Қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдер



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Сөйлем және жай сөйлемдердің теориялық және әдіснамалық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемге тән белгілер, сөйлемнің
айтылу мақсатына қарай түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Жай сөйлем және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Қазақ тіліндегі жай сөйлемдерді виртуализациялау ... ... ... ... ... ... ..
2 Қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Атаулы сөйлем. Оның өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қазақ тілі грамматикасы оқулығы бойынша атаулы сөйлемнің
жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдердің мағыналық.
құрылымдық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Атаулы сөйлемдерді оқытудың қазіргі қазақтіліндегі мәселелері мен тәжірибелік негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Атаулы сөйлемдерді қолданудағы басқа да ғалымдардың пікірлері
3.2 Атаулы сөйлемдерді оқытудың озық тәжірибелік үлгілері ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5

5
14
23
35
35

40

45

49
49
52
62
64
Кіріспе

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілді меңгеру жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шараларына байланысты өзге тілді меңгерудің ғылыми теориялары мен әдіс-тәсілдерін, тіл меңгерудің психологиялық, әлеуметтік, теориялық тұжырымдарын жасау тіл мамандары үшін өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық аренаға шығуымен байланысты елдің экономикалық және әлеуметтік мәселелерімен қоса мәдениеті мен тілін үйренуге деген құлшыныс ел ішінде де, шетел өкілдері арасында да көптеп артуда. Осыған байланысты қазақ тілін екінші тіл немесе шет тілі ретінде меңгеру саласында жаңа теориялық-практикалық бағыттар қалыптастыру аса қажет.
Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің түрі. Ойға қатысты бір ғана атауыш сөзден немесе сөз тіркесінен арнаулы интонациясы арқылы логик. ыңғайда құралып, баяндау мазмұны мәтінге қатысты айқындалатын бір құрамды сөйлем. А. с. мағынасы жағынан: а) заттың, құбылыстың, болмыстың ақиқаттығын бейнелей атап көрсетеді: Айдала. Көлдің биік қабағы... Күн батып барады (С. Мұқанов); ә) ақиқатты эмоциялы-сезімдік ыңғайда атап көрсетеді: Шіркіннің күлкісі!.. (Б. Майлин). А. с. зат есімнен, сонымен бірге заттанған сан есімнен (Екі. Нашар оқитындарға таңылар белгісі — осы), сын есімнен (Шыжыған ыстық. Күйіп тұр.), есімдіктен (Сол. Еркіннің дәл өзі.), есімше, қимыл есімдерінен де жасалады. Құрамы жағынан жалаң, жайылма, дара, күрделі болады: Үскірік. Аяз. Тұлданаған күн. Ауыл. Үй саны жиырма шақты (Б. Майлин). Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жаудың табанына салып бермек (Б. Майлин). А.с. көркем әдебиетте ойды ықшам да бейнелі етіп, кейіпкер мінезін аша түсу үшін қолданылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңдағыҚазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге деген мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені «ұлттың бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» [1]. Бұл үздіксіз білім беру жүйесінің аса бір маңызды буыны болып саналатын жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісін де түбегейлі жетілдіруді қажет етеді. Себебі жоғары білім дамуының негізгі қозғаушы күші болса, білімді де білікті маман – еліміздің ертеңін, жарқын келешегін құрушылар.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.Атаулы сөйлемдерге қатысты ғылыми ізденістер уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып келеді. Зерттелген сайын оның жаңа өрістерінің де кеңейе түсуі бұл мәселенің өміршеңдігін танытады. Атаулы сөйлемдер теориясын алғаш негіздеген ғалымдар С.Аманжолов, Р.Әмір,Ж.Ибраимова болатын. Олар жай сөйлемнің синтаксисінің сипатын дәл анықтап, оның құрылымын зерттеді.

Зерттеудің мақсаты – қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемді, оның ерекшелігін, мағыналық-құрылымдық негізінің теориясы мен тәжірибесін ұарастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
− Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемге тән белгілер, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін сипаттау;
− Жай сөйлем және оның түрлеріне тоқталу;
− Атаулы сөйлем түсінігін ашу және оның өзіндік ерекшеліктеріне тоұталу;
− Қазақ тілі грамматикасы оқулығы бойынша атаулы сөйлемнің жасалуын талдау;
− Қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдердің мағыналық-құрылымдық негізін қарастыру;
− Атаулы сөйлемдерді қолданудағы басқа да ғалымдардың пікірлеріне тоқталу;
− Атаулы сөйлемдерді оқытудың озық тәжірибелік үлгілерін келтіру.
Зерттеу көздері– қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдер және оның жасалу әдістемесі.
Зерттеу тәсілдері. Зерттеу барысында талдау, салыстыру, жинақтау, сипаттау әдістері қолданылды. Сол сияқты жүйелеу, сұрыптау, талдау зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері ретінде қолданылды. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу үшін дәстүрлі ғылыми сипаттама, салыстырмалы, мән мәтіндік талдау әдістері қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А. 1972
2 Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А. 1991. – 106-130 б.
3 Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Астана, 2006. – б.
4 Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. –627-686 б.
5 Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967.
6 Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. А.,2003. – 51- 110 б.
7 Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., Санат. 2003. –219-228 б.
8 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А. 1992. –296-300 б.
9 Жұбанов Қ. Қаза тілі жөніндегі зерттеулер. А. 1999. –214-220 б.
10 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.А. 1994. –160-174 б.
11 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А.,Мектеп, 1978. –395-400- б.
12 Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлемнің түрлері. 1963.
13 Мадина Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. 1959.
14 Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері. 1959.
15 Күлкенова О. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисі. 1988.
16 Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальді және мақсат мәнді жай сөйлем типтері. 1968.
17 Сәдуақасов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер. 1996.
18 С.Аманжолов «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы». – Алматы, «Санат», 1994 жыл.
19 «Қазақ тілінің грамматикасы» 2-том, синтаксис. – Алматы, Тіл білімі институты, 1967 жыл.
20 Р.Әмір, Ж.Әмірова «Жай сөйлем синтаксисі». – Алматы, ҚазҰТУ, 2003 жыл.
21 Ж.Ибраимова «Қазақ тіліндегі мүшеленбейтін сөйлемдер», автореферат. – Қарағанды, 2008 жыл.
22 «Қазақ тілі» энциклопедиясы, бас редакторы - Ә.Қайдар. – Алматы , «IDK-TIPO» редакциялық-баспа орталығы, 1998 жыл.
23 Т.Сайрамбаев. Б.Сағындықұлы «Синтаксис мәселері». – Алматы, «Қазақ университеті», 2008 жыл.
24 С.М.Исаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі // «Профессор С.М.Исаев: Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері»: халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы:ҚазМемҚызПИ, 2008. – 108-114 б.
25 Профессор С.М.Исаевтың сөз тіркесі туралы ой-пікірлері // «С.М.Исаев.
26 Ғалым. Ғылым. Ғұмыр» атты мақалалар жинағы. – Алматы: Кие, 2008. – 539-541б.
27 М.Балақаевтың танымдық ой-пікірлері // «Рухани-ғылыми мұра»: республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: ҚазҰПУ, 2008. – 130-134 б.
28 Қазақ тілін коммуникативтік-танымдық әдіс арқылы оқыту // «Жоғары мектеп жүйесінде көп тілді білім беру: Өзекті мәселелері мен болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. –Астана- Қарағанды, 2008. – 446-449 б.
29 Қазақ тілін инновациялық оқыту - білім беру ісінің болашағы // «Жалпыбілімдік 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқытудың үштілділік мәселелері»: республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Семей, 2008. – 110-113 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Атаулы сөйлемдер

ДИПЛОМдық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1 Сөйлем және жай сөйлемдердің теориялық және әдіснамалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемге тән белгілер, сөйлемнің
айтылу мақсатына қарай түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Жай сөйлем және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Қазақ тіліндегі жай сөйлемдерді виртуализациялау ... ... ... ... ... ... ...
2 Қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
2.1 Атаулы сөйлем. Оның өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.2 Қазақ тілі грамматикасы оқулығы бойынша атаулы сөйлемнің
жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдердің мағыналық-
құрылымдық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Атаулы сөйлемдерді оқытудың қазіргі қазақтіліндегі мәселелері мен тәжірибелік негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Атаулы сөйлемдерді қолданудағы басқа да ғалымдардың пікірлері
3.2 Атаулы сөйлемдерді оқытудың озық тәжірибелік үлгілері ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5

5
14
23
35
35

40

45

49
49
52
62
64

Кіріспе

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілді меңгеру жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шараларына байланысты өзге тілді меңгерудің ғылыми теориялары мен әдіс-тәсілдерін, тіл меңгерудің психологиялық, әлеуметтік, теориялық тұжырымдарын жасау тіл мамандары үшін өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық аренаға шығуымен байланысты елдің экономикалық және әлеуметтік мәселелерімен қоса мәдениеті мен тілін үйренуге деген құлшыныс ел ішінде де, шетел өкілдері арасында да көптеп артуда. Осыған байланысты қазақ тілін екінші тіл немесе шет тілі ретінде меңгеру саласында жаңа теориялық-практикалық бағыттар қалыптастыру аса қажет.
Атаулы сөйлем -- жай сөйлемнің түрі. Ойға қатысты бір ғана атауыш сөзден немесе сөз тіркесінен арнаулы интонациясы арқылы логик. ыңғайда құралып, баяндау мазмұны мәтінге қатысты айқындалатын бір құрамды сөйлем. А. с. мағынасы жағынан: а) заттың, құбылыстың, болмыстың ақиқаттығын бейнелей атап көрсетеді: Айдала. Көлдің биік қабағы... Күн батып барады (С. Мұқанов); ә) ақиқатты эмоциялы-сезімдік ыңғайда атап көрсетеді: Шіркіннің күлкісі!.. (Б. Майлин). А. с. зат есімнен, сонымен бірге заттанған сан есімнен (Екі. Нашар оқитындарға таңылар белгісі -- осы), сын есімнен (Шыжыған ыстық. Күйіп тұр.), есімдіктен (Сол. Еркіннің дәл өзі.), есімше, қимыл есімдерінен де жасалады. Құрамы жағынан жалаң, жайылма, дара, күрделі болады: Үскірік. Аяз. Тұлданаған күн. Ауыл. Үй саны жиырма шақты (Б. Майлин). Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жаудың табанына салып бермек (Б. Майлин). А.с. көркем әдебиетте ойды ықшам да бейнелі етіп, кейіпкер мінезін аша түсу үшін қолданылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңдағыҚазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге деген мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені ұлттың бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз [1]. Бұл үздіксіз білім беру жүйесінің аса бір маңызды буыны болып саналатын жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісін де түбегейлі жетілдіруді қажет етеді. Себебі жоғары білім дамуының негізгі қозғаушы күші болса, білімді де білікті маман - еліміздің ертеңін, жарқын келешегін құрушылар.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.Атаулы сөйлемдерге қатысты ғылыми ізденістер уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып келеді. Зерттелген сайын оның жаңа өрістерінің де кеңейе түсуі бұл мәселенің өміршеңдігін танытады. Атаулы сөйлемдер теориясын алғаш негіздеген ғалымдар С.Аманжолов, Р.Әмір,Ж.Ибраимова болатын. Олар жай сөйлемнің синтаксисінің сипатын дәл анықтап, оның құрылымын зерттеді.
Зерттеудің мақсаты - қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемді, оның ерекшелігін, мағыналық-құрылымдық негізінің теориясы мен тәжірибесін ұарастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемге тән белгілер, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін сипаттау;
Жай сөйлем және оның түрлеріне тоқталу;
Атаулы сөйлем түсінігін ашу және оның өзіндік ерекшеліктеріне тоұталу;
Қазақ тілі грамматикасы оқулығы бойынша атаулы сөйлемнің жасалуын талдау;
Қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдердің мағыналық-құрылымдық негізін қарастыру;
Атаулы сөйлемдерді қолданудағы басқа да ғалымдардың пікірлеріне тоқталу;
Атаулы сөйлемдерді оқытудың озық тәжірибелік үлгілерін келтіру.
Зерттеу көздері - қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдер және оның жасалу әдістемесі.
Зерттеу тәсілдері. Зерттеу барысында талдау, салыстыру, жинақтау, сипаттау әдістері қолданылды. Сол сияқты жүйелеу, сұрыптау, талдау зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері ретінде қолданылды. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу үшін дәстүрлі ғылыми сипаттама, салыстырмалы, мән мәтіндік талдау әдістері қолданылады.
Зерттеудің нысаны - қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдер.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер гуманитарлық бөлімнің өзгетілді дәрісханаларында қазақ тілі пәнін меңгертуде жобалай оқыту технологиясы кредиттік оқу жүйесінің талаптарын ұстана отырып дұрыс қолданылса, жобалай оқыту технологиясының түрлері студенттің жеке тұлғалық құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталса, пәннің әлеуметтік қызметіне сай жобалай оқыту технологиясы студенттің өмірлік дағдыларын дамытуға тірек етіп алынса, онда мемлекеттік тілді оқытудың білім сапасы мен нәтижелілігін арттыруға, студенттің танымдық-коммуникативтік, өзіндік ізденіс жасау мен шығармашылық дағдыларын жетілдірудің мүмкіндігі молаяр еді, өйткені жобалай оқыту технологиясы бүгінгі уақыт сұранымына лайық бәсекеге қабілетті дара тұлғаны қалыптастыруға оң ықпал ете алатын аса маңызды инновациялық жүйе болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері отандық және шетелдік ғалымдардың педагогикалық және оқыту технологияларына қатысты жасаған ой-тұжырымдарын зерделеуден, инновациялық технологиялардың жаңа заманғы білім беру талабымен үндестігін негіздеген қағидаларын саралаудан, жобалай оқыту технологиясының студенттің дара тұлғалық қабілеттерін жетілдірудегі артықшылықтарын дәйектеген түйіндеулерін жүйелеуден тұрады
Зерттеу жұмысының құрылымы:Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың практикалық қолданымы:Оқытудың жаңа жүйесі арқылы бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой - өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандыру.
Сөйлем тілдегі басты единицалардың бірі. Ол фонема, сөз, сөз тіркестерінің айырмашылықтары, сөйлем толық коммуникативтік қызмет атқарады.
Фонема, сөз, сөз тіркестерінен құрала отырып, шындық болмыстың қандай да бір бөлшегі туралы хабар береді. Тек сөйлемде ғана тіл қарым-қатынас ретінде толық қызмет атқарады.
Сөз айналадағы, қоршаған ортадағы заттардың мағыналары мен атаулары бірлікте тұрған күрделі единица Сөз тілде коммуникативтік мағына бергендіктен, тілдік қарым -- қатынаста Құрылыс материалы қызметін атқарады.
Тілімізде тек бір сөзден құралған сөйлемдер жазушылардың табиғат көркемдігін бейнелеу үшін қолданатыны ерекше стилдік тәсіл. Сондықтан бұл сөйлемдер толық коммуникативтік қызмет атқара алмайды деуге толық негіз бар. Мысалы, айдала көлдің биік қабығы, әлсіз жел. Күн бұлыттанып барады. Бұл сөйлемдердің ішінде айдала сөйлемі коммуникативті қызыметі емес. Номинативтік мағына беріп отыр. Тек қалған сөйлемдер мен мағыналас болып, құрау арқылы ғана коммуникативті қызмет атқарады. Сонымен сөз тілді коммуникативті қызметте емес, коммуникативті мағынада жасалады. Бірақ, сөйлем сөздерден құралғанда ғана өз қызметін атқара алады. Сонымен тіліміздегі, ең ірі единицалардың бірі, сөйлем сөздерден сөз тіркесі құралып, тиянақты ойды жеткізеді.

1 Сөйлем және жай сөйлемдердің теориялық жәнеәдіснамалық негіздері
1.1 Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемге тән белгілер, Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Сөйлем - тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.
Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады.
Сөйлемдер:
* айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті;
* құрылысына қарай жай және құрмалас;
* Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз;
* Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма;
* Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті;
* Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;
* Субъект мәнінің ерекшелігі жағынан белгісіз жақты, жалпылама жақты;
* Сондай-ақ сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп тілге ортақ болғанымен, олардың өздеріне тән синтаксистік ерекшеліктері бар.

Сурет 1. Сөйлемнің әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі

Сөйлем дегеніміз - сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. Сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады. Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне бірінің қырын келтіріп, қиындастырады. Қыры келетін сөздер тұрған күйінде алса да, қиындаса алады. Қыры келмейтін сөздерді қиындастыру үшін қырларын өзгертіп қиюын келтіреміз.Мысалы, Елдің малы далада, біткен жаны жалада, көбі жатыр қалада деген сөйлемнің бәрі өзгертіліп тұр, яғни жалғаулар арқылы байланысқан. Сондықтан ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады. Сондықтан сөйлемнің жаны - сөздердің басы мағыналы болып құралуы ,- дейді А.Байтұрсынов.
Қ.Жұбанов: "Сөзбен білдірілген ой аяқталған түгел ой болуы да, аяқталмаған шала ой болуы да мүмкін. Ойды бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де түгел білдіруге болады. Қыс. Күн боран. Жердің үстін жапқын қар, - дегенде қыс деген жалғыз сөздің өзі де түгел бір ойды білдіріп тұр.
Аяқталған ойды білдіретін бір я бірнеше сөзді сөйлем дейміз. Сөйлемнің қандай түрлері болады, қандай бөлшектері болады, ол бөлшектерден сөйлем қалай құралады? - міне грамматиканың осыларды қарайтын бір бөлімі бар. Грамматиканың бұл бөлімін сөйлем жүйесі немесе синтаксис дейміз.
С.Аманжолов: Сөйлем дегеніміз - сөз таптарының, тұлғалардың, яғни сөйлем мүшелерінің қарым-қатынасын көрсететін, сөйтіп барып, тиянақты ойды білдіретін категория.
Орта мектепте: "Тиянақты бір ойды білдіретін сөздердің тобын сөйлем" - дейді. Негізінде, бұл дұрыс, бірақ өте жалпыланып айтылған. КЕмшілігі: анализ жақтарын кіргізбеген. Сөздердің тобы деген жеткіліксіз, оны сөздердің қарым-қатынасына, сөздердің грамматикалық байланысына бағындырып беру керек. Сондықтан сөйлем дегеніміз белгілі бір тиянақты ойды білдіретін, өзара қарым-қатынасы бар, өзара грамматкалық байланысы бар сөздер деуіміз керек. Бұл да жеткілікті емес. Сөз бен сөздің қарым-қатынасы дегеніміз жай сөйлемге ғана қатысты, шынында, сөйлем дегеніміз сөйлем мен сөйлемнің (құрмалас сөйлемге, диалогты сөйлемге қатынасты) қарым-қатынасы да енеді.
Сөйлем - сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің, іс пен істің, ой мен ойдың қатынасын көрсетіп, белгілі бір ойды білдіреді десек, сөйлемді дұрыс түсінген болар едік.
"Тиянақты ой" дегеніміз относительді нәрсе ғана. Өйткені ойдың қыры көп. Алдыңғы сөйлем мен артқы сөйлем мағына жағынан байланысты. Кейде алғы, кейде артқы сөйлем өздігінен тиянақты болмайды, бірін-бірі толықтырады, кейде екеуінің бірлігі бір я бірнеше сөйлемнің бірлігі бүтін бір ойды тиянақтайды. Олай болса, тиянақтылықтың да шегі бар екендігінде дау жоқ. ...Ой өте кең нәрсе, олай болса, үнемі бір сөйлеммен абсалют тиянақтап қалады деуге болмайды, тек относительді тиянақты дейміз. Өйткені кейбір құрмаластағы, диалогтағы бір сөйлем субъектінің бір жағын ғана көрсетеді.
Әмір Р., Әмірова Ж: Сөйлем - коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, СТ өз беттерімен қызмет атқара алмайды.
Жеке сөз де СТ тәрізді болып келген конструкциялар да сөйлемге тән грамматикалық форма алып, коммуникативтік тұлға - сөйлемдің сапаға ие бола алады. Осыдан шығатын қорытынды - сөйлем өзіне тән грамматикалық құрылысы бар, грамматикалық формасы бар категория. Сөйлемді сөйлем ететін, сөйлемнің грамматикалық формасын құрайтын мыналар: Сөйлем бі, екі сөзден, тіпті көптеген сөзден де құрала береді. Сөйлем пікірді, яғни болмыстағы заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұмсалады. Бастауыш-баяндауыштың қатынасы предикативтілік деп аталады. Предикативтік қатынас - сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі. Сөздер бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш болып предикативтік қатынасқа түскенде ғана сөйлем сапасына ие болады.
Екіншісі - жақтық форма. Пікір алысу әр уақыт үш жақтың қатысуын ескеріп құрылады.
Үшіншісі - рай формалары. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа, шындыққа жанасымдылығын білдіретін форма.
Аханов К.: Сөйлемге тән белгілер:
1. Сөйлем - коммуникативтік қызметімен, яғни шындық болмыстыңбір бөлшегі жайында хабар беретін қызметімен сипатталатын синтаксистік единица.
2. Сөздің де, СТ-нің де қызметі номинативтік қызмет болса,сөйлемнің қызметі - коммуникативтік қызмет.
3.Сөйлемнің қырылымдық үлгісі - бастауыш-баяндауыштық үлгі. Бұл - сөйлемге тән құрылым.
4.Сөйлемге тән білгілердің бірі - интонация. Сөйлем тілдік басқақұбылыстардан интонациялық белгісі жағынан да ажыратылады. Түн. Вокзал. Қаптаған жүргіншілер.
5.Сөйлем объективтілік модальдылық категориясы, синтаксистік жақ және рай категорияларымен және осы категорияларды білдіретін құралдардың жүйесімен сипатталады. Тапқан екенсің сенетін адамды! Тыңдар ол сені! Бәйгеге қосқан аты ат-ақ екен! (395)
Ж.Жақыпов:
Сөйлемнің түрлері.
1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай топтасуы
А.Байтұрсынов: Айтылуынша айырылатын түрлері. Айтылу түрлеріне қарай сөйлем төрт түрлі болады.
1) Сұраулы сөйлем. Сұраулы сөйлем деліп жауап сұралғанда айтылатын сөйлем аталады. Мысал: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім ба?
2) Лепті сөйлем. Лепті сөйлем деліп аталатын адам көңіл күйі, жан жайымен сөйлегенде, мәселен, жан ауырғанда, не кенелгенде, тағданғанда, сұқтанғанда, кейінгенде, есіркегенде, күйінгенде, қуанғанда айтылатын сөйлемдер. Бұлар айтылғанда жай айтылмай, лепті үнмен айтылады. Сондықтан лепті сөйлем деп аталады. Мысал: Уф, алла! Бітті қаным! Шықты жаным!
3) Тілекті сөйлем. Нәрсенің болғанын, істің істелгенін көңіл тілеген орында айтылатын сөйлем түрлері тілекті деп аталады. Балалар, оұуға бар, жатпа қарап! Көңіл тілегі түрлі айтылады: 1) бұйрық түрде, 2) өтініш түрде, 3) үгіт (ақыл) түрде, 4. Жай тілек (мұрат) түрде.
4) Жай сөйлем. Сұраусыз, лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдердің бәрі жай сөйлем деліп аталады. Ат ерінді келеді, ер мұрынды келеді.
Қ.Жұбанов: Сөйлем түрлі сазбен айтылады. Қандай сазбен айтылатына қарай сөйлем үш түрлі болады. 1. Хабар сазды сөйлем. 2.Сұрау сазды сөйлем. 3. Леп сазды сөйлем.
1. Хабар сазды сөйлем. Болған, болып жатқан немесе болашақ оұиғалардың жайын хабарлай сөйленген болса, сөйлем хабар сазды болады. Жаз шықты. Күн жылы.
2. Сұрау сазды сөйлем. Бір нәрсе жайынан сұрала сөйленген болса, сөйлем сұрау сазды болады. Каспийдің сұлулығы сұрғылт құм ба?
3. Леп сазды сөйлем. Бір нәрсеге таңдана, опына, біреуге өтіне, бұйыра, ашулана, құана сөйленген немесе хабар өте көтеріңкі я өте басылыңқы көңілмен берілген болса, сөйлем леп сазды болады. Тілек, ұран сөйлемдер де леп сазды сөйлемдерге қосылады. Апырай, мына бір қызық екен!
С.Аманжолов хабарлы сөйлем сөйлемнің баяндауышына қарай жіктеледі. Себебі - бастауыштың ең бірінші көрінісі баяндауыш. ХС 8 түрлі:
1.Қимыл хабарлы, 2. Сын хабарлы. 3.Сан хабарлы. 4.Мекен хабарлы. 5.Мақсат хабарлы. 6.Анықтама хабарлы. 7.Себеп хабарлы. 8.тақырып хабарлы.
Әмір Р. Хабарды, информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар хабарлы сөйлем деп аталады. Бұл сөйлемдердің негізгі грамматикалық белгілері мыналар:
1.Баяндаыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен жасалады.
2.Өзіне тән интонациясы болады.
Сұраулы сөйлемдер. Қазақ тілінде негізінде не сұрау шылау, не сұрау есімдіктері, үстеуге айналған сөздер қосылса ,ана сұраулы сөйлем болады.
Қазақ грамматикасында: Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сқөйлемдерді СС дейміз. СС-ді қызметіне қарай былайша бөледі:
1.Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер диалогқа желі болып отырған тақырып әңгімелеудің бастапқы кезеңінде жұмсалады. Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер сұраулы сөздердің (кім, не, қашан,), шылаулардың (ма,ме, па, пе) қатысуымен жасалады.
2.Жетек сұраұты білдіретін сөйлемдер. Бұл топқа негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша қойылған сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер жатады. - Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен?
oo Бұған Ілияс дайын тұр.
oo Сен өзің ше? - жетек сұрақ.
Жетек сұрақ әр уақытта негізгі сұраққа арқа сүйеп жұмсалады. Бұл ше
Шылауының қатысуымен де жасалады. ... Соғыстан бұрын ше?
3.Анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұлар ІІ жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты білдіреді. Анықтаушы сұрақ көбіне алдыңғы репликаның лексикасын қайталап тұрады. ө Бұл кісілер қай елдікі? - Сабынкөлдікі. - Сабынкөлдікі? - Иә, Сабынкөлдікі. (Б.М.)
Сұраулы сөйлемнің мағынасына қарай бөлінуі.
А) Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл негіз сұрақ болып отырған іздеулі компонент белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қойылады. Сондықтан іздеулі мүшенің орнына кім, не, қайда, қашан, қандай, не істеді деген сұрақ мағыналы сөздер жұмсалады.
Ашық сұрақты білдіретін сөйлемдер субъектінің іздеулі екенін білдіретін сөйлемдер, предикативтік іс-әрекеттің, сапаның, сынның, іс-қимыл объектісінің, зат сапасының іздеулі екенін білдіретін сөйлемдер болып бөлінеді.
Ә) Альтернативтік сұрақты білдіретін СС. Альтернативтік сұрақта іздеуге із, жоба болып альтернатив сапа, іс аталады. Бұлар баяндауыш мүшенің сұраулы шылауларды үстеуі арқылы жасалады. Осы сөзге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба? Альтернативтер сөйлемде дара-дара аталып, болымсыз етістіктің орнына жоқ па сөзі қатысады. Тоқтайсың ба, жоқ па? Іздеулі мүше алдымен жалпы сұрақ арқылы білдіріледі де, сөйлемнің соңынан оның альтернативтерін білдіретін сөздер телулі компонент ретінде жалғастырылады.
Б) Риторикалық сұрақты білдіретін СС. Бұларда баяндауыш сөздері кері мағынада жұмсалып, ерекше интонация арқылы құралады. Дауыс ырғағының қатысы жағынан жай сұраулы сөйлемдерге ұқсас болғанмен, риторикалық сұрақ ерекше жігермен, екпінмен айтылады. Интонацияның көрінісі лепті сөйлемдермен тең түседі. Бұл сөйлемдердің құрамында өзіне лайықталып құралған баяндауыштық формалар кездеседі: келді емес пе, өтті емес пе, оұыған жоқ емессің бе?
В) Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер. Тілімізде сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін де пайдаланылады... үй қырығыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? Мұндай сөйлемдер түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер деп аталады. Мұнда тілекті, жұмсауды ізетпен, сыпайы білдіру мақсаты қойылады.
Бұйрықты сөйлемдер. Бұйрықты сөйлемдер сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалады. Жасалу жолдары:
1. Етістіктің жалаң ІІ, Ш жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы жасалады Көп сөзді қайтесің?
2. І жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды - айын, ейін, айық, ейік формалы етістіктерден жасалған баяндауыштар білдіреді.
3. Бұйрықты өтініш ретінде білдіру үшін алсаңшы, алсаңызшы түрінде құралған етістіктер баяндауыш болып жұмсалады... онан да шөпті айтсаңшы!
4. Бұйрықты тұжырымды етіп, үзілді-кесілді айту үшін ІІ жақ бұйрық форма деген соң ІІ жақ бұйрық форма болып құралған баяндауыш жұмсалады. Шық деген соң шық!
Бұдан да басқа бұйрықты сөйлемнің жасалу жолдары көп.
Лепті сөйлемдер. Сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдерді лепті сөйлем дейміз. Баяндауыштарының формалары:
1. Субъектіге тән сапаны эмоциялы түрде атау үшін айтса айтқандай, мықты десе мықты тәрізді баяндауыштар қызмет етеді.
2. Субъектіге тән іс-әрекетті ерекше екпін түсіріп, тұжырып айтуда алғаным алған, айтатыным, айтамын тәрізді баяндауыштар жұмсалады. Су жаңа дөңгелек осы қалғаны қалған!
3. Эмоциялы баяндауыш сын есім - десеңші, етістік десеңші болып құралады: күшті десеңші, алады десеңші!
4. Эмоциялы лепті сөйлем құрайтын баяндауыштардың бір түрі болымсыз шартты райлы етістік - ба, бе болып құралады: алмасам ба!
5. Шартты рай тұлғалы етістіктен жасалған баяндауыш тілекті, арманды эмоциямен білдіру үшін жұмсалады: Оқуды бітірсек!
6.Ауызеі сөйлеу тілінде бір сөздің қайталануынан құралған алмақ түгіл аламын тәрізді баяндауыштар жұмсалады. Түсіндірмек түгіл түсіндіремін!
Реплика ретіндегі лепті сөйлемдер. Тілімізде құрылысы жағынан оұшау келетін, құрамындағы сөздерді мүшелік қатынасқа анық даралауға келмейтін сөйлемдер бар. Мысалы: Келгенде қандай!, Ол ол ма!
Реплика сөйлемдер кісінің ІІжақтың сөзіне байланысты түрлі реакциясын: құптауын, ризалығын, жақтырмауын білдіреді. Тағы көреміз бе? - Көрмей!
Алдыңғы репликаның бір сөзін қайталау негізінде құралған сөйлемдер. Осыны айтасың ба? - Айтпағанда!
Синтаксис ғылымының единицасы болып сөз тіркесі алынады. Осыған байланысты синтаксис ғылымы екі тараудан тұрады. Сөз тіркесінің синтаксисті. Мұнда сөздердің байланысу тәсілдері, формалары және түрлері зерттелінеді. Тіл қарым- қатынас жасаудың құралы да, сөйлем қарым -қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы әр алуан, әр қилы болғандықтан соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер. Олардың құрамы да әр түрлі болады. Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы, көп болуы, ой ерекшелігін, стиль ерекшелігімен байланысты.
Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Жай сөйлемдер құралдық ерекшелігіне қарай жалаң және жайылма болып бөлінеді. Жалаң сөйлем бастауыш пен баяндауыштан не оның біреуінен құралады.
Ал, сөйлем құрамына бастауыш, байндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер не олардың бірі болса, сөйлемнің іргесі кеңіп, ол жайылмаға айналады. Мысалы: Жел өршелене түсті. -- жалаң. Ызғарлы жел өршелене түсті -- жайылма. Толқын күшейді -- жалаң. Теңіздің толқыны кешке таман күшейеді -- жайылма.
Сөйлем құруға негіз болатын мүшелер тұрлаулы мүшелер -- сөйлем атауының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топталып, не тікелей соларды, не, бірін- бірі , не, бірін-бірі анықтап толықтап, растап тұрады. Мысалы: Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме толқынды теңізді тіліп келеді. Бұл сөйлемнің бастауышы - кеме, баяндаушы- тіліп келеді. Олардан басқа мүшелер сол екеуінің маңына біріне-бірі бағынып барып, не тікелей бастауышқа, не баяндауышқа бағынған. Тұрлаусыз мүшелер - толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып үшке бөлінеді.
Сөйлем құрамының негізі - бастауыш пен баяндауыш болғанымен сөйлем құрамында баяндауыштың қызметі басым ерекше.
Сөйтіп мағыналық, синтаксистік қарым-қатынасқа түсетін сөздерді сөйлем мүшесі дейміз.
Тұрлаулы мүшелер. Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған ойдың қимылдың не басқа сапаның субъектісі иесі болады.
Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттың, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болатыны белгілі.
Бастауыштың мағынасы, баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы ашылмай, толымсыз сөйлемдер сирек, онда сирек кездеседі. Әсіресе, диалогта мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Қазақ тілінің де өзіндік граматикалық-синтаксистік қалыптасқан жүйесі бар. Қазақ тілінің сөйлем жүйесін қарастыратын осы саласы сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисінде зерделенеді. Бұл екеуінің арасында табиғи байланыс сақаталған. Сатылы құрылым - әуелі сөздер байланысынан тұратын тіркес, одан әрі іле-шала сырттан болған әсерлі тұтас ойға әкелетін құрылымға түсіреді. Сонда ой сөйлемге ұйытқы болады да, оны сөйлем жарыққа шығарады. Мұның бәрі мақсатты да саналы әрекетке негізделеді.
Оқытушы осы мақсаттылықты граматикалық синтаксистік өлшеммен атайды -- хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, бұйрықты сөйлем, лепті сөйлем. Қазақ тілінде осылардың әрқайсысының жасалу олдары бар. Қандай жағдайда да, тілдегі сөйлем жүйесі осы жоғарыдағы құрылымнан асып кете алмайды. Бұлардың орналасуына қарап хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдерді жай сөйлем синтаксисіне жатқызу, солайша түсіну мәнді емес, қайта бұлар тілдегі сөйлем жүйесіне тірек болады. Осы сөйлемдердің тілде қолданылу аясы бірдей бола бермейді. Сайып келгенде, сөйлем және оның құрылымы болатынын мына шумақтармен көрсетуге болады.
Бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға ұйытқы болатын басқа мүшелерді айналасына үйіріп тұратын бас мүшелер.
Бастауышқа қайталайтын негізгі сұрақтар кім?, не?
Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көпшілік, тәуелділік жалғауларында жұмсалуына қарай жоғары сұрақтар да сол жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл сөйлемде бастауыш болар деген сөздерге жалаң күйінде қойылмайды; Баяндауышпен қабаттаса қойылады. Мысалы: Ажар баяндама жасады. Кім баяндама жасады? Ажар ...
Еріншектің ертеңі бтпес несі бітпес- ертеңі ...
Зат есімдер мен есімдерден болған бастауыштар.
Сөйлемде бастауыштың қызметте жұмсалатын сөздер негізінде, зат есімдер болғанымен, олардың барлығының бастауыш болу қабілеті бірдей емес. Бастауыш - субъектінің грамматикалық баламасы. Ол іс істеуші қимыл иесі болғандықтан, сол қызметті өтей алатын заттардың ашып арнайы бастауыш болуға бейім болады. Сондықтан да ондай зат есімдер арнаулы бастауыш болатын сөздер делінеді. Мысалыға, Жарас ағаш екті - деген екті зат есім бар. Ол екеуі сөйлемде екі түрлі қызметте айтылған: Жарас - қимыл иесі, бастауыш ағаш- қимылдың объектісі, толықтай ауысу Олардың орныны ауыстырғанымен бірінің қызметінде , екіншісі жұмсала алмайды. Оның оның себебі ол екі зат есімнің екі түрлі синтаксистік қызыметін атқаруға бейімділігінде Жарас-арнаулы бастауыш болатынын сөз де, ажыраумалы толықтауыш болатынын сөз.
Жіктеу және сөздік есімдіктердің бастауыш болуына мыналар: Мысалы; Мен көрдім ұзын қайық құлағанын Абай. Біз барлаушымыз.
Сапаның есімдерден болған бастауыштар заттық сындық сапасын білдіретін және есімдер ойды ышқамды етіп, сөзбен білдіру керек болғанда, зат есімдер меи қайтарласып, тұратын дара күйінде бастауыш, толықтауышта болуы мүмкін. Ондай да, сын есімдердің сапасының мағынасы жойылып кетпей, ол әр заттың, әр сандық мағынада жұмсалады. Сын есімдер әдетте қандай заттың сандық сапсы болып жұмсалатын болса, сондай заттың бастауыштың қызыметін атқарып, таралады. Терең - көбінесе ауыз қатесіздік болатын сөз. Сондықтан оны бастауыш қызметінде терең батырады десек алдымен, Терең су батырады-деп түсінеміз. Жүйрік бауырынан аттың саны болып отырғандықтан бұл күнде машина, поезд, туралы да, жүйрік деп айтуға болғанымен Жүйрік тақтағын білдіреді деген оны алдымен, жүйрік ат деп ұғынамыз. Заттардың мұндай сандық сапасы синтаксистік қызметте, бір ғана заттың орынына жұмсалмай жалпы мағынада, біртектес көп заттың орынына жұмсалады. Бастауыш болатын сын есімдер, кісі туралы айтылған сөздер болады. Кілей сұлулар біркелкі отыр. Жақсы ісімен жақсы. Бастауыш болатын сын есімдер аз сөзбен көп мағына беруді керек ететін, мақал-мәтелді сөйлемдерде жиі кездеседі.
Жомарт жоқтығын білдірмес. Батыр бір рет өледі, Қорқақ мың рет өледі.
Сын есімдер тәуелдік көптік жалғауларда тұрып та, бастауыш қызметте жұмсалады.
1. Көптік жалғаулардағы есімдер бастауыш болғанында, олар әр уақытта, қимыл иесі - кісі - машинада жұмсалады. Егін оратындар әрі кейін де, әр ашық қырман бидайды қалады. Тәуелдік жалғауда тұрып, бастауыш болған есімдер әр уақытта, зат есім, жұмсалады. Жазуың маған ұнады. Бастауыш етістік, зат есімдерден болған сөйлемдер есімше, бастауыш қимылы кісі-кісі кім? He қылған? Орынына жұмсалады.
Тіліміздегі сөйлемдер жүйесіндегі жақсы зерделенгені -- сөйлем мүшелері. Бұларды гұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер деп екіге бөліп қарау да орныққан түсінік. Әдетте сөйлем деп айтылатын ойды біршама білдіретін сөздер тіркесінем тұратын синтаксистік құрылымды айтады. Ал осындай біршаманы құрайтын категорияларды сөйлем мүшесі ыңғайында танимыз. Тілде мұндай сөйлем мүшелерін бес топқа бөліп келеміз. Тұрлаулы мүшелердің де, тұрлаусыз мүшелерінің де қалай жасалатыны және олардың құрылысында дара, күрделі мүшелердің болатыны нақты дәлелденіп келеді. Сөйлем мүшелерінің классификациясын нақтылауды дұрыс санай отырып, әрбір сөйлем мүшесіне қатыстылардың құрылысында үйірлі мүшелердің қай-қайсысы да болатынын және біркатар сөйлем мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан ауытқиды.
Бастауыштарда жеке сөзді дара жалғау көп сөзден құралған күрделі де, үйірлі және басқа сөйлем мүшелері сияқты бірыңғай болады. Мысалы, Самат екеуміз, қырманға бардық. Ертең канал қазу жұмысын бастайды.
Мысалдағы сөйлемнің бастауыш Самат екеуміз екі сөзден құралған, Бөкен алғанда ол, өздерінің жеке- жеке мағыналары болған мен олар сол
сөйлемнің бір-ақ күрделі бастауыштары олардың баяндауыштармен
байланыстыра қарап та аңғаруға болады. Тіркескен екі есім, бір жақтың
көптік мағынада болғандықтан баяндауыш та сол грамматиканың бір
жақты тұлғада, айтылған.
Сөйлемдегі канал қазу жұмысы, демек сөздер белгілі мағынаға, тұлғаның тұтастығы бар күрделі бастауыштар.

1.2 Жай сөйлем және оның түрлері
Жай сөйлем -- бір не бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі -- құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады.
Байтұрсынов А.: Болымды сөйлемдер. Не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды сөйлем деп аталады. Еділ бойы тоғай бар, тоғай толған ноғай бар.
Не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз сөйлем деп аталады. Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды.
Тұрлаулы мүшелері бар сөйлем толымды деп аталады. Өлген келмес, өшкен жанбас. Тұрлаулы мүшесінің біреу не екеуі де жоқ болса, сөйлем толымсыз деп аталады. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
Тұрлаулы мүшелері ғана бар сөйлем жалаң деп аталады. Ел қонды.
Тұрлаулы мүшелерінен басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем жайылма деп аталады. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.
Ж а қ т ы сөйлемдер. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра атау арқылы білуге болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады. Олардың бастауыштары баяндауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Ондай жақты сөйлемдердің бастауыштарын түсіріп айту мынадай жағдайларда болуы мүмкін:
1. Ұзақ ойға қатысты болып, өзара мағыналық байланыста айтылатын жеке сөйлемдердің бастауышы бірінде болса, екіншісінде қайталанып айтылмай, соған ортақтасып тұра береді. Сонда тізбектеліп қатар айтылатын бірнеше жай сөйлемнің не құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бірінің бастауышы екінші сөйлемге де бастауыш болып ортақтасады. Мысалы: Сүйіндіктерге қарсы Құнанбай бар тобымен келген жоқ. Жылқыдан бері қарай біраз шыққан соң, өз қасындағы көп аттыны кейін қайтарып жіберді. (М.Ә) Құнанбай - ортақ бастауыш.
2. Бастауыштың қай сөз екені баяндауыштыө тұлғадан айқын болып тұрғанда, әсіресе І-ІІ жақтық бастауыштар сөйлемде ерекше айтылмайды. Қыстауымызға келе жатыр ек. (М.Ә). Біз бастауышын баяндауыш арқылы тауып алуға болады.
Ж а л п ы л а м а жақты сөйлем. Бас мүшесі белгілі бір жақтық тұлғада тұрғанымен, сөйлем семантикасы жалпыланған жақтық мәнді білдіретін, соған сай іс-әрекет үш жаққа тән боп көрінетін бір негізді сөйлем түрін жалпылама жақты сөйлем дейміз. Олар мынадай жолдармен жасалады:
1. 2-жақтық жіктік жалғауы арқылы: Не үшін келдің, не ұшін кеттің, не бітіріп кеттің. Тұңғиық.
2. Жалпылама жақты сөйлем 1-жақта да жасалады деп есептейтін ғалымдардың пікірінше, мақал-мәтелдер, афоризмдер 1-жақтық жекелік тұлғасында және ауыспалы мәндегі кқптік тұлғада жалпылық мәнге ие болады. Мұнан да жаман кезімде тойға барғанмын.
3. Жалпылама жақты сөйлем мақал-мәтелдердің, афоризмдердің 3-жақтық тұлғаларында да байқалады. Көре-көре көсем болады...
Б е л г і с і з жақты сөйлем. Бас мүшесі 3-жақтық тұлғада келіп, іс-әрекеттің иесі белгісіз жақ болатын, тек іс-әрекеттің орындалуы жайында хабар білдіру мақсатын көздейтін бір құрамды сөйлем түрін белгісіз жақты сөйлем дейміз. Жиылыста Омбы мен Қызылжарды большевик билеп алғанын хабарлады. Ол жақта жылқының етін жемейді. Сөйлемдегі іс-әрекеттің иесі болатын жақ тек логикалық ыңғайда ғана бөгде бір белгісіз жақ болып түсініледі. (Мүс.)
Ж а қ с ы з с ө й л е м. Бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлемдер деп аталады. Олардың баяндауыштары былай жасалады:
1. - у, мақ жұрнақты тұйық райлы қимыл есімі мен керек сөздерінен құралған баяндауышы бар сөйлем жақсыз болады: Бұл жұмысты тез қолға алу керек.
2. Барыс септікті тұйық райлы етістікке, есімше, көсемше тұлғалы етістікке бол етістігі көмекші болу арқылы жақсыз сөйлем жасалады. Мұндай жағдайларды көп кездестіруге болады. Қамарға кінә қойып болмайды.
3. Барыс септіктегі тұйық рай тұлғалы етістіктен болған күрделі баяндауыштың құрамында мүмкін, мүмкін емес сөзі айтылу арқылы да жақсыз сөйлем жасалады: Сан жүздеген адамнан көшеде аяқ алып жүруге мүмкін емес еді.
4. Бірдеңені арман ете айтылатын күрделі баяндауышты сөйлемнің негізгі сөзі келер шақтық есімше (р, ар, ер) болып, одан кейін сұрайлы - ма, ме шылауы мен көмекші - е, ді етістігі айтылып та жақсыз сөйлем жасалады. Па, шіркін! Мына атқа мінер ме еді?
5. Кұрделі баяндауыш құрамында барыс септікті тұйық райлы тұлғалы етістіктен кейін тура келу көмекшісі айтылу арқылы да жақсыз сөйлем жасалады: Сендермен хош айтысуға тура келіп тұр.
6. Менің инженер болғым келеді дегенде ілік жалғаулы сөздер мен болғым келеді көмекші етістіктері арқылы да жасалады.
Қазақ грамматикасында жақсыз сөйлемді жанама жақты сөйлемдер деп атайды.
Т о л ы м д ы сөйлемдер. Сөйлем арқылы хабарланатын ойға қатысты сөздер кейде түгел айтылып, кейде олардың кейбіреулері ғана айтылуы мүмкін. Сүйіндік сөзінен соң ұйлығып қалған Бөкенші, Борсақтар үндемеді. Мұнда ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылған. Сондықтан мұндай сөйлемдер толымды деп аталады.
Т о л ы м с ы з сөйлемдер. Ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер толымсыз болады. Бұл сөз одан әрі өрбіген жоқ. Қай сөз екені белгісіз ...
С.Аманжолов: "Біреулер сөйлемде сөйлемнің бес мүшелері болса, толымды болады дейді. Ал егер сол бес мүшенің біреуі жоқ болса, толымсыз болады деген пікірлер бар. Кейбіреулер бастауыш, баяндауыштың біреуі жоқ болса, толымсыз дейді. Бұл - ең тиянақты пікір. Шынында, негізгі критерий тұрлаусыз мүшенің болмауына байланысты емес. Негізгі критерий мүшенің біреуінің көрінеуде жоқ болуына байланысты. Бірақ олардың орны даяр тұрып, тек айтылмай қалып, сұрау қойғанда, шыға келетін болу керек."
А т а у л ы сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түскен мүшелер жоқ. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады. Жаз. Тымырсық ыстық. Осы негізгі мүше құбылыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемнің іргесіне тірек болады.
С.Аманжолов атаулы сөйлемді мағынасына, құрылысына қарай 3-ке бөледі: 1. Жай зат атауы. Қазақстан. Алматы. 2. Меншікті атау. (көбінесе газет, журнал, кітап аттары). "Қазақ әдебиеті". 3. Әліптемелі атау (суреттеу, зат атауы). Егіс даласы. Қара бұйра жер, көк торғын аспан.
Әмір: 1.Бейнелеу мағыналы атаулы сөйлемдер. Түн. Шалқыған ай. 2. Эмоция атаулы сөйлемдер Күлуін! 3.Сөгіс, тілек мағыналы атаулы сөйлемдер. Өркенің өскір!
Б і р н е г і з д і жай сөйлемдер. Сөйлемнің басты белгілерінің бірі - предикативтік қатынас сөйлемдегі бас мүшелердің өзара қатынасына негізделетіні белгілі. Сөйлем үнемі екі бас мүшенің грамматикалық қатынасна құрала бермей, предикативтік мағынаны логикалық ыңғайда тұтастай білдіретін бір ғана бас мүшелік құрылым арқылы да беріле алады. Атпа! Тарт былай!
Бір негізді сөйлемдер деп грамматикалық жағынан бір ғана предикативтік бас мүше құрылымда келіп, субъектілік бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз. Бір негізді жай сөйлемдер ондағы субъекті мәнінің берілісіне қарай: 1) белгілі жақты, 2) жалпылама жақты, 3) белгісіз жақты, 4) жанама (жақсыз) жақты деп бөлінеді. Тұрлаулы мүшелер жай сөйлемді құрушы негіз мүшелер болғандықтан, олар екі негізді жай сөйлем деп аталады. Күн суытты. Асқар келді.
К ү р д е л е н г е н жай сөйлемдер. Сөйлем құрылысы күрделеніп, мазмұны жағынан да күрделі ой туғызады. Бұлар бір-бірінен синтаксистік тәсілдері және іштей құрылыстары жағынан ажыратылады. Ауылдан бүгін ертелеп келген Асқар Ботакөзбен жолығу үшін оның үйіне кетті.
Көсемше оралым - бір субъектіге тән негізгі және көмекші әрекеттерді бір сөйлем бойында беруде қолданылатын құрылым. Оралым құрамындағы көсемше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер
Бір құрамды сөйлемдер
Жақты сөйлем
Атаулы сөйлем
Қазіргі қытай тілі грамматикасындағы қытай тілінің сөз жасам тәсілі
Жай сөйлемді оқыту
АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Атаулы сөйлемдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Белгісіз жақты сөйлем
Пәндер