Шекілдеуікті мен сүйекті жеміс-жидектерді ветеринариялық-санитариялық сараптау



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Негізгі бөлім
1.1 Шекілдеуікті мен сүйекті жеміс.жидектердің жалпы сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Шекілдеуікті өсімдіктердің зиянкестері мен аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Тағамдық өсімдік өнімдерін санитариялық сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

II. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
III. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Жеміс – жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс–жидек сорттары еліміздің әр түрлі аумақтарында аудандастырылды.
Қазақстандағы жеміс дақылының 95 пайызы раушан гүлділер тұқымдас. Жеміс – құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұршақын, т.б. Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек. Шырынды жемістің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т.б., Бір тұқымды түрі: сүйекті жеміс.
1) С.Қырықбайұлы, Т.М.Телеуғали, «Ветеринариялық санитариялық сараптау практикумы», Алматы 2013 ж.
2) Қазақша энциклопедия 6 том 27 бет.
3) Қазақ энциклопедиясы,3 том
4) Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;
5) Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.
6) Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959,
7) Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.
8) Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
9) Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет
10) Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
I. Кіріспе
Жеміс - жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30 - жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми - зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс - жидек сорттары еліміздің әр түрлі аумақтарында аудандастырылды.
Қазақстандағы жеміс дақылының 95 пайызы раушан гүлділер тұқымдас. Жеміс - құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұршақын, т.б. Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек. Шырынды жемістің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т.б., Бір тұқымды түрі: сүйекті жеміс.

II. Негізгі бөлім
I. Шекілдеуікті мен сүйекті жеміс-жидектердің жалпы сипаттамалары.
Шие (лат. Prunus subgen. Cerasus) - раушангүл тұқымдасына жататын ағаш және бұта типтес өсімдік.Гүлі ақ, кейде қызғылт. Гүл шоғыры шатырша. Етжең, шырынды жемісінің сүйегі бар. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Шиенің жемісінде 7,3 - 17,5% қант, 0,8 - 2,4% әр түрлі органикалық қышқылдар, 0,15 - 0,88% илік заттар мен витаминдер болады. Жемісінен тосап, компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады. Шие көшет, екпе шыбықтарын телітушіге ұластыру арқылы көбейтіледі. Тұқымы арқылы көбейту селекция саласында жаңа сорттар шығару үшін қолданылады. Шие құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі. Бұлардан басқа далалық және орманды далалық шие (Cerasus frutіcosa), құмдық шие(Cerasus pumіla) деген түрлері бар. Қытай түкті шиесі Солтүстік Қазақстан, Қостанай,Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.[1]Шие - раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны - солтүстік Парсы жері мен Қара теңіз жағалауы. Шие тұқымдасында 200 жуық түрі бар. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Ағаштың биіктігі 3-7 м аралығында. Жапырақтары жалпақтау келген ұзын, ұштары сүйір, жиектері аратісті. Гүлі сұрыпына қарай ақ және күлгін, хош иісті. Жемістері тегіс-домалақ пішінді, орташа салмағы 35 грамм, түсі күңгірт-қызыл, қанық қызыл және ашық қызыл болады. Жемістері дәміне қарай тәтті және қышқыл болып екіге бөлінеді. Еті тығыз, шырынды. Сүйегінің үлкендігі 15 мм-дей. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, маусым-шілде айында жемісі піседі. Шиені тұқым, тамырлары, қалемшелері, көшеттерін ұластыру арқылы көбейтеді. Шие ағашы 30 жылдай өмір сүреді. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. 8-10 жылдары толық жеміс салу кезеңі. Бір ағаш 100 кг-нан астам жеміс береді. 20-25 жылда сему (жеміс салуының бәсеңдеуі, негізгі бұтақтары ұшының қурауы) кезеңі басталады.
Шие желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Шиені көктемде отырғызған жөн. Күзде отырғызылған көшет, қыс суық болса, ауырып қалады. Отырғызғаннан кейін 1-ші жылдан бастап жылда қырқу-кесу жұмыстарын жүргізу керек. Шие тез тармақталып өсетіндіктен, бұтақтарының арасы тығыз болып, бір-біріне кедергі жасайды. Қырқу-кесуді ерте көктемде, өсімдік әлі ұйықтап жатқанда жасайды.
Шие ағашының жемісі өте пайдалы әрі тәтті. Шие қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В, РР дәрумендеріне, каротинге, сонымен қатар минералдар мен кальций, темір, фосфор, магний, калий мен микроэлементтерге бай, әсіресе, мыстың мөлшері көп. Шиені медицинада гемоглобинді көтеру, қан тоқтату, суық тигенде ыстықты басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитта жөтел мен қақырық шығаруға қолданады. Шиеден шырын, тосап, компот, джем, шәрбәт жасайды. Шие аспаздықта түрлі десерттер жасауға қолданылады.
