Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Қазақстандағы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-саяси ахуал және Мәшһүр Жүсіп Көпеев публицистикасы

1. 1. Алғашқы қазақ басылымдарында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларының өріс алуы

1. 2. Тәжірибелі публицистің шығармаларындағы жаңашылдық

1. 3. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 1907 жылы Қазаннан жарық көрген публицистикалық еңбектері

2. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері

2. 1. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларына тән шеберлік

2. 2. Публицистің тарих, әдебиет, өнер тақырыбын көтеруі

2. 3. Ғасыр саңлағының публицистикадағы өзіндік орны

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әр жылдары баспасөз беттерінде түрлі жанрда жарияланған материалдары мен мемлекеттік баспалардан жарық көрген публицистикалық шығармаларының қоғамнан алатын орны айқындалып, өзіндік ерекшеліктері көрсетілуімен қатар, мән-мазмұны да анықталып, тәжірибелік маңызы жан-жақты талданады. Сондай-ақ, зерттеудің алынған соңғы нәтижесі бағаланып, қазіргі кезең үшін қолданбалы маңызы нақтыланады.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ публицистикасының тарихы сонау ХІХ ғасырдың екінші жартысынан - Шоқан, Ыбырай, Абай шығармашылығынан басталады десек, оның дәстүрлі жалғастығының арқауы күні бүгінге дейін үзілмей, қайта жаңа заман үрдісіне сай жаңарып, түрленіп төртінші биліктің мұқалмас қаруына айналып отырғандығы шындық. Осы бір ұлы көштің бірі ХІХ ғасырдың орта тұсында қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистік рухани мұраларын саралап-салмақтау кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, берері мол дәріс. Сондай-ақ журналистика теориясы мен тәжірибесі зерттелуінің негізгі құрамдас бөлігі - публицист шеберлігі екені анық. Саналы ғұмырын сан салаларға арнаған Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің әдеби-публицистикалық туындыларымен қазақ әдебиеті мен журналистикасы дамуына сүбелі үлес қосты. Оның публицистикалық шығармаларына берілер баға - оның әдеби-эстетикалық тұлғасы мен шығармашылық даралығын толықтырып, шеберлігінің бет-бейнесін айқындай түседі.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Бұған дейін Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбектері зерттеліп келді, әлі де зерттелуде. Сондықтан бұл жұмыс сол зерттеулердің жалғасы. Бүгінгі дипломдық жұмыста Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларына талдау жасап, еңбектерінің мәні мен мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін зерттеуді қолға алдым. Публицист Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің Қазан қаласында жарық көрген «Хал-ахуал», «Сарыарқа кімдікі?», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» тағы басқа да көптеген кітаптарына, қазақ ауыз әдебиеті мен Шығыс дастандарының үлгісінде «Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы», «Баяннама» сыны қисса-дастандарына шолу жасалды. Сондай-ақ ақын-жыраулардың әдеби мұраларын хатқа түсіріп, ұрпаққа үлкен сый қалдырған-ды. Диплом жұмысын зерттеу барысында осы құнды дүниелерге сүйеніп, әрбіреуінің мәні мен маңыздылығын, өзіндік ерекшелігін саралап, публицистің шеберлігін тақырып деңгейіне үйлестірдім.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының тақырыбы мен идеясына, жанрлық, көркемдік ерекшеліктеріне ғылыми-теориялық тұрғыда байыпты зерттеу жүргізіледі. Зерттеуші ғалымдар Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы, оның өнегелі ғұмыры, ғұламаның өмір сүрген кезеңнің бұралаң белестері жайлы психологиялық-философиялық ойлар толғайды, соны деректер мен танымдық сыр-сипаты мол мағлұматтар келтіреді.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Мәшһүр Жүсіп Көпеев публицистикасындағы тақырып, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, ондағы сыншылдық пен публицистік пайымдаулар, туындыларындағы түр мен дәстүр жаңашылдығы, көркемдік, публицистік, философиялық, эстетикалық басатулардың арнасын зертеу - тың проблема. Замана ағымының идеологиялық талап-шарттарынан, көзқарастардан аулақ, жоғары таным, эстеикалық тағлым тұрғысында публицист туындыларындағы реализм, лиризм әдістерінің үндестігін алғаш топшылап, саралауға талпыныс жасалды.

Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармалырының мән-мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері тұтас күйінде зерттелуі алғаш рет.

Диплом жұмысының мақсат-міндеттері. Бұл дипломдық жұмыстың басты мақсаты Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты ғылыми талдаудан өткізу нәтижесінде, оның журналистік және публицистік қыр-сырын ашу, сол арқылы ұлттық баспасөз тарихында алатын орнын айқындау болып табылады. Ал, осы мақсаттан туындайтын негізгі міндеттер мыналар:

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау.
  2. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру.
  3. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспасөз беттерінде жарияланған материалдарын жіктеу арқылы оның негізгі көтерген мәселелерінің тақырып ауқымын нақтылау.
  4. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспадан шыққан публицистикалық шығармаларының мән-мазмұны мен бағыт-бағдарларын ашып көрсету.
  5. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау.
  6. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен тақырыптық сипатын талдау.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларын талдау барысында көбіне индуктивтік тәсілге, яғни жалқыдан жалпыға қарай жетелейтін зерттеу жолына басымдық берілді. Қажетті тұстарда салыстырмалы-тарихи әдіс пен жүйелі талдаудың сыннан өткен қағидаттары ескерілді. Сонымен қатар ғылыми жүйеде қолданылып жүрген тарихи-танымдық тәсіл, жинақтау, құрылымдық-логикалық, анализ және синтез негізге алынды.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәнділігі. Мәшекең өзінің публицистік еңбектерімен оқырмандарының жүрегін жаулап, мақалалар жазып, қоғамның күн тәртібінде тұрған сан-салалы проблемаларын қозғап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсете білген шығармаларының құндылығы өте жоғары деп білеміз. Сондықтан бұл зерттеудің деректік негіздері мен тұжырымдары халқымыздың өткен және бүгінгі тарихын, әдебиеті мен мәдениетін болашақ ұрпаққа рухани мұра ретінде ұсынатын мұрағаттар қатарына жатады. Ал, зерттеу нәтижелері болса Қазақстанның әдебиеті мен мәдениетін тереңірек біліп, зерттеуге қызмет етеді. Сондай-ақ, дипломдық жұмыс материалдарын тарих, әдебиет, мәдениет, журналистика салалары бойынша арнайы курстарға енгізуге болады. Мәшһүр Жүсіп Көпеев публицист, әдебиетші, ауыз әдебиетін зерделеуші ретінде терең және жүйелі зертеліп, ғылыми тұжырым, дәйектемелер негізінде талданды.

Диплом жұмысының құрылымы. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылық қызметі сан салалы. Ол - ауыз әдебиетін зерттеуші, публицист. «М. Ж. Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің мәні мен мазмұны және өзіндік ерекшеліктері» деп еңбектің аты айтып тұрғандай, зерттеу кіріспеден және екі үлкен тараудан тұрады. Бірінші тарау - «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-саяси ахуалы» деп аталады, ол«Алғашқы қазақ басылымдарында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларының өріс алуы», «Тәжірибелі публицистің шығармаларындағы жаңашылдық», «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 1907 жылы Қазаннан жарық көрген публицистикалық еңбектері» деген тармақшалардан құралған. Екінші тарау «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері» деп аталып, ол «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларына тән шеберлік», «Публицистің тарих, әдебиет, өнер тақырыбын көтеруі», «Ғасыр саңлағының публицистикадағы өзіндік орны» сынды үш тармақшалардан, қорытынды мен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларының барлық кезеңіне қатысты газет-журналдарда, ұжымдық жинақтарда жарық көрген мақалалары мен сыни мақалаларының тізімі жасалды.

І. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-саяси ахуалы

1. 1. Алғашқы қазақ басылымдарында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларының өріс алуы

Қазақ публицистикасы жаңа түр, жаңа сипат, жаңа саяси маңыз алып тарих аренасына шыққан кез - ХІХ ғасырдың екінші жартысы болып саналады. Яғни бұл кезде қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары - «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаятының» газеттері шыға бастады. Қос газет қазақ мерзімді баспасөз тарихынан елеулі орын алатыны ақиқат. Аталмыш газеттер қазақ халқының нақты бір кезеңдердегі хал-ахуалын, тұрмыс-жағдайын бейнелген бірден бір басылымдар. Оларда жарияланған материалдардың жиынтығы, баспасөздің тарихын, теориясы мен практикасын зерттеп, зерделеудің бастауы. «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаятының» газеттері қоғамдық-саяси, арнаулы, салалық, тақырыптық тағы басқада жаңалықтар арқылы өз дәуірінің көкейтесті проблемаларын қозғап, қоғамдағы алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік-саяси және арнаулы хабарлармен қамтамасыз етті. Қоғам өмірінің болмыс-құбылыстары, тенденциясы, заңдылықтары, экономика, әлеуметтік-саяси, рухани-идеологиялық дамуы жөнінде мағлұмат беріп, жұртшылықтың қоғамдық пікірін, көзқарасын қалыптастырды. Жазба журналистика мерзімді баспасөздің (газет, журналдың) қауырт өркендеуіне байланысты буржуазиялық табының феодализмге қарсы саяси, экономикалық, идеологиялық күресі өрлеген дәуірде дами бастады. Қазақ журналистикасы соңғы 10 жылдан астам уақытта коммунистік жүйеден демократиялық журналистикаға ауысуға бет алды. Еліміздегі қазіргі журналистика мемлекет пен билік арасына дәнекер болатындығымен де ерекшеленеді. Сонымен қатар демократиялық құндылықтарды көпке насихаттайтындығымен, плюрализмге кең өріс ашатындығымен және ұлттық мүдде, елдің тұтастығы үшін күресетіндігімен де маңызды. Бүгінде ақпаратсыз өмір сүру қиын десек артық айтқандық болмас. Күнделікті қажеттілікке айналған ол, онсыз республикамызда ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан оқиғаны біле алмаймыз. Бүгінгі журналистика кешегіден мүлдем өзгеше. Бір сарынды материалдармен тыңдаушысын, көрерменін, оқырманын алдарқатып келген кеңес журналистикасы келмеске кетті. Ал оның орнын оқиға-көріністерге толы, өмір құбылыстарына обьективті баға беріп, қоғамдық пікірді қалыптастырып, ұлтты ұйытатын, бірлікке, ізгілікке шақыратын зайырлы бұқаралық ақпарат құралдары басты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Ресейге түгелдей қосылуы - қазақ қоғамының саяси-шаруашылық, мәдени дамуына әр алуан сипаттағы өзгерістер ала келді. Бұл Ресей империясындағы крепостниктік правоның жойылып, бірқатар буржуазиялық реформалардың қабылданып, а капитализм кең қанат жая бастаған кезең болатын-ды. Соған сәйкес Қазақстанда да каптиализмнің нышандары байқала бастады. Отарланған жаңа өлкені тез арада игеріп, оны басыбайлы бағындыру үшін патша үкіметі қазақ даласын бірыңғай басқару жүйесіне енгізуді қолға алды. Отарлау екі әдіспен жүргізіліп, бірі - басқарудың жаңа жүйесін енгізу, ал, екіншісі -қазақтардың арасында христиан дінін тарату еді. Бұд эөнінде белгілі ғалым М. Мырзахметов: «Екінші Александр патшаның 1865 жылғы 5 маусымындағы арнаулы раскриптінде екі нәрсеге айрықша назар аударылды. Оның бірі - қазақтың бәрін билеп-төстеудің жаңа жүйесін жасап, яғни яғни «жаңа низам» деп аталатын ережені 1867 жылдан бастап өмірге нақты түрде енгізу мақсаты көзделеді. Екіншіден, қазақтарды келешекте православия дініне ендіруде бар мүмкіншіліктерін қарастыру арқылы көздеген орыстандыру саясатының түпкі мақсатын меңзейді» [1] деп көрсеткен болатын. Алайда, Ресейдегі крепостниктік правоның жойылуы елдегі аграрлық мәселені шешкен жоқ. Үкімет шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан алыстату мақсатында бірқатар шаралар қолданды. Солардың бірі - қоныс аудару саясаты. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының ортасында Қазақстанға Орталық Ресейден шаруаларды жаппай қоныс аударта бастады. Патша үкіметі осыған байланысты арнайы «Заң ережелерін» бекітіп, көшпелі қазақтардың бұрыннан қоныстанып келе жатқан жерлерін мемлекет меншігіндегі жер деп таныды. Қоныс аударушы орыс шаруаларына қазақтың кең байтақ даласының ең шұрайлы жерлері кесіп берілді. Және ол заң жүзінде бекітіліп, жер келімсектерінің толық жеке меншігіне өтті. Сөйтіп, патша үкіметі қазақ даласында орыстандыру саясатын жүргізе бастады. Бір сөзбен айтқанда, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезі қазақ халқының тарихындағы ең бір елеулі кезең болды. Бұл - Ресейде революция дауылдары өршіген, халықтың басына сан қилы сынақтар түскен кез еді. Россиядағы әлеуметтік жаңарулар мен өзгерістердің, ірі-ірі оқиғалардың жаңғырығы қазақ даласына жетіп жатты. Бұл сол кездегі халық өмірінде де терең көрініс тапты. Сол себепті де бұны сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланыста алып қараған жөн. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ даласының экономикасы мен шаруашылығы ғана емес, мәдениеті мен әдебиеті де жедел өркендей бастады. Халықтың сана-сезімі оянып, жаңалыққа құштарлық күшейе түсті. Елдің оқу, білімге ынтасы артты. Елді мекендерде оқу-ағарту ісі жанданып, мектептер ашыла бастады. Егер ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қазақ жерінде ондаған ғана орыс-қазақ мектебі болса, жаңа ғасырдың басында жалпы білім беретін оқу орындарының саны бес жүзге жетті. Қазан төңкерісіне дейін қазақ арасында оқу-ағарту жұмысы екі түрлі бағытта жүргізілді: бірі - мұсылманша, екіншісі - орысша. Діни-мұсылманша оқу қазақ елінде бұрыннан, тіпті, Қазақстан Ресейге қосылмай тұрған кезінде-ақ бар болатын. Екі дәуір аралығында, яғни ХІХ ғасырдың ақыры мен ХХ ғасырдың басынан бастап жаңа, төте оқу - усуну-жәдит оқуы шығуына байланысты, қазақ арасында ескіше оқу Бұқара, Қазан жанындағы мұсылманша оқытудың үлгісі бойынша жүргізілді.

Аталған қос газеттер ұлт өкілдерінің халықтық проблемаларды күн тәртібіне қою, жұртты ағарту, прогреске бастау ниетімен шығарылды. Оларға социал - демократтар, революция толқынын көргендер қатысты. Бірақ осылардың өзі жалпы халық, ұлт атынан сөйледі, мәселені таптық тұрғыдан қоюға еркін көтеріле алмады. Кейде ұлтшылдыққа, діншілдікке бой ұрды. Патша өкіметінің Қазақ төңкерісіне дейін қазақ даласында жүргізілген отарлау саясаты мемлекеттік жүйенің барлық саласын қамтығаны құпия емес. Сол сұрқия саясаттың бір бағыты - басылымдар шығарып, тарату. Қаламы қарымды журналист халықтың сирек сөзін бұйырған несібедей теріп алып, ұмыт болып бара жатқандарын қырлап, өңін құлпыртып өмірге әкеледі. Сөйтіп әдеби тіліміздің тіл байлығының дамуына, баюына тамшыдай болса да өз үлестерін қосады. «Әйтсе де, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы отаршылдық пиғылдағы газет-журналдар туралы ешқандай еңбек жазылмаған деген пікір тумаса керек. Көрнекті ғалым Х. Бекхожиннің «Дала уалаятының газеті» - қазақтың тұңғыш газеті деген кандидаттық диссертация мен Б. Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзінің тарихы» атты кітапшасын кезінде орынсыз сыналып, сол еңбектері үшін авторлар қуғындалды. Қ. Бекхожиннің бұл жазып қалдырғанынан қазақ журналистикасының пайда болуына не себеп болғанын білсек, енді оның тағы бір мұрасынан қазақтың мерзімді баспасөздің де пайда болуына бірден бір себеп тағы осы Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінен екен. Орыс халқының озат мәдениетінің игі әсерімен Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың шығармалары баспа бетін көрді десе, сөйтіп ХІХ ғасырдың бас кезінде және екінші жартысында қазақ тілінде кітап, газеттер шыға бастады десе, енді бір жерде қазақ совет баспасөзі ұлы Октябрь социалистік революциясы арқасында дүниеге келді. Ол совет үкіметі үшін күресте, буржуазияшыл ұлтшылдардың баспасөз органдарына қарсы күресте шынығып, дамыды. Жұмыс барысында елдегі мерзімді баспасөз беттерінде «Дала уалаятының газеті» турасында жазылған публицистикалық мақалалар мен хаттар пайдаланылды.

Қазіргі қазақ баспасөзі қоғамымызда болып жатқан оқиғалардың барлығына ат салысып, өзекті проблемаларды дер кезінде көтеріп, қоғамдық пікір туғыза отырып, сол проблемалардың дұрыс шешілуіне мұрындық болып отырғаны белгілі. Қазақ баспасөзі мемлекет тәуелсіздігінің нығаюы және көркеюі жолында мейлінше үлкен рөл атқаруда. Әсіресе, ұлттық тіл және жер, еліміз тәуелсіздігінің идеясын насихаттау, қорғау, идеология майданындағы бітіспес күрес ісінде атқарып отырған қызметін ерекше айтуға болады. Бүгінгі таңда қазақ баспасөзінің көтеріп отырған өзекті тақырыптарының бірі - республикамыздағы мәдениет құрылысының жетістіктері мен проблемалары. Сондай-ақ басқа да тақырыптарға тоқталар болсақ, мәселен, саяси, экономикалық, мәдени, тарихи және спорт жаңалықтары араласып жүреді. Профессор Тауман Амандосов өз зерттеулерінде: «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаяты» (1888-1902), «Торғай газеті» (1895-1910) газеттері және «Айқап» журналы (1911-1915) қазақтың демократиялық бағыттағы публицистикасының дамуына және қалыптасуына едәуір әсер етті. Бұл газеттер мен журналдарда істеген прогрессивті бағыттағы қазақ оқығандары ана тіліміздегі публицистика жанрларының пайда болуы, оның дамуы жолында жемісті еңбек етті», - деп атап көрсетті. Осы кезде Қазақстанда баспасөз ісі де қолға алынып, жандана бастады. ХІХ ғасырда қазақ тілінде «Дала уалаяты газеті» шығып тұрған болса, ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ тілінде алты газет-журнал шықты. Сондай-ақ, қазақ тілінде ХІХ ғасырда небары 100 шақты кітап басылса, ХХ ғасырдың басында /1900-1917 жылдары/ 300-ге жуық кітап басылды. Бірақ бұл дерек нақты емес. Өйткені бұған кейін ақталып жатқан ақтандақтар аталған көптеген арыстарымыздың еңбектері енбеген еді. Міне, қазақ қоғамы үшін осындай үлкенді-кішілі оқиғалар мен өзгерістерге толы кезеңде дүниеге келген халқымыздың біртуар ұлдарының бірі - Мәшһүр-Жүсіп Көпеев еді. М. Ж. Көпев өз заманындағы саяси-әлеуметтік құбылыстардың мән-мағынасына терең ой жібере отырып, ол жайындағы пікір-толғаныстарын мерзімді баспасөз беттерінде үнемі ортаға салып отырған. Ұлттық баспасөзіміздің алғашқы қарлығаштары - «Дала уалаяты» газеті мен «Айқап» журналында оның мақалалары мен суреттемелері шықты.

Баспасөз қызметі қоғам мүддесін қорғайтын, оның барын бақылап, жоғын жоқтайтын құқылы, қоғамдық, мемлекеттің қозғаушы күші. Бүкіл әлемдік баспасөз болмысының табиғаты мазмұнды, ісі кемелді болуында жатыр, әрі елдің формациялық қоғамының дамуына қарай баспасөз қызметі де соншалықты маңызды қызмет жасайды. Әрбір мемлекеттің өткен тарихын, ұлттың дәстүрін баспасөз сақтап отырса, оның келешегінің өмір сүруіне де бағыт-бағдар айқын болады. Кезінде батыс елдерінде баспасөз ісі қолға алынбайынша оқып-білу танымы жетілмейтіндігін де сөз еткен. Бұл мәселе шығыста, әрине, кешіректеу болды. Ал өзіміздің Қазақстанның баспасөз тарихына келсек, кешегісі мен бүгінгісін болжайтын қоғам тарихын байқауға мүмкіндігіміз бар сияқты. Қазақстан баспасөзінің эволюциялық, әдеби, ғылыми, публицистикалық жылнамасы да ерекше.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әлеуметтік көзқарастары
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшелігі
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Мәшһүр Жүсіп шығармаларында ұлттық құндылық көрінісі
Мәшһүр Жүсіп Көпеев поэзиясындағы шығыс тақырыбы
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz