Абайдың ақын шәкірті шәкәрім құдайбердіұлы



Кіріспе

1. Негізгі бөлім
Абайдың ақын шәкірті
Өмір шындығын суреттеудің хас шебері
Шәкәрім шығармаларындағы көтерілген
әлеуметтік мәселелер

Қорытынды
Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында қазақ, елінің қоғамдық өміріне, мәдениеті мен өнерінде, ұлттық әдебиетінде аса игі жаңғырулар бой көрсетті десек, бұл тұстағы ұлы Абай бастаған жаңашыл бағыттағы реалистік әдебиеттің даму қарқыны айрықша болды. Халқымыздың аса көрнекті ақындарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы да, міне, осынау өркенді ортада өсіп, ержетті. Ол 1858 жылы ескіше жыл санау бойынша 11 шілдеде қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі - Құдайберді -Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күңке атты бәйбішесінен туған.
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Жеті жасқа келгенде, 1866 жылы әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салады да, Шәкәрім бұдан былайғы уақытта Құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей Абайдың қамқорлығында болады. Шыққан ортасының аса бай дәстүрі мен ақын ағасының тағлымды тәрбиесі табиғатынан зерек те алғыр Шәкәрімнің жетімдік, жоқшылық көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасуына да айрықша ықпал жасайды.
Ұлы Абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп Мұхтар Әуезов былай деп жазады: "... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық мағыналы шәкірттері". Шындығында да Шәкәрім Абайдың ең талантты шәкірттерінің бірі, әрі ең мол мұра қалдырған шәкірті.
Абай шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін қайталамай, өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. Абай өз шәкірттерінің өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. Өзі тақырып беріп жаздырғандары да аз емес. Ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап, бағыт-бағдар беріп отырған.
Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы мектеп, Абайдың ақындық дәстүрі болды. Шәкәрімнің терең мағыналы шығармашыл мұрасының өн бойынан Абайдың реалистік сарыны, көркемдік, эстетикалық танымының әсері үнемі белгі беріп отырады.
Арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп және Абай ағасының басшылығымен жан сарайын байытқан Шәкәрім өз заманында қазақ арасындағы, кала берді, бүкіл Түркістан өлкесіндегі аса білімдар, ойшыл адамдардың бірі атанады. Араб, парсы, түрік тілін білді, орыс тіліне жетік болды.
Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылған барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыдан туып күнім.
Оятқан мені ерте Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін үйренумен
Надандықтың тазарып кетті кірі,
- дейді ақын өзінің "Жасымнан жетік білдім түрік тілін" атты өлеңінде. Бұл арада ақынның білім деңгейінің қаншалықты болғаны айқын аңғарылады. Сонда да болса ақын:
Көп білім жоқ бойымда,
Шын мақтан жоқ ойымда,
- деп, әлі де оқи түссем деген ой-арманынан ажырамайды. Бұл
оның өмірлік нысанасы, сөз өнері әлеміндегі темірқазықтай бағдары болса керек. Сол себепті де оның өз бетімен ізденіп тапқан рухани қазынасы да аз болмаған. Сол арқылы ол өз заманының парасатты азаматы атанған.
1904 жылы Шәкәрімнің ұлы ұстазы Абай қайтыс болады. Осы жылы ол өзінің қос бауыры Ақылбай мен Мағауиядан айырылады. Оның үстіне халыққа бостандық әкеле ме деп үміттенген Росейдегі революция жеңіліске ұшырайды. Замана биігінен, халықтық ауқымда ой толғайтын Шәкәрімге бұл оқиғалар аса ауыр соққы болып тиеді. Ендігі жерде ол айналасындағы тіршілік құбылыстары туралы, тағдыр шырғалаңдары жайында ішкі сауалдарына жауап іздеп, философиялық ойлардың иіріміне беріледі. Білімін кеңейтуге, көп оқуға ден кояды. Үлкен үміт
Әдебиеттер тізімі
1. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі
2. Әбен Е. Дала даналары, Алматы: Қазақстан даму институты, 2001 – 460 б
3. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы: оқу құралы. ІІ кітап, Алматы: Қазақ Университеті, 2002 – 455 б
4. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы, Алматы: Қазақ Университеті, 2002 – 430 б
5. Өзбекұлы С. Қазақстанның саясы құқықтық ой – пікір тарихының өзекті мәселелері, Алматы: «Білім», 2004 – 128 б
6. Уеллер Чарлз. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті, Алматы: Орталықазия тарихи – мәдени зерттеу орталығы, 2003 – 129 б
7. Әбдіғаиұлы Б. Шәкәрімнің жұмбақтары. /Б. Әбдіғазиұлы//Қазақ тілі мен әдебиеті, 2001 - № 12
8. Қалиев С. Алтынсарин Ы. мен Құдайбердіұлыныңдіни тәрбие жөніндегі көзқарастарындағы үндестіктер /С. Калиев// Ұлт тағлымы 2002 - №2
9. Қожамберлиев Б. Шәкәрім философиясындағы рухани болмыс мәселелері / Қожамберлиев Б// Ұлт тағлымы, 2003 - №1
10. Сейсенұлы Д. Шыңғыстау. Шәкәрім Шыңырау / Сейсенұлы Д// Егемен Қазақстан, 2003 – 25 маусым
11. Сейсенова А. Шәкәрім мен Гете поэзиясындағы ғалам суреттері, /Сейсенова А.// Қазақ тілі мен әдебиеті, 2003 - № 10
12. Қамбарбекова Ғ. Үш алып үйлесімі: Ұлы ақын нәр алған үш арна /Қамбарбекова Ғ// Абай, 2004 - № 2

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1. Абайдың ақын шәкірті
2. Өмір шындығын суреттеудің хас шебері
3. Шәкәрім шығармаларындағы көтерілген
әлеуметтік мәселелер
Қорытынды

Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында қазақ, елінің қоғамдық
өміріне, мәдениеті мен өнерінде, ұлттық әдебиетінде аса игі жаңғырулар бой
көрсетті десек, бұл тұстағы ұлы Абай бастаған жаңашыл бағыттағы реалистік
әдебиеттің даму қарқыны айрықша болды. Халқымыздың аса көрнекті ақындарының
бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы да, міне, осынау өркенді ортада өсіп, ержетті.
Ол 1858 жылы ескіше жыл санау бойынша 11 шілдеде қазіргі Семей облысының
Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі - Құдайберді -Абайдың ағасы,
Құнанбайдың Күңке атты бәйбішесінен туған.
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Жеті жасқа
келгенде, 1866 жылы әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салады да, Шәкәрім
бұдан былайғы уақытта Құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей Абайдың
қамқорлығында болады. Шыққан ортасының аса бай дәстүрі мен ақын ағасының
тағлымды тәрбиесі табиғатынан зерек те алғыр Шәкәрімнің жетімдік, жоқшылық
көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде
қалыптасуына да айрықша ықпал жасайды.
Ұлы Абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп
Мұхтар Әуезов былай деп жазады: "... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай,
Мағауия - Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы
өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық мағыналы
шәкірттері". Шындығында да Шәкәрім Абайдың ең талантты шәкірттерінің бірі,
әрі ең мол мұра қалдырған шәкірті.
Абай шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін
қайталамай, өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. Абай өз
шәкірттерінің өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. Өзі тақырып беріп
жаздырғандары да аз емес. Ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап,
бағыт-бағдар беріп отырған.
Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы
мектеп, Абайдың ақындық дәстүрі болды. Шәкәрімнің терең мағыналы шығармашыл
мұрасының өн бойынан Абайдың реалистік сарыны, көркемдік, эстетикалық
танымының әсері үнемі белгі беріп отырады.
Арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп
және Абай ағасының басшылығымен жан сарайын байытқан Шәкәрім өз заманында
қазақ арасындағы, кала берді, бүкіл Түркістан өлкесіндегі аса білімдар,
ойшыл адамдардың бірі атанады. Араб, парсы, түрік тілін білді, орыс тіліне
жетік болды.
Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылған барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыдан туып күнім.
Оятқан мені ерте Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін үйренумен
Надандықтың тазарып кетті кірі,
- дейді ақын өзінің "Жасымнан жетік білдім түрік тілін" атты
өлеңінде. Бұл арада ақынның білім деңгейінің қаншалықты болғаны айқын
аңғарылады. Сонда да болса ақын:
Көп білім жоқ бойымда,
Шын мақтан жоқ ойымда,
- деп, әлі де оқи түссем деген ой-арманынан ажырамайды. Бұл
оның өмірлік нысанасы, сөз өнері әлеміндегі темірқазықтай бағдары болса
керек. Сол себепті де оның өз бетімен ізденіп тапқан рухани қазынасы да аз
болмаған. Сол арқылы ол өз заманының парасатты азаматы атанған.
1904 жылы Шәкәрімнің ұлы ұстазы Абай қайтыс болады. Осы жылы ол
өзінің қос бауыры Ақылбай мен Мағауиядан айырылады. Оның үстіне халыққа
бостандық әкеле ме деп үміттенген Росейдегі революция жеңіліске ұшырайды.
Замана биігінен, халықтық ауқымда ой толғайтын Шәкәрімге бұл оқиғалар аса
ауыр соққы болып тиеді. Ендігі жерде ол айналасындағы тіршілік құбылыстары
туралы, тағдыр шырғалаңдары жайында ішкі сауалдарына жауап іздеп,
философиялық ойлардың иіріміне беріледі. Білімін кеңейтуге, көп оқуға ден
кояды. Үлкен үміт арқалап 1905 -1906 жылдары Меккеге барып қайтады.
"Меккеге барам деп шықтым, - деп жазады Шәкәрім, - ары бара жатқанда
Стамбулда 13 күн болып, келе жатқанда, 13 күн болып, қанша тарих ақтарып,
керек кітаптарды почтамен үйге жіберіп отырдым. Меккенің де, Мәдиненің да
тарихтарын ақтардым, бірак, жол қатынасы жайсыз болып, Египетке баруға
рұқсат ала алмадым. Сол кездері Шығыс, Батыс ғалымдарымен көп сөйлесіп, ой-
пікірлерімен, Шығыс, Батыстың ертедегі ғалымдарының шығармаларымен танысып,
оларды жаздырып алдым. Александр салдырған кітапханада қызмет еткен
ғалымдардан сұрап, керекті кітаптарды жаздырып алдырдым. Абайдың ақыл-
кеңесі болмағанда мен ол жерлерге бармаған да болар едім". Осыған
қарағанда, Шәкәрімнің Меккеге бару сапары ұстазы Абайдың көзі тірісінде
айтқан ақыл-кеңесін іс жүзіне асыру мақсатына арналған. Бұл ақынның санасын
жаңа биікке көтеріп, білім өресін, ой тынысын кеңейткен ізденіс сапары
болды.
1909-1910 жылдар шамасында Шәкәрім елден аулақтап, Шақпақ деген жерде
жалғыз үй өмір сүреді. Ондағы мақсаты өмір бойы жинаған білім қазынасын
оңашада қағаз бетіне түсіру, кейінгі ұрпаққа жеткізу еді. Өзінің "Кейбіреу
безді дейді елден мені" деп аталатын өлеңінде Шәкәрім былай дейді:
Мен жалғыз, сендер елде койдың қалып,
Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып.
Елу бес жинаған қазынамды
Оңашада корытам ойға салып.
1917 жылы төңкерістерден кейін ақын ел ортасына оралып, белсенді
қызметпен айналыса бастайды. Баспасөзде бірқатар мақалалар жариялайды. Жаңа
заманнан жақсылық күтеді. Бірақ көп ұзамай шындыққа көзі жеткен Шәкәрәм
Шақпақтағы үйіне қайтады да, өмірінің соңына дейін сонда болады. Ақын 1931
жылы 2 қазан күні қаза табады.

Өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық, сапарында
Шәкәрім халқына аса мол мұра қалдырып кетті. Осы мұраның ең бір шұрайлы да
көлемді көркем саласы - оның поэзиялық туындылары, әсем лирикасы.
Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ
әдебиетінің шежіресіндегі Абайдан кейін тұрған тұлғалы ақын. Ол ұлы Абайдың
сөз өнеріне деген ықыласы мен пейілін көріп өсті. Содан да болар, ол о
бастан-ақ ақындық, өнердегі өзінің биік нысанасын, асыл мұратын айқын
сезініп қалыптасты. Халықтың мұңын жырлау, адам қасиеттерін қастерлеу оның
шығармаларының алтын арқауына айналды.
Өзінің алдына:
Адамдық борыш, ар үшін,
барша адамзат қамы үшін.
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін,
- деп қатаң серт қояды ақын. Шәкәрім лирика жанрында Абай
қалыптастырған реалистік дәстүрді жемісті жалғастырды. Өз туындыларына өзі
өмір сүрген дәуірдің барлық шындығын тап басып суреттей білді. Ол сол
кездегі қазақ даласынан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-тұрмыстық
жағдайларды жақсы білді. Сол себепті де Шәкәрімнің шыншыл лирикасы сол
дәуірдегі қазақ өмірінің айнасына айналды.
Шәкәрім лирикасының тақырыптық қамту ауқымы өте кең. Ақын мұраларының
ішінде сезімнің нәзік сырларын шертіп, жастықтың жалынды шақтарын мөлдірете
зерлеп берген махаббат лирикасын да, өз заманының бүкіл болмыс-бітімін
барынша сезіне отырып, уакыт пен қоғам, тіршілік пен адам жайында шабыттана
сыр ақтарған саяси-әлеуметтік лирикамен де, даланың әсем көркі мен
жаратылыстың тамаша кұбылыстарын шебер өрнектеген табиғат лирикасын да,
заттар мен құбылыстар, акиқат пен болашак,, тіршіліктің негізі туралы терең
толғанысты ойлар ұсынатын азаматтық, философиялық лириканы да молынан
ұшыратамыз.
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларында жеке адам бойындағы ұсақ-түйек
міндерден бастап, сол кездегі қоғамның саясаты сияқты күрделі мәселеге
дейінгінің бәрі қамтылған. Халық өміріндегі кері тартар кемшілік атаулыға
жүрегі езіліп, бұқараны саналы әрекетке шақырады. Өз тұсындағы байлық пен
мансапты мансұқ етіп, соған жету жолында ел мүддесін құрбан етуге даяр
тоғышарлар мен ұлықтарды, шенқұмар әкімдерді өткір сынға алады. Осының
бәрінде де ол халық бұқарасынан қол үзбейді, Шәкәрім лирикасындағы Абай
дәстүрінің іздері оның өлеңдеріндегі гуманистік, адамгершілік сипаттан да
айқын көрінеді. Шәкәрім өлендеріндегі ең басты нысана - адам. Ол адамды
үнемі жақсылыққа жеткізуге, оның бойында жаңаша қасиеттер қалыптастыруға
ұмтылады. Адамның мінез-құлқындағы салақтық пен еріншектік, жалқаулық пен
мақтаншақтық қасиеттерді сынға алды.
Еріншектен салақтық
Салақтықтан надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық, - дейді ақын.
Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде
жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық
болмысын, бүкіл қазақ қауымының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының
дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды. Өзінің туған жұртының
болашағы үшін жаны ауырып, жүрегі сыздады. Осы сезіммен көптеген жырларын
жазды. Бұл тұста да ол Абаймен Үндесу Ғылымға қол жеткізудің, халықтың
өміріне кішкентай болса да жақсылық жасаудың бірден-бір жолы адал еңбек ету
деп білген данышпан Абай:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім,
- деп білім табуға шакырса, Шәкәрім жырлары да адамды адал еңбекке,
ғылым мен мәдениет үйренуге бағыттайды:
Күні – түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артында адам атың,
- дейді ол.
Абай көтерген әділет идеясы, ар тазалығы Шәкәрім лирикасының да басты
сипаттарының бірі болды. Шәкәрім өзінің лирикалық қаһарманың халқының күні
сияқты жарық, өзі сияқты ойлы болуға шақырады. "Насихат" деп аталатын
өлеңіндегі ойлар соның айғағы:
Сусағанның сусыны бол су сықылды сұп - сұйық,
Бірақ, ондай болма салқын ел көңілін қалдырып.
От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз,
Бірақ ондай махаббатсыз болма өртеп, жандырып.
Ақын өз халқының басындағы кемшіліктерді ең алдымен европалық,
әлемдік ғылым-білімнен шет қалуының салдары деп білді:
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр атаққа,
- деп күйзелді. Бұл тұстағы ақынның түсінігінде оқу мен білім іздеу,
ғылым табу - адамзат баласын нәрлі бастаудан сусындатып, алдыңғы бағытқа
жеткізетін асыл қазына, адам бойындағы жамандықтың тамырына балта шабатын
ең қуатты қару.
Сондықтан да ол қазақ қоғамының сол кездегі сипатын шыншылдықпен
суреттей келе, өмір, болашақ туралы терең ой толғау барысында көзі ашық
көкірегі ояу азаматтардың ел ішінде көп болуын, сол арқылы халқын
сауаттылық сахнасына шығаруды армандады. Әсіресе "Ашу мен ынсап" атты
өлеңінде ақын позициясы айқын көрінеді.
Үйренсе ғылым менен сан өнерін,
Білер еді-ау өнердің не берерін.
Танысса ақын, ойшыл адамымен,
табар еді-ау адалдық ар көмегін,
- деп "Молдалар өзгелерді кәпір дейді" атты өлеңінде әлемдік ғылым
мен мәдениеттің биігіне ұмтылды. Сол жақсылықтарға халқының назарын
аударуға тырысты. Өзге елдер әдебиетінің үздік шығармаларын қазақ тіліне
аудару арқылы осы идеясын жалғастыра түсті.
Қазақ халқының жақсы болашағы туралы ақынның үні 1917 жылғы оқиғалар
кезінде ерекше қуатты естілді. "Бостандық таңы атты", "Бостандық туы
жарқырап", "Қош, жұртым" сиякты - өлеңдерінде ақын қазақты оянуға,
марқаулықтан арылуға шақырды. Бұл кезеңде Шәкәрімге елінің басына тәуелсіз
заман туғандай көрінді, содан үміттенді. Ақынның лирикалық қаһарманы да осы
сарында үн қатты. Шәкәрімнің кейіпкері шарқ ұра ойланады, кемшілік
атаулының себебін, тығырықтан шығудың амалын іздейді.
Мылтық билеп тұрғанда әділет жоқ,
Алдамай-ақ аулақ өл, жарықтығым, - деп ақын қоғам дамуының бүгіні мен
ертеңіне ойшылдықпен көз жібереді. Өмір бойы әділет іздеп өткен Шәкәрім
зорлық пен зомбылық, өзгені қарудың күшімен бағындыру бар жерде адам баласы
ешқашан дегеніне жете алмайтынын айтады. Ол жақсылық пен жамандықтың, дұрыс
пен терістің ара жігін тамаша айырады. Тіпті адамзатты бақытқа жеткізеді
деген ғылымның өзіне кейде сескене қарайды. "Сен ғылымға" атты өлеңінде
Шәкәрім шын иесін таппаған ғылымның аса қауіпті екенін айтады:
Шын залымға берме ғылым,
ол алар да, оқ қылар.
Шәкәрімнің лирикалық қаһарманының бейнелеу ерекшеліктері де көңіл
аударарлық. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де "жүрек", "тіл", "сөз"
ұғымдары мол ұшырасады. Бұлардың қай-қайсысы да кейіпкердің азаматтық
парасатын, адамгершілік тазалығын немесе белгілі бір сәттегі көңіл күйін
дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Ақын "менінің" басындағы сан алуан
сезімдерді, қуаныш пен күйінішті, үміт пен торығушылықты осы ұғымдар арқылы
пайымдай аламыз. Шәкәрім заманының құрдеттілігі оның өлендерінен, ондағы
лирикалық қаһарманның кейде, "тәтті" кейде "ащы", кейде "долы" тілінен
аңғарылып жатады: Көп жағдайда ақынның "мені" "таза жүрек" іздеу жолында
"от жүрегін" қолына ап, "сұм жүректермен" айқасқа шығады, заман әмірімен
аса алмай қалған шақтарында пұшайман күйге түсіп, "дертті жүрекке", "жаралы
жүрекке" айналады. Ашынған сәттерінде Шәкәрімнің "мені"
Мен досыңмын, жау емес,
Еліре берме, қайта ту.
Жүрегім дертті, сау емес,
Сол себепті сөзім у, - деп айғай салады. Бірақ "жартасқа барып, күнде
айғай салып" өткен ұлы Абайдың басындағы хал Шәкәрімде де бар.
Айналасынан оң сөзін ұғар жан таппайды. Сол себепті де ол
өзінің "Ашу мен ынсап" деген өлеңінде:
Айырмайды арасын,
Бұлдыр менен анықтың.
Енді қайда барасың,
Түрі мынау халықтың,
- деп тығырыққа тірелгендей, тіршіліктен торыққандай болады.
Шәкәрімнің азаматтық лирикасының ауқымы өте кең. Негізінен адам, хал,
қоғам сияқты қадау-қадау категория-ларды нысана еткенімен, ол ондағы тарам-
тарам тақырыптардың барлығына дерлік тиянақты зер салып отырды. Оның
адамгершілік, имандылық туралы ойлары ақынның азаматтық үнін, гуманистік
сипатын танытты, Бұл қатарда Шәкәрімнің "Ескіден қалған сөз теріп",
"Насихат", "Мұтылғанның өмірі" атты өлендерді айтуға болады. Адалдық пен
әділдікті жырлауға келгенде Шәкәрімнің даусы аса зор. Ол өз замандастарының
бойындағы кеселдерге жиіркене қарайды.
Адалдың жолы болар заман бар ма,
Жем болдық шын жексұрын надандарға.
Адастың деп отырмын айқай салып,
Бар тапқаным сол болды амал бар ма?
-дейді.
Әдетте Шәкәрімнің азаматтық лирикасына көз жібергенде оның
өлеңдерінде "қазақ" деген сөздің жиі кездесетіні байқалады. Бұл ақынның өз
халқының шеңберінде ғана шектелгенін білдірмесе керек. Абай тәрізді Шәкәрім
де өз халқының мақсат-мұратын бүкіл адамзат арманынан бөлек алып қарамайды.
"Ойласаң, барша адамзат - туған бауыр" деп ұққан ақын өзінің "Анадан алғаш
туғанымда" атты философияға толы өлеңінде: Өзімшіл болма көпті ардақта,
Адамның бәрі - өз халқың, - деп туған жұртына өнеге ұсынады.
Ақын ойларының дәлдігі, Шәкәрім жүрегінің сезімталдығы мен
көрегендігі оның шығармаларын бүгінгі күнмен де үндестіріп, олардың
өміршеңдігін танытып жатыр. Шәкәрімнің өз заманында айтқан терең ойларымен
сырлы сөздері дәл қазір өмірге келгендей сезілетіні бар.
Мәселен, ақынның "Епті тышқан" атты өлеңіндегі мына жолдарды бүгінгі
күннің шындығынан алшақ жатыр дей аламыз ба?
Ойласам, сол тышқандай бұзыктар көп,
Сырты сопы, іші арам қылықтар көп.
Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,
Адалымсып жүретін ұлыктар көп.
Еңбек тақырыбы - Шәкәрім лирикасындағы ең басты тақырыптардың бірі.
Қоғам дамуындағы еңбектің ролі туралы Шәкәрімнің алдында өткен
ағартушылардың барлығы айтқан. Шоқан, Ыбырай, Абай, өнегелерін бойына
сіңірген Шәкәрім де еңбекті адам қасиеттерінің ең тұлғалысы деп білді.
Шәкәрім әлеуметтік прогреске жетудің екі жолы бар, оның бірі сауатсыздықты
жойып, адамдардың оқуға, білім мен ғылымға ұмтылуы, ал екіншісі адал еңбек
ету жолы деп таныды. "Адамдық борышың", "Жолама, қулар, маңайға", "Піскен
мен шикі" сияқты көптеген шығармаларында ақын оның бүкіл адамзат баласының
дамуындағы биік ролі мен тарихи маңызына зер салды. Адам болғаннан кейінгі
ең басты борышың еңбек ету деп түсіндірді.
Мысал үлгісінде жазылған "Піскен мен шикі" өлеңінде анда жүріп елден
көз жазып қалған бай баласы мен кедей баласының іс-әрекеттеріндегі,
қабілеттеріндегі жер мен көктей айырманы ашып көрсетеді. Үлде мен бүлдеге
оранып, қиындық пен таршылықтың не екенін білмей өскен бай баласы
күнделікті тіршіліктің тауқыметінде шыңдалып піскен серігінің тапқырлығының
арқасында ғана елді табады. Шәкәрімнің ұғымында бай баласы шикі де, кедей
баласы піскен. Ақын талаптанып еңбек еткен жан ғана ақылды әрі тапқыр
болады, өмірге бейім келеді деген ой тұжырымын ұсынады.
Ақын шығармашылығының бүкіл өн бойына өзек болып тартылған еңбек
тақырыбы Шәкәрімнің пайымдауынша, барлық жаман әдеттерден арылудың жалғыз
жолы, адамзат баласының алға жылжуының кілті.
Ақ жүрек пен таза ақыл,
Қылсаң адал еңбек.
Бәрінен де сол мақұл,
Артқыға жол бермек.
Арсыздардың арам ойы түкке тұрмай жойылып,
Аяғында хақиұатты бұл үшеуі жеңбек.
Шәкәрімнің "Мен кетемін" деп аталатын өлеңінен келтірілген бұл жолдар
ақынның еңбек тақырыбына, жалпы еңбек мәселесінің адамның өміріндегі
маңызына қаншалықты ден қойғанын, қандай мұрат ұстағанын айқын аңғартып
тұрған жоқ па? Бұл өлеңнен Шәкәрімнің лирикалық мұрасына тән формалық
жаңалық та бой көрсетеді. Ақын өзінің жас кезінде жазған алғашқы жырларынан
бастап-ақ осындай жаңашылдық қасиет танытқан болатын. Шығыстың дәстүрлі
поэзиясынан хабарының және өлең әлеміне, ауыз әдебиетінің үздік үрдістеріне
білімдарлықпен зер сала білудің арқасында Шәкәрім айрықша үлгідегі жауһар
жырлар тудырды. Формалық жаңалығы айқын байқалатын өлендер қатарына ақынның
"Қалжыңшыл қылжақпас", "Достыңыз зор", "Өлген көңіл, ындынсыз өмір", "Бұл
ән бұрынғы әннен өзгерек" сияқты туындыларын жатқызуға болады. Бұл
шығармаларда сыңғырлаған үйлесім, ішкі ұйқас, сөздер үндестігі, дыбыстар
саздылығы мен тілдік бояу-өрнектердің қанықтығы айрықша сезіледі. Сонымен
қатар ақын айтар ойын образды түрде жеткізуде де шеберлік танытады.
Мәселен, "Өлген көңіл, ындынсыз өмір" өлеңінде кездесетін:
Көшейін деп қыбыллап,
Ел қыстаудан козғалды,
Жаралы жүрек жыбырлап,
Жазылмай жалғыз сол қалды, - деген жолдарды оқығанда данышпан Абайдың
әйгілі Татьянасының басындағы жағдайға орай айтқан:

Жас жүрек жайып саусағын,
Талпынған шығар айға алыс,
- деген сөздері еріксіз ойға оралады. Бұл арада "Жаралы жүрек
жыбырлап" деген жаңа тіркес арқылы өлеңнің мәндік бояуы, әсерлілік жағы,
ішкі динамикасы шырқау биікке көтерілген. Ақын мұнда халық әдебиетінің
бейнелі образдары мен сөз өрнектерін дамытып, өзіндік өлшемін ұсынады.
Шәкәрімнің Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырудағы бір жемісті қыры
- оның эстетикалық мәселелер, дәлірек айтқанда, ақындық өнер, өлеңсөз
құдіреті жайындағы пайымдаулары. Бұл тұста ол Абай салған сокпақты, тамаша
әдеби дәстүрді, көркемдік тәсілді басшылыққа алып қана қойған жоқ, өлең
әлемінде, сөз патшалығында өзіндік қолын, өз бағытын табуға ден қойды.
Шәкәрімнің көптеген өлеңдеріндегі ішкі үйлесім, ғажайып үндестік, сырлы
бояу мен жаңаша түр оның осы бағыттағы жемісті ізденісін аңғартады.
Ақынның 1919 жылы жазылған "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" атты
өлеңінде өлең сөздің сиқырын меңгерем деуші талапкерлердің алдында мынадай
биік міндет қойылды:
Ауыр
Осы әнге тауып сөз салмақ.
Тәуір,
Татымды ұйқас жиналмақ,
Тереңнен толғанып.
Сырын
Бұл әннің айтып қарайын.
Түрін Сипаттап тізіп санайын.
Өлең тап ойланып.
Буыны - сегіз,
Алтау, егіз,
Үшем деңіз
Екеуі
Кім дәл басты,
Кілтін ашты,
жақсы ұйқасты
Нешеуі?
Шәкәрімнің өзі де алдына міне, осындай биік талап қойды. Бұл қасиет
ақынның бүкіл лирикалық шығармаларының өн бойынан айқын аңғарылып тұрды.
Сол себепті де Шәкәрімнің лирикалық қаһарманының бейнесі алуан қырлы. Ол
өзінің бойына сол дәуірдің бүкіл болмысын, ел тағдырын, халықтың арман-
тілегін жинақтады. Онда кей сәттерде заман мен қоғам қайшылықтарынан
туындайтын мұң табы да бар. Әйтсе де ол жалаң күйзелу, боркеміктік емес,
үмітке ұласатын өршіл мұң. Оның бойында трагедиялық және оптимистік
қасиеттер қатар жүреді. Осының бәрін Шәкәрім өзінің лирикалық өлеңдерінде
ерекше бір шабытпен өрнектейді.
Махаббат шуағын мадақтаған, жастық қызығын дәріптеген ақын тағы бір
өлеңінде адамды қаусатып, бар құмардан айыратын кәрілікгі даттайды. Адам
ғұмырын кезең-кезеңге бөле сипаттау, сол арқылы тіршіліктің мән-мағынасы
туралы толғану — қазақ поэзиясында тым ертеде қалыптасқан дәстүр,
үйреншікті тақырып. Алайда Шәкәрім бұл ретте де өзіндік үн табады. Кәрілік
— өмірдің өшуі, құмардың тозуы ғана емес, бар тірліктің таусылуы. Берері
жоқ, алары ғана бар, төңірегіне түгел бөгет, сиықсыз, сүйкімсіз. Өзіне
бейнет, өзгеге мысал шақ. Сондықган жас ақын өз сөзін:
Алпыстан ары бармаңдар,
Аңдамай шал боп қалмаңдар,
- деп түйіндейді.
Бұл сөз қырыққа жаңа келсе де:
"Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың — ашыған у, ойың - кермек"
- деп отырған,
"Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан"
- деп отырған ақын ағаның шамына тиеді. Бар кілтипан жас ақынның "кәрілікті
жамандап, өлім тілеуінде" ғана емес еді. Шәкәрімге "алтын иектің" де
салқыны тиген ("Бір сүйіп алтын тамақтан..."), айдаһар жағына баспаса да,
Абай жол ашқан реализмнен аулақтау бағдар аңдалған. Зор талантқа өзгеше
талап қойған аға інісінің тым жеңілдеп кетпеуін ойлаған еді. Әрине, кезінде
ауыр тигені анық. Қазір де ауыр естіледі. Бірақ тек қана пайдаға шықса
керек. Шәкәрім өлең өрісін кеңейте түседі. Білім жолына бас қояды. Қазақ
тұрмысына ғана емес, бүкіл әлем кейпіне ойшыл көзбен қарайды. Бүгінді жете
танып, болашақ сүлбасын аңдайды. Барды байыптап, халық қазынасын жаңаша
таразылайды. Өмірге, қоғамға, санаға өзіндік көзқарасы қалыптасады. Ақыр
түбінде өнердің өзгеше өрісіне шығады.
Шәкәрімнің қазақ рухани өміріндегі жаңаша болмысы оның дінге
көзқарасынан айқын танылады. Әлбетте, Шәкәрім — өз заманының перзенті.
Ұғым, наным, түсінік шектеулі шеңберде. Алайда ақын бас ұрған ақиқат өждан,
шын иман, -"адаспайтын айқын жол" - адамдық, кісілік. "Атақ, пайда іздемей,
— Ойында мақтан жоқ болса, — Қиянатты көздемей, — Қанағатқа тоқ болса", —
пұтқа табынған мәжусидің өзі әулиемен тең. Дүние қуып, пайда іздеген, аддау-
арбаумен күн өткізген молда, "мешітте мың жыл отырса" да, бейіштің есігінен
сығалай алмақ емес. Ақын ұғымында бар кінә иманын малға айырбастаған
молдада ғана жатқан жоқ. Бұл күнде Алланың аяты да, пайғамбардың хадисі де
бұзылған. Бұзған бірді-екілі адам емес, бүкіл қауым. Және дін бұзған, ізгі
уағыз, қасиетті кітап жолынан ауған жалғыз Мұхаммед үмбеті ғана емес.
"Таурат" теріс түсіндіріледі, Зәрдөштің өсиеті ұмытылған. Будданың ілімі
жаңсақ ұғылып, Айсаның айтқандары бұрмаланған.

Бұүл күнде дұрыс иман жоқ,

Шатақ дін нәпсі тыйған жоқ,

Ақылы саудың ойына

Алдамшы діндер сыйған жоқ.

Сонда қандай жолды тандауымыз керек? Ақиқат жолы! - дейді ақын. Бұл —
бәріміз құмарланып, бәріміз мұрат тұтатын шын асыл жар, айнымас серік,
адастырмас жолбасшы. Ал ақиқатқа жетудің амалы — осы заманғы оқу-өнерді
игеру. Жоқтың орнын толтыратын, жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды
бақытқа бөлейтін - ғылым-білім ғана. Шәкәрім қазақ қоғамындағы
кемшіліктерді, қазақ халқының басындағы ауыр халді ең алдымен осы Еуропа
өнер-ғылымынан кенде қалу нәтижесі деп есептейді. "Жер жүзі жабылғанда
білім жаққа, — Қазақ жүр құмарланып құр атаққа..." Осының нәтижесінде алға
озу қайда, күн өткен сайын кері кетіп, елдіктен, кісіліктен айрылып барады.
"Қалың елім, қазағым, қалың жұртым!..." — дейді ақын ағаға үн қосқан
парасатты іні. Болашақты бағдарламақ үшін бүгінгіні бағалау ләзім. Шәкөрім
қазақ халқының дәл сол тұстағы тұрмыс-ахуалын, жай-күйін нақты байыптайды.
Абай бедерлеген өмір суретін кеңейте, айқындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлынің өмірбаяны
Шаһкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері
Шәкәрім шығармалары
Шәкәрім және оның заманы
Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) туралы ақпарат
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «АР ІЛІМІНІҢ» ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘЛІМДІК МӘНІ
Пәндер