Өрік (Armeniaca) -- раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағаштарының туысы, жеміс дақылы. Ағаштары өте биік, 8 - 15 м аралығында. Жапырақтары жалпақ, жоғары жағы үшкірлеу, тісті болып келеді. Жеміс бүршіктері бір гүл береді, олар ақ немесе қызғылт түсті, жапырақтарынан бұрын ашылады. Жемісі етті, түкті, ал сүйегі жылтыр.
Өрік - жарық, жылу сүйгіш дақыл, жеңіл ауа, ылғал өткізгіш топырақтарда жақсы өседі, ал сазды, тұзды жерлер Өрік өсіруге жарамсыз келеді. Құрғақшылыққа төзімді. Тікпе көшеттері отырғызылған бақтар 3 - 4 жылдан кейін өнім бере бастайды, 40 - 50 және одан да көп жыл өмір сүреді. Әр түбінен 15 - 20 (7 жылдық ағаш), 60 - 100 кг (15 - 20 жылдық ағаш) жеміс алынады. Жемісі шілде айында піседі, салмағы 20 - 70 г. Жемісінің құрамында 4 - 20% қант, алма және лимон, т.б. қышқылдары, 10%-дай каротин, 0,4 - 1,3% пектин заттары, ал тұқымында 29 - 58% май болады. Жемісінің өзін, кептірілген және өңделген күйінде (шырын, тосап) пайдаланады. Өрік ағашын егісті желден қорғайтын орман алқабында отырғызады және шабдалымен телу үшін өсіріледі. Өріктің мәдени сорттарын көбейту тәсілі - ұластыру. Негізгі отырғызу тәсілі тік бұрышты, қатар аралығы 6 - 8 м, қатар іші 5 - 6 м. Отырғызғаннан кейін жас ағаштардың бөрікбасын қалыптастыру үшін шырпу (қысқарту, сирету) жұмыстарын жүргізіп, 3 - 4 жылда бір рет органик және минералдық тыңайтқыштар енгізіп тұру қажет.
Қазақстанда Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматыоблыстарында бір түрі - кәдімгі өрік (A. vulgarіs) өсіріледі. Мұның бұрынғы КСРО-да 4 түрі бар: Сибирь өрігі,монғол өрігі, қара өрік және кәдімгі өрік. Өріктердің кептірілген жемістері (өрік, құрағы, шапталы) және консервісі тамаққа жұмсалады. Өріктің негізгі сорттары: Қызылбет, Амброзия, Луиза, Шалах, Хосровшам, Хурмаи, Бұхара, Товарищ, Ансу және т. б.
Өрік - раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын өсімдік. Жабайы түрі Қазақстанның Жоңғар Алатауында кездеседі, сондықтан өріктің Отаны - Қазақстан деп айтуымызға әбден болады. Шығыс, Орта Азия, Кавказ аймақтарында таралған.Еуропаға абрикос Армениядан келгендіктен, өріктің отаны деп саналған. Латынша armeniacus деп аталуы да осы себептен. Ал француздар өріктің атауын өз ыңғайына келтіріп abricot атын берсе, соңғы атауы немістердің Abrikosse сөзінен алынып, орысша Абрикос аталып кеткен. Өріктің 8-ге жуық түрі, 20 жуық сұрыпы бар. Қазіргі кезде өрік барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсіріледі. АҚШ-та, Австралияда да өседі. Өрікті экспортқа ең көп көлемде шығаратын Иран мен Түркия. Өрік ағашының биіктігі 5-12 м, кейде тіпті бұтатектес өсімдік. Сұрыпына қарай жапырағы жұмыртқа, жүрек, домалақтау пішінді, жиектері аратісті. Гүлі ақ, қызғылт түсті, жағымды хош иісі болады. Наурыз-сәуір айларында гүлдеп, шілде айында жеміс береді. Жемісі сарғыш-қызыл, жұмсағы тығыз, ортасында сүйегі бар. Дәмді, тәтті. Жылда жеміс береді. Өрік ағашы 100 жылға дейін өмір сүреді, 25-40 жыл жеміс береді. Өрікті тұқымнан және вегативтік тәсілмен қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейтеді. Көктемде егеді. Отырғызғаннан кейін 3-4 жылы жеміс бере бастайды. 5-ші жылы 3-5 кг, 7-ші жылы 15-20 кг, ал 15-20 жылы 60-100 кг-ға дейін жеміс береді. Кавказда, Орта Азияда бір ағаштан 300-400 кг жеміс беретін сұрыптары бар. Өрік - жылусүйгіш өсімдік. Өрік желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Құрғақшылыққа төзімсіз. Қырқу-кесу жұмыстарын күзде жүргізеді. Көң және минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал.
Өрік ағашының өнімі - пайдалы тәтті жемістердің бірі. Өрік қантқа,органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік,азотты және пектинді заттарға, С, В1,Р, РР дәрумендеріне, каротинге, флавоноидтарға, сонымен қатар минералды заттар мен микроэлементтерге бай. Кептірілген өріктің құрамында калий мен қант көп болады. Өрікті жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайдасы бар. Кептірілген өрікті несеп айдағанға қолданады. Өріктен тосап, шырын, мармелад жасайды, десерт ретінде қолданады.
Алхоры -- раушангүл тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта жемісі. Еуропада, Солтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, Шығыс және Орта Азияда өседі. Ағашынан 40-100 кг-ға дейін өнім алынады. Жемісінен тосап, сусын, шырын, шәрбат және т.б. дайындалынады.
Алхоры (орыс тілінде слива) - раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны - Кіші Азия, Кавказ және солтүстік Иран. Қазіргі кезде мәдени алхорының 2000-ға жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Ағаштың биіктігі 3-12 м аралығында болады. Кейбір түрлерінің бұтақтары тікенекті болып келеді. Жапырағының жиектері аратісті. Сұрпына қарай гүлі ақ, қызғылт түсті болады. Жемісі ірі. Жемісінде салыстырмалы үлкен сүйегі бар. Түсі алғашында жасыл, кейін піскенде күлгін болып өзгереді. Түсі сары, күңгірттеу сарғылт, жасыл, қоңыр-көк алхорылар да бар. Жемістің пішіні сұрпына қарай сопақша, сопақша-домалақ және домалақ болады. Дәмі де сұрпына қарай тәтті, қышқылтым-тәтті және қышқылдау болып келеді. Еті тығыз, шырынды, сүйегінен оңай ажыратылады.
Алхорының құрамында су, қант, пектиндік заттар, өзектер, органикалық қышқылдар, В1, В2, РР, С,А дәрумендері, сонымен қатар натрий, калий, магний, фосфор, йод, мыс, мырыш сияқты минералды заттар бар, әсіресе, темірге бай. Және де алхорыда Е дәрумені шие, апельсин, мандарин, алмұрт жемістеріне қарағанда көбірек болады. Алайда С дәрумені аз, бірақ бұл оның пайдалылығын кемітпейді. Өйткені құрамында Р дәрумені көп, ол қан қысымын түсіруге және қан тамырларын нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар алхорының құрамында темір көп болғандықтан, ағзаны темірмен қамсыздандырушы деп атауға болады. Темір - қан аздықтың алдын алу және емдеу үшін қажет. Алхоры ағзаны холестериннен тазалауға жақсы көмектеседі. Кептірілген алхорыны ішті жүргізуге, несеп айдағанға қолданады. Алхорыдан компот, шырын, тосап, қақ жасайды.
Алхоры 10-15 жыл жеміс береді. Алхорыны тұқымнан және вегативті тәсілмен - қаламшалау, ұластыру арқылы көбейтеді. Көктемде егеді. Отырғызылғаннан кейін сұрыпына қарай 2-7 жылдан бастап жеміс бере бастайды. Бір ағашы 100 кг-ға дейін жеміс беретін түрлері бар. Алхоры желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Қырқу жұмыстарын жапырақтары шыққан кезде жүргізеді. Құрғақшылыққа шыдамсыз. Көң және минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал.
Алма (лат. malus) -- раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 -- 12-сінің шаруашылықтықмаңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20 -- 100 жыл, биіктігі 3 -- 10 м болады. 3 -- 12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100 -- 300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақселекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83 -- 88 % су, 7,5 -- 16 % қант, 0,2 -- 0.8 % қышқыл, 9,5 -- 18,5 % құрғақ қалдық, 0,28 -- 1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптар болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу - әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.
Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылуы және жүрек ауруларын емдеуде қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.
Алмұрт (Pyrus) -- Алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. Мұның 18 түрі бар. Алмұрт көбінесе үлкен ағаш, кейде ұзын бұта болып өседі. Атың 5 000-нан астам сорты бар, олардың бұрынғы КСРО-да 130 сорты өседі. Бұлардың ішіндегі 15 сортын өсіріп шығарған И. Мичурин, олардың негізгілері: қыстық бере (груша бере зимняя) -- И. Мичуриннің жабайы уссурий алмұртын бірінші рет гүлденген жылы Бере Рояль алмұртының тозаңымен будандастырғаннан кейінгі алған жаңа сорты. Қысқа өте төзімді. 20 жылдан астам өмірінің ішінде бұған аяздың тигізген әсері байқалған емес. Мұның ағашы насекомдарға да, паразит саңырауқұлақтарға да бой бермейтін төзімді келеді. Жемісінің өздігінен зақымданған жері тез жазылып кетеді. Жемісін сентябрьдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маринадталған жемістер мен көкөністер
Жеміс - жидектердің химиялық құрамы
Тағамдарды консервілеу әдістері
Асыл Мерей базарының зертханасының құрылымы
Азық – түлікті дақылдармен пен жеміс – жидекті дақылдардың биологисы
Жеміс шаруашылығының маңызы
Жемістер және көкөністер
Ветеринариялық санитариялық сараптау
Картоп сақтауға арналған қойма түрлері
Аурудың диагностикасы
Пәндер