Топырақ құнарлылығы



І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Топырақ құнарлылығының түрлері.
2. Топырақ құнарлылығының кеми беру заңы және оны сынау.
3. Топырақ сапасын олардың қасиеттері мен құнарлылғы бойынша бағалау.
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Құнарлылық – топырақты тау жыныстарынан ерекшелендіретін топыраққа тән маңызды сапалық қасиет. Құнарлылық деп топырақтың өсімдіктер өнімділігін қамтамасыз ету қабілетін айтады. Ол бір мезгілде және үзіліссіз өсімдіктерді керекті су және қорекпен қамтамасыз ету жағдайымен қатар, оттегі мөлшерінің жеткілікті және топырақтардың өсімдіктердің тамыр жүйелері үшін қолайлы физикалық қасиеттері болған кездерінде қамтамасыз етіледі.
Топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар өсімдіктің өсіп және дамуына тікелей әсер ететін тура және жанама болуы мүмкін. Тура жағдайларға жергілікті пайдалануға ыңғайлы су қоры, аэрация, орта реакциясы, пайдалануға ыңғайлы қосылыстар формасы мен мөлшері, қоректік элементтер және олардың қатынасы. Жанама жағдайға жатқызатыны: ил бөлшектері, қарашірік, микроағзалар саны, топырақтың тамыр таралатын қабатын шектейтін тығыз горизонттардың тереңдігі, топырақты өңдеу. Туа жіне жанама жағдайлар өзара тығыз байланыста және өсімдік өнімділігіне өте үлкен әсерін тигізеді.
1. Р.А.Мирзадинов, Қ.Үсен, Ә.Ә.Торғаев, С.Л.Дүйсенбеков, М.Ш.Каримов, Г.Қ.Меизбаева «Топырақтану» оқу құралы. Алматы, 2009.
2. Ж.К.Қабышева «Топырақтану». Алматы, 2013.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы:
Топырақ құнарлылығы.

Жоспар:
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Топырақ құнарлылығының түрлері.
2. Топырақ құнарлылығының кеми беру заңы және оны сынау.
3. Топырақ сапасын олардың қасиеттері мен құнарлылғы бойынша бағалау.
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.
Құнарлылық - топырақты тау жыныстарынан ерекшелендіретін топыраққа тән маңызды сапалық қасиет. Құнарлылық деп топырақтың өсімдіктер өнімділігін қамтамасыз ету қабілетін айтады. Ол бір мезгілде және үзіліссіз өсімдіктерді керекті су және қорекпен қамтамасыз ету жағдайымен қатар, оттегі мөлшерінің жеткілікті және топырақтардың өсімдіктердің тамыр жүйелері үшін қолайлы физикалық қасиеттері болған кездерінде қамтамасыз етіледі.
Топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар өсімдіктің өсіп және дамуына тікелей әсер ететін тура және жанама болуы мүмкін. Тура жағдайларға жергілікті пайдалануға ыңғайлы су қоры, аэрация, орта реакциясы, пайдалануға ыңғайлы қосылыстар формасы мен мөлшері, қоректік элементтер және олардың қатынасы. Жанама жағдайға жатқызатыны: ил бөлшектері, қарашірік, микроағзалар саны, топырақтың тамыр таралатын қабатын шектейтін тығыз горизонттардың тереңдігі, топырақты өңдеу. Туа жіне жанама жағдайлар өзара тығыз байланыста және өсімдік өнімділігіне өте үлкен әсерін тигізеді.
Өсімдік тіршілігінің әрбір жеке жағдайы немесе факторы өсімдіктің өсуі үшін жеткіліксіз болуы мүмкін, ыңғайлы болғанда өсімдік ең жоғарғы өнімділік береді, егер артық болса токсикоз болып, өсімдік өнімділігі нашарлап кетеді. Топырақтың жалпы құнарлығы әрбір өсімдікке әсер етуі кезінде минимум мен максимумда болатын жағдайлармен анықталатын болады. Өсімдіктің ең жоғарғы өнімділігі топырақтың ең жоғарғы құнарлығына сәйкес келетін әртүрлі жағдайлардың ыңғайлы құрамдары мен қатынастары кезіндң байқалады.
Әртүрлі топырақ-климаттық зоналарда топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар әртүрлі. Тундра аймағында шектейтін факторлар төменгі температура мен топырақтың жоғарғы ылғалдылығы, орманды зонада-артық ылғалдылық пен топырақ қышқылдығы, орманды-дала және дала зоналарында - ылғал жетіспеушілігі мен топырақта көбінесе натрийдың, хлордың артықтылығы. Құмдауыт топырақтарда ылғалдылық пен қоректік элементтерінің жетіспеушілігі ауыр саздық топырақтарда - аэрация нашарлығы және топырақтың жоғары тығыздығы. Сонымен, құнарлылық топырақ түзілу жағдайларының өзгеруіне байланысты шектеледі.

Топырақ құнарлығының түрлері.
Топырақтың құнарлылығын табиғи, потенциалды, жасанды және тиімді құнарлылық деп жіктейді.
Табиғи құнарлылық - табиғи топырақ түзілу барысында табиғи өсімдік жамылғысы астында пайда болған топырақ қасиеті. Топырақтардың табиғи құнарлылығы уақыт аралығында салыстырмалы түрде шамалы ғана өзгереді және ол тұрақты шама болып табылады. Сонымен бірге түзілу әртекті топырақтардың құнарлылықтары да әртүрлі болады, ал бір топырақтың құнарлылығы биологиялық қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар өсімдіктер үшін әртүрлі. Мысалы, шалғынды-глейлі топырақтарда шалғындық өсімдіктер жақсы өседі, ал шыршалар мен қарағайлар өліп қалады немесе өтенашар өседі. Өте ұсақ құмдарда қарағайлар жақсы, ал шыршалар мен емендер нашар өседі.
Потенциалды құнарлылық топырақтағы қоректік элементтердің қолдануға болатын немесе болмайтын формада болатын жалпы қорымен анықталады.
Жасанды құнарлы топырақты өндегенде , тыңайтқышты сепкен , әртүрлі дақылдарды өсіргенді , құрғатқанда , суландырғанда жасалады.
Табиғи , жасанды , потенциалық құнарлы бір-біріне өзара тығыз байланысқан , себебі өсімдіктерді ылғалмен және қорекпен қамтамасыз ету табиғи топырақтың қасиеттеріне тәуелді.
Өнімділік мөлшерімен өлшенетін тиімді немесе нағыз құнарлылық іс жүзінде табиғи және жасанды құнарлылықпен өрнектеледі және ғылым ме техниканың даму дәрежесіне едәуір тәуелді. Бұл жағдайда құнарлылық үздіксіз өседі, қоректендіру элементтерінің және топырақтағы ылғалдылықтың потенциалдық қоры толық пайдаланатын болады.
Топырақ құнарлылығын, өнңмділікті жоғарылату үшін егін шаруашылығында және агрохимияда су мен қоректік элементтердің максималды қорын қамтамасыз ететін, сонымен қатар орта реакциясын қалыпты ұстау мен өсімдік өсуіне ықпал ететін аэробты және анаэробты реакциялардың қажетті жылдамдығын қамтамасыз ететін әдістер құрастыру қажет. Сонымен қатар зиянды үрдістерді: улы заттар пайда болуын, топырақты өңдеу кезінде олардың тығыздалып қалуын, арамшөптер басып кетуін, зиянды микроағзалардың көбеюін баяулату немесе тоқтату қажет.

Топырақ құнарлылығының кеми беру заңы және оны сынау.
XVIII ғ. аяғының өзінде жыл сайын еселеп жұмсалатын еңбек пен шығынға қарамай өнім жыл сайын азая беретіні байқалған. Осындай бақылаулар негзінде француз экономисі А.Тюрго Топырақ құнарлығының кеми беруі заңын ашты, ол алдымен буржуазия зкономистері арасында үлкен қолдау тапты.
Осы заң және Мальтус теориясы негізінде халықтың орналасуы тіршілік қажеттіліктерінің өсуінен тез жүріп жатыр, соған байланысты жаппай аштық болатыны және халық санын шектеу қажет екені туралы теориялар бұрын да, қазір де ұсынылып келеді.
В.Р.Вильямс көрсеткендей, А.Тюрго заңындағы айтылған құбылыс өсімдіктер тіршілігінің бір факторын өзгерткен кезде орын алуы мүмкін екенін агрономиялық көзқарас тұрғысынан дәлелдеді. Ол Гильригель тәжірибесін пайдалана отырып вегетациялық ыдыста арпа өніміне топырақ ылғалдылығының әсер етуін бақылады:
Топырақ ылғалдылығын,топырақ ылғал сыйымдылығы, % - 1,5,10,20,30,40,60,80,100.
Өнім(дцг сосуд) 1,63,146,190,217,227,197,0
Толық ылғал сыйымдылығының әрбір 10% өнімінің жоғарлауы 124,43,44,27,10,15,98.
Басқаша айтқанда , ауылшаруашылық өндірісі бір деңгейге жүргізілгенде топырақтың , құнарлылығының кеми берузаңының әсері байқалады. Бірақ , өсімдіктер тіршілігінің бірнеше факторларына әсер ету кезінде бұл заң расталмайды. Оны В.Р.Вильямс М.Вольнидің вегетациялық тәжірибесін пайдалана отырып көрсетті, онда ылғалдылық, қоректік элементтерінің мөлшері және жарық түсуі өзгертілді. Тәжірибе негізінде диаграмма жүзінде; одан байқалатыны тіршіліктің осы 3 факорына әсер еткен кезде, өсімдік өнімі барлық кезде өсіп отырады. Демек топырақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Танаптарда табиғат қорғау жүйесі
Топырақ тіршілік ортасының органикалық топтары
Топырақ құнарлылығы, топырақ жамылғысын қорғау
Топырақтың құрылымы
Егіншілік жүйесінің дамуы
Қазақстанның жер қорлары. Табиғи-мелиоративтік мониторинг
Топырақ және оның құнарлығы туралы ұғым
Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар
Топырақ құнарлылығының категориялары және түрлері
Топырақ қабаты
Пәндер