Кітап басу



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6
1 Өнімді даярлаудың техникалық сұлбасы 7
2 Басылымның техникалық сипаттамасы 8
3 Таңдалған технологиялық процесті талдау және негіздеу 9
4 Басу процесінің жабдығын таңдау және салыстыру 13
5 Басу машинасын дайындау және басу процесінің маршрутты технологиялық картасы 15
6 Өнімге қажетті материалдар есебі 17
7 Басу машинасын таңдау және меңгеру 19
8 Бүктеу, кесу машиналары және есебі 20
9 Мәтіндік өнімді басудың еңбек сыйымдылығын есептеу 21
10 Көркем бейнелік өнімнің жылдық басылым көлемінің саны 22
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
КІРІСПЕ
Полиграфиялық өндіріс деп техниканың бір саласын айтады. Полиграфия дегеніміз бір жазуды екіншіге көшіріп, көбейтуге арналған аспап, яғни көшіру ісі. Ол түрлі мәтіндерді көбейтуге, бейнелерді, графикалық кескіндерді бөліп түрлі-түсті етіп қағазға немесе басқа материалдарға басып шығару.
Полиграфияның ірі саласының бірі - кітап өнімдерін шығару болып табылады. Полиграфияда үш негізгі кезең бар, олар басылым формасын даярлау, басу және кітапшалау-түптеу цехтары. Біз жобаланған өндірісте басу цехы зерттелген.
Басу процесі үшін келесі белгілер тән:
-басуға арналған бояудың басылым қалыбынан қағазға немесе басқа материалдарға көшуі;
-таңбаларды көп рет шығару, таралым;
-олардың бірдейлігі және ұқсастығы.
Бүгінгі таңда – жаңа полиграфиялық кешендер, технологиялар, жоғары сапалы материалдар және қызмет көрсетулер жақсы сұраныста. Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы баспа істерін және баспа қызметінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бір жағынан тапсырыс берушінің тапсырыс сапасына және оның орындалу уақытына, қоятын талаптары жоғарылауда, сонымен қатар баспа өнімінің жалпы атау саны өсуде. Екінші жағынан, технологияның жаңа заманға сай келуі, әр түрлі жеткізушіден алынған технологиялар жаңа полиграфиялық мүмкіндікті береді.
Полиграфия саласының дамуы, оның күштілігі өндірістегі өнеркәсіптің, мәдениеттің және білімнің деңгейін көтереді. Полиграфиялық өндіріссіз мәдениеттің және білімнің, жақсы жарнамалар мен өндірілетін тауарлардың сапа деңгейі төмендейді, ал кейбір өнеркәсіптік салаларда полиграфиясыз өндіріс те болмайды. Мәдениеттің дамуы басу тәуелсіздігі, сонымен қатар полиграфияда өнеркәсіп секторы кітап, газет, оқулықтар, периодтық және ғылыми әдебиеттердің басылымымен байланысты.
Полиграфияда өндірістік процесті жобалау маңызды роль атқарады, себебі өндірістік процестің жобалануына қарай таралымның шығарылуы, жабдық пен жұмысшылардың бос болмауы, басылымды дайындау еңбек сыйымдылығы, көмекші материалдар шығынына байланысты болады. Сондықтан өнім сапасы жоғары, көп сұранысқа ие болуы үшін, біріншіден шығарылатын өнім қажетті болуы тиіс. Мен жобалаған полиграфиялық өндірісте шығарылатын өнім – көркем әдебиет. Бұл басылым әр оқырманға жан-жақты ақпарат бере алады. Сонымен қатар адамның білімін жоғарылатуға қажетті оқулық болып келеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Раскин А.Н., Ромейков И.В. Технология печатных процессов. М.: Книга, 1989.
2 Рязанов В.М. Офсетная печать М.:Книга, 1983.
3 Никанчикова Е.А., Попова А.А. Технология офсетного производства.Ч.2 Печатные процессы. М.:Книга, 1983
4 Колосова А.И. и др. Технология полиграфического производства. Изготовдение печатных форм. М.:Книга, 1986
5 Чехман Я.И., Сенкус В.Г., Бирбраер Е.Г. Печатные машины. М.: Книга, 1987
6 Штоляков В.И., Федосеев А.Ф., Зирзнак Л.Ф., Егоров И.А., Вартанян С.П., Артыков Э.С. Офсетное печатные машины: Учебное
пособие. М.:изд-во МГУП, 1999.
7 Нормы расходования материалов на полиграфических
предприятиях. М.: Книжная плата, 1987.
8 Норма времени и выработки на процессы полиграфического производства. М.: Книга, 1987.
9 Бәзілов Ж.Ж. Полиграфия өндірісінің негіздері. ˗ Алматы.: «Дәуір
Кітап» баспасы, 2010 ж. 240-б.
11 Сақабекова Ш.Қ. Басу процесінің технологиясы.˗ Алматы.:ҚазҰТУ,2008
ж. 88-б.
10 Орел Н.И., Губачек Э.В., Березин Б.И. Справочник технолога
полиграфиста. Часть 5. Печатные краски.-М.: Книга, 1988. -227 б.
11 Электрондық нұсқасы http://heidelberg.com сайтында.
12 Электрондық нұсқасы http:// kba-print.ru сайтында.
13 Электрондық нұсқасы http://www.bobst.com сайтында.

Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
6
1
Өнімді даярлаудың техникалық сұлбасы
7
2
Басылымның техникалық сипаттамасы
8
3
Таңдалған технологиялық процесті талдау және негіздеу
9
4
Басу процесінің жабдығын таңдау және салыстыру
13
5
Басу машинасын дайындау және басу процесінің маршрутты технологиялық картасы
15
6
Өнімге қажетті материалдар есебі
17
7
Басу машинасын таңдау және меңгеру
19
8
Бүктеу, кесу машиналары және есебі
20
9
Мәтіндік өнімді басудың еңбек сыйымдылығын есептеу
21
10
Көркем бейнелік өнімнің жылдық басылым көлемінің саны
22

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР

КІРІСПЕ
Полиграфиялық өндіріс деп техниканың бір саласын айтады. Полиграфия дегеніміз бір жазуды екіншіге көшіріп, көбейтуге арналған аспап, яғни көшіру ісі. Ол түрлі мәтіндерді көбейтуге, бейнелерді, графикалық кескіндерді бөліп түрлі-түсті етіп қағазға немесе басқа материалдарға басып шығару.
Полиграфияның ірі саласының бірі - кітап өнімдерін шығару болып табылады. Полиграфияда үш негізгі кезең бар, олар басылым формасын даярлау, басу және кітапшалау-түптеу цехтары. Біз жобаланған өндірісте басу цехы зерттелген.
Басу процесі үшін келесі белгілер тән:
-басуға арналған бояудың басылым қалыбынан қағазға немесе басқа материалдарға көшуі;
-таңбаларды көп рет шығару, таралым;
-олардың бірдейлігі және ұқсастығы.
Бүгінгі таңда - жаңа полиграфиялық кешендер, технологиялар, жоғары сапалы материалдар және қызмет көрсетулер жақсы сұраныста. Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы баспа істерін және баспа қызметінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бір жағынан тапсырыс берушінің тапсырыс сапасына және оның орындалу уақытына, қоятын талаптары жоғарылауда, сонымен қатар баспа өнімінің жалпы атау саны өсуде. Екінші жағынан, технологияның жаңа заманға сай келуі, әр түрлі жеткізушіден алынған технологиялар жаңа полиграфиялық мүмкіндікті береді.
Полиграфия саласының дамуы, оның күштілігі өндірістегі өнеркәсіптің, мәдениеттің және білімнің деңгейін көтереді. Полиграфиялық өндіріссіз мәдениеттің және білімнің, жақсы жарнамалар мен өндірілетін тауарлардың сапа деңгейі төмендейді, ал кейбір өнеркәсіптік салаларда полиграфиясыз өндіріс те болмайды. Мәдениеттің дамуы басу тәуелсіздігі, сонымен қатар полиграфияда өнеркәсіп секторы кітап, газет, оқулықтар, периодтық және ғылыми әдебиеттердің басылымымен байланысты.
Полиграфияда өндірістік процесті жобалау маңызды роль атқарады, себебі өндірістік процестің жобалануына қарай таралымның шығарылуы, жабдық пен жұмысшылардың бос болмауы, басылымды дайындау еңбек сыйымдылығы, көмекші материалдар шығынына байланысты болады. Сондықтан өнім сапасы жоғары, көп сұранысқа ие болуы үшін, біріншіден шығарылатын өнім қажетті болуы тиіс. Мен жобалаған полиграфиялық өндірісте шығарылатын өнім - көркем әдебиет. Бұл басылым әр оқырманға жан-жақты ақпарат бере алады. Сонымен қатар адамның білімін жоғарылатуға қажетті оқулық болып келеді.

1 Басылымның технкалық сипаттамасы
1. Басылымның аты: кітап
2. Басылымның түрі: көркем әдебиет
3. Басылымның форматы және бөлшегі: 84x10832
4. Басылымның кесуге дейінгі форматы: 21x27
5. Басылымның кесуден кейінгі форматы: 20,5x26
6. Блоктың көлемі: ш.б.т= 10,08
ф.б.т=6
7. Таралым саны: 100000 дана
8. Мерзімділігі: мерзімсіз
9. Атаулар саны: 20
10. Басылымды басудың түрі: офсетті
11. Басылымның бояулылығы: 4+0,1+1
12. Мәтіндегі бейнелердің пайыздық саны: 75%
13. Негізгі мәтін гарнитурасы: Школьная
14. Негізгі мәтін кеглі: 14
15. Мәтін, бейне, форзацтарды, мұқабаларды даярлауда қолданатын қағаз: қатырма-300гм2
16. Блок қалыңдығы (бөлшек саны х қағаз табағы х грамм):1,2см
17. Жинақтау түрі: бірінің үстіне бірі (подборка)
18. Бүгілім алудың түрлері: 4 бүгілім

Мәтінді теру Бейнені енгізу

Корректура Бейнені өңдеу

Түс сынамасын алу

Мәтіндік және бейнелік ақпаратты енгізу

Электронды монтаждау немесе беттердің орналастырылуы

Плоттерде сынама таңба ал

СТР технологиясы бойынша пластинаның бетіне сәулелерді түсіру

Пластинаны айқындау

Жуып-шаю

Кептіру

Қорғау қабатын жағу

Сынама таңба алу

Таралымды басу Мұқабаны басу

Мұқабаға лак жағу

Басылған негізгі мәтін Парақтарды мұқабаға
парақтарын кесу кесу

Басылған негізгі мәтін
парақтарын кесу

Парақтарды
бүктемелеу

Блокты бірінің ішіне бірін салып жинақтау

Үш жағынан кесу

Өнімнің сапасын бақылау

Дайын өнім

1-cурет - Өнімді дайындау технологиялық сұлбасы

Басу цехы
Басу цехы

Басу машинасын дайындау
Басу машинасын дайындау

Бояу ддайындау
Бояу ддайындау
Қағаз дайындау
Қағаз дайындау

Бояуды басу қабілетіне тексеру
Бояуды басу қабілетіне тексеру
Бояуды орнату
Бояуды орнату
Қағаз беру жүйесі
Қағаз беру жүйесі
Бояу аппаратын дайындау
Бояу аппаратын дайындау
Қағазды қиып,кесу
Қағазды қиып,кесу
Қағаздың акклимитизациясы
Қағаздың акклимитизациясы

Ылғалдау аппаратын
дайындау
Ылғалдау аппаратын
дайындау

Ылғалдауыш ерітіндіні дайындау
Ылғалдауыш ерітіндіні дайындау
Қағазды машинаға орнату
Қағазды машинаға орнату
Басу аппаратын дайындау
Басу аппаратын дайындау


Түзету
Түзету
Декельді дайындау

Декельді дайындау



Бояу және ылғалдауыш ерітіндінің берілуінің қадағалау
Бояу және ылғалдауыш ерітіндінің берілуінің қадағалау


Бақылау таңбасын
алу

Бақылау таңбасын
алу

Таралымды басу

2-сурет - Басу цехының технологиялық сұлбасы

3 Басу процесінің технологиялық сұлбасын талдау

Полиграфиялық ірі саласының бірі балаларға арналған әдебиет өнімдерін шығару болып табылады. Осыған орай кағазда немесе басқа материалдарда бейне алуда басу үрдісін орындағанда басылым жүргендегі үрдістер полиграфиялық өндірісте басу үрдісі немесе басу деп, басылым формасынан бояудың қағазға немесе басқа да басылым материалдарына берілуін, бірдей бейнелерді көп рет осы жолмен алуды айтамыз. Осы жағдайда алынған бейнелерді таңба (оттиск) деп атайды.
Кез-келген басылымның таралымын басу алдында тікелей басу машинасында бірнеше дайындау операциаларын орындау қажет. Бұл жұмыстардың күрделілігі, оларды орындауға жұмсалатын уақытына, ал кей жағдайда басылым машинасының түрлеріне және оның автоматтандырылу дәрежесіне, басылымның тәсілі мен материалдың сапасына (қағаздың, бояулардың, резеңке маталы пластинаның т.б.) байланысты. Бірақ басылымның тәсілі мен машинаның түрлерінен басқа барлық дайындау жұмыстарын мынадай топтарға бөлуге болады:
- басу аппаратын дайындау;
- ылғалдандыру және бояу аппаратын дайындау;
- қағаз беретін, қабылдап шығаратын құрылғыны дайындау;
- қағаз беретін, қабылдап шығаратын құрылғыны дайындау;
- жетек (приводка);
- жағылуға қарсы, кептіру және басқа бақылап, реттейтін құрылғылар мен жүйелерді дайындау.
Басу аппаратын дайындау келесі негізгі операциялардан тұрады:
- резина-маталы пластина және прокладка қондырғысынан;
- басу формасы қондырғысынан және қысымды реттеуден.
Басылым секциясын дайындау үшін, қазіргі офсеттік машиналардың мына элементтеріне мән берген дұрыс: тұғырының (станина) дұрыс мықты бекітілуі, қысым жасайтын басылым, офсет және қалыпты цилиндрлердің орналасуы, қағаз беру және қағаз қабылдау аппараттарының жұмыс істеуі.
Бұл элементтер геометриясының дәлдігі мен қозғалыстағы өзара әрекеттері басу сапасын анықтайды. Басылым қондырғысын дайындауға декель мен басылым қалыбын орнатуды, сонымен бірге, қысымды реттеуді жатқызамыз. Жазық офсеттік басылым машиналарындағы декельдің қызметін астында астарлық декельдік материалы бар резеңке маталы пластина (техникалық мата, резеңке маталы пластина немесе қатырма қағаздары) орындайды. Резеңке маталы пластина, әдетте, бояуды жақсы бере алатын қабілеті бар және серпімді-иілімді қасиетті, көп-көп құрамды резеңке қабатымен жабылған негізден (өзара жабыстырылған тығыз матаның бірнеше қабаты) тұрады. Серпімді-иілімділік қасиеттеріне қарай, декельдер шартты түрде: қатты, жартылай қатты, жұмсақ болып бөлінеді. Декельдің қасиеттері көп жағдайда өнімнің сапасы мен басылым қалыбының таралымға төзімділігін анықтайды.
Қалыпты цилиндрді дайындау, негізінен, қалыптық пластина саңылаулары арқылы екі жағынан пленкамен қысылады. Әдетте, табақтық офсеттік машиналардың цилиндрлерінде саңылаулар болады. Ол қалыптық пластиналарды қолмен дайындауға мүмкіндік береді. Қазіргі автоматтандырудың деңгейіне орай, басылым машинасының жұмысын тоқтатпай-ақ, қалыпты орнату және керу кезіндегі пайда болатын кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік береді. Бұл басқару пульті көмегімен шеңберлік, осьтік және диагональдық келтіру жолдарымен іске асырылады. Машинаны жөндеу, реттеу процесінде басылым қалыбын қолмен ауыстыру және жекеленген бояуларды реттеу көп уақыт алады. Автоматты жүйеде штивтерді қолдану пластиналарды ауыстыруды жылдамдатуға, оларды орнықтырудың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді, мұның өзі бірінші алынған баспа-таңбаның өзінде-ақ бояулардың дәлдігін қанағаттандырады.
Офсеттік цилиндрді дайындау кезінде резеңке төсем офсеттік цилиндрге қысқыш планка және керілу жүйесінің көмегімен бекітіледі. Рулонды офсеттік басылымда кеңінен таралған алдыңғы және артқы қысқыш планкалы резіңке төсеніштер планкалардың құрылысы оларды тез ауыстыруға мүмкіндік беретіндіктен, табақтық офсеттік машиналарда да жиі қолданылып келеді.
Басу машиналарының бояу аппаратында бояуды беру технологиясы. Бояу аппараты бояудың қажетті қалыңдықтағы қабатын түзеп, оны басу формасына беруге арналады.
Бояу алдымен жаймалауыш біліктерде болып, одан кейін жаймалау білігімен басу формасына беріледі. Әрбір түйіспелі зонада бояу қабаты бөлінеді де өте жұқа қабатымен басу формасына беріледі.
Бояу жәшігі ішіндегі бояудың жылдамдығының градиенті дуктордан алыстау жерінде секундты бірнеше бөлігінде (с"[1]) жатса, ал дуктормен пышақ арасыңдағы саңылауда секундық бірнеше мыңдаған бөлігінде (10"[3] с"[1]) жатады.
Дукторлық біліктің мерзімді немесе үздіксіз айналуы тұтқыр бояуды бір келкі жаға алмайды. Бір келкі жағу үшін бояудың тұтқырлығы аздау болу керек. Дукторлық білікке жақын жерінде бояудың тұтқырлығы лезде төмендейді, ал дуктордан алыстаған сайын бояудың ағуы мүлдем тоқтайды. Жәшік ішіндегі бояудан түтқырлығы бірдей болуы үшін оны арнайы электрмеханикалық құрылғы көмегімен араластырып отыру керек.
Бояу ішіндегі кернеу шамасын толық алғанда екі фактор анықтайды: дукторлық біліктің айналу жылдамдығы және бояудың тұтқырлығы.
Бояу жәшігінен бояуда бір қалыпты беру үшін бояудың релогиялық қасиеттерін де ескеру керек. Жаймалауыш топтағы бояудың температурасын да бір қалыпты ұстап отыру керек
Бояулар аклиматизациясы. Складтан әкелінген бояу қажетіне қарай кем дегенде 24 сағат ішінде цехтық жағдайда аклиматизациядан өтуі керек. Цехтың ішіндегі басу бояуларының дұрыс акклиматизациясы үшін, әрқашан керекті климаттық жағдай сақталуы қажет, қыста қатысты ауа ылғалдылығы 45-55%, 50-60% жазда, ауа температурамен қыста 18-22[0] С және 19-20[0] С жазда. Температураны 1-5[0] С- ға қайтару кезінде бояудың қоюлығы нормадан 10-18% өзгеруі мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген нормадан қатыстық ауа ылғалының 10% көтерілуі бояудың жаймалау және накаттау жүйесінің азаюына әкеледі, түстің қанықтылығының төмендеуіне, бояуды ( эмульгировать) етіп және оттисктегі бояу қабатының бекітілу жылдамдығының бірнеше есе азаюына әкеледі.
Суық жерден алынған бояуды бояу жәшігіне құюға болмайды, себебі суық бояумен басу кезінде жоғарғы оттисктің керісінше бетіне.
Керекті бояуды таңдау оңай шаруа емес. Оны ең тиімді жолмен шешу үшін бояулар жайында маңызды ақпараттар ғана емес, сонымен қатар қоршаған жағдайындағы және жабдықтардың ерекшелігі туралы білу керек.
Бояулардың қолдануға дайындығы. Офсеттік басу бояулары қолдануға дайын болып шығарылады. Көп бояулы иллюстрацияланған өнімді басу үшін бір сериялы триадты бояуларды қолд анған жөн: сонымен қатар триадтағы төрт түсті бояу да бір өндірістің өнімі болу керек.
Бірбояулы немесе көпбояулы басуға арналған аралас бояулар, бояуларды алмастыру каталогы негізінде құралады.
Басуға бояуды әзірлеу. Басудың әр түрлі әдісі үшін бояуды әзірлеу мақсаты мынаңдай: басу процесі жүргізетін жабдық пен пайдаланылатын қағаз ерекшеліктеріне қарай, басылым өнімінің түріне қарай, сипатына, арналуына және қызмет мерзіміне байланысты бояуға қажетті колориметриялық және басу-техникалық қасиеттер беру. Бірақ тексерілетін параметрлер тізімі, бұл кезде пайдаланатын әзірлеу әдістері, тәсілдері, басудың әр түрлі әдісі үшін пайдаланатын қосалқы құралдар мен материалдар әр түрлі. Бояудың өзінің құрылымдық-реологиялық ерекшеліктері әр түрлі болып келеді. Жоғарыда көрсетілген бояу қағидасын ұстай отырып, шығыңқы және офсеттік басылымға арналған тұтқыр бояуларды әзірлеу процесінің ерекшеліктерін, сонымен қатар ойыңқы және флексографиялық басылым үшін тұтқырлығы аз бояуларды әзірлеу процесін қарастырамыз.
Бояу аппаратын дайындау -- басылым қалыбына жағатын біліктер мен бір тегіс бояу беріліп, бояу беретін жүйені реттеу болып табылады. Егер басқа бояумен басу қажет болса, онда бүкіл бояу аппаратынан бұрынғы бояуды ерітіндісі бар жуатын қондырғының көмегімен кетіреді. Осыдан кейін, бояу жәшігіне қажетті бояуды құяды. Газеттік қара бояулар (тұтқырлығы төмен) газет агрегаттарының бояу аппараттарына бояу станциясының ыдыстарынан құбыр өткізгіш арқылы сорғыштармен беріледі.
Бояу аппараттын алдын-ала реттеу уақытын автоматтандырылған жүйелерді пайдалану есебінен едәуір қысқартуға болады. Осы мақсатпен бояуды беру үшін қажетті мәліметтер санды басылымға дейінгі процестер бөлімінен немесе есептеуіш құрылғыдан басылым қалыбының параметрлерін өлшеу жолымен келіп түседі. Бояу аппарттарында пышақ орнына эксцентрлі цилиндрлер қолданылады, олар бояудың жайылуын және оның қалыптың баспа элементтерінің аумағына сәйкес, қажетті оптикалық тығыздықты қамтамасыз етеді. Жаятын цилиндрлер бояуды тасымалдау бөліктеріндегі аралықтарды нақтылап тегістейді.
Қалыптық цилиндрде технологиялық ойықтардың болуына байланысты, бояу аппараттарынан үнемі бояу беріліп тұрмайды. Бұл басылым қалыбы қабатының қалыңдығында ауытқулар жасайды. Ол бояуды баспа элементтерінің аумағына сәйкестендіріп қабылдайды. Бұл бояу қабатының қалыңдықтары аз да болса, басылымның сапасына кері әсер етеді. Басылым қалыбының шеңберіне жағылған бояу қабатының қалыңдығын жаятын цилиндрдің ілгері-кейін қозғалысының фазасын өзгертумен реттеуге болады. Сондықтан, бояу аппаратының қозғалысын басылым қалыбының құрылымының айналымына байланысты реттеуге болады. Бояу аппаратының жаңашыл құрылымы қашықтан (дистанционды) реттеуге мүмкіндік береді. Жаятын цилиндрдің режимін дұрыс пайдалану мақсатымен бояуды беруді басуға дейінгі процестердің мәліметтері бойынша алдын-ала реттеуге болады.
Бояуды басу жәшігіне құю. Басу машинасының бояу жәшігіне бояуды құяр алдында теруші бояудың бетінен банкада орналасқан, жабылу пергаменттік парақты, антипленка құрушымен сіңірілген және бояудың бетін қарастырады. Егер бояудың бетінде қабыршақ болса, теруші оны ақырын алып тастау керек,сосын бояу бояу жәшігіне құйылады да мұқият араласады.
Бояу жәшігін жабу керек, себебі бояудағы ерітінділердің аса булануын азайту үшін оған қағаз шаңының түсіп кетуінен сақтау.
Осы талаптардың барлығына сәйкес келетін Санхиммикал осы серияның қанықтылығының жоғарылығы бояудың жалпы шығынын азайтуға және бейненің түстілігін көрсетуге мүмкіндік береді.
- бояу аппаратын шаю;
- бояуды енгізу;
- реттеу ротациялық машиналардағыдай орындалады.
Ол берілген қалыңдықта бояу қабатының формаға жағылуын қамтамасыз ету керек, жағатын біліктің басу формасының бетіне қысылуын реттеуден және бояу беру жүйесін реттеуден тұрады. Егер бояуды ауыстыру керек болса, онда оны бүкіл бояу аппаратын жуып тастайды. Содан кейін бояуқорабына керекті бояуды құяды.
Иллюстрациялық түпнүсқаның түсіне және басылым өнімінің сипаттамасына басу машинасының түріне және тираж басу режиміне, басылым қағаз түріне және басылым формасымен қатар дайын басылым өнімінің қолдану жағдайына сәйкес басылым бояуын анықталған нөмерімен полиграфиялық өндірісте тандайды.
Бояулар типографияға банкамен, әр түрлі көлемді цистерналарымен және көлемді ыдыстармен әкелінеді. Складқа түскен бояу басу алдында цехтың температурасына теңесуі үшін, оны бірнеше сағатқа қойып қояды, акклиматизациялау үшін. Көбінесе, кейбір көп бояулы басылым өнімдерін басқан кезде түрлі түсті бояулар қоспасын қолдануға тура келеді. Қажет кезіңде бояу құрамына басылымның техникалық құрамын корректорлайтын (мысалы, сиккативтер, бояудың тез кебуін тездететін) көмекші заттарды енгізеді. Бояуды басуға дайындауды полиграфияның колористі бөлімінде жүргізіледі. Колористик бөлімінің негізгі жабдығына бояу араластырғыш, бояу үккіш, алдын-ала басу жабдығы,және шағылған жарық птикалық тығыздықты өлшеу үшін денситометрді қолданады. Бұл бөлім басылым бояуларының қасиетін бақылау және түзету жүргізуге арналған бөлім.
Ылғалдағыш аппаратты дайындау. Көп жағдайда ылғал ерітіндісінің басылым қалыбына берілуін және ылғал ерітіндінің температуралық режимін қамтамасыз ету үшін, біліктер қысқыштарының бірқалыпты болуын реттейді.
Қағаз беру, жылжыту және басылған қағазды қабылдау қондырғыларын дайындау. Табақтық машиналардың қағаз беретін жүйесі таралымдық қағаздардың теңестірілген парақ бумаларымен немесе жартылай даяр өнім баспа-таңбаларымен толтырылады (мысалы, көпбояулы басылымды бір немесе екі бояулы машинамен бояу). Буманың биіктігі 80-100см, қағаз беретін аппарат пен қабылдау қондырғысының тетіктерін қағаздың пішіні мен салмағына қарай реттеу қажет.
Машина жоғары жылдамдықпен жұмыс жасаған кезде бекімеген бояу қабылдау қондырғысының бөліктерімен байланысқа түсіп, оны былғап, жарамсыз жасалуы мүмкін. Ол үшін бұл құбылыстарды болдырмайтындай, қағазды беретін арнайы элементтерді қолдану және ыңғайластыру жолын қамтитын арнайы аэродинамикалық ізденістер жүргізіледі. Оның үстіне, құрғату инфрақызыл, ультракүлгін, желдету жүйесі мен ауаның айналымын реттеу агрегаттары қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар бояудың былғануына қарсы ұнтақты жағу және қайтадан сорып алу үшін қондырғылар орнатылады.
Қабылдау қондырғысына парақтар жоғары жылдамдықпен түсетіндіктен, оны тежеу қажет. Бұл үшін парақтың артқы жиегі астыңғы жағынан тежеуіш роликтермен немесе тасымалдағыш таспамен ілініп алынады. Тежегіш роликтар қағаз берудің бастапқы жылдамдығынан аз жылдамдықпен айналысқа түседі. Екі жақты басылым машиналарында тежегіш роликтер бейнесі жоқ бос аймақтарға орналастырылады.
Бір жағынан басылған парақтар, көбінесе, жиырылғыш келеді. Бұндай жағдайда оларды тегістеп жазу қиындау болады. Сонымен бірге парақтың пішінінің өзгеруі бояудың түйіршектеліп жабысқақтығының арту қаупін күшейтеді. Жиырылғыштықты болдырмау үшін, роликтері бар, жазатын саңлаулы қондырғы пайдаланылады, ол вакуумның әрекеті арқасында тегістікке жету үшін, баспа-таңбаларды қарама-қарсы бағытта (екі жақты басылымда бұл қондырғының қажеті жоқ) иеді. Кез-келген табақтық офсеттік машинаның қабылдау қондырғысы итергіштермен жабдықталған. Рулондық машиналарда рулондық қондырғыларына жүк тиелгеннен кейін, қағаз таспаны басылым секцияларымен бүктеу-кесу аппарттарына өткізеді. Одан кейін қағаз таспаның керілуін, дәптерлерді (немесе газеттерді) кесу және бүктеу қондырғыларын реттеп, жөндейді. Бұдан кейін қағаздың басылым аппараттарына берілуі көпбояулы машиналарда парақтардың немесе таспалардың бір секциядан екіншісіне берілуі, басылған өнімнің парақтар немесе дәптерлер мен газет түрінде шығарылуы ғана емес, сонымен бірге сәйкестенудің дәлдігін, кесу мен бүктеуді қамтамасыз етулері тиіс.
Басылымға қағаз таңдау. ГОСТ 9094; 21444, 6742, 2083 маркаларынан басқа офсет басылымына орналасқан қағаз ассортименті түрлі болып келеді, олар техникалық жағдайларға (ТЖ) байланысты қағаз өндірушілермен өңдедіп шығарылады.
Сонымен қатар, полиграфиялық өндіріс орындары шет елдің өндірілген қағаз түрлері мен маркаларын қолданады.
Қағазды дайындау. Басылатын өнім түріне байланысты қағазды және 1 м[2] тағы қағаз салмағы бойынша таңдап алып, керекті өлшеммен кесілген қағаз бумасын басу цехына алып келеміз. Қағаздың деформациясын және қағаздың электролизациясын минимумға келтіру үшін, басылым цехта ауаны конденсациялайды. Басылым цехының ылғалдылығы мен температурасының жағдайын қағазбен теңестіру керек, Бұл теңестіруді акклиматизациялау дейді. Аклиматизацияланбаған қағазды қолданған жағдайда көп бояулы басылымда дәлдік қамтамасыз етілмейді.
Қағазды басуға дайындау. Қағаздың аклиматизациясы. Қорапты рулонды және табақты басу және кесу алдында, керегінше температуралық аклиматизацияға ұшыратады. Температуралық аклиматизацияның жылдық суық мезгілінде керек болады - қыста, ерте көктемде және кеш күзде. Жылжымайтын (склад) сарай бөлмелерінде сақталған кезде.
Температуралық аклиматизацияны тауарлық бірлікте бұзылмаған қорапшалардағы температурасы бар бөлмеде белгілі уақыт аралығында ұстағанда орындайды, оның температурасы басу цехының температурасына жақын болады.Қағаздарды жылы бөлмелерде сақтаған кезде аклиматизация қажет етілмейді.
Басу кезіндегі қағаздың шаңдануы. Шаңданудың болу себебі қағаздың бетінде бекітілген бөлшектер толтырғыштар түйіршіктері, қағаздар талшықтары және т.б. болуынан туындайды.Қағаз бен форма түйіскен кезде әлсіз бекітілген бөлшектер бояуымен бірге формаға өтеді. Бұл таңбалардың басылмауына әкеп соғады.Формадан бояу аппаратына түскен шаң бояуды ластап таңбаның сапасына әсер етеді. Ал абразивтік және бөлшектердің әсері басу формасының таралым төзімділігін төмендетеді. Қағаздың шаңдануы жоғары жылдамдықты офсеттік машиналарда аса жоғары болады. Офсеттік басуда қағаздың шаңдануы аса бүлінуі процестің ерекше сипатымен түсіндіріледі.
Басу аппаратын дайындау. Басу аппаратын дайындау қажетті болған жағдайда офсеттік цилиндрға декель немесе резина маталы пластина кигізуден басталады. Кигізіп болған сон, басу аппаратындағы басқа да цилиндрларды жұмыс күйіне дайындайды. Формалық цилиндрге форманы кигізіп, ауыстыруын автоматты түрде орындайды. Басылым цилиндрінің беті берік хромдалған болады, олар тозуға төзімді, өте жақсы жуылады, сонымен қатар басқа еріткіштерді қабылдамайды. Бірінші секциялы басу парағына алдымен бір жағы басылады. Бұдан соң парақ арнайы құрылғымен аударылып, екінші секциядағы басу цилиндріне түсіп, онда екінші жақ бетіне басылып парақты айналдыру, аудару құрылғысының келесі басылым цилиндрінің беті кедір-бұдырлы, хромдалған болады. Жұмыс барысында қалыптық цилиндрдегі қалыпты, офсеттік цилиндрдегі декельді арнайы ерітінділермен сүртіп тазалап отырады. Басылым аппараттарының қысымын реттейді. Әрбір басылым секцияларындағы қалыптық, офсеттік және басылым цилиндрлерін жуу құрылғысы көмегімен тазаланады.
Қабылдау столының құрылысы. Қабылдау столының қызметі дайын басылған өнімдерді текшелеп жинау. Ол бірнеше құрылғылардан тұрады: қабылдау столынан, шынжырлы тасымалдағыштардан, форгрейферден, алдыңғы тірек, бүйір тірек, артқы тіректерден және тағы да басқа құрылғылардан тұрады. Басылым аппаратынан шынжырлы тасымалдағыштардың қысқыштары арқылы қабылдап алады да, оны қабылдау столына шығарып, соның үстіне орналастырады. Қабылдайтын столдағы алдыңғы, бүйір және артқы тіректер табақтардың майысуынан сақтайды.
Тираж басу. Машинаны дайындау операциялары аяқталғаннан кейін, формаға ылғал мен бояу берудің керекті режимін реттеп, алдын-ала бақылау таңба алу керек. Басылым түріне және оның бояулығына байланысты баспагер және мастер алынған таңба сапасының барлық көрсеткіштерін мұқият түрде тексереді, басылым элементтерінің дәл берілуін, бояудың түстері көп бояулы басылымда бір-бірімен сәйкес түсуін, бүктеу,кесу және дәптер өлшемдерінің дәлдігі, белгілерді дұрыс орналастыруын және тағы басқа басылатын өнімдерді өндеуден өткізеді.
Орнатылған нормадан еш ауытқушылық болмаса, онда бақылау оттискісін басылымға қабылдап, тиражды басу үшін эталон қызметін атқарады. Бүкіл тираждың оттискісі біркелкі болуы үшін, орнатылған ең тиімді режим тұрақты болу керек. Ол формаға ылғалдандыру ерітіндісі мен бояудың минималды берілуі кезінде, басу аппаратының цилиндрлерінің арасындағы қысымның тиімді берілуі кезінде, қасиетін өзгертпейтін ылғалдандыру ерітіндісінің рН-ы тұрақтанғанда, басылым бояуы мен оның оттиске бекітілуі жылдамдығы орныққанда, қағаз әрдайым тұрақтандырылғанда және оның басу аппаратына керекті дәлдікпен берілуі кезінде, орындалады. Басу процесінің бұл режимдері бір-бірімен байланысты және біреуінің бұзылуы салдарынан өнімнің сапасының төмендеуіне немесе өнімнің жарамсыздығына әкелуі мүмкін.

4 Таңдалған машинаға техникалық сипаттама

Салыстырылып жатқан машиналардың техникалық сипаттамасы 2-кестеде берілген.

2-кесте - Салыстырып жатқан машиналардың техникалық сипаттамасы



Көрсеткіштер атауы
Салыстырылатын машиналар моделі

3
4
1
2
Speedmaster XL
162
MANRoland
108
1
Басылым форматы
84х10832
84х10832
2
Таралым,мың данада
100
100
3
3а. Басылымның физикалық баспа табақтағы көлемі
3б. Атау саны
6

20
6

20
4
Басылымның бояулығы:
4а. Мәтінде
4б. Мұқабада

1+1
4+0

1+1
4+0
5
Басылым табақ санымың таңбада
12000
12000
6
Бояу беру санымың таңбада
6а. Мәтінде
6б. Мұқабада

12000
48000

12000
48000
7
Машинаның форматы
1060 х 1450
900х1080
8
Машиның жұмыс циклында басылатын қағаз табақмың парақта

6000

6000
9
Басылымға қажетті приладка саны
9а. Мәтінде
9б. Мұқабада

80
20

80
20
10
Приладка кеттетін уақыт нормасы 1 норма сағатына
0,25
0,33
11
Машина өнімділігі
15000
13000
12
Приладкаға кететін уақыт, басылымның басылу уақыты сағатпен

13
Машинадағы жұмысшылар саны
3
3

MAN Roland 108 машинасын таңдау себебім, приладкаға кететін уақыт нормасы және басылымның басылу уақытын екі машинада салыстырсақ осы машина маған ыңғайлы . Prinect Inpress Control жүйесінің арқасында приладка уақытының тиімді болуы.

4 Таңдалған машинаға техникалық сипаттама

Басу жабдығын таңдауда ең маңызды болып табылатын оның түрі және өлшемі. Сонымен қатар машина таңдауда қазіргі кездегі нәтижелеріне көңіл бөлген жөн және де ол автоматтандырылған, экономикалық жағынан тиімді, өнім сапасын жақсарта отырып еңбек шарттарына сай келуі керек.
Сапалы түрлі - түсті өнімді басу үшін MAN Roland фирмасының MAN Roland 108 сериалы офсеттік табақты басу машинасы таңдалды.
MAN Roland 108 сериалы офсетті басу машинасы (90х108) орташа форматтағы басу машинасының эталоны және MAN концерні технологиясының тұрақты даму нәтижесі.0,04-ден 1,0мм-ге дейінгі қалыңдықтағы басылатын қағаз,картон материалдарының немесе материалдардың ерекше түрлерінің кең спектрін MAN Roland 108 әмбебап басу машинасы жасайды. Машина басылатын таралымына қарамастан жоғары өнімділік және нәтижелік мүмкіндіктеріне ие. Формаларды, форматтарды, басылатын материалдарды ауыстыру және жуу, орнықтыру процестерінің автоматтандырылу арқасында осындай класты басқа машиналарға қарағанда MAN Roland 108 машинасына аз уақыт кетеді.
MAN Roland 108 машинасының модульді құрылымы өндірістің нақты шарттарына сәйкес конфигурацияны таңдауға мүмкіндік береді. Онда максимум он екі басу секциясы, парақты ауыстыратын екі құрылғысы, бір немесе екі лактау модулі, ұзартылған шығару құрылғысы және әртүрлі кептіру комбинациялары бар.
MAN Roland 108 базасында бір немесе екі лакмодульді және әртүрлі кептіру жүйесі бар дисперсионды және ультракүлгінді лактар үшін лактау машиналарын жасап шығарады.
Басу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тмд елдеріндегі кітап басып шығарудың дәстүрлі әдістері
Баспа және баспахана. Полиграфиялық материалдар
Италияның кітап басу ісінің шығу тарихы
Баспа ісі
Германияның баспа саласы
Қазіргі замандағы Францияның кітап басу ісінің ерекшеліктері
Кітап форматы мен терім алаңы
Жоғары көркем әдеби басылымдарды шығаратын баспахана жобалау
Кітап басу аясындағы мемлекеттік саясат
Кітап шығару, сату процестері
Пәндер