«Цитрамон П» өндірісінің автоматты басқару жүйесі


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер» кафедрасы
Тақырыбы: «Цитрамон П» өндірісінің автоматты басқару жүйесі
Орындаған: Кәрібай А. Ж.
Тобы: 301 Б ТПФ К
Қабылдаған:Арыстанбаев Қ. Е
Шымкент 2014
Аңдатпа
Кәрібай Асхаттың «химия-технологиялық процестерді басқару жүйесі» пәнінен студенттің өзіндік жұмысында «Цитрамон П» дәрісінің жасалу технологиясын автоматтандыру қарастырылған. Бұл дәрінің құрамында аскорбин қышқылы, парацетомол, кофеин, ацетилсалицил қышқылы бар. Оны таблетка түрінде шығарады.
Бұл дәріні істеуде бірнеше аппараттар қолданылады. Олар дейірмен, араластырғыш, вакумды сорғы, жартылай фабрикат, гранулятор, кептіргіш, пресс-автомат, транспортер, қаптау автоматтары қолданылады.
Студенттің өзіндік жұмысында бет түсіндірме жазбадан және А3 форматындағы сызбадан тұрады.
Мазмұны
Аңдатпа
Нормативті сілтемелер
Анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе
- «Цитрамон П» препаратының функционалдық және құрылымдық сұлбасын талдау
1. 1 «Цитрамон П» дәрісінің жасалу технологиясы
1. 2 Сипаттамасы
2. Қорғау, сигналдау және бақылау
3. Технологиялық құралдарды талдау
4. Автоматты бақылау құралдарының спецификациясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Нормативтік сілтемелер
ГОСТ 23636-90Дәрілік құралдар өндірісі. Сапасын қамтамасыз ету жүйесі. Жалпы міндеттемелер.
ГОСТ Р 51657. 5-2002GMP стандарты (Good Manufacturing Practice-Тиісті өндірістік тәжірибе)
ГОСТ Р 52249-2004- Дәрілік құралдардың өндәрсін және сапасын басқару тәртібі.
ГОСТ 2. 109-73 - Чертежге қойылатын негізгі талаптар.
ГОСТ 2. 302-68 - Масштабтар.
ГОСТ 2. 104-2006 - Чертеждер мен схемаларға арналған негізгі жазулар.
ЕСКД ГОСТ 2. 109-73. Сызба жұмыстарына қойылатын жалпы талаптар.
ГОСТ Р 6. 30-97. Құжатты рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
ГОСТ 26. 145-84 Цитрамон П таблеткасына қойылатын жалпы талаптар.
ГОСТ 21. 408-93 СПДС. Технологиялық процесстерді автоматтандыруға қойылатын жалпы талаптар.
ГОСТ 2. 104-2006 ЕСКД. Негізгі жазбалар.
ГОСТ 12. 1. 005-88. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Жұмыс аумағындағы ауаға қойылатын жалпы санитарлы-гигиеналық талаптар.
ГОСТ 12. 2. 049-80 Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар.
ГОСТ 17. 2. 4. 08-90 Табиғатты қорғау.
Анықтамалар
Өлшеу құралдар - өлшенетін мәліметтерді ыңғайлы түрде көрсететін құрал-жабдық.
Өлшенетін шама - өлшеу үшін таңдап алынған физикалық шама.
Сезгіш элемент - технологиялық параметрлердің мәнін белгілі дәлдікпен өзгертетін, қабылдайтын өлшеу құралы.
Автоматика - адамның қатысуынсыз - ақ жұмысты белгілі бір механизмдердің көмегі арқылы немесе орындалып жатқан процесті реттеп отыру.
Өндірістегі үрдістерді автоматтандыру дегеніміз - өндірістік процестерді адамның қатысуынсыз басқару мен қадағалау.
Таблетка дегеніміз -қатты дозаланған дәрілік пішін, ұнтақтау нәтижесінде алынатын дәрінің түрі.
Белгілеулер мен қысқартулар
АБ - автомттандыру және басқару.
ӨҚ - өлшеу құралы.
ТП - технологиялық процесс.
ТҚ - технологиялық қондырғы.
СЭ - сезгіш элемент.
ӨШ - өлшенетін шама.
ТЕ - температураны өлшейтін сезгіш элемент.
FE - шығынды өлшейтін сезгіш элемент.
PE - қысымды өлшейтін сезгіш элемент.
LE - деңгейді өлшейтін сезгіш элемент.
Кіріспе
Студенттің өзіндік жұмысы коптеген бөлімдерді қамтиды. Сәйкесінше сол бөлімдерде «Цитрамон П дәрнілік препаратының қондырғыларын технологиялық параметрлерін автоматты басқару» процесін бақылау тәсілдері мен жүйелері келтірілген.
Цитрамон П дәрілік препаратының химиялық технологиясының негізгі мақсаты ол ішіндегі заттардың барлығы дейірменге түсіп, бір мезетте араластырғышқа өткізіледі. Одан кейін сәйкесінше вакумды сорғының көмегімен жартылай фабрикатқа өткізіледі. Бұл процестердің барлығын Цитрамон П препаратын алу үшін қолданады.
Технологиялық процестерді басқару мен бақылау үшін сезгіш элементтерден келіп түсетін сигналдарды дер кезінде керекті басқару құралдарына жеткізу керек. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы, дамыған мемлекеттердің фирмаларының сезгіш элементтерін берілген диапазонға байланысты таңдай білу керек. Сол үшін технологиялық параметрлерді қабылдайтын сезгіш элементтерді дұрыс таңдап, сол процестерді басқаруға керекті деп таңдап алынған контроллерге жеткізу қажет.
Технологиялық процестерді автоматты түрде реттегіш жүйенің негізі сол процестерді автоматты түрде бақылау болып табылады. Яғни, технологиялық процестерді бақылау үшін, параметрлердің қайсібір қасиетін сипаттайтын шаманы өлшеу қажет.
Өлшеу үшін арнайы өлшеу құралдырының құрылыстары бір - бірінен ұқсамайтын әрқилы болуы да мүмкін. Өлшеу құралдарының көмегімен әртүрлі технологиялық параметрлерді өлшеу және өлшеу қралдарының схемалары қарастырылған. Сонымен қатар шет елдердің өлшеу құралдарына да көңіл бөлінген.
- «Цитрамон П» препаратының функционалдық және құрылымдық сұлбасын талдау.
1. 1 «Цитрамон П» технологиялық процестің сипаттамасы
«Цитрамон П» дәрілік препаратының құрамында ацетилсалицил қышқылы, парацетамол, кофеин, аскорбин қышқылы және медициналық толықтырулар, мысалы, повидон, медициналық крахмал, глюкоза.
Дәріні жасау үшін қандай аппараттар алынатынын қарастырамыз: заттарды ұсақтау үшін роторлы дейірменнен (1) өткіземіз. Ұсақталған заттарды бірдей қалыпқа келтіру үшін араластырамыз (2) . Вакумды сорғының (3) көмегімен жартылай фабрикатқа (6) араластыру үшін жібереміз. Ол араластырғыштан бірқалыпты болған соң түйіршіктендіргішке(4) келіп түседі, және оған су, желатин және 5% крахмал ерітінділері қосылады. Оны кішкене суландырып біріктіру үшін қолданылады. Ол түйіршіктерді кептіргіштен(5) кептіреміз. Көбіне біз құрғақ кептіргіштерде кептіреміз. Ол вакумды сорғыш немесе транспортер көмегімен кептіргішке келіп түседі. Елеуіштердің көмегімен жұқа қабаттарға бөлінеді және олардың астынан жылы ауа өткізіледі. Кептірілген түйршіктерді транспортер немесе вакумды сорғының көмегімен пресс-автоматқа қатты күйінде шығады. Пресс-автоматтан кейін дайын таблеткалар транспортерға (8) түсіп, қаптау автоматына (9), яғни таблеткаларды қаптағыштарға қаптап шығарады.
Одан кейін біз цитрамон таблеткасының технологиялық аппараттарына толық сипаттама, яғни ол аппараттардың қалай жұмыс істейтін қарастырамыз.
Ең бірінші біз барлық препараттарды дейірменде ұсақтаймыз. Ол үшін бізге түйіршік болмауы үшін арнайы диаметрі белгілі елеуіштер қажет болады және оларды жақсылап араластыруымыз қажет. Физико-химиялық қасиетіне байланысты: ылғалдылығы, дисперсиялылығы, ұсақтылығы және тағы басқа қарастырылады. Дейірменде араластыру үшін қалақтар орнатылған, олар әртүрлі болуы мүмкін, көбіне червякті және ирелек түрлері қолданылады.
Араластыру үшін универсалды араластырғыш қолданылады.
Технологиялық параметрлері:
Бункер көлемі: 10 литр
Айналу жылдамдығы S-тәрізді қалақша 24 айн/мин.
Габаритті өлшемдер 800мм/ч, 350мм/ч, 400мм/ч.
Электромотор 0, 55 кВт, 220 В.
Салмағы 40 кг
Араластырғыш нержавейкалық болаттан жасалған. Бункер арқылы, S-қалақшалы араластырғыштан өтеді Қалақшалар ұнтақты «өлі аймақ» деп аталатын жолмен жүреді. Араластырып болғаннан кейін бункер 120 градусқа бұрылып ұнтақтарды шығарады. Ішінде шаң болмас үшін бункердің бетін нержавейкалық болаттан жасалған қақпақпен жабылады.
Келесі саты цитрамон таблеткасын түйіршіктеу үдерісіне өтеді. Түйіршіктеу үшін түйіршіктеу аппараты қолданлады.
Ылғалды түйіршіктеу келесі сатылардан тұрады:
- Ұнтақты ұсақ түрге өткізу
- Ұнтақты арнайы ерітінділермен ылғалдандырылады
- Керекті массаны елеуіштен өткіземіз
- Кептіреміз және түйіршіктерді дайындаймыз
Цитрамон дәрісін бір-бірімен байланыстыру үшін желатин ерітіндісін немесе 5% картоп крахмалдары қолданылады.
S-тәріздес қалақшалар әр түрлі жылдамдықтармен: алдынғы жылдамдығы-17-24 айн/мин, артқы жылдамдығы-8-11 айн/мин және қалақшалар кері айнала алады.
Түйіршіктерді қажетті массада 3-5 мм тұратын елеуіштерді өткіземіз. Елеуіштер нержавейкалық болаттардан латунь және қоладан жасалады.
Алынған түйіршіктерді жұқа қабаттарға бөлініп кептіріледі. Оны кейде бөлме температураснда ауада кептіруге де болады. Көбіне 30-40 0 кептіргіш шкафтарда кептіреді. Ылғалдылығы 2% жеткенге дейін кептіру қажет.
Кептіріліп болған кезде, оның таза массасы қайта шықпайды сондықтан оны қайтадын тазаланған машинаға жіберіледі. Одан кейін жақсылап кептіріліп болғаннан соң шаң пайда болады.
![]()
- «Цитрамон П» таблеткасының қолданылуы.
Өнімнің аты: «Цитрамон П» таблеткасы.
Құрамы: Бір таблетканың құрамында ацетилсалицил қышқылы-0, 24г парацетамол-0, 18 г, кофеин-0, 03 г, аскорбин қышқылы-0, 006 г
Сипаттамасы: Таблетка түрінде жасалған, түсі ашық қоңыр.
Фармокотерапиялық тобы: Ауруды басатын, бас, тіс ауруларына, артралгия, нервалгия, мигрения, тұмау тиуге және ОРВИ-ге қарсы қолданылады.
Фармакокинетикасы: Стандартты қаптамаларда 6 немесе 10 таблеткадан тұрады. Бұл аталған құрамнан басқада медициналық толықтыруларда қосылады. Мысалы картоп крахмалы, кальций стеараты. Олардың фармакологиялық әсері болмайды. «Цитрамон П» анальгетикалық зат болып табылады. Наркотикалық әсері жоқ.
Қолдану тәсілі және дозасы: Ішке қабылдауға арналған, 1 таблеткадан күніне 2-3 рет. Максималды қабылдау дозасы - 2 таблетка, тәулігіне - 4 таблеткадан. 6 жастан кішкентай балаларға жарты таблеткадан, 2-3 рет қабылдау қажет.
Дәріні сумен немесе сүтпен 100мл дейін ішу қажет. Қызуды түсіру үшін 3 күннен артық ішуге болмайды.
Дәрінің фармакологиялық әсері
Ішу арқылы қабылдаған кезде негізінен аш ішектің проксимальді бөлігінен, аз дәрежеде асқазаннан жылдам сіңеді. Асқазанда ас болуы ацетилсалицил қышқылының сіңуін едәуір өзгертеді. Ацетилсалицил қышқылы организмнің көптеген тіндері мен сұйық орталарында таралады. Гематоэнцефалық барьер арқылы сіңеді.
Соңынан глицинмен немесе глюкуронидпен конъюгацияланатын салицил қышқылын түзіп гидролиздену арқылы бауырда метаболизденеді. Шамамен 80% салицил қышқылы қан плазмасның ақуыздарымен байланысады.
Ацетилсалицил қышқылының (T 1/2 ) жартылай шығарылу кезеңі шамамен 15 минутты құрайды, салицил қышқылы - шамамен 3 сағат. Салицил қышқылы түрінде артықшылығы бүйрек арқылы шығарылады.
Парацетамол анальгетик әрі антиперетик. Гипоталамуста простагландиндер түзілуін басу арқылы ауруды сездірмейді, дене қызуын төмендетеді. Ептеген қабынуға қарсы әсері бар. Кофеин алкалойдтар тобына кіреді. Психиканы ширықтандыратын және аналептикалық әсерге де ие. Анальгетик парацетамолмен бірге отырып оның ауырттырмау қасиетін орталық нерв жүйесі қызметіне әсері арқылы дәрінің биологиялық тиімділігін арттыру арқылы күшейтеді. Аскорбин қышқылы(витамин С) әдетте суық тиюге қарсы құралдар құрамына кіреді, себебі ол суық тигеннің, вирустық аурулардың алғашқы кезеңдерінде көп мөлшерде жұмсалатын С витаминін толықтыруға қажетті. Аскорбин қышқылы - антиоксидант, көптеген метаболизм процестерінде кофактор ретінде сондай-ақ көмірсутектер, белоктар, липидтер айналымына қатысады. Аскорбин қышқылы иммундық жүйені қалыпты ұстауға қажетті: тамырлар өткізгіштігін реттейді, тотығу-тотықсыздану процестерін реттейді, коллаген түзілуі, тіндер регенерациясына қатысып, гистаминнің босауын тежеп оның ыдырауын тездетеді, простагландиндер және басқа да анафилаксия және қабыну медиаторлары
«Цитрамон П» дәрілік препаратын сигналдау және бақылау параметрлерін таңдау.
Цитрамон таблеткасының технологиясын автоматтандыру барысында мен әр аппаратқа керекті сезгіш элементтерді орнаттым. Ең бірінші дейірменге деңгейлік датчигін орнаттым, ішіндегі заттардың бір деңгейде болуын қадағалап отыру үшін. Араластырғыш аппаратқа тығыздық, жылдамдық, деңгейлік және реттеу сигналы орналастырылған. Вакуумды сорғыда және жартылай фабрикатта қысым жәнее шығын датчиктері орнатылған. Грануляторда концентрация датчигі орнатылған. Кептіргіште температурасын анықтайтын датчик турғызылған. Және де соңғы транспартерде шығын өлшейтін датчик орналастырылған.
Автоматтандырудың техникалық құралдарын талдау
Шығынын өлшеу датчигі үшін Хоневелл фирмасының SVM 3000 PLUS құйынды шығын өлшегіші (сезгіш элементі - SVM 3000 PLUS DSC) өлшенетін ортаның көлемдік шығынын өлшейді. Технологиялық процестер кезінде пайда болатын тербелістер осы өлшеу құралының сезгіш элементінің жұмысына әсерін тигізбейді. Сезгіш элементтің төмендегідей ерекшеліктері бар:
- микропроцессордың көмегімен басқарылады;
- өзін-өзі тексереді;
- электромагниттік бөгеулерден қорғанысы бар;
- сандық көрсету тетігі бар;
- шығу сигналы 4 . . . 20мА;
- дәлдігі ±0, 2%;
- қолданатын ортасы - сұйықтар мен газдарға.
Pro-V M22
![]()
Кептіру аппаратында қыздыру температурасын өлшеу үшін «Метран»фирмасының ТСПУ-276, 100П температура өлшеу құралын қолданамыз. Сипаттамасы:
- шығу сигналы - 4-20мА;
- дәлдігі - 0, 5%;
- өлшеу шегі -50°- +500°С;
- қолданылатын ортасы - сұйық және құрғақ орталарда.
Raytek Thermalert GP
Вакуум және жартылай фабрикатта қысымды өлшеу үшін «Метран» фирмасының Метран-100 ДИ қысым өлшеуге қолданылатын сезгіш элементін қолданамыз. Сипаттамасы:
- шығу сигналы - 4-20мА;
- дәлдігі - ±0, 25%;
- өлшеу шегі - 0, 1 - 40 МПа;
- қолданылатын ортасы - сұйықтар мен құрғақ орталарда.
Жылдамдық датчигі
GEL 247 - контактсіз датчик, айналу жылдамдығы Lenord Bauer.
Сипаттамасы: Жұмыс істеу принципі - контактсіз магнитті сканерлеу магнитті датчик сызығы. Датчиктің магнитті сызығы мақсатты дөңгелегі айналғанда айналады. Датчиктің сенсорлы системасы магнитті сызықтың өзгеруін жазып отырады. Одан кейін сигнал бірлік немесе екілік сигнал күш беру арқылы тік төртбұрышты және синусойдалы формада ауыстырылады. Сонан соң сигналдар екпінді ұйымдастыру арнайы кабель арқылы өтеді.
GEL 247датчигі - қауіпсіз және өте жай айналуға 0 Гц импулссіз және де жоғары жылдамдықты айналуы 25 кГц дейін.
Бұл контактсіз датчик - 2-каналды, 2 араластырғыш каналы 90 0 бар, және айналдыру бағыты орналасқан.
Датчик корпусы төзімді, кіші өлшемді, тот баспайтын болаттан жасалған Датчиктің корпусы эксплутациялық және қатты жағдайда үйлесімді жасалған.
Контактсіз айналдырғыш GEL 247 датчигтің артықшылығы мен технологиялық параметрлері:
- Мақсатты дөңгелектің модулі: 1. 0 ден 3. 5 дейін;
- Айналу жылдамдығының өлшеу диапазоны: 0 - 25 кГц;
- Жұмыс істеу температурасының диапазоны: -40… +120°C;
- Кү беру қуат көзі: 10 - 30 В тұрақты ток үшін;
- Мақсатты дөңгелектің материалы: ферромагнитті болат;
Концентрация датчигі
Metso Microwave Consistency Transmitter (Metso MCA)
Техникалық мінездемесі:
- Концентрацияны өлшеу аралығы: 0-8%;
- Кемшілігі: ±0, 02%(абс. ) ;
- Үдеріс температурасы: +5-+700С;
- Құбыр диаметрі: 200мм;
- Шығу: 4-20мА;
- Коммуникация: RS-282. RS-485.
Тығыздық датчигі .
L-Dens 427
Өлшеу принципі.
U - тектес сенсорлы вибрациялар үзіліссіз жүріп отырады.
Артықшылығы мен қолданылуы.
- Сатылымда ең көп қолданылатын және нақты өлшейді.
- Контактті берік материалдан жасалған.
- Есептік модулі mPDS 1100/mPDS 5 автоматикалық түрде тығыздықты есептейді. °Brix, % Спиртті сақтайды.
- ATEX және FM сертификатталған.
- Шағын дизайн.
- Ішкі диаметрі 6, 6 мм.
- Деңгей датчигінің моделі 36XS;
- Корпусының диаметрі: 16 мм;
- Шығу сигналы: 4-20мА.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz