Микрокредит бағдарламасын құру



МАЗМҰНЫ

бет
КІРІСПЕ 1.4
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ 5.21
Бағдарламалық қамтамасыздандыру сипаттамасы
Бағдарламалау тілінің сипаттамасы
Мәліметтер типтері
Тармақталушы және циклдік үрдістерді бағдарламалау
Ақпараттарды енгізу және шығару
Объектілі . бағытты бағдарламалау негіздері
Delphi бағдарламасының құрылымы
Деректер қоры. Деректер қоры кестесін, алиас құру
Деректермен жұмыс жасауға арналған визуалды
компоненттер
Деректер қорын новигациялау
2 АРНАЙЫ БӨЛІМ 22.28
Есептің қойылымы
Енгізілетін және шығарылатын құжаттар сипаттамалары
Бағдарлама кешені сипаттамасы
Кешен жұмысының сызбасы
Кешен идентификаторлары кестесі
Проблемалық бағдарлама сипаттамасы
Проблемалық бағдарлама сипаттамасы
Проблемалық бағдарлама схемасы
Проблемалық бағдарламаның идентификаторлар кестесі
3 ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 29.37
Операторға бағдарламамен жұмыс істейтін хабарламалар
Бағдарламаның орындалуына қажетті техникалық құралдар кешені
Бағдарлама қызметі
Бағдарламаның орындалуына қажетті уақыт
Операторға берілетін хабарламалар
Программа орындалуы
Енгізілетін құжаттардың пішімдері
Шығарылатын құжаттар пішімдері
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 39
ҚОСЫМШАЛАР 40.51
Қосымша А Енгізілетін және шығарылатын құжаттар
пішімдері
Қосымша Б Кешен жұмысының сызбасы
Қосымша В Проблемалық бағдарлама жұмысының сызбасы
Бағдарлама листингісі 52.67
КІРІСПЕ

Есептеу техникасы даму процесі нәтижесінде олар адам қызметінің барлық аймағында қолдануының сапалық және кезеңіне келіп жетті. Бұл кезең «Жаңа ақпараттық технология» түсінігімен сипатталады және ол есептеуіш техника құралдарын ақпаратты сақтау мен өңдеуге қолдану қажеттігін көрсетеді.
Есептеуіш техниканың даму тарихын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
қолмен санау – адамзат өркениеті басынан;
механикалық – ХVII ғасырдың ортасынан;
электромеханикалық – ХІХ ғасырдың соңына қарай;
электрондық – ХХ ғасырдың ортасынан бастап.
Ертедегі адамдар санау үшін аяқтың, қолдың саусақтарын, тастарды, таяқшаларды, түйіндерді және т.с.с түрлі санау құралдарын қолданған. Санауға арналған ең алғашқы құрылғы деп ойықтарда сүйектер немесе тастар орын ауыстыра алатын арнайы тақтайшаны есептеуге болады. Оны ежелгі Грецияда «абак», ал Жапонияда «серобаян», Қытайда «суанпан», ежелгі Ресейде «орыс шоты» деп атады. ХVІІ ғасырдың бас кезінде бұл құралдар жетілдіріп, жаңа заманғы есепшоттармен алмастырады. Логарифмдік сызғыштар мен Непер таяқшалары да сол кезеңге сәйкес келеді. Осы құрылғыларды пайдаланып, есептеу жұмыстарының бәрін адам қолымен істеді (қолмен санау кезеңі).
Ақырында барлық есептеу жұмыстары механикалық тәсілмен орындалатын, есептеуіш машиналар ойлап табылды.
1642 жылы француз физигі және математигі Блез Паскаль, арифметикалық қосу азайту амалдарын орындайтын алғашқы есептеу машинасын құрастырды. Паскальдің осы машинасы механикалық кезеңінің бастамасы болды.
1673 жылы неміс математигі Готфрид Лейбниц арифметикалық төрт амалды орындай алатын арифмометр құрастырды. ХІХ ғасырдың басынан бастап, арифмометрлер кең көлемде қолданыла бастады. Оларда күрделі есептеулер орындалды, мысалы артиллериялық атаудың баллистикалық кестені есептеу. Тіпті, арифмометрмен жұмыс істейтін есепші деп аталатын арнайы мамандық болған. Ол белгілі нұсқаулар тізбегін дәл орнатып отырған (кейіннен бұл нұсқаулар тізбегі программа деп аталатын болды). Механикалық машиналарды жетілдіру кезеңінде ағылшын математигі Чарльз Бэббидждің еңбегі ерекше орын алады. Ол адамның көмегінсіз жұмыс істейтін аналитикалық есептеу машинасын жасаудың теориясын әзірледі.
Ондай машиналар арнайы перфокартаның көмегімен енгізілгетін программалрды орынай алу керек болды (перфокарта- арнайы тесік саңылауларына ақпарат түсірілген тығыз қағаздан жасалған). Бұл машиналарға арналған алғашқы программаны ағылшын ақыны Лорд Байронның қызы математик леди Ада Лавлейс құрастырды. Бэббидждің
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Архангельский А.Я., Программирование в Delphi, Москва, БИНОМ, 2006
2. Шупрута В.В., Delphi на примерах, СПб.:БХВ-Петербург, 2007
3. Фленов М.Е., Библия Delphi, СПб.:БХВ-Петербург, 2008
4. Культин Н.Б., Основы программирования в Delphi, СПб.:БХВ-Петербург, 2006
5. Грабер М., Справочное руководство по SQL, Москва, 2004
6. Дейта К., Введение в системные базы данных, Москва, 2004
7. Кузнецов С. Д., Основы современных баз данных», К., 2000
8. Шпеник М., Следж О. и др. Руководство администратора баз данных Microsoft SQL Server 2000, Москва, 2002
9. «Железо», WINDOWS XP журналы

МАЗМҰНЫ

бет
КІРІСПЕ 1-4
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ 5-21
Бағдарламалық қамтамасыздандыру сипаттамасы
Бағдарламалау тілінің сипаттамасы
Мәліметтер типтері
Тармақталушы және циклдік үрдістерді бағдарламалау
Ақпараттарды енгізу және шығару
Объектілі - бағытты бағдарламалау негіздері
Delphi бағдарламасының құрылымы
Деректер қоры. Деректер қоры кестесін, алиас құру
Деректермен жұмыс жасауға арналған визуалды
компоненттер
Деректер қорын новигациялау
2 АРНАЙЫ БӨЛІМ 22-28
Есептің қойылымы
Енгізілетін және шығарылатын құжаттар сипаттамалары
Бағдарлама кешені сипаттамасы
Кешен жұмысының сызбасы
Кешен идентификаторлары кестесі
Проблемалық бағдарлама сипаттамасы
Проблемалық бағдарлама сипаттамасы
Проблемалық бағдарлама схемасы
Проблемалық бағдарламаның идентификаторлар кестесі
3 ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 29-37
Операторға бағдарламамен жұмыс істейтін хабарламалар
Бағдарламаның орындалуына қажетті техникалық құралдар кешені
Бағдарлама қызметі
Бағдарламаның орындалуына қажетті уақыт
Операторға берілетін хабарламалар
Программа орындалуы
Енгізілетін құжаттардың пішімдері
Шығарылатын құжаттар пішімдері
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 39
ҚОСЫМШАЛАР 40-51
Қосымша А Енгізілетін және шығарылатын құжаттар
пішімдері
Қосымша Б Кешен жұмысының сызбасы
Қосымша В Проблемалық бағдарлама жұмысының сызбасы
Бағдарлама листингісі 52-67

КІРІСПЕ

Есептеу техникасы даму процесі нәтижесінде олар адам қызметінің барлық
аймағында қолдануының сапалық және кезеңіне келіп жетті. Бұл кезең Жаңа
ақпараттық технология түсінігімен сипатталады және ол есептеуіш техника
құралдарын ақпаратты сақтау мен өңдеуге қолдану қажеттігін көрсетеді.
Есептеуіш техниканың даму тарихын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
қолмен санау – адамзат өркениеті басынан;
механикалық – ХVII ғасырдың ортасынан;
электромеханикалық – ХІХ ғасырдың соңына қарай;
электрондық – ХХ ғасырдың ортасынан бастап.
Ертедегі адамдар санау үшін аяқтың, қолдың саусақтарын, тастарды,
таяқшаларды, түйіндерді және т.с.с түрлі санау құралдарын қолданған.
Санауға арналған ең алғашқы құрылғы деп ойықтарда сүйектер немесе тастар
орын ауыстыра алатын арнайы тақтайшаны есептеуге болады. Оны ежелгі
Грецияда абак, ал Жапонияда серобаян, Қытайда суанпан, ежелгі
Ресейде орыс шоты деп атады. ХVІІ ғасырдың бас кезінде бұл құралдар
жетілдіріп, жаңа заманғы есепшоттармен алмастырады. Логарифмдік сызғыштар
мен Непер таяқшалары да сол кезеңге сәйкес келеді. Осы құрылғыларды
пайдаланып, есептеу жұмыстарының бәрін адам қолымен істеді (қолмен санау
кезеңі).
Ақырында барлық есептеу жұмыстары механикалық тәсілмен орындалатын,
есептеуіш машиналар ойлап табылды.
1642 жылы француз физигі және математигі Блез Паскаль, арифметикалық
қосу азайту амалдарын орындайтын алғашқы есептеу машинасын құрастырды.
Паскальдің осы машинасы механикалық кезеңінің бастамасы болды.
1673 жылы неміс математигі Готфрид Лейбниц арифметикалық төрт амалды
орындай алатын арифмометр құрастырды. ХІХ ғасырдың басынан бастап,
арифмометрлер кең көлемде қолданыла бастады. Оларда күрделі есептеулер
орындалды, мысалы артиллериялық атаудың баллистикалық кестені есептеу.
Тіпті, арифмометрмен жұмыс істейтін есепші деп аталатын арнайы мамандық
болған. Ол белгілі нұсқаулар тізбегін дәл орнатып отырған (кейіннен бұл
нұсқаулар тізбегі программа деп аталатын болды). Механикалық машиналарды
жетілдіру кезеңінде ағылшын математигі Чарльз Бэббидждің еңбегі ерекше орын
алады. Ол адамның көмегінсіз жұмыс істейтін аналитикалық есептеу машинасын
жасаудың теориясын әзірледі.
Ондай машиналар арнайы перфокартаның көмегімен енгізілгетін
программалрды орынай алу керек болды (перфокарта- арнайы тесік
саңылауларына ақпарат түсірілген тығыз қағаздан жасалған). Бұл машиналарға
арналған алғашқы программаны ағылшын ақыны Лорд Байронның қызы математик
леди Ада Лавлейс құрастырды. Бэббидждің машинасын қазіргі заманғы
компьютерлердің арғы тегі деп есептеуге болады. Ол мынандай негізгі төрт
блоктан құралуы тиіс еді:
- сандарды сақтау құрылғысы – қойма;
- қоймадағы сандарды өңдеу құрылғысы - диірмен;
- есептеулер тізбегін басқару құрылғысы;
- алғашқы деректерді енгізу және нәтижелерді баспаға шығару блогы.
Өкінішке орай бұл жоба жүзеге асырылмады – машина сол уақыттағы
техника үшін аса күрделі болып шықты. Ол кезде мұндай машиналарды жасауға
керекті ғылым мен технологиялық қордың жоқтығынан ол теория сол күйінде
қалып қойды. Алайда Бэббидждің идеясын онан кейінгі есептеуіш құрылғы ойлап
тапқыштар кеңінен пайдаланды. Мысал, 1888 жылғы АҚШ-та өткен халық санағы
кезінде есептеулерді автоматтандыру үшін Генрих Холлерит перфокарталарға
енгізілген ақпаратты электр тоғымен оқып шығатын табулятор деп аталатын
құрылғы жасады. Осылайша 60 жылға жуық созылған электромеханикалық кезең
басталды. Электромеханикалық кезеңнің шыңы деп американдық ғалым Говард
Эйкен құрастырған Марк – 1 машинасын есептеуге болады.
Ғылым мен техниканың электроника саласындағы әрі қарай дамуы,
есептеуіш машиналар жасау идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Алғашқы
электрондық есептеуіш машиналар 1945 жылы артиллериялық кестелерді есептеу
үшін жасалды. Ол ЭНИАК (ENIAC- Electronik Numerical Integration and
Computer) деп аталады. 1945 жылы фон Нейман компьютер құрылымы мен оның
жұмыс істеу принциптерін жасады. Осы кезден бастап қазіргі заманғы
есептеуіш техника кезеңі – электрондық кезең басталды. Осы күнге дейін ЭЕМ-
нің бірнеше буыны ауысып үлгерді. Есептеуіш техниканың даму буындары.
Бастапқы буын – 1940 жылға дейін. Есептеуіш элемент – механикалық.
Қарапайым арифметикалық опциялар орындайтын арифмометрлер, механткалық
санау машиналары жасалынған.
Бірінші буын – 1940-1950 жылдар. Есептеуіш элемент – электрондық
шамдар. Бірінші буын ЭЕМ-дері арнайы машиналық залдарда орналасқан,
электрондық – вакумдық шамдармен толтырылған, көлемі жағынан үлкен шкафтар
болады. Үлкен ЭЕМ-дер. Бір секундта олар 10-20 мың операциялар орындай
алатын еді. Қызудың салдарынан олар жиі істен шығатын.
Екінші буын – 1950-1960 жылдар. Есептеуіш элемент – транзисторлар. Бұл
буын ЭЕМ-дерінде электрондық шамдар қызып кетпейтін жартылай өткізгішті
транзисторлармен алмастырылды. Жұмыс өнімділігі секундына 1 млн. операцияға
дейін өсті. 1958 жылы Джон Килби транзисторларды бір интегралдық схемаға
біріктіру идеясын ұсынды. Мұндай схемалар бірнеше ондаған, тіпті мыңдаған
транзисторларды біріктіре алатын болды. Мини ЭЕМ-дер.
Үшінші буын – 1964-1971 жылдар. Есептеуіш элемент – жоғары интегралдық
схемалар. Интегралдық схемаларды пайдалану үшінші буын ЭЕМ-дері жасалуына
мүмкіндік туғызды. Машинаның сырт өлшемдері кішірейтіліп, жады көлемі өсіп,
ақпаратты өңдеу жылдамдығы секундына бірнеше миллионға дейін артты.
Дисплейлер қолданыла бастады, бір қолданушы жұмыс істеуіне арналған микро-
ЭЕМ-дер шығарыла бастады, алғашқы операциялық жүйелер шығарылды.
Төртінші буын – 1971 жылдан бастап. Есептеуіш элемент –
микропроцессорлар. Интегралдық схемаларды жасау технологиясының жетілуі,
бірнеше жүздеген мың элементтерді (транзисторларды) біріктіретін, үлкен
интегралдық схемаларды жасалуына себепші болды. Сол кезеңнен бастап
төртінші буын ЭЕМ-дердің жасалуына мүмкіндік ашылды. Олардың жұмыс істеу
жылдамдығы секундына жүз миллион операция орындай алатындай дәрежеге жетті.
Бұл кезең ерекшелігі дербес пайдаланатын компьютердің жасалуында боллды
және осы уақытта дайын қолданбалы программалар, графикалық интерфейс,
мультимедия технологиясының қолданылуы жүзеге аса бастады. Басты
копьютерлік желілермен қатынас іске асырылады. Қазіргі кезеңде қолданылып
жүрген төртінші буын копьютерлері өте қарқынды турде жетілдіріп келеді,
1970 жылдардағы ЭЕМ-дерден айырмашылығы өте үлкен.
Қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің жаңа рольдері
Он бес жылда компьютер есептеп шығару орталықтарының экзотикалық
жабдығынан миллоиндаған адамдардың күнделікті жұмыс құралына айналды.
Әлемде копьютерлер және ақпараттық желілер жаппай қолданылуда. Қазіргі
уақытта копьютерлер мен Интернет қоғамының байланыс жолдарынан немесе
электр жүйесінен бірде кем емес маңызды инфроақұрылымды құрап отыр. Бүгінде
коммуникациялар мен Интернет индустрияның, сауданың, транспорттың, білім
берудің, ғылымның кез-келген саласында нәтижелі жұмыс істеу үшін қажет.
Сондықтан жоғары технологияларды қолданатын елдердің бүкіл экономикасының
дамуының іргетасын қалайды.
Көпшілікке арналған алғашқы дербес копьютерді американдық Аррle
компаниясы шығарған. Қазір барлық жерде қолданып жүрген Rank  Xerox
компаниясының жаңалығы графикалық көптерезелі интерфейсті алғашқы рет іске
асырғандығында болып отыр.
Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) немесе шетел терминологиясында
жұмыс станциясы (work-station), өзін кез-келген мамандықтың иесі
қолданушының-маманның, оның қандай да бір анықталған қимылдарды орындауын
автоматтандыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған, орны ретінде ұсынады.
Мұндай құрал әрқашан ДК болып табылады, және ол қажеттілікке байланысты
басқа электрондық құралдармен қосымша толықтырылыды, дәлірек айтқанда:
дискілік жинақтауыштармен, баспаға шығаратын құралдармен, оптикалық оқитын
немесе штрих кодтарды оқитын құралдармен, графика құралдарымен, басқа АЖО-
мен және есептеуіш локальды желілермен және т.б. қосылатын құралдармен.
Әлемде архитектурасы IBM PC болатын мамандандырылған ДК ең көп
таралған. АЖО негізінен есептеуіш техниканы қолдану бойынша арнайы дайындық
өтпеген қолданушыларға бағытталған.
Қазіргі кезде ақпарат қоғам өмірінде маңызды орын алып, адам мен қоғам
қызметінің түрлі салалары оның сапасы мен қолданылуына тәуелділікте дамуда.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси,
тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Құжаттар фактілерді,
оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де
атқарады.
Банктің қызметінің негізгі маңызы болып табылатын қаржы несиелік
саясат клиенттердің мүддесін максималды есептеу, жоғары сапада қызмет ету
және жүргізілген операциялардың жоғары табыстарын қамтамасыз ету.
Несиелік жұмыстың жиналған тәжірибесін пайдалана отырып, банк сенімді
заемшылырдың базасын кеңейтті, несиелік өнім спектрін кеңейтті және
несиелеудің көлемін көбейтті.
Банктің құрылымында берілетін несиелер қысқа мерзімдік ссудалардың көп
болуы операциялардың ең үлкен табысымен аз қауіп-қатерді қамтамасыз етеді.
Қысқа мерзімдік несиені берумен қатар, банк орта мерзімдік және ұзақ
мерзімдік несие негізінде жобаларды қаржыландырады.
Несиелеу банк қызметінің ең маңызды бағыты болып табылады, ол оның
жоғары табысымен қамтамасыз етіледі. Несиелік саясат несиелік
операциялардан көп пайда алуға ғана бағытталған емес, несиелік
тәуекелділіктің максималды төмендеуіне де. Несиелік саясаттың өлшемдігі
және консервативтігі, жұмысшылардың кәсіби жұмысы, шешім қабылдау
механизмін жетілдіру және шешім қабылдау механизмінің процедурасы және
мониторинг тәуекелділік процедурасы арқылы жүргізілген несиелік
операциялардың тиімділігі өседі.

1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1. Бағдарламамен қамтамасыздандыру сипаттамасы

Операциялық жүйе компьютердiң барлық құрылғыларының жұмысын және
бағдарламалық жасақтың жұмысын басқару үшiн қажет. Ол компьютер мен
адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етедi, демек, Операциялык жүйе -
бұл компьютердi iске қосқан кезде жүктелетiн және оның барлық
құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.
Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат жасай алады, орындалатын басқа
бағдарламаларды iске қосады, компьютердiң ресурстарын бiледi.
Операциялық жүйе адам мен компьютердiң электрондық құрауыштарды
және қолданбалы бағдарламалар арасында үйлестіруші қызметін атқарады. Ол
адамның бағдарламаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға
беруге және олардан алуға, бағдарлама жұмысын басқаруға, компьютердің және
оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта
бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында,
оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Қазіргі операциялық жүйелер - жылдар бойы жүздеген, мыңдаған
жасақтар құратын күрделі бағдарламалық кешендер.
1981 жылы IBMPC компьютерлері үшін MS-DOS 1.0 операциялық жүйесі
дискі құрылғыларының жұмысын басқарды (ақпаратты тасымалдау сыйымдылығы
180 Кбайт), негізінен онда диаметрі 5,25 дюйм болатын иілгіш магниттік
дискілер пайдаланылды.
1982 жылы MS-DOS 1.1 операциялық жүйесінде екіжақты иілгіш
магниттік дискілер пайдаланылады (ақпаратты тасымалдау сыйымдылығы 360
Кбайт).
1983 жылы IBMPCXT компьютерлері үшін MS DOS 2,0 операциялық
жүйесі пайда болады. Олар өлшемі 10 Мбайтқа дейінгі қатты дискілер жұмысын
басқарады. Онда алғаш рет файлдық құрылыммен (каталогпен) жұмыс жасау
процесі енгізіледі.
1984 жылы MS DOS 3.0 операциялық жүйесі шықты. Онда өлшемі 20
Мбайтқа дейінгі қатты дискілер мен диаметрі 5,25 дюймге тең иілгіш
дискілер жұмысы басқарылды.
1986 жылы MS DOS 3.2 операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі
3,5 дюймға тең иілгіш дискілер (сыйымдылығы 720 Кбайт) жұмысы басқарылды.
1987 жылы MS DOS 3.3. операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3,5
дюймға тең иілгіш дискілер (сыйымдылығы 1,44 м байт) жұмысы басқарылды.
1988 жылы MS DOS 4.0 операциялық жүйесі пайда болды. Онда өлшемі
32 мбайттан жоғары қатты дискілер жұмысы басқарылды.
1989 жылы MS DOS 4.01 операциялық жүйесі орыс тілінде жасалынып
шықты.
1991 жылы MS DOS 5.0 операциялық жүйесі пайда болды. Онда өлшемі
1Мбайтқа тең жедел жады пайдалануға мүмкіндік туды.
1993 жылы MS DOS 6.0 операциялық жүйесі пайда болып, ол CD-ROM
дискі құрылғысының жұмысын басқаруға негізделді.
1995 жылы Microsoft Windows-95 алғашқы графикалық операциялық
жүйесі пайда болды.
1998 жылы Бүкіл әлемдік Интернет желісінің жұмысын басқаратын
Microsoft Windows 98 операциялық жүйесі пайда болды.
2000 жылы Microsoft Windows 2000 және Windows Millennium (үлкен
желілер үшін) операциялық жүйесі пайда болды.
2001 жылдың қазан айының 25 күні Windows XP операциялық жүйесі
пайда болды. Онын екі түрі бар: Windows XP HomeEDITION және Windows XP
Professional.
XP жүйесінің екі нұсқадан тұрады: Windows XP HomeEDITION Windows XP
Professional.
Бұл операциялық жүйенің принциптері:
1. Сәйкестілігі (Compatibility). Windows-тың қарапайым
операциялық жүйесі, NTFS5, NTFS4, FAT166 FAT 32 жүйелік
файлдарын қамтамасыз ететін кейбір қосындылары бар. MSDOS,
W9x, NT4 жазылған көптеген қосындыларды, сонымен қатар
кейбір OS2 және POSIX программаларын еш қиындықсыз ашады.
2. Сенімділігі (Reliability) Операциялық жүйенің архитектурасы
қосымшаларды әр түрлі зақымдаулардан сақтайды.
3. Жергіліктілігі (Localization). Операциялық жүйе басқа
мемлекеттерде әр түрлі тілде жұмыс істеу мүмкіндігін
береді.
WINDOWS ХР жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS ортасының негізгі
ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйeci, файлдық жүйесі, енгізу-шығару
кұрылғыларымен жұмыс істейтін дpaйвepлepi, т.б. жүйeлepi бар. Ол жұмыс
кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
– файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
– колданбалы бағдарламаларды icкe қосу.
Бұған қоса WINDOWS жүйесі:
– бip уақытта бірнеше бағдарламалардың жұмыс істеуін;
– әpтүpлi бағдарламалар арасында мәлiмeттep алмасуын;
масштабталатын қаріптepдi қолдауды;
мультимедиа мүмкiндiктepiн пайдалануды;
– бірыңғай анықтамалар жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады.
Windows жүйесі компьютер құрылғыларын толық пайдаланып, оларды
толық басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows уақытша пайдаланылатын
файлдарды жасап алады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса, ол файлдар өз-өзінен
жойылады. Егер жұмыс дұрыс аяқталмаса, ол файлдар дискіге сақталып қалып,
бipaқ орын алып тұрады.
Сондықтан Windows жүйeciндe тұрып, жұмысты аяқтау үшiн мынадай
әрекеттер орындалуы тиic:
Тышқан курсорын Іске қосу (Пуск немесе Start) батырмасына алып барып, оны
бip рет шерту керек те, меню командаларының iшінен Windows-пен жұмысты
аяқтау (Завершение работы с Windows) командасын таңдау қажет. Мұнан кейін
"Windows-пен жұмысты аяқтау атты сұхбат тepeзeci экранға шығады. Бұл
тepeзeнi Alt+F4 пepнeлepi арқылы да шығаруға болады. Alt+F4 nepнелepi кез
келген терезені жабу iciн атқарады.
Экранға Windows-пен жұмысты аяқтау сұхбат терезесі шыққан
соң, Windows 9x ортасында бірнеше ауыстырғыштардың бipiн таңдау қажет. Ал
Windows NT жүйесінде мүмкін болатын әрекеттер тiзiмінeн
бip жолды таңдаймыз да, Иә (Да) батырмасын шертеміз. Windows ХР
ортасында сілтемені таңдап алынған басқару батырмасына жeткiзiп шерту
керек. Соңғы екі мүмкіндіктерде ауыстыру тобындағы бip әpeкеттi таңдау
үшiн – тышқан курсорын сол әрекетке сәйкес дөңгелекке не мәтінге алып
барып, тышқанды бip рет шертсе болғаны.
Windows жұмысын аяқтау процесі басталып, соңында компьютер өшipiлeдi
немесе оны өшіру керек eкeндiгi жайлы мәлiмeт шығады. Windows-тің
анықтамалар жүйесі
Әрбір буманың немесе қосымшаның ашылған терезесінде тақырыптық
жол бар, онда бума мен қосымшаның аты және меню жолы орналасқан. Меню жолы
әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ іс жүзінде барлық қосымшалар мен бумаларда
меню жолында Файл, Түзету (Правка), Түр (Вид) , Анықтама (Справка)
бөлімдері орналасқан.
Файл менюі негізінен қосымша терезелерінде бұрыннан бар
файлды ашу, жаңа файлды құру, құрылған файлдарды сақтау үшін
пайдалынады.Түзету менюі мәтін үзінділерімен, суреттермен ерекшелеу

(выделить), қиып алу (вырезать), көшіру (скопировать), кірістіру
(вставить), табу (найти), ауыстыру (заменить) сияқты әрекеттерді орындау
үшін пайдаланады.
Түр (Вид) менюі негізінен бумалар терезелерінде пайдаланылады.
Ол терезеде ақпарат орналасу тәсілдерін анықтайтын менюді ашады.
Анықтама (Справка) менюі бумалар және қосымшалармен жұмыс
істеу барысында сендерде туатын көптеген сұрақтарға жауап беретін анықтама
жүйесін ашады.
Меню жолынан төмен, әдетте, менюдің кейбір командаларының
батырмалары орналасқан Саймандар тақтасы (панель инструментов) болады.
Терезенің оң жақ жоғарғы бұрышында үш тамаша батырма орналасқан:
Олардың сол жақ шеткісі терезені Тапсырмалар тақтасына батырма
түріне жиыру үшін, ортаңғы батырма терезені экранның көлеміне дейін
үлкейтуге арналған. Бұл уақытта батырмасы мына түрді қабылдайды. Егер оған
шертсек, терезе бұрынғы көлеміне келеді.
Windows оперциялық жүйесінің ерекшелігі – құрамында стандартты
деп аталатын программалардың болуында. Олар: Калькулятор, Блокнот, Paint
графикалық редакторы, Развлечения (Көңіл-күй көтеру) және т.б
программалар. Олар, әдетте, Басты менюден жіберіледі:
Пуск→Программа→Стандартные→Калькуля тор.
Бағдарламалық жабдықтар интepфeйciндeгi нeгiзгi элемент оның
анықтамалар жүйесі болып саналады, онда әpбip адамға қажетті ақпарат толық
түрде болуы тиіс. Бiз Windows ортасының бip артықшылығы peтiндe оның
анықтамалар жүйесінің барлық қолданбалы программалар үшiн бірдей eтiп
құрастырылғанын айтқанбыз. Сондықтан бip программаның анықтамалар
жүйeciмeн таныссаңыз, қалғандарының құрылымы да сондай болғандықтан,
керекті ақпаратты қиналмай іздеп табуға болады.
Windows ортасында кез келген анықтаманы былайша шақыруға болады:
Іске қосу (Пуск) батырмасын шерту керек;
менюдегі Анықтама (Справка) командасын таңдау қажет.
Іс жүзiндe кез келген Windows ортасының қосымша программаларының
меню жолындағы соңгы бөлімде Анықтама cөзi тұрады. Осы Анықтама командасы
программаның толық сипаттамасын бepiп, кepeктiciн таңдап баспаға да
шығарып бере алады.
Осыған қоса, Windows жүйесінің өзінде және оның қосымшаларының
бірқатарында анықтаманы сұхбат терезесі арқылы да алу мүмкіндігі бар. Кез
келген сұхбат терезесінде Көмек батырмасы бар. Оны таңдап алсақ, экранға
анықтамалар жүйе шығып, Анықтама терезесіне сол сұхбаттасу мүмкіндігінің
жұмысын баяндайтын ақпарат шығарылады.
Анықтама алуды ұйымдастыру. Windows ортасының және оның
қосымшаларының анықтамалығы-гипермәтіндік анықтамалар жүйе.
Гипермәтіндік жүйе дегеніміз – мәтіндегі түйiндi сөздерге
негізделген жүйе. Түйінді сөз – мәтіннің бip бөлімін оның басқа
бөлімдерімен байланыстыра алатын немесе белгілі бip ұғымды беретін сөздер.
Түйiндi сөзді таңдағанда Анықтама терезесіне автоматты түрде сол сөзбен
байланысты бөлім (тарау) шығады. Ол тарауда да бірнеше түйінді сөз болуы
ықтимал, ал олар басқа бip тараулар мен бөлімдермен байланысқан.
Анықтама ішіндегі түйінді сөздер алдын ала басқа түспен
белгіленіп қойылады. Анықтамаларда қосымша осындай мәліметпен байланысқан
сөздер мен сөз тipкеcтеpi түйінді сөздердің жаңа бip типін құрайды. Мұндай
сөздерді таңдап алғанда, басқа бөлімге ауыспаймыз, тек Анықтама терезесі
iшiнeн қосымша мәтіні бар жаңа терезе пайда болады.
Бұл пайда болған терезе тышқанды шерткенше не пернелердің бipi
басылғанша экранда көpiнiп тұрады. Жаңа терезеге шығатын түйінді сөздер
мәтін де белгіленіп қойылған.
Анықтамамен жұмыс icтey
Анықтамалар жүйeнiң басты терезесінің бес парағы бар, олар:
Көрсеткіш, Таңдамалы, Журнал және Іздеу тақырыптарынан тұрады.
Kepeктi парақты таңдау үшін тышқан курсорын сол беттің тақырыбына
жeткiзiп, оны бip рет шертсе болғаны.
Анықтама орталығы және оны сүйемелдеу - осы жүйeнiң ең басты
терезесі болып табылады. Онда анықтамалар ақпарат әдеттегідей бөлiмдep
тақырыбымен көpceтiлiп тұрады. Әр бөлiмнiң басында жабық Kітaп түpiндeгi
белгіше бар. Керекті бөлiмнiң тақырыбын белгілеп алып, Enter пернесін басу
арқылы немесе тышқан курсорын кітап бeйнесіне жеткізіп, оны eкi рет шерту
жолымен кез келген бөлiмнeн анықтамалар мәліметті оқуға болады. Бөлімдер
iшiндe кішігірім бөліктер мен тараулар болуы мүмкін, оларды да ашу бөлiмдi
ашқан сияқты орындалады.
Windows жүйесінің Kөpceткіш парағын ашқанда, сұхбаттасу
терезесі екеу болып тұрады. Біріншісі – Қажетті сөздің алғашқы әрпін
енгізіңіз деген терезе, бұған түйінді сөз енгізу керек. Ал екіншісі –
терминді немесе сөз тіркесін тандап алуға арналған терезе, онда
анықтаманың түйінді сөздердің тізімі алфавиттік тәртіппен орналасқан.
Бұған қосымша мүмкіндіктер Іздеу парағында орналасқан. Бұл
парақ ішінде түйінді сөздері бар анықтама бөлімдерін табуға арналған.
Анықтамалар осы айтылған тәртіппен бepiлeдi де, Windows басқаруымен
iстейтін басқа программаларда бұдан басқашалау анықтама жүйeci қызмет
атқарады. Оларда Анықтама терезесінің менюінің төменгі жағында бipнeшe
батырма орналасқан.
Мазмұн батырмасын бассақ, анықтама терезесіне Мазмұн деп
аталатын анықтамалар ақпараттың алғашқы бөлiмi шығады, мұнда кітаптың
мазмұны тәрізді мәлiмeт бepiлeдi. Іздеу батырмасын бассақ мәлімет іздейтін
сәйкес сұхбаттық терезе шығады. Онда алфавиттік тәртіппен орналасқан
ұғымдар тізімі және тараулар тақырыбы пайда болады.
Ағымдағы терезе объектілері туралы анықтамалар мағлұматты
былай да алуға болады:
– тышқан курсорын керекті oбъeктiгe жeткiзiп, оң жақ батырманы
шерту;
– сұрак белгісі бар меню пунктін басу арқылы;
– F1 пepнeci арқылы.

2. Бағдарламалау тіліне сипаттама

1.2.1 Мәліметтер типтері

Object Pascal тілінде кез келген мәліметтер өзінің типімен
сипатталады. Мәліметтер типі объект қабылдай алатын мүмкін мәндер жиынтығын
анықтайды. Сонымен қатар, мәліметтер типі дербес компьютердің жадындағы
мәліметтердің ішкі берілу форматын да анықтайды. Object Pascal тілі
мәліметтердің тармақталған құрылымымен сипатталады.
Қарапайым типтер
Қарапайым типке реттелген, нақты типтер және мерзім - уақыт типтері
жатады. Реттелген типтер мүмкін болатын мәндерді белгілі бір ретпен
реттеуге болады, сонымен қатар, мәннің реттік номерін бүтін санмен беруге
болады.
Нақты типтердің де, нақты санның ішкі берілу форматымен анықталатын
мәндердің мөлшері көрсетіледі. Бірақ нақты типтердің мүмкін мәндерінің
мөлшерінің көптігі соншалық, оны олардың әрқайсысын бүтін санмен белгілеу
мүмкін емес.
Мерзім және уақыт типі мерзім мен уақытты белгілеуге арналған.
Дәлірек айтсақ, оны сақтау үшін нақты формат пайдаланылады.
Реттелген типке: бүтін, логикалық, символдық, саналатын және аралық
тип жатады. Аталған типтердің әрқайсысына Х өрнегінің мәнінің реттік
номерін беретін ORD(X) функциясын қолдануға болады.
Бүтін типтер үшін ORD(X) функциясы Х-тің мәнінің өзін береді. ORD(X)
функциясын логикалық, символдық және саналатын типтерге қолдану: логикалық
тип үшін 0 мен 1 аралығындағы бүтін оң санды, символдық тип үшін: 0 мен 255
аралығындағы сандарды, ал саналатын типтер үшін: 0 мен 65535 аралығындағы
сандарды береді. Аралық тип негізгі реттік типтің барлық қасиеттерін
сақтайды, сондықтан оған ORD(X) функциясын қолдану сол типтің қасиетіне
тәуелді болады.
Сондай-ақ, реттелген типтерге төмендегідей функцияларды қолдануға
болады:
- PRED(X) функциясы реттелген типтің алдыңғы мәнің
береді, яғни ORD(X)-дің реттік номеріне сәйкес мән немесе
ORD(Pred(X))=ORD(X)-1;
- SUCC(X) функциясы ORD(X)+1-дің реттік номеріне сәйкес
келетін реттелген типтің келесі мәнін береді, яғни ORDSUCC(X))= ORD(X)+1.
Бүтін типтердің мүмкін болатын мәндерінің аралығы олардың жадыдан
алатын бір, екі, төрт немесе сегіз байт орнына тәуелді болады. Бүтін
типтердің мүмкін болатын мәндерінің аралығын кесте түрінде былай
сипаттауға болады:
Кесте1 - Бүтін типтер
Атауы Ұзындығы(байт) Мәндер аралығы
Byte 1 0..255
Shortint 1 -128..+128
SmallInt 2 -32768..+32767
Word 2 0..65565
Integer 4 -2147483648.. +2 147 483 647
Longint 4 -2 147483648.. +2147 483 647
LongWord 4 0..4 294 967 295
Int64 8 -9*1018 ..9*1018
Cardinal 4 0..2 147 483 647

Логикалық типтерге: Boоlean, ByteBool, Bool, WordBool және LongBool
жатады. Стандартты Паскальда тек Boolean типі анықталған, ал қалған
логикалық типтер Windows жүйесімен үйлесетін Object Pascal енгізілген:
Boolean - 2 байт, ByteBool - 4 байт орын алады. Логикалық типтің мәні
ретінде алдын-ала хабарланған False(жалған) немесе True(ақиқат) мәндерінің
бірі алынады.
Символдық тип
Символдық типтің мәні ретінде дербес компьютердегі барлық
символдардың жиынтығы алынады. Әрбір символға 0..255 аралығындағы кез
келген бүтін сан сәйкес келеді. Бұл сан символдың ішкі берілу коды деп
аталады, оны Ord функциясы береді.
Коды 0..31 аралығындағы символдар қызметші кодқа жатады. Егер
бұл кодтар бағдарламаның символдық мәнінде кездесетін болса, олар бос орын
болып есептеледі.
Саналатын тип
Саналатын тип өзі қабылдайтын мәндердің саналуымен беріледі. Әрбір
мән қандай да бір идентификаторлармен аталып, тізімде дөңгелек жақшаның
ішінде орналасады, мысалы,
Type
Tuster=(ak, kyzyl, jasyl);
Саналатын тип бағдарламаның көрнектілігін арттырады. Егер
бағдарламада жыл ішіндегі айларға байланысты мәліметтер пайдаланылса, ондай
бағдарлама үзіндісін былай келтіруге болады.
Type TypeMonth=(jan, feb, mar, apr, may, jun, jul, aug, okt, nov,
dec);
Var
Month:Typemonth;
Begin
...
If month=aug then
lbOutput.Caption:=”тамаша демалыс”;
...
End;
Саналатын типтердің мәндері мен олардың реттік нөмірлерінің
арасындағы сәйкестік санау ретіне қарай тағайындалады. Мысалы, тізімдегі
бірінші мәннің реттік нөмірі - 0, екіншісі -1 және т.с.с.
Саналатын типтердің ең жоғарғы мәні - 65536, сондықтан саналатын тип
Word бүтін типінің ішкі жиыны тәрізді және мәндері 0,1 және т.б. болатын
бүтін тұрақтылар тобы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Саналатын типке бүтін санды меншіктеуге болмайды.
Аралық тип
Аралық тип өзінің базалық типінің ішкі жиыны болып табылады. Базалық
тип ретінде аралық типтен басқа кез келген реттелген тип алынады.
Аралық тип барлық типінің өзінің ішкі мәндерінің шекаралары арқылы
беріледі:
ең кіші мән..ең үлкен мән;
Мұндағы, ең кіші мән - аралық типтің ең кіші мәні;
Нақты типтер
Мәндері бүтін типтермен салыстырылатын реттелген типтерден нақты
типтердің ерекшелігі нақты санның ішкі форматына тәуелді қандай да бір
дәлдікпен еркін санды анықтайды.
Кесте 2 - Нақты типтер
Атауы Ұзындығы Мәндер аралығы
байт
Real 8 5,0*10-324...1,7*10308
Single 4 1,5*10-45...3,4*1038
Double 8 5,0*10-324...1,7*10308
Extended 10 3,4*10-4951...1,1*104932
Comp 8 -263...+263-1
Currency 8 922 337 203 685 477,5807

Арифметикалық сопроцессор барлық уақытта сандарды Extended форматында
өңдейді; ал қалған үш нақты тип қажетті мөлшерге дейін нәтижені қарапайым
қысқартылған күйінде беру болып табылады және олар жадыны үнемдеу үшін
қолданылады.
Object Pascal тілінде Comp және Currency типтері ерекше
орын алады, бөлшек бөлігінің ұзындығы шектеулі нақты сан ретінде
қарастырылады: Comp типінің бөлшек бөлігінің ұзындығы 0 (ноль)разряд, яғни
болмайды, ал Currency типінің бөлшек бөлігінің ұзындығы 4 ондық разряд. Бұл
аталған екі типті 19...20 мәнді ондық цифрды сақтайтын үлкен бүтін санды
анықтайды. Бұл типтерді бухгалтерлік есептеуде қолданған өте ыңғайлы.
Күн және уақыт типі
Күн, уақыт типі TdataTime стандартты идентификаторымен анықталады, ол
уақытты және күнді бір мезгілде сақтауға арналған. Жадыдағы ішкі орналасуы
бойынша 8 байт орын алады, Currency типіне ұқсас, шектеулі бөлшек бөлігі
бір нақты сан: санның бүтін бөлігінде күн, бөлшек бөлігінде уақыт
сақталады.

1.2.2 Тармақталушы және циклдік үрдістерді бағдарламалау

Қойылған шартқа байланысты екі және екіден көп тармақтары бар
алгоритмдер - тармақталған алгоритм деп аталады. Осындай тармақталған
алгоритмді бағдарламалауға шартты оператор қолданылады.
Шартты оператордың құрылымы төмендегідей:
If шарт Then 1- оператор Else 2- оператор;
Операторлардың орындалуы:
- шарттың мәні есептеледі;
- егер шарттың мәні ақықат(true) болса, Then (онда) сөзінен
кейінгі 1-оператор орындалады;
- ал егер шарттың мәні жалған (false) болса, Else (әйтпесе)
сөзінен кейінгі 2-оператор орындалады.
Қайталанушы үрдістерді бағдарламалау үшін үш оператор қолданылады:
Цикл Әзір операторы.
Цикл Әзір операторын ұйымдастыруға While(әзір) – Do(орында)
операторы қолданылады.
Оператордың жалпы түрде жазылуы:
While шарт do оператор;
Шарт - логикалық типтегі өрнек; оператор - берілген шартқа тәуелді
бірнеше рет қайталанып орандалатын оператор.
Оператордың орындалуы:
- шарт тексеріледі,
- шарт ақиқат болса оператор қайталанады да, шарт жалған
болғанда, циклден шығу орындалады,
- егер шарт орындалмаса, оператор бірде-бір рет орындалмайды.
Дейін қайталау цикл операторы Repeat (кайтала) - Until(дейін)
қызметші сөздері арқылы жазылады.
Оператордың жалпы түрде жазылуы:
Repeat
циклдің денесі
Until шарт;
Оператордың орындалуы:
- цикл денесі орындалғаннан кейін, шарт тексеріледі;
- цикл жалған болғанда ғана цикл денесі орындалады;
- шарт ақиқат болса, цикл денесі кемінде бір рет орындалады.
FOR параметрлі цикл операторының құрылымы:
For қайталау параметрі:=бастапқы мән To соңғы мән Do
оператор;
Оператордың орындалуы:
- қайталау параметріне бастапқы мән меншіктеледі;
- қайталау параметрі=соңғы мән шарты тексеріледі;
- егер шарт жалған болса, онда цикл жұмысын аяқтайды;
- цикл денесіндегі операторлар орындалады,
- цикл параметрі келесі мәнді қабылдайды;

1.2.3 Ақпараттарды енгізу және шығару

Label(Standard) - белгі. Компонентке шағын жазу орналастыру
мақсатында қолданылады.
Қасиеттері:
Caption - компоненттің тақырыбын өзгертуге арналған.
WordWrap - мәтінді автоматты түрде бірнеше жолдарға бөлуге арналған.
Мәні True.
StaticText(Additional) - статистикалық мәтін, Label - ден
айырмашылығы - өзіндік WINDOWS терезесімен қамтылған. Сондықтан бұл
терезедегі мәтінді жиектеуге болады.
Негізгі қасиеті Caption.
Edit(Standard) - енгізу қатары. Бір мәтіндік жолды енгізу, көрсету
және түзету амалдарын орындауға қолданылады.
Негізгі қасиеті Text.
Memo - көпжолдық мәтін редакторы. Енгізу және шығару амалдарын
орындауға қолданылады.
Қасиеті Lines.
RichEdit - форматталған мәтінге арналған көп жолдық редактор. Memo
компонентінен айырмашылығы RichEdit компонентіндегі мәтін кеңейтілген
мәтіндік формат ережесіне бағынады (RTF (Win32 беті RITH TEXT FORMAT) және
қаріп, түс, туралау тәрізді сипаттамаларын өзгерте алады. Қасиеті Lines.

1.2.4 Объектілі - бағытты бағдарламалау негіздері

ОББН - нің негізгі принциптері: олар инкапсуляция, мұрагерлік және
полиморфизм. Оның екі басты қасиеті бар: оның функционалдығы және
бөлінбейтіндігі.
Мұрагерлік
Мұрагерлік ең қарапайым бағдарламалардың өзінде де кездеседі. Мысалы,
біз гараж объектісін жаздық. Енді бізге үй объектісін жазуымыз керек
дейік. Гараж - бір бөлмелі үй. Екеуі де бірдей қасиеттерге ие:
қабырғасы, едені, төбесі т.с.с.
Сол үшін гаражды негізге ала отырып, оны үйге дейін жасауға болады.
Біздің жаңа үй деген объектіміз гараждың барлық қасиеттерін
қабылдайды, яғни бұл деген сөз оның қабырғалары, едені, төбесі бар деген
сөз. Бізде енді екі объект бар: гараж және үй осы тәсілді қолданып,
итке үйшік, дача жасауға болады. Оларды да гараж негізінде жасауға
болады, айырмашылығы мөлшерін кішірейтуге болады. Қорыта келгенде, мына
суреттегідей тал тәрізді объект қасиеттерінің мұрагерлік иерархиясы пайда
болады.
Гараж

үй үйшік дача

көп қабатты үйлер

Бұл жерде 2 түсінік бар: ата - анасы(предок) және ұрпақ(потомок). Ата
- анасы - басқа объектілер пайда болатын объект. Ұрпақ - басқа
объектілерден пайда болған объект.
Мысалы, үй, үйшік, дача - объектілердің ата - анасы гараж
объектісі, ал үй, үйшік, дача - ұрпақ. Бір объект бір мезгілде ұрпақ
та, ата - ана да бола алады.
Мысалы, объект үй гараж объектісінің ұрпағы, ал көпқабатты үй
объектісінің ата - анасы. Ұрпақ ата - анасының қасиеттерін мұра ете алады,
ол ата - анасында қандай қасиеттер бар екенін біледі, ал ата - анасы өзінің
ұрпағының қасиеттерін білмейді, яғни жаңа объектіге қандай қасиеттер
қосылғанын білмейді.
Біз осыны бағдарлама құру үшін қолданамыз. ОББН - де тура осы
мұрагерлік әдісі қабылданған.
Кез келген класс басқа кластан туындайды. Ол үшін оны хабарлағанда
ата - ана кластың аты көрсетіледі. Туындаған кластан автоматты түрде өзінің
ата - анасының өрісі, әдісі және қасиеті шығады және олар жаңамен
толықтырылуы мүмкін.
Сөйтіп, мұрагерлік принципі күрделі кластарды кезеңмен құруды және
өзінің жеке кластар кітапханасын жасауға мүмкіндік береді.
Object Pascal - дың барлық кластары ТObject ата - ана класынан
туындаған.
Бағдарламашы ТObject класы ата - ана болмайтын класс құра алмайды.
Инкапсуляция
Класс - өрістер, әдістер мен қасиеттер деп аталатын үш маңызды
ұғымның бірлігін береді.
Осы үш маңызды ұғымды бір бүтінге біріктіру - инкапсуляция деп
аталады.
Көп жағдайда, инкапсуляция класты бағдарламаның қалған бөліктерінен
оқшаулауға мүмкіндік береді, нәтижесінде класс қандай да бір басқарушылықты
атқарады.
Мысалы:
TForm класы WINDOWS - терезесін құруға қажеттілерді,
TMemo класы - толық басқарылатын мәтіндік редактор жұмысын,
TTimer класы бағдарлама жұмысын таймермен қамтамасыз ететін
құралдарды қамтиды(немесе инкапсуляциялайды).
Полиморфизм
Үшінші принцип - полиморфизм.
Полиморфизм дегеніміз - әр түрлі иерархиядағы объектілердің бірдей
оқиғаны әртүрлі қабылдауы.
Полиморфизм - бұл мағынасы ұқсас мәселелерді әр түрлі тәсілмен
шешетін кластар қасиеті. Object Pascal - дың шеңберінде кластардың қасиеті
оған кіретін әдістердің жиынтығымен анықталады. Класс ұрпақтарындағы қандай
да бір әдістің алгоритмін өзгерте отырып, бағдарламашы бұл ұрпаққа ата -
анасында жоқ ерекше қасиетті бере алады. Әдісті өзгерту үшін оны сол
ұрпақта жабу қажет, яғни ұрпақта бір атаулы әдісті хабарлап, оған қажетті
әрекетті жүзеге асыру қажет. Нәтижесінде объект ата - ана мен объект
-ұрпақта әр түрлі алгоритмдік негізі бір атаулы әдіс жұмыс істейтін болады.

1.2.5 Delphi бағдарламасының құрылымы

Delphi - дегі кез келген бағдарлама жоба файлынан(файлдың кеңейтілуі
.dpr) және бір немесе бірнеше модульдерден (.pas) тұрады. Әрбір осындай
файлдар Оbject Pascal - дың бағдарламалық бірлігін сипаттайды.
Жоба файлы Оbject Pascal тілінде жазылған, компилятормен өңдеуге
арналған бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарлама Delphi - де автоматты
түрде құрылады, бірнеше жолдардан тұрады. Оны көру үшін Delphi - ді
шақырып, бас менюден ProjectView Source опциясын таңдау қажет.
Delphi Project1 мәтінінен тұратын код терезесін шығарады:
Program Project1;
Uses
Forms,
Unit1 in ‘Unit1.pas’ {form1};
{$R* .res}
Begin
Application. Initialize;
Application. Create From(TForm1, Form1);
Application. Run;
End.
Бағдарлама мәтіні Program сөзінен басталып, End сөзімен аяқталып тұр.
End сөзінен кейінгі нүкте бағдарламалық бірліктің терминаторы деп
аталады.
{$R*. res} жолы түсіндірме емес, ресурс файлдарын бағдарламаға
қосу қажеттілігі жөнінде компиляторға нұсқау.
Program сөзінен кейінгі жазылған атау мен соңынан қойылған ;
бағдарлама тақырыбын құрайды. Тақырыптан кейін бейнелеу бөлімі жазылады,
мұнда бағдарламашы бағдарламада пайдаланылатын идентификаторларды
сипаттайды. Идентификаторлар типтер, айнымалылар, процедуралар, функциялар.

Uses қызметші сөзінен кейін, бағдарламаның ажырамайтын құрамдас
бөлігі ретінде қарастырылатын, басқа файлдарда орналасатын бағдарлама
фрагменті(модульдер) туралы компиляторға хабарланады.
Бағдарламадағы:
Forms,
Unit1 in ‘Unit1.pas’{Form1}; жолдары бағдарламада файл жобамен қатар,
Forms және Unit1 модульдері пайдаланылатындығын көрсетеді. Forms модулі
Delphi - де стандартты модуль, ал Unit1 - әлі белгісіз, жаңа модуль, Delphi
мұндай жағдайда модульдің мәтіні бар файлдың атын да көрсетеді (‘Unit1
.pas’) және файл модуліне байланысты форманың сипаттамасы.
Бағдарлама денесі Оbject Pascal - дың бірнеше операторларынан тұрады.
Әрбір операторда қандай да бір әрекет жүзеге асырылады: айнымалы мәнін
өзгерту, есептеу нәтижесін талдау, қосалқы бағдарламаға оралу және т.б.
Біздің мысалда бағдарлама денесінде үш орындалатын оператор бар:
Application. Initialize;
Application. Create From (TForm1, Form1);
Application. Run;
Бұлардың әрқайсысы Application объектілер әдісінің біріне оралады.
Application объектісінде Windows бағдарламаны толығымен басқаруға
қажетті мәліметтер мен қосалқы бағдарламалар жинақталған. Delphi автоматты
түрде әрбір жаңа жоба үшін Application объект бағдарламасын құрады.
Application. Initialize;
- жолы Application объектісінің Initialize әдісіне оралатынын
көрсетеді. Осы жолды оқығаннан кейін компилятор қандайда да бір бағдарлама
фрагментін орындауды талап ететін кодты құрады. Осы фрагментті орындағаннан
кейін процессор басқаруды бағдарламаның келесі жолына береді, ол Create
From әдісі арқылы шақырылады.
Application объектісінің Create From әдісі экранда бос пішін(форма)
терезесін құрып көрсетеді, ал Run - Windows - тен түскен пайдаланушының
әрекеті жөніндегі хабарларды үздіксіз алып, оны өңдеуді жүзеге асырады.
Close батырмасын тышқанмен белгілегенде Windows бағдарламаға
бағдарлама жұмысын тоқтатып, оған бөлінген жүйелік ресурстарды бастау
жөнінде арнайы хабарлама береді.
Қорыта келгенде, жоба файлын толығымен Delphi өзі құрады. Сол себепті
файл - жобаның кеңейтілуінің алатын орны ерекше, ол әдетте, код терезесінде
көрінбейді.
Код терезесіндегі Unit1 қойымтасын тышқанмен белгілегенде,
төмендегідей мәтінді көреміз:
Unit Unit1;
InterFace
Uses Windows, Message, SysUtils, Classes,
Graphics, Controls,
Forms, Dialogs, StdCtrls, Buttons,
Extctrls;
Type
TfmExample=class (T Form)
Panel1:Tpanel;
BbRun:Tbitbtn;
Edinput: Tedit;
Lboutput: TLabel;
MmOutput: Tmemo;
Private {Private declarations}
Public {public declarations}
End;
Var
FmExample: TfmExample;
Implementation
{$R*.DFM}
End.
Осы мәтіннің бәрі Delphi - де құрылған, бірақ файл жобадан
айырмашылығы бағдарламашы бағдарламаға қажетті басқару мүмкіндігін бере
отырып, оны өзгерте алады. Интерфейс секциясында бір тип (Tfm Example
класы) және бір объект (fmExample айнымалысы) сипатталған.
Delphi ортасы
Unit Unit1
және
Implementation
(жолдарының арасына қажетті жолдарды қояды) жолдарының аралығын
өзгертіп отырады, ал бағдарламаушының жұмыс аумағы - {$R* .DFM}
және End жолдар аралығы.
Delphi - де бағдарламалау екі үрдістің өзара тығыз әрекеттесуінен
тұрады: бағдарламаның визуалдық көрінуін құру үрдісі және бағдарлама кодын
жазу үрдісі. Бағдарлама кодын жазу үшін код терезесі, ал бағдарлама құру
үшін қалған терезелер пайдаланылады, оның ішінде пішін(форма) терезесі.
Delphi ортасындағы бағдарлама үш кезеңнен өтеді: компиляция -
компоновка(біріктіруші) - орындау. Компиляция кезеңінде код терезесінде
дайындалған бағдарлама мәтіні Оbject Pascal тіліне ауысады. Компоновка
кезеңінде қажетті қосалқы бағдарламалар қосылады; ал орындау кезеңінде
дайын бағдарлама оперативті жадыға шақырылып, орындалуға жіберіледі.
Бағдарламаны компиляциялау кезінде Delphi кеңейтілуі .pas, .dfm және
.dcu болып келген файлдарды құрады: .pas файлында бағдарлама кодының
терезесіндегі мәтін көшірмесі, .dfm файлында пішін терезесінің мазмұны, ал
.dcu файлында алдыңғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары
орналасады. .
.dcu - файл компилятор жұмысының нәтижесі, біріктіруші осы файлды
өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін .ехе - файл құрылады.

1.2.7 Деректер қоры. Деректер қоры кестесін, алиас құру

Деректер қоры - ақпараттардан тұратын файлдар(кестелер)
жиынтығы. ДҚ жазулардан тұрады. Жазулар өрістерден тұрады.
ДҚ жергілікті(локальные) және алыстатылған(удаленные) болып бөлінеді.
Paradox, dBase, FoxFro, Access - жергілікті деректер қоры.
Database Desktop - бұл көп жағынан Рaradоx - ке ұқсас, әр түрлі
форматтағы жергілікті(локальды) деректер қорының кестелерімен жұмыс істеуге
арналған Delphi - мен бірге қойылатын утилит.
Database Desktop утилитін іске қосу үшін негізгі менюден
ToolsDatabase Desktop командасын таңдау қажет.
Кесте құру үшін ең алдымен өзіңнің алиасыңды(яғни, өзіңнің ДҚ - ның
каталогының атын) анықтау қажет.
Жаңа алиас құру үшін сұқбаттық терезеде ToolsAlias Manager - ді
таңдаймыз:
New(жаңа алиас құру) батырмасын басып, Database Alias өрісінде
алиасыңның атын(мысалы, Gruppa) теру қажет. Жолды анықтау үшін
Browse(жолды таңдап) батырмасын басып, КeepNew және ОК батырмаларын басып
сақтау қажет.
Жаңа кесте құру үшін менюден FileNewTable командаларын таңдаймыз,
сонда кестенің типі(Paradoх 7) көрсетілген сұқбаттық терезе пайда болады.
Кестенің типін таңдаған соң, Database Desktop әрбір формат үшін,
кестенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік реформа және теңге жүйесі
Микрокредиттік ұйымдардың несие нарығындағы рөлі
Шетел тәжірибесіндегі микроқаржыландыру жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі қалпы мен даму ерекшеліктері
Қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және даму перспективасы
Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету
Жұмыспен қамту жол картасы – 2020
Атаулы мөлшерлеме - құнсыздануды ескермейтін пайыздық мөлшерлеме
Шағын және орта бизнесті дамыту
Халықты жұмыспен қамту
Пәндер