Қаржылық есепті ұйымдастыру


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Қаржылық есепті ұйымдастыру . . . 4
1. 1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операцияларының есебі . . . 4
1. 2. Қаржылық есеп берудің маңызы . . . 5
1. 3. Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі . . . 7
1. 4 Қаржылық есептің құрамы мен элементтері . . . 9
1. 5 Қаржылық есеп берудің мақсаттары . . . 11
ІІ. Қаржылық есеп . . . 13
2. 1 Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну . . . 13 2. 2 Қаржылық салымдарының есебі . . . 16
2. 3. Қаржылық есеп берудің элементтері . . . 20
2. 4. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру . . . 23
2. 5. Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба . . . 25
Қорытынды . . . 28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі… . . . 29
Кіріспе
Жылдам шешім қабылдаудың негізі - толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз - меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады. Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді. [22]
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты - оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасысыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.
Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
- Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
- Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
- ;
- Мемлекеттік статистикалық органдарына.
Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық-экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістіктері туралы .
І. Қаржылық есепті ұйымдастыру
1. 1 Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операцияларының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:
- банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;
- кәсіпорының құру туралы (жайлы) шешімдердің көшірмесі;
- кәсіпорының басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының қолтанбаларының қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және басқа құжаттар;
Кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға төлейтін төлемі әдетте қолма қол ақшасыз есеп айырысу шотынан төленеді.
Қандай да болмасын заңды ұйымның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға қарызы, олардан сатылып алынған тауарлардың, материалдық құндылықтардың, тағы да басқалардың құны және олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Есепайырысу шотынан қаржы кейбір жағдайларда шот иесінің келісімінсіз арбитраждың бұйрығы, соттың үкім қағазы, салық комитеті немесе қаржы полициясының бұйрығы тағы да басқа заңда қаралған жағдайлар негізінде аударылуы мүмкін. Есеп айырысу шотындағы ақшадан, нақты ақшамен қаржы алу үшін шот иесіне қызмет көрсететін банк мекемесі чек кітапшасын береді. Ұйымдардың өкілі, әдетте кассир есеп айырысу шотынан кәсіпорын кассасына нақты ақшаны осы чек кітапшасының тиісті түрде толтырылған чегі бойынша ала алады. Есеп айырысу шотына кәсіпорынның сатқан өнімі мен тауарларының, материалдық құндылықтары мен басқа да активтерінің және басқа занды немесе жеке тұлғаларға көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы, банктер мен басқа да банктен тыс мекемелерден алған несие, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардан алған қарыздарының сомалары кірістеледі. Ал бұл шоттан кәсіпорынның басқа заңда немесе жеке тұлғалардан сатып алған мүліктері мен заттарының құны, бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлем сомасы төленеді. Сонымен қоса бұл шоттан кәсіпорынның кассасына жқмысшылар мен қызметкерлердің енбекақысын толеу үшін және басқадай мақсаттар үшін нақты ақша алынады. Банк мекемесі есеп айырысу шотындағы ақшалардың көлемінде шот иесінің, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қабылдау, төлеу және аудару жайлы тапсырмаларын орындайды. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар бірыңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүргізіледі. Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талабы-тапсырмасы, инкассалық өкім, салық және кеден органдарының инкассалық өкімі және тағы да басқа құжаттар саналады. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамдардың (кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің) қолдары болуы керек. Онсыз құжат орындалуға қабылданбайды. Банк мекемесі өзі қызмет көрсететін кәсіпорындар және ұйымдармен, яғни есеп айырысу шотының иесімен келісімге келе отырып, белгіленген мерзімде оларға шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы көшірмемен бірге есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың негізі болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге беріледі. Көшірмеде кәсіпорындар мен ұйымдардың шотындағы қаржының айдын басындағы және айдың соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен, яғни кірістелген және одан шығыс етілген, яғни жұмсалған қаржылар сомасы көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтериясында банк мекемесі берген шоттың көшірмесінде жазылған сомалардың сәйкестігі тексеріледі. Ұйымдардың есеп айырысу шотындағы ақшаларының жұмсалу нөмірі 2-ші (екінші) журнал-ордерде, ал шотқа кіріс етілген ақшалардың сомасы осы журналдың тізімдемесінде есептеледі.
1. 2 Қаржылық есеп берудің маңызы
Қаржылық есеп беру - бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылы 12 қарашадағы №2 қаулысын сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық жағдайларының өзгеріуіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі- есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиындық деректер, кәсіпорының шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі. [12]
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және обьективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы- ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын қз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорынның мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел пассивтерге, қысқа мерзімдегі пассивтерге, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды. [1]
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ. Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жүзеге асырады. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар боцынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субьектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, тапсыруға міндетті. Шаруашылық субьектілерінің бастамасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазбалармен толықтырылуы мүмкін. Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қантар мен 31 желтоқсан аралығындағы мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып, олар заңды тұлға құқығын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда дейінгі кезең, ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.
Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы; есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалылығы.
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынның (мекеменің) басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылады және пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын қанағаттандырады. Кейбір пайдаланушылардың өкілеттігі болса, қаржылық есеп беруде көрсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады.
Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазбалар, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады.
1. 3 Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі
Шаруашылық субьектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа шаруашылық субьектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субьектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті. Яғни, Қаазақстан Республикасының 28-ші ақпан 2007 жылғы №235-111 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» ҚР заңына сәйкес ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті келесі жылдыңі келесі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмен өткізулері тиіс. Бюджеттік мекемелер айлық, тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.
Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, сондай-ақ министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады. Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып алушылар, жеткізушілер, инвесторлар, биржалар, банктер және басқалар үшін баспасөзде ашық жарияланады. Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дүрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс. [21]
Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші обьектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы бойыннша жүргізіледі. «Материалдық емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес обьектілерге кәсіпорынның құрылтайшылары (меншік иелері) жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі, сондай-ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойынша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Материалдық есеп активтер тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.
Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.
Баланстың «Материалдық емес активтер» деген бабын қалдық құнымен толтыру үшін 2700 «Материалды емес активтер» 2710 «Гудвилл» 2730 «Басқалар» және 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» деген жинақтамалы шоттардың ақпараттын қолдану қажет.
«Негізгі құралдар» бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе қордағы (запастағы) негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетіледі. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорынның меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны, тозуы және қалдық құны жеке жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіру құнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағаланғаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады) . Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі. Сонымен, баланстың « Негізгі құралдар» деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: 2411- «Жер», 2412- «Үйлер мен ғимараттар», 2413-«Машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылары», 2414- «Көлік құралдары», 2930- «Аяқталмаған құрылыс», 2421- «Үйлер мен ғимараттардың тозуы», 2423- «Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы», 2425- «Көлік құралдарының тозуы», 2425-«Көлік құралдарының тозуы».
«Ұзақ мерзімді инвестициялар» бөлімі бойынша баланста кәсіпорынның ұзақ мерзімді инвестициялары, басқа кәсіпорындардың активтеріне (бағалы қағаздар-акциялар, облигациялар) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар, сондай ақ кәсіпорыннның басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады. Баланстың «Үзақ мерзімді инвестициялар» деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпаратты қолданылады: 1100-«Қысқа мерзімді қаржы инвестициялар», 2000- «Ұзақ мерзімді инвестициялар», 2210 - «Бірлесіп бақыланатын заңды тқлғаларға инвестициялар».
«Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» бөлімінде есеп беретін адамдардағы берешектер көрсетіледі.
Бұл бапты толтыру үшін 1210- «Алуға арналған шоттар», 1130 - «Алынған вексельдер», 1220 - «Еншілес серіктестіктердің берешегі», 1230 - «Тәуелді серіктестіктердің берешегі», 1240 - «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» деген жинақтамалы шоттардың 1280- «Өзге де дебиторлық берешек» бөлімшесі шоттарының деректері пайдаланылады.
Есеп берудің «Тауарлы- материалдық қорлар (ТМҚ) » бабын толдырған кезде ІІ бөлімдегі 1310 - «Материалдық», 1340 - «Аяқталмаған өндіріс», 1330 - «Тауарлар» деген шоттардың ақпараттары пайдаланылады.
«Алдағы кезендердің шығыстары» бабын толтыру үшін 1620 - «Алдағы кезендердің шығыстары» деген бөлімшенің ақпараты пайдаланылады.
Баланстың пассивіндегі «Бөлінбеген кіріс» бабы бойынша бөлінбеген пайданың қалдығы көрсетіледі. Бұл бап бойынша көрсеткіштер: 5400 - «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян) », 562 - «Алдыңғы жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны) », 5410 - «Есепті кезең кірісі (зияны) » жинақтамалы шоттарының деректері негізінде толтырылады.
1. 4 Қаржылық есептің құрамы мен элементтері
ҚР президентінің 1998 жылғы 26 желтоқсандағы заң күші бар № 2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес:
1. Бухгалтерлік баланстан;
2. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен;
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен тұрады;
Сондай-ақ осыларға тіркелген түсініктеме хаттардан және басқа да қосымша ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге негізделген немесе солардан алынған және солармен бірге оқылатын диаграммалардан тұратын қаржылық есепті меншік формасы мен қызмет түріне тәуелсіз заңды тұлғалар құрастырады.
Бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп пен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мазмұны мен форматы бухгалтерлік есептің тиісті стандарттары арқылы тәртіпке келтіріледі және бір есепті кезеңнен келесісіне қолданылады. [3]
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы болып табылады. Ол кәсіпорынның есепті жылдық басы мен соңындағы қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс Бас кітапта немесе машинограммаларда («Бас кітап») көрсетілген есепшоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады.
Баланс «Актив», яғни «Субъектінің құндық бағасы бар мүлкі, мүліктік және жеке мүлктік игіліктері мен құқық» және пассив, яғни жеке меншік капитал мен міндеттемелер болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірлген.
Бұған қоса баланстан сыртқары есеп шоттарға есепке алынатын игілектердің бар екені туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің үш элементін көрсетеді: активті; жеке меншік капитал және міндеттемелер; қалған екі элемен-табыс пен шығын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте көрініс табады.
Осынау есеп қорытындыланған есеп шотты, табыстар мен шығындарды ашып көрсететін басты форма болып табылады. Есепті жасауға қажетті бүкіл деректер регистрлерден және бухгалтерлік есеп есепшоттарынан тікелей алынған.
Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері үш қаржылық есептің жаңа формасы №3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» формасы болып табылады. Ол есепті кезең ішінде заңды тұлғаға келіп түсетін және шығатын ақша қаражаттарының операциялық, инвентициялық және қаржылық қызметтер шегіндегі негізгі (каналдарын) арналарын көрсетеді.
Қаржылық есепте сондай-ақ түсініктеме хат, қосымша таблицалар мен басқа да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны оның қызметін ұйымдастыру мен сипатының ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде қажет. Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі сол қаржылық есепті тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.
Қаржылық есептің алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін ол осы есептің негізінде алынған, бухгалтерлік есеп стандарттарының халықаралық негізі ретінде қабылданған БҰҰ-ның тұғырнамалық ережелерінде көрсетілген белгілер бір принциптері мен талаптарына сәйкес келуі керек.
Қазақстан Республикасында енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz