Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.



Жоспар.

1.Қазақ халқының ою.өрнектердің жалпы тарихы

1.1.Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының қолөнері арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

2.Қазақтың ою.өрнек өнерімен таныстыру.

2.1.Ою.өрнектердің өзіндік шығу тарихы мен түрлері.

3.Өрнектердің түстері мен бояулары
Кіріспе

Қазақ халқының эстетикалық көзқарастарымен таныстыру үшін түстік
символикасына назар аударту.

Ойлау қабілеттерін шығармашылық машығын дамыту жұмыстарына
ойын әдістерін қолданудың маңызы зор. Оқушылар өздігімен бояу
символикаларын қолдана отырып композиция құрайды. Сабақты әдебиет
және тарих пәндерімен байланыстыра отырып оқушының білімін
жүйелеп тілін дамытуға көмектеседі.

Адамдар ертеден – ақ өз жерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген,
біртін келе киім – кешектеріне, қолданылатын заттардың сурет ретінде
салған.Осылай бірте - бірте ою - өрнек пайда болды. Ал біздің
халқымыздың тіршілігінде ою - өрнектің алатын орны үлкен.

Ол ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан бірден - бір өнер.
Шеберлер ою - өрнектің тілін, сырын, тарихын өте жақсы түсіне білген.
Ата - бабадан қалған ою - өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша
ұлықтануымыз қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.С. Қасиманов. «Қазақ халқының қолөнері»

2.Шаңырақ. Үй – тұрмыс энциклопедиясы

3.Оразбаев Н. А. Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері.
Ленинград –2007ж

4.«Мектептегі технология» №7 2009 ж.

5.Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы. 1997 ж.

6.Басенов Т. К. Казахский народный орнамент.

7.Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы. 2007 ж.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп дейінгі,бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы

Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институт

Макатова Макатова Кенжегуль Әміржанқызы

Мектеп жасына дейінгі балаларды
қазактың сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.

Мамандығы 050101 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу.

Пән
мұғалімнің:МукалиеваБ.Х.

Қостанай
2014ж

Кіріспе

Қазақ халқының эстетикалық көзқарастарымен таныстыру үшін түстік
символикасына назар аударту. 

Ойлау қабілеттерін шығармашылық машығын дамыту жұмыстарына
ойын әдістерін қолданудың маңызы зор. Оқушылар өздігімен бояу
символикаларын қолдана отырып композиция құрайды. Сабақты әдебиет

және тарих пәндерімен байланыстыра отырып оқушының білімін
жүйелеп тілін дамытуға көмектеседі. 

Адамдар ертеден – ақ өз жерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген,
біртін келе киім – кешектеріне, қолданылатын заттардың сурет
ретінде
салған.Осылай бірте - бірте ою - өрнек пайда болды. Ал біздің
халқымыздың тіршілігінде ою - өрнектің алатын орны үлкен.

Ол ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан бірден - бір
өнер.
Шеберлер ою - өрнектің тілін, сырын, тарихын өте жақсы түсіне
білген.
Ата - бабадан қалған ою - өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап,
барынша
ұлықтануымыз қажет.

Жоспар.

1.Қазақ халқының ою-өрнектердің жалпы тарихы

1.1.Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ
халқының қолөнері арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

2.Қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру.

2.1.Ою-өрнектердің өзіндік шығу тарихы мен
түрлері.

3.Өрнектердің түстері мен бояулары

4. Қорытынды

5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақ халқының ою-өрнектердің жалпы тарихы

Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік,
тұрмыстық
бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер.

Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй
жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді,
негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық
түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы
пішініне, мүйізіне, тырнағына.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар

өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген
ою-өрнек түрлері.

Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен
байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық
(жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс
өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы)
ретінде кездеседі.

Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары

мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге
қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне
мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған

ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)

Бұйымдардың көпшілігі ою-өрнектермен әсемделініп жасалынады.
Жасаушылардан ерекше талғампаздықты, нәзіктікті, эстетикалык
талғамды талап етеді. Қолөнер окушылардың өзіндік шеберлігін,
әсемдікті сезіну қабілетін арттырып, ұлттық санасының қалыптасуына

негіз калайды.

Халық педагогикасы - оқушыларды колөнерге баули отырып,
адамгершілікке, өнерді сүюге тәрбиелейді. Қазак халкының қолөнері
оның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына.
Ою-өрнектердің өзіндік шығу тарихы бар. Мысалы, Белін таянған
қыз өрнегі әйел адамның белін таянып тұрган сәтін көз алдыңа
елестетеді. Бұл өрнек көбінесе кілем, шұлык пен колғап тоқымасында

колданылған.

Қазактардың оюын сипатына карай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп
топқа бөлуге болады. Әр түрлі бұйымдардан кестелеу, зерлеу,
сыру,
шым кестелеу, өру, бедерлеп салу, кұю секілді бедерліктің
үлгісі сезіліп тұрады.

Жалпы қазақ колөнер шеберлері өлшеп-пішпей-ак екі заттың тең
пропорциясын жасай білген. Әрбір қолөнерші жасап шығарған
бұйымының ою-өрнегіне атау таба білген және оны халық түсінігіне
лайыктай алған.

Көненің көзі мен тарихының сөзіне айналған қүлпытастардың өзі ою-

өрнексіз болмаған. Ескіден калған күмбез, мешіттердегі көркемдік
те
ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Бұл ою-өрнектер тек қана көркемдік
үшін
алына салмаған. Оның астарында бүтіндей бір халықтың тұрмыс
тіршілігі жасырынып жатыр. Аңшылық өнер, көшіп-қону
көріністерінің бәрі нақышқа айналған халықпыз деп осы тұста түйін
де
жасауға болады

  Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар.
Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста
болып,
дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан
жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін ағаш
уықты, киіз туырлықты киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі
үйлесінен
тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы
мүлікте
ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы.

Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын
материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін,
яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау
қажет.
Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен
оюдың ретін келтірі үйлестіре білуінде.

Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам
ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен
арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей,
олпы-
солпы болса ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын

жоғалтуы мұмкін.

Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау
алатындықтан
қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы
қажет.
Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше
алуан
түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен
күрделі ою түрі шығады.

Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрне түрлері бір-
біріне үйлесе
сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып
жасалатын ою түрін әрлендіре түседі.

Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса,
жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық,
ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық.

Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау

шыңына жеткізе білген.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының қолөнері
арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоғам талабына сай
жан-жақты
жетілген тұлға етіп қалыптастыруда эстетикалық тәрбиенің орны
ерекше. 
Эстетикалық тәрбие дегеніміз баланың қоғамдық өмірде, еңбекте,
табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге уйрету,
тәрбиелеу
деген сөз.Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін,

адамның рухани сулулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды
ойлау,
қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету
міндеттерін
жүзеге асырады.

Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сулулықты түсініп
одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен
қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады. Эстетикалық

тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп
сулулықтытану ,сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу
қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады.

Эстетикалық тәрбие көркем өнер құралы ғана емес қоғамдық
өмірдің, оқудың еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде
адамдармен қарым- қатынас үстінде тәрбиеленеді.

Көркем шығарманы табиғат әсемдігін адамның жақсы тәртібін, тамаша
мінез құлқын мәдениеттілігін көріп сүйсіну, қабылдау адамның
адамгершілік парасатына эстетикалық сезімдеріне үлкен әсер етеді.

Әсемдікті сезіну баланың өмірін байтып, бір-біріне достық қарым-

қатынас мәдениетін, талпынысын, белсенділігін тудырады. 

Эстетикалық тәрбиенің бала дамуының алғашқы сатысы, бала дүниеге

келгенінен бастау жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің негізі
болып
табылады. Жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамыту мынау –
жақсы, әдемі, алмынау – жаман, көріксіз деп ауызша айтумен
жүзеге
асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар

табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын,қолөнер
шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды. Бұнда
оқыту ісі ерекше роль атқарады.

Сабақта балалар көркем әдебиет, музыка, кескіндеу
туындыларымен
танысады, әсемдік әлеміне саяхат жасайды, содан рахаттанады,
түсіну, көру, сезіну талғамы қалыптасады.
Бұның өзі болашақтағы рухани дүниесінің баюына негіз болады. 

Сонымен бірге бала күнделікті үйде, мектепте, мәдениет
мекемелерінде эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн
сайын
көріп білуі керек, бірак тек таңданып қана қоймай, қолынан
келгенін
өзіде тұрмысына ендіруі, іс-әрекетінде бейнелеу, сурет салу, кию,

жапсыру, тігу, мүсіндеу тазалық әдемі киіну т.б тиіс. Сонда ғана
эстетикалық тәрбие мақсаты ойдағыдай жүзеге асады.

Қазақ халқының эстетикалық ой-өрісінің дамуы бастамасын
тарих,
ауыз әдебет үлгілерінен топшалаймыз. Зерттеуші, тарихшы
Ә.Марғұланов, Б. Сүлейменов, М. Ақынжанов әдебиетші –
Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин өз халқының ой дамуын ұзақ зерттеген
академик М. Қаратаев болды. 

Мұқтар Әуезов шығармашылығында қазақ халқының рухани дүниесін
сулулыққа, сүйіспеншілікке негіздеп зеріттеуде, суреттеуде
бағасы
шексіз. Музыка зерттеушілері А. Жұбанов, Б. Ерзакович белгілі
үлес
қосты.

Сонымен бірге Б. Қазықанова қазақ халқының эстетикалық
мәдениеті атты манографиясында әрбір халық өмір сүретін
табиғи
ортасы мен тарихы өзгешілігіне сәйкес эстетикалық мұрасын
жасайды: ол негізінен 3 саладан құралады.

1. Халық шеберлері жасаған сәнді бұйымдар, көркем шығарма
мен
эстетикалық көзқарастар қазақ халқының әдебиет, музыка,
қолөнер
саласында қалдыратын ғажап туындылары. 
Табиғат көркемдігі мен адам сулулығын жеке құбылыстың
әсемдігін
тұрмыс, сәндігі мен бұйымдар әсемдігін тұңғыш ғалым Ш.
Уалиханов

Эстетикалық көзқарасын ауыз әдебиет шығармаларына берген
талдауынан көреміз.

Педагог әрі ағартушы Ыбырай Алтынсарин эстетикалық түсінігін
іс
жүзінде жүзеге асыру мақсаты мен барлық күш жігерін тәрбие
мәселесіне жұмсаған. Эстетикалық тәрбие беруде әдебиет пен
өмірді
кең пайдалаңған бұған Қазақ хрестоматиясы дәлел бола алады.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев эстетикалық мұра
қалдырды. Поэзия мен қара сөзде Абай қазақ халқының сол
замандағы болашақтағы тағдыры жайын толғана отырып маңызды
эстетикалық плоблемаларды көтерген.

Эстетикалық сезім мен толғап, адам сулулығы мен табиғат көркі

осының бәрі асқан ақындықпен әдем баяндады.
Халық ежелгі дәстүріне сәйкес адам сулулығын
адамгершілікпен еңбекқордық, адалдық пен өмірпаздық,
әділеттілік,
сыпайлық қасиеттермен теңестірді.

Мағжан Жумабаев Педагогика - атты кітабында баланың сұлулық
сезімдерінің әр түрлі нәрселерден оянымпаз болды. Біреудің
музыкадан, біреудің сулу суреттен енді, біреудың поэзиядан.
Өнердің
бір түрінен лаззат алмайтын құмар болмайтын адам болмайтынын
айтты. Ол сезімдердің өркендету жолдарын көрсетті:

1. Бала сулу жаратылыс құшағында болсын, жаратылыста сулулықтың неше
түрінің бәріде бар. Бала жапырықтың сылдырын, теңіздің
күлдіргенін естісін, буыны жоқ бұраңдаған айқынды көрсін. Бала
сол сулу жаратылыстың құшағында болсын, балада сулулық сезімдер
еріксіз оянады. 
2. Баланың маңайындығы нәрсенің бәрі жинақы, ретті, таза болсын
және маңайындағы адамның жүріс-тұрыстары да әдепті сулу болуы
тиісті.
3. Баланы сулу өнерімен терең таныстыру керек, сулу үнін естісін,
неше сулу түрлерді көрсін. Сөздерді естісін, өлең жаттасын, түрлі
музыка тыңдап сурет салып үйренсін. Міне осылардың барі баланың
сулулық сезімдерін өркендететінің атап көсетті. 

Қазақ халқының қолөнері мен шығармашылығын зерттеу

ісімен шұғылданғанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Оны
зерттеуде көптеген ғалымдар оның ішінде батыс Еуропа мен
Америка ғалымдары кірісті. IX – ғасырдың бас кезеңінен бастап
халықтық колөнер туралы байыпты зертеулер мен көптеген
кітаптар шығарылды.

Мысалы: Австриялық ғалым В. Курревтің болу
және бояушылық өнер жайында Ф.Т ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек түрлерімен таныстырудың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Бейнелеу өнері және әдістемесі
Бала бақшадағы бейнелеу өнер сабақтарында сәндік өнерді оқытудың маңызы
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін арттырудағы ұлттық қолданбалы өнер
Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Пәндер