Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Психологияның даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

ІІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.1 Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Қазіргі заман психологиясының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3 Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе

Бүгінгі таңдағы өркениетті отыз ел қатарына қосылуды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға тән біршама білім-біліктер жиынтығын қалыптастырумен ғана шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизациялау мен гуманитаризациялау ниеті айқын әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мек- тепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан беріл- ген ізгілікті мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы оқу кезеңінде қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр. Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Қазіргі кезде Қазақстанның жан-жақты ғылым саласында дамуының басты себебі адам білімінің нәтижесі екенін көруге болады. Адам білімін жетілдіру барысында өзін-өзі дамытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. Бүгінде эзотерика адамзат біле бермейтін құпия сақталған адам жаны мен тәнінің сырларын психологиялық тұрғыда ашқалы отыр. Мұндай көне ілімді меңгеру әсіресе психология мамандығында оқитын студенттерге өте қажетті әрі өзекті мәселе болып табылады. Өйткені адамның күш-қуаттарының көзі чакралар арқылы психолог адамның күй -жағдайын, өзін-өзі жетілдіруінің деңгейін анықтай алатын болса, адам тәнінен шығатын аура арқылы оның эмоционалды көңіл-күйін, денсаулығын, өзін тұлға ретінде қалыптастырған деңгейін білуге мүмкіндік алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен дамуын зерттеу үшін биология, генетика, антропология, білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблемаларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, меди- цина әдістерін тартуды талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыра беруге болады. Өз кезегінде, психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.
Сондықтанда жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынастағы зейіндерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз байланысқан қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның соны салалары ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ құбылыс – бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазіргі замандағы психологияның даму жолдарын негіздеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
- психологияның даму тарихына то0талу:
- қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны;
- қазiргi заман психологиясының мiндеттерiне тоқталу;
- қазіргі заман психологиясының құрылымын анықтау;
- қазіргі замандағы психологияның даму жолдарын негіздеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
3. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
6. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
7. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.
8. Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет
9. Психология. Оқу құралы. Түркістан, 1998 ж. 94 бет;
10. Психология негіздері. Оқу құралы. Түркістан, 2000 ж. 120 бет;
11. Жантану негіздері. Дәрісбаян жинағы. Алматы, Дәнекер, 2001 ж. 360 бет;
12. Жалпы психология. Дәрісбаян жинағы. Алматы, Дарын, 2003 ж. 340 бет;
13. Жалпы психология. Дәрісбаян жинағы. Алматы, Заң әдебиеттері, 2004 ж. 350 бет;
14. Психология негіздері. Оқу-анықтамалық құрал. Кентау, 2005 ж. 104 бет;
15. Психология негіздері. Оқу-анықтамалық құрал. Алматы, Заң әдебиеттері, 2007 ж. 120 бет.
16. Столяренко Л.Д. Основы психологии Ростов-на-Дону: Феникс 2005. сс.150-156, 639-640.
17. Джакупов С.М., Абдрахманова Р.Б., Жұбаназарова Н.С., Тәжібаев Т.Б. Эксперименттік психологияның негіздері. Алматы: 1998. сс. 19-35, 36-39.
18. Алдамұратов Ә. Жалпы психология Алматы, 1996
19. Бап-Баба С. Жалпы психология. Алматы, 2006.
20. Бап-Баба С. Психология негіздері. Оқу-анықтамалық құрал. Алматы, 2007.
21. Богословский В. т.б. Жалпы психология. – А., Мектеп, 1980, 13 тарау.
22. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. / Ред. басқарған А. Петровский. – А., Мектеп, 1987.
23. Оразбекова А.А. Отбасы психологиясы. – Алматы, 1997
24. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 1993.
25. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. – Алматы, 1986.
26. Жарықбаев Қ. Психолоия. – Алматы: Білім, 1993.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Психология пәнінен

Тақырыбы: Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары

Тексерген:______________
Орындаған: ______________

Астана, 2015
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І. Психологияның қазіргі дамуы туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Психологияның даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
2.2 Қазіргі заман психологиясының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...

3

5
5
12

21
21
22
26

29

31

Кіріспе

Бүгінгі таңдағы өркениетті отыз ел қатарына қосылуды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға тән біршама білім-біліктер жиынтығын қалыптастырумен ғана шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизациялау мен гуманитаризациялау ниеті айқын әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мек- тепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан беріл- ген ізгілікті мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы оқу кезеңінде қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр. Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Қазіргі кезде Қазақстанның жан-жақты ғылым саласында дамуының басты себебі адам білімінің нәтижесі екенін көруге болады. Адам білімін жетілдіру барысында өзін-өзі дамытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. Бүгінде эзотерика адамзат біле бермейтін құпия сақталған адам жаны мен тәнінің сырларын психологиялық тұрғыда ашқалы отыр. Мұндай көне ілімді меңгеру әсіресе психология мамандығында оқитын студенттерге өте қажетті әрі өзекті мәселе болып табылады. Өйткені адамның күш-қуаттарының көзі чакралар арқылы психолог адамның күй -жағдайын, өзін-өзі жетілдіруінің деңгейін анықтай алатын болса, адам тәнінен шығатын аура арқылы оның эмоционалды көңіл-күйін, денсаулығын, өзін тұлға ретінде қалыптастырған деңгейін білуге мүмкіндік алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен дамуын зерттеу үшін биология, генетика, антропология, білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблемаларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, меди- цина әдістерін тартуды талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыра беруге болады. Өз кезегінде, психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.
Сондықтанда жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынастағы зейіндерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз байланысқан қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның соны салалары ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ құбылыс – бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазіргі замандағы психологияның даму жолдарын негіздеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
психологияның даму тарихына то0талу:
қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны;
қазiргi заман психологиясының мiндеттерiне тоқталу;
қазіргі заман психологиясының құрылымын анықтау;
қазіргі замандағы психологияның даму жолдарын негіздеу.

1 Психологияның қазіргі дамуы туралы жалпы түсінік

1.1 Психология ғылымы жəне оның мiндеттерi

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар əулетiнiң зерттеу объектiсi болып келдi. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тiлi мен əдеттерiн танып бiлуге деген адамзат құштарлығының шегi болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуi мен қалыптасуына, төңiрегiндегi басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшелiктерiне деген психология дамуының негiзiнде жатқан қызықшылығу уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Қазiргi кезеңде өндiрiс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын жəне спорт салаларындағы бiрде-бiр iс-əрекет психологиялық заңдылықтарды түсiнiп, танып бiлмей тиiмдi орындалуы мүмкiн емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкiндiктерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi бүкiл қоғамның кемелденуi үшiн өте қажет. Адам əр түрлi ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетiн объектi, ал ғылымдардың əрбiрi өзiне тəн ерекше көкейкестi мəселелермен айналысады. Солардың iшiнде қоғамдық ғылымдар əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуi тiптi мүмкiн емес..
Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен арнайы ғылым – психология (грек.-psiche, logos-ғылым) айналысады.
Психологияның негізгі даму кезеңдеріне сәйкес оған берілген анықтамаларды қарастырайық.
1-кезең – психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан.
II-кезең – психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жаратылыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған. Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспекция), одан алған деректерін баяндау болған.
III-кезең – психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX ғасырда пайда болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап, тікелей нақты көруге мүмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет деп білмеді.
IV-кезең – психология шынайы заңдылықтарды, психика көріністері мен тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.
Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
Психология пәні 1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам, 2) өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы.
Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы – адам санасы; сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік- тарихи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік іс-әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерекшеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.
Психологияның негізгі міндеттері:
- психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;
- психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;
- психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;
- психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруге жәрдем ету.
Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды.
Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері: 1) заттасқан болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойындау; 2) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісінде зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажыралмас бірлікте болатынын қолдау; 4) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару.
XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде өзекті пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тіршілік әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде қолданылуда.
Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы бұл күнде адам жөніндегі ғылымдар жүйесінің бірінші қатарларынан орын иелеуде.
Л. С. Рубинштейн "Жалпы психология негiздерi" (1940) атты еңбегiнде ''Психология зерттеуiндегi ерекше құбылыстар ауқымы анық көрiнiп тұр: олар бiздiң қабылдауымыз, сезiмiмiз, ойларымыз, ықлас- ниеттерiмiз бен тiлектерiмiз, т.б., яғни бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрап, бiздiң жан толғаныстарымыз үшiн денiмiзге ажырамастай болып сiңген құбылыстар жиыны'', - деген. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi əр тұлғаның (индивид) өз меншiк толғанысының болуы, ол түйсiк сезiмiнен ғана көрiнедi де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, қаншалықты əдемi, нəрлi суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын сезiнуi қиын; керең тiкелей қабылдамаған соң, əн-күй əуенiн танымайды; махаббат лəззатына өзi бөленбеген адамға ол жөнiндегi əңгiме-дастан да түкке де тұрмайды.
Психология ерекшелiктерiн танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебi, əрқандай нақты заттың өзi мен оның қабылданған кейпi бiр-бiрiнен ажыратылып тұратыны даусыз. Жан ерекше, тəннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзi де адамдар мен жануарлардың өлетiнiн, адамның түс көретiнiн сезiп, бiлген. Осыған орай адам ұстамға келетiн тəннен жəне көрiнбейтiн жаннан бiрiнен-бiрi бөлiнбейтiн дербес екi бөлiктен тұрады деген сенiм туындады; яғни адам өлмейiнше, жан оның тəнiнде жасап, өлгеннен соң тəннен шығып кетедi-мыс. Ал адам ұйқыдағы кезде, жан оның тəнiнен уақытша ажырап, қандай да бiр басқа жерге ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға түсiп, зерттелгенге дейiн адамдар-дың бiрiнiң екiншiсi жөнiндегi қарапайым тұрмыстық психологияға тəн пайымдаулары жинақтала бердi. Адам психика жөнiндегi кейбiр түсiнiктердi өз өмiр тəжiрибесi негiзiнде топтайды. Əлеуметтiк қатынастар мен еңбек барысында түсiнiсуге, бiрлiктi тұрмыс құруға, iс-əрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейiнгi бiлiмдер ауқымын құрады. Осы бiршама бiлiктер əр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-əрекетiне орай қатынас жасауға көмегiн тигiздi. Бiрақ мұның бəрi тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дəлелсiз. Оларды бiз күнделiктi тұрмыстық тəжiрибемiзден ғана үйренбестен, көркем əдебиеттен, халық ауыз əдебиетi үлгi-лерiнен(мақал-мəтел, ертек, əпсана) ұғып, түсiнiп келдiк. Қазiргi заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары нақ осы өмiр тəжiрибесi мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келiп шығады. Психологияның жантану ғылымы ретiнде мəнi неде? Оның ғылыми пəнi не? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан iздеп, психологияның əр даму кезеңiне орай өзiнiң зерттеу пəнiне деген көзқарасының өзгерiп бара жатқанын байқаған жөн. Психология өте ежелгi де, өте жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы əлi алда.
Психологияның дербес ғылыми сала болып танылғанына ендi ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пəлсапамен бiрге келе жатыр. ХIХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дəл былай деген: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа.
Психика зерттеулерiнiң тарихы деп отырғанымыз психология-ның фəлсападан бөлiнiп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзiнiң эксперименттiк зерттеулерiн ұйымдастыра бастаған дəуiрi. Бұл ХIХ ғ. кейiнгi ширегi болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңiнде өрiс алды. Пəн атының өзi де грек тiлiнен аударғанда психология - жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым") дегендi аңғартады. Кең тараған түсiнiктерге жүгiнсек, алғашқы психологиялық көзқарастар дiни ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пiкiр бағыттарының жалпы дүние, соның iшiнде жан жөнiндегi дiни- мифологиялық көзқарастарға қарсы күресiнде дамуын тапты. Осыдан, жан жөнiндегi зерттеулер мен түсiнiктер психологияның пəндiк аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең болды да психология əуел бастан ''жан'' туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне жауап табу оңайға соқпады. Əр тарихи дəуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсiндiрдi. Психика мəнiне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзектi мəселесiн - материя мен сана, заттық жəне рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тəуелдi болып келдi. Дəл осы мəселенiң шешiмi төңiрегiнде бiр-бiрiне тiкелей қарсы философия бағыттары - идеализм мен ма-териализм пайда болды.
Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетiнше жасайтын, материяға тəуелсiз, белгiсiз бiр зат деп қарастырды. Ал материалистiк танымда психика - туынды, материяға тəуелдi құбылыс. Идеалистiк бағыт өкiлдерi материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың əрекетi тəнсiз, мəңгi жойылмас жанның көрiнiсi деп бiледi. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, бiздiң түйсiгiмiз бен елестерiмiздiң нəтижесi. Идеализм бастауы адамдардың өз дене құрылымы мен қызметi жөнiнде дұрыс танымы болмаған, психикалық құбылыстарды адам дүниеге келуiмен тəнге енiп, оның өлуiмен ұшып кететiн жан жəне рух əрекетi деп ойлайтын заманда пайда болған. Жанды бастапқыда адамның əр түрлi мүшелерiнде жасайтын ерекше бiр жұқа зат не тiршiлiк иесi деп бiлген. Дiннiң пайда болуымен жан "о дүниемен" байланысты, көрiнбейтiн əрi мəңгi жасайтын, тəннiң өзгеше бiр екiншi баламасы - рухтық зат деп танылды. Бар əлемнiң бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген əртүрлi идеалистiк бағыттар қанат жайды. Адам психикасы - рухани өмiрдiң көрiнiсi, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен дiни догматтар адам жан дүниесiн материалистiк тұрғыдан түсiндiруге ұмтылған ғылыми ой- пiкiрлердi көп ғасыр кейiнге ысырып тастады. Жан жөнiндегi танымдар қандай құбылыс - өзгерiс-терге енгенiмен өмiрлiк iс- əрекеттiң қозғаушы күшi - жан деген тұжырымға ешбiр шүбə келтiре алмады. Тек ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт жаңа дəуiр есiгiн ашты. Ол адамның iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене əрекетiнiң де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнiнде пiкiр айтып, дəлелдедi. Бұл жантану ғылымының кейiнгi желiсiне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екi түсiнiктi - рефлекс жəне сананы бiрдей енгiздi. Бiрақ ол өзтағылымында жан мен тəндi бiр-бiрiне қарсы қойды, өзара тəуелсiз екi болмыс материя жəне рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы "дуализм" (екi тарапты) атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикалық табиғат ми қызметiнiң өнiмi емес, мидан тыс, оған тəуелсiз, өз бетiнше жасайтын құбылыс екенi түсiндiрiлдi. Бұл бағыт ғылымда объективтi идеализм деп аталды. Дуалистiк тағлиматты арқау етiп ХIХ ғ. психология-сында психофизиологиялық параллелизм атанған идеалистiк бағыт кең өрiс алды. Бұл бағыттың мəнi: психика жəне тəн қатар, бiрақ өзара тəуелсiз жасайды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дəрiптеушiлер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т.б. Шамамен осы дəуiрде психология денi жөнiнде жаңа түсiнiктер қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабiлеттерiне сана атауы берiлiп, психика санамен бала- маластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келдi. Бiрақ сана көп уақытқа дейiн басқа табиғи процестердiң бəрiнен оқшауланған ерекше құбылыс ретiнде қаралды. Ендi саналық өмiр Алла жаратқан ақыл көрiнiсi немесе сананы құраған қарапайым элементтерi бар субьективтiк сезiм нəтижесi деп есептелдi. Бiрақ идеалистiк бағыттағылардың бəрiн бiрiктiрген жалпы пiкiр: психикалық болмыс - бұл ғылыми талдауға келмейтiн, себебiн түсiндiру мүмкiн емес, тек қана өзiндiк бақылаумен танылатын субъектив дүние екендiгi. Мұндай түсiнiк кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттiк (өзiн-өзi бақылау) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзiмен өзi шектелiп, психика объектив болмыс пен субъектiнiң өзiнен де толығымен ара байланысын үздi.
ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына əртүрлi мақсаттарды белгiлеп, əртүрлi зерттеу тəсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар таласында жүрiп отырды. ХIХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы бiршама тағылымдар сананың осы интроспектiк психологиясы шеңберiнде зерттелдi. Бұл теориялар бойынша психологиялық зерттеулердiң бəрi қоршаған орта мен адам iс-əрекетiне байланыссыз жан толғаныстары мен көрiнiстерiне негiзделдi. Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешiмiн тапты. Интроспекттiк психология аймағындағы теориялар-дың бiр-бiрiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмұны жəне белсендiлiк дəрежесiне қарай əрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi.
Осы тұрғыдан сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды: • саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер); • саналық əрекеттер психологиясы (Ф. Брентано); • саналық ағым (сел) теориясы (У. Джемс); • дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология); • суреттеме психологиясы (Дильтей). Бұл теориялардың бəрiне ортақ түсiнiк: қоршаған дүниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар iс-əрекетi сана белсендiлiгi деп танылды. Психологияда эксперименттiк əдiстiң орнығуына қарамастан, бұл дəуiрде аталған теориялардың бəрiне тəн ерекшелiк - психикалық құбылыстардың мəнiн түсiндiру емес, тек қана суреттеп нақтылау. 1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды зертхана ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкiндiгi ашылды: зерттеушi белгiлi жағдайлар жасап, онда психикалық процестердiң өтуiн бақылап отырды. Бiрақ бұл бақылаулардың ерекшелiгi адам өзiнiң iшкi жан-күйiн, сезiмiн, ой толғанысын өзi бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспектiк аталған əдiс қолданылды. ХХ ғ. екiншi он жылдығында психологияның жəне бiр бағыты пайда болып, оның өкiлдерi психологияның жаңа пəнiн жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негiзiнен адам қозғалысының жиынтығы - əрекет-қылық едi. Бұл бағыт "бихевиоризм" (ағылш. behaviour-қылық) аталып, психология пəнi жөнiндегi түсiнiктер дамуының үшiншi кезеңiн қалады. Бихевиоризмнiң iрге тасын қалаушы Дж. Уотсон психологияның мiндетiн қоршаған ортаға бейiмделушi тiршiлiк иесiнiң қылық- əрекетiн зерттеу деп бiлдi. Тек бiр онжылдықтың өзiнде-ақ бихевиоризм бүкiл дүниеге тарап, психология ғылымының ықпалды бағыттарының бiрiне айналды. Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда - жан туралы ғылым, кейiн жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды. Əрине, қылық-əрекеттi бақылаумен объективтiк деректердi зерттей аламыз, бiрақ мұндай объективтiк жалған, себебi бiздiң əрқандай əрекет-қылығымыздың астарында өзiмiздiң ой, сезiм, ниеттерiмiз жатыр. Сондықтан осы ой, сезiм, ынта-ықыласты бiлмейiнше, əрекет-қылықты тану мүмкiн емес. Психология пəнiн нақтылауда болған дағдарыстар себебi аталған теориялардың негiзге алған əдiснамалық тұжырымдарында болып отыр. Атап айтсақ, саналық психо- логия болмыс пен сананың, объективтiк дүние мен субъек-тивтiк болмыстың ара қатынасын идеалистiк тұрғыдан шештi. Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана екiншi, одан туындаушы, яғни объектив дүниенiң мидағы бейнесi. Осы түсiнiкке орай материалдық болмыс (заттар, дүние құбылыстары) пен идеалдық (заттық дүниенiң сезiм, ой т.б. түрiнде бейнеленуi) бiр-бiрiне тiкелей қарама-қарсы. Бiрақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебi түйсiк, ой, сезiмдер т.б. материалдық органның мидың əрекетi, сыртқы тiтiркендiру энергияларының сана өмiрiне айналуының нəтижесi. Психика, сана ми қызметiнен ажырауы мүмкiн емес, олардың басқа жасау тəсiлi жоқ. Материя, психика жəне сананы бұлайша түсiну диалектикалық материализмнiң дүние заттығы жөнiндегi ережесiмен түбегейлi сай болып тұр. Əлемде əр түрлi қасиеттерге ие, мəңгi қозғалыста болып, мəңгi жасаушы материядан басқа ешқандай бастау болуы мүмкiн емес. Материяның қозғалысы бұл тек орын ауыстыру емес, оның қалаған өзгерiмi, құбылуы, бiр күйден екiншi күйге түсуi. Материяның дамуы - бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға жетiлуi, қарапайым қозғалыстан жоғары қозғалысқа өтуi. Алғашқыда тек органикалық емес материя, өлi табиғат болды. Дамудың белгiлi бiр сатысында, өзiнiң ұзаққа созылған эволоциясының нəтижесiнде материя органикалық қасиеттерге ие болды, материя қозғалысының жаңа формасы мен жаңа қасиетi өмiр, табиғат жиынтығына ендi. Табиғаттың даму процесiнде өсiмдiктер, жануарлар, келе-келе материяның ең жоғары туындысы санаға ие адам пайда болды. Ғылыми психология тiрек еткен диалектикалық материализм категориялары жүйесiнде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебi осы категорияға орай психиканың жалпылама жəне мəндi сипаты ашылады: əрқандай пси-хикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив бейнеленуiнiң түрлi формалары мен деңгейлерiн көрсетедi. Бейнелеу теориясы психология ғылымының мəнiн анықтауда, оның əдiстерiн таңдауда, деректер, түсiнiктер, тұжырымдар тобынан қажеттiсiн ажыратуда жалпы əдiснамалық бағдар рөлiн атқарады.
Психикалық құбылыстың органикалық материя қасиетi ретiнде сапалық ерекшелiгi неде? Барша материя бейнелеу қасиетiне ие. Психика - материя қасиетi, мидың қызметi болумен психика дамуының алғы шарты бейнелеудiң ерекше формасы. Психика материяның даму желiсiнде, оның бiр қозғалыс формасынан екiншiсiне өзгерiп барады. Биологиялық эволоция барысында заңдылықты пайда болып, психика сол эволюцияның маңызды фактор бiрлiгiне айналады. Бейнелеу қасиетi негiзiнде организмнiң қоршаған ортамен кең салалы жəне сан алуан байланыстары түзiледi. Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша, тiршiлiк ие-сiнiң iшкi психикалық өмiрi болуы мүмкiн емес, яғни сана, психика өзiнен тыс жəне тəуелсiз жасайтын танымды бол- мыстың бейнесi. Егер де осы қоршаған объектив шындық болмаса, санадағы оның бейнесi жөнiнде əңгiме қозғау қажетсiз. Əрқандай психикалық акт нақты болмыстың бiр бөлшегi əрi оның бейнесi болып табылады. Сонымен, психиканың қызметi, бiрiншiден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн, байланыс-тарын бейнелеу, екiншiден осының негiзiнде адам қылығы мен қызмет əрекетiн реттестiру.
Психиканы диалектика-материалистiк тұрғыдан қарастыру əрқандай iшкi жан-күйлiк құбылыстардың өзiмен өзi шектелмегенiн, шындықтан бөлiнбей, онымен түбегейлi əрi тығыз байланыста екенiн танытады. Диалектикалық материализм бағдарынан психоло-гиялық ғылыми бiлiмдердiң құрамы неден тұрады, яғни пəнi не? Бұл - ең алдымен психикалық өмiр деректерi. Мысалы, психикалық дүние дерегi ретiнде адамның тəжiрибе топтау қабiлетi - жад, естi қарастырайық. Есте болсын, ғылыми жантану психологиялық құбылысты тек суреттеп баяндаумен шектеле алмайды, оның мiндетi түсiндiру, яғни осы деректер мен құбылыстарды басқаратын заңдарды ашып, олардың мəнiн айқындап беру. Əрқандай ғылым мақсаты зерттелетiн процестер мен құбылыстар бағынатын объектив заңдарды белгiлеу. Теориялық жəне эксперименталды зерттеулердiң бəрi нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзi құбылыстар арасындағы мəндi, қажеттi, тұрақты, қайталанып жүретiн байланыс, қатынастарды бiлуден келiп шығады. Мысалы, ес өзiнiң қызметтiк заңдылықтарына бағынады. Естiң түрлерi болатыны белгiлi. Жақсы есте қалдыру қайталуға тəуелдi екенiн бiлемiз, байланыссыз материалға қарағанда, жоспарланғаны жеңiл əрi тез еске түсетiнi мəлiм. Ғылымдағы күрделi мiндеттердiң бiрi - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу. Ғылымдық қатал талап объективтiк заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекеттiк аймағы мен қолдану жағ-дайларын көрсете алу.
Сондықтан да психология зерттеулерiнiң объектiсi психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар. Сонымен бiрге ескеретiн жəйт, заңдылық байла-ныстарды бiлу өздiгiнен заңдылықтарды iске асыратын нақты тетiктердi ашып бере алмайды. Осыдан психологияның мiндетi - психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық iс-əрекеттi қозғаушы механизмдердi де анықтап бiлу. Ал ендi сол ме- ханизмнiң қандайда да психологиялық процестi орындайтын нақты анатомия- физиологиялық аппаратты iске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнiң табиғаты мен əрекетiн психология басқа ғылымдармен бiрлiкте зерттейдi. Қорытындыласақ, жантану ғылымы психология - психика деректерiн, заңдылықтарын жəне механизмдерiн зерттейтiн бiлiмдер саласы.

1.2 Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны

Психологияның басқа ғылымдар жүйесiндегi орнын тануға орай психологиялық деректердiң басқа ғылымдарда пайдалану мүмкiндiктерiн жəне керiсiнше, психология олардың нəтижелерiн өзiне қалай қолданатынын жете түсiнуге болады. Əр түрлi тарихи дəуiрлердегi ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным бiлiмдерiнiң даму деңгейi мен сараптау схемасынан келiп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бiрде бiр бiлiм саласы ғылымдар жүйесiндегi өз орнын психология сияқты жиi өзгертiп тұрған емес. Қазiргi күнде академик Б. М. Кедров ұсынған сарап əдiсi қабылданған. Бұл əдiс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негiзделген. Ұсынылған схема - шыңдарына жаратылыстану, əлеуметтiк жəне философиялық ғылымдар қонақтаған - үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негiзгi тобының мұндай орналасуы олардың пəнi мен əдiстерiнiң психология пəнi мен əдiстерiне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған мiндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының бiрiне бұрып отырады. Психологияның жалпы ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi қызметi - зерттеу объектi адам болған барша ғылым салаларының жетiстiктерiн бiрiктiрiп, байланыстыру. Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмұндық сипаты қандай? Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенiң адам миында қалай бейнеленетiнi, осыған орай оның əрекеттерi қалай реттелетiнi, психикалық қызметтiң дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттерi қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесi екенi белгiлi, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмiр шарттары мен қызметiне тəуелдiлiгiн тануға бағытталуы тиiс. Сонымен бiрге, адамдардың əрқандай iс-əрекетi барлық уақытта адам өмiрiнiң объектив жағдайларымен байланысып қалмастан, оның субъектив мезеттерiмен де қатынаста болады. Ғылыми психология барша психикалық құбылыстардың (қаншама күрделi болмасын) материалдық негiзi бас миы қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесi болатындығына арқа сүйей отырып, субъектив жəне объектив жағдайлардың өзара ықпалды болатынын шынайы заңдылықты дəлелдеуге негiздеп бере алады. Осы байланыстардың түзiлуi жəне олардың қызметтес болуынан психикалық құбылыстар адам iс-əрекетiне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз əсерiн тигiзедi. Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмiрi мен əрекетiнiң объектив жағдайларына тəуелдi заңдылықтарын аша отырып, психология осы əсерлердiң мидағыбейнелену механизмдерiн де айқындайды. Осыған орай, психология физиологиямен, дəлiрек айтсақ, жоғары жүйке қызметi физиологиясымен өте жақын байланыста болуы сөзсiз. Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХIХ ғ. басталған жаратылыстану ғылымдарымен бiрлiкте зерттелуi үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстың нəтижесiнде психологияға экспериментальдық əдiс ендi. (Г. Фехнер), рефлекторлық теория ашылды (И. М. Сеченов, И. П. Павлов). Қазiргi заман психология проблемаларының зерттелуiне Ч. Дарвиннiң эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигiзiп, тiршiлiк иелерiнiң құбылмалы орта жағдайларына икемделудегi психиканың рөлiн анықтауға, жоғары психикалық əрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсiнуге мүмкiндiк бердi. Психолог жеткiлiктi дəрежеде өсiмдiктер мен жануар-лар тiршiлiгiндегi ерекшелiктердi айыра бiлуi қажет. Əсiресе, бiртектi сулы ортада жасаған бiр жасушалылардың клеткалы өмiр тұрпатынан қоршаған ортада белсендi бағдар- бағыттылықты талап ететiн құрылықтағы тiршiлiк иесi - көп жасушалылардың күрделi өмiр формасына өтудегi өзгерiстерiн анықтап бiлген жөн. Жəндiктер дүниесi мен жоғары омыртқалылардың тiршiлiк принциптерi арасындағы айырма-шылықтарды да бiлгеннiң маңызы үлкен. Икемделудiң жалпы биологиялық принциптерiн бiлмей, жануарлар қылық- əрекеттерiнiң ерекше бiтiстерiн дəл түсiну мүмкiн емес, ал онсыз адамның күрделi формадағы психикалық əрекеттерiн ұғу биологиялық тұғырынан айырылады. Сонымен бiрге естен шығармайтын жəйт, психология ғылымының пəндiк негiзiн құрайтын деректердi ешуақытта биологиялық дерек-термен баламаластыруға болмайды. Психология үшiн оның қоғамдық ғылымдармен бай-ланысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, əлеуметтану, өнертану, заң жəне т.б. зерттеулерiндегi проблемалар əрдайым психологиямен тiкелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың жеке жəне ұжымдық əрекеттерiнiң механизмi, əрекет, əдет, əлеуметтiк бағыт, тəртiп-талап стереотиптерiнiң қалыптасу заңдылықтары жөнiндегi бiлiм-дердi пайдаланбай, кəйiп, сезiм, психологиялық климатты танып бiлмей, жеке адамның ерекшелiктерi мен психологиялық қасиеттерiн, қабiлетiн, сезiмiн, мiнезiн, адам аралық қатынастарын зерттемей, əлеуметтiк процестер мен құбылыстардың мəнi толық ашылмайды, яғни, ықшамдап айтсақ, əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторды ескеру заңды қажеттiлiк. Психологиялық факторлар өздiгiнен əлеуметтiк процестердi бағыттай алмайды, керiсiнше, олардың өзiн осы қоғамдық процестердi талдау арқылы түсiну мүмкiн. Адамның психикалық iс-əрекеттерiнiң негiзгi формалары қоғамдық тарих шарттарына орай туындап, дəстүрлi объектив iс-əрекет жағдайында өрiсiн тауып, еңбекке, еңбек құралдары мен тiлдi қолдануға байланысты қалыптасады. Келтiрiлген пiкiрлер психологияның қоғамдық ғылымдармен болған байланысының маңыздылығын дəлелдеп тұр. Егер жануар қылық-əрекетiнiң қалыптасуы тiршiлiктiң биологиялық жағдайларына түбегейлi тəуелдi болса, адам қы-лығының қалыптасуы қоғамдық тарих шарттарымен ажы-рамас байланыста. Ең алдымен психикалық əрекет-қы-лықтық адамға тəн ерекшелiктерiн зерттейтiн психология ғылымы қоғамның негiзгi заңдарын қорытушы əлеуметтiк ғылымдар деректерiнсiз бiр қадам да iлгерiлей алмайды. Адамның психикалық əрекетiне арқау болатын қоғамдық шарттарды зейiндiлiкпен көре бiлу психологияның берiк ғылыми тұғырға орнығуына мүмкiндiк бередi. Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн. Əлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгiлi, кезiнде К. Д. Ушинский: "Адамды жан-жақты тəрбиелеу үшiн оны жан-жақты зерттеу қажет", - деген едi. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрiнiп тұр. Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жөнiндегi бiлiмдерге сүйенбесе, онда ол қара-дүрсiн педагогикалық кеңестер мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мəнiнде ғылым болудан қалып, мұғалiмге ешқандай жəрдем бере алмайды. Педагогиканың барша салаларының (жалпы теория, дидактика, пəн əдiстемесi, тəрбие теориясы) даму барысында психологиялық зерттеулердi қажет ететiн проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың қалыптасуын; адам қабiлеттерi мен мотивтерiн, оның психикалық дамуын тұтастай бiлу оқудың əр сатысындағы бiлiммазмұнын анықтау, оқу мен тəрбиенiң ең тиiмдi əдiстерiн нақтылау жəне т.б. сияқты өзектi педагогикалық проблемаларды шешуде келелi мағына-маңызға ие. Қазiргi кезеңде нарықтық қоғам оқушысын неге үйрету керек? Ғылым топтаған асқар тау ақпарат қорынан мектеп үшiн нендей бiлiмдi жəне оны қалай алу керек? - дегендей мың сан проблема қордаланып тұр. Бұлардың бəрiне шешiм табу, адамның əр жас деңгейiндегi психикалық даму мүмкiндiктерiн жəне олардың жедел шемдерiн белгiлеу педагогикалық психологияның мiндетi.
Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес.
Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров ұсынған сызықтық емес жіктеу жалпыға ортақ болып саналады. Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған үлгі -бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үш бұрыш пішінді. Бұлайша орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үш бұрыштың бір бұрышына бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді. 
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді [3, 14 б]. 
Сонымен бірге адамдардың кез келген іс-әрекеті әрқашанда адам өмірінің объективтік жағдайларына ғана емес, сондай-ақ олардың субъективтік сәттерімен арақатынасына байланысты болады. Материалдық психология субъективтік және объективтік жағдайлардың әрекеттестігіне шынайы ғылыми негіз береді. Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы жэне қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді. 
Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен іс-әрекетінің объективтік жағдайларынан заңды тәуелділікте болатынын анықтай отырып, психология осы эсерлердің бейнеленуінің физиологиялық механизмдерін де ашуы керек. Психология физиологиямен, соның ішінде, жоғары жүйке әрекетінің физиологиясымен тығыз байланысын сақтауы қажет. 
Физиология ағзаның қызметін жүзеге асыратын механизмдерін, ал жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы ағзаның қоршаған ортамен "теңесуін" қамтамасыз ететін жүйке жүйесі жұмысының механизмдерін қарастырады.
Осы үрдістегі қоздыру мен тежелудің негізіне жататын жүйке талшығының жұмыс істеу заңдылықтарының, жүйке жүйесінің әр түрлі "қабаттарының" және күрделі жүйке құрылымдарының атқаратын рөлдерін оңай байқауға болады. Талдау мен жинақтауды жасауға, жүйке байланыстарының түйісуіне себепші болатын бұл құрылымдар адамның психикалық әрекеттерінің негізгі түрлерін зерттеуші психологқа, оларды қарапайым сипаттаумен ғана шектеліп қоймай, әрекеттің бұл күрделі түрлері қандай механизмдерге сүйенетінін, қандай аппараттар арқылы жүзеге асырылып, жүйелерде білінетінін көрсетуі үшін қажет. Бірақ психология ғылымының негіздерін меңгеру үшін физиологияны ғана білу жеткіліксіз болады. 
XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға эксперименттік әдістің (Г. Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады. Психологиялық ілімдердің табиғи-ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері: Л.А. Орбели, П.К. Анохин, К.М. Быков, Н.И. Красногорский, А.А. Ухтомский, Н.А. Бернштейн, И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Олар тіршілік иесінің ортаның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың рөлін анықтауға, психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның даму тарихы
Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі
Психология ғылымының даму тарихы
Конгинивті психологияның бастауы
Педагогикалық психологияның негізгі міндеттері
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Қазақстандағы әскери қызметке кәсіби даярлаудың психологиялық мәселелері
Басқару теориясы туралы
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Пәндер