Штангенциркуль -бұйымның ішкі және сыртқы өлшемдерін өлшейтін құрал. Салыстырып тексеру әдістері.



МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1. ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... . 7
1.1. Өлшеу құралы . Штангенциркуль ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Штангенциркульдің техникалық сипаттамалары, қолдану облысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.3. Штангенциркульдің тексерілуге жататын параметрлерінің тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
2. ӨЛШЕУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
2.1. Штангенциркульді салыстырып тексеру әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
2.2.Штангенциркуль құралын жақсарту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
IIІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
КІРІСПЕ

Метрология (грек. metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Метрология ғылымы практикалық түрде бұрынғы заманда пайда болған.Әр өлшем жүйесінің өз ерекшеліктері бар. Ол тек қана заманымен ғана емес, менталитетімен де ерекшеленді.Метрологияның күрт дамуына 1875 ж. Метрикалық конвенцияның (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды. Қазіргі кездегі Метрология физика, химия, т.б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірибенің жоғары дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 ж. Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 ж. Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 1930 ж. палата Алматыға көшірілді. 1974 ж. Алматы қаланда арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды. Қазақстанның эталон базасын құруға және оны жетілдіруге үлес қосқан ғалымдар: М.Адайбеков, М.Басаров, А.Садықов, В.М. Кошелев, Ж.Нығметов, С.Үмбетаев, И.Ермекбаева, т.б. Республиканың метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (мыс., қысым, темп-ра, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады. 2000 ж. Қазақстанда Мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді
Метрологияның негізгі мәселелеріне:
- өлшеудің жалпы теориясы;
- физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру;
- өлшеудің әдістері мен құралдары;
- өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы);
- өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрологиялық жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология);
- эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау;
- эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады.
Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі тегін (сызықтық, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен, сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты.
Метрология - өлшемдер, олардың біртұтастылығы мен қажетті нақтылығын қамтамасыз етуші құралдар мен әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы (ғылыми,теориялық) және практикалық (қолданбалы) метрология.
Теориялық метрология – метрология дамудың іргелі негізін, физикалық тұрақты шама бірлігінің жүесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін дамытумен айналысады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Киргизбаева К.Ж. Лекциялар жинағы және зертханалық жұмыстар жинағы.
2. Есенбаева Г.А.,Какенова Қ.С.. «Стандарттау, метрология және сапаны басқару негіздері» Қарағанды 2004.
3. К.Акишев, Г.Дарибаева. «Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау» – Астана. -139б – 186б.
4. Сергеев А.Г., Крохин В.В. «Метрология» М.: Логос, 2001
5. Шишкин И.Ф «Основы метрологии, стандартизации и контроля качества» М.: Изд-во стандартов, 1988 г.
6. Маркин Н.С. «Практикум по метрологии» М.: Издательство стандартов, 1994.
7. Асташенков А.И., Немчинов Ю.В., Лысенко В.Г. «Теория и практика поверки и калибровки» М.: Издательство стандартов, 1994.
8. http://www.google.kz/url
9. http://coolreferat.com/Жоспар
10. http://www.zox.kz/_ld/1/134____.doc
11. http://info.kziitu.kz/dot/umkd/107/3.htm
12. http://ptsmoscow.ru/06file.html
13. М.Б.Самсаев, И.М.Самсаев, Б.Ж.Жүнісбаева, Х.М.Илямов, А.Е.Сафарғалиев «Өзара ауыстырымдылық , стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті. 164б. – 168б.
14. С.Шоқаева. Метрология және өлшеулер – Алматы.
15. МЕМСТ 166-89 Техникалық шарттар- Москва, 1985ж
16. МЕМСТ 8.113-85 салыстырып тексеру әдістері

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тағам өндірістері факультеті

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы кафедрасы

Метрология пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Штангенциркуль-бұйымның ішкі және сыртқы өлшемдерін

өлшейтін құрал. Салыстырып тексеру әдістері.

Орындаған: Зайнелова М.
Тобы: ССжМ
12-12

Қабылдаған: Алиева Г.

Алматы 2014 ж.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
II НЕГІЗГІ 7
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
1. ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... . 7
1.1. Өлшеу құралы – 7
Штангенциркуль ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Штангенциркульдің техникалық сипаттамалары, қолдану
облысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.3. Штангенциркульдің тексерілуге жататын параметрлерінің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2. ӨЛШЕУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ 14
НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Штангенциркульді салыстырып тексеру әдісі 14
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Штангенциркуль құралын жақсарту 18
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IIІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 21

.

КІРІСПЕ

Метрология (грек. metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу
туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Метрология ғылымы практикалық түрде бұрынғы заманда пайда болған.Әр
өлшем жүйесінің өз ерекшеліктері бар. Ол тек қана заманымен ғана емес,
менталитетімен де ерекшеленді.Метрологияның күрт дамуына 1875 ж. Метрикалық
конвенцияның (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар
және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші
болды. Қазіргі кездегі Метрология физика, химия, т.б. жаратылыстану
ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірибенің жоғары
дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 ж. Семей
қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 ж. Семей және Жетісу губернияларындағы
таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын
өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы
қалаларында жұмыс істеді. 1930 ж. палата Алматыға көшірілді. 1974 ж. Алматы
қаланда арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды. Қазақстанның эталон
базасын құруға және оны жетілдіруге үлес қосқан ғалымдар: М.Адайбеков,
М.Басаров, А.Садықов, В.М. Кошелев, Ж.Нығметов, С.Үмбетаев, И.Ермекбаева,
т.б. Республиканың метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін
20 жұмыс эталоны (мыс., қысым, темп-ра, масса, ұзындық, электрлік
сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады. 2000 ж.
Қазақстанда Мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді
Метрологияның негізгі мәселелеріне:
- өлшеудің жалпы теориясы;
- физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру;
- өлшеудің әдістері мен құралдары;
- өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы);
- өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрологиялық жарамдылығын
қамтамасыз ету (заңды метрология);
- эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау;
- эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады.
Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі тегін (сызықтық, сыйымдылық,
салмақ, уақыт) жазумен, сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған
ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты.
Метрология - өлшемдер, олардың біртұтастылығы мен қажетті нақтылығын
қамтамасыз етуші құралдар мен әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы
метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы
(ғылыми,теориялық) және практикалық (қолданбалы) метрология.
Теориялық метрология – метрология дамудың іргелі негізін, физикалық
тұрақты шама бірлігінің жүесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін дамытумен
айналысады.
Заңнамалық метрология – мемлекетте қолданылатын өлшеу лабараториялары,
өлшеу құралдары, өлшеу әдістері мен өлшем бірлігі мен рұқсат етілген
мемлекеттік талаптарды орнатады.
Практикалық қызметтің бірде-бір аясы өлшенетін шама және осы шаманы
өлшеу бірлігі арасында өзара қатынас бар жағдайда өлшемдерсіз қызмет ете
алмайды.
Барлық бағыттағы объектілерде заң шығарушы метрологияның негізін
біліп, теориялық метрологияны жетілдіре біліп, осының бәрін практикада
қолдана алатын мамандар болуы керек (басты метролог,өлшеу күйі үшін жауап
беруші, өлшемдерді қамтамасыз ететін операторлар).
Өлшемді өткізу шығындары, өндірілетін өнімді жасау үшін жалпы шығынның
бөлігін құрайды.
Өлшеу кез-келген өндіріс бұйымы үшін қадағалау, сынау, дайындау және
жобалаудың барлық деңгейлерінен өтеді.
Өлшеу техникасының даму деңгейіне байланысты (өлшеу құралдары мен
техникасы) өндірісі дамыған мемлекеттердің техникалық және ғылыми
потенциалының көрсеткіші бағаланады.
Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде
шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның
технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл
ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді
өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.
Талап етілетін дәлдікпен алынған, шынайы өлшеуіш ақпарат қабылданатын
шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат сауда-коммерциялық
операциялар кезінде өнімнің сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми
зерттеулердегі дұрыс емес қорытындыларға, пайдалы қазбалар қорларын дұрыс
емес бағалауға, дұрыс емес есептеулер мен өлшеулерге алып келуі мүмкін
емес.
Бұндай мәліметтерді олар параметралері мен көрсеткіштердің, әр түрлі
физикалық шамалардың едәуір санын өлшеу жолымен алады .
Қажетті нақты алынған өлшеу мәліметтері, дұрыс шешімді қабылдауды
қамтамасыз етеді. Дұрыс емес мәлімет өнім сапасының төмендеуіне,
аварияларға, ғылыми-зерттеу кезінде дұрыс емес шешімдерге, пайдалы кеңдер
қорын дұрыс емес бағалауына, сауда-коммерциялық опперациялар кезінде
есептен жеп қоюына әкеп соғады.
Өлшемге бірдей көзқарас келісуші мәліметпен алмасуды, өлшеу құралдары
мен әдістерін стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық сауда алмасу
жүйесіндегі сыналған өнім мен өлшеу нәтижелерін келісіліп қолдау кепілін
береді.
Барлық мамандарылған метрологтардың өлшемдері кезінде (техникалық
құралдармен өлшенген кездегі табылатын мән) алынған мәндері дұрыс деп
үміттенеді. Алынған өлшеу нәтижелеріндегі үміттін жоқтығы ғана, оларды
қайта өлшеп, басқа мамандар мен өлшеу лабараторияларын қатыстырады.
Н.И. Тюриннің Метрологияға кіріспе кітабында өлшеу қандай болсын
мұқияттықпен өткізілгенімен, қандай да болсын нақты өлшеу құралдарын
қолданғанымен өлшемнің нақты мәнін алу мүмкін емес деп жазған, яғни өлшем
мәнінің қателігі нөлге тең болмайды. Ықтималдық теориясы алынған өлшемді
өлшенетін мәннің нақтысына жақындауына мүмкіндік береді, және де ықтималдық
теориясы бізді шектен шықпайтын ықтималдық қателік шекарасын бағалауды
үйретті. Өлшемнің дұрыстығы алынған өлшем нәтижелерінің сенімділік
деңгейімен сипатталады. Міне осы өлшеу негізіне алынған.
Өлшеулердің біртұтас әдісі өзара түсіністікті, ақпаратпен алмасуды,
өлшеу әдістері мен құралдарын стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық
тауар айналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара тануды
кепілдендіреді.
Барлық өлшейтін адамдар (техникалық құралдарды қолдану арқылы
өлшенетін шаманың мәнін тәжірибелі жолмен табатындар), яғни кәсіби
метрологтар өлшеудің алынған нәтижелеріне сенгісі келеді. Өлшеулердің
алынған нәтижелеріне сенімнің болмауы ғана өлшеуді қайталауға, өлшеулерге
басқа лабораторияларды, мамандарды тартуға мәжбүрлейді.
Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу болмағанда, ғылыми
зерттеулерде, ғарышты игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар жасау
облысында, барлық салалардағы бұйымдардың сенімділігін қамтамасыз етуде
жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.
Көбінесе көптеген мәселелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі
уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі
нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды
сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің
дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің
автоматтандырылуы мәжбүрлейді.
Метрологияның негізгі мақсаттары:
- физикалық шамалар мәндерін, мемлекеттік эталондарын және үлгілі
өлшеу жабдықтарын орнату;
- өлшеу теориясын, әдістерін және өлшеу мен бақылау жабдықтарын
дайындау;
- өлшеу бірлігін қамтамасыз ету;
- өлшеу қателіктерін, өлшеу және бақылау жабдықтарының дәлдігін
анықтау әдістерін дайындау;
- өлшемдерді эталондардан немесе үлгілі өлшеу жабдықтарынан жұмысшы
өлшеу жабдықтарына беру әдістерін дайындау.
Қаншалықты мәселе күрделі болған сайын, метрология соғұрлым үлкен
маңызға ие болады. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының
Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы Заңының, басқа да
нормативті-құқықтық актілердің, елшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету
бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын
сақтауын тексеруге мүмкіндік беретін, метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру
жүйесі өзінің өзектілігін арттырады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Штангенциркуль құралын алып оның
жалпы жұмыс істеу принципін түсіндіру және мағлұмат беру. Бұл құралдың
стандарттарымен, техникалық шарттары мен әдістемелік нұсқауларын игеру және
танысу .

1. ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ

1.1. Штангенцикуль құралының түсінігі

Штангенқұрылғы - өлшеу және сызықты өлшемдерді тікелей әдіспен өлшеуге
арналған өлшеу құрылғыларының тобы. Штангенқұрылғылардың бөлігі штанганың
өлшеу сызығы 1 мм арқылы көмекші жылжымалы нониустан тұрады. Металлдарды
өңдеу саласында штангенқұрылғылар кең қолданады. Санақ ұстанымы екі
шкаланың бірігуінен: негізгі және нониус шкалалары құрылғылары үшін
арналған.
Штангенқұрылғылар, штангенқұралдар (өлшеу құралдарын көрсететін) деп
аталатын қарапайым құрылғылардың арзан бағалы көптеп таралған.
Штангенқұралдар негізгі шкала салынған штанга мен нониусты қолдануға
негізделген санау жабдығынан тұрады. Негізгі штангенқұралдарға
штангенциркуль, штангентереңдік өлшеуіш және штангенрейсмасс жатады.
Штангентереңдік өлшеуіш жазықтықтар арасында интервалды, саңылау тереңдігін
және т.б өлшеуге арналған.
Штангенциркуль құралдары – шрихты шкала көрсеткіші немесе нониуспен
саналған. Бір немесе бірнеше жылжымалы рамкасы бар көрсететін өлшеу
құралдары. Штанганың аяғы жылжымайтын губкалар қатты бекітілген губкалардың
өлшеу жазықтығы штанганың бүйіріне перпендикуляр.Сенімді, яғни сапалы
штангенқұрылғылар көбіне коррозияға ұшырамайтын тұрақты материалдардан
болаттардан жасалынады.
Штангенциркульдер ішкі және сыртқы өлшемдерді өлшеуге арналған
құрылғы. Бұл штангенқұрылғылардың ең көп таралған түрі. Ең алғашқы нониусы
бар штангенциркульдер Лонданда XVIII ғасырдың аяғында, ал нониуссыз ағаш
штангенциркульдар XVII ғасырда пайда болды.
Ғылым – техниканың дамуына байланысты штангенциркульдерде озықтала
түсуде, әр түрлі электронды штангенциркульдер жарыққа шығуда. Олардың әр
қайсысының өзіндік ерекшеліктері, құрылысы, өлшеу шектері мен бағалары
бар.
Штангенқұралдар деп, шкаласы бар штанга мен нониус (көрсетілуді
анықтау үшін қосымша шкала) негізінде сызықтық өлшемдерді өлшеу құралдарын
атайды.
Нониус – негізгі шкаланың бөлінулер интервалының бөлшектік үлесін
санау үшін қолданылатын қосымша шкала. Штангенқұралдар массалық және кең
қолданылатын өлшем құралдары болып табылады. Штангенқұрал негізгі шкала
салынған штанга мен нониусты қолдануға негізделген санау жабдығынан тұрады.
Негізгі штангенқұралдарға штангенциркуль, штангентереңдік өлшеуіш
және штангенрейсмасс жатады.
Штангентереңдік өлшеуіш жазықтықтар арасындағы интервалды, саңылау
тереңдігін және т.б өлшеуге арналған.
Штангенциркуль бұйымның сыртқы және ішкі өлшемдерін, ал кейбір
жағдайларда белгі қойып шығу үшін арналған. Штангенрейсмасс белгілеу
жұмыстары мен бұйымның биіктік өлшемдерін өлшеуге арналған.
Штангенциркульдердің бірнеше түрі бар:
-ШЦ-I екі жақты губкалардың орналасуынын ішкі және сыртқы сызықты
өлшеулер үшін, сонымен қатар тереңдікті сызғышпен өлшеу үшін арналған
құрылғы.
-ШЦТ-I сыртқы өлшемі үшін қатты құймасы бар және тереңдігін өлшеу үшін
сызғышы бар губканың бір жақты орналасуы
-ШЦ-II ішкі және сыртқы өлшеммен белгілеу үшің еріннің орналасуы
-ШЦ-III ішкі және сыртқы өлшем үшін еріндердің бір жақты орналасуы.
Штангенциркульдар қолдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлемді гидромашина базасындағы шығын өлшеуіштер
Тік оптиметрді қадағалау
Минералды мақтадан жасалған жылудоғарғыш плиталар туралы
Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің конструкциялық ерекшелігі
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізі
Құрал жабдықтың технологиялық сипаттамасы
Техникалық құжаттың метрологиялық сараптамасы
Элементарлы өлшеу құралдары
7 сыныпқа физика пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік ңұсқау
Өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық көрсеткіштері
Пәндер