Тележурналистиканың дамуы


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І. Кіріспе . . . 4-10

І. Көгілдір экранның көрікті келбеті . . . 11-33

1. 1. Қазақ тележурналистикасының туу, қалыптасу және даму кезеңдері . . . 11-19

1. 2. Ақпарат кеңістігі және тележаңалықтар . . . 19-26

1. 3. Республикалық және аймақтық теледидарлардың өзіндік байланыстары . . . 26-33

ІІ. Тележаңалықтар: журналист шеберлігінің құпиялары . . . 34-58

2. 1. Тәуелсіздіктің ауыр жүгі. Тележаңалықтардың өзіндік ерекшеліктері . . . 35-43

2. 2. Бүгінгі телевизиядағы танымал тележурналистердің жеке стильдері, бағыттары . . . 43-50

2. 3. Телехабарлар пішіндерінің сипатамасы . . . 50-58

ІІІ. Қорытынды . . . 59-66

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 67-70

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тележаңалықтар: журналист шеберлігінің құпияларында кездесетін мәселелердің көкейтестілігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болып, алынды. Теледидар - бұл журналистиканың, ғылымның, өнердің, ғылыми-техника ойының, экономиканың алдыңғы жетістіктерін өзіне біріктірген ХХ ғасырдағы ұлы құбылыстарының бірі. Радио, теледидар сынды жаңа бұқаралық ақпараттардың пайда болуынан бастап, бұқаралық ақпарат құралдары дәстүрлі және жаңа, баспалы және электронды болып бөлінді. Аудио және бейне сигналды біріктірген теледидарға әуел бастан ерекше көңіл бөлінді, және бүгінде де солай.

ХХІ ғасырдың екі жылында, байқап-бажайлап қараған кісіге адамдардың психологиясында да өзгерістер байқалуда. Жаңа ғасыр бізүшін кең ақылдың, терең ойдың біліктілік пен парасаттылықтың дәуірі болуға тиіс. Ұлтымыздың мыңжылдықтар тоғысындағы бет-бейнесі - оның күнделікті айнасына айналған теледидардың қабілет-қарымына да тікелей қатысты. Осы кезең - халықтық дәстүрдің уақыт ағымына төтеп берген, замана жаңалығымен жарасымды жалғастығын тауып, биік мұратты туындыларды өмірге әкелуге суреткерлер мүмкіндігінің айқындалар, көрінер тұсы. Ең қауіптісі, бүгінде жас суреткерлер іске немқұрайдылықпен қарайтындығы. Егер, осы селқостық оның өнбойына бірте-бірте сіңсетін болса, онда біз әрекетке көшуіміз қажет. Белгілі грузин режиссері Л. Гогоберидз: «Егер суреткер де айтатын ешнәрсе болмаса, оның жан-дүниесінде не қайғы, не қуаныш болмаса, ондаоның шеберлігін үйренудің қажеті қанша? Зергерлер бізде онсыз да жеткілікті. Сенің жеке сезімің қоғамдық оймен тоқайласқанда ғана үлкен өнер туындайды. Біздің міндетіміз сол тоқайласуды жастардың табуына көмектесу», - дейді.

Етжеңді егеменді Қазақстан тәуелсіздік жылдарында өзінің дамуын әлеуметтік-экономикалық құрылымының жаңа заңдары бойынша ұйымдастыруды қолға ала бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ішінде талай өзгерістер енгізіліп, журналистика мен өзге қоғамдық құрылымдар арасында жаңа қарым-қатынас механизмі пайда болып, журналистиканың рөлі мен қызметі өзгеріп келеді. Бүгін ол жаңа бәсекелестік жағдайда, рыноктық қатынаста өмір сүреді. Қоғамның әр түрлі, әрі қарама қайшы дамуында журналистика біріншіден қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық өзгерістердің құралы, ал екіншіден, журналистика өзі өзгелерге, оның ішінде, жаңа қоғамдық-саяси құрылымдар мен әлеуметтік институттарға әсер етуші нысан болып есептеледі. Дегенмен, тоталитарлық кеңестік жүйенің көп әлеуметтік институттары жаңа бағыттармен қатар, өзге қоғамдық-құқықтық өрісте «жаңа қызмет негізінде» жұмыс істеп келді, әлі де істейді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Профессор М. Барманқұлов баспасөз, радио мен теледидардың жанрларын салыстыра зерттеп, олардың өзара әсерін айтады. Ол өзінің еңбектерінде қазақ теледидарының нақты тәжірибесін талдай отырып, біршама хабарларға тоқталған. Алайда ойын-сауықтық сипаты басым бағдарламаларға жеке талдау жасаған. Қ. Тұрсынов «Қазақ теледидарындағы дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбын (*) қозғай отырып, «Құрдастардың», «Алтыбақан», «Көкпар», «Арай», «Атамекен», «Мың да бір рахмет» топтамаларына қалам тербеген. Дегенмен, бұлбағдарламалар тыңғылықты зерттеу нысанына айналмаған. Зерттеуші Қ. Аманбаев қазақ теледидарының қалыптасуы мен дамуын еңбегіне арқау етіп, теледидар бағдарламасында маңызды орын алатындығын айтады. (*) . Ал Ә. Сүлейменова ұлт тілдеріндегі телехабарлардың ерекшелігі мен спецификасын зерттей отырып, көп тілді теледидар қызметін талдаған. Сондай-ақ «Ақиқат», «Ар» бағдарламаларын тікелей эфирдегі табиғаи әңгіме ретінде атай келіп, студияның қазақ аудиториясына әсер ету ықпалы жөнінде әңгіме қозғайды. Сондай-ақ, елдегі телеарналардың құрылымдық-бағдарламалық, шығармашылық, мазмұндық аспектіде зерттелуіне және онда қызмет ететін тележурналистердің шеберліктерін көрсетуге арналған. Орталық және жергілікті теледидарлар әрдайым өзара тығыз байланыста. Қайта құру кезеңіне дейін басқарудың вертикальды түрі қолданылды, оған сәйкес барлық республикалық, аймақтық, облыстық және қалалық телестанциялар КСРО-ның мемлекеттік телерадиосына бағынды. «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Хабар», «Еларна» сынды республикалық телеарналар барлық облыстарға хабар таратып, көпшіліктің жанарын жаулап алғанымен, олар жергілікті мәселелерден алшақ. Тек аймақтық теледидар «дифференциялық» әлеуметтік, мамандандырылған, этникалық және территориялық топтардың ерекшеліктерін ескере алады, әрбір адамға жетіп, үлкен саясат мәселелерін жергілікті жағдайдың тіліне аудара алады, сенімді қарым-қатынас, байланыс, сөз алмасу жасай алады»1 (*) . Қазақ тележурналистикасының хабар таратуының осылай үндесуі көрермен аудиториясының әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Осы зерттеудің барысында тележурналистика қызметінің қарқынды дамуы турасында көптеген мәселелер кездесті. Теледидар - ХХ ғасырдың ең күрделі мәдени құбыластарының бірі. Өзге БАҚ-тарға қарағанда қоғамдық пікірге әсер етуде ең қуатты механизміне ие бола тұра, ол бұқараның көзқарасын мен стереотипін қалыптастырады. Республикамыз егемендік алғалы бері көптеген тәуелсіз және жекеменшік баспалар, газеттер, радио, телеарналар ашылып, өз жұмыстарын түрлі бағытта жүргізіп келеді. Бірақ, олардың үкімет аясында әлеуметтік - экономикалық реформаларға көзқарасы қандай бағытта өрбімесін, кез-келген арнаның (теле немесе радио) назарда ұстайтын басты қағидасы - өз көрермендері мен тыңдаушыларын жаңа, әділ, сенсациялық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Әр телеарнаның ақпараттық хабар тарату бағдарламалары өзіне тән ерекшеліктері бойынша құрылған. Біреуі ресми жаңалықтарға ықылас білдірсе, екіншісі - қалалық шеңбердегі жаңалықтармен шектеледі (әсіресе, хабар тарату диапазоны тек қана қалалық аймақты қамтитындары), үшіншісі - экономика, бизнес әлеміндегі жаңалықтарға молырақ уақыт бөледі. Қазіргі нарық заманында аталмыш ақпарат құралдарының көбісі дерлік демеушілер ақшасымен, жарнама беруші мырзақолдардың қаржылық көмегімен өмір сүруде. Теледидар үнемі өзгеріс үстінде, оның себептері көп және орынды. Заманауи теледидарларда жүріп жатқан үрдістер терең ойлай мен жүйелі талдауды қажет етеді. Себебі олардың байланысы арналардың типологиялық ерекшеліктері мен мазмұндық және бағдарламалық саясаты жинақталған негіз.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Тележаңалықтар: журналист шеберлігінің құпиялары журналистика ғылымының зерттелуінде шеттен тысқалып отырған жоқ па? Тек ағымдағы ақпарат пен жаңалықтың жаршысы бола білетін телеарналар ғана елдің ертеңгі тұтқасы бола алады. Олайболса, қазақ тележурналистикасының іскерлік, жан-жақтылық, төзімділік, имандылық, инабаттылық сынды қасиеттерді көгілдір экран арқылы қалайберу керектігін дипломдық жұмыс барысында мақсаты мен міндеті ретінде алып қарағанды жөн санадым.

Еңбекте қазақ тележурналистикасының мол мұрасын зерттеп, маңызын көрсету, тәжірибесін тарату қаралады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей негізгі міндеттерді белгіледік:

- тележурналистиканың қалыптасуы мен дамуындағы проблемаларды ашып, Кеңес дәуіріндегі мақсатын, идеологиялық жұмысының бағытын анықтау, хабарлардың пәрменділігін, насихаттық ықпалын, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін көрсету;

- әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты телехабарлардың мазмұнын саралап, тақырыптық ауқымын зерттеу, құрылымдық, көркемдік сапасын талдау;

- хабарды берудің пішіні мен бағдарламаның жанрлық, тілдік, стильдік әдіс-тәсілдерін, журналистік шеберлік деңгейін айқындау, хабарлардың түрлеріне талдаужасап, тарихи тағылымы жөнінде ой қорыту;

- хабардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағартушылық, танымдық, моральдық, проблемалық, интернациональдық-патриоттық, эстетикалық сипатын айқындап, бағдарламалардағы ұлттық нақышты көрсету;

- тәрбие құралы ретіндегі мәніне бойлап, қазақ теледидарының орнын анықтау.

Диплом жұмысының әдіс-тәсілдері. Тележаңалықтар: журналист шеберлігінің құпиялары туралы арнайы зерттелген бұл еңбекте хабарлардың тақырыбы мен идеясы, жанрлық, тілдік, стильдік ерекшеліктері, ұлттық дәстүрмен сабақтастығы, әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты тақырыптық жаңашылдығы, көркемдік, публицистік деңгейі жан-жақты зерттеліп, тұжырымдалды. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы хабарлардың тиімділігін, пәрменділігін арттырудағы шығармашылық ізденістер сөз етіліп, бүгінгі телехабарлар салыстырыла отырып, теориялық негіздері жаңаша ойлау әдісімен тұжырымдалды, жүйеленіп, ғылыми тұрғыдан дәйектелді. Қазақ теледидарының қалыптасуы, дамуы тұсындағы, қоғамдық-саяси өзгерістер кезеңіндегі және бүгінгі бағдарламаларға талдау жасалынып, маңызы көрсетілді.

Еңбекте сонымен қатар, журналистік ізденістің сырлары ашылып, тележаңалықтардың одан әрі дамуына байланысты ұсыныстар, пікірлер айтуға талпыныс жасалды. Қазақ тележурналистикасының тележаңалықтары, журналистік шеберлік құпияларын зерделеу, оны саралап, бір жүйеге келтірудің, тарихымен бүгінгісін өзектестіре байланыстырып, ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырудың қажеттілігі арта түседі. Асыл қазына мұрағат сөрелерінде шаң басып қалмай, таразы басына түсіп, әділбағасын алуы тиіс.

Тақырыптың қолдану аясы. Еңбекте профессор М. Барманқұлов, Қ. Тұрсыновтың ғылыми мұралары негізге алынды. Сондай-ақ орыс ғалымдары мен осы сала бойынша мамандарының жазғандары қолданылып, баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар пайдаланылды. БАҚ-тың тұжырымдамасы, типологиясы және даму мәселелері Е. А. Корниловтың «Журналистика на рубеже тысячелетий» атты монографиясында жарық көрген, мұнда автор негізгі міндеттерді (әкімшілік-территориялық, қоғамдық, әлеуметті-психологиялық және мәдени-этникалық) топтастырады, сөйтіп, журналистиканың сипаттамасын береді, бұл «удовлетворяет информационные запросы зрителей, связанные с микросредой обитания (семья, производственный коллектив, место жительства) »2. Одан басқа, автордың телевиденияның жаңаша тілін зерттеуі - тележурналистиканың жаңаша болмысындағы басты мақсаттарды, олардың қызметтік қажеттіліктерін және мәдени басымдылықтарын анықтауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, хабар таратудың осы заманғы талғамы, сипаттамасын, болашағын анықтау үшін зор тарихи-географиялық және методологиялық база болып Е. Я. Дугин, В. Л. Цвик, О. Р. Самарцев, А. Л. Качкаева, О. А. Еременко, С. А. Мұратов еңбектері саналады. Бұқараның сұранысы мен қажеттілігіне бағытталған, болмысының негізі жарнама болатын коммерциялық теледидар - бүгінде отандық телеарналардың қызмет етуінің ең тиімді формасы. Мемлекеттік телерадио жетекші еткен кеңестік орталық теледидар классикалық мысалдары дамыған елдерде шамалы ғана қалды.

Дипломдық жұмысының негізгі объектісі - қазақ қызмет еткен, сүбелі үлес қосып жүрген тележурналистердің кәсіби қырлары мен журналистік шеберліктері. Тележурналистикадағы жекелілік проблемасы бүгінде қай кездегіден болсын өте өзекті болып отыр. Оған себеп арналар арасындағы аудитория мен жарнама үшін бәсекелестік, мемлекеттік және тәуелсіз арналар арасындағы бағдарламалар молдығының кәсіби журналистерді көптеп талап етуі, аудиторияның арналарды таңдауға мүмкіндігінің молдығы сынды көптеген факторлардың септігі әсер етуде.

Тележаңалықтар таратудың жаңа талаптарын ескере отырып, теледидардың жанрларының экспансиясын, әдістерін, меншіктік формаларын қадағалау, телевизиялық шеберлік аспектісінде республикалық телеарнаның аймақтық телеарнаға игі ықпалын орнату. Сонымен қатар, телеарна бағдарламаларын одан әрі жетілдіруге, олардың өндірісіндегі жанрлық және мазмұндық әдісіне республикалық арнаның теріс ықпалын қарастыру. Теледидардың хабар тарату кестесін жасау ерекшелігін және оған әсер ететін факторларды анықтап, теледидар қызметіндегі проблемаларды талдау және республикалық телеарналарда аймақтық тақырыпты жарықтандыру деңгейін орнату. Телеарналардағы ақпараттық бағдарламалар ерекшеліктерін қарастыру және оларды төніп қалу қаупі бар орталық телеарналарда көрсетілетін тақырыптас бағдарламалардағы ұқсастықтарды қарастыру негізгі қолданысқа ие болды. Бұл жұмыста телеарналардағы журналистердің қызметі қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы. Еңбек кіріспеден, екі үлкен тараудан, алты тақырыпшадан, қорытындыдан және негізгі, қосымша әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыста әдебиет мен мақала пайдаланылды.

І. Көгілдір экранның көрікті келбеті

1. 1. Қазақ тележурналистикасының туу, қалыптасу және даму кезеңдері.

Мұнда отандық тележурналистиканың туу, қалыптасу және даму кезеңдері ақпарат кеңістігі және жаңалықтар жүйесі, республикалық және аймақтық теледидарлардың өзіндік байланыстары теледидардағы меншіктіліктің функциялары мен формаларының қалыптасуы қарастырылады. Адамзаттық қарым-қатынастар орнап, мәдени-тарихи, этникалық ерекшеліктер қалыптасатын орта - қоғам болып табылады. Ал, ондағы ақпарат көздері хабар алмасудың, аралас - құралас болудың басты арқауы - Қазақстанның әлемдік дидарының қалыптасуымен пара-пар. Ғасырлық тарихы бар қазақ журналистикасының аяқ астынан пайда болмағандығын, оның Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, одан кейінгі А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, бергі уақыттардағы Ә. Нұршайықов, Ұ. Бағаев, Ж. Алтайбаев, К. Смаилов, Ш. Мұртаза сынды біртуар көшбасшылары болғандығын дәлелдейді.

Міне, осылайша біртуар қолбасшылардың қызулы еңбектерінің арқасында бұқаралық ақпарат құралдары туып, дами бастады. Қазақ телевизиясының жарық жұлдыздарының бірі - Сағат Әшімбаев өзінің «Шындыққа сүйіспеншілік» деген еңбегінде: «Дүбірлі дүниеде сөзден мәңгілік, сөз мәнісінен құдіретті еш нәрсе жоқ. Бәрі де сөзден басталып, бәрі де сөзбен аяқталады. Сөз сан ғасырға жетеді. Жарым сөзге жарты әлемнің тағдыры сыйып кетеді. Сөзден от шығып, сөзге от та тоқтайды. Адамзаттың тарихы да сөзбен сомдалып, азаматтық тағылымы да сөзінен көрінеді. Асыл мен масылдың айырмасы да бір ауыз сөзінен танылады. Сөзінің дәмі жоқтың ойының нәрі де жоқ. Сөзі олақтың - ойы шолақ. Сөздің парқын білу - өмірдің парқын пайымдауға жетелейді. Сөзі тереңнің - ойы телегей», - деп тележурналистиканың дамуына өзіндік бағаны осылайша берген-ді. Жаңалықты жамағатқа жарсала жеткізуге әбден машықтанған қазақ тележурналистері - Совет Масғұтов, Қадыр Даутов, Марат Барманқұлов, Сұлтан Оразалин, Құсман Игісінов, Амангелді Жақсыбеков, Ғаділбек Шалахметов, Диас Омаров, Жанна Ахметова, Нұртілеу Иманғалиұлы, Қынабай Аралбаев, Серік Байхонов сынды қазақ тележурналистері соңдарына сол мұра қалдырып, қазақ телевизиясының дамып, қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Отандық телевизиялық хабар тарату жүйесіндегі өзгерістер қоғамда болып жатқан үрдістерге байланысты. Теледидар, бір жағынан, осы үрдістерге тәуелденсе, екіншіден, соны өзі эфирге шығарады.

1958 жылғы 8 наурыз күні Алматы қаласындағы 4000 шамалы және облыстағы 100-ге жуық телевизор алдына жайғасқан жұрт қазақ телевизиясының дикторларымен көгілдір экран арқылы тұңғыш рет дидарласты. Олар көпшілікті экран арқылы республика асатнасында телевизия хабарларының басталуымен, ал әйелдер қауымын 8 наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебіз білдірді. Сол жылдың 15 сәуірінен бастап, Алматы телевизиясы аптасына бес ерт тұрақты түрде хабарлар бере бастады. Жаңа студия ұжымында Мәскеу, Ленинград, Свердловск телестудияларының шығармашылық қызметкрелері көп көмек көрсетті. 1958 жылғы 16 наурыз күні Өскемен тұрғындары да тұңғыш телевизиялық суретті көру мүмкіндігіне ие болды. Рас, оларға көпке дейін тек кинофильмдер көрумен ғана шектелуге тура келді. Ал Қарағанды қаласындағы тұңғыш телевизия орталығының ашылу қуанышы кеншілер мерекесімен үйлесе келді. 1958 жылдың 31 тамызында студия ресми кинопрагроммамен эфирге шығып кеншілердің ерлік еңбегін суреттейді. Осы негізде «жарқыра, жана бер, жұлдызым!» атты көркем фильм көрсетілді.

Зерттеушілер ауыспалы кезеңде отандық телевизиялық жүйенің реформалануының екі кезеңін алға тартады: 1985-1991 жылдар аралығы және 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін3(*) . Кейбір зерттеушілер кеңестік кезеңдегі теледидар қызметінің жалпы тенденцияларын келесі белгілер бойынша классификациялайды:

1. Хабар тарату бойынша:

  • телевизиялық хабар таратуды жалпымемлекеттік орталықтандыру;
  • теледидардың көпұлттылығы.

2. Басқару әдісі бойынша:

  • теледидар қызметінің уақытын қатаң шектеу, жергілікті партиялық жетекшіліктің диктатурасы4(*) .

3. Техникалық қамтамасыз етілуі бойынша:5

  • елдің барлық аймақтарына телевизиялық хабарларды арнайы техникалық жүйе арқылы тарату (спутниктік байланыс, ретрансляция шеңбері, мыңдаған радиоленейлік желі) .

4. Қаржыландыру бойынша:

  • республикалық бюджеттен қаржыландыру;
  • жарнаманың болмауы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тележурналистиканың БАҚ саласындағы алатын орны
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
«Қазақстан» және «Хабар» телеарналарындағы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайтын бағдарламалардың шығармашылық сипаты
ҚАЗАҚ ТЕЛЕДИДАРЫ ЖӘНЕ ХАБАР МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ
Қазіргі саяси журналистика
Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде
Тележурналистиканың нарыққа бейімделуі
ФИЛОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КӘСІПТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Сұхбат түрлері
Қазақ радиожурналистикасының бастау көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz