XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері



I. Кіріспе бөлім;
1.1 Кіріспе. Пайдаланылған әдебиеттерге шолу.
II. Негізгі бөлім;
2.1 Бірінші орыс революциясы.
2.2 Қазақстан Ресейдегі 1905.1907жылдардағы революция кезеңінде.
2.3 Қазақстан реакция және революциялық жаңа өрлеу жылдарында.
2.4 1917 жылғы өлкедегі Ақпан буржуазиялық.демократилық революция.
2.5 Қазақстанда патша өкіметінің құлауы.
2.6 Қазан социалистік революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
III. Қорытынды бөлім;
3.1 Революциялардың Қазақстанға әсері.
3.2 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
• Ең бірінші кіріспеде менің қарастырған оқулығым, Ермахан Бекмахановтың Қазақ ССР тарихы атты кітабы. Бұл кітапта Қазақстанның ХХ-ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 1905-1907 жылдардағы революция кезеңіндегі Қазақстан, Ұлы Қазан социалистік революциясының жеңіп шығуы және Қазақстанда социализм орнату туралы өте анық, жақсы, толық мәліметтер қарастырылған. Сол себепті де осы оқулықтағы мәліметтерді пайдаландым.
• Келесі, екінші қарастырғаным, ол Ғ.Д Іргебаевтың Қазақстан тарихы атты оқу-әдістемелік құралы. Оқулықтан Буржуазиялық-демократиялық ақпан ревоюциясы, Қазақстан 1917жылғы Қазан төңкерілісі кезінде және Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы жайлы мәліметтерді алған болатынмын.
• Тек қана кітап-оқулықтармен шектелмей, үшінші қарастырған әдебиетім ол - В.И Лениннің 1905, 1917 жылдардағы революциялар туралы баяндамасы. Бұл баяндамада Ленин орыс революциясының тарихын толық баяндап берген.
• Соңғы қарастырған оқулығым - Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Энциклопедияның 1-ші және 4-ші томдарын қарастырдым. Энциклопедияда 1917жылғы ақпан және қазан төңкерістері туралы нақты мәліметтер жазылған.
1 Бекмаханов Е.Б. Қазақ ССР тарихы - Алматы, 1987ж. - б.3-32
2 Іргебаев Ғ.Д. Қазақстан тарихы. оқу-әдістемелік құралы - Алматы, 2010ж. - б.119-138
3 Ленин В.И. 1905жылғы революция туралы баяндама - Қазақ мемлекет баспасы, 1954,1975ж.- 25б.
4 Нысанбаев. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Т:1,4 - Алматы,1998ж. - 720б.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: механика - математика
Кафедра: математика

СӨЖ
Тақырыбы: XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері

Орындаған:Қошқарбаев Н.
Тексерген: Қозыбақова Ф.

Алматы 2013ж.
Жоспар:

I. Кіріспе бөлім;
1.1 Кіріспе. Пайдаланылған әдебиеттерге шолу.
II. Негізгі бөлім;
2.1 Бірінші орыс революциясы.
2.2 Қазақстан Ресейдегі 1905-1907жылдардағы революция кезеңінде.
2.3 Қазақстан реакция және революциялық жаңа өрлеу жылдарында.
2.4 1917 жылғы өлкедегі Ақпан буржуазиялық-демократилық революция.
2.5 Қазақстанда патша өкіметінің құлауы.
2.6 Қазан социалистік революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
III. Қорытынды бөлім;
3.1 Революциялардың Қазақстанға әсері.
3.2 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
* Ең бірінші кіріспеде менің қарастырған оқулығым, Ермахан Бекмахановтың Қазақ ССР тарихы атты кітабы. Бұл кітапта Қазақстанның ХХ-ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 1905-1907 жылдардағы революция кезеңіндегі Қазақстан, Ұлы Қазан социалистік революциясының жеңіп шығуы және Қазақстанда социализм орнату туралы өте анық, жақсы, толық мәліметтер қарастырылған. Сол себепті де осы оқулықтағы мәліметтерді пайдаландым.
* Келесі, екінші қарастырғаным, ол Ғ.Д Іргебаевтың Қазақстан тарихы атты оқу-әдістемелік құралы. Оқулықтан Буржуазиялық-демократиялық ақпан ревоюциясы, Қазақстан 1917жылғы Қазан төңкерілісі кезінде және Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы жайлы мәліметтерді алған болатынмын.
* Тек қана кітап-оқулықтармен шектелмей, үшінші қарастырған әдебиетім ол - В.И Лениннің 1905, 1917 жылдардағы революциялар туралы баяндамасы. Бұл баяндамада Ленин орыс революциясының тарихын толық баяндап берген.
* Соңғы қарастырған оқулығым - Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Энциклопедияның 1-ші және 4-ші томдарын қарастырдым. Энциклопедияда 1917жылғы ақпан және қазан төңкерістері туралы нақты мәліметтер жазылған.

2.1 Бірінші орыс революциясы.
Бірінші Орыс Революциясы - Ресей империясында экономикалық және саяси дағдарыстың салдарынан 1905-07 жылдары болған революция. 1905 жылы 9 қаңтарда Санк-Петербургтегі "Қанды жексенбі" оқиғасынан бастау алған Бірінші орыс революция кезінде елде демократиялық республика орнату, помещиктердің жерін тәркілеу, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, ұлттық теңдікті қамтамасыз ету туралы ұрандар көтерілді. Революция жылдарында 24 мыңнан аса жұмысшылар ереуілдері, 18 мыңға жуық шаруалар көтерілісі болды. Оған 270 әскери гарнизондардың солдаттары мен матростары қатысты. Санкт-Петербург, Мәскеу, Киев, Одесса секілді, т.б ірі қалаларда жұмысшылар кеңестері құрылды. Революцияның өрши түсуі Ресей патшасын 1905 жылы 17 қазанда манифест жариялауға мәжбүр етті. "Бостандық манифесі" атанған бұл құжат конституциялық монархияны заңды түрде бекітті, соның нәтижесінде біршама демократия бостандық негіздері жүзеге асырылды. Мемлекеттік дума шақырылды. Бірінші орыс революция қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының өрлеу, жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді, ал саяси күрес болса, ең алдымен патшаға, отарлық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрінді. Отарлық тәуелділіктегі Қазақ елінің мұқтажын білдірген арыз-тілектер Оралдан, Қарқаралыдан, Жетісудан, т.б. жерлерден келіп түсті. Жетісу облысының Лепсі уездіндегі қазақтары дайындаған петицияға 1000 адам, арнайы делегация арқылы Санкт-Петербургтегі үкімет орындарына тапсырылған Орал және Торғай облыстары қазақтары жазған петицияға 44 адам, ал Қоянды жәрмеңкесінде өмірге келген Қарқаралы петициясына 14,5 мың адам қол қойған еді. Қазақ зиялыларының тікелей арласуы нәтижесінде жазылған бұл петицияларда сол кездегі қазақ қоғамының өмірлік мүддесінен туындаған жалпы демократиялық сипаттағы талап-тілектер баяндалады; қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының идеологиясы тұңғыш рет тұжырымдалды. Осы жылдары қазақ зиялылары патша өкіметіне оппозицияда болған кадеттер партиясының тұғырнамасын жақтап, 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында "Қазақ конституциялық- демократиялық партиясын" құрды. Бірінші орыс революция тұсында Ә. Бөкейханов, Б. Қаратаев, С. Жантөрин кадеттер партиясы құрамына кірді. Сондай-ақ, осы кезеңде "Автономияшылдар одағы" және "Ресей мұсылмандар одағы" атты ұйымдар құрылған болатын. Бұл ұйымдардың да қызметіне қазақ зиялылары атсалысты. Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-07 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды:
:: Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді.
:: Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары қатысты.
:: Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекеттерінен көрінді.
:: Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді. Сөйтіп, 1905-1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты жұмысшылардың бірқатар саяси және экономикалық толқулары болып өтті. Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқа да қалалардың кәсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады. Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей, "бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді". Сол кезеңдегі әкімшілік орындарына түскен мәліметтердің бірінде: "Патша үкімдерінің жариялануынан бері қарай қырғыз жұрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды болмаған құбылыстар байқалуда" - делінген. Қазақ даласында байқалған мұндай құбылыстардың бірі өлкенің барлық елді мекендерінде қазақтардың үлкенді-кішілі жиылыстарының өткізіле бастауы еді. Мұндай жиылыстарда қазақ жұртының көкейтесті мұқтаждықтары талқыланып, ол жөнінде орталық үкімет орындарына тапсыруға петициялар әзірленді. Осылайша қазақ даласындағы саяси күрес патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрініс ала бастады. Қазақтардың орталық билік орындарына тапсырған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша чиновниктерінің тарапынан озбырлық, қиянат, қоқан-лоқы жасалуына наразылық білдірілді. Сонымен бірге өздерінің діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, қазақ арасында оқу-ағарту ісін ретке келтіру және өлкеге салық енгізу сұралды. Отарлық тәуелдіктегі қазақ елінің мұң-мұқтажын білдірген петицияларды жазып, оны тиісті орындарына тапсыру ісі 1905 жылы көктем айларында-ақ қолға алынған болатын. Мәселен, 1905 жылы сәуірдің 2-інде Ақмола қаласындағы Халфин деген қазақ саудагерінің үйінде жиылыс өтіп, Петерборға барып петиция тапсыру үшін арнайы делегация сайлап жіберу мәселесі қарастырылған. Ақмола қаласында өткен осы жиылысқа әкімшілік орындарында тілмаштық қызмет атқарған Серкебаев, Кенжебаев және Сатыбалдиндер басшылық жасаған. Қазақ даласынан петициялар арнайы делегация жіберу арқылы да, сонымен бірге жеделхатпен де жолданған. Петицияларды жазып дайындау ісінің басында негізінен сан жағынан аз болғанымен, саяси күрес қазанында қайнап, жаңадан қалыптасып, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция өкілдері тұрды. Ол жөнінде М. Дулатов: "1905 жылдан бері қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары cенімсіз болып қалды", - деп жазды. 1905 жылы Семей облысы Қарақаралы уезінің Қоянды жәрмеңкесінде 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясына Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Ақбаевтың қатысы болған. Осы петиция туралы және оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған М.Әуезов 1923 жылы жазған "Ахаңның елу жылдық тойы" деген мақаласында: "1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция жіберген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер:
:: Бірінші - жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған.
:: Екінші - қазақ жұртына земство беруді сұраған.
:: Үшінші - отаршылардан орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған.
Петицияларды тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған", - деді. Қазақстандағы революциялық қозғалыстың біршама өрлеуі 1905 жылдың қазан-қараша айларында өткендігі тарихтан белгілі. Өйткені, бұл кезде 17 қазандағы патша Манифесінің жариялануы Қазақстанның көптеген қалаларында көп адам қатысқан жиылыстарға, демонстрацияларға және халықтың қалың тобының бой көрсетулеріне ұштасқан болатын. Бұл туралы Әлихан Бөкейханов былай деп жазды: "Қазақтардың жүріп-тұруы арқасында Манифест қысқа уақытта бүкіл даланың қолына тиді. Жер-жерде қазақтар үлкенді-кішілі съездерге жиналды... Манифесті оқыды, оны түсіндірді, болашақтағы Мемлекеттік Дума сайлауы туралы мәселелерді талқылады. Облыстың ең алыс түкпірлерінен қазақтар топ-топ болып қалаларға барды, онда қала тұрғындары ұйымдастырған қалалық митингілерге қатысты. Орыстар, татарлар, сарттар мен қазақтар бір туысқан от басына қосылып кетті". Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын - Ресей конституциялық-демократиялық партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат - 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді. Осыған байланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екінші съезі өткізілді. Ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады. Сонымен қатар, оған өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу, тағы басқа да талаптар енгізілді. Олардың басында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Сондай-ақ, олар дін ұстану бостандығын жақтап, әсіресе үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді. Ұлттық мәдениетті дамытуды, сонымен қатар, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды талап етті. Міне, осыған орай мұсылман дінбасыларының ықпалы күшті болған Семейде, Петропавлда, Ақмолада, Верныйда және т.б. қалаларда діни ұйымдар пайда болды. Өлке мұсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейе түсті. Жалпы, мұсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы құрамындағы автономиясы және мәдени-автономиялық дамуы туралы мәселе көтерді. Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстан халқының саяси ой-өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді. Мысалы, 1905 жылдың 6 тамызында Мемлекеттік Дума жөніндегі патша Манифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығын берген болатын. Бірақ, бұл құқықтың жартыкештігі байқалды. Өйткені, депутаттарды сайлау барысында ұлттардың ара салмағы есепке алынбады. Сондықтан, қазақ зиялылары мұндай әділетсіздікті түзетуге біршама әрекет жасап көрді. Нәтижесінде, қазақ халқы Мемлекеттік Думаға әр облыстан бір депутаттан ғана сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп, Қазақстаннан бірінші Мемлекеттік Думаға барлығы 9 депутат, оның ішінен 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов және Б.Құлманов сайланды. Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты. Бұл фракцияның заң жобасы ретінде дайындаған ең басты құжаты аграрлық мәселеге байланысты еді. Мұсылмандар фракциясы жер мәселесіндегі аграрлық тұжырымдаманы мұсылмандар партиясының бағдарламасы негізінде ұсынды. Ал барлығы 72 күн ғана жұмыс жасаған бірінші Мемлекеттік Дума 1906 ж. 9-шілде күні үкімет шешімімен таратылды. Дәл сол күннің кешінде Думадағы оппозицияның 182 өкілі) Выборг қаласында (Финляндия) жиналып, Манифест дайындап, оған өздерінің қолдарын қойды. Олардың арасында Ә.Бөкейханов та бар еді. Сол үшін ол келесі Думаға сайлану құқығынан айрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге жауапқа тартылып, абақтыда отырып шығады. Сөйтіп, халық бұқарасының назарын алаңдату үшін шақырылған бірінші Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды. Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905 жылдың 6 тамызындағы және 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов - Ақмола облысынан, би Х.Нұрекенов - Семей облысынан, адвокат Б.Қаратаев - Орал облысынан, сот тергеушісі А.Бірімжанов - Торғай облысынан, Т.Алдабергенов - Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев - Жетісу облысынан сайланды. Екінші Дума депутаттарының құрамы жағынан болсын, күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылау жағынан болсын бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болған-ды. Негізгі пікір тартысын тудырған мәселелердің бастысы аграрлық және қоныс аудару мәселесі болды. Әсіресе, депутаттар Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Ш.Қосшығұлов, Х.Нұрекенов өте белсенді түрде, заң шеңберінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ықпал етуге тырысты. Мәселен, 1907 жылы 17 мамырда депутаттық сауалға байланысты жарыссөзде депутат Б.Қаратаев сөйледі. Ол өзінің сөзін қазақ халқы үшін ең маңызды іске айналған жер мәселесіне арнады: "Үкімет, біріншіден, Ресей ішіндегі помещиктер мүддесін, яғни, 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін" жерсіз орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып әперіп отыр. Екіншіден, үкіметтің бұл саясаты ашықтан-ашық ұлы державалық, шовинистік негізде жүргізілуде. Соның нәтижесінде жерге орналастыру мекемелері қазақтарды "орныққан орындарынан, поселке, деревня құрап отырған үйлерінен жаппай қуып шығумен айналысып отыр". Әрине, бұл сөз іс жүзінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатын жергілікті халықтың атынан әшкерелеу еді. Б.Қаратаев орыс халқының еңбекші бұқарасы мен зиялы қауымын қазақ елінің осындай ауыр жағдайына көңіл аударуға шақырды. Патша үкіметі 1907 жылдың 3-маусымында шығарған заңымен екінші Мемлекеттік Думаны да таратып жіберді. Бұл құжат, сонымен бірге, сайлау Заңына өзгерістер енгізді. Патша үкіметі Қазақстан мен Түркістанда пәрменді отарлау саясатын жүргізе отырып, Думада бұл аймақтардан депутаттардың болмағанын өзіне қолайлы деп тапты. Сонымен, қазақ депутаттары қатынасқан бірінші және екінші Думалар қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындай ешқандай заңдар қабылдаған жоқ. "3-маусым Заңының" өмірге келуімен бірге, қазақ зиялыларының Думаға артқан үміті де біржола сөнген еді. Дегенмен, "3-маусым Заңы" қазақ зиялыларын Дума арқылы жүргізуді көздеген саяси күрестен біржола ығыстыра алған жоқ. Олар Думадан тыс қала отырып, құрамы жағынан алғашқы екі Думадан анағұрлым консервативті, ұлыдержавалық бағыттағы үшінші Дума шеңберінде де мұсылман фракциясы, сібірлік депутаттар, солшыл кадеттер және басқа да одақтастары арқылы патшалықтың қазақ жеріндегі отарлау саясатына, "3-маусым Заңына" қарсы әрекеттерін тоқтатпады. Ал, жалпы алғанда, сол кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бұрын таратылған патша үкіметінің бірінші және екінші Дума жұмысына және оларға қатысты саяси шараларға қатысуы, әрине, олар үшін үлкен өмір мектебіне айналып, белгілі деңгейде өзіндік із қалдырды. Олар, біріншіден, империя жағдайында Дума сияқты "өкілетті" орынның, ең алдымен, орыс помещиктерінің мүддесіне, империялық мүдделерге қызмет жасайтындығына көздерін жеткізді. Ал, екіншіден, қазақ зиялылары Думаға қатысты шараларға араласа отырып, негізгі мақсатқа жету үшін жалпы халықтың саяси белсенділігін арттыру мен батыл қимыл-әрекеттердің қажет екендігіне де көздері жетті. Сондықтан да бұл ізгі мақсатқа қол жеткізу үшін, ендігі жерде қазақ зиялылары саяси күрестің басты құралдары ретінде "Айқап" сияқты журнал мен "Қазақ" сияқты бұқаралық газет шығарып, өздерінің ғасыр басындағы белсенді басталған қоғамдық-саяси қызметін одан әрі жалғастыра түсті. "Айқап" журналы қазақ елінде 1911-1915 жылдары шығып тұрды. Оның шығарушысы және редакторы Мұхамеджан Сералин (1871-1929) болды. Журнал Қазақстандағы сол кезеңнің идеялық-саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді. Оған Б.Қаратаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ж.Сейдалин және басқалар қатысып тұрды. Журнал беттерінде негізгі мәселелер қатарында оқу-ағарту ісі мен аграрлық мәселе, яғни жер қатынастары, көшпенділердің дәстүрлі мал шаруашылығы және олардың отырықшылыққа көшуі туралы мақалалар көптеп жазылды. Сондай-ақ, журналда патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленіп отырды. Сонымен қатар, Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары А.Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған ресми "Қазақ" газеті болды. Ол либерал-демократиялық бағыт идеяларын ұстанды. Газет редакциясында сол кездегі қазақ конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшісі, экономист-ғалым Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалар қызмет істеді. Олар ең күрделі аграрлық мәселеде жерге Ресей патшалығының тарапынан мемлекеттік меншіктің күшін жою және оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды. Тұтас алғанда, қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы әр түрлі көзқарастарда болғанына қарамастан, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде шығып тұрған "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті өз беттерінде ұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін ақиқат жолымен жан-жақты көрсете білді.
2.2 Қазақстан Ресейдегі 1905-1907жылдардағы революция кезеңінде.
1905-1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. 1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. XX ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде мұсылман қайраткерлерінің әрекеті жандана түсті. Олар исламның ықпалын күшейту арқылы қазақтарды патша үкіметінің орыстандыру және шоқындыру саясатына қарсы тұруға үгіттеді. Діни қайраткерлердің осындай қозғалысы әсіресе Петропавл, Көкшетау, Ақмола және Семей қалаларында елеулі түрде кеңінен тарады. Көкшетау қаласында молда Наурызбай Таласов ерекше белсенділік танытты. Ол халық арасында Науан хазірет деген атпен кеңінен белгілі болды. Науан хазірет халықты патша үкіметіне қарсы күреске шақырды, оған қарсы үгіт таратты. Патшалық билікке қарсы жазылған хаттар ел арасындағы ықпалды да беделді қазақтарға арнайы жолданды. Ондай хаттардың авторы таза діни уағыздарға қоса қазақ қоғамындағы көптеген әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-санасына қысым көрсетуді жою, қазақ тілінің кеңінен қолданылуына еркіндік беру, қоныс аударушы орыс шаруаларының ағылып келуін тоқтату, шаруалар бастықтары деген лауазымды қызметті жою мәселелерін көтерді. 1902 жылы Көкшетау қаласына Омбыдан арнайы келген дін таратушы осындағы жергілікті халықты христиан дініне енгізу мақсатын көздеді. Ол тіпті Тауратты қазақ тіліне аудартып ала келген. Алайда әлгі діни қызметкердің әрекеттері жергілікті мұсылман халықтың ашу-ызасын тудырды. Жергілікті ықпалды діни қайраткерлер Науан хазірет, Шәймерден Қосшығұлов және басқалары Омбыдан келген миссионерді тез арада қуып шыққан. Бұл оқиға жергілікті жандармерия тарапынан діни қайраткерлердің қуғын-сүргінге ұшырауына себеп болған. Науан хазірет пен Шәймерден Қосшығұловтар Шығыс Сібірге, бір қиянда жатқан Якутияға жер аударылған. 1903 жылдың көктемінде Ақмола облысына қарасты Көкшетау уезіндегі сегіз болыстың қазақтары Ресей империясы Ішкі істер министрінің атына мына төмендегі мазмұнда хат жазды: Біздің атам заманнан бері мекендеп келе жатқан жерімізді қоныс аударып келген шаруаларға тартып алып беріп, бастықтар бізді құнарсыз жерлерге қуып шықты... Құранымызды, қасиетті кітаптарымызды нәжісті жерлерге лақтырды, медреселерімізді жауып тастады. Біз бүйтіп шариғаттан бас тартқаннан гөрі өлімге бас тіккенімізді артық көреміз. 1904 жылғы ақпанда Көкшетау уезінің бастығы молда Құдияр Рыстаевтың қазақтарға жолдаған осындай бір хатын қолға түсірді. Онда ол халықты патша үкіметіне қарсы белсенді күреске шақырып, былай деген: Біздің әкелеріміз хан Кенесары Қасымовтың сенімді серіктері болған еді. Қасиетті дініміз жолында ер жүрек азаматтар ретінде қолымызға қару алып, өлгеніміз әлдеқайда артық. 1905 жылы мұсылман діни қайраткерлері Төменгі Новгородтағы және Петербургтағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съездеріне қатыса бастады. Мұсылмандардың съезінде Иттифак-әл-Муслимин (Мұсылман одағы) атты Бүкілресейлік мұсылмандар партиясы құрылды. Жаңа партияның Орталық Комитеті құрамындағы 15 мүшенің екеуі қазақ болды. Олар Сәлімгерей Жантөреұлы мен Шәймерден Қосшығұлұлы еді. Патша үкіметі отаршыл билікке қарсы шыққан халықты аяусыз жазалауға көшті: тінту жүргізді, түрмеге қамады, жер аударды, мешіттер мен медреселерді жауып тастады. Мұның өзі жергілікті халық тарапынан қатты наразылық туғызды. Бірінші орыс революциясы қазақ өлкесінде социалдемократтардың алғашқы ұйымдарының құрылуына ықпал етті. Олар Қазақстандағы жұмысшы табының басын қосып патша самодержавиесіне қарсы күреске басшылық етті. Қазақстанда өз беттерімен саяси білімін көтерушілердің алғашқы марксистік үйірмесі Атбасар қаласында құрылды. Оны Оралдан жер аударылып келген жұмысшы А. Д. Ушаков 1896 жылы ұйымдастырған еді. XX ғасырдың бас кезінде марксистік үйірмелер Қазақстанның Орал, Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей сияқты басқа да бірқатар қалаларында пайда болды. Ресейдегі революция Қазақстанда кәсіподақ қозғалысының пайда болуына да ықпал етті. Мұның өзі қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың саяси санасының оянып, арта түскенін көрсетті. Мәселен, 1905 жылғы қараша айында Орал қаласында теміржолшылардың қазақ жеріндегі ең алғашқы кәсіподағы құрылды. Оның басы-қасында болып, тікелей басқарғандар Н. Смуров, Н.А. Покатилов және Н.И. Ульянов сияқты жұмысшылар еді. Теміржолшылардың ең ірі кәсіподағы Орынбор -- Ташкент темір жолында құрылды. 1906 жылы оған 6 мыңдай адам мүше еді. Кәсіподақтар жұмысшылардың жұмыс берушілер алдындағы құқығын белсене қорғады. Солай бола тұрса да қазақ өлкесіндегі кәсіподақ және жұмысшы қозғалысы салыстырмалы түрде алып қарағанда әлдеқайда әлсіз еді. Өйткені олардың қатарында жергілікті жұмысшылар аз болды. Бұған жұмыс түрлерінің маусымдық сипаты да әсер етті. Фабрика-зауыттар әкімшіліктері қазақ және орыс жұмысшыларын бір-біріне қарсы қою, олардың басын біріктірмеу саясатын жанталаса жүргізіп бақты. Аграрлық саладағы толқулар негізінен қазақ ауылдары мен қоныс аударушы орыс шаруаларының деревняларында өріс алды. Бірақ ол ұйымдаспаған әлсіз сипатта өтті. 1905 жылдың жазында Семей, Торғай, Орал және Сырдария облыстарындағы шаруалар жергілікті әкімшілік билікке қарсы бой көтерді. Қазақтардың басым көпшілігі өздернің туып-өскен атамекен жерлерінен айырылып қалудан қауіптеніп, отырықшы егіншілікті кәсіп етті дедік. Қазақтар жергілікті өкімет билігіне отырықшы өмір салтына көшуге жәрдемдесуді сұрап өтініштер жаза бастады. Алайда ол өтініштері көп жағдайда қанағаттандырылмай, үзілді-кесілді кері қайтарылып жатты. Мәселен, 1899 жылы Омбы уезінің бастығы Ақмола облысының генерал-губернаторының атына жолдаған хатында былай деп жазды: ...егер мұндай өтініш берушілердің қатары барған сайын арта түсетін болса, орыс шаруаларына бөлінетін жер..., қазақ даласын отарлау жөніндегі мақсат іске аспай қалады.
2.3 Қазақстан реакция және революциялық жаңа өрлеу жылдарында.
Қазақстан реакция кезеңінде. Революция жеңілгеннен кейін елде реакция орын алды. Жұмысшы және шаруа қозғалысы күшпен басып-жанышталды. Революцияшыл жұмысшылар мен шаруалар қатаң жазалауға ұшырады. Алайда Қазақстан большевиктері күрестің жасырын және жария формаларын пайдалана отырып, осындай қызылтаяң уақытта дакүрес жүргізе берді. Мөселен, Орал қаласында олардың астыртын баспаханасы болды, сонымен бірге жария кәсіподық ұйымдарында да жұмыс жүргізді. Революция кезеңінде қол жеткен экономикалық табыстар тартып алынды. Шетел және орыс капиталистерінің кәсіпорындарында жұмыс күнінің уақыты ұзартылып, тәулігіне 16 сағатқа дейін жеткізілді, онсызда төмен жалақы барынша кемітіле берді. Осыған байланысты Қарағанды көмір кендерінде 400 жұмысшы ереуілге шықты. Қоныс аударушылар Қазақстанға ағылып келе бастады. Алайда өкімет орындары оларға ешқандай қамқорлық жасамады. Оларды мал тиеуге арналған вагондармен тасыды. Қазақстанға келген олар айлар бойы панасыз тұрып, суыққа тоңды, ашықты. Жайлы орын таппаған мыңдаған қоныс аударушылар жәрдем көрсетуді талап етеді. Олардың талаптары қауіп төндіруге айналдыруда, - деп мойындады патша үкіметінің басшысы Столыпин. Жаңадан көшіп келгендерді жерге орналастыру мақсатымен, патша үкіметі Қазақстанның байырғы халқының ондаған миллион десятина шұрайлы жерлерін тартып алды. Көптеген ауылдар мекендеген жерлерінен қуылды. Қазақ кедейлері егіншілікке де, мал өсіруге де жарамсыз шалғайдағы тау бөктерлеріне барып орналасуға мәжбүр болды. Өкімет орындары жазалау шараларын қолданғанымен, қазақ кедейлері зорлыққа көне қоймады. Шаруалардың бой көтеруі Семей, Ақмола, Жетісу. Торғай облыстарында да болды. Патша үкіметі, Ресейдегідей, Қазақстанда да кулактарға арналған хуторларды орнықтыруға тырысты. Алайда қоныс аударғандар кедей болғандықтан, ол Қазақстанда хуторлық жүйені іске асыра алмады.
Қазақстан революциялық жаңа өрлеу кезеңінде. Патша реакциясы көп дәурен сүре алмады. Ресейде революциялық жаңа өрлеудің сөзсіз болатыны туралы большевиктердің болжап айтқаны тура келді. Революциялық қозғалыстың өрлеуіне 1912 жылғы ақпандағы Лена қырғыны түрткі болды. Лена кен орындарындағы ереуілдерге қатысқандардың ішінде қазақ жұмысшылары да болды, солардың бірі М.Жәнібеков еді. Ол атыс кезінде ауыр жараланды, соңынан патша соты оны 12 жыл каторгаға айдады. Қарусыз Лена жұмысшыларына патша жендеттерінің істеген жауыздықтарына қарсы наразылыққа Қазақстан жұмысшылары да үк қосты. Лена қырғыны кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына жәрдем беру үшін бірқатар жерлерде қаржы жиналды. Қазақстандағы жергілікті социал-демократиялық топтардың жұмысы қайтадан жандана бастады. Путилов заводындағы большевиктік астыртын ұйымның мүшесі П.Виноградов Верныйға келді. Мәскеуде 1905 жылы болған Желтоқсан қарулы көтерілісіне қатысқан И. Деев Қарсақпай заводында жұмыс істеді. Қазақ халқының аса көрнекті перзенті Әліби Жанкелдин Қазақстанда белсенді революциялық жұмыс жүргізді. Империалистік соғыстың қарсаңы Ресейде революциялық қозғалыстың кең өрістеуімен ерекше көзге түсті. Жұмысшы тобы мен шаруалардың бой көрсетулері демократиялық республика орнатылсын, сегіз сағаттық жұмыс күні белгіленсін, помещиктердің жерлері конфискеленсін деген большевиктік ұрандармен өтті. Қазақстан жұмысшылары да күресті күшейте түсті. 1914 жылғы қаңтарда Ембі мен Доссар мұнай кәсіпшіліктерінде 600адам қатысқан ереуіл болды. Жұмысшылар жұмыс жағдайын жақсартуды, жалақыны көбейтуді, мектеп ашуды, тұрақты жұмысшы комиссиясын тануды талап етті. Ауылда да тап күресі шиеленісті. Қазақ шаруалары өздеріне қас уезд және шаруа бастықтарына қарсы ашық көтерілді. Мысалы, Қарақол болысының шаруалары болысты сайлаудан бас тартты, осының нәтижесінде бірнеше шаруа қамауға алынды. Ызаланған шаруалар стражниктерді, писарьлар мен болыстарды сабады. Сап түзеп тұрған стражниктердің сабын қақ жарып, бұзып, қамаудағы жолдастарын босатып алды. Ресейдің, сонымен қатар Қазақстанның жұмысшылары мен шаруаларының революциялық бой көрсетулері, елде революцияға ұласуға әзір тұрған күшті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихы пәні
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
Қазақстан Ресейдегі 1905 - 1907 жылдардағы революция кезінде
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ–ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІ
Закавказьелік депутат
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
Пәндер