Жанрлар


МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
ІТарау. Ақпараттық жанрлар
Заметка
Ақпараттық корреспонденция
Ақпараттық есеп
Ақпараттық сұхбат
Жедел-сауалнама
Сұрақ-жауап
Репортаж
Қазанама
ІІтарау. Сараптамалық жанрлар
Сараптамалық есеп
Сараптамалық корреспонденция
Сараптамалық сұхбат
Сараптамалық сұрақ
Әңгіме
Комментарий
Рецензия
Мақала
Шолу
ІҮ тарау. Көркем-публицистикалық жанрлар
Очерк
Фельетон
Памфлет
Қорытынды
Қосымша
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Оқу-әдістемелік құралы негізінен қазіргі заманғы мерзімді баспасөз жанрларының пішіні мен ұғымының күрделілігін, аспектілігін, әрі оны айқындаудың тұжырымдамалық негізін, ортақ белгілерін кезеңге орайластыра отырып, іздестіруді нысана етіп алды. Журналистика жанрлары мен пішіндері мерзімді баспасөзде кеңінен орнығып, кезеңдер бойы сыннан өткен. Жанрға әдебиеттің үлкен салалары: драма, лирика, эпостан тарайтын ұсақ түрлерін де, журналистикадағы репортаж, очерк, фельетон, әдебиеттегі повесть, роман, әңгімені атап жүрміз. Журналистикада жанр деп публицистиканың түрлерін атау қалыптасып, пубилицистика - әдеби шығарманың бір саласы, ал жанр сол саланың түрі деп атауды шығардық. Жанр дегеніміз - тұрақты белгі, қасиеттерге ие шындықты бейнелеу формасы. Жанр өмірде әртүрлі дәрежеде әсер етуге байланысты келіп туады. Журналист алдына қойылған әртүрлі міндет, өмір қойып отырған саяси талап, ол көрсетуге тиіс обьектінің сипаты, шығармашылық өндіріс, теқникалық құрал-жабдық мүмкіндіктеріне байланысты жанрдың әртүрлілігі айқындалады. Жанр түрін таңдау суретшінің, журналистің саяси нысанына көзқарасы, қарым-қатынасына, өзіндік қасиеттеріне байланысты.
Жанр - бұқаралық ақпарат құралдарының бәрінде түбірімен өзгеріске түспейтін, қалыптасқан, ұғымы орнықты атаулар. Оның құрылымы-композициялық жүйесі тарихи кезеңнін өң бойында да өзгеріссіз, тек қана жаңа бір ұғым, түсінік, түрмен толығып отырады. Түр де журналистиканың қабылдауындағы шындықтың өзгеріссіз жүйесі. Ол жаңа техникалық мүмкіндіктер нәтижесінде өзінің ауқымын ұлғайтып, аясын кеңейтуде. Сұқбат, баспасөз конференциясы, дөңгелек үстел басындағы әңгіме бұлар жанр. Телекөпір бұл - түр. Хроника, соңғы жаңалықтар, есеп, ақпарат - бұлар жанр. Бейнесюжет, синхронды сұқбат, радиодағы «кадр» - бұлар түр. Мазмұны өзгеріске ұшырағанымен де жанр - өзгермейтін түр. Мәселен, журналистиканың тек қана төртінші билік екендігінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманда оның ақпараттық индустриялық сипатының барлығында болып тұр. Бұл жағынан алғанда орыс тілді талай БАҚ өз алдына жеке дара индустриялық қуатқа ие болып, келесі сатыда экономикалық-саяси деңгейге көшіп отырғандығына көз жіберетін мезгіл жетті. «Караван» медиа-холдингісінен бастап, бұл тізімге талай орыс тілді медиаиндустрия топтарын атауға әбден болады. Ал, мұндай тізімге қазақ тілді бір де бір медиатопты былай қойғанда, жеке дара ақпарат құралын да алуға болады. Сөйтіп, күн тәртібінде қазақ тілді журналистиканың, оның ішінде мерзімді баспасөздің индустрияға айналуына қандай шідер бар деген сауал тұратыны шындық.
Күн сайын республикамыздың түрлі аймақтары мен әлемнің түпкір-түпкірінде болып жатқан сан алуан жаңалықтарды аудиторияға сол күні, күн құрғатпай жеткізетін де осы жанрлар. Таң қаларлық оқиға БАҚ-та, оның ішінде баспасөзде ең өтімді тауар. Ол газет қожайына басылым таралымын көбейтіп, мол табыс әкеледі. Журналист жанр материалын таңдағанда оның мазмұнының қаншалықты маңызды, өткір әрі қызғылықты екендігіне дейін таңдап-талғайды.
ІТарау. Ақпараттық жанрлар
Заметка
Заметкаға жанрлық тұрғыдан анықтама берсек, ол - белгілі материал үлгісінің сөз сөйлеудің айқын зерттеу нәтижелері баяндалатын аз мөлшермен ерекшеленетін хабар. Мұндай материалдарда ақпарат қандай қайнар көздерінен алынғаны берілсе де өте қысқа және зерттелуі мен қандай амал- тәсілдермен алынғаны айтылмайды. Оның зерттелу кезіндегі автордың эмоциясы баяндалмайды. Заметканың негізгі белгісі - зерттеу нәтижесін қысқаша баяндау, нақ негізгі қайсыбір құбылыстардың, оқиғалардың, адамның, проблемалардың бар болуы (немесе жоқ болуын) көрсету. Және де оқиғалар, құбылыстар, проблемалар бұлар аудитория үшін жаңалық сияқты алға шығуы керек, яғни оқырмандарға белгілі ақпараттан асатын потенциалды ақпарат болуы тиіс. Бұл асу неғұрлым көп болса, соғұрлым жаңалық мәнді болады.
Заметканың құрылымы туралы жанрлық тұрғысынан әр алуан қатынаста айтуға болады. Жалпы жоспарлардың бірі - негіздік факті деп аталатын белгілі құрылымы туралы қолдану ерекшеліктерінің тұжырымы, яғни заметканы дайындауға себеп болған факт. Бұдан келесі оның екі негізгі құрылымын белгілеуге болады. Заметканың бірінші түрінің құрылымы келесі жүйелі сұрақтарға жауап беруі керек: не?, қайда?, қашан?. Мақсаты және ақпарат көлемі жағынан журналисттің хабардар болуына байланысты бұл сұрақтардың басқа да реті болуы мүмкін. Бірақ қандай жағдайда болмасын олар журналистке хабардар болған құбылысты суреттеу үшін арналған. Егер оқиғаның маңыздылығы өте қысқа суреттелсе, онда хроника атты жаңа мәтін пайда болады. Егер заметканың құрамында фактіні баяндау болмаса, ал бағалау, норма, бағдарлама іс-әрекеті болса, онда осылар сынды болады. Сондай-ақ, бұл заметкада негізгі факт қандай жағдайда болмасын түсінік береді. Көбінесе ол жалпы құбылыспен байланыстырылады. Мұндай заметканың құрамында баспасөзде болған нақты оқиғаны суреттеу міндетті түрде болады, сонымен қатар аудиторияға белгілі ойдың бұл суреттеудің басқа да хабармен байланысы. Әрине, бұндай заметканың логикалық құрамы өте қиын болады. Көбінесе бұл құрамның негізгі «нағыз бөлімі» дәлелдеу эпизодының жалпы пікірінің нақты фактісі болып табылады. Яғни, журналистке айқын болған факт аудитория үшін жалпыға мәлім ақиқаттың келесі аргументі ретінде беріледі. Бұл жағдайда автор тек сол факт туралы суреттемейді, сонымен қатар өз мәтінінде белгілі бір түрде аудиторияға бір ақиқаттың бар болуы туралы еске салады. Жалпы маңызды пікір заметканың басында не сонында айтылады. Заметка аудиторияны әлемде не болып жатқан туралы, жаңалықты хабарлауды жедел және ақиқатты түп-нұсқасында беретін ақпараттың ең басты түрі болып саналады. Яғни, заметканы дайындаған журналист үшін ең негізгі шапшандылық пен өзектілік талап етіледі. Оқиға туралы аудиторияны қызықтырмайтын заметка, яғни өзекті емес заметка қызығушылық тудырмайды. Заметка осы қажеттілік үшін пайда болған. Осыдан заметка үшін мынадай талаптар туады: дәлдік, қысқа және айқын баяндау.
Ақпараттық корреспонденция
Ақпараттық корреспонденцияның заметкадан айырмашылығы кең ауқымда бөлшектеп көрсетіледі және затты кең жарықтандырады. Мұнда көбінесе жеке оқиға, құбылыс, іс-әрекет алға шығады. Мұндай жанрда тек заттың фактісі ғана жарияланбайды, сонымен қатар оның бағалау, алдын ала жазу, болжау элементтері болады. Ақпараттық корреспонденцияның авторы суреттеп отырған заттардың арасындағы байланысты, оның мәніне енуді өз алдына мақсат етпейді. Оған ең маңыздысы - кейбір жоғарыда жатқан елестету затының параметрлерін хабарлау. Ақпараттық корреспонденция мәні жағынан репортажға ұқсас, бірақ өзінің ерекшеліктері де бар. Корреспонденцияның авторы оқиға болған жерде болмайды. Сонымен қатар ол елестету заты туралы эмоционалды қызуы қанған суреттеу беруді өз алдына мақсат етіп қоймайды. Репортаж көбінесе оқиғаларды суреттеуге бейім. Ал корреспонденция көбінесе қарапайым оқиғалар туралы, тек оларды ғана емес сонымен қатар кейбір жергілікті жағдайларды, үрдістерді де суреттейді. Корреспонденция үшін ең маңыздысы - істің мәнін баяндау, ал репортер үшін - мәнерлілік, көрнекті, қызу істің мәнін баяндау, репортаж оқығанда аудитория өзін сол оқиға орнында қатысқан әсерін алу үшін.
Ақпараттық есеп
Ақпараттық есепті жариялаулардың дербес жанрының үлгісіне жатқызу себебі, елестету затының ерекше мінез-құлығының болуында. Есепте ол ретінде хабардың айырбас түрінде іске асырылатын оқиғалар алға шығады. Олар - алуан мәслихаттар, мәжілістер, семинарлар, жиналыстар және т. б. Нақ олардың болуында «өнім» дағдыланады, әртүрлі жоспарлар, арыздар, ойлар, шешімдер және БАҚ аудиториясының ұдайы назар өндіруші потенциалды объектісі туады (бірақ, әрине, оны мәслихаттардың, жиналыстардың және басқа да шаралардың әртүрлі жақтары да ынталандыра алады) . Егер кез келген есеп авторының мәтінінде шараларға қатысқан адамдар суреттелетін болса, олардың аттары, фамилиялары, лауазымдары міндетті түрде тексеріліп және дәл аталуы тиісті. Егер жариялауда қабылданған шешімдердің қалыптастырулары немесе мақсаттары баяндалса, онда олар дәл және мүмкіншілікше, автордың айтуында емес, ал сөзбе-сөз баяндалуында болуы керек. Мұндай дәлдік есептің авторын мүмкін реніштіктен, хабар бұрмалауынан сақтандырады.
Ақпараттық сұхбат
Сұхбаттың жанрлық бөлісі сұхбат ұйымдастыруы нақты процеспен бекітілуі немесе сұрақ-жауап түрде арнайы алу нәтижесінде болды. Мұндай кезде егер жариялау авторы алған сұхбаттасудан тек мәлімдеулерін аудиторияға хабарлап, оларға ешбір түсінік беруге тырыспауды өзіне мақсат етіп қойса, онда ол ақпараттық материалды жасауда. Бірақ ақпараттық сұхбат толық мәнінді болып шығады, егер оның әңгімелесушінің жауаптарында не? қайда? қашан? деген сұрақтарға көп көңіл бөлінген болса. Егер сұхбатшы немесе оның әңгімелесушісі неге? қалай? мұны қалай деуге болады? деген сұрақтарға «төңкеріп» жауап берсе, онда нәтижесінде сараптамалық материал пайда бола алады. Әрине, баспасөзде жиі сонша ықшамды емес, ал анағұрлым көбірек әр түрлі сұрақтарды қамтитын, толық жауаптар беруші ашық ақпаратты сұхбаттар кездеседі. Бірақ көлемі және сұрақтар мен жауаптардың санына тәуелсіз ақпараттық сұхбат автордың назар аударған заты жайлы оқырманды хабардар ету, бірақ затты сараптамауды алдына мақсат етіп қояды.
Жедел -сауалнама
Сауалнама - бұл сұхбатпен үйлескен қабар алу әдісі, дербес мінездемелерді қожалық етуші. Сұхбаттан айырмашылығы, мақсаты - бірнеше ерекшелігіне байланысты сұрақтарға бір адамнан жауаптар алуы, сауалнама кезінде журналист бір сұраққа жауапты адамдардың жиынынан алуға тырысады (немесе бірнеше сұрақтарға) . Егер автор тек бір адаммен ғана сауалнама жүргізсе, онда ондай сауалнама сұхбатқа айналады. Сауалнаманы бекітуді ұсынатын кейбір жариялымдар, сауалнаманың дербес жанрына қатысты бола алады. Тап осы жанр тобының құрылу сқемасы дәл сұхбат жанр топтарын құруындай. Заманауи баспа беттерінде аудиторияны қандай болмасын пікірлер, талғам, жоғары бағалау туралы қысқаша қабарлау сауалнамаларын жариялау кездеседі, жиі «Блиц сауалнама» деп көрінеді. Мұндай рубрикалар заттың терең зерттелуі көзделген көбірек жайылған сұрақтардан ұқсас жариялаулардан айырылуы үшін енгізіледі және өз мінездемелері жағынан сараптамалық жанрларға қатысты.
Сұрақ - жауап
Мұндай түрдің жариялануы оқырманың сұрағы және ол сұраққа журналистің немесе қабардар тұлғаның жауап беруінің қосу нәтижесінде тап осы үлгі көрінеді. Бір тақырып астында екі біріккен әр түрлі мәтінді және екі әр түрлі авторды материал деп есептеуге бола ма? Әрине, бұл сұраққа сан алуан жауаптар берілуі мүмкін. БАҚ қызметкерлерінің көбі бұндай ұқсас жариялаулар ерте кезден бастап баспасөз беттерінде бар болғанын жақсы біледі. Олар журналистің күнделікті тұрмысында «сұрақтарға жауаптар» деген анықтама ретінде белгілі. Бірақ мұндай жариялауларды ақпараттық жанрлардың бірі ретінде бөлу туралы бірде сөз болған емес. Олар қажеттілік кезінде заметканың дәрежесіне енгізілетін. Бірақ егер сондай жолмен жүйелі жүре берсе, онда заметканың дәрежесіне кез келген журналистік жариялауларды қосуға болады. Егер «сұрақтарға жауаптардың» өзіндік ерекшелігі бар болса, онда оларды дербес жанрға әбден қосуға болады. Ал ондай ерекшеліктер бар. Ең негізгісі - сұрақ пен жауаптың тығыз бірлігі. Егер сұрақ болмаса, онда оған жауап та болмайды. Басқаша айтқанда, «сұрақ-жауап» түрі заманауи мерзімді баспаның ақпараттық жанрларының қатарындағы егіздер сияқты. Олар газеттік жолақта бір-бірінсіз әдетте зиян құбылыс ретінде болады. Жауап пен сұрақ бірге ақпараттық бірлікті құрайды, оған сұрақ және жауаптың адамгершіліктерін біріктіреді.
Сұрақ-жауап түріндегі мәтінге журналисттер тек редакцияға түскен оқырмандардың сұрақтары күштегенде ғана бұрылмайды. Кейде журналистке мәлім болған бір ақпаратты жариялау керек болған жағдайда болады. Бірақ егер, газет жылан шақпай, жылқы теппей кенет тексеру жөнінде дербес заметка түрінде жарияласа, онда одан (газетті) күні бұрын пішілген ойда күдіктене алады. Өйткені журналистикада заң бар: кез келген жариялым үшін, ал әсіресе шапшаң ақпараттық түрге «ақпараттық сылтау» қажет. Онда мұндай жағдайда «ұйымшылды» оқырман қаттары арқасында арнайы сылтау жасауға мүмкіншілік бар. Жиі проблема «ньюсмейкерстік» тәсілмен шешіледі: журналист сұрақты дербес ойлап табады және редакцияға біреуден түскен деп береді, ал сонан соң өзі оған жауап береді. Әрине, осы жол жарамсыз болып келеді, бірақ әйткенмен ол замандас журналистерімен қолданылады.
Репортаж
«Репортаж» ұғымы XIXғ. бірінші жартысында пайда болды және латын сөзінен «reportare» «тапсыру», «хабарлау» дегенді білдіреді. Алғашқы репортаж жанры оқырманды сот мәжілістердің жүруі туралы, парламентік айтыстардың, әртүрлі жиналыстардың және т. б. жариялауларды қабарлаған. Кейін мұндай «репортажтарды» «есептер» деп атаған. Ал «репортаждар» деп басқа жоспарлы жариялауларды атай бастады, атап айтқанда өзінің мазмұны, түрі жағынан замандас ресей очерктеріне ұқсас. Әйгілі батыстың көрнекті Джон Рид, Эгон Эрвин Киш, Эрнест Қэмингуэй, Юлиус Фучик және басқалар біздің түсінуімізше олар очеркшілер болды, ал репортерлер емес. Және қазір, европалық журналисттер репортаж туралы бірдеңе сөйлегенде, олар біз очерк деп айтатынды айтады. Батыстағы очерктер бүгінгі ресей репортажының олардың «аты» жағынан дәл генетиқалық негізін салушылары және жақын «туысқандары» болып келеді. Бұны әрине, Отандық теория репортажында батыстағы зерттеушілердің теориялық ойлануларын қолдану оқиғасында еске алыну. Репортаж отандық журналисттердің ең сүйікті жанрлары болып келеді. Көптеген репортерлер белгілі жазушылар болды, бірақ олардың даңқы ең алдымен репортаж жазумен өсті. Және тап осы үлгі материалы азсыз дәрежеде мүмкіншіліктерге ие. Репортаж жанрына қатысты жариялаулардан өзгешелігі, ең алдымен «жайылғанды» нәтижесінде мәтінде бақылау әдісін және бекітудің жүруінде және нәтижелердің болуында. Кез келген репортердің мақсаты, ең алдымен, оқиғаны көрген адам көзімен оқиғаны суреттеп аудиторияға көруге мүмкіншілік беру, яғни «қатысу әсерін» жасау. Ал ол мүмкін болады егер журналист заттық жағдайларды, оқиғаларды айтып берсе және тез өрбейтінді айтса ұтымды болар еді. Репортер үшін қайсыбір оқиғаны тек қана көрнекті етіп суреттеп айту керек емес, сонымен қатар мәтінде не туралы жазылғанмен бірге оқырманды күйзелтуі керек. Оны әр түрлі жолдармен жүзеге асыруға болады. Жиі тап осы мақсатқа екі тәсілдермен жетеді. Біріншісі - оқиғаның динамикасын баяндау. Егер елестету оқиға жылдам дамыса, онда авторға тек қана дамуды көрсету қалады. Бірақ кейде оқиғалардың, жағдайлардың дамуы босаңды, белгісіз ағады, разы статикалық келеді. Авторға бұл кезде оқиғаның оның ішкі динамиктерін немесе автордың оқиғамен танысқан кездегі әсерінің динамиктерін баяндауын «бетке шығару» көмек көрсете алады. Репортаж ақиқатты көрнекті бейнелеу әдісін қолдану жағынан басқа жанрлармен туыстастырады (әсіресе көркем публицистикалықтармен) . Бірақ репортажда көрнектілік таза қабарлы функцияны, нақты оқиға туралы қабарлау функциясын алып жүреді. Ал очерктің мақсаты көрнекті елестетудің ең алдымен талдап қорыту, типтеу ізіне түсу. Сараптамалық жанрларында ең алдымен парасатты, аудиторияның айқын бөлімдеріне автордың ойлануларын қабылдауға қиын болған жағдайда «әдемілеу», «тірілту» үшін көрнекті бөлшектер қолданылады.
Некролог
Көптеген газеттер мұндай ақпараттық материалдарды жария етеді, жеткілікті ерекше көрінеді, бірақ газеттердің және журналдардың беттерінде олар баспаның тууының бірінші күндерінен бастап жиі қатысады. Олар - некрологтар. Некролог жанрының өзгешелігі елестету затымен қайсыбір адам өлім туралы фактісі анықталады. Бұл жариялымның криминалдық қабарлаулардың мәнінен айырмашылығы, ең алдымен, олар аудиторияны адамдардың өлімі туралы қарапайым қабарлайды (ең алдымен - осы аудиторияға белгілі) . Сонымен қатар, некрологтарда өлген адамның қысқаша өмірбаяны, қайда және қалай ол жұмыс істегенін, оның жетістіктері, жүлделері туралы қабарланады. Кейде некрологте өлім себебі туралы, өлікті шығару орыны айтылады. Әдеттегі некролог қоштасу сөздермен, өлгенге қайғы айтылуымен аяқталады.
