Қант қызылшасын күтіп бағу мен жинауға арналған машиналар комплексі


№16 Колледж МКҚК
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
«БЕКІТЕМІН»
ДиректорЗ Талбидин
«»20___ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Ф-ӨОБ-03/20
Тақырыбы Қант қызылшасын күтіп бағу мен жинауға арналған машиналар комплексі
Түсіндірме хат 1 бет
Графикалық бөлім
Дипломдық жұмысты орындаушы
(қолтаңбасы) (аты-жөні)
Жетекшісі
(қолтаңбасы) (аты-жөні)
ӨОБ басшысы А. Момынов
(қолтаңбасы) (аты-жөні)
Алғы сөз
Кез келген үйдің дастархан басында наннан кейін қант тұратыны белгілі. Осы түсінікке біздің үйренгеніміз соншалықты, қантсыз дастархан бар дегенге сенгіміз келмейді. Шайға салғанды жақсы көреміз, ал тарихын білетініміз күмәнді.
Қанттың бірнеше түрі бары белгілі. Ол жан-жануарларда да, өсімдіктерде де кездеседі. Алайда, адамдардың қант туралы әңгімесі қант қызылшасы мен қант қамысының өнімі турасында ғана өрбиді және сол турасында түсініктері өрілген. Бүгінгі таңда әлемдік экспорттың 62 пайызы қанты қамысы болса, 37, 5 пайызын қант қызылшасы құрап отыр.
Тәтті дәмі арқылы көпшілікті тартып тұратын өсімдік осыдан мың жылдай бұрын Жаңа Гвинеяда пайда болған. Сол уақытта осы өсімдік үшін қанша тайпалар өз-өздерімен соғысып, қорғап қалуға жандарын салысқан. Бірақ, ол туралы түсінік бізде қайдан болсын. Бар болғаны қант туралы әңгіме өрбісе болды, шайымызға қатқымыз келіп тұрады.
Содан бері қаншама ғасырдың ширегінде, қоғамның дамып, өркениеттің жаһандануына байланысты қант зауыттары көптеп ашыла бастады. Қантты өндірудің өнеркәсіпте нешеме түрлері шығып, дүниежүзілік экспортқа айналып кете барды. Ең бірінші сатушылар мен көпестер қантты Тынық мұхит бойына алып шықты. Кейінірек Азия мен Индонезия, Филиппин аралдарына жетіп, күнделікті тұтынатын өнімге айналдырып жіберді. Алайда, қанттың тарихы осымен бітпейді.
Кейбір ғалымдардың ойынша, қант қамысы бұрынғы өткен замандарда Үнді елінде тараған. Алғаш қантты көріп, Еуропаға жайып жіберген Александр Македонский болатын. Бәріміз білетіндей, мүйізі бар адам б. з. д. 325 жылы Үнді еліне жорық жасаған. Олар алғаш қант қызылшасын көргенде, арасы жоқ бал есепті өсімдікке балаған.
Содан Үнді елінен жол алып шыққан қант Персияға жеткен. Ал Персия елі 500 бен 700 жылдар аралығында Сирия, Палестина, Египет, Жерорта теңізі бойын жаулап алып, қантты тұтынуды дағдыға немесе әдетке айналдырып жіберген сыңайлы.
Қант қызылшасы ең бірінші рет Америка Құрама Штаттарына 1751 жылы жеткізілді. Сол уақыттағы түрлі діни ағымдардың миссионерлерінің бірі қантты Гаитиден Жаңа Орлианға, содан Луизиана штатына алып барған. Қант өнімі 1795 жылы тұрақты экспорт көзіне айналады.
Мазмұны .
Кіріспе2
Негізгі бөлім . . 3-24
Экономика (технологиялық карталар, сызбалар, есептері25-34
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі35-36
Қортынды. 37
Пайдаланған әдебиетері. . 38
Кіріспе
Қант қызылшасы біздің еліміздің егістігіндегі ең маңызды техникалық дақылдардың бірі. Әйтсе де, қазіргі кездегі алып қант өндірісі тамыржемістің қантсыздығынан және түсімнің төмендеуінен туындайтын дағдарыстан қасірет шегіп отыр. Басқа да егістік дақылдары атап айтқанда бидай, картоп секілді, қант қызылшасын егудің де тиімді екенін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Мысалы, 1990 жылы Германия астық дақылдарының 56, 6%-ін айдалған жерден алды, ол ел табысының 9, 5%-ін құрады. Сол уақыттарда қант қызылшасының 5, 3%-ы айдалған жерден алынды және ол ел табысының 4, 3% үлесін құрады
Қант өндірісін көтеру - өте күрделі технологиялық процесс, ол егілген қант қызылшасы сұрыптарының өнімділігіне және төзімділігіне, алынған шикізаттың сапалы өндірісіне байланысты. Жоғары қаттылықты және салмағы үлкен тамыржемісті қант қызылшасының төзімді сұрыптарын алуға бағытталған селекциялық жұмыстарда, қант жинауды арттыруда агротехникалық шаралармен қатар егілу ауданы да негізгі рөл атқарады. Қант қызылшасының селекциялық процесі өте күрделі және қиын, сонымен бірге екіжылдық айқас тозаңданушы дақыл. Сонымен қатар, жаңа сұрыптар үш талапты қанағаттандыруы тиіс: жоғары өнімділікті, әртүрлі фитопатогендерге төзімділікті және қоршаған ортадағы экстремальді жағдайларды. Биотикалық және абиотикалық стрестерге төзімді селекциялық мәселелерді шешуде биотехнологиялық әдістер үлкен рөл атқарады. Өсімдік селекциясының ағзалық деңгейден жасушалық деңгейге алмастырылуында, сонымен қатар орасан көп өсімдік ағзалары жасушаларында, селективті ортадан керекті түрдің іріктелуінде микробиологиялық әдістер қолданылады. Жасушалық сұрыптаудың алғышарты болып қант қызылшасының ұсақ дисперсті суспензиялық культурасы табылады.
Өсімдіктің суспензиялық культурасын алудың негізгі әдісі - каллусты ұлпаны қоректік ортада фрагменттеу және өсіру болып табылады.
Каллусогенез индукциясының экспланттық сапасы ретінде шие бұтақтарын және қант қызылшасының әртүрлі инбредті линияларындағы өркен гүлсидамдары сегменттері қолданылды (Әмірханова және т. б. 1985 ж) . Мурасиге және Скугтың қоректік ортасында таза өсімдік материалын араластыру, қосымша 2 мг/л БАП, каллус ұлпаларының түзілуін туғызды. Каллусогенез қарқындылығынан әртүрлі инцухт-линиялар ерекшелене бастады. Жоғары бейімділікті иеленуші А-52 және ССП линия эксплантаталарында тұтас каллус индукциялары жиі байқалды. Каллустық культураның өсімталдық және цитоморфологиялық сипаттамасын ұлпалық тегі, өсу жағдайы және қоректік орта құрамы анықтайды. Сонымен қатар, каллус культураларының консистенциялары: 1 - борпылдақ, жеке жасушаларға тез ыдырайды; 2 - орта берік, гетерогенді, меристемалық ошақтан тұрады; 3 - берік, қысқарған камбий және тамыр аймақтарынан тұрады (негізінен трахеидтәрізді элементтерден) . Салыстырмалы борпылдақ каллус культураларының алынуына әртүрлі тәсілдер әсер етеді: 2, 4-Д құрайтын ортада өсіру; Са иондарын қоректік ортадан жою және т. б. Линия ССП алынған біздің каллусты жасушамыз борпылдақ консистенцияға және құрылымы бойынша гетерогенді болды. А-52 инбредті линиясындағы каллус берік, гомогенді және жарықта тез жасыл түске енді.
Осылайша, мұнан былайғы қант қызылшасы селекциясын жасушалық деңгейге көшіру жүзеге асты және қант қызылшасы суспензиялық культурасының сипаттамасы алынды.
Негізгі бөлім
Қант қызылшасын күтіп-баптау мен жинауға арналған машиналар комплексі
Қант қызылшасын күтіп-баптау мен жинауға қолданылатын машиналарды жіктеу. Агротехникалың талаптар
Біздің өнеркәсібіміз машиналардың түрі мен санын көп шығаратыны соншалық, олар қант қызылшасын күтіп-баптау мен жинау жөніндегі бар-лық операцияны механикаландырып, белгіленген агротехникалық мерзімде өткізуге мүмкіндік береді.
Қант қызылшасы егістігіне арнап топырақты күзде әзірлеу жалпы жүмысқа арналған машиналармен жүргізіледі. Перспективті технология-да жер жыртуды екі ярусты ПЯ-3-35 плугымен жүргізу ұсынылады.
Түқым себу алдындағы өңдеуді жалпы пайдаланылатын машиналар-мен де, 'сондай-ақ тиісінше жүмыс органдармен жабдықталған арнаулы УСМК-5А қызылша культиваторымен де жүргізуге болады. Ылғалы көп және суармалы аймақтарда КГС-4, 8 өсімдік қоректендіргіш культиваторы қолданылады. Қант қызылшасын пунктирлі немесе пунктирлі-үялы әдіс-пен сепкенде 12 қатарлы ССТ-12А сеялкасы және суармалы қызылша егу жағдайында 8 қатарлы ССТ-8 сеялкасы қолданылады.
Қант қызылшасы егістігінде топырақты жаппай қопсыту өсімдік көк-теп шыққанға дейін З-ОР-0, 7 жеңіл тісті тырмалармен немесе РБ-5, 4 ро-тациялы жұмыс органдармен жабдықталған 2КРН-2, 8М және УСМК-5А культиваторларымен жүргізіледі.
Топырақтың қатараралығын үстеп қоректендіру немесе өңдеу УСМК-5, 4, 2КРН-2, 8М культиваторларымен жүргізіледі. Бұлардан басқа қатараралықтарды қоректендірмей өңдеуге КФ-5, 4 фрезерлі культива-торы қолданылады.
Себу алдында, сепкенде және өсімдікті күтіп өңдеу кезінде культива-торлы, сеялкалы агрегатпен топыраққа гербицидті, сұйық минералды тыңайтқыштарды тұтас немесе жол-жол енгізу үшін және қант қызылша-сының зиянкестері мен ауруларына қарсы күресу үшін улы химикаттарды себуге ПОУ, ПОУ-С қоректендіргіш-бүріккіш пайдаланылады.
Қызылша егісін сиретуді қатар бойынша және оған бұрыштап та жүргізуге болады. Қатар бойынша сирету үшін УСМП-5, 4 сиреткіші шығарылады. Перспективтік технологияда қатар бойынша жүргізілетін автоматты ПСД-2, 7 сиреткішін қолдану ұсынылады. Егістік көлденеңінен тиісті жұмыс органдары бар тырмалармен, культиваторлармен сиретіледі.
Қызылшаны КСТ-ЗА, КСТ-24 қызылша комбайндарымен жинайды, сондай-ақ бөлектеп жинау үшін алты қатарлы БМ-6 жапырақ жинаушы және өздігінен жүретін КС-6 пен РКС-6 түбір (қызылша түбірін) жинайтын машиналар комплексін немесе төрт қатарлы жапырақ жинаушы БМ-4А, түбір жинаушы РКС-4 машиналар комплексін қолданады. Үйілген қызыл-шаны тиеу СНТ-2, 1Б, ПС-100 немесе өздігінен жүретін СПС-4, 2 тиегіш-терімен жүзеге асырылады.
Қант қызылшасы егісіне арналған топырақ кесектерінің диаметрі 20 мм-ден аспайтын және қопсыту тереңдігі белгіленген тереңдікке сәйкес (алшақтық 1 -1, 5 см-ден тиіс) өңделуге тиіс; топырақтың бетін тегістеу қажет. Тұқымды егу кезінде бір-бірінен біркелкі қашықтыққа орналастыру және белгіленген тереңдікке енгізу (алшақтық ±1 см-ден аспауы тиіс) қажет. Міндетті түрде түзулеп себіледі: қатараралықтардың ен айырмашылығы бір жүрісте ± 1 см-ден, түйісетін жерде ± 5 см-ден аспайды. Белгіленген тұқым себу нормасы және себу процесіндегі ты-ңайтқыш тұрақты болуға тиіс, ал себілген алаңда жота және трактор немесе сеялка доңғалағьіның ізі қалмауы тиіс.
Қатар аралықтарды өңдеуде және үстеп қоректендіруде қопсытудың белгіленген тереңдігінен және тыңайтқыш енгізу нормасынан ауытқушы-лық болмауға тиіс.
Қорғау аймағының ені белгіленген мөлшерден ± 1 см ауытқымауы тиіс. Қызылша өсімдігін зақымдауға, сондай-ақ оларды топырақпен жабу-ға болмайды, арамшөпті толық жойған жөн. Жинау кезінде түбір мен жапырақты ластамай жинау қажет. Түбірдің жапырақпен бірге кесіліп кететін балаусасы жалпы түбірдің 5%-нен аспауы тиіс. Қызылшаны қабыл-дау пунктіне жинаған күні жеткізеді немесе қалыңдығы 15 см топырақпен жауып қояды.
ССТ-12А аспалы қызылша сеялкасы
ССТ-(136-сурет) сұрыптал-ған қант қызылшасының тұқымын (1 гектарға белгіленген тұқым саны бойынша) , дәл пунктирлі және пунктирлі-ұялы әдіспен бір мезгілде ми-нералды тыңайтқыш енпзе отырып себуге арналған; қатараралықты 450 мм етіп себуге есептелген. Қосымша жалғастырушы біліктер арқылы қант қызылшасын суармалы аймақта егіп-күту үшін оны қатараралығын 600 мм-ден сегіз қатарлы етіп қайта жабдықтауға болады. Сеялканы арнаулы тетіктермен комплектілегенде қант қызылшасының, тарының, қарақұмықтың, сояның, бұршақтың (ірі сорттарынан басқасын) түйіршік-телген тұқымын себеді.
Сеялка МТЗ-80 және Т-70С тракторларына агрегатталады. Ол рамадан, аппараттар жетегінің механизмі бар екі пневматикалық тіреуіш доңғалақ-тан (1), тыңайтқыш сепкіш алты аппараттан (5), тұқым сепкіш он екі сек-циядан, маркерлерден, екі басқыш тақтайдан және тұтқалардан тұрады.
Сеялканың рамасы бір секциялы, түтіктерден пісіріліп жасалған. Раманың алдыңғы жағына СА-1 автоматты тіркемесі бекітілген. Оны раманың ортасына немесе 225 мм сслға қарай жылжытып қондырады, мұның өзі сеялканы доңғалақты немесо шынжыр табанды отамалы трак-торларға (із аралығы- 1800 мм және 1350 мм) тіркеуге мүмкіндік береді,
мұнда сошниктер трактордың із аралығымен жүрмейді. Автоматты тірке-мелер дәл жүгері сеялкасындағыдай жасалған. Дискілі тыңайтқыш сепкіш АТД-2 аппараттары қолданылады.
Тұқым сепкіш секциялар параллело-грамды аспалы механизмдерден, тұқым бункерінен, сепкіш аппараттан (себуші дискі -10, тарағыш ролик -8, түрткіш -15), сырғыма үлгісіндегі құрама сошниктен (тыңайтқыш бағыттаушы -16, тұқым бағыттаушы -17), қырғылардан (14), сошник тереңдігін реттейтін механизмнен (11), ішінде атмосфералық қысым сақтаған камерасыз резеңке шиналы тапаушы доңғалақтар (13) мен шлейфтен (12) тұрады.
Тұқым және тыңайтқыш сепкіш аппараттардың жетегі орталықтан-дырылған және тербеліс подшипниктеріне орнатылған тіреуіш пневма-тикалыц доңғалақтардан (1) жүзеге асырылады. Өлшемі 5--10" әр доң-ғалақтан айналыс тікелей шынжырлы беріліс арқылы алты тұқым сепкіш және үш тыңайтқыш сепкіш аппараттарға беріледі.
Сеялка жұмысьіның технологиялық процесі былайша өтеді. Тыңайт-қыш сепкіш (5) аппараттан тыңайтқыш өткізгіштерге (7), одан тыңайтқыш бағыттаушы (16) арқылы екі аралас қатарға түседі.
Сошниктің тыңайтқыш бағыттаушысының артынан борозда ернеуінен құлаған топырақ тыңайтқышты жауып, тыңайтқыш пен тұқым арасын бөліп тұратын қабат пайда болады. Тұқым бункерден себу дискісінің (10) ұяшықтарына келеді. Дискінің әрбір ұяшығына бір дәннен түсіп, артық тұқым роликпен (8) алынып тасталады. Одан әрі дискі ұяшығында тұрған тұқым сепкіш аппарат корпусының қабырғасымен төмен түседі. Ұяшық-тың төменгі бөлігіндегі тұқым түрткіш (15) арқылы бірінен соң бірі сош-ник сүңгімесі жасаған, тапталған борозда түбіне тасталады, Тұқым мен тыңайтқыш салынған борозда қырғылармен (14) көміледі. Қырғылардан кейінгі топырақ тұқымды топыраққа жанастыра доңғалақ арқылы (13) тапталады. Тапаушы доңғалақтан кейін топырақ тегістеледі және аздап шлейфтермен (12) қопсытылады.
Сеялка жылжымалы штангілері бар дискілі маркерлермен жабдық-талған. Маркерлер трактор кабинасынан басқарылатын гидрофициялы механизмдермен түсіріліп, көтеріледі.
Сеялканы тасымалдау кезінде маркерлер рамаға салынады, бұл сеял-каның биіктігін кішірейтіп, агрегаттың тасымалдануын жақсартады.
Сеялкаға раманың көмекші брусына кронштейндермен бекітілген екі басқыш тақтай қойылған. Басқыш тақтайдың алдында тұтқа бар, себу-шінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуүшін артына арқалық бекітілген.
Оң жақтағы басқыш тақтайға серіппелі із қалдырғыш орнатылған. Із қалдырғыш себу агрегаты егістікті жүріп өткен соң егістіктің қатар-аралықтарын көктеп шыққанға дейінгі өңдеуі үшін, трактордың культи-ватормен қоса келесі өтуіне қажет борозда жасәйды,
Сеялка себуші мен тракторшының аралық байланысын жүзеге асыру үшін электр сигналмен ыабдықталған. Ол кнопкалы қосқыштан, кабельден және штепсельді айырдан тұрады. Қосқыш оң жақ басқыш тақтайдың сол жақ тірегіне бекітілген.
Сеялканы реттеу. Сеялкаға себуші дискілердің екі комплектісі бері-леді. Дискілердің цилиндрлі бетіне үш қатар ұяшық орналасқан, олардың ішіндегі түкымның фракциясына сәйкес келеді. Өлшемі 3, 5-4, 5 мм тұқым диаметрі 5, 1 мм және тереңдігі 2, 5 мм дискі- яео ал 4, 5-5, 5 мм тұқым фракциясы ушін ұяшығының диаметрі 6, 0 мм ге диск 3, 3 дискілер алынады.
Фракцияның өлшемі себуші дискілерде көрсетілген. Тұқым себу формасы 1 гектарға жұмсалатын салмағымен (килограмм) немесе 1 погон кететіи тұңым санымен анықталады. Сеялка 1 м жерге ГЗ 35 және 50 тал сұрыпталған тұқымды себуді қамтамасыз етеді. нормасы дискідегі ұяшықтардың қатар санын және дискінің айналу яюшйгін өзгерту арқылы реттеледі.
тяшықтар саны қатарын жабатын сёктор өзгертіледі. Секторды жұмысқа қою үшін сепкіш аппараттың бүйір лағын алып, гайканы босатып, себуші дискіні ось бағытымен қозғалту Білзн кейін шеткі жырашыққа сектор тубі роликтің астына, сек аппарат корпусының деңесімен дел келәтін етіл орнатады, Одан соң дискіні орнына қояды, гайканы бұрап, бүйір қақпақты бекітеді.
Себуші дискінің айналу жьшдамдығын қарсы жетектің білігіндегі және тұқым сепкіш аппараттар жетегінің трансмиссиялық білігіндегі салмалы жұлдызшалардың орнын ауыстырып немесв алмастырьіп ез-ес-ел, Сеялкаға алмалы-салмалы жұлдызшалар 2-7, 2-9, 2-12, қосып беріледі.
Ролик-тарағыштың үстіне сепкіш аппараттың корпусына тойтарғыш бекітілген. Ролик пен тойтарғыштың арасындағы саңылау 0, 1-0, 8 мм мөлшерінде болуға тиіс. Сошник жүрісінің тереңдігін 20-60 мм мөлше-рінде серіппелі шплинтті реттеу механизмі тесіктерінің (кулисалар-ға-11) біріне ауыстыру арқылы реттейді. Сошник журісінің тұрақтылы-ғын секцияның параллелограмды механизмінің серіпһесін (19) керу арқы-лы реттейді. Тұқымның топыраққа сіңірілу сагіасы қырғы серіппесіне түсетін қысымға байланысты. Оны қырғымен жалғастырылған штанга гес ктеріндегі серіппелі шплинттердің орнын ауыстыру арқылы реттейді.
Шлейф шынжырлары оське қондырылған тапаушы доңғалақтар кронейндеріне бекітіледі. Жұмыс пен топырақ жағдайына байланысты шынжырлар кронштейндерге биіктігі бойынша үш түрлі қалыпта бекіті-леді. Шеткі төменгі қалыпта аспа нүктесі топыраққа мейлінше көп, ал жр гаргы қалыпта мейлінше аз жабысатын болады.
Тыңайтқыш себу нормасы әрбір тыңайтқыш сепкіш аппараттағы себу нормасын реттеуіші мен себу саңылауын өзгерту арқылы қамтамасыз етіледі.
Пунктирлі-ұялы себу үшін арнаулы үш қатарлы себу дискілері қол-данылады. Әр қатарға 40 ұяшықтан орналасады. Ұяшықтардың қатардағы өзара арақашықтығы 17 мм және 25 мм.
Үш қатардың ұяшықтары бір-біріне қарағанда 2 мм ауысып орналасқан 'және дискінің айналасына топталып, әрқайсысында үш ұядан орналас-қан. Сепкіш аппарат жетегінің жұлдызшаларын өзгерту және шеткі қа-тарды сектормен жауып тастау есебінен қатардың 1 погон метр ұзынды-ғында 10-15 ұяның болуын және 1 м қатарға 10-27 тұқым себілуін қам-тамасыз етеді. Егістікте тұқымның 40-50% өніп шығуын сеялканың сеп-кіш апларатын қатардағы 1 погон метр ұзындыққа 7-8 ұя салу, әр ұяда үш дән болу үшін реттейді. Ал, егістікке тұқымның 50%-тен астамының өніп шығуын күткенде, 1 м қатарда 8-10 ұя, әр ұяда екі тұқым болуын қарастырады.
Пунктирлі-ұялы себуді қант қызылшасын өсірудің перспективтік техно-логиясы ұсынып отыр. Пунктирлімен салыстырғанда осы себу әдісінің артықшылығы сол, мұнда механикаландырылған сирету жүргізу қажет емес, өйткені отырғызылған ұядағы тұқым саны қатардағы өсімдіктің біркелкі орналасып, көктеп шығуына кепілдік береді, артық өсімдік тексеру кезінде алынып тасталады.
Себу алдында сеялкаға із салғышты ол қатараралықтың ортасымен - болашақтағы жетінші және сегізінші қатармен жүріп өтетін етіп орнатады.
Егістікті күтуге арналған машиналар
У С М К-5, 4 А (137-сурет) өсімдік қоректендіргі ш-к у л ь-ти. ватор қатараралықты өңдеуге және қатар арасы 45 см және 60 см қант қызылшасы өсімдігін қоректендіруге, сондай-ақ себу алдында то-пырақты жаппай өңдеуге арналған.
Жұмыс органдары мен тетіктерді жинап алуға байланысты УСМК-5, 4А культиваторы мынадай операцияларды атқарады: бір мезгілде арамшөпті отап, топырақты қопсытып, жерді тұқым себу алдында өңдеу; өсімдік көктеп шыққанға дейін топырақты тұтас қопсыту және арам-шөптерді жоя отырып, 3 см тереңдіккё дейін топырақ қабыршығын уату; шабықтау, қатараралықты өңдеу кезінде жұмыс органдарының алымы аймағындағы арамшөптерді құрта отырып, ұсақ және терең (16 см-ге) қопсыту; минералды тыңайтқышпен үстеп қоректендірумен бір мезгілде белгі-ленген тереңдікте топырақты қопсыту; ССТ-12 сеялкасының маркерін пайдалана отырып, егін көгін шоқтау; УСМК-5, 4А өсімдік қоректендіргіш культиваторы рамадан (2), жұмыс органдары секцияларынан (3), айыры бар тіреуіш-жетек доңғалақтары-нан (1) және тыңайтқыш сепкіш аппараттардың жетек механизмдерінен, қоректендіргіш тетіктерден, тырмаларды асуға арналған құрылғылардан (4) және автоматты тіркеуіш құрылғысынан тұрады.
Тікбұрыш формасындағы рама айқыш тартпалармен жалғасқан негізгі және кемекші брустан (түтіктерден) тұрады. Раманың алдыңғы бөлігіне автоматты ілініс құрылғысы бекітіледі. Культиватордың беріктігі мен қаттылығын күшейту үшін шпренгель орнатылған. Жұмыс органдарының секциялары негізгі брусқа құрсаулар арқылы бекітілген. Ол алдыңғы және артқы кронштейндерден, грядильден, жал-ғастырғыш құрсаудан, тұрақтандыру серіппесінен, ішінде атмосфералық қысымы бар шиналы тіреуіш катоктан, жақтау ұстағыштардан және жұмыс органдарынан тұрады. Ол қатараралық 60 см болғанда 8 секциядан құралады.
Тіреуіш-жетек доңғалақтары жеке қатаң рамаға орнатылған, ал құр саулар арқылы культиватордың рамасына бекітілген. Беріліс механизмі қозғалысты, тіреуіш-жетек доңғалақтарынан қарсы жетек арқылы тыңайт-қыш сепкіш аппараттарға береді.
Тыңайтқышпен қоректендіргіш тетік үш жетек білікшелермен және тұтқалы басқыш тақтайлармен өзара жалғастырылған алты АТД-2 тыңайт-қыш сепкіш аппараттан тұрады. Тырма асатын құрылғы түтік қималы екі тартқыштан тұрады. Тартқыш-тар серіппелі түсіргіш құрылғымен топсалы түрде жалғастырылған. Тарт-қыштың артқы ұштарына шлейф бекітілген. Шлейф тізгіншелеріне жеңіл себу тырмалары орнатылған. Тасымалдау қалпында тырмалар шынжыр-лар арқылы ұсталып тұрылады.
УСМК-5, 4А өсімдік қоректендіргіш-культиватор «Беларусь», Т-70С тракторларына тіркеледі. Культиватордың өнімділігі бір сағат таза жұ-мыста 4, 2 га. Онымен бір тракторшы жұмыс істейді.
У С М П-5, 4 К қант қызылшасы көктерін сиреткіш (138-сурет) қант қызылшасы көгін механикаландырып қалыптастыруға және қатараралығы 45 см және 60 см етіп себілген өсімдікті күтуге ар-налған.
Сиреткіш 80x80 мм шаршы қималы рамаға асылған 12 жетілдірілген жұмыс секцияларынан тұрады. Раманың құрылысы УСМК-5. 4А культи-ваторы рамасының құрылысына ұқсас. Ол екі тіреуіш-жүріс пневматика-лық доңғалағына (2) тіреледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz