Педагогтың қарым-қатынастық мәдениеті



Педагогтың қарым-қатынастық мәдениеті

Педагогикалық мәдениет – көп қырлы қарым-қатынас жүйесі және жалпы даму, кәсіби сапалар мен педагогикалық этиканың дамуынан тұратын психологиялық-педагогикалық сенім мен шеберлік ретінде қарастырылады. Педагогтың қарым-қатынас мәдениеті мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны ретінде алынуы, бұл проблеманың өзектілігін айқындайды. Педагогикалық мәдениет жеке тұлғаның маңызды сипаты ретінде көрінуі оның жан-жақты, үйлесімді дамуына ықпал етеді.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті деңгейінің маңызды өлшемі - әр адамға (әріптеске, басқа адамдарға, студенттерге т.б.) ерекше жеке қатынас орнату. Ұстаздың педагогикалық қарым-қатынасы өз кәсіби іс-әрекетін, кәсіби борышы мен қоғам сұранысына сәйкес талап-тілектерге сай жүргізіледі.
Қазақ тіліне мәдениет сөзі араб тілінен (“маданият” – қала, қалалық деген мағынаны білдіреді) енген. Ал, көне заманда “культура” сөзі “жерді өңдеу” деген мағынада қолданылған. Цицеронның еңбектерінде (б.з.д. 45 жыл) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” ұғымымен барабар пайдаланылды. Грецияда ерте заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелейтін сирек кездесетін білім беру жүйесі болғаны белгілі. “Адамзаттық” қасиеттерді жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп отыратындықтан, мұнда жастарды қоғамдық өмірге дайындауға басымдылық берілген.
Сондай-ақ «мәдениет» ұғымы (cultura) латын тілінен аударғанда «жасақтау, өңдеу» дегенді білдіреді, кейде «тәрбиелеу, дамыту» мағынасында қолданылады. Аталған ұғым әлеуметтік педагогтар, психологтар, публицистер, саясаткерлер, экономистер тіліне ХХ ғасырдан бастап енді.
Ежелгі Римнің өзінде Цицерон жан мәдениеті мен тән мәдениетін салыстыра отырып, оларды құрметтеуге тұрарлық ақыл-ой дамуының көрсеткіші деп атап көрсетеді. М.Р.Цицерон өзінің “Тускуланские диспуты” еңбегінде ең алғаш рет “мәдениет” сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған.
Платонның анықтамасында мәдениет – адам бойында оң өзгерістер қалыптастыруға оңтайлы түрде басшылық жасау.
«Мәдениет» ұғымы жалпы мағынада төмендегідей мазмұнға ие:
1. Қоғам дамуының белгілі бір деңгейін сипаттаушы материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы, яғни мәдениеттің табиғи құбылыстардан айырмашылығы адамзаттың, дене және ақыл-ой еңбегі нәтижесінде қалыптасуында;
2. Мәдениет – қоғамның идеялық және адамгершілік жағдайы.
3. Белгілі бір қызмет саласында қол жеткізген даму көрсеткіші, деңгейі (еңбек мәдениеті, тіл мәдениеті т.б.).
4. Белгілі бір адамдарға тән әлеуметтік және ақыл-ой дамуының өлшемі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Андреева Г.М. Социальная писхология. М., 2004.
2.Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. – М., 1977.
3.Аймауытұлы Ж. Психология. – Алматы, 2005.
4.Булатова А.Н., Рысбекова Ж.К. Социология и социальная психология. -Алматы, 2000.
5.Бодалев А.А. Личность и общение. - М.,

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Педагогтың қарым-қатынастық мәдениеті

Педагогикалық мәдениет - көп қырлы қарым-қатынас жүйесі және жалпы даму, кәсіби сапалар мен педагогикалық этиканың дамуынан тұратын психологиялық-педагогикалық сенім мен шеберлік ретінде қарастырылады. Педагогтың қарым-қатынас мәдениеті мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны ретінде алынуы, бұл проблеманың өзектілігін айқындайды. Педагогикалық мәдениет жеке тұлғаның маңызды сипаты ретінде көрінуі оның жан-жақты, үйлесімді дамуына ықпал етеді.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті деңгейінің маңызды өлшемі - әр адамға (әріптеске, басқа адамдарға, студенттерге т.б.) ерекше жеке қатынас орнату. Ұстаздың педагогикалық қарым-қатынасы өз кәсіби іс-әрекетін, кәсіби борышы мен қоғам сұранысына сәйкес талап-тілектерге сай жүргізіледі.
Қазақ тіліне мәдениет сөзі араб тілінен ("маданият" - қала, қалалық деген мағынаны білдіреді) енген. Ал, көне заманда "культура" сөзі "жерді өңдеу" деген мағынада қолданылған. Цицеронның еңбектерінде (б.з.д. 45 жыл) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, "жанды жетілдіру" ұғымымен барабар пайдаланылды. Грецияда ерте заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелейтін сирек кездесетін білім беру жүйесі болғаны белгілі. "Адамзаттық" қасиеттерді жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп отыратындықтан, мұнда жастарды қоғамдық өмірге дайындауға басымдылық берілген.
Сондай-ақ мәдениет ұғымы (cultura) латын тілінен аударғанда жасақтау, өңдеу дегенді білдіреді, кейде тәрбиелеу, дамыту мағынасында қолданылады. Аталған ұғым әлеуметтік педагогтар, психологтар, публицистер, саясаткерлер, экономистер тіліне ХХ ғасырдан бастап енді.
Ежелгі Римнің өзінде Цицерон жан мәдениеті мен тән мәдениетін салыстыра отырып, оларды құрметтеуге тұрарлық ақыл-ой дамуының көрсеткіші деп атап көрсетеді. М.Р.Цицерон өзінің "Тускуланские диспуты" еңбегінде ең алғаш рет "мәдениет" сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған.
Платонның анықтамасында мәдениет - адам бойында оң өзгерістер қалыптастыруға оңтайлы түрде басшылық жасау.
Мәдениет ұғымы жалпы мағынада төмендегідей мазмұнға ие:
1. Қоғам дамуының белгілі бір деңгейін сипаттаушы материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы, яғни мәдениеттің табиғи құбылыстардан айырмашылығы адамзаттың, дене және ақыл-ой еңбегі нәтижесінде қалыптасуында;
2. Мәдениет - қоғамның идеялық және адамгершілік жағдайы.
3. Белгілі бір қызмет саласында қол жеткізген даму көрсеткіші, деңгейі (еңбек мәдениеті, тіл мәдениеті т.б.).
4. Белгілі бір адамдарға тән әлеуметтік және ақыл-ой дамуының өлшемі.
В.Е.Давыдович мәдениетке барлық білімнің жиынтығы ретінде, яғни адамның табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркемөнер, әдет-ғұрып, діншілдік деңгейінде зерделеген. Жалпы адамдық мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты, рухани мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, мәдениеттің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу болып табылса, үшіншіден, мәдениет мазмұнының ерекшеліктері адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз сапасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы, іс-әрекет үстінде рухани мәдениетке үйренуін білдіреді.
Мәдениет - адам дамуының кіріктірілген көрсеткіші және дамудың тиімділігін анықтаушы ішкі тұлғалық сапа болып табылады.
Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық, қатігездік көрсету, адамды сыйламау қарым-қатынасты бұзады.
Ал Педагогикалық мәдениет ұғымының мәнін қарастырсақ, мәдениетті адамның іс-әрекетте және осы іс-әрекет нәтижелерінде негізгі күштерін жүзеге асыру шамасы мен тәсілі ретінде қарастыратын, Ш.Таубаеваның тұжырымдамасына тоқталуға болады. Тұжырымдаманы зерттеу мәдениетті адами іс-әрекеттің сапалық сипаттамасы ретінде ұғынуға ықпал етеді. Мәдениетті зерттеудегі түрлі тәсілдерге орай, мәдениет үрдіс есебінде ғана емес, іс-әрекетте негізгі күштердің жүзеге асырылу шамасы, тәсілі ретінде қарастырылады, мұнда олардың өзара байланыс диалектикасы ескеріледі; мәдениет іс-әрекеттің жиынтығы, қорытындысы (нәтижесі әрі үдеріс) түрінде беріледі.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өзін әрекетті танушы, сезімтал адам ретінде өзгерте алуға қабілеттілігінің деңгейі - педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың негізгі көрсеткіші. Себебі жеке тұлға педагогикалық мәдениет арқылы өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі өзгертетін субъект ретінде бағаланады. Бұл адамның әрекет етуші тіршілік иесі ғана емес, сонымен қатар, өзінің іс-әрекеті нәтижесін бағалауына мүмкіндік туғызатын маңызды шарт.
Педагогикалық мәдениет - адамның негізгі күштерін жүзеге асыру шамасы мен тәсілі тұрғысынан, ең алдымен, адамның тәжірибені мирас ету және қайта жаңғырту әрекетіне, жеке тұлғаның жан-жақты, үйлесімді дамуына қабілеттілігі. Қарастырып отырған мәселе жеке тұлғаны қалыптастыру, оның рухани күштері мен қабілеттерін дамыту мақсатын көздейтін педагогтар қауымының айрықша қызығушылығын тудырады.
Ал, егер түрлі жас ерекшелік категориясындағы педагогикалық мәдениеттің сипаттамасына тоқталсақ, жастардың бойында меңгеру үрдісі мен нәтижесінің жаңару әрекетінің диалектикалық бірлігінен тұратын кіріктірілген сапа болса, ата-аналар бойында отбасылық және қоғамдық тәрбие үрдісіне қажетті тәрбиелік белгілі бір қасиеттерге ие болу деңгейі талданады.
Н.А.Неустроева, М.М.Мұқамбаева, Н.Н.Лагусева т.б. ғалымдардың диссертациялық зертеулерінде педагогикалық мәдениет мәселесі жан-жақты қарастырылған.
Кез келген ұғымның мазмұны анықтама арқылы түсіндірілетіндіктен, педагогикалық мәдениет ұғымының мән-мазмұнын зерделейік.
Педагогикалық мәдениет бүгінгі жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінде жоғары тұлғалық сапалардың қалыптасуына, оқыту әдістемесін жетілдіруге, ұдайы ізденіс пен педагогикалық шеберлікті игеруге бағытталған ұғым ретінде Р.С.Омарова, Г.К.Сибагатова еңбектерінде талдау жасалған. А.А.Бейсембаева зерттеулерінде жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің педагогикалық мәдениеті білімділік, саяси құзіреттілік және педагогикалық білім, дағды белсенділіктің әдіс-тәсілдерін меңгеру деңгейі ретінде қаралады.
Қарастырылып отырған ұғым К.Ж.Төребаева, М.Н.Есенғұлованың зерттеулерінде негізгі құрамдас бөліктері, ойлау мәдениеті, сезім мәдениеті, сөйлеу мәдениеті мен іс-әрекет мәдениетінен тұратын жалпы мәдениеттің синтезі ретінде қарастырған.
Сонымен, мұндай пікірлердің пайда болуы, педагогикалық мәдениеттің басқа адамды өзгертуге бағытталған ықпалымен тікелей байланысты, яғни педагогикалық мәдениет маманның таңдаған мамандығының ерекшелігіне байланысты адамдарға белгілі бір ықпалын тигізуде, басқалармен қарым-қатынас жасауда объективті қажетті сапалық қасиет.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті ұғымына нақты анықтама табу үшін оның "педагогикалық шеберлік", "педагогикалық такт", педагогикалық этика ұғымдарынан айырмашылығын анықтаудың маңыздылығы жоғары.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде берілгендей, кәсіби педагогикалық этиканы педагогтың адамгершілік тәрбие нормасының жүйесі, оның педагогикалық ұжым, студенттермен және басқалармен қатынасында көрініс береді.
Педагогикалық этиканың негізі қағидалары - ізгілік, ұжымшылдық, кәсіби ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым-катынае мәдениеті адамзат мәдениетінің негізгі сатысы
Педагогикалық қарым - қатынас түсінік
Педагогикалық қарым - қатынас туралы
Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің компоненттері
Қарым - қатынас ұғымы
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Жоғарғы оқу орындарындағы оқу процесiнде әлеуметтiк педагог тұлғасын қалыптастыру мәселелерi
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Жоғарғы оқу орындарындағы білім беру процесiнде әлеуметтiк педагог тұлғасын қалыптастыру мәселелерi
Мұғалімнің құзыреттілігі
Пәндер