Кәсіпорынның өнімді өткізуден түсім және табысты жоспарлауы



М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. «Арарат» ЖШС.нің даму тарихы мен шаруашылық қызметі ... ... ... ... ...5
1.1 .Өнімді өткізуге кеткен шығындар жоспарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2.«Арарат» ЖШС.нің негізгі қаржы.экономикалық көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

2. Кәсіпорынның өнімді өткізуден түсім және табысты жоспарлауы ... ..15
2.1.«Арарат» ЖШС қызметін экономикалық.қаржылық талдау ... ... ... ... ...17
2.2.Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды талдау және бағалау ... ... ... .. 24

3. Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе

Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле¬кеттік саясаттың басым бағытта¬рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб¬ликасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын және орта бизнеске қолдау көр¬сетудің жүйелі іс-қимылдары баян¬дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта бизнестің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталған дұрыс. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр.
Қазіргі танда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-III Заңы (толықтырулар мен өзгертулермен бірге)
2 ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы»
3 Бухгалтерлік есеп стандарттары
4 Мақыш С.Б. "Банк ісі"
5 Ә.Әбдіманапов "Қаржылық есеп" Алматы 2007ж
6 Кеулимжаев К.К. "Кәсіпорындағы қаржылық есеп" Алматы2005ж
7 Назарова В.Л "Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі"Алматы 2005ж
8 В.К. Радостовец "Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп" Алматы 2010ж
9 Н.Н Кадерова "Корпоративтік қаржы" Алматы, Экономика 2008ж
10 Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Ә.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау, А., Экономика. 2001ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Арарат ЖШС-нің даму тарихы мен шаруашылық қызметі ... ... ... ... ...5
1.1 .Өнімді өткізуге кеткен шығындар жоспарын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... 8
1.2.Арарат ЖШС-нің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2. Кәсіпорынның өнімді өткізуден түсім және табысты жоспарлауы ... ..15
2.1.Арарат ЖШС қызметін экономикалық-қаржылық талдау ... ... ... ... ...17
2.2.Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды талдау және бағалау ... ... ... .. 24

3. Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .30

Кіріспе

Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле - кеттік саясаттың басым бағытта - рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб - ликасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы Қазақстан-2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын және орта бизнеске қолдау көр - сетудің жүйелі іс-қимылдары баян - дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта бизнестің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталған дұрыс. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр.
Қазіргі танда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен кәсіпорынның және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму зандылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдалынады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Қарастырылып отырған жұмыстың негізгі обьектісі ЖШС "Арарат" ұйымы болып табылады. Мен іс-тәжірибемді осы кәсіпорында өттім. Іс тәжірибе 2013 жылдың 3 маусымнан 20 шілде аралығында болды. Іс-тәжірибе барысында өз мамандығыма байланысты көптеген мағұлмат меңгердім. Тәжірибеде ЖШС "Арарат" кәсіпорнының бухгатерия, ақша-қаражат бөлімінде болдым.

1. Арарат ЖШС-нің даму тарихы мен шаруашылық қызметі

"Арарат" ЖШС компаниясы 1992 жылы қараша айында құрылған. Арарат жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы қаласының орталығында орналасқан. Ол алғаш рет 1992 жылдың 19 қарашасында ҚР азаматы Хожбанов Әріптің жеке меншігіндегі қаражаттары негізінде өз қызметін бастады. Ұйымның екінші рет 1 қазан 1996 жылы Облыстық Әділет басқармасында №1099 куәлікпен мемлікеттік тіркеуден қайта өтті.
Арарат жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және Ұйымның жарғысына сүйене отырып атқарады. Ұйымның жеке балансы, банкте есеп айырысу шоты, өзінің толық атауы жазылған мөрі бар.
Қазіргі уақыттағы серіктестіктің атқаратын қызметтерін төмендегіше көрсетуге болады:
* нан және нан өнімдерін өндіру
* қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, сауна қызметтерін көрсету
* автокөліктерге май құю бекетінің қызметі
* коммерциялық мақсатта тауарларды сатып алу - сату
Ұйым жоғарыда аталған қызметтерден бөлек өз жарғысында көрсетілген өзге де қызмет түрлерімен де айналысуға құқылы:
* ауылшаруашылығы өнімін өндіру
* көлік қызметтерін көрсету
* заңда қарастырылған өзге де қызметтерді жүзеге асыру
"Арарат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыста нан өнімдерін өндіретін ұйымдар арасында өткізілетін тендерге қатысып, қаладағы аурухана, бала - бақша, мектептерді нан өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар, ұйымдарға келісім шартқа сәйкес нан жеткізіп отырады.
Арарат жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобалық қуаттылығы тәулігіне 21 тонна тоқаш және 142 тонна нан өнімдерін шығаруға есептелген.
Арарат жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тәтті тағам өнімдерін өндіру цехы ашылған болатын. Мұнда ұнтақты тәтті тағамдар өнімдері: торттар, бәліштер, печенье, кекстерді пісіретін пештер орнатылған.
Қазіргі уақытта Арарат жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нан өнімдерін өндіретін комбинат - Алматы нан зауттарының арасында өнімдерді шығару бойынша озат екендігі даусыз.
Арарат жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - галерея, оранжереялы жаяу жолдары бар, бірнеше әкімшілік және өндіріс корпустарында орналасқан, қазіргі заман талабына сай өндіріс орны. Қойма және қоймалық жайлардың жүйесі комбинатқа төтенше жағдайларда автономды тәртіпте 10 тәулік жұмыс істеуіне толық мүмкіншілік береді. Компанияның өндірістік базасы - бетонеріткіш торабы, қабырға көбікблоктарын өндіру бойынша өндірістік цехтары, столярлық, арматуралық және басқа қосалқы бөлмелерімен жұмыс істейтін кешені бар. Инертті материалдар карьерасы бар. Жүзеге асырудың негізгі плафтормасы мемлекетпен өткізілетін сәтті әлеуметтік-экономикалық саясат, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен халықты қолайлы тұрғын жайлармен және этникалық қазақтарды (оралмандарды) тарихи еліне көшіруді қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тікелей қолдауы болып табылады.
Тұрғын үй кешенінің құрылысы құрылыс-архитектуралық нормалардың қазіргі талаптарына жауап беретін, тиісті мемлекеттік органдармен бекітілген эскиздік және жұмыс құжаттамалары бар 1,7 мың артық коттедждердің құрылысы жоспарланатын 300 га жер учаскесін қамтиды, сонымен бірге болашақ көшіп келушілердің талап-тілегін ескереді.
"Арарат" ЖШС тұрғын үй, офистік және өндірістік жайларды салу бойынша үлкен тәжірибесі бар , көпсалалық шаруашылыққа ие серпінді дамып келе жатқан қазіргі компания. Компанияның ерекшелігі - құрылыс материалдарын өндіру бойынша жеке кешені және жеке арнайы техниканың үлкен паркісі арқасында сапасын қамтамасыз ете отырып, салынатын объектілердің ең аз құнына қол жеткізе алады.
Компанияның негізгі міндеттерінің бірі стратегиялық даму және ішкі менеджмент мәселелері болып табылады. Осының арқасында компания мамандары жоғары кәсібилікке, жауапкершілікке және зор күшке ие болады. ISO 9001 сертификаты белгілі бір ұйымның менеджмент жүйесінің хадықаралық басқарудың жоғары сапа стандарттарына сәйкестігінің дәлелі болып табылады.
Қазақстан нарығында жүздеген құрылыс саласында қызмет көрсететін компаниялар бар, бірақ олардың құрылыс сапасы жайлы тапсырыс беруші тек құрылыс кезінде немесе, тіпті, нысанды пайдалануға өткізіп болғаннан кейін біле алады. ЖШС "Арарат" тапсырыс берушінің біздің қызметтерінің сапасына қызметтерімізбен танысқан кезден-ақ сенімді болуын басты мақсат етеді. Бүкіл өркениетті әлемде, оның ішінде Қазақстанда да, құрылыс саласындағы сапа менеджмент жүйесін ISO 9001 сериясының стандарттары бойынша сертификаттау жұрт қабылдаған сапа тұрақтылығын дәлелдеуі болып саналады. Осы стандарт компанияның халықаралық стандарттармен белгіленген талаптарды қатаң сақтап ұстауына үздік дәлел болып табылады. ISO 9001 сериясының сәйкестендіру сертификаты біздің тапсырыс берушілер үшін сенімді құрылыс компаниясын таңдауда құрылыс немесе жобалау жұмыстарының сапа кепілдігін қамтамасыз ететін негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
Сертификатталған жүйесінің болуы құрылыс компаниясына:
Ұйымдастыру құрылымын оңтайландыруына және оның тиімділігін арттыруға;
Құрылыс заттары мен жұмыстардың жоғары сапа деңгейін қамтамасыз етуге;
Шығындарды (өндірістік ысыраптар, ақаулар, рекламация) азайтуға;
Компанияның шетелдік және отандық серіктестер алдында жағымды бейнесін қалыптастыруға;
Тығыз бәсекелестік күресте жеңуге мүмкіндік береді.

Арарат жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - нан-тоқаш, дөңгелек тоқаш, ұннан және тәтті тағам өнімдерінің 90-ға жуық түрлерін шығаратын Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорын. Нан өнімдерін өндіретің комбинат пісірген сапалы нанды алматылықтар жоғары бағалады, ал бұл комбинатқа нан-тоқаш өнімдерінің көлемін ұлғайтуғв мүмкіншілік береді. Қазіргі өнімдердің әр түрлі түрлерінің ассортиментін кез келген жағдайларда ұсынған өте орынды, яғни отбасында шәй ішуден ресми түскі қонақ асына дейін. тортар мен бәліштерді пісіру үшін тәтті шығарманың дәмдік сапасын жақсартып қайталанбастай ететін табиғи сертификатталған шикізаттар пайдаланылады.
"Арарат" кәсіпорынның қызметінің басты мақсаты болып пайда табу табылады.
"Арарат жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алғаш тіркеуден өткен кезден бастап нан пісіру цехын іске қосты, цех бір қабатты ЗФТЛ - 2 пешімен жабдықталған ғимаратта орналасқан. Бұл цехта стандартқа сай келетін жоғары сортты арнайы формадағы нан, сондай - ақ тоқаш, печенье, торт және макарон өнімдері өндіріледі.
Ұйымның негізгі шикізат көзі болып саналатын жоғары сортты ұнды Қазақстан Республикасы ұн зауыттарынан сатып алады.
"Арарат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыста нан өнімдерін өндіретін ұйымдар арасында өткізілетін тендерге қатысып, қаладағы аурухана, бала - бақша, мектептерді нан өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар, ұйымдарға келісім шартқа сәйкес нан жеткізіп отырады.
Ұйымның ресурстық әлеуетпен толық қамтамасыз етілуі өнім өндіру және қызмет көрсету процесіне көмегін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан, ең алдымен, ұйымның ресурстық әлеуетін талдауға тоқтала кеткен жөн.
"Арарат" ЖШС өткен жылдары 27 жұмысшы болып бірқалыпты тұрған. Бірақ 1998 жылдың соңына қарай Арарат ресторанының ашылуы қосымша жұмыс күшін қажет етті. Осылайша, жұмысшылар саны 34 адамды ғана құрап отыр. Еңбек ресурстарының осы мөлшері ұйымның толыққанды жұмыс атқаруына жеткілікті.
Материалдық ресурс ұйымның өндірістік қызметі барысында ерекше орын алады. Материалдық айналым құралдары мен негізгі құрал жабдықтар серіктестің материалдық ресурстарын құрайды.
Ұйым бойынша негізгі құралдардың басым бөлігін пассивті құралдар, ғимараттар мен құрылыстыр алады. Бұл оның қызметтік ерекшелігімен түсіндіріледі. Ұйымның негізгі қорларының орташа жылдық құны 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 1403.0 мың теңгеге жоғарылады, ал 2004 жылы өткен жылға қарағанда 81.9 мың теңгеге азайған. Бұған есепті жылы автокөліктерге май құю бекетінің есептен шығарылуы әсер етті.
Серіктестікте жоғары білікті инженерлік - техникалық қызметкерлер, кәсіпқой мамандар жұмыс істейді, олар қазіргі талаптарға сай сапалы бұйымдар шығаруға мүмкіндік береді.
"Арарат" ЖШС-нің өндірістік қызметінің нәтижесі оның бөлімшелерінің қызметімен анықталады. Ұйымның жұмысының тиімділігі жұмыс процесінің дұрыс ұйымдастырылуына, технологиялық құрал - жабдықтардың пайдаланылу деңгейіне байланысты. Серіктестіктің қарамағында нан және нан өнімдерін өндіру цехы, Арарат кешені, жөндеу шеберханасы, өндіріске техникалық қызмет көрсету бөлімі мен өнімнің сапасын тексеру бөлімі, материалдық - жабдықтау қызметі, есеп қисап және кадрлар бөлімі жұмыс істейді .

1.1. Өнімді өткізуге кеткен шығындар жоспарынталдау

"Арарат"ЖШС - де негізгі бөлім - нан және нан өнімдерін өндіру цехы. Онда әртүрлі пішіндегі нан, тоқаш, печенье және макарон өнімдері өндіріліп, қала халқын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырады. Цехта орта есеппен жылына 3381 мың теңгенің өнімі өндіріледі. Серіктестікте бұдан басқа Арарат кешені ресторан, қонақ үй және сауна қызметтерін ұсынып, жоғары сапалы тұрмыстық қызмет көрсетеді.
Жөндеу шеберханасында шаруашылыққа қажетті қызметтерді көрсету, атап айтқанда темірді кесу, дәнекерлеу, құралдарды жөндеу жұмыстары орындалады. Серіктестіктің жабдықтау - өткізу бөлімі мүліктердің сақталуына, өндіріс барысында материалдық қорлардың жеткілікті мөлшерде болуына, дайын бұйымдардың қордаланып қалмай, жылдам өткізілуіне және олардың сапасының дұрыс анықталып отыруына жауап береді.
Есеп - қисап бөлімі серіктестікке бөлінген мүліктердің және олардың құралу көздерінің есебін жүргізеді, жұмыс күшін жинау, кадрларды дайындау және қайта даярлау бойынша жұмыстар атқарылады.
"Арарат" ЖШС қызметін басқаруды тікелей серіктестік төрағасы жүзеге асырады. Төраға серіктестік жарғысымен заңдылықтар талаптарына сәйкес мүлкіне иелік жасайды, жұмысшылардың құрылымын, еңбек ақы жүйесін бекітеді, серіктестіктің қаржылық жағдайына, оның мүлкінің сақталуына жауап береді.
Нан және нан өнімдерін өндіру цехының меңгерушісі өндіріс жұмысшыларына (қамыр илеушілер, наубайшылар) жетекшілік етіп, өндіріс процесінің ырғақты жүруіне жауап береді. Ол сондай - ақ дайын өнімнің сапасын тексеру, барлық технологиялық процестің дұрыс жүруін қадағалау жұмыстарын атқарады.
Арарат кешенінің меңгерушісі осы кешен жұмысын ақсатпай алып жүруге, құрал - жабдықтарының жағдайына, осы сала бойынша еңбек және қаржылық тәртіпке жауап береді.
Материалдық жабдықтау бөлімінің бастығы жанар - жағар майдың үздіксіз болып тұруын қадағалау, уақытылы жеткізіп отыру жұмыстарын, өрт қауіпсіздігін сақтау, күнделікті отынның қозғалысын есепке алып отыру жұмыстарын жүзеге асырады.
Шаруашылық бөлімінің бастығы жөндеу және энергетикалық қамтамасыз ету, құралдардың үздіксіз жұмыс істеуіне, нан пісіретін пештердің берілістік құрылғылардың, т.б мезгілінде және сапалы жөнделуіне, күзет бөлімінің ауланы тазарту жұмыстарына жауап береді.
Кез келген ұйым үшін бүкіл шаруашылық операцияларын анықтауға, талдауға және жалпылама сипаттауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жиынтығы - негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу аса маңызды. Ұйымның өндірістік қызметінің жалпы сипаттамасын алу үшін негізгі технико - экономикалық жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесіне кешенді баға беру қажет, олардың қатарына - өткізілген өнім және орындалған жұмыс көлемі, өткізілген өнімнің (жұмыстың) өзіндік құны, өндірістік әлеуетті қамтамасыз етілу деңгейі, пайдаланылу тиімділігі, еңбек ақы қоры, орташа айлық жалақы, табыс көлемі, табыстылық деңгейі, тағы басқа көрсеткіштерді жатқызуға болады.
Негізгі қорлардың орташа жылдық құны 2013 жылға қарағанда 1360.3 мың теңгеге көтерілгенімен, 2010 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 81.9 мың теңгеге азайды. Ұйым нан және нан өнімдерін өндіру сонымен қатар тауарларды сатып алып үстеме бағаны қосып қайта сатумен айналысады. Алғаш қызмет ете бастаған жылдары қаланы түгелге жуық дерлік нан өнімдерімен қамтамасыз отыратын. Бірақ тапсырыс берушілердің қарыздарын дер мерзімінде өтемеуіне байланыстыөнімді тек мекемелермен тікелей келісім шарт негізінде өткізе бастады. Осының нәтижесінде өткізу көлемі де, сәйкесмінше табыс мөлшері де азайып кетті. Тағы бір жайт, Арарат ресторанының тиімсіз қызметі де табыс мөлшеріне айтарлықтай әсер етіп отыр, соның салдарынан, 2013 жылға қарағанда 2010 жылғы өнімді өткізуден түскен табыс 9613. 8 мың теңгеге, ал 2014 жылы 2010 жылға қарағанда 2409.5мың теңгеге кеміп отыр. Осыған сәйкес өткізілген өнімнің өзіндік құны да сәйкесінше 10555 және 2867.9 мың теңгеге азайды.
Ұйымның дебиторлық қарыздары 2014 жылы өткен 2010 жылмен салыстырғанда біршама жоғарылаған. Бұған тапсырыс берушілермен өтемеген қарыздарының 69.9 мың теңгеге көбеюі ықпал еткен. Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін көрсеткіш - ағымдағы міндеттемелер, басқаша айтқанда, кредиторлық қарыздар. Бұл көрсеткіш екі жылға қарағанда да 2652.7 мың теңгеге және 1133.8 мың теңгеге жоғары. Бұған жеткізушілер қарызының 1046.0 мың теңгеге, салық қарыздарының 88.2 мың теңгеге, басқалай кредиторлық қарыздардың 20.9 мың теңгеге көтерілуі ықпалын тигізіп отыр.
Сонымен ұйымның қаржы - шаруашылық қызметінің қорытындылаушы көрсеткіші - соңғы қаржылық нәтиже ұйымның 2013 жылды 2134.5 мың теңгеге залалмен, 2010 жылды 54.4 мың теңгеге, ал зерттеу жүргізіліп отырған 2014 жылды 375.2 мың теңге таза табыспен қорытындылағанын байқатады.
Қор қайтарымы өткізілген өнім көлемінің мөлшеріне қарай, 2013 жылы 4.9 теңгені құраған. Соңғы жылдары өткізу көлемінің азаюына сәйкес оның шамасы 2013 жылы 1.8 теңгені, 2010 жылы 1.4 теңгені көрсетіп отыр. Қорыта келгенде, рентабельділік деңгейі 2014 жылы 5.7 пайызды құрап, ұйымның қаржы - шаруашылық қызметінің тиімділігін байқатып отыр.
Есеп саясаты - бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай - ақ белгіленген нормалардың талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.

1.2. Арарат ЖШС-нің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Ұйымның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.
Есеп саясатының басты міндеттері:
* Ұйымның қаржы - шаруашылық қызметін объективті көрсету;
* Ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері: бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін факторларды табу, талдау және бағалау; есеп саясатын құрудың бастапқы ережесін таңдау және негіздеу; нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.
Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынадай принциптерін сақтау керек:
1. Есептеу - ұйымның табыстары мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
2. Үздіксіздік - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамданады.
3. Түсініктілік - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
4. маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауды және ұйымның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ, не дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін шешім қабылдағын кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
Бұл принциптер ұйымның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау ұйымның мүліктік және қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып саналады.
Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру қамтиды:
* Шоттардың жұмыс жоспары
* Құжат айналымы тәртібі және есеп ақпаратын өңдеу технологиясы
* Түгендеуді жүргізу тәртібі
* Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары
"Арарат" серіктестігінде бухгалтерлік есеп журнал - ордерді формада жүргізіледі.Серіктестікте негізгі құралдар есебі 2007 жылы 28 ақпандағы Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы №234 заңына сәйкес бекітілген №6 Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Барлық негізгі құралдар типтік формадағы бланкілерде жүргізіледі. Негізгі құралдар кірістелген сәтінде стандартқа сәйкес бастапқы құнымен бағаланады. Нысаналы бағыты мен орындайтын қызметіне байланысты, сондай-ақ шоттардың типтік жоспарына сәйкес серіктестіктің негізгі құралдары жіктеледі.
Негізгі құралдардың бастапқы құнының өзгеруі тек екі жағдайда ғана болады :
* Қайта бағалау
* Қосымша күрделі салымдарды жүзеге асыру немесе обьектінің белгілі бір деңгейде жойылуы.
Негізгі құралдарды есептен шығару серіктестік төрағасымен бекітілген Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы нұсқауға сәйкес жүргізіледі .
Негізгі құралдарды түгендеу "Арарат" серіктестігі төрағасының өкімімен жылына бір рет өткізіледі.
Ұйымда негізгі құралдардың амортизациясы бірқалыпты (түзу сызықты) әдіспен жүргізіледі. Салықтық есеп үшін серіктестік активтердің (негізгі құралдар және матераиалдық емес актив) амортизациясын есептейді.
Серіктестікте құралдарды күрделі жөндеуге арналған жөндеу қоры құрылмаған.Күрделі жөндеу бойынша нақты шығыстар олар пайла болған сәтте шығындардың сәйкесінше шоттарына апарылады.
Күрделі салымдар, қайта конструкциялау мен модернизациялау серіктестікте негізгі құралдардың есептелген амортизациясына, таза табыс немесе ұзақ мерзімді несиелер есебінен жүзеге асырылады.
Материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша бағаланады:
* Сатып алу бағасы;
* Бағдарламалық өнімді орнату және реттеу бойынша шығындар.
Материалдық емес активтер бойынша тозу ай сайын бекітілген нормаға сай есептеледі. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі олардың түрлеріне байланысты (лицензия, патент, пайдалану құқығы), арадағы мәміледе қарастырылған жағдайлармен анықталады.
Тауарлы- материалдық қорлар есебі № 7 Тауарлы- материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Олардың есебі қоймал карточкаларында және типтік құжаттарда жүргізіледі.Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны оларды сатып алу, транспорттық - дайындау шығындарынан құралады. ТМҚ орташа құн әдісімен бағаланады. ФИФО және арнайы ұқсастыру әдістері қолданылмайды. Сатып алынған тез тозатын заттар, инструменттер, төсек жабдықтары, арнайы киімдер, қорғану заттары эксплуатацияға берілгенге дейін 206 Басқадай материал шотының 04 Қоймадағы көп ретті пайдаланылатын заттар аралық шотында есепке алынады. Ал пайдалану мерзімі бір жылдан жоғары заттар негізгі құралдар ретінде 12501 Инструменттер, өндірістік және шаруашылақ инвентарлары шотында есепке алынады.
Серіктестікте өндіріс шығындарын есепке алу үшін 90 Негізгі өндіріс 92 Көмекші өндіріс, 93 Үстеме шығындар шоттары ашылған.
Серіктестікте қызметтерді өткізу барысында есептеу әдісі қолданылады. АраратЖШС қызметін басқаруды тікелей серіктестік төрағасы жүзеге асырады. Төраға серіктестік жарғысымен заңдылықтар талаптарына сәйкес мүлкіне иелік жасайды, жұмысшылардың құрылымын, еңбек ақы жүйесін бекітеді, серіктестіктің қаржылық жағдайына, оның мүлкінің сақталуына жауап береді. Кез келген ұйым үшін бүкіл шаруашылық операцияларын анықтауға, талдауға және жалпылама сипаттауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жиынтығы - негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу аса маңызды. Ұйымның өндірістік қызметінің жалпы сипаттамасын алу үшін негізгі технико - экономикалық жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесіне кешенді баға беру қажет, олардың қатарына - өткізілген өнім және орындалған жұмыс көлемі, өткізілген өнімнің (жұмыстың) өзіндік құны, өндірістік әлеуетті қамтамасыз етілу деңгейі, пайдаланылу тиімділігі, еңбек ақы қоры, орташа айлық жалақы, табыс көлемі, табыстылық деңгейі, тағы басқа көрсеткіштерді жатқызуға болады.
Ұйымның дебиторлық қарыздары 2010 жылы өткен 2012 жылмен салыстырғанда біршама жоғарылаған. Бұған тапсырыс берушілермен өтемеген қарыздарының 69.9 мың теңгеге көбеюі ықпал еткен. Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін көрсеткіш - ағымдағы міндеттемелер, басқаша айтқанда, кредиторлық қарыздар. Бұл көрсеткіш екі жылға қарағанда да 2652.7 мың теңгеге және 1133.8 мың теңгеге жоғары. Бұған жеткізушілер қарызының 1046.0 мың теңгеге, салық қарыздарының 88.2 мың теңгеге, басқалай кредиторлық қарыздардың 20.9 мың теңгеге көтерілуі ықпалын тигізіп отыр.

кесте 2.

Арарат ЖШС қаржы - шаруашылық қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіштер
Жылдар
Ауытқу
(+,-)

2010
2012
+,-
%
1
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге
5244.6
5162.7
-81.9
-2.6
2
Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге
4588.5
4528
-60.5
-1.32
3
Оның ішінде:
Дебиторлық қарыздар
1840
1909.9
+69.9
+3.8
4
Кредиторлық қарыздардың орташа жылдық құны, мың теңге
6118.4
7252.2
+1133.8
18.5
5
Еңбекке ақы төлеу қоры, мың теңге
4200.5
4682.6
+482.1
+11.5
6
Орташа тізімдік жұмысшылар саны, адам
30
35
+5
+16.7
7
Өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс, мың теңге
9568.7
7159.2
-2409.5
-25.2
8
Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, мың теңге
9491.0
6623.1
-2867.9
-30.2
9
Қаржылық нәтиже, мың теңге табыс(+), залал(-)
+54.4
+375.2
+320.8
6есе
10
Қор қайтарымдылығы, теңге
1.8
1.4
-3.1
-22.3
11
Қор сыйымдылығы, теңге
0.6
0.7
+0.4
+16.7
12
Өткізу рентабельділігі, %
0.57
5.7
+5.13
+10

Сонымен ұйымның қаржы - шаруашылық қызметінің қорытындылаушы көрсеткіші - соңғы қаржылық нәтиже ұйымның 2010 жылды 2134.5 мың теңгеге залалмен, 2012 жылды 54.4 мың теңгеге, ал зерттеу жүргізіліп отырған 2012 жылды 375.2 мың теңге таза табыспен қорытындылағанын байқатады. Қорыта келгенде, рентабельділік деңгейі 2012 жылы 5.7 пайызды құрап, ұйымның қаржы - шаруашылық қызметінің тиімділігін байқатып отыр.
Арарат серіктестігінің банктерде есеп айырысу шоттары бар. Ақшаның есебін жүргізген кезде қолданыстағы заңдылықтар мен нормативтік актілерді жетекшілікке алады. Серіктестікте кассадағы ақшаны жоспардан тыс тексеру айына бір рет жүргізіледі .Оны құрамында бас бухгалтер, бухгалтер, ішкі аудит бөлімінің өкілі бар комиссия өткізеді.
ТМҚ өткізу кезінде тапсырыс берушіге шот-фактура ұсынып, оның құнына қоймалық сақтау шығыны 8.5 пайыз, ҚҚС-15 пайыз көлемінде қосылады.
Бухгалтерлік есептің №12 стандартына және оның әдістемелік нұсқауларына сәйкес құрылыс қызметі бойынша есептің басты міндеті әрбір есеп кезеңі бойынша табыстар мен шығындарды дұрыс анықтау.

1. Кәсіпорынның өнімді өткізуден түсім және табысты жоспарлауы

Арарат" серіктестігінің банктерде есеп айырысу шоттары бар. Ақшаның есебін жүргізген кезде қолданыстағы заңдылықтар мен нормативтік актілерді жетекшілікке алады. Серіктестікте кассадағы ақшаны жоспардан тыс тексеру айына бір рет жүргізіледі .Оны құрамында бас бухгалтер, бухгалтер, ішкі аудит бөлімінің өкілі бар комиссия өткізеді.
Бухгалтерлік есептің барлық бөлімдері бойынша жүргізілетін алғашқы құжаттар, регисторлар 5 жыл, жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке шоттары 75 жыл сақталынады.
Есепті кезең болып 1 қаңтар 31 жеттоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл табылады.
Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және беру, сондай - ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.
Ұйымның есп шотындағы ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.
Ұйымдар қолма - қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандарынан төлем тапсырмасын пайдаланады.
Тараптардың өзара келісіміне сәйкес төлем тапсырмасы бойынша есеп айырысулар жедел, мерзімді және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау
ЖШС ЖЕДЕЛ БАСУ БАСПАХАНАСЫ қаржылық есептілігін талдау
Кәсіпорының табысың ұтымды пайдалану шараларын дайындау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Ақша қаражаттарын басқару саясаты
Өнімді шығару мен өткізу шығындарын басқару және жоспарлау
Кәсіпорын шығындары мен пайданы арттыру
Қаржы жүйесінің бір буыны - шаруашылық субьектілерінің қаржысы
Ақша қаражаттары мен есептеулердің есебі
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі
Пәндер