Дәнді, дәнді –бұршақты дақылдар,т күріш және көкеніс егуге арналған машиналар көшет отырғызатын машианалар



Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.24
Экономика (технологиялық карталар,сызбалар,есептері ... ... ... ... ..25.33
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34.35
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Пайдаланған әдебиетері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар, күріш және көкөніс егуге арналған машиналар. Көшет отырғызатын машиналар
Сеялкалар
Сеялкаларды жіктеу. Сеялкалар егу, тракторға агрегаттау әдістеріне және пайдалану орнына (себетін дақылдарға) қарай ажы-ратылады.
Егу әдісіне қарай сеялкалар қатарлап себетін, тар қатарлы, пунк-тирлі, шаршы-ұялы, бір дәндеп және шашып себетін сеялкалар болып бөлінеді. Қатарлы және тар қатарлы сеялкалар тұқымды топыраққа қатараралыққа берілген қашықтықта, шаршы-ұялы сеялкалар шаршы бұрыштарына ұялап, пунктир сеялкалар берілген қашықтықта ұя аралық-тарына сіңіреді, ал жалғыз дәндеп себетін сеялкалар дән аралықтарына берілген қашықтықта бір-бір дәннен шашып тұқымдық дәнді егістіктің беткі қабатына бөліп себеді.
Тракторға агрегаттау әдісі бойынша сеялкалар тракторға аспалы, жартылай аспалы және тіркемелі болып бөлінеді.
Пайдалануына қарай дән-тыңайтқыш, дән-тыңайтқыш-шөп, жүгері, қызылша, көкөніс, ағаш, т.б. сеялкалары деп аталады.
Себудің белгіленген нормасына сай сеялкалар тұқым мен тыңайт-қышты алаңмен қатарларға біркелкі сеуіп, топырақтың ылғалды қабатына берілген тереңдікте сіңіруі керек. Себу кезінде қатарлардың түзулігі және қатараралықтарының белгіленген түйісуін сақтау қамтамасыз етілу тиіс. Шала және қайта себуге болмайды.
Қатарлап себетін дән сеялкасының құрылысы мен жұмыс істеу процесі. Әрбір сеялканың жүмыс органдары және көмекші бөлшектері мен механизмдері болады. Оның тікелей себу процесін орындайтын жүмыс органдарына тұқым жәшігі, сепкіш аппарат, түқым өткізгіш, сіңір-гіш қырғылары бар сошниктер жатады.
Көмекші механизмдері жүмыс органдардың жүмыс істеуін қамтамасыз етеді. Олар — тіркемесі бар рама, осьтері бар тіреуіш-жетек доңғалақтары, көтеру және сошниктер-дің жүріс тереңдігін белгілейтін механизмдер, доңғалақтардан сепкіш аппараттың біліктерін қозғалысқа келтіретін беріліс механизмдер бекіту детальдары.
Сеялкалардың пайдаланылуына қарай жұмыс органдарды ауыстыруға
болады;} Мысалы, дән-тыңайтқыш сеялкасының дән және тыңайтқыш себуге арналған, дән тыңайтқыш-шөп сеялкасының дән, шөп және
(тыңайтқыш себетін, тар қатарлы дән-тыңайтқыш сеялкасының дән мен тыңайтқышты тар қатарлы әдіспен себетін жүмыс органдары бар.
Машинаның көмекші бөлшектері түрлі сеялкалардың конструкция-сына ерекше өзгеріссіз енгізіле береді.
қолданған әдебиеттер:
Ауыл шаруашылығы машиналар авторлар:
Ю.И. Воронов, Л.Н. Ковалев, А.Н. Устинов

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
№16 Колледж МКҚК
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

БЕКІТЕМІН
Директор____________З Талбидин
____________________20___ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Ф-ӨОБ-0320

Тақырыбы Дәнді, дәнді –бұршақты дақылдар,т күріш және көкеніс
егуге арналған машиналар көшет отырғызатын машианалар

Түсіндірме хат 1 бет

Графикалық бөлім 39 парақ

Дипломдық жұмысты орындаушы __________ ________________

(қолтаңбасы) (аты-жөні)

Жетекшісі

______________ ____________________
(қолтаңбасы)
(аты-жөні)

ӨОБ басшысы _________ А. Момынов
(қолтаңбасы)
(аты-жөні)

Қызмет бабында пайдаланылатын басылым
Шардара

Алғы сөз
Дәнді дақылдардың көптеген түрлері бар терең қарағанда елімізде
шаруалар көптен асылдандырып сан алуан түрін өсіруде әрине бұл дәнді
дақылдарды ең көп егістікте егілгені Солтүстік Қазақстан мен орталық
Қазақстанда кеңен таралуда негізгі дәнді дақылдар қоңыржай солтүстік
аймақтар да өседі
Негізгі өмірлік формалары: ағаштар, бұталар, көп жылдық және бір
жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен
климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі
тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы
практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы
аса зор. Мысалы, олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп, ауадағы бос
жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Бұршақтар тұқымдасының
жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары
(жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ,
масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлі бұршақтың гүлі типтес біріккен
жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді).
Күлтесі зигоморфты, 5-күлте жапырақшадан тұрады: олардың үшеуі бос
орналасқан (желкенше, немесе жалауша, және екі ескекше, немесе қанатша)
және жоғарғы жағы-нан біріккен екеуі қайықша түзеді. Кейбір туыстарында
күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән.

Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-24
Экономика (технологиялық карталар,сызбалар,есептері ... ... ... ... ..25- 33
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34-35
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 6
Пайдаланған әдебиетері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

Кіріспе
Дәнді дақылдар тұқымдасының коптеген түрлерінің халық шаруашылығында
маңызы аса зор. Олар азықтық, жемшоптік, бал жинайтын, сәндік, дәрі-
дәрмектік т.б. осімдіктердің топтарын құрайды. Бұршақтар тұқымдасының
азықтық, жем-шөптік сапасы кейде олардың қүрамында глюкозидтердің немесе
алколоидтардың көп молшерде болуына байланысты біршама төмендейді (люпин).
Сиыржоңышқа туысы (вика, немесе горошек). 150-дей түрі бар; БОР-дың
флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі
жем-шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дөн алу
мақсатында мәдени жағдайға ендірілген. Кейбіреулері арам шоп ретінде
егістікті бүлдіреді.
Егістік сиыржоңышқа (вика посевная) пішен дайындау жөне дән алу мақсатында
өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңышқа (вика мохнатая )
біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік
қарабидаймен бірге себеді. Табиғи жағдайда ол БОР-дың европалық бөлігінде,
Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі. БОР-дың барлық
жерлерінде, арамшөп ретінде түкті сиыржоңышқа (вика волосистая ), ал осы
республикалардың европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыржоңышқа
(вика узколистная) өседі.
Асбұршақ туысы (горох). Түрлерінің саны әлі күнге дейін толық
дәлелденбеген. БОР-дың флорасында 6-түрі келтірілген. Біржылдық және
көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа
өсімдіктерге жабысып көтеріліп түрады.
Егістік асбұршақ (горох посевная) (207-су-рет) біржылдық шөптесін өсімдік,
егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл
түр дала асбұршағына жақын (грох полевой), шамасы соңғы түр осы кездегі
себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек.
Беде туысы (клевер). Түрлерінің саны 300-дей, БОР-дың флорасыңда 65 түрі,
ал Қазақстаңда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық қүрлықтарыңца
(континентерінде) кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және
субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық жөне
біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сабақтары негізінен тік, сиректеу жерге
төселіп өседі. Жапырағы үшқұлақ, сиректеу 5—9 жапырақшадан түрады.
Гүлдерінің түсі сары, қанық қызыл және ашық қызыл болып келеді.
Күлтежапырақшалары тұп жағынан біріккен болып келеді. Жемісі 1—3 дөнді
қақырайтын боб (сиректеу 4—6 дәнді), әдетте екі ерінді немесе қоңырау
төрізді тостағаншаға еніп тұрады.
Қызылбас беде (клевер луговой — Т.ргаіеше) биіктігі 30—50см болатын
көпжылдық шөптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан күзге дейін
гүлдейді. Гүлдерінің түсі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарында
біреуден ғана дөні болады, мәдени жағдайда көп өсірі-леді. Қызғылт беденің
(клевер розовый или шведский) күлте жапырақшасының түсі солғын қызғылт
болып келеді, оны негізінен орманды аудаңдарда көптеп себеді, жабайы
қалпына ауысуы жиі байқалады. Ақ беденің (клевер ползучий или белый — Т.
гереш) күлте жапырақ-шасының түсі ақ болады, ол мал азығы ретіңде аса қүңды
өсімдік, әрі малдың таптап-жаншуына шыдамды. БОР-дың барлық жерлеріңде
кеңінен таралған.

Дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар, күріш және көкөніс егуге арналған
машиналар. Көшет отырғызатын машиналар
Сеялкалар
Сеялкаларды жіктеу. Сеялкалар егу, тракторға агрегаттау әдістеріне және
пайдалану орнына (себетін дақылдарға) қарай ажы-ратылады.
Егу әдісіне қарай сеялкалар қатарлап себетін, тар қатарлы, пунк-тирлі,
шаршы-ұялы, бір дәндеп және шашып себетін сеялкалар болып бөлінеді. Қатарлы
және тар қатарлы сеялкалар тұқымды топыраққа қатараралыққа берілген
қашықтықта, шаршы-ұялы сеялкалар шаршы бұрыштарына ұялап, пунктир сеялкалар
берілген қашықтықта ұя аралық-тарына сіңіреді, ал жалғыз дәндеп себетін
сеялкалар дән аралықтарына берілген қашықтықта бір-бір дәннен шашып
тұқымдық дәнді егістіктің беткі қабатына бөліп себеді.
Тракторға агрегаттау әдісі бойынша сеялкалар тракторға аспалы, жартылай
аспалы және тіркемелі болып бөлінеді.
Пайдалануына қарай дән-тыңайтқыш, дән-тыңайтқыш-шөп, жүгері, қызылша,
көкөніс, ағаш, т.б. сеялкалары деп аталады.
Себудің белгіленген нормасына сай сеялкалар тұқым мен тыңайт-қышты алаңмен
қатарларға біркелкі сеуіп, топырақтың ылғалды қабатына берілген тереңдікте
сіңіруі керек. Себу кезінде қатарлардың түзулігі және қатараралықтарының
белгіленген түйісуін сақтау қамтамасыз етілу тиіс. Шала және қайта себуге
болмайды.
Қатарлап себетін дән сеялкасының құрылысы мен жұмыс істеу процесі. Әрбір
сеялканың жүмыс органдары және көмекші бөлшектері мен механизмдері болады.
Оның тікелей себу процесін орындайтын жүмыс органдарына тұқым жәшігі,
сепкіш аппарат, түқым өткізгіш, сіңір-гіш қырғылары бар сошниктер жатады.
Көмекші механизмдері жүмыс органдардың жүмыс істеуін қамтамасыз етеді. Олар
— тіркемесі бар рама, осьтері бар тіреуіш-жетек доңғалақтары, көтеру және
сошниктер-дің жүріс тереңдігін белгілейтін механизмдер, доңғалақтардан
сепкіш аппараттың біліктерін қозғалысқа келтіретін беріліс механизмдер
бекіту детальдары.
Сеялкалардың пайдаланылуына қарай жұмыс органдарды ауыстыруға
болады;} Мысалы, дән-тыңайтқыш сеялкасының дән және тыңайтқыш
себуге арналған, дән тыңайтқыш-шөп сеялкасының дән, шөп және
(тыңайтқыш себетін, тар қатарлы дән-тыңайтқыш сеялкасының дән мен
тыңайтқышты тар қатарлы әдіспен себетін жүмыс органдары бар.
Машинаның көмекші бөлшектері түрлі сеялкалардың конструкция-сына ерекше
өзгеріссіз енгізіле береді.

47-сурет. СЗ-3,6 сеялкасының схемасы:
1—рама, 2—тіркеу тетігі, 3—гидроцилиндр, 4—беріліс механизмі,
5—дән~тыңайтқыш жәшігі, 6—сепкіш аппарат, 7— түқым өткізгіш, 8— тіреуіш-
жетек доңғалағы, 9— тізгіндері бар екі дискілі сошник, 10— басцыш тақта,
1)— қырғылар
Агрегатты түзу жүргізу және дәнді шала сеппес үшін сеялкалар
маркерлермен және із түсіргіштермен жа6дықталады.
Әмбебап гидрофицияланған СЗ-3,6 тіркемелі дән=ТЙңайтқыш сеялка-сына
тұтынушылардың сүрауы бойынша сепкіш аппараттар-дың біліктерінің айналуын,
түқым деңгейін және сошниктердің терең-деуін автоматты түрде бақылауға
арналған тетік қондыруға болады. Сонда тракторшының өзі-ақ сеялканы және
ауыр топыраққа күріш егу-ге арналған СУК-02. 000 тетігін басқара алады.
СЗ-3,6 сеялкасының негізінде: қуаңшылық аймақтар үшін дән себілген
қатарлардың топырағын нығыздауға арналған престеуіш СЗП-3,6; тар қатарлы —
СЗУ-3,6; анкерлі — СЗА-3,6; шөп себетін — СЗТ-3,6; шалғын жайылым шөбін
себетін — СЛТ-3,6; бір дискілі сошниктері бар — СЗО-3,6; соя себетін — СЗСШ-
3,6; зығыр себетін-СЗЛ-3,6 сияқты өзгер-тілген түрлері жасалып, шығарылуда.
Кең алымды сепкіш агрегаттарда тіркемелі С-3,6 сеялкалары шахмат тәртібімен
эшелондалып агрегатталады. СЗ-3,6 сеялкасы дәнді және дәнді-бүршақты
дақылдар тұқымын қатарлап себу әдісімен сеуіп, соны-мен бірге тұқым
себілген қатарға түйіршіктелген минералды ты-ңайтқыш енгізеді.
Сеялка 24 қатарлы. Рама (1) оның қаңқасы болады да оған екі дән-
тыңайтқыш жәшігі (5) бекітіледі. Оның түбіндегі саңылауларға қара-ма-қарсы
24 катушкалы-сепкіш аппарат (6) болтпен қатайтылады. Жәшік-тің артқы
кенересіне 24 катушкалы-штифті тыңайтқыш сепкіш аппарат қондырылған. Түқым
түтігі (7) аппарат воронкасына сыммен, тұқым өткіземізДән-тыңайтқыш жәшігі
раманың алдыңғы, ортаңғы және артқы брус-тарына пісірілген құрсауларға
тіректер мен болттар арқылы қатайтылады. СЗ-3,6 сеялкасының екі дән-
тыңайтқыш жәшігі болады.
Тұқым себу нормасын себу реттеуіші (7) өзгертеді. Сепкіш аппарат-
тардың санына қарай бір немесе екі реттеуіш қондырылады. Реттеуіш-тер
жәшіктің түбіне немесе артқы қабырғасына болттармен қатайтылады. 24 сепкіш
аппараты бар С-3,6 сеялкасына екі тұқым себу нормасын реттеуіш орнатылған.
Дән-тыңайтқыш шөп сеялкаларында дән-тыңайтқыш жәшіктерінің артына
шөптің сусымалы және орташа сусымалы тұқымы салынатын жә-шік
орналастырылған. Сепкіш аппараттары саңылауына қарама-қарсы, жәшіктердің
ішіне, айналып тұратын айдауыш, ал араларына айналып тұратын араластырғыш
қондырылады. Айдауыштар мен араластырғыштар онша суси қоймайтын шөп тұқымын
себу кезінде оның жиналып қа-луына жол бермейді.
Катушкалы тұқым сепкіш аппараттар (49-сурет) дәнді және дәнді-бұршақты
дақылдар тұқымын, сондай-ақ шөп тұқымын себу үшін қолданылады. Олар
құрылысы бойынша қарапайым, себу норма-сын реттеуі де күрделі емес,
пайдалануға да қолайлы. Катушкалы сепкіш тұқым қорабы (шойыннан немесе
болаттан штампталып құйыл-ған), бұдырлау (астаушасы бар) жұмыс катушкасы,
бос жүрісті тегіс муфта және розетка секілді негізгі төрт бөліктен тұрады.
Тұқым қораптары (6 және 16) ортасынан қақ жарылған, яғни екі бөліктен
тұрады. Оның жиналған күйінде үстіңгі (тұқым жәшігінен ап-паратқа тұқым
түсу үшін), сондай-ақ төменгі (аппараттан тұқым өткіз-гішіне тұқым шығу
үшін) және екі бүйір саңылаулары болады. Оң жақ (сеялканың жүрісі бағыты
бойынша) бүйір саңылауында екі немесе үш ойық бар. Оларға бос жүрісті
муфтаның шығыңқы тұстары (7 немесе 18) еніп тұрады. Сол жақ саңылаудың
ұясына бейнелі шығыңқы жерлері бар розеткалар (9 және'21) еркін
қондырылады. Олар жұмыс-тық катушкалардың ойықтарына (10 және 17) сай
келеді. Катушкалар мен муфталар он екі сепкіш аппарат үшін ортақ төрт қырлы
(2) немесе жұмыр (15) білікке кигізілген.
Аппараттың екі жағындағы төрт қырлы білікте (2) шплинттерге (3 және 5)
арналған. саңылауы болады. Аппараттың сол жағындағы шплинттің артына шайба
және спираль серіппе (1) қондырылған. Ол катушканы муфтаға қысып тұрады.
Аппараттың оң жағындағы шплинттің артында шай-балар мен екі реттеуіш аралық
төсем (4) жатады, олар біліктегі муфта мен катушканың орнын ауыстыруға
мүмкіндік береді.
Жұмыр біліктің екі саңылауы бар. Жұмыс катушка оған штифтпен
ұстатылады. Аппараттың қарама-қарсы жағында, шплинт пен муфтаның аралығына
компенсатор (сатылы шайба— 19) қондырылған. Ол катушка мен муфтаның
арасындағы саңылауды азайтуға мүмкіндік береді. Саңылау пайда болғанда
компенсатор келесі үлкен сатыға қойылып, қайтадан шплинттеледі. Себу
нормасын өзгерту үшін реттеуіш рычагпен сепкіш аппаратының білігін және
онымен байланысты катушкалар мен муфталарды оң және сол жаққа қозғалту
қажет. Егер білік сол жаққа ауыстырылса, катушка білігі тұқым қорабынан
шығады да оныңорнын муфта басады. Сөйтіп себу нормасы азаяды. Ал, білік оң
жаққа қарай ауыстырылса, катушка түқым қорабына еніп, муфта сыртқа шығады.
Соның нәтижесінде қорапқа түқым көптеп түсе бастайды.
Әдеттегі қатарлап себуге арналған катушкалы түқым сепкіш аппарат-тар
төмен себу, топтап босату және топтап реттеу тетіктерімен (СЗ-3,6, СЗП-3,6,
СЗТ-3,6, СЗУ-3,6, ЛДС-6, СЗС-2.1М) жабдықталып шығарылды.
Сепкіш аппараттарын тобымен босату түқым жәшігі мен аппаратты дәннен
тазартуды оңайлатады әрі тездетеді. Жәшікті босатып түратын төрт қырлы
білікшелер (11) аппарат корпусы арқылы өтеді. Әрбір ап-параттың корпус
білікшесіне рычаг (13) орнатылған. Ол тірек (12) кла-панымен (14)
жалғасқан. Түқым жәшігін тазарту үшін босату рычагын төмен, сәл бір жағына
қарай басып, содан соң барынша жоғары көте-ріп, таяныштан босатады.
Рычагпен (13) жалғасқан төрт қырлы білік-ше (11) бүрылғанда, клапандар
ашылады да жәшіктегі түқым төгіледі.
Төмен себу, топтап босату және түбінен реттелетін аппараттардың
(клапандардың) түбі топтап босатып, реттеу білігіне топсамен, ал клапан
ендірмесі мықты етіп орнатылған. Клапан түбі мен ендірмесі винт және
серіппе арқылы қосылған. Бүл конструкция клапандар қалпын топтап және
жекелеп ауыстыра реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Клапандар қалпын топтап реттеу босату білікшесіне қондырылған рычагпен, ал
катушка мен клапан аралығындағы саңылауды жеке рет-теу серіппені гайкамен
қысу арқылы іске асырылады.
Тыңайтқышты сеялкалармен себу үшін катушкалы-штифті сепкіш аппараттар
қолданылады.
Катушкалы-штифті тыңайтқыш сепкіш аппараттардың (50-сурет) кор-пусы
(3) болаттан жасалады. Корпустың ішінде он екі аппаратқа ортақ төрт қырлы
біліктің үстіне штифті катушка қүйып (2) қондырылған. Корпустың төменгі
бөлігінде босату білікшесіне (5) реттеуіш түп (1) бе-кітілген. Білікшені
рычагпен (4) бүра отырып, түпті катушкаларға жақындатуға немесе олардан
алыстатуға болады.
Тыңайтқышты қалыпты ылғалдылықта себу үшін түпті катушкадан 8—10 мм
қашықтықта орналастыру қажет. Ал, тыңайтқыш тым ылғал болса, бүл қашықтық
үлғайтылады. Реттеп болғаннан кейін босату білік-шесінің (5) рычагы (4)
секторға (6) болтпен бекітіледі.
Тыңайтқыш жәшігін босату үшін рычагты (4) түбіне дейін басу керек.
Тыңайтқыштың жәшіктен аппараттарға түсуі саңылау биіктігін езгертіп түратын
ысырмамен реттеледі. Тыңайтқыш сепкіш аппаратқа нашар түсетіндіктен
саңылауды 30 мм-ден кем етуге болмайды. Негізінен ты-ңайтқыш себу нормасы
тыңайтқыш сепкіш аппараттары білігінің айналу жиілігін беріліс механизмі
шестерняларын ауыстыру арқылы реттейді. Шөп түқымын тыңайтқыш жәшігінен
себу үшін саңылауды тым үлкей-тудің қажеті жоқ.
Сеялканың сепкіш аппараттары доңғалақтар осьтерінен тісті-шынжыр-лы беріліс
(51-сурет) арқылы іске қосылады.
Тіреуіш-жетек доңғалақтарының күпшектеріне орнатылған жүлдыз-
шалардан (1) айналыс втулкалы-роликті шынжыр арқылы қарсы жетектің бүйір
біліктерінің үшына орнатылған жүлдызшаға (2) беріледі. Бүл біліктер екі
тіреуіш-жетек доңғалақтарынан бір мезгілде айналуға мүмкіндік беретін басып
озу муфтасымен қарсы жетектің ортаңғы білігіне қосылған. Басып озу муфтасы
ұялы дискіден және ролигі бар серіппе астындағы ішпектен тұрады. Қарсы
жетектің ортаңғы білігіне ажырат-қышпен бірге жұлдызша (3) бекітілген. Осы
жұлдызша втулкалы-ролик-ті шынжыр айналысын дән-тыңайтқыш жәшігінің артына
орнатылған жұлдызшаға (6) және берілістер механизмі рамасының білігіне
жеткізеді.
Ажыратқыш сеялканың сошниктерін тасымал қалпына көшіргенде сепкіш
аппараттардың айналуын тоқтатады, ал сошниктерді жұмыс қалпына көшіргенде
жетекті аппаратқа қосады. Беріліс механизмі рама-сының білігіне екі тісті
доңғалақ (7 және 8) бекітілген. Осы тісті доң-ғалақтар (7 және 8) айналысы
аралық тісті доңғалақтар мен втулкалы-роликті шынжырлар жүйесі арқылы дән
сепкіш және тыңайтқыш сеп-кіш аппараттары біліктерінің жұлдызшаларына (4
және 5) беріледі. Жұлдызшалар (4 және 5) екі дән-тыңайтқыш жәшігінің
аралығына ор-наласқан. Механизм рамасындағы тісті доңғалақтарды завод
нұсқаула-рындағы таблицаға сай ауыстыра отырып, дән сепкіш аппараттар білі-
гіне төрт беріліс, тыңайтқыш сепкіш аппараттар білігіне алты беріліс
жасауға болады.
Тұқым өткізгіш тұқым мен тыңайтқышты сепкіш аппараттардан сеялка
сошниктеріне бағыттауға арналған. Конструкциясы бойынша олар спиральды-
ленталы, резеңкелі гофрирленген және түтікті деп бөлінеді.
Спиральды-ленталы тұқым өткізгіш спиральды түрде оралған болат
лентадан дайындалады. Тұқым өткізгішінің үстіңгі ұштары сепкіш ап-паратына
шплинттермен, ал сошник воронкасына шынжырлармен бекі-тіледі. Оның
дайындалуы күрделі. Бір ғана кемістігі — ол пайдалану процесінде созылып,
ұзарады. Бұл тұқым өткізгіш СЗТ-3,6 дән-тыңайтқыш шөп сеялкасының шөп
жәшіктеріне қондырылады.
Гофрирленген, тұқым өткізгіш гофрирленген резеңке түтіктен дайын-далады.
Түқым өткізгіштің осы құрылысы оның жақсы иілуіне, созы-луыма, чысылуына
мүмкіндік береді. Оның үстіңгі ұшы сепкіш аппарат воронкасына сыммен
оралып, астыңғы ұшы сошник корпусына шплинт-пен бекітіледі. Ол СЗ-3,6
сеялкасы мен түрі өзгертілген СЗП-3,6, СЗУ-3,6 СЗА-3,6 сеялкаларына
қондырылады.
Түтікті тұқым өткізгіш минералды тыңайтқыштардың әсерінен бүлінбейтін
пластмасса түтіктерден дайындалады. Ол СЭС-2,1 және СЭС-2.1М сеялкасына
қондырылады..
Сошниктер топыраққа борозда салып, оған тұқым және тыңайтқыш себеді.
Сошниктерге қойылатын негізгі талап — олардың бороздаларға тұқымды біркелкі
және бірдей тереңдікке бөліп салуы. Егер олар тұқымды біркелкі және бірдей
тереңдікте салмаса, өсімдіктің көктеуі де әркелкі болады. Оның үстіне
біразы көктемей, шіріп кетеді.
Егу сапасы көбіне топырақты тұқым себер алдында өңдеуге байланыс-ты.
Егер ол жақсы өңделсе, сошниктердің де өнімділігі жоғары болады. Себілетін
дақылға, сошниктерді пайдалануға қарай анкерлі, қыртөсті, дискілі, сыдыра
жырту немесе аңызды культивациялаумен бірге егуге арналған және түтікті деп
бөлінеді.
Анкерлі, қыртөсті, сыдыра жырту немесе аңызды
культивациялау мен бірге егуге арналған және түтікті сошниктер дискілі
сошниктерге қа-рағанда, конструкциясы бойынша қарапайым. Арнайы күтімді,
майлауды қажет етпейді. Селмағы жеңіл. Оны жөндеу де оңай. Кемістігі жер
тым ылғал кезде оны топырақтан және түбір қалдықтарынан үнемі тазарту
қажеттігі болып табылады.
Дискілі сошниктер конструкциясы бойынша күрделірек. Салмағы да үлкен.
Алайда олар сеялкаларда өте кең пайдаланылады. Дискілі сош-никтерге ылғал
топырақ көп жабыспайды. Олар майда кесекті және тоң кесекті топырақты
жерлер мен арамшөп түбірлерінің қалдықтары мол игерілетін тың және тыңайған
жерлерде агротехникалық талап-тарға сай қалыпты егу сапасын қамтамасыз
етеді.
Анкерлі сошник (52, а-сурет) құйма корпустан, пісірілген воронка мен
тізгіншеден (2) тұрады. Корпусының астыңғы бөлігі ұштық түрінде жа-
салынған. Осы ұштық топыраққа еніп кетеді де себілетін тұқымға ар-налған
борозда салады. Тізгіншенің алдыңғы ұшы сошник брусына бекітіледі. Анкерлі
сошниктер СЗА-3,6 сеялкасына қондырылады.
Қыртесті сошниктің (52, б-сурет) құрылысы анкерлі сошниктің құры-лысына
ұқсас. Оның анкерлі сошниктен айырмашылығы — қыртөсті сош-никтің ұштығы
топырақта жіңішке борозда сала отырып, топырақты жоғары қарай емес, төмен
қарай аударыстыратындығында.
Соның нәтижесінде топырақтың ылғал қабаты сыртқа қарай ауда-
рылмайды, әрі кеуіп те кетпейді, ал борозданың түбі нығыздала түседі.
Қыртесті сошниктер негізінен тайыз сіңірілетін тұқым себу үшін қол-
данылады. Ол шөп егісі үшін дән-тыңайтқыш шөп сеялкасы мен зығыр сеялкасына
қондырылады. Олардың, сонымен бірге, тұқымы 4 м-ден артық сіңірілмейтін
дәнді дақылдар егісіне де пайдаланылуы мүмкін.
Дискілі сошник (52, в-сурет) топырақты екі жалпақ болат дискімен (4)
жыртады, яғни борозда салады. Дискілер сошник корпусы (9) ішін-дегі бір рет
майланатын шарикті подшипниктерге бір-біріне 10° бұрыш жасай қондырылады.
Корпусқа дискілер салған борозда түбіне тұқымды бағыттап тұратын воронка
бекітіледі. Дискілер арасына дискілерді ішкі жағынан жабысқан топырақтан
тазартатын, реттеліп отыратын аршуыш орнатылады. Мұндай дискілі сошниктер
СЗ-3,6, СЗП-3,6 т.б. сеялка-ларға қондырылады.
Тар қатарлы сеялкаларға жоғарыда қарастырылған сошниктерден
корпусының (13) конструкциясы және дискілер (14) арасындағы бұры-шының
кеңдігі (18°-қа тең) бойынша айырмашылығы бар дискілі сош-никтер (52, г-
сурет) пайдаланылады. Дискілер арасына тұқым өткіз-гіштен (12) келе жатқан
тұқым мен тыңайтқышты екіге бөліп тұратын бөлгіш (10) орнатылады, Сошниктің
әрбір дискісі топырақты жырып, борозда салады. Соның нәтижесінде
қатараралығы 6,5—7 см екі қатар пайда болады. Мұндай сошниктер дән-
тыңайтқыш себетін СЗУ-3,6 тар қатарлы сеялкасына қондырылады.
Сыдыра жырту немесе аңызды культивациялаумен бірге егу жұмысы да
дискілер немесе жебе тәрізді табандар (52, д-сурет) арқылы орын-далады.
Дискілер мен табандар тұқым өткізгішпен дәнді дақылдар тұқымы мен тыңайтқыш
түсетін борозда салады. Аңызды сыдыра жыр-туға және тұқымды сіңіруге
арналған дискілер ЛДС-6 деп аталатын сыды-
ра жыртқыш сеялкаларда, культиваторлық табандар СЗС-2,1 және СЭС-2,1М
сеялкаларында қолданылады.
Тутікті сошник (52, е-сурет) алдын ала өңделген топыраққа және
аңыздарда егін егуді қамтамасыз етеді. Ол түтіктен және түзу ұштық-тан
тұрады. Сошниктің екі амортизациялық серіппесі бар. Олар сошник-тің
кедергіден айналып өтуіне мүмкіндік береді. Түтікті сошник СЗС-2,1 және СЗС-
2,1М сияқты аңыздық сеялкаларға қондырылады.
Көтеру механизмдері тіркеме сеялкалардың сошниктерін тасымал қалпына
көтеруге және жұмыс қалпына түсіруге арналған. Аспалы сеялкалардың көтеру
және сепкіш аппараттарында берілістер-ді ажырату механизмдері жоқ. Өйткені,
мұндай сеялкалардың сошниктері жұмыс қалпынан тасымал қалпына трактор
гидравликалық көтергішімен сеялканы көтергенде бірге көтеріледі. Тіреуіш-
жүріс доңға-лағынан қозғалатын сепкіш аппараттардың айналыс берілісінің
меха-низмдері доңғалақтар жерге тигенде ғана жұмыс істейді. Сеялкалар жұ-
мыс қалпынан тасымал қалпына көшірілгенде доңғалақтар жерден кө-теріледі де
сепкіш аппараттардың беріліс механизмі тоқтайды.
Сошниктерді көтеріп, түсіру үшін көптеген сеялкалар (СЗ-3,6, СЗП-3,6
СЗУ-3,6 СЗА-3,6 т. б. гидравликалық көтеру механизмдерімен
жарақтандырылады. Ол механизмдердің құрылысы мынадай. Сеялканың ортаңғы
тіркеу тетігіне гидроцилиндр орнатылады. Гидроцилиндр штогы жұмыр біліктің
рычагына қосылған. Біліктің жиектерін қуалай рычагтар пісіріліп бекітілген.
Ол винтті тартқыш арқылы сошниктерді көтеретін екі төрт қырлы біліктің
кронштейнімен қосылған. Біліктерге штангалы және серіппелі аша бекітілген.
Жұмыр білік те осылайша кронштейндер және түтіктер арқылы қырғыларды
көтеріп, түсіретін екі төрт қырлы білікпен қосылған.
Гидроцилиндр рычагтарға әсер етеді де біліктерді бұрып, сошниктер мен
қырғыларды көтереді немесе түсіреді. Ажыратқыш сошниктер мен қырғыларды
көтерумен бірге тіреуіш-жетек доңғалақтардан сепкіш ап-параттардың
біліктеріне берілетін берілісті де ажыратады. Ал, сошник-терді түсіргенде
керісінше іске қосады. Сошниктердің тереңдеуін сеял-каның ортаңғы тіркеу
тетігіндегі винт, машинаның бүкіл алымындағы сошниктердің бірдей қалпын
винтті тартқыштар реттейді. Р а м а сеялканың жұмыс органдары мен қосымша
бөліктерін орналас-тыруға арналған. Ол тікбұрышты, төрт қырлы не болмаса
бұрыш қималы екі немесе үш бойлық брустан тұрады. Брустар өзара бойлық
түтіктермен, бұрыштамалармен және темір тілімдерімен қосылған. Алдыңғы
бойлық брусқа оң жақ, ортаңғы және сол жақ тіркеу тетік-терінен және
тіркеме құрсаудан тұратын тіркеме пісіріліп қондырылады немесе үзеңгілермен
бекітіледі. Ол брусқа сошник брусы, сошниктерді көтеретін жұмыр білік пен
төрт қырлы білікті қатайтатын кронштейндер мен үшкілдер арқылы пісірілген.
Аспалы сеялкалар рамаларының негізін шаршы қималы бойлық брус құрайды.
Брусқа сеялканы трактормен жалғастыру үшін аспа, сошниктер тізгіншелерін
қосу үшін сошник брустары, доңғалақтар тізгіндерін бекіту үшін кронштейндер
және беріліс механизмдері мен тұқым жәшігін бекіту үшін тіректер пісіріліп,
қондырылады.
Доңғалақтар сеялкаға тірек қызметін атқарады. Ол беріліс механизм-дері
арқылы тұқым сепкіш аппараттары мен тыңайтқыш сепкіш ап-параттарынь.ң
біліктерін айналдырады. Сеялкаларға пневматикалық доң-
ғалақтар салынады.
Доңғалақ күпшектен, дискіден және шинадан түрады. Ол
роликті
подшипниктермен айналады.
СЗ-3,6 және СРН-3,6 сеялкаларына арналған СЗГ-06.000 т е т і г і жеңіл
топырақты жерлерде күрішті қатараралығын 75 мм етіп тар қатарлап егуді
қамтамасыз етеді. Ол шынжырлы қырғылар мен сырғыма сошниктердің
он екі комплектісінен түрады.
СЗ-3,6 сеялкасына арналған СУК-02.000 тетігі ауыр топырақты жер-лерде
күрішті қатараралығын 150 мм етіп егуді қамтамасыз етеді. Ол екі ернеулі,
бір ізді дискілі сошниктерден тұрады.
Бақылау және сигнал беру тетігі сепкіш аппараттары біліктерінің
айналуын, сошниктерінің тереңдеуін, түқым деңгейін және сеялкашы мен
тракторшының дистаициялық байланысын автоматты түрде бақылауғ,а арналған.
Тетік трактордың электр жүйесінен жұмыс істейді. Ол сепкіш аппараттары
біліктерін айналдыру және сошниктерді тереңдету сиг-нализаторынан,
дистанциялық байланыс кнопкасынан, сигнал беру қал-қаны мен қосқыш
өткізгіштен түрады.
Фрикциондық сепкіш аппараттары біліктерін айналдыру сигнали-заторы дән
сепкіш аппараттары білігінің кесілген тұсына қондырь.лады. Сошниктерді
тереңдету сигнализаторы сошниктерді көтеретін алдыңғь. (жүмыр) білікке
орнатылады. Сигнал беру қалқаны трактор кабинасында, тракторшының алдында,
дистанциялық байланыс кнопкасы дән-тыңайт-қь.ш жәшігінің ортаңғы бөлігінде,
артқы қабь,рғалары аралығында бо-
лады.
Тетік сошниктер толық тереңдемегенде және сошниктердің тереңдеу немесе
көтерілу процесінде, жүмыс уақытында сепкіш аппараттардың біліктері
тоқтаған кезде, сошниктер тереңдеген сәтте, дистанциялық байланыс кнопкасын
басқан мезгілде жұмыс істейді, Егер тізбек тұйық болса, трактордың сигнал
беру қалқанында жарық немесе дыбыс сигналы іске қосылады.
Сеялкалар мен көп сеялкалы егу агрегаттарын жұмысқа дайындау.
Егістікке шықпай тұрып сеялкалар мен егу агрегаттарын
алдын ала тексеріп, жұмысқа мұқият дайындау керек.
Ең алдымен сеялканың құрастырылатын бірліктерінің бекітілуін тексеріп,
сепкіш аппараттарды, түқым өткізгіштерді, сошниктерді қараған жен. Көзге
түскен барлық ақау жөнделеді. Тұқым жәшігінен бөгде заттар-дың бәрі алынып
тасталынады. Содан соң беріліс механизмі, сошниктер ізінің тереңдігін
реттейтін механизм тексеріліп, сеялка майланады. - Бірнеше сеялка бір
агрегатта жұмыс істеу үшін тіркеуіш дайында-лады. Доңғалақтардың,
осьтердің, кергіштердің ақаусыздығы, брустар-дың, асқыш
механизмдерінің, қамыттардың күйі тексеріледі. Табылған ақаулар
жөнделеді.
Орналастыру тақтасын пайдалана отырып, сошниктердің орналасуы
бақыланады. Белгіленген егу схемасынан ауытқу байқалса, сошниктер қайта
орналастырылады. Ең соңында сепкіш аппараттардың түқымды себу біркелкілігі
тексеріледі де сеялкалар себу нормалына қойылады. Тұқымды сіңіру тереңдігі
топтық және жекеше реттелетін сошниктер ізінің тереңдігі бойынша
анықталады. Топтық реттеу сошниктердің терең-деуін винттік реттеуішпен
реттеу арқылы іске асырылады. Винтті қатайт-қанда керісінше тереңдейді.
Сеялканың екі жақ жартысының да реттеуіштерінің винттері сошник-тер
бірдей тереңдікте тұратындай етіліп орналастырылуы қажет.
Сошниктер ізінің тереңдігін жекеше реттеудің бірнеше әдісі бар.
Дискілі сошниктерде — қысу штангасындағы серіппелердің көтерілуін өзгерту
әдісі. Серіппенің азғана сығылуы сошник ізінің тайыздығына, көп сығылуы
тереңдігіне сай келеді. Оның сығылуы штанга үстіндегі шайба мен орауыштың
орнын ауыстыру жолымен іске асырылады. Трактор доңғалақтарының ізімен
жүретін сошниктердің серіппесінен басқа барлық сошниктердіңсеріппесін
бірдей сығылатындай етіп орнату керек. Ал трак-тор ізімен жүретін сошниктер
серіппесінің көбірек сы-ғылғаны дұрыс. Серіппелердің сығылуын өзгерту
сеялкалар қаттылығы әр түрлі топырақтарда жұмыс істегенде сондай-ақ алдыңғы
және артқы сошниктер ізін теңестіру үшін пайдаланады; анкерлі сошниктерде —
олардың асқыш шынжырының ұзындығын рама құрсауына қарай өзгерту және
сошниктер қамытына жүкті ілу немесе оны алып тастау әдісі. Шынжырды ұзарту
және сошник-тер қамытына жүк ілу сошниктер ізін тереңдетеді немесе
тайыздатады; қыр төсті сошниктерде — жүк ілу немесе алып
тастау әдісі.
Сошниктерді орналастыру және олардың сеялка рамасындағы қал-пын тексеру
үшін орналастыру (таңбалау) тақтасы пайдаланылады. Сош-никтердіНг орналасуы
мынадай кезекпен тексеріледі. Орналастыру тақ-тасы таңбалары жоғары
қаратылады да оның ортасы сеялканың осіне тура келетіндей етіліп, сошниктер
қатарының аралығына қойылады. Ол жылжып кетпес үшін қазықтармен
қатайтылады. Сошниктер орналастыру тақтасының тиісті таңбасына қарсы
орналастырылады. Оларды алдын ала сошниктер брусына орналастырып, аздап
қатайтып та қоюға болады. Содан кейін ғана орналастыру тақтасының көмегімен
сошниктер бір-жолата орнатылады.
Сошниктерді тереңдетуді реттейтін біліктегі ашалар басқыш штан-галар
(тізбектің анкерлі және қыртөсті сошниктерінде) сошниктердің осьтік
линиясына вертикаль тұратындай етіп орналастырылады да, тізгіншелерді
бекітетін гайкалар сошниктер брусына әбден тартылып тасталады. Егер
орналастыру тақтасы жоқ болса, онда сошниктерді қатараралықтың белгіленген
еніне рулетканы пайдалана отырып орна-ластыруға болады. Ол үшін шеткі
сошниктерді сошниктер брусының бойымен барынша жылжытып, олардың ортаңғы
линияларының ара қа-шықтығын өлшеу керек. Бұл қашықтық сошниктер брусының
пайдалы ұзындығы деп сипатталады. Оны қатараралықтың белгіленген енінё
бөліп, алынған нәтижеге бірді қосса, брусқа орналастыруға болатын сошниктер
саны шығады. Мысалы сошниктер брусының пайдалы ұзындығы 3450 мм,
қатараралық ені 150 мм. Осы мәліметтерге орай брусқа 24 сошник орнатуға
болады.
Брустың пайдалы ұзындығын қатараралықтың еніне белгенде
қатараралықтың енінен аз қапдық қалады. Бүл жағдайда шеткі сош-никтер
сеялканың ортасына қарай, қалдықтың жартысына тең қашық-тыққа жылжытылады.
Шеткі сошниктерді негізге ала отырып, рулетканың көмегімен сошниктер
брусына қалған сошниктерді орнату үшін ортаңғы линия жүргізіледі.
Пайдаланылмайтын сепкіш аппараттар ысырмамен жабылады.
Себу біркелкілігін тексеру. Әрбір сепкіш аппараттың себу біркелкілігін
тексеру үшін реттеуіш рычагы шкаланың нөлдік бөлігіне көшіріліп, барлық
сепкіш аппараттардың катушкаларын қарап шығу керек. Әрбір катушканың
бүйірі, яғни кесік түсы розетканың ішкі жағымен бір деңгейде орналасуы
қажет. Егер ауытқу байқалса, аппарат корпусын түқым жәшігіне бекіткен
болтты босатып, сепкіш аппаратты катушканың кесік розетканың ішкі жағына
сай келетіндей етіп, қажетті бағытқа жылжыту керек.
Сепкіш аппараттары клапандарының орнатылуы да тексеріледі. Дәнді дақылдар
тұқымын себу кезінде муфта катушкаларының төменгі клапандары (түптері) мен
төменгі қабырғаларының арасындағы саңылау бүкіл сепкіш аппараттарда 2 мм-
ден аспауға тиіс. Бұл саңылау клапандар-дың гайкалы болтын бұрап, клапан
серіппелерінің қысылуын қажетті жаққа қарай өзгерте отырып жасалады.
Дәнді-бұршақты дақылдардың ірі тұқым себу кезінде муфта катуш-касының түбі
мен төменгі қабырғасының аралығындағы саңылау 8—100 мм болу керек. Ол дән-
тыңайтқыш жәшігінің әрбір жартысына арналған босату рычагы арқылы жасалады.
Сеялкаларды себу нормасына ңою. Себу нормасы тұқым сепкіш ап-
параттардың себу біркелкілігін себу реттеуішінің рычагтары рет-тегеннен
кейін ғана белгіленеді. Катушканың көмекші бөлігінің ұзын-дығы диаграмма
(53-сурет) бойынша алдын ала іріктеле отырып, қа-былданған беріліс
қатынасына сай таңдалып алынады.
Катушканың көмекші бөлігінің айналу жиілігі аз (беріліс қатынасы аз)
және өте жиі кезде тұқым сепкіш аппараттарда ұнтақталмайды әрі анағұрлым
біркелкі себіледі.
Мысал. Бидайды себу нормаеы гектарына 140 кг кезде катушка-ның ашылуы мен
беріліс қатынасын анықтау қажет. Ордината осінен гектарына 140 кг себу
нормасын тауып, II, III бидай деген көлбеу тү-зулерін кесіп горизонталь
сызық сызу керек.
Іі бидай сызығы мен горизонталь сызықтың қиылысқан нүктесін анықтап,
абсцисса осіне перпендикуляр түсіріледі. Сонда бұл катушканың жұмыс
істейтін бөлігінің ұзындығы екінші берілісте 26 мм-ге тең болады.
Шестерняларды ауыстыру арқылы қажетті беріліс саны белгі-ленеді.
Бір дақыл тұқымының, мысалы бидай түқымының, түрлі агрономиялық
сипаттамасы бар. Сондықтан да диаграмма себу нормасын шамамен анықтау үшін
пайдаланылады. Дән себу нормасы сеялканы домкратпен көтеріп немесе тіреуіш-
жетек доңғалақтары жерге тимей, еркін айна-латындай, ал тыңайтқыш жәшігі
горизонталь тұратындай етіп, астына тұғыр қойып қолма-қол анықталады. Тұқым
жәшігінің ортасына дейін егуге арналған тұқым салынады, сеялканың бір
жартысының реттеуіш ры Катушкалардын жүмыстыкбаіігінін узындығы чагы
шкаланың себу нормасына шамамен сай келетін бөлігіне қонды-рылады. Бұл
кезде босату клапандары жабық тұруға тиіс. Доңғалақ құрсауы айналу санын
есептеу үшін бір орынға белгі салынады немесе жіп байланады.
Сошниктердің астына брезент төселеді немесе тұқым өткізгіштерге қапшықтар
байланады. Содан соң доңғалақ сеялканың бір жартысының сепкіш аппараттарына
дән толтыру үшін 2—3 рет бұралады.
Себу нормасын белгілеуге жұмсалатын уақытты ұту үшін 1 50 га алаңға
себілген дән есебімен тексеріледі. Мұндай алаң үшін СЗ-3,6 сеял-касы мен
оның өзгертілген түрінің доңғалағы 14 рет бұралады. СЗП-3,6 сеялкасының
катоктарын 29 рет, ал тіреуіш-жетек доңғалақтарын 23 рет бұрау керек.
Себілуге тиіс тұқым массасы анықталады. Барлық аппаратпен доңғалақ бір
айналғанда себілуге тиіс тұқым массасын төмендегі формула бойынша анықтауға
болады:
д _ 3,14 двз
10 000 мұндағы Д — жүріс доңғалағының диаметрі, мм; В — сеялка алымының
ені, м;2 — себуге берілген норма, кгга; 10 000—1 га алаң, м2, Доңғалақ
14 айналғанда себілуге тиіс тұқым массасы мынадай болады: 10 000 Сеялканың
әрбір жартысы үшін дөңгелек 14 айналғанда екі есе аз егіледі:13$ 3,14ДВді4
10 000-2
Содан соң сеялка доңғалақтарын шамамен минутына 15-20 айналыс
жиілігімен 14 рет айналдыру керек. Себіліп біткен дәнді теріп, өлшеу және
алынған нәтижені есептегі нәтижесімен салыстыру керек. Нақты себу мен
есептегі себуден ауытқу байқалса, реттеуіш рычагымен катушка қажетті
бағытқа жылжытылады да, сеялка сепкен тұқым массасы анық-талады. Осы
операция доңғалақ 14 рет айналғанда себілген дән массасы, есептегі дән
массасымен теңескенше қайталана береді, Егер нақты себіл-ген дәннің
есептегі дәннен ауытқуы —2—3%-тен аспаса, сеялканың себу нормасы белгіленді
деп есептелінеді. Содан кейін ғана реттеуіш рычаг қажетті қалыпта гайкамен
тартылып, бекітіледі.
Сеялканың екінші жартысының себу нормасын да басқа доңғалақты бұрай
отырып, осындай жолмен белгілеуге болады. Алайда бәрінен де сеялканың
бірінші жартысы катушкасының жұмыс ұзындығы бойынша қалып жасап, сонымен
сеялканың екінші жартысының да себу нормасын белгілеген оңайырақ. Бұл қалып
(шаблон) себу нормасын егістіктің басын-да тексергенде де пайдаланылады.
Себудің белгіленген нормасы учас-кенің еркін таңдап алынған ұзындығы
бойынша агрегат алғаш екі айдам жер (әрі және бері) жүріп өткенде
тексеріледі. Себілуге тиіс тұқым мас-сасы мына формуламен анықталады:В
мұндағы вА 10 000 тжолдың (айдам жердің) ұзындығы, м; тұқым сеоу
нормасы, кгга; В — сеялка алымының ені, м. Тұқымның есепті (бақылау)
массасы тұқым жәшігіне салынып, екі айдам жер жүріледі. Екінші айдамның
шетіне шыға бергенде тұқымның есепті массасының шығыны бойынша сеялканың
себу нормасына дұрыс ойылған-қойылмағандығы анықталады. Егер нақты себілген
дән норма-дан ауытқыса, сепкіш аппараттары қажетті жаққа қарай реттеліп,
тексеру тағы қайталанады.
Тыңайтқыш себу нормасы да осындай әдіспен тексеріледі, яғни тыңайтқышты
сынақ үшін себу жұмысы жүргізіледі. Тыңайтқыштар бір-келкі себілу үшін
бүкіл тыңайтқыш сепкіш аппараттың клапандары рет-теледі. Босату рычагтары
көтеріліп, үстіңгі қалыпқа қойылады да қатай-тылады. Бұл қалыпта барлық
клапандар катушканың штифттеріне тиіп тұруға тиіс. Егер кейбір клапандар
катушкаға тимесе, олардың тоқтатқыш болттарын босатып, біліктен айналдырып,
содан соң ылғалдылығы бір-келкі тыңайтқыш үшін клапандар мен штифттердің
арасынан 8—10 мм саңылау жасалынады.
Тыңайтқыш тым ылғал болса, клапандар төмен түсіріледі.
Үлгі ретінде себілген тыңайтқыш өлшеніп, белгіленген норма нәтиже-сімен
салыстырылады. Берілген нормадан ауытқу байқалса, беріліс меха-низмінің
тыңайтқыш аппаратының білігіндегі беріліс саны өзгертіледі. ішінара себуді
шығаратын саңылаудың қимасын өзгерте отырып, ысырмамен-ақ реттеуге болады.
Себілген тыңайтқыштың нормадан 4—7 %-тен артық ауытқуына болмайды.
Сошниктер мен аршуыш дискілерді орнату— сеялка рамасының қал-пы.
Дискілер мен аршуыштар аралығының саңылауы 1 мм-ден аспауға тиіс. Ол сошник
корпусындағы бағыттағыш бойынша аршуыштардың ор-нын ауыстыра отырып
реттеледі. Тіркеме сеялкалар горизонталь ңалпына тіркеу сырғаларын көтеру
не түсіру арқылы қойылады. Аспалы сеялкалар-дың жұмыс кезіндегі горизонталь
қалпы оң жақ айқыш тартпасы мен трак-тор аспасы механизмінің орталық
тартқышының ұзындығын реттеу арқылы қамтамасыз етіледі. Сеялка оң жақ айқыш
тартпамен көлденең бағытта, орталық тартқышгіен бойлық бағытта
теңестіріледі.
Маркер мен із көрсеткішті орнату. Егу агрегаттарын түзу жүргізу және
түйісетін қатараралықтар енін бірдей етіп сақтау үшін маркерлер
қолданылады. Олар сеялка рамасындағы тіркеуішке (оң және сол жағы-ңа)
қондырылады. Маркерлер бәрінен бүрын сфералық түрде жасалған маркермен
егістіктің әлі тұқым себілмеген жағынан топырақты тіліп, борозда салып
өтеді. Тракторшы келесі өткенде салған бороздаға трак-торының оң доңғалағын
немесе шынжыр табанының сыртқы жиегін түсіреді.
Маркер қондырылмай тұрып оның белгі салғышынан сеялканың (54-сурет) шеткі
сошнигіне дейінгі қашықтыққа тең ені анықталады.
Маркердің алатын енін мына формуламен анықтау керек:
А—а А + а
Моң=—-— +т; Мсол =—— +т;
Мұндағы Моң—оң жақ маркердің алатын ені, мм; М сол—сол жақ мәркердің
алатын ені, мм; А — агрегаттағы шеткі сошниктердің ара қашықтығы, мм; а —
доңғалақ құрсаулары ортасының ара қашықтығы немесе трактор шынжыр табанының
сыртқы жиектерінің ара қашықтығы, мм; тп—түйісу қатараралықтарының ені, мм.
Төрт немесе бес сеялкадан тұратың агрегаттардың маркерлерінің алатын ені де
үлкен болады. Оны азайту үшін маркермен қоса із көрсет-кіштер де
пайдаланылады. Олар жеңіл штангадан және оның ұшына бекітілген тіктеуіштен
тұрады. Із көрсеткіштер тракторшы орнында отырып көретіндей етіліп,
трактордың алдыңғы бөлігіне бекітіледі.
Маркерлерді із көрсеткіштермен бірге пайдаланғанда, маркердің алатын енін
анықтау формуласына із көрсеткіштің оң және сол жақ тіктеуіштерінің ара
қашықтығына тең а мөлшерін қою керек. Тіктеуіш бұл кезде із көрсеткішті
маркер салған борозда бойымен бағыттайды.
Із көрсеткішті бір сеялкалы агрегатты пайдаланған жағдайда және
тіктеуіш із көрсеткішті сеялка доңғалақтарының бұның алдында қалдыр-ған
ізімен бағыттаса, із көрсеткіштің алатын ені С мына формуламен
анықталады: С=А+т —мұндағы К — сеялка доңғалақтары ортасының
ара қашықтығы, мм.
Бақылау және сигнал беру тетіктерін реттеу. Сеялка сошниктері тұрған
орнында тереңдетіледі. Сошниктердің тереңдету секторы контак-тілі планка
айналу сигнализаторының қысқыш секторында, ал тереңдету сигнализаторының
секторы мен контактілі планка аралығындағы саңылау 10 мм болатындай етіп,
орнатылады. Планканың контактілі беті мен сошниктерді тереңдету
сигнализаторы секторын әбден жалтырағанша

—сурет. Маркерлер шығуын аныңтау
тазарту және сеялка сошниктерін көтеру керек. Сошниктердің бұл ңалпында
контактілі планка сектордың оңшауланған бетінде жатуға тиіс.
Сепкіш аппараттардың айналу біліктерінің сигнализаторы мынадай кезекпен
реттеледі. Сеялкадан айналу біліктерінің сигнализаторы және сигнализатор
корпусының ңаңпағы алынады. Бұл кезде шарик жетекші дискінің ойығында, ал
нигрол. 13 мм деңгейінде болуға тиіс. Жетекші дискі оңға ңарай тірек
шпилькасына дейін бұрылады. Бұл ңалыпта контакт жетекші дискіге жаңындамау
керек. Серіппе сектор арңылы тек жетек-тегі дискі алғашңы орнына қайтып
түсетіндей азғана күшпен реттеледі. Ол кезде жетекші дискінің алатын ені
контактыны 10 мм-ге дейін ауытңытуы тиіс. Корпус ңаңпағы жабылып,
сигнализатор жұмысы ңолмен тексеріледі. Ол үшін планка трактордың артңы
жағьіна орнатылған сыртқы колодкаға сыммен ңосылады. Содан соң трактордың
сигнал беру қалқанын іске қосып, сигнализатор корпусын массаға тұйыңтау
қажет. Сонда дыбыс сигналы іске ңосылып, баңылау шамы жануға тиіс. Қолмен
жетекші дискіні бұру керек. Дискі айналғанда сигнал ажыратылады. Осындай
тексерулерден кейін сигнализаторларды сеялкаға ңондыра беруге болады.
Егу агрегаттарын жұмысыңа әзірлеу. Егін егуге арналған егістіктің
мөлшері әр түрлі болады. Шағын учаскелерге тұқым аз немесе орташа ңуатты
тракторлар мен сеялкалардан тұратын агрегаттармен себіледі.
Бір сеялкалы егу агрегаттарын құрастырарда ең әуелі сеялка мен трактор
іріктелінеді. Аныңтама материалдарды пайдалана отырып, сеялканың тарту
қарсылығы, трактордың тарту күші мен түрлі берілістегі жүру жылдамдығы
аныңталынады. Сеялканың тарту ңарсылығы мен трактордың тарту күші
салыстырылып, егу агрегаты жұмыс істеуге тиіс негізгі беріліс белгіленеді.
Үлкен алаңдарда жұмыс істеу үшін орташа немесе аса қуатты трак-тордан,
тіркеуіштен (С-11У, СП-11, СП-16, т.б.) және бірнеше сеялкадан тұратын кең
алымды егу агрегаттары құрастырылады. Сеялка типі, оның тарту қарсылығы
(сеялка мен тіркеуіш қарсылығының қосындысы) және трактордың тиісті
берілістердегі тарту күштері ескеріледі.
Кең алымды агрегаттардың тіркеме сеялкалары трактордың осьтік линиясына
қарағанда егу агрегаты орнықты жүру үшін симметриялы орналасуы керек.
Сеялкаларды бекіту орындары тіркеуіштің ортасынан бастап орнаты-лады.
Агрегаттағы сеялкалар саны жұп болғанда екі ішкі сеялка тіркеуіш-тің
ортасынан бастап, сеялка алымының жұмыс ені екінші жартысына тең қашықтықта
қатайтылады.
Сеялкалар тіркеуіште бір сапқа орналасатындай етіліп тіркеледі. Бұл оларға
тұқым және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Көшеттерді отырғызудың агротехникасы
Өсімдік шаруашылығы
Күздік бидай және қара бидай
Ауыл шаруашылық техникасы
Көкөніс шаруашлығындағы тұқым ерекшеліктері
Көкөніс дақылдарының тұқым жарнақтарымен танысу
Ыбырай Жақаевтың өмірі мен қызметі
Өсімдік шаруашылығының негіздері
Ақмола облысының егін шаруашылығы
Пәндер