Мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Педагогика пәнінен

Тақырыбы: Мектепте еңбек тәрбиесін

ұйымдастыру жолдары

Тексерген:

Орындаған:

Астана, 2015

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 Еңбек тәрбиесінің теориялық негізі . . .

1. 1Қазақстанда еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың қалыптасуы

мен дамуы . . .

1. 2 Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері . . .


2 Мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

жолдары . . .

2. 1Оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда еңбекке

даярлау әдістемесі . . .

2. 2 Мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жолдары . . .

2. 3 Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен тыс жұмыстарды

ұйымдастыру әдістемесі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

3

5

5

19

21

21

28

37

44

46

Кіріспе

Қазақстанда білім беру халықаралық стандартқа сай болуы керек, сондықтан «2010 жылдан бастап біз 12 жылдық білім беруге көшуіміз, педагогтардың кәсіби деңгейін, оқулықтар мен оқу бағдарламаларының сапасын көтеруіміз керек» - деп ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында атап өткен болатын. 12 жылдық сапалы білім беру нарықты жағдайда мемлекеттің табысты даму шарттарының бірі болып саналады.

ХХІ ғасырда жалпы білім беретін мектепте оқушының өзін үйлесімді дамытуға бағытталған 12 жылдық білім беру үлгісі бастауыш мектепті бітірердегі 10 жастағы баланың оқу-іс әрекетінің жоғары деңгеймен, өз бетімен оқу және өзін-өзі дамыту арқылы білімді, адами құндылықтарды жүйелі игерумен ерекшеленуі тиіс. Жалпы әлемдік қауымдастықта қабылданған 12 жылдықты оқытуды мамандарды даярлау негізінде ғана мүмкін болады - деп атап көрсетілген болатын.

Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі дейтін болсақ бала алған білімін іс жүзінде қолдана біліп, оны өмірмен, өзінің іс-әрекетімен күнделікті тіршілік қызметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын, жемісін береді. Осы орайда баланы еңбекке жастайынан үйретсек, баланың бойында еңбек тәрбиесі дұрыс қалыптасатыны белгілі.

Еңбексіз даму жоқ, онсыз кері кетушілікке ұшырауға болады.

Еңбек - адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Қоғамда қабілетіне қарай еңбек ету әрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне айналады. Ол үшін бұл үдерістердің тәрбиелік әсерін оқушылардың бойына сіңірудің алуан түрлі әдістемелерін қолданамыз. Еңбекке баулу пәнінің оқулықтары мен әдістемелік көмекші құралдар теориялық, практикалық жағынан оқу материалының көлемі толық қамтылмағаны ескеріліп, колледж студенттеріне әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.

Қоғамның даму тарихына байланысты, еңбек тәрбиесі әртүрлі формада дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Ортағасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі - гуманизм мен демократизм болғаны педтарихынан белгілі. Коменский мектеп балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, оның басты саласы қоғамдық тәрбиенің негізгі буыны - еңбек тәрбиесін адамның табиғатына сәйкес жүргізу қажет деп есептеді.

Курстық жұмыс обьектісі - Мектептегі еңбек тәрбиесінің ұйымдастырылуы.

Курстық жұмыс пәні - Мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жолдарының мазмұны.

Курстық жұмыс мақсаты - Мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жолдары жөнінде практикалық ұсыныстар қатарын әзірлеу.

Курстық жұмыс міндеттері:

- қ азақстанда еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың қалыптасуы мен дамуы

  • еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері;
  • оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі;

- мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жолдары

- бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

1 Еңбек тәрбиесінің теориялық негізі

1. 1Қазақстанда еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың қалыптасуы

мен дамуы

Педагогика теориясы мен тәжірибесінде 1884 жылдан бастап жас

ұрпақты өздігімен еңбектену әрекетіне дайындауды жалпы білім беретін

мекемеде еңбекке баулу арқылы шешуді ұйғарған. 1886 жылы Швецияның

Соломондық әдісімен оқытылатын мектеп директоры Сант-Илер «Қол еңбегін оқыту негіздері» атты еңбек жазған. Ресейде 1901 жылы «Қол еңбегі

мен сызу пәндерін оқыту» деп аталатын бағдарлама ұсынылып, онда жас ұрпақты еңбекке дайындау, кәсіби бағдар берілуі керектігі көрсетілген.

Елімізде тұңғыш рет орыс-қазақ мектебі Жәңгір ханның бастауымен 1841 жылы Бөкей ордасында ашылып, онда еңбекке және қолөнерге баулу енгізілді. Бірақ оқыту, тәрбиелеу мазмұны орыс халқының тәжірибесімен байланысты болды. Ы. Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс-қазақ мектебін алғаш ашқанда сабақты еңбекке баулудан бастаған. Әдеби дерек көздеріне талдау жасай қарайтын болсақ, мынандай тұжырым жасауға болады: біріншіден, адамдар ұлы тіршілік иесі ретінде еңбек ету, материалды байлықтар жасау және өндіру қабілетіне ие. Адам бұл тәжірибе жинамаса адамдық бейнесін жоғалтады, қатігездікке бой алдырады. Екіншіден, еңбек адам бойындағы адами қасиеттердің қалыптасуына ықпал жасап, оның ішкі дүниесін мінез-құлқын бағалауда негізгі өлшем ретінде қызмет етеді.

К. Д. Ушинский еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына әсері туралы: «Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады . . . » деп еңбек етпей адамның алға жылжуы мүмкін емес деген қорытындыға келді. Белгілі ғалымның пікірінше, біріншіден, баланың өзіне пайдалы еңбек табу мүмкіндігін ашуға, келесі жағынан, оған еңбекке деген құлшыныс тудыру қажет, тәрбиеленушінің бойына еңбекке деген құрметті сүйіспеншілікті сіңдіру керек, осы арқылы ол еңбекке үйренеді. Ағартушылардың ой-пікірін талдай келе мынадай құнды пікірлдерді атап көрсетуге болады: еңбек арқылы адамдық қасиеттерді тәрбиелеу, дене жетілуі, өзін-өзі тәрбиелеу, балалардың өзін-өзі басқару, дамыту деген идеяларын мектепалды және кіші мектеп жасындағы балаларды еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруды басшылыққа алуымыз қажет.

Ресейдің Қазақстанды отарлау саясаты экономикалық, саяси, мәдени байланысында кең жолды тарихи қалыптасқан. Г. М. Храпченковтың зерттеуі бойынша, жергілікті халықтармен жақын араласу және өлкеге оқыған, сауатты қайраткерлерді даярлау мақсатында Омскі, Орынборда, Торғайда, Ырғыз, Қазалыда мектептер ашылып, қазақ халқының мәдениетінің, ағартушылық ой-пікірлердің қалыптасуына ықпал етті.

Ағартушы демократ Ш. Уәлиханов қазақтардың экономикасы мен мәдениетіндегі артта қалушылықтан шығудың жолы білім мен еңбекте екендігін айтты. Қазақ даласында кейінірек тараған шаман дінінің пайда болуының да белгілі себептерін білім-ғылымнан кенже, тәжірибесі аз адамның табиғатпен күрестегі енжарлығы, оған тәуелді болуынан деп түсіндіреді. Шоқан қазақ халқының қоғамдық өміріндегі басты кемшіліктерінің бірі «барымта» екендігіне тоқталып, оны жұртшылықтың көпшілігі баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін ерекше атап айтты: «Мұндай кәсіппен айналысқан адамның еңбекке ықыласы болмайды, ал белгілі бір еңбекпен айналысу уақытты, зор ынта ықыласты керек етеді» . . . «ондай әдеттің етек алуы қазақ даласындағы әр түрлі еңбек түрлерінің дамуына кедергі келтіреді», - дейді. Демек, қазақтың барымтасын жастарды белгілі бір еңбек түрінде тәжірибе жинақтаудан тайдыратын, адамның жан-дүниесін аздытарын кәсіп деп есептеп, адам тек қана «адал» еңбек жолына түскенде ғана «барымта» секілді әлеуметтік індеттен айырылатынын айтады. Адамның адамшылығы оның өмірлік тәжірибесі мен біліміне, бәрінен де өзіне байланысты, нақтылы әрекетіне, іске тындырымдылығы. Ғалым еңбекті құнды еңбек деп, бірнеше топқа бөледі.

Бұның барлығы еңбек тәрбиесінің туындысы, сол арқылы әрбір жеке адамның көтерілген рухани биігі, тәжірибесі, табысы деп ой қорытады.

Ұлы ағартушы А. Құнанбаевтың қай шығармасын алсақ та, жастарды еңбекке талаптануға, өнер-білімді меңгеруге шақырады, тәрбилі болуға, үлгі-өнеге алуға бағыттайды. « . . . тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, адал еңбекпен қарманып, адал еңбекпен мал іздеу - ол арлы адамның ісі» деп сұрауын не қалауын табамын деп қорлықпен өткізгенше «малды не жерден, не аққан терден сұрау керек» деп бүгінгі күнге дейін мәні зор тәжірибеге сүйеніп, өздігімен әрекеттенуге, қарыз сұрануға арлануды кейінгі ұрпағына өшпейтін қағида қалдырған. « Құдай саған еңбек қылып малтабарлық қуат береді, ол қуатты кәсіп қыларлық орынға жұмсамайсың ба? Ерінбей еңбек қылсаң тынбай ізденсең, орнын тауып еңбек істесең, кім болмайсың?» деген ғұламаның ренжи айтқан өсиетін әрбір адам өнеге тұтып, ерте жас кезеңнен баланың еңбек іс-әрекетінің субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруда арқау етеу парызымыз. Қазақ халқының ежелгі кәсібінің бірі аңшылық, құсбегілік, саяткерлік өнердің адам тәжірибесіне байланысты қалыптасып, ертедегі күн көрісі болса, екіншіден, бертін келе, саяткерлік, спорттық өнер түріне айналған.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ресейде санды және сапалы өзгерістер болып, білім, біліктілік және дағдыны меңгеретін дәстүрлі оқыту мектебінен терең білімді, өздігімен әрекет ететін және бастама көтере білетін еңбек мектебіне көшу мәселесі қойылды. Осыған байланысты біртіндеп бастауыш білім берудің материалдық жағдайы мен тәжірибелік

базасы жақсарып, «Еркін сәби мектебі», «Сетлемент», «Бала еңбегі мен

демалысы» атты жеке меншіктік эксперименттік оқу-тәрбие мекемелері

бастауыш білімді ұйымдастырудың жаңа типтері ретінде танылды.

«Еркін сәби мектебі» К. Н. Венцельдің бастамасы бойынша Мәскеуде құрылып, онда 5-12 жас аралығындағы балалар еркін әрі шығармашылық еңбекпен айналысты. Ағаш шеберханасында балалар тәрбиешілермен біріккен желімдеу, құрастыру әрекеттерімен айналысып, оқу-тәрбие үдерсін кәсіби бағдар беруге бағыттау ретінде қарастырылды. Мұндай оқу-орнын педагогтар мен ата-аналар басқарды.

«Сетлемент» ағартушы-тәрбиелік мекемесі А. И. Зеленко мен С. Т. Шацкий тарапынан Мәскеуде, кейін «Бала еңбегі және тынығу» деген жаңа атаумен қайта құрылды. Еңбек тәрбиесінің мәнін ашуда ғалымның көзқарасы басқаша, балаларды бірлесіп, ұйымдасып өмір сүруді, еңбек етуді үйету болды. Тәрбиедегі өндірістік еңбек әдістері туралы мәселені қарастыра отырып, зерттеуші мұндай еңбекті білімге жұмсалған шығын орнын толтыру тәсілі етуге болмайды, қоғам өміріне белсенді араласуы деп атап өтеді. Ол өзінің ғасырлар бойы адам баласы жасаған тәжірибелері балалардың өміріне азық дегенді басшылыққа алды.

П. П. Блонский техника мен еңбек тәрбиесі дамуын біртұтас бірлікте, яғни бір үдерістің өзара ықпал ететін және өзара тәуелді құрамдас бөліктері ретінде қарастырды. Бұл сондай-ақ тоқтап қалған үдеріс емес екенін, өйткені техниканың дамуы алға қарыштаған сайын тәрбие үдерісі де жаңарып отыратынын да атап өтті. Еркін тәрбие теориясының зиянды ықпалын әшкерелеп, еңбек түрлері мектепке дейінгі балаларға және бастауыш сыныпқа лайықты, түсінікті түрде таңдалынып, ойынмен байланысты болуы қажет деген құнды болжам жасады. Ғалымның ойы бүгінгі таңдағы еңбек нарығына қойылып отырған талаптар, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыратын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатымен үндеседі.

Еңбек мектебінің теориясын құрушы Г. Кершенштейнер еңбек сабақтарының мақсатын кәсіптік қара күш жұмсалатын іс-әрекетке дайындау, балаларды ыждағатты, тиянақты еңбекпен бірге үлкендерге бағынуды үйрету деп түсінген. Түрлі қолөнер еңбегінде, зертханалық жұмыстарда, тәжірибелік сабақтарда жалпы білім беретін ғылыми білімді пайдалануды ұсынды. Қол еңбегі баланың жеке тәрбиесінің қалыптасуының негізі деген. «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» және «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже» кеңес өкіметінің мектебі туралы алғашқы қағидалары жұмыс істей бастады. Жоғарыда аталған идеялармен құжаттарды іске асыру ғылыми дәлелденген тұжырым ретінде қолданды. Сонымен, бұған дейін адамзат қоғамының дамуының барлық кезеңінде жас ұрпақты еңбекке дайындау негізгі әлеуметтік-педагогикалық мәселердің қатарына жетекші орын алып келген. Адамның адам болып қалыптасуындағы еңбектің маңызын ескерсек, баланы еңбекке баулудың қаншалықты құндылығын түсіну қиын емес.

1903 жылдары елімізде бастауыш мектептердің ішінен 270 қол еңбегі сыныбы және 32 қолөнері бөлімдері ашылады. Оқушылары етікші, тігінші, сылақшы, слесар және басқа қол еңбегі сыныптары ашылды. Қыз балалар негізінен тоқу, кестелеу, пішу және тігуге тартылды. Сол кезеңдегі педагогика ғылымы мен практикасының екі бағытта: политехникалық білімді ғылыми негіздеу және тәжірибеге енгізу және оқыта отырып тәрбиелеу тұрғысынан дамығандығын көреміз. 1927 жылдан бастап мектептер оқудың пәндік түріне көшіріліп, еңбек сабағы негізгі пән дәрежесіне ие болды.

Мектеп қабырғасында оқушылар оқу-тәжірибелік үлескелерде, егін салу, мал өсіру, метал сынықтары мен қағаз қалдықтарын жинаумен айналысты. Сол кездегі қазақ халқының тіршілік тұрмысына, идеологиялық болмыс-бітіміне байланысты еңбектің, еңбек тәрбиесінің, қол өнердің мазмұнының дамуына үлес қосқан ағартушы ғалымдар М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдабердиев, Ж. Аймауытов сүбелі ойларын қалдырған. М. Жұмабаев «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» деген ғылыми-әдістемелік еңбегінде сол уақыттағы мектеп туралы «мектебіміз-белгілі берік негізге құрыла алмады. Бір жақтан - әліпби һәмғылым, екінші жақтан - ұлт тілі жаратылыс, үшінші жақтан - орталық һәм машина негізінде құрылған еңбек мектебі. Міне, қазақ осы күні үш оттың ортасында отыр» деп қынжыла ұлттық мектеп негізінін құруды аңсайды. 1918 жылы оқу-ағарту жөніндегі мемлекеттік комиссияда А. В. Луначарский және Н. К. Крупскаяның басқаруымен «Біріңғай еңбек мектебі туралы ереженің» қабылдануына байланысты былай дейді: «мектепті еңбек негізінде құру - педагогика дүниесінің көптен бері көксеген ізгі тілегі болатын. Еңбек мектебінің совет кезінде атой салып шыға келуі себебі - Совет үкіметі һәм коммунизм жолындағы адамдар еңбек мектебін саяси күреске құрал қылып отыр». Оның пікірінше, қол еңбегі, дене еңбегінен ақыл-ой еңбегіне бағыттайтын еңбек негізінде құрылуды құптайды.

Еңбек туралы философиялық ой тастаған Ш. Құдайбердиев «егер адамдар түгелімен біріне-бірі қиянатсыз, туысқан болып, осы ақылын жұмсап еңбек қылып, табиғатты тиімді пайдаланып отырса, дүние бейіш болатынына ешкім дау айта алмас еді» ауыз бірлікке шақырып, ақыл-оймен еңбектенуді уағыздайды. «Арыңды сатпа, теріңді сат, адалды ізде, егін сал не сауда қыл, малыңды бақ» тек маңдай термен еңбектенуге, оқу-білімге, өнерге шақырады, жалқаулықты, бойкүйездікті, надандықты сынайды, талапты бол дейді. Өмірдегі байлық пен бақыт еңбекпен ғана ол сенің қолыңа өзі келіп қонады. Үнемі біреуге телміріп көзіңді сатып өміріңді өткізбей маңдай теріңмен, адал мал жина. «Ерінбей еңбектенсең дәулет дайын, . . . аяқ берді тапсын деп басан сайын» деп кейінгі ұрпақты он екі мүшесін орнымен пайдалануды ақылмен жеткізуге тырысқан. Ата-ана балаларын белгілі бір кәсіпке кішкене кезінен дайындауын, еңбекпен өмір тәжірибесін меңгерту тозбайтын мұра, ұрпағының тіршілігіндегі азығы екендігін үндейді.

Өзінің барлық саналы өмірін мектеп ағартушылық ісінің кемелдннуіне бағыштаған А. Байтұрсынов алғашқы ой пікірлерін «Қазақ газетіндегі мақалаларында «қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу, күнелту, сауда, кәсіп, жер-су, егін, мал шаруасы, жайында кеңесу, оқу, оқыту, мектеп, медресе, ғылым, өнер, тіл, әдебиет турасында жөн көрсету» деп ондағы оқытылатын оқу, жазу, дін, ұлт тілі, әдебиет турасында жөн көрсету» деп тек оқу-білім ғана қызықтырмай, оның адам өмірімен, тіршілігімен, еңбегімен тығыз байланысты екенін байқатады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек» деп ондағы оқытылатын оқу, жазу, дін, ұт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қолөнер, жаратылыс пәндер тізімін көрсеткен. Бұдан біз ағартушының бастауыш мектептен шаруа-кәсіп, қолөнерді енгізу арқылы заманына қарай белгілі кәсіпке жол сілтеп, бағыт беруді, білімді өмірмен байланыстыруды көздейді.

Ж. Аймауытов «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінде кешенді түрде

зерттелетін мәселе халықтың күн көретін еңбегі екендігін, оның үш жағын Сонымен қатар, еңбекке қолма-қол араласқан жағдайда білім қонымды да, жұғымды болатындығын айта келе, мектептегі еңбек түрлерін ұйымдастырудың шарттарын:

1. Еңбек тәрбиелік жағынан маңызды болсын, яғни баланың денесі, ақылы жетілуге қол-қабыс еткендей еңбек болсын;

2. Баланың жасына, күшін лайықты, шамасы келерлік еңбек болсын;

3. Бала түсінгендей, баланың мүддесіне тура келетіндей еңбек болсын, мұғалімнің бұйырғаны болмасын;

4. Іс жүзінде пайдалы еңбек болсын;

5. Баланы шаршатып, желіктірмейтін еңбек болсын;

6. Көптесіп, бірлесіп істегендей болсын;

7. Еңбектің мақсатын, жоспарын балалар өздері белгілеп, бірлесіп

орындау жолын өздері реттеп, кім қандай жұмыс атқаратынын өздері

күштеріне қарай бөліп алсын деп белгіленген.

Ендігі бір сөзінде «Келісті білімнің табан тірейтін негізі - еңбек тәрбиесі» деген. Ғалымның бұл түйгендері мен ұсыныстарының бүгінгі балалар еңбегіне қойылатын талаптармен ұштасып құны жойылмағандығын көреміз. Тіпті мынадай ойларынан «баланың үйдегі, күндегі еңбегі жабайы, қарапайым, өнімсіз екенін мұғалім қашан да ескеріп, тексеріп, кітап оқу, әңгімелесу арқылы балаларды еңбектің құнарлы түрімен таныстыру» деп пайдалы еңбекке тартып, қызығушылығын тудыру, бағыт-бағдар беруді педагог қауымға әдістемелік нұсқау түрінде берген. Бұл ойы біздің заманымызда да базарда ауыр жүк тасып, күн көру қамымен небір жұмыс атқарып жүрген балаларды бақылауға алуды жүктейді.

Еңбекті С. Торайғыров адамды ақыл-ой және адамгершілік жағынан дамытудың аса маңызды факторы ретінде, айналадағы өмірді, нақты заттар мен құбылыстарды танып-білудің құралы ретінде алып қарайды. Қазақ халқының мәдениетті ел қатарына қосылуы техниканы меңгеруі керек деді.

Өз заманындағы қазақ қыздарына үлгі-өнеге болған Н. Құлжанованың шығармашылығы ана және ұрпақ тәрбиесін бір-бірімен тығыз байланысты қарастырған. «Мектептен бұрынғы тәрбие» деген шығармасында мектеп жасына дейінгі балалардың әрекетін тізбектей келе: «Бүтін бір естіген, яки оқыған оқиғаларды қағаздан ойып, бір түсті басқа қағазға жабыстырып, толық мысалын көрсетіп шығарады. Кесте тігеді, қуыршаққа киім тігеді, балшықтан түрлі заттарды суреттен жасайды. Жіптен әр түрлі нәрсе тоқиды.

Еліміздегі ағартушы ғалымдардың педагогикалық ойларының қалыптасуы тұсында жақын шет ел педагог ғалымы Н. К. Крупская еңбек тәрбиесінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру формаларын

белгілеп, педагогика тарихында тұңғыш рет еңбекке тәрбиелеудің ғылыми-тәжірибелік негізін салған. Бастауыш мектептердегі еңбекті тәрбиелік тұрғысынан қарастырып, төмендегі шарттарын ұсынды: Еңбек баланы қызықтыруы керек, сонда ғана еңбек еркін болады; бала еңбек үдерісінде білім және біліктілікті меңгереді; балаға еңбек нәтижесі көрініп тұруы және түсінікті болуы; балалар еңбегі тек балалар мекемесінде емес, одан тыс орындарда жүргізілуі керек. Өмірді бақылай отырып, өмір сүрудің тәжірибесін үйренеді, қарым-қатынасты меңгереді, қоғамға пайдалы мүше болу сезімі болады. Белгілі педагогтың тұжырымдалары сол кездегі бастауыш мектеп оқушыларына еңбек тәрбиесі мәселесіне толық жауап беретін теориялар еді.

Ата-аналарға арналған лекцияларына А. С. Макаренко отбасында балалардың еңбек тапсырмалары мен міндеттерін, оларға қойылатын талаптарды көрсетіп берді. Еңбек тапсырмаларының міндетті және эпизодтық рөлдерін бағалай отырып, «баланың дербестігін, жауапкершілігін, іске шығармашылық қатынасын дамытады» деген. Балалардың өздерін еңбекке тікелей араластыру, өзін-өзі басқару арқылы болашақ өмірге даярлаудағы тәжірибесі бүгінгі баланы еңбек іс-әрекетінде тәжірибесін қалыптастыруда басшылыққа алуда маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Педагоикадағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Еңбек тәрбиесі
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz