Ә. Қастеев



Жоспар

1. Мен өмірден үйрендім...

2. Қастеев Ұлы Отан соғыс жылдарында

3. Ағаның адал қызметі

4. Өнегелі өмір
Ұлы қаламгер М. Әуезовтің Абайдың әкесі Құнанбайдың тарихи тұлғасын «Абай жолы» роман-эпопеясында жан-жақты суреттеп, қыры мен сыры мол теңдесі жоқ типтік бейне етіп мүсіндегені белгілі. Құнанбай бейнесі романда басқа көркем бейнелерден биік тұрған тағылымы мол, бойында адамға тән жақсылық қасиет заманнан заманға үлгі боларлық, ұлттық сананы саналылықпен сақтап қалған тұлға. Оның Абайға жасаған әкелік борышы, қазақ үшін, бүкіл ұлтымыз үшін мақтан тұтарлық әке екендігі архив беттерін ақтарғанда айқын көрінеді. Балалардың дүниеге келуі мен өсуіне, олардың жастайынан бітім – болмысының жетілуіне көреген әке көп мән берген. Олардың рухани танымына бағыт берумен қатар, мінез – құлқының қалыптасуына қарай жағдай жасап, ақыл – кеңес беріп отырған. Көп әйел алған Құнанбай балаларының татулығына, бауырмалды болып өсуіне мүмкіндік жасап, бір әйелден туған баланы басқа әйелдерінің бауырына салып, әйелдерінің де ауыл мен ауыл арасында беделді, абыройлы ана екендіктерін көрсете алған.
Құнанбай образына қатысты тарихи шындық пен көркем шындықтың «Абай жолы» роман – эпопеясындағы бейнеленуіне байланысты архив деректеріне сүйене отырып, жаңаша пікір қалыптастыруға Ә. Марғұлан, Л. М. Әуезова, Т. Жұртбай айтулы еңбек сіңірді.
Кейіпкер Құнанбай мен тарихи тұлға Құнанбайдың өмірі, жеке басына қатысты оқиғалардың өзі өмір сүрген заманының тарихи шындығымен салыстыра талдау ұлы шығарманың түпкі көркемдік мақсатын терең түсінуге мүмкіндік береді. М. Әуезовтың өзі де бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. 1933 жылы жарияланған «Абайдың туысы мен өмірі» атты зерттеуінде: «Біздің мақсат – осы қарастырылатын адамдардың барлығының өмірін бізден алыс заманда, бүгінгі өмірімізден бөлек күй, бөлек шарт, бөлек тарихи дәуірде бүгінгіден бөлек болғандығын анық көрсету. Сондықтан біздің міндетіміз – қаралау емес, бүгінде анығын білгісі келген жұртшылыққа Құнанбайдың дәл пішінін көрсету. Бұл сөздің басын Абайдың жайы деп алып, Құнанбай жайын көп таратып айтып кетсек, солай болуына себеп болып отырған да – осы міндетті көп ойлағандық», - деп жазды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ә.Қастеев - Қазақстанның ең бірінші халық суретшісімен танысу мен үшін
үлкен мақтаныш. Қайда және кімнен үйренді, қалай суретші болды, осындай
табыстарға қалайша жетгі деген мәселелерді жете білгім келді. Мен жұмыс
істеген жерде өте сирек болса да, бірақ әрқашан да Казизоға өте сүйкімді де
қайырымды, әдепті Әбілхан Қастеев жаңа шығармаларға толы папкісімен келіп,
ондағы өзі салған бояуы басым, әрі алуан түрлі реңкі сұрғылт және күлгін
түсті сурет түрі суретшіні де, көрермен Сізді де баурап алып, бей-жай
қалдырмайтын-ды. Оның жаңа бір дүниесіне суретшімен бірге біз де куанышқа
бөленетінбіз...
Азияда сол жылдары исламның суретте адамды бейнелеуге тыйым салатын
наным-сенімі басым еді. Мүвда суретші болу өте қиын, бірақ ауылда
Әбілханның сирек кездесетін талантын көре білгендер болды. Оны өзінің
ауылдасы Сағымбек Құсықбаев қолдап-қолпаштап, оған ақыл кеңесін беріп,
сурет салу өнерін орта жодда қалдырмауға бағыт береді.
Ә.Қастеев Түрксіб темір жолы қүрылысында істей жүріп, В.И.Ленин
портретін жартасқа салуы — көпшіліктің назарын аудартып, Алматыға жол
ашылады. 1934-жылы халық таланттарының бірінші республикалық байқауында
Қастеев мақтау қағазын алып, Мәскеуге оқуға жіберіледі. Алайда білімінің
жеткіліксіздігі (Ол бар-жоғы бастауыштык қана білім алады-автор) оқуға
түсуіне кедері келтіреді, тек қана Фурманова (белгілі жазушы жүбайы)
көмегімен жатақханада түрьш, өз бетімен білімін көтеріп, халык
шығармашылығы үйівде кешкі көркем студияда оқиды.
Ә.Қастеев шығармашылығы — халықтық творчестводан Қазан төңкерісінен
кейін Қазақстанда пайда болған жаңа станковолық кәсіби өнерге өту кезеңі.
Менің Қастеевпен таныстығым - 1944-жыдцың соңында болған еді. Бұдан
аз ғана бүрын қазақ халқының белгілі ағартушы ақыны Абай Құнанбайұлы, кеңес
өкіметін орнатудың батыл күрескері, 1916-жылғы халық көтерілісінің басшысы
Амангедді Иманов портретін жасау бәйгесі өтгі.
Амангелді портретін жасауға он төрт суретші қатынасты, жиырма төрт
портрет бәйгеге ұсынылды. Қастеев жұмысы жөнінде ол кезде былай деп жазды:
"Амангелді Иманов жорығына арналған оның полотнолары, атап айтқанда,
халықтың тамаша көсемінің портреті өзінің әсемдігімен, экспрессивті және
динамикалығымен өте күшті әсер етеді".
Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыдағы Көркемсурет галереясының
ғимараты болмаса да, экспонаттар жинастырылып қойылды, ал көрме Абай
атындағы опера және балет театры фойесіне орналастырылды, мәжілістері
өткізіліп тұрды. Көрмеге антракт кезінде кісілер демалатын жерге (фойеге)
көрермендер көп келетін. Қазақ халқының қоғамдық және мемлекеттік ірі
қайраткері Әліби Жангелдин де көрмеге келуді ұнататын-ды. Бірде
Ә.Қастеевтің "Амангедді" портретіне жақын келіп: "Портретке қарап отырып,
мен өзімнің досымды есіме аламын. Көптеген суретшілер Амангелдінің
портретін жасауға талпынды, бірақ олардың әрекеті сәтсіздікке ұшырап
отырды, ал Әбілхан Қастеев солардың ішінде барлығынан да түпнұсқаға
-Амангелдінің өзіне тікелей жақын келіп, келбет ұқсастығы, мінез бітісі,
типтік ерекшелігі мен белгісі кәдімгі өмірде бар Амангелдінің өзіндей", —
деп, шынайы ризашылығын білдірді.
Ұлттық батыр бейнесін жасауға Қастеев алты жылдан астам уақытын
бөліп, маңдай терін көп төкті. Осындай тынымсыз еңбек нәтижесінде суретші
оның сыртқы ұқсастығын ғана емес, сонымен бірге оның ешкімнен именбейтін де
қорықпайтын батыр тұлғасын өте жоғары идеялық (мұраттық) негізде жасап
шықты. Портрет, жалпы алғанда, көпшіліктін жылы қабылдауына ие болды. Автор
Қазақстанның халык, суретшісі атағын алды.
Әбілхан Қастеев қол жеткен табысқа қанағаттанбағандықтан, ол
Амангелді бейнесін келбеттендіре түсіп, жазуын жалғастыра береді.
Нәтижесінде "Амангелді шабуылы", "Қызыл Армияны қүруға дайындық", бойын
түтас суреттеу портреті, тізеге дейінгі батыр портреті (1950) және
"Амангелді сарбаздары" (1970) атты үлкен полотнолы картиналарды дүниеге
келтіреді.
"Мен көп жұмыс істедім, — дейді Ә.Қастеев. — Торғай ауданы -
Амангеддінің туған жеріне бардым. Шәкірттерін, көзкөргендері мен туыстарьш
іздестірдім, сөйлестім, көптеген қолжазбалар жазып, суреттер салдым,
келбеті (натурасы) ұқсас адамды сұрастырып іздедім. Көзін, аузын, мүрнын
жеке-жеке салып, адамның қыры (профилі) мен бет-пішінін (фас) салдым. —
Ұқсас па? — деп сүрастырып отырдым...
Қастеевтің 1927-жыл деп көрсетілген оның алғашқы жұмыстары
сақталынған. Автопортрет, қарындасы мен бауырының портреті, атасы, әйелдер
мен ауылдастарының жеке мінез бітістері және уақыт белгілерімен бірлігш
көрсететін шағын көлемдегі акварельдері қарапайым да сыпайылығы,
келістілігі ежелгі миниатюраны еске түсіргендей болады.
Суретшінің көз алдында қазақ халқының өміріндегі түбегейлі өзгерістер
оны қатты толқытты және Қастеев жаңалық атаулыны өз шығармаларында тез
көрсете білді. Бірақ ол қазіргі болмысқа қарсы қызмет ететін феодалюмнін
ауыр тұрмысы мен қатал заңдарын — өткендегі өз өміріндегі қайғылы
сюжеттерді айналып өте алмады. Қастеев творчествосының алғашкы он
жылдығында "Ескі мен жаңа тұрмыс" атты сериясын жасады. Ескі тұрмыс
сериясынын бірінші жартысы - "Сатып алынған қалыңдық", "Құдык басындағы бай
мен кедей" тағы баска шығармалар қара бояумен орыңдалады. "Жаңа түрмыс"
сериясының екінші жартысы - қуанышты көңіл күйін тудыратын ашық бояумен
көмкеріледі. Бұл жерде үй де — үлкен терезелі — электр жарығымен қамтылған
мектеп, глобуспен қатар суреттелінін, ұжым боп радио тыңдау, жаңа машина,
жаңа ұжымдық еңбек пен демалыс "Мектепке", "Сепаратор жанында", "Ұжым тойы"
шығармаларында айқын көрініс береді.
Әбілхан Қастеев "Тың" тақырыбындағы акварель мен боялған сериялы
туындыларында Қазақстандағы тың және тыңайған жерді игеруге суретшілер
ішінде бірінші больш үн катты. Бұл серияға қазіргі Қастеев атындағы өнер
мұражайы мен Павлодардағы өнер мұражайы, Целиноград (казіргі Ақмола)
облыстық көркем мұражайындағы қорларында сақталған суретші еңбектері енген.
Өмірдін барлық оқиғаларына сергек үн қата отырып, Қастеев өз халкының
өмірін терең білегінін көрсете, өзінің туған жері мен оның еңбеккерлеріне
деген шексіз ыстық махаббатын білдіретін көптеген үлкенді-кішілі картиналар
жазады.
Өз творчествосының бірсыпыра тақырыбына суретші әлденеше рет қайта
оралады. Осылайша Қастеев "Түрксібті" үш мәрте жазып, Жамбыл жөніндегі
үлкен серияны, Медеудегі мұз айдыны (оның бірі — "Биік таудағы мұз айдыны"
Третьяков атындағы мемлекеттік галереяда сақтаулы) полотносы бес рет
жазылады. Сондай-ақ мұның барлығы да күннің аптап ыстығы мен жауынында,
желді, боранында болмыстың тікелей өзінен салынды.
Қастеев соңғы жылдары жиырма-отыз беттен тұратын "Қазақстан байлығы",
"Жеті жылдық құрылыс", "Қазақ жерінде", "Менің республикамның адамдары мен
жері" атты үлкен сериялы суреттер салды. Бұл — бейбіт еңбек өмір тынысын
көрсететін пейзаждық-такырыптық шығармалары еді. Кең көлемдегі ауқымдылығы
мен байсадды да сабырлы хабарламасы даланың еркін әнін еске түсіреді.
Қастеевтің акварельдері мен картиналары көптеген ТМД елдері мен
Қазақстан мұражайларының барлығыңда да кездеседі.
Суретші өз ғұмырында екі жүзден астам көрмелерге қатынасып, оның
шығармалар көрмесі АҚШ, Бразилия, Канада, Франция, Германия, Үндістан,
Индонезия, Венгрия, Чехия, Словакия, Польша, Монғолия т.б. елдеріңде больш
қайтты.
Қастеевтің көркем мүрасы — республикамыздағы елеулі өзгерістер
шежіресі. Үкімет суретшінің шығармашылық еңбегін өте жоғары бағалап,
Қастеев Қазан төңкерісі, екі мәрте Қазақстан Жоғарғы Советінің, Алматы
қалалық атқару комитетінің депутаты болып сайланады.
1964-жылы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясында менің
директорлығым кезінде Әбілхан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілхан Қастеев өмірі
Қазақстан музейлеріндегі Әбілхан Қастеев шығармашылығының көрінісі
Замана суреткер Әбілхан Қастеев
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
Әбілхан Қастеев - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші
Қазақ халқының тұңғыш кәсіби суретшісі - Ә.Қастеев
Әбілхан Қастеев
Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы
Сыни ойлауға негізделген сабақ құрылымындағы өзгешеліктер
Қазақ бейнелеуі өнерінің дамуы
Пәндер