Метафора эквиваленттілігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   


Мазмұны

Кіріспе4

ТАРАУ І. МЕТАФОРА ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТИПКЕ АЖЫРАТЫЛУЫ9

1. 1 Метафора эквивалентінің 5 түрі9

1. 2 Метафора аударма бірлігі ретінде28

ІІ Тарау. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АУДАРМАШЫЛАРЫНДАҒЫ МЕТАФОРАЛАР ЭКВИВАЛЕНТТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ «ҚАРА СӨЗДЕРДЕ» КЕЗДЕСЕТІН МЕТАФОРАЛАР44

2. 1. Абайдың «Қара сөздеріндегі» метафоралар44

2. 2 Абай шығармаларының аудармаларында метафора эквиваленттілігі мәселесінің шешілуі55

Қорытынды64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:66

Қосымша68

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты құралына айналған. Психологияда адамға тән сезімдердің 500-ге тарта түрлері белгілі болса, олардың әрқайсысының тілдік жүйедегі мазмұны мен көрінісі сан алуан. Себебі тілдің басты міндеті адамға қызмет ету, ал адам - сан қырлы, күрделі құбылыс.

Көп ғасырлық қалыптасу, даму жолы бар қазақ әдебиеті тарихындағы барлық мұралардың өзіндік ұлттық сипаты бар. Сонымен бірге, әлем халықтары классикалық мұраларымен үндестігі де анық байқалады. Әсіресе, қазақ әдебиеті тарихының аса көрнекті тұлғасы Абай шығармалары ұлттық және жалпы адамзаттық өркениеттер тұтастығын дәлелдеуімен ерекшеленеді. Абай мұрасының қазіргі әлемдегі жаңа Қазақстанның өркениет кеңістігіндегі көрнекті келбетін танытуда аса ықпалды орын алып отырғаны да ақиқат. Бұл орайда 1995 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНЕСКО бағдарламасы бойынша өткізілген ақынның 150 жылдық мерейтойындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың баяндамасында айтылған пікірлер де ұлттық және жалпы адамзаттық көркемдік ойлау үндестігін бағалаудың аса өзектілігін аңғартады:

Абайдың . . . барша әлемге аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат адамзат ардағы, адамзат ақыны, адамзат ақылманы болып көтеріліп отыр . . . Сезімтал ақын, сергек ойшыл ғұлама дала тіршілігін өзге дүние тіршілігімен салыстыра зерттеп барып түсінгісі келді. Бала кезінен таныс араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып, Шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына соны көзқараспен қарап жаңаша баға берді. Шығыстық логика мен мұсылман құқығын үңіле зерделеді. Өз тұсындағы Кіндік Азия мен Күнгей Азияның мәдени-рухани өмірінен мейлінше хабардар отырды».

Ақынның шығармашылық шеберлігі қисынды теңеулерінен білінеді. Ақын теңеуі толығымен ойындағы теңелетін затқа сәйкес, әрі соның бүкіл қырын аша алатын, барлық жерде, барлық уақытта түсінікті болуымен қатар, қашанда өзінің мәні мен құндылығын жоғалтпайтындай болу керек. Абай күнді күйеуге, жерді қалыңдыққа теңеп, «екеуінің құмары сондай күшті» дейді. Солай болуы заңды, әрі табиғи құбылыс. Ақынның күнді күйеу, жерді қалыңдық етіп, бір-бірімен сағыныстырып, құмарландырып кездестіру арқылы айтпақ ойы - әлемдегі тіршілік атаулының бәрі күннің қызуы мен жердің нәрінен жаралады деген шындықты аңғарту. Бұл Абайдың өз даналығынан туындаған бір ерекшелігі[1, 15 б] .

Метафора Абайдың ең сүйіп қолданатын және көп қолданатын тілінің бірі. Әрине бұл кездейсоқ емес. Өйткені көркем әдебиет сөздердің дәлдігін, анықтығын, жайнақы, ойнақылығын керек етумен қатар, айтайын деген ой-пікіріне оқушыларының шәк келтірместей етіп сендіруін де талап етеді. Ол үшін әр образ өмір шындығына дәл келуі керек десек, сонымен қатар айтайын деген пікірді үзілді-кесілді айту да негізгі шарттың бірі. «Арыстандай Исатай», бұл әлі үзілді-кесілді пікір емес, «сол сықылды ғана». Біз қиял арқылы әуелі арыстанды көзге елестетіп аламыз да, сосын барып Исатайдың қандай екенін шамалаймыз. «Арыстан еді Исатай» десек, мұнда «секілді» жоқ. Екі нәрсенің қасиетін бір-біріне ауыстырғанда бұл «сол, соның өзі» деп кесіп айтады да, оқушыларының сенбеуіне, шәк келтірулеріне жол қалдырмайды. Сондықтан метафора поэтик тілдердің басқа түрлеріне қарағанда, ой-сезімге тікелей әсер етеді. Жалпы ақындардың, соның ішінде Абайдың өлеңдерінде көп кездесетінінің бір себебі осы болуға тиіс. Және теңеу мен метафораны сезімге әсер етуі жағынан алғанда, метафораның ерекшелігі де осы ой-сезімге тез әсер етуінде. Сонымен байланысты метафораның сезімге әсер етуде, бізше, тәуелдік жалғауы арқылы жасалынатын түрі ерекше орын алатынға ұқсайды.

«Аспандағы жұлдызым,

Маңдайдағы құндызым,

Сұлу ажар көркемді,

Қыз да болса еркем-ді

Ақжүністей аруды

Алып қашып барасың . . . »

«Алтыннан соққан қияғым,

Күмістен соққан тұяғым . . . »

Осы үзіндіде келген метафоралар - қайсысы болсын нәзік, сезімді тербетерлік сөздер. Абайдың сүйіспендік-махаббат жырлары:

«Көзімнің қарасы

Көңлімнің санасы . . . »

-байқауымызға болады.

Абайдың "Сегіз аяқта" "толғауы тоқсан" қызыл тілді "қиуадан шауып, қисынын тауып, тағыны жетіп қайырған" деп бейнелейтіні мәлім. Абай өлендеріндегі үмітті қаты ("үміттің аты елеріп"), талаптың аты ("талаптың аты арындап") деген сияқты метафоралар да өте жатық және терең мағыналы болып шыққан. Түйе ұстаған қазақ елінің поэзиясында нар, атан, інген бота бейнелерінің де алатын орны үлкен.

Метафораның әр түрінен келтірілген мысалдар ұлы ақынның өзіне шейінгі әдебиеттердегі поэтик тілдердің бар үлгілерін толық меңгеріп, әртүрлі өмір құбылыстарын суреттеуде оны өз керегіне жарата алғандығын көрсетеді, бұл - бір. Екінші, осы үлгілерді меңгере отырып, Абайдың өзінің де әдебиетке кіргізген жаңа метафоралары аз емес, бұл - екі.

Әрине тілде болмаған жаңа сөздермен әдеби тілді байыту - қандай ақынға болсын әлінен тыс жұмыс. Өйткені қандай ұлы ақын болмасын, бүкіл халықтан асып түсіп, жалғыз өзі тіл жасауы мүмкін емес. Ондай ақынды тарих білмейді. Әр елдің ұлы жазушы-ақындарының өзі кіргізген жаңа сөздері сол ұлттың жалпы тілімен салыстырғанда, дарияға тамған тамшыдай ғана деуге болады. Қай ақын болсын, өзіне шейінгі жасалынған халықтың әзір тіліне кез келеді де, шашылып жатқан бай қазынаны маржанша тізіп, қиюын тауып қалап, тот басқанын аршып, кірлегенін тазартып, жансызына жан, қансызына нәр беріп, жаңа нәрсе етіп шығарады. Ұлы ақындар әдебиет тілін дамытты, байытты, жаңа сөз, жаңаша сөйлем, образдар кіргізді дегенде, біз осыны ұғамыз. Міне, осы жағынан алғанда Абайдың қазақтың әдеби тілін жасауда еңбегінің өте зор екендігін поэтик тілдердің әрқайсысынан да көруге болады. Соның бірі - метафора.

Менің ойымша Абайдың қазақ поэтик тіл қорына қосқан жаңа метафорасы да аз емес. Әрі құнды. Сөздерін қазақтың өз тіл байлығынан алса да, оны қиюластырып қалауы үздік шебер, беретін мазмұндары терең, жаңа образ, жаңаша ұғым болып шығады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы Абай шығармалары жайында Ә. Бөкейхановтан бастап, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов және басқа алаш қайраткерлері сындарлы ой, пікір айтып, түрлі басылымдарда мақалалар жариялады. М. Әуезов 1934 жылы «Абай ақындығының айналасы» атты ғылыми-теориялық мақаласында Абайдың сусындаған рухани ұш бұлағы, соның бірі - ақын шығармашылығының Шығыстың рухани қазына көздерімен байланысты екендігі жайлы ой өрбітіп, кейінірек осы саланы одан әрі дамытып, құнды зерттеулер жазды. Дәл сол жылы Қ. Жұбановтың «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласы жазылып, Абайдың Шығысқа қатынасына баса назар аударылды.

Абай шағырмаларындағы метафоралардың қоланылу мәселелерін зерттеушілер-М. Әуезов, Ә. Құлмат, Сыздық Рабиға, З. Ахметовалар болатын. Бұл зерттеушілердің ішінде Сыздық Рабиғаның «Абайдың сөз өрнегі» атты еңбегінде Абай метафораларының сөз өрнегінде кездесу ерекшеліктерін былай атап көрсеткен. «Абайдың алдындағы және өз тұсындағы тарихи әдебиеттерден келтірілген метонимияның мысалдарынан екі нәрсе бірінің орнына екіншісі алмастырылып (ауыстылырып) қолданғанда өмірдіңсан алуан құбылыстарынан алынатындығы айқын көрінеді. Кейде аттың орнына түсі («күреңді мінер күн қайда»), кейде киімнің, қарудың орнына олардың жасалынған заты («кигені атлас, қырмызы», «үсті толған болатпен»), кейде өзінің орына киімін («ақ көйлек ғашық болсаң бізге деймін»), кейде адамның орнына қасиеті («жаманнан туған жақсы бар, жақсыдан туған жаман бар»), қысқасы, шегіне жету өте қиын, қолданыла береді»-деп көрсетеді автор.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиетіндегі кеңінен қолданылаптын сөз алмастыру әдісі -метафораларға тоқтала отырып, Абай өлеңдеріндегі метафоралардың қолданылу ерекшеліктері мен қолдану әдістеріне тоқталу зерттеу жұмысының мақсаты болғандықтан, осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

-«Метафора» түсінігіне сипаттама жасау;

  • Метафора эквиваленттілігінің 5 типіне тоқталу; Абайдың Қара сөздеріндегі метафоралардың қолданылуына; Абай шығамаларын аударушылардағы метафолар эквиваленттілігі мәселелеріне кеңінен тоқталу.

Зерттеу жұмысының материалы ретінде А. Құнанбаевтің «Қара сөздері» мен шығармалары және бұл шғармаларының аудармаларынан метафоралар алынды. Зерттеу жұмысының лексикографиялық дереккөздері:

А. Құнанбаевтің шығармалары(өлеңдері) мен бұл шығармаларының аудармалары, яғни сонымен қатар орыс тіліндегі аудармасындағы қолданылған метафоралар жүйелі түрде жинақталды. Метафоралардың мағыналарын жан-жақты ашу негізінде Ә. Ысқақовтың басшылығымен жарық көрген "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі", Э. Д. Сүлейменованың редакторлығымен жарық көрген "Тіл білімі сөздігі/Словарь по языкознанию", "Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі", "Қазақ энциклопедиясы" т. б. лексикографиялық еңбектер дереккөздер ретінде алынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. А. Құнанбаев шығармасы тіліндегі метафораның берілу уәждемелері айқындалып, олардың қолданыстағы өзіндік ерекшеліктері сараланды және алғаш зерттеу нысаны болып отырған шығармаларындағы метафоралар мен олардың тіларалық транспозициясы орыс тіліне аударылған метафоралардың берілу табиғаты мен қызметі салғастырмалы тұрғыда талданды. Қазақ ақынының шығармаларындағы суреттеу тәсілдерінің көркемдік эстетикалық қызметінің аудармада сақталу сапасы мен оны жеткізудің шығармашылық жолдары, амалдары мен құралдары сарапталды.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. А. Құнанбаев шығармаларының тіліндегі негізінде метафоралар қолданысын зерттеу нәтижелері метафораның көркемдік эстетикалық қызметін, жағдаятқа байланысты аударылуын анықтауға мүмкіндік береді. Түпнұсқада берген ұлы ақын метафоралық транспозициясы мен оның қолданылу ерекшеліктерін анықтау, көркем аударма заңдылықтары мен аудармашылардың шеберлігін сипаттауға арналған зерттеу жұмысы аударматану, стилистика, метафора, транспозиция тұрғысынан толықтырады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында алынған нәтижелер мен қорытындыларды жоғары оқу орындарының жалпы тіл білімі, салыстырмалы тіл білімі, лексикология, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, аударма теориясы, мәдениетаралық қарым-қатынас пәндері бойынша арнаулы курстарда, практикалық сабақтарда пайдалануға, қазақ және орыс тілдерін тереңдете оқытылатын арнайы курстарда көмекші құрал ретінде қолдануға, оқу-әдістемелік материал құрастыруға, қазақша-орысша, орысша-қазақша метафоралық сөздіктерін жасауға қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің әдістанамалық негізі ретінде тіл білімінің метафора саласы бойынша оны көркемдік тәсіл ретінде қарастырған, ғылыми тұжырымдар жасаған қазак ғалымдары 3. Ахметов, Р. С. Әмір, А. Байтүрсынұлы, Ә. Болғанбаев, Қ. Жұмалиев, М. Серғалиев, Б. Хасанов, тілдік құбылыстарды ұлттық мәдени аспектіде қарастырып жүрген ғалымдар Р. Ә. Авакова, Е. Жанпейісов, Ә Қайлар, Г. Н. Смағұлова, Р. Сыздық т. б. зерттеушілердің еңбектерімен қатар, жалпы тіл білімі мен орыс тіл білімінде метафораның қолданымдық сипатын аталымдық, когнитивтік қызметіне ғылыми тұжырымдар жасаған ғалымдар Н. Д. Арутюнова, О. С. Ахманова, М. Вольф, В. Г. Гак, С. С. Гусев, В. Н. Телия, Э. Р, Когай, Н. А. Кожевникова, Е. Л. Линзбург, В. А. Сиротина, лингвосгилистика саласына қатысты жэне аударма мәселесіндегі А. М. Алдашева, Р. З. Загидуллин, Н. Ж. Шаймерденова т. б. зерттеушілердің еңбектерімен қатар жалпы және орыс тіл біліміндегі Л. С. Бархударов, В. Н. Комиссаров, Л. К, Латышев, Я. И. Рецкер, А. В. Федеров сияқты ғалымдардың теориялық еңбектері, транспозицияға байланысты жалпы тіл біліміндегі Ш. Балли, О. Есперсен, Е. С. Кубрякова, А. И.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және тараушалардан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша бөлімдерден құралған. Диплом жұмысының көлемі-** бет


ТАРАУ І. МЕТАФОРА ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТИПКЕ АЖЫРАТЫЛУЫ

1. 1 Метафора эквивалентінің 5 түрі

Метафораның ең басты мәселелерінің бірі -бұл метафора түсінігінің екі мәнділігінде. Бір жағынан метафора-тіл құралы, тіл бірілігі болып табылса, екінші жағынан сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналады. Метафораның зерттелу тарихына қысқаша шолу жасасақ метафора ХХ ғасырға дейін ақындықтың негізгі құралы ретінде ғана есептелінді, ал осыдан 100 жылдай шамасында ғана «метафораның тілдік және көркемдік мәндері» бірте-бірте ажыратыла бастады. Қазіргі таңда метафораны екі топқа ажыратады, ол

  1. Тілдік метафоралар;
  2. Көркемдік метафоралар.

Отандық лингвистикада метафора терминімен қатар: көркемдік метафоралар, ақындық, жеке, жеке-авторлық, шығармашылық, шығармашылық-авторлық, тілдік, стильді метафоралар деп ажыратулар жиі кездеседі. Метафоралар көркемдік бастауларының болуымен ғана сипаталады. Метафораларда артистизмнің сарқыттары да кездеседі. Артистизмсіз метафоралардың болуы мүмкін емес.

Ғалымдар метафоралардың жіктелуіне байланысты бір ортақтыққа әлі күнге дейін келген жоқ қазір біз әрбір ғалымның жеке-жеке жіктеу үлгілеріне тоқтала кетейік. О. С. Ахманова метафораларды 5 типке ажыратады, олар:

-гиперболалы метафора;

-лексикалық метафора;

-нәтижелі метафора;

-нәтижесіз метафора;

-ақындық метафора етіп 5 типке ажыратты.

Б. Н. Томашевский метафораларды 2 -ге ажыратты, олар: стилистикалық және тілдік меафоралар. А. В. Бельский метафораларды ақындық және риторикалық етіп жіктейді. Ю. С. Язикова метафораларды екі ірі топқа ажаратады, олар: тіл метафоралары және стиль метафоралары, тілдік метафоралардың өзін генетикалық (орындықтың арқасы, қаламсаптың басы және т. б. ) және ауыспалы мағыналы метафораларға (алтын мінез, алтын қолдар және т. б. ) жіктеді. А. В. Бельский екінші типтегі метафораларға риторикалық метафолар деп атады. Осы ғалымдардың ішіндегі А. В. Калининаның метафора жіктеуін көптеген ғалымдар қолданады. Өйткені, бұл зерттеуші фундаментальды зерттеулерге сүйене отырып, тілдік мүмкіндіктерді ескеру арқылы отырып метафораларды жіктейді.

А. В. Калинина метафораларды қолдану дәрежесіне байланысты 3 топқа ажаратады, олар:

-метафора-бір сөздің орнына екінші сөзбен орын ауыстыруын айтамыз. Мысалы «мұрыныңның ұшындағыны білмейсің».

-жалпы тілдік метафоралар. Мысалы, қап-қап әңгіме. Мұндай метафораларды сөздіктерден табуға болады, бұл метафораларды ауыспалы деп те атауға болады.

-автордың жеке стиліне байланысты жасалынған метафоралар. Бұл образды метафоралар белгілі бір ақынның жаңадан тапқан метафоларын айтамыз. Мысалы орыс тілінде мына сөздерді аайтуымызға болады: “ситец неба", “кровинки ягод”, vehicle of his daily business life.

Аударма барысында метафоралар көптеген өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер тілдің және аударылып жатқан тілдің этимологиялық және лексикалық өзгешеліктеріне байланысты туындайды.

Сонымен метафора (гр. ауысу) - сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, атқаратын қызметіндегі т. б. ) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңдылығы жатыр. Осы тұжырымды негізге ала отырып, қазақ тіл білімінде жеке қаламгерлердің шығармаларына ден қойып, ондағы метафоралық құбылыстардың сипатын ұлттық болмыстан, ұлттық нақыштан іздеу және әлемдік метафораны салыстыра қарастыру біршама зерттеу нысанына айналып келеді. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі ғалымдардың еңбектерінде метафораның лингвистикалық табиғаты кеңінен түсіндіріліп, оның ұлт тіліндегі танымдық қызметі мен ғылым тіліндегі маңызы көрсетілген. Метафораның концептуалдық қызметі, ерекшеліктері мен түрлері, термин жасаудағы рөлі арнайы зерттеліп, оған құрылымдық сипаттама жасалған. Сондай-ақ, жеке суреткер-ақындардың шығармаларындағы өзіндік сарын, өмірдегі құбылыстар дүниелерді суреттеуін жеке-жеке жүйелеп талдаған (Г. Н. Зайсанбаева, А. Есқараева, Э. Р. Когай, А. Сыбанбаева т. б. ) .

Әрбір ғалым, әрбір ұлттың ғалымы бұл мәселені зерттеуде өзінің сипаттау аспектісін таңдап, өзіндік зерттеу пәнінің негізін қалыптастырады. Бұл метафораның терең сырлы табиғатын айқындап, оның пайда болу үрдісін білу, метафора теориясының қалыптасуы үшін аса маңызды болды.

Метафора - ұлттық тілдегі өзіндік күрделілігі бар, әр түрлі ұлттық бояуға қаныққан категория. Метафораның тамыры ұлттың дамуы, қалыптасуы, сонымен қатар, оның өзіндік мәдениетінің, тарихының, халықтың менталитетінің қалыптасуында жатыр. Метафора қоғам мен тілдің тікелей сабақтастығының әсерінен ұлт дамыған сайын әр түрлі сипатта көрініп отыратын бірлік.

Метафора - жалпы әмбебаптық сипаты бар құбылыс, сонымен қатар ол ұлттық дүниетанымға, сол тілді қолданушы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, табиғатына, қоршаған ортасына тән, бір сөзбен айтқанда, мәдениеттің тілдегі көрінісі. Метафораның дамуынан, оның жеке авторлық қолданыс аясынан ұлттың дамуын, тілдің даму көрінісі аңғарылады. Себебі, тілдегі ұлттық сурет, әлемдік сурет, адам интеллектуалы үнемі, шексіз, қарқынды дамуда болады.

Қазақ тіліндегі метафоралар - мән мен түрдің бірлігі ретінде халқымыздың рухани жан дүниесінің айнасы. Автор туындысында кездесетін метафоралардың белгілі бір және әр түрлі жағдаяттарға байланысты көп туындағанын байқадық.

Ал енді метафоралардың жасалу ерекшеліктеріне байланысты ажыратылған 5 түріне жеке-жеке сипаттама берейік.

Құрылысы жағынан алғанда, қазақ әдебиетінде метафораның бес түрі бар, яғни, бес түрлі жолмен жасалынады:

-бірінші, метафораның жай түрі;

-екінші, жалғаулар арқылы жасалынатын метафора;

-үшінші, көмекші етістік арқылы жасалынатын түрі;

-төртінші, күрделі метафора немесе метафораның ұлғайған түрі;

-бесінші, метафораның «бейне бір», «тең» деген сөздердің көмегімен жасалатын түрі.

Метафораның бірінші түрі , яғни жай түрі жалғаусыз, жұрнақсыз, бір нәрсені екінші нәрсеге балау арқылы жасалынады.

«Көп сөз - көмір,

Аз сөз - алтын».

«Жігіттің үміт - басқышы

Қия таудан асуға,

Жігіттің үміт - бақ кілті

Қайындық құлпын ашуға».

Метафораның екінші түрі «-мын», -бын», «-пын», «-сын» жіктік жалғаулары, не «-м», «-н», «-ы» (сы) тәуелдік жалғаулары арқылы жасалынады. Жіктік жалғау:

«Сен - бұзау терісі шөніксің

Мен - өгіз терісі талыспын».

(Мен) «Бес түлеген бөрімін,

Белге соқсаң, жығылман».

Тәуелдік жалғаулары арқылы жасалынатын метафора төмендегілер тәрізді болып келеді:

«Халқыңыз қапа болмайды,

Есен барса жолбарысың».

Немесе осының сыпайы түрі:

«Бәй-еке, сіз бір аққан бұлағымыз,

Зарлаған біз бір жетім ылағыңыз».

«Исатай - ел еркесі, ел серкесі».

«Таудағы тарлан шұбар біз едік».

Метафораның үшінші түрі көмекші етістіктердің жәрдемімен жасалынады (еді, едім, едің, екен, ең, м, н) .

Бұлар бір-біріне баланып тұрған екі сөзге, сөйлемге түс беріп, олардың метафоралық мәнін толықтыруда ерекше орын алады және ауыз әдебиетінде болсын, жазба әдебиетте болсын, бұл - метафораның көп кездесетін түрі.

Ақжүніс өзін суреттей келіп:

«Қойда бағылан қозы едім,

Жылқыда шаңқаң боз едім».

«Қара судың бетінде

Сығылып аққан сең едің».

«Арыстан еді-ау, Исатай,

Бұл пәнидің жүзінде

Арыстан одан кім өткен».

«Шарықтаған сұңқар ем,

Қанатым сынды ұша алмай».

«Орданың басты билері -

Қас қасқырлар мында екен».

«Молдалардан сұрасам,

Ақ шейіттің өзі екен».

Метафораның ұлғайған түрі , не күрделі метафора өзара үшке бөлінеді:

а) бір нәрсені бірнеше нәрсеге балау арқылы:

«Тоқсан бес деген тор екен,

Дүйім жанның қоры екен,

Қарғиын десең, екі жағы ор екен,

Найза бойы жар екен,

Түбі жоқ терең көл екен,

Ел қонбайтын шөл екен,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢІН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Көркем тәржімадағы адекваттылық мәселесі
Ағылшын тілінің фразеологизмдері
Қазақ фразеологиясын аудару қиындықтары
АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
Аударма өнері және көркемдік түсініктері
Аударма жасалатын тілдің дұрыстығы
Аударма теориясы және аударма түрлері
Тіл қатынас жүйесі және аударма түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz