Аудиттің пәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы



Кіріспе

1. Аудиттің теориялық негіздері
1.1 Аудиттің пәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы
1.2. Аудиттің түрлері
2.Аудит постулаттары және концепциясы,компоненттері, қағидалары
2.1 Аудит максаты қозқарасын қаржылық есептілікті қуру және ұсынуға талаптар
2.2 Аудитті жүргізудің объектілік және циклдік тәсілдері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Әрбір ілімнің өзіне сәйкес пәні болады. Аудит пәні - шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, т.б. кәсіпорындардың жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объетивті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу. экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық – жұмыс барысына тиісті информацияны тексеруші тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған. Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп – лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығы сол, алыс ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде информация есеп беруін артық санаған. өйткені кез келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастан арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
Негізгі әдебиеттер:
1.Ажибаева З.Н. Аудит. Алматы 2006,
2. Абленов Д.О. Аудит негіздері Алматы 2005
3. Ержанов М.С. Аудит 1. Алматы: изд. Экономика, 2005
4. Нурсеитов Э.О. Аудит. Краткое руководство – Алматы: LЕМ, 2009

Қосымша әдебиеттер:
1. Нурсеитов Э.О. , Нурсеитов Д.Э. Международные стандарты аудита: принципы и практика – Алматы: LЕМ, 2008
2.Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит жөне бухгалтерлік есеп . Алматы 2000.
3. Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит жөне бухгалтерлік есеп. Алматы, 2000

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

1. Аудиттің теориялық негіздері
1.1 Аудиттің пәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы
1.2. Аудиттің түрлері
2.Аудит постулаттары және концепциясы,компоненттері, қағидалары
2.1 Аудит максаты қозқарасын қаржылық есептілікті қуру және ұсынуға талаптар
2.2 Аудитті жүргізудің объектілік және циклдік тәсілдері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Әрбір ілімнің өзіне сәйкес пәні болады. Аудит пәні - шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, т.б. кәсіпорындардың жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объетивті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу. экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында - ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда тыңдаушы деген мағынада қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.Аудитор латынның audio деген сөзінен шыққан, яғни ол тыңдап тұр деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті информацияны тексеруші тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда аудитор - тыңдаушы дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған. Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді аудитор деп атаған. Бір қызығы сол, алыс ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде информация есеп беруін артық санаған. өйткені кез келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастан арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.

1.Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері

Аудит теориясы мына негізгі элементтерден тұрады: компоненттер, принциптер, концепциялар.
Аудиттің компоненттері, принциптері және концепциялары
Аудит компоненттері:
Бірінші компонент - бұл экономикалық объект.
Екінші компонент - өндірістік жағдай мен ақпарат.
Үшінші компонент - бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі.
Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны
Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпарат немесе функциялау жатады.
Аудиттің алтыншы компоненті - аудиторлық есеп беруді жасау.
Ғылымилық принциптің мағынасы - аудиттің қорытындылары аудит теориясы және нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақтылы жүргізілуін білдіреді.Ол аудиттің іс-тәжірибе талаптарына жауап беруі керек, деп ұйғарады.Аудиторлық бақылаудың объектісі болып табылатын жүйелердің сақтау принципі аудит жариялылық принципін сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның нәтижесіне халықаралық аудиторлық қызметтің нұсқауында тәуелсіз тексеру жүргізілгенде сақталуы қажет.
Аудит концепциялары
Аудит теориясын оның мазмұны, мақсаты және ғылыми әдістемелері құрайды.
Аудит теориясында бес тұжырымдама қарастырылады.
Мінез - құлық (тәртіп) этикасы. Барлық саналы, зерделі, білімді мамандарға тән.Тәуелсіздік ең алдымен пікірдің объективтілігін және шынайы болуын қамтамасыз етеди.
Кәсібилік. Аудиторлар құзыретті, білікті және зерделі болуы қажет.
Дәлелділік. Тексеру барысында жиналған мәліметтер санымен және сапасымен есептелінеді.
Дұрыс түсінушілік. Аудиторлық шешім қабылдау үшін жиналған материалдарды тұжырымдайды.
Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары.
Аудиттің көкейкесті мәселелерінің бірі - оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар, тіпті олардың шынайылығы толық дәлелденбесе де постулаттар анық болуы аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды болады. Бұл постулаттың қажеттілігі орынды ойлау жолымен қоса шаруашылық жағдайында кәсіпкерлердің өзара кездейсоқ келіспеушілігінде постулат әлеуметтік қайшылық жағдайында орын негізінде аудитор мен тапсырушылардың ізгі мақсаттарының арасында өзара келіспеушілік тудырады.
Верификация мүмкіншілігі. Аудит туралы жазылған басылымдарда, ғылыми зерттеулерде верификация ерекше орын алады.Аудиторлық верификацияны ішкі аудит жүргізуде дербес аудиторлар жиі қолданады.
Аудитор жұмысы және оның құқысы кәсіпорын қаржылық ақпаратын тексергенде катесіз қорытынды жасауға ешкім кепілдік бермейді. Кәсіпорын басшысы аудитордың пікіріне оның мақсатына тәуелді. Күдіктілік - ол аудит қорытындысының толқу мөлшері деп анықталған.
Аудит стандарттары мен нормалары .
Аудиттің стандарты мен нормалары екінші топқа жататын құжаттар. Олар
Аудиттің стандарты және нормалары деп аудит принциптерінің талабына сәйкес аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
Өзінің мазмұнына және арналған мақсатына сәйкес аудит стандарты үшке болинеди. Жалпы стандарттар ,жұмыс стандарттар ,ақпарат стандарты .Осы стандарттар аудит қызметінің құрылымын, схемасын анықтайды.
Жалпы стандарттар.Жалпы стандарттың аудитке қоятын үлкен талабының бірі - ол аудитордың қызметкерлік деңгейі жоғары болуы қажет. Аудит қызметінде ерекше орын алатын стандарттың ең соңғы сатысы ақпарат стандарты -мазмұны жағынан аудит қызметінің қорытындысын жасауға арналған.Аудит стандартының мәліметі анық, түсінікті, сенімді, дербес тәуелсіз, әділ.

0.1 Аудиттің пәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы

... Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса,онда мақсат - осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттер керек:
1) Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2) Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3) Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
4) Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын (негізділігін) тексеру;
5) Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, ШЖС-дің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
6) Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
7) Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
8) Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне қарай артады.Осылайша, аудит - бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері. Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. Тексеру термині латынның revisio сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы қайта қарау немесе қызметтерді зерттеу дегенді, ал тексеруші - тексеріс жүргізетін тұлға дегенді білдіреді.ТМД елдерінде әдетте ревизия ұғымының мағынасы анық емес. Мысалы :Н.Т. Белухинде тексеру (ревизия) - бақылаудан кейінгі негізгі форма.Оның басқа бақылау формаларынан айырмашылығы - объектіні тексеру барысында іктемесі құжаттық дәлелдерге негізделген тексеру-бақылау рәсімдері мен әдістік тәсілдер, әр түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар тән: құндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы нақтылық, оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі (ведомость), материалды жауапты тұлғаның түсініктемесі (түсіндірме жазбасы және т.б.)
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен ШЖС-лер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзгеше бір сараптамасы ретінде баяндалады.Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде аудит және аудиторлық қызмет ұғымдары ажыратылып көрсетіледі. Аудиторлық қызмет бұрын қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды. ...
... Міндетті аудиттің негізгі мақсаты - клиенттің ағымдағы және болашақтағы жағдайын түсіну үшін ағымдағы және болашақ рентабельділігі, өтімділігін ( қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу қабілеті) және капитал жеткіліктілігін(ұзақ мерзімді міндеттемелерді өтеу қабілетттілігі және сәйкесінше қаржы өсуі) зерттеу болып табылады. Міндетті аудит жүргізер алдында аудитор алдын - ала жоспарлау бланкінде келесідей сұрақтарды құрастыру қажет:
- табыс құрылымы мен өсу тенденциясының басқа негізгі экономикалық көрсеткіштерімен байланысы қандай?
- қолма - қол ақша қаражаттарының қозғалыс тенденциясы қандай?
- қолма - қол ақша қозғалысы мен табыс арасындағы айырмашылық нәтижесінің себебі неде?
- қолма - қол ақша қозғалысының сенімді болжау дайындалған ба?
- өтімділікке байланысты қандай ереже болады?
- ұзақ мерзімді жалдық міндеттемелері бар ма?
- күмәнді талаптар бойынша күрделі соммалар бар ма?
Өндірістік шаруашылық қызметі.

- негізгі өндірістік жолдары қандай және қалай олар тапсырыс берумен байланысты?
- әрбір өнім рентабелділігіне басқарушылық талдау жасай ма?
- қандай негізгі өндірістік жоспарлар жасалады?
- қандай өндіріс күштілігімен клиент жұмыс істейді (толық., толық емес)?
- қандай шикізаттар мен материалдарды сатып алады, сонымен қатар қызмет көрсетуді пайдалану кім негізгі пайдаланушы болып табылады?
- альтернативті жеткізу көздері бар ма?
- еңбек даулары бар ма ( қаншалыұты олар өндірістік- шаруашылық қызметке әсер етеді)?
- өнім сапасына байланысты проблемалар болады ма?
- дайын өнімге баға қалай белгіленеді?
- өнімнің сапасына деген жоғары талаптар және жеткізуге байланысты қатаң шартты келісім - шарттар бар ма?
Әрбір тексеріс жасаған кезде сұрақтар шеңбері, алдын - ала жоспарлау бланкінде қарастырылған, клиент қызметінің талаптары мен мүддлеріне байланысты кеміп немесе артып отырады. Қаржылық есептілікке тексеріс жүргізу үшін аудиторлық ұйым қызметкерлер тобын жинақтайды. Аудит жүргізуші үшін персонал таңдау аудитті қамтамасыз ету үшін мұқияттылықты талап етеді. Аудитті техникалық және кәсіби сапаға сәйкестігі бар тұлғалар жүзеге асыра алады. Кең ауқымды міндетті аудиторлық тексеріс жүргізу кезінде оның басқарушысы бірнеше қызметкерлер, сонымен қатар заңдар мен салықтық сұрақтар бойынша кеңес берушілер және басқа да мамандардың қатысуына болады. Жоспарлау процесінде аудитор қандай аудиторлық процедураларды орындау керектігін шешіп алу үшін қолайлы процедураны таңдап, қандай құжаттарды және мәліметтерді зерделеу керектігін анықтап алуы керек. Бұл арада аудиторлық процедураны былай ұғуға болады: тексеру кезеңін, нақты элементтерді және таңдама көлемін өзгертетін аудиттің әр кезеңіндегі мәліметтер типін алудың ерекшеліктері туралы нақты нұсқау. Жоспарлау кезеңдері мен мәліметтерді алу өзара тығыз байланыста болады. Жоспарлау термині аудит көлемінің, өткізу мерзімінің, тексерудің детальдық тәсілдемесін және жалпы стратегияны әзірлеуді білдіретін болса, онда екінші кезеңде аудиторлар өз пікірлерін растайтын жеткілікті дәрежеде шындыққа жанасымды мәліметтерді жинауы керек. ...

1.2 Аудит түрлері.

Аудиттің түрлерін зерттеудің методикалық жағының өте зор маңызы бар. Өйткені аудитті қандай түрлермен жүргізу және олардың әрбір жағдайларда тигізетін әсерлерін анықтау қажет. Осыған орай аудит төмендегідей түрлерге жіктеледі:
1. Субъектілер бойынша - ішкі және сыртқы;
2. Зандылығы бойынша - міндетті және бастамашылық;
3. Объектіні аудиторлық жұмыспен қамту бойынша - толық және ішінара.
Бастамашылық аудит соған қажетті тапсырысшыларды тапсыруы бойынша жүргізіледі, егер бұл тексеру заң жүзінде көрсетілмесе. Мұндай тексерудің көлемі клиенттердің талабына байланысты.
Міндетті аудит заңда көрсетілген және субъектінің өздерінің қаржы-шаруашылық жұмыстарын тексеру үшін аудиторларды немесе аудиторлық фирмаларды шақыруға міндетті.
Сыртқы аудит аудиторлық фирмалармен немесе жеке аудиторлармен шарт бойынша субъектінің қаржы есебінің дұрыстығын және қаржы мүмкіншіліктерін тәуелсіз түрде бағалау үшін жүргізіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындалған жұмыстарына тәуелсіз экпертиза берідің нәтижесінде аудиторлар қаржы жағдайын жақсарту, жұмыстардың тиімділігн арттыру жөнінде керек болған жағдайда өздерінің ұсыныстарын береді. Сонымен қатар субъектінің төлем қабілеттілігіне және қаржы тұрақтылығына баға береді. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырыс берушілердің мүддесіне қарай жасалынады. Сыртқы аудиттің басты міндеті - субъектінің есебіне тәуелсіз түрде баға беру, көрсеткіштерінің дәлдігін анықтап, сол жайында тапсырыс берушілерге өз пікірін айту. Сыртқы аудит өз жұмысын заңға, стандартқа, бухгалтерлік есептің принциптеріне, нормативтерге т. б. Сүйене отырп жүргізіледі.
Ішкі аудит субъектінің ішінде жүргізілетін жұмыстарға тәуелсіз түрде баға беру, оларға қызмет көрсету болып табылады. Ішкі аудиттің мақсаты субъектінің экономикалық саясатын дұрыс жүргізілуіне, ішкі бақылаудың дұрыстығына, барлық бөлімдері мен бөлімшелерінде жұмыстың орындалуына эксперттік түрде баға беру.
Жалпы алғанда ішкі аудиттің орындалатын жұмыстарының саны өте көп. Бухгалтерлік құжаттардың дұрыс орындалуы мен барын тексерумен қатар, ішкі аудит әкімшілік тәртіптің сақталуын, бұйрықтар мен үкімінің орындалуын тексереді және тауарлы материалды құндылықтарды, негізгі құралдарды түгендеу жұмысын ұйымдастырады т. с. с. Ішкі аудиттің міндеті мен мақсаты және орындалатын жұмысы субъекті бастығының талабына сай жүргізіледі. Сонымен қатар субъекті бастығының ұсынысы бойынша ішкі аудиттің жұмысы ұйымдастырылады. Осы жоғарыда айтылғандарға қарай сыртқы және ішкі аудиттің жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы олардың объектілері, бағыты, міндеті, мақсаты және жауаптылығ бойынша.
Аудиттің бағыты - заңдылықтарымен анықталған, аутиорлық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлар мен клиенттердің шарттық міндеттемелерін нақтылы мақсатпен шеші болып есептелінеді.
Аудиторлық қызметтің негізгі бағыты - субъектілердің бухгалтерлік (қаржылық) есептерінің дұрыстығын және оларндың жасаған қаржылық және шаруашылық операцияларының нормативтік актілерге сай екендігін анықтау.
Аудиттің міндеті - қаржы есебін төмендегідей бағыттары бойынша тексеру:
* Есептердің дұрыстығын, анықтығын растау;
* Тексеру кезінде есеп пен отчетта көрсетілген шығындардың, табыстардың қаржы нәтижелерінің қорытындысының анықтығын, дұрыстығын, толықтығын және дәлдігін тексеру;
* Бухгалтерлік есепті жүргізуде олардың заңдар мен нормативтік құжаттарға сәйкестігін және отчеттардың жасалуын, активтерді, міндеттемелерді және меншік капиталды бағалау әдістемелерінің дұрыстығын тексеру;
* өзінің негізгі және айналым қорын дұрыс пайдаланудың арқасында, келешектігі резервтерді анықтау.
Қаржы отчеті жөніндегі аудиттің негізгі міндеті - отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективті түрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субъектіде қабылдаған есеп саясатының заңдары мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.
Аудит қызметінің қажеттілігі төмендегі жағдайларға байланысты пайда болды:
1) Пайдаланушылардың өздеріне қажетті ақпаратты әкімшіліктер жағынан дұрыс мәліметтер бермеудің нәтижесінде пайда болған дау жайында;
2) Ақпараттың сапалығы жөнінде қабылдаған шешім - тәуелділігінің әсері;
3) Ақпаратты тексеру үшін арнаулы білімнің қажеттіліг;
4) Сапасын анықтауға ақпарат пайдаланушылардың мүмкіншілігінің жоқтығын.
Осы айтылған алдынғы жағдайлар тәуелсіз эксперттің қызметтерінің қажеттілігін анықтады. Ол экперттер немесе аудиторлар өздеріне сай дайындалған, тәжірибесі бар мамандар және аудиторлық қызмет жасауға куәлігі және құқығы бар адамдар немесе фирмалар.
Дұрыс ақпараттың барлығы капитал рыногының үнемділігін, (тиімділігін) жоғарылату үшін қажет және әр түрлі экономикалық шешімдерді жобалауға және бағалауға мүмкіндік жасайды. Аудиторлық тексеруді жүргізу міндетті болмаса да дегенмен оның келешекте дұрыс шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.
Меншік иелері, әсіресе акционерлер, пайщиктер және де қарыз (несие) берушілер, кәсіпорынның көптеген орындалып жатқан шаруашылық оперцияларына бейтаныс, олардың осы операциялардың дұрыстығына көзі жетпейді немесе мүмкіншіліг жоқ. Міне, осы айтылған ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын тәуелсіз аудиторлардың шешімі керек. Тәуелсіз аудиторлар кәсіпорыннң шаруашылық жұмысының нәтижесі жөніндегі ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеп, оның заңға сәйкес екендігін және дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Осыған орай аудиторлық қызметтің ролі ерекше орын алады.
Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау жйне басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.
Аудиторлық қызметкер қаржылық берудің заңдарға, өзге де қалыпты құжаттарға сәйкестігі мен ондағы қаржы-шаруашылық қызметті нәтижелерінің дұрыс көрсетілуі, бухгалтерлік есеп, қаржы, салық салу, құқық және сақтандыру ісі, өндірісті дұрыс ұйымдастыру, накрықтық динамика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік құуаттарының тиімділігін арттыру үшін резервтерді анықтау мақсатында ақы төлеу негізінде жасалған шарттар бойынша тәуелсіз түрде аудиторлық тексерулер, кеңес беру түрінде көрсетіледі.
Аудит нарықтық экономикм жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды роль ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерініңнақты екендігің анықтау болып табылады.
Бұл арада клиенттің нормативті-құқықты актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы былай делінген: Аудитт - бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелері мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген: Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады.
Бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықты қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың нарықтық эконоикадағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.
Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескерту арқылы нақтылануы мүмкін.
Бұл туралы ХАС 200-де әлдеқайда рет-ретімен айтылған. Онда былай делінген: қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты - белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойныша шараларды әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды, жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толықтырылуы мүмкін.
Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есптің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсаты, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат - осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатынаң консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшелеп мыналарды бөліп көрсету керек:
1. Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2. Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3. Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметьін жүйелі талдау;
4. Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;
5. Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берідің дұрыстығын, шаруашылық жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
6. Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
7. Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
8. Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудиттің нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады,
Аудит - бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.
Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. Тесеру термині латынның revisio сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы қайта қарау немесе қызметтерді зерттеу дегенді, ал тексеруші - тексеріс жүргізетін тұлға дегенді білдіреді.
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. иАудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым- қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.
Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, слнымен бірге, кемшіліктерді жою мен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.

2. Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.

Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі - оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат - бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер. Дж.Робертсон "Постулат-бұл негізінде қызмет бағыты белгіленетін негізі бар аксиомалық бекіту". Постулаттардың көмегімен аудиторлық стандарттардың мазмұнын танып білуге болады. Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды негізге ала отырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады. Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса мањызды болады. Батыс ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К.Маутц және Х.А.Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла бастады. 1982 жылы америкалық ғылым Т.А.Ли өзінің постулатын қосты. Сондай-ақ Дж.Робертсон, Р.К.Мауц пен Х.А.Шараф постулаттарын "экономикалық тиімділіктің максимасы" деп аталатын тағы бір постулатпен толықтырды. Бірқатар ғалымдар, атап айтқанда, А.Белкаоуи, Р.Адамс, Я.В.Соколов, К.Ш.Дүйсембаев, М.С.Ержанов және басқалары жекелеген постулаттардың мазмұнын нақтылау бойынша және оларды қалыптастыру үшін өз нұсқаларын ұсынды.
Әр түрлі ғалымдар мен маман - практиктердің көзқарастарын жан-жақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Ішкі аудитті бағалау
Аудиттің мәні мен мағынасы
Аудиттің негізі және оның атқаратын қызметтері
Аудит стандарттары
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Аудиттің мәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы
Ішкі аудит стандарттары
Қаржылық бақылау және оның компания басқару жүйесіндегі орнын ашып, оның ұйымдастырылу ерекшеліктерін көрсету және аудиттегі жұмыс сапасын бақылау
Ішкі аудит маңызы мен түсінігі. Оның ролі мен ұйымды басқару жүйесіндегі жалпы маңызы
Пәндер