ІІтарау. Сараптамалық жанрлар
Сараптамалық есеп
Сараптамалық корреспонденция
Сараптамалық сұхбат
Сараптамалық сұрақ
Әңгіме
Комментарий
Рецензия
Мақала
Журналистік зерттеу
Шолу
Сараптамалық есеп
Жоғарыдан белгілі болғандай, баспадағы есеп журналистика жанрларының ішіндегі ең көнесі болып табылады. Ең алдымен оның әртектілігіне байланысты, оны ақпараттық есеп деп атайды. Көптеген уақыттар бойы ауызекі қабарлама, император не патша жарлықтары немесе парламент отырыстары, форумдар мен жиналыстарды қалыққа жеткізуді, алғаш газет пайда болғандықтан солардың бетіне көше бастады. Бастапқыда қазір есеп деп аталған туындылар репортаж деп аталды, бірақ уақыт өте келе репортаж деп қазіргі заманғы очерктер мен репортаждар атала бастады. Есеп жанры бүгінгі таңдағы журналистикада кең қолданысқа енген. Бұл тұжырым оның әртектілігіне байланысты сараптамалық есеп деп аталады. Қазіргі таңда оның көне түрі ақпараттық есептің айырмашылықтар мен ұқсастықтары неде? Ғылыми тілмен айтқанда, журналистік сараптамалық есептің тақырыбы, сондай - ақ ақпараттық есептің тақырыбымен ұштасып, арнайы топтастырылған адамдардың вербальді қызметімен түсіндіріледі, атап айтқанда - барлық жиналыстарға, отырыстарға, сьездер мен слеттер және конференцияға қатысушылардың баяндамалары, алғы сөздері және т. б. Бұл тақырып, журналистің арқасында жанрдың әдісі, тілдері, және тағы да басқа белгілері бойынша қабар, репортаж, корреспонденция жанрларында кездесіп жатады. Бірақ осы жағдай, журналистік өзіндік жанр ретінде сараптамалық есеп жайында сөз қозғауға кедергі бола алмайды. Дәл осылай, ақпараттық жанрлардың жариялымдары ең алдымен жиналыстарда, мәслиқаттарда және т. б қатысқан адамдардың не айтқаны немесе тіпті оның қалай айтқандығы және аудитория қалай қабылдағаны, яғни заттың сыртқы жағын көрсетсе, онда сараптамалық есеп тақырыпта басқаны алады, дәлдеп келгенде баяндамалар, қатысулар және сөздердің ішкі байланысын көрсетеді. Өзінің тақырыптық айқындау бұрышын әр алуан жанрлардағы жариялымдарда негізгі мақсат деп алады. Белгілі болғандай, ақпараттық есептің мақсаты - аудиторияны жиналыс, мәслихат барысымен құлағдар ету.
Сараптамалық корреспонденция.
Ресей баспасөзінің журналистері «корреспонденция» ұғымын XVІІІ ғасырда қолдана бастады. Бірақ та еске салатын жәйт, корреспонденцияны әр баспадағы газет, журнал беттерінен көре алатын болды (қабарлар, оқырман қаттары, есептер т. б. ) . Тек XІX ғасырдың аяғында ғана, бұл ұғым анықталған жанр ретінде көрініс таба бастады. Жариялымдардың ерекшеліктерін табу нәтижесінде бұл жанр маңызды орын алады. Сараптамалық корреспонденцияның пәні ретінде оқиғалар, құбылыстар және феномендер болуы мүмкін. Бұл орайда ол, мысалы, репортаж, есеп, ақпараттық корреспонденция жанрларына жақын. Бірақ та сараптамалық корреспонденция аталған басқа жанрлардан жанр тудырушы факторларымен ерекшеленеді. Мысалға, репортаждың мақсаты - көрнекілік беру, «тақырыптық» оқиғаларды «жанды» елестету сондықтан да репортер материал жинау барысында өзінің басты байқау әрекетін қолданады; байқау болмаған жерде - репортаж да болмайды. Есептің мақсаты - «ақпараттық оқиғаларды» дәл суреттеу (қатысулар, баяндамалар, есептер), жүйелілікте болғанның барлығын дәл баяндау немесе тіпті болғанды талдау, сөз сөйлеулер мен қабарламалардың үзінділерін қолдану. Ақпараттық корреспонденцияның мақсаты - «пәндік» оқиғалар жайында мәлімет бере отырып, соншалықты «жанды» байқау емес, қаншамалықты болғандығын әңгімелеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz