Бас қаңқасы



1.Бас қаңқасы
2.Бет сүйектері
3.Бүтін бас қаңқасы
4.
Бас қаңқасы
(череп,cranium)
Бас қаңқасында үлкен ми,көру,есту,тепе-теңдік,иіс сезу мүшелері және ауыз,мұрын қуыстары орналасқан.
Бас қаңқасы ми сауыты мен бет сүйегінен тұрады.
Ми сауытының сүйектері-екі жұп, төрт тақ жалпақ сүйектер. Олар бір-бірімен жіктер арқылы біріккен. Ми сауытының жұп сүйегіне самай және төбе,ал тақ сүйегіне – мандай,шүйде,сына,тор іспетті сүйектер кіреді. Бас қаңқасы сүйектерінде көптеген тесіктер,өзектер бар. Олар арқылы жүйкелер,қан тамырлар өтеді. Сонымен бірге сына, торша және маңдай сүйегінде ауаға толған қуыстар немесе синустар бар. Олардың өзегі мұрын қуысына ашылады.
Шүйде сүйегі(затылочная кость,os occipitalis) –жазық,жалпақ сүйек (15-сурет). Шүйде сүйегі қабыршықты,екі латераль және базиллярлық бөләмдерден тұрады. Олардың ортасында үлкен шүйде тесігі тұр. Осы жерде жұлын сопақша мимен, ал үлкен шүйде тесігі ауыз омытрқа Atlant тесігі арқылы омыртқа жотасының тесігімен жалғасады. Осы тесіктің алдында шүйде сүйегінің негізі болып табылатын,базиллярлық бөлігі орналасқан. Оған сына сүйектің денесі бірігіп «ылди» пайда болады.
Шүйде сүйегінің сыртқы жағында Атлантпен бірігетін айдаршықтар бар. Олардың беттері эллипсше,әрбір айдаршықтың түптерінен тіл асты жүйкесінің өзгерістері өтеді. Жалпақ иілген шүйделік қабыршақтың сырт жағында шүйделік шоқы,ал ішкі бетінде шүйделік шоқы мен крест томпағы орналасқан.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бас қаңқасы
(череп,cranium)
Бас қаңқасында үлкен ми,көру,есту,тепе-теңдік,иіс сезу мүшелері және ауыз,мұрын қуыстары орналасқан.
Бас қаңқасы ми сауыты мен бет сүйегінен тұрады.
Ми сауытының сүйектері-екі жұп, төрт тақ жалпақ сүйектер. Олар бір-бірімен жіктер арқылы біріккен. Ми сауытының жұп сүйегіне самай және төбе,ал тақ сүйегіне - мандай,шүйде,сына,тор іспетті сүйектер кіреді. Бас қаңқасы сүйектерінде көптеген тесіктер,өзектер бар. Олар арқылы жүйкелер,қан тамырлар өтеді. Сонымен бірге сына, торша және маңдай сүйегінде ауаға толған қуыстар немесе синустар бар. Олардың өзегі мұрын қуысына ашылады.
Шүйде сүйегі(затылочная кость,os occipitalis) - жазық,жалпақ сүйек (15-сурет). Шүйде сүйегі қабыршықты,екі латераль және базиллярлық бөләмдерден тұрады. Олардың ортасында үлкен шүйде тесігі тұр. Осы жерде жұлын сопақша мимен, ал үлкен шүйде тесігі ауыз омытрқа Atlant тесігі арқылы омыртқа жотасының тесігімен жалғасады. Осы тесіктің алдында шүйде сүйегінің негізі болып табылатын,базиллярлық бөлігі орналасқан. Оған сына сүйектің денесі бірігіп ылди пайда болады.
Шүйде сүйегінің сыртқы жағында Атлантпен бірігетін айдаршықтар бар. Олардың беттері эллипсше,әрбір айдаршықтың түптерінен тіл асты жүйкесінің өзгерістері өтеді. Жалпақ иілген шүйделік қабыршақтың сырт жағында шүйделік шоқы,ал ішкі бетінде шүйделік шоқы мен крест томпағы орналасқан.
Сына сүйек (клиновидная кость,os sphenoidale) бас сүйектің негізінде,артында шүйде,алдында маңдай сүйегімен бірігеді. Сына сүйектің денесі және үш жұп өсіндісі бар. Өсінділер үлкен,кіші қанаттар, қанатша өсінділер деп аталады. Сүйектің кіші қанаты жоғарыға және шетке қарай бағытталып,көз шарасының,жоғарғы қабырғасының құрылысына қатынасады. Кіші қанаттың негізінде көру өзегі бар. Одан көру жүйкесі өтеді.
Сына сүйек денесінің жоғарғы беті иіліп түрік ер-тоқымы деп аталатын имек пайда болады.Бұл жерде ішкі секреци бездерінің ең маңыздысы гипофиз безі бар. Түрік ерінің екі бүйірінен ұйқы сыйлары өтеді,бұл сайларда сол және оң ішкі ұйқы артерияларорналасқан.Сына сүйек денесінің ішінде ауыз қуысы бар. Оның өзегі мұрын қуысына ашылады.
Сына сүйектің үлкен және кіші қанаттарының арасында көз шарасына ашылатын көздің жоғарғы саңлауы бар. Бұл саңлауда бас мидың үштік жүйкесі,көз веналары өтеді.Сына сүйектің үлкен қанатының алдыңғы бетінен көз шарасының шеткі қабырғасы,ал самай бетінен самай шұңқыры пайда болады.
Сына сүйектің үлкен қанатының негізінде дөңгелек,сопақ қылқанды үш тесік бар.Дөңгелек және сопақ тесіктерден бас мидың үштік жүйкесінің тармақтары,ал қылқанды тесіктен орталық менингиаль артерия қан тамыры өтеді.Сына сүйектің төменге қарап бағытталған қанатшасы ішкі,сыртқы екі жапырақтан тұрады.
Самай сүйегі (височная кость,os temporalis) - ми сауыты сүйектерінің ішіндегі ең күрделісі.Сүйектің ішінде есту және тепе-теңдік мүшелері орналасқан. Самай сүйегі үш бөлімнен тұрады. Олар қабыршықты, тасты және дабылды бөліктер. Сүйектің сыртқы бетінде сыртқы дыбыс түтігінің сүйекті бөлігі,оның артында емізікше, ал алдында самай шұңқыры жатыр. Сыртқы бетінен алға қарай бет сүйегінің өсіндісі шығады. Ал ол бет сүйегімен қосылып бет доғасын құрайды.Адамның бет пішіні,осы бет доғасына байланысты әр адамда түрлі болады.
Сырқа есту тесігін алдыңғы және артқы жағынан сүйектің табылды бөлігі қоршап тұрады.
Самай сүйегінің тасты бөлігі үш қырлы,пирамидаға ұқсаған.Пирамиданың ұшы сына сүйектің денесіне ,ал табаны ми сауытының негізіне қараған, ол емізікше өсінді сыртқы есіту тесігінің артында.Пирамиданың жоғарғы,алдыңғы,артқы жиегі,алдыңғы,артқы бүйірі және шұңқырының,ал артқы бүйірінің беті артқы ми шұңқырының құрылысына қатынасып, пирамиданың табаны мен сауыты негізінің құрамына кіреді.Пирамиданың алдыңғы бүйірінде оның төбесіне жақын үштік батыңқы бар.Бұл жерде үштік жүйкенің түйіні жатады.Үштік батыңқының артында шеткірек доғаға ұқсаған дөңес тұр.Бұл жерде, пирамиданың ішінде,жартылай иірімді түтікшелер болса,ал пирамиданың артқы бүйірінде ішкі есіту тесігі бар.Ол ішкі есіту жолына жалғасады. Пирамиданың табанынан жіңішке біздей өсінді шығады.Емізікше және біздей өсінділердің арасында біземіздік тесігі жатыр.Бұл тесіктен бас ми жүйкесінің 7 - жұбы шығады.Пирамиданың табанындағы дөңгелек тесік ұйқы жолының сырқы тесігі,ол ұйқы өзегіне жалғасып, пирамиданың ұшына ашылады.Бұл өзектен ұйқы артериясы ми сауытына кіреді.Сыртқы ұйқы тесігінің артында мойынтұрық шұңқыры бар.Шүйде сүйегі мен самай сүйегі біріккенде мойынтұрық тесігі пайда болады.Бұл тесіктен ми сауытынан ішкі мойынтқрық вена шығады.
Төбе сүйегі (теменная кость,os parietalis). Төртбұрышты, төменгі шетінен басқа жиектері кертілген жалпақ сүйек.Сыртқы бетінде екі төбе төмпештігі бар.
Маңдай сүйегі (лобная кость,os frontale). Маңдай сүйегі қабыршықтан,жұп көз,мұрын бөлігінен құралған. Қабыршықтың оң және сол бөлігінде маңдай томпағы,ал олардан төмен қас доғасы орналасқан. Қас доғасы үшкір көз үсті шетімен жалғасады. Маңдай сүйегінде жұп ауа қуысы бар. Оның пішіні мен көлемі әртүрлі,өзегі мұрын қуысына ашылады.
Торша сүйек (решетчатая кость,os ethmoidale) ол бас сүйегінің ең тереңінде орналасқан. Мұрын қуысы және көз шарасы қабырғаларының құрылысына қатынасады. Сүйек жарты табақшалардан құралған. Одан төмен қарай перпендикуляр табақша шығады. Ол мұрын қуысының аралығы пайда болуына қатынасады. Осы перпендикуляр табақшаның айналасында торша лабиринттер бар. Олар ауа шұңқыршаларынан тұрады. Лабиринтің оң және сол жақтағы сыртқы беті жұқа көз қабыршықтарымен қапталған,ішкі беті перпендикуляр табақшаға қараған. Лабиринтің ішкі мұрын қуысына қараған бетінде екі сүйек салбырап тұрады. Бұл жоғарғы және ортадағы кеңсірік.
Бет сүйектері
Бет сүйектеріне алты жұп,үш тақ сүйектер кіреді. Жұп сүйектер жоғарғы жақ,мұрын,көз-жас,бет,таңдай және төменгі жақ мұрын кеңсірігі.
Беттің тақ сүйектері: төменгі жақ, желбезек және тіл асты сүйегі.
Жоғарғы жақ (верхняя челюсть,maxilla). Жоғарғы жақтың денесі және төрт өсіндісі бар. Денесі төрт беттен тұрады. Олар: алдыңғы,артқы немесе самай асты,көз шарасына,мұрынға қараған беттер. Жоғарғы жақтың алдыңғы бетінде көз шарасының тесігі және оның тіс ойығы бар. Самай асты бетінде жоғарғы жақтың денесі білінеді.
Альвеолада сегіз тіс кіріп тұратын шұңқырлар бар.Таңдай өсіндісінен қатты таңдай пайда болады,ал маңдай өсіндісі маңдай сүйегімен,бет шығыңқысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шеміршекті балықтар класына қысқаша сипаттама
Қарапайымдыларға жалпы сипаттама
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Бас сүйек қаңқасы
Тұлға мен қол –аяқ сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері
Жамбас сүйектері
Сүйек тінінің дамуы
Тұлға қаңқасының даму эволюциясы
Құлажорға мәдениеті
Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Пәндер