Нашақорлық - қоғам дерті туралы ақпарат



• Кіріспе
• Нашақорлық
• Нашақорлық . қоғам дерті
• Нашақорлармен жұмыс істеу
• Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түсетiн түрi бар. Өкiнiштiсi сол қарап отырсаңыз осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Нашақорлық
Нашақорлық - қоғам дерті
Нашақорлармен жұмыс істеу
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түсетiн түрi бар. Өкiнiштiсi сол қарап отырсаңыз осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады.

Нашақорлық

Елбасының Қазақстан -2030 жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың кеселді дерттерінің бірі - нашақорлық. Қазақстан -2030 стратегиялық жолдау саясат пен индустрия бағытында орындалып отырса, қазіргі салауатты өмір салты жағдайы толықтай жақсарып жатқан емес. Сондықтан Қазақстан -2050 стратегиялық жолдауында мақсат болып қалып отырған біздің салауатты өміріміз толықтай жақсаруы, жастар қолында.
Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Біреулер есірткі таратып, байлыққа белшесінен батып жүрсе, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Соның ішінде есірткі дертіне шалдыққандардың жасы отыз жастан жоғары емес. Бұл жағдай күннен-күнге есірткі пайдаланушылардың жасарып келе жатқандығын дәлелдейді. Талай жеткіншек нашақорлық салдарынан қауіпті кеселдің құрбанына айналып, жыл сайын ата-ана, туған-туыстарына қайғы-қасірет әкеліп жатыр.
Нашақорлық деген не?
Нашақорлық - бұл есірткі заттарды (гашиш, марихуана, героин және т.б.) қолдану салдарынан пайда болатын ауру. Нашақорлық, яғни наркомания ежелгі гректің нарко деген сөзінен шыққан, ол қозғалыссыздық, ал мания ессіздік деген мағынаны білдіреді. Осы ұғым бұл аурудың нағыз мәнін сипаттайды. Есірткі қабылдайтын барлық адамдар есірткі заттарға тәуелді болып, соның салдарынан оларға барған сайын үлкен доза керек болады. Нашақорлықты емдеуден гөрі алдын алу жеңіл. Нашақорды емдеу үшін 3-6 айдан бастап 2 жылға дейін уақыт қажет. Мәліметтер бойынша нашақорлардың тек 5%-ы ғана өздігінен қалыпты өмірге оралатыны мәлім. Ал, қалған 95%-ы өлімге құшады. Тек санаулылары ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі - оларды ешуақытта татып көрмеу. Бабаларымыз Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал деген екен. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі ең басты мәселенің бірі болып отыр.
Нашақорлық - қоғам дерті

Нашақорлық - бүкiл адамзат баласы үшiн аса үрейлi мәселелердiң бiрi. Қаншама ұрпақтың өмiрiн жалмаған, осынау аждаһамен күрес күн санап күшейтiлсе де дем бермей отыр. Ең бiр сорақысы есiрткiге елiтiп, есiнен айырылғандардың көбiсi жастар мен жасөспiрiмдер.
Кеңес Одағы кезiнде есiрткiге қарсы күрес жасырын түрде жүргзiлiп келсе, оның күшейгенi сонша бара-бара бетпердесi ашылып қалды. 1990 жылдардан кейiн нашақорлықтың алдын алу шаралары ашық түрде барынша пәрмендi жүрiлуде. Ақпарат көздерiнiң мәлiметiне қарағанда, Қазақстанда 500 мыңға жуық нашақор бар көрiнедi.
Бұлардың тең жартысы 17 мен 29 арасындағы жастар. Бүгiнде Қазақстанда әр жыл сайын есiрткiге қатысты 20 мың қылмыс тiркеледi. Есiрткi бизнесi ерекше пайдалы, табысты болғандықтан онымен күресу қиынға соғып отыр. Бұл бизнестiң түрiне 1 доллар жұмсасаңыз ол бiр жылда 12400 долларға айналады. Мұндай iрi көлемдi табыс мұнай саласында да бола бермейдi.
Сондықтан бұл салада пайда табатындар қанша жасырын жүргiзсе де, тұтынушылар қатарын жыл санап молайтуда. Олардың ең әуелгi құрбандары жастар. Нашақорлардың 40 пайызға жуығы ауқатты отбасылардан шыққандар. Соған қарағанда бұл әлеуметтiк жағдайға да байланысты емес. Кейбiр деректерде әр жыл сайын әлемде 50 млн. адамның нашақорлық салдарынан жарық дүниемен қоштасатындығы айтылып жүр.
Қазақстанға есiрткi Ресейден, Ауғанстаннан сонымен қатар Батыс елдерiнен тасымалданады. Нашақорлық жаһанға жалпылай тарап кеткен аса қатерлi дерт. Бұған бай да, кедей де тәуелдi болып қалады. Қазақстанда есiрткiқұмарлардың көбiсi түнгi клубтарда көптеп ұшырасады. Сонымен қатар мейрамхана, кафе, жастардың ойын-сауық құратын думанханаларында құдiреттi ақ ұнтақтың құрбаны болып, басыбайлы күйге түседi. Есiрткiмен айналысатындардың көбiсi ВИЧ, СПИД тәрiздi аса жұқпалы терi ауруларымен ауыратындар. Бұл кеселдер бiр шприц арқылы есiрткiнi