1772-1823 жж. ) ерекше үлес қосты. Ол дифференциалды рентаның нашар участкідегі ауыл шаруашылығы өнімінің құнымен және ауыл шаруашылығы өнімінің жақсы участкідегі құны арасындағы айырмадан құралатындығын жіктеп берді. Д. Рикардо өзінің дифференциалды рента теориясын топырақ-құнарлығының төмендеу заңымен байланыстырды. Осы заңға сай, жерге еңбек пен капиталдың әрбір қосынды (қосымша) жұмсалуы өндірілетін өнім санының төмендеуімен бірге журіп отырады.

Айталық, фермер шаруашылығында астық өндіреді. Химиялық тыңайтқыштарды қолданбаған кезде бір гектардан 20 ц. өнім алынды. Енді хпмиилық тыңайтқыштарды қолданғанда (басқа факторлар өзгермей тұрғанда) өнім өсе түседі. бірақ үшінші кезде тынайтқышты салуды ұлғайтқанда астық, өнімділігін өсуі төмендеу қарқынымен жүріп, нолге дейіпн жетеді.

Осыны енді мысалмен қарастырайық.

Мысал: «Қайтарымды төмендету заңы»

Тыңайтқыш (мөлшері саны (қап): Тыңайтқыш (мөлшері саны (қап)
0: 0
1: 1
2: 2
3: 3
4: 4
5: 5
6: 6
7: 7
Тыңайтқыш (мөлшері саны (қап): Астық өнімі ц
0: 20
1: 25
2: 35
3: 43
4: 50
5: 55
6: 57
7: 57
Тыңайтқыш (мөлшері саны (қап): Әрбір участкі гектарынан өнімнің өсімі
0: -
1: 5
2: 10
3: 8
4: 7
5: 5
6: 2
7: 0

Кейінірек барлық, «маржинализм» теориясының өкілдері («шекті пайдалылық», «шекті өнімділік», «шекті өндіріс шығыны») осы занды қуаттады. «Экономикс» оқулығының авторлары К. Р. Макконнелл мен С. Л. Брю осы занды «Қайтарымды төмендету заңы» деп атады. Олар «Кайтарымды төмендету заңын» ауыл шаруашылығы емес салаларға да қолдануға болады деп есептеді. Жерге жеке меншіктің болуы кезінде жерге монополиялық жеке меншікте болады, осы жағдай абсолюттік рентаны туғызады. Оның пайда болуының себебі ауыл шаруашылығындағы капиталдың органикалық құрылысының өнеркәсіппен салыстырғандағы тым төмен болуында.

Белгілі жай сол, қосымша құн барлық авансталған капиталмен жасалмайды, тек оның өзгермелі бөлігінен жасалады. Жерге қатысты капиталдың органикалық құрылысы бойымша (тіпті қазіргі ауыл шаруашылығы механизаииясы жоғарғы деңгейдегі елдерде де) ондағы өзгермелі капиталдың үлес салмағы өнеркәсіпке қарағанда әлдеқайда көп. Бұл дегеніміз өнеркәсіпке карағанда, ауыл шаруашылығына салған әрбір капитал бірлігіне қосымша кұн көп өндірілгендігін білдіреді. Алайда қосымша құнның бұл бөлшегі (артығы) қоғамдағы салалалар арасында үлестірілмейді, жерге монополиялық жеке меншіктің болуына байланысты ауыл шаруашылығында қалып қалады. Қосымша құнның бұл бөлшегі барлық участкіден алынған абсолюттік рента түрінде жер иегері иеленеді. Ол жерді иегерлер арендаға берген болатын.

Абсолюттік рента - пайданың орташа пайдадан артық бөлігі және ол барлық участкіде, сондай-ақ жердің сапасы нашар участкісінде де туындайды, ол жақсы және орташа участкіден тағыда қосымша I-ші және ІІ-ші дифференциалды ренталар алынады.

Дифференциалды және абсолютті ренталардан басқа жекелеген кейбір жер участкісінде монополиялық рентаның болуы мүмкін. Оның пайда болуы монополиялық бағамен түсіндіріледі, себебі ондай баға кейбір сирек ауыл шаруашылығы өнімдеріне белгіленеді. . Мысалы, цитрустық өнімдерге және сирек кездесетін пайдалы қазбаларға.

1. 5. Кен өнеркәсібіндегі рента қатынастары

Кен өнеркәсібінде рентаның үш түрі болуы мүмкін: дифференциалды, абсолютті және монополиялы. Сондай-ақ, құрылыс участкісіндегі ренталар да үш түрде бодады. Мұндағы айқыңдайтын басты фактор участкісінің орналасуы болып табылады.

Жер адамның іс-әрекетінің өнімі емес, оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, сондықтан бағасы бар.

Оның бағасы қарыз пайызы мөлшеріне тікелей тәуелділікте болады.

Жер участкісі ақшаның сондай сомасына сатылады, сөйтіп келешекке банкке салынып өзінің иегеріне пайыз түрінде сондай табыс әкеледі. Бұл табыс жердің рента түрінде бергеніндей болады.

Жердің бағасы мынандай формуламен анықталады:

рента х 100

Жер бағасы = қарыз пайызы

Мысалы: айталық, рента = 20 мың. долл., қарыз пайызы = 4 %. онда жердің бағасы мынаған тең:

Жер бағасы = 20 мың долл х 100% 500 мың долл

4%

Бұл жер иегеріне жерді сондай есеппен сатуға ықпал жасайды, сөйтіп қарыз пайызы мөлшерінің (нормасының) 4%-ке тең болғанында жер иегері банкке 500 мың долл. салып, жыл сайын сол бүрынғы жылғы табысты алады.

Жылдық табыс = 50 мың долл х 4% = 20 мың долл.

100

Қазіргі жағдайда жер бағасы өсу тенденциясына ие болуда. Ол жер рентасынын есуімен, жер участкісіне деген бағаның өсуімен түсіндіріледі. Осы аталған жерлерде ерекшеленген ауыл шаруашылық өнімдері өндіріледі және сирек кездесетін пайдалы қказбалар алынады.

ІІ Бөлім. Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция

2. 1. Рента қатынастарының ауыл шаруашылығы өнімділігіне тиімділігі

Әлемдегі дамыған елдер ауыл шаруашылығы өндірісінің машиналы стадияға өтуіне байланысты оның өнеркәсіп, транспорт, саудамен және т. б. интеграциялық байланысы нығая түсті.

Интеграциялық процестің аса маңыздылығына бағаны ХХ-шы ғасырдың 50-шы жылдарында АҚШ Ауыл шаруашылығы Министрлігің. орынбасары Джон Дэвис берген. Ол экономикалық ғылымға алғашқы рет жаңа термин «агробизнесті» ендірді, кейінірек ол жалпылама мойындауға ие болды.

Джон Дэвистің ойынша. « . . . агробизнес барлық фермерлік операцияның жиынтығын құрайды. Оған фермерлік шаруашылықты қамтамасыз ету үшін өндіріс пен өнімді бөлуді қосасыз, табысты максимилизациялау) барынша ұлғайту мақсатымен және рынок сұранымын қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өнімін тасымалдау, сақтау, қайта өңдеу мен бөлуге байланысты барлық операцияларды да қосамыз».

Американ экономистері Джон Дэвис пен Рей Голдберг 1957-ші жылы «Агробизнес тұжырымдамасы» кітабын шығарып, агробизнес теориясының негізін қалаушылар болды. Бұрынғы Одақта ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарында «аграрлы-өнеркәсіптік кешен» (АӨК) термині пайда болды, ол «агробизнес» терминіне пара-пар еді.

Агроөнеркәсіп кешені - бұл ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, оны сактау, өңдеу, тұтынушыға жеткізумен айналысатын халық шаруашылығы салаларының жиынтығы. Сөйтіп, АӨК-ні үш саланы өзіне ендіреді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнес және аграрлық қатынастар
Агроөнеркәсіптік кешендер және агробизнес
Агробизнесті ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Қазақстандағы жер қорын пайдалану
РЕНТАЛАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Жер нарығы
РЕНТАЛАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ
Жер ресурстарын басқару
Жер ресурстары мен жер рентасының теориялық негізі
Жер салығының мәні мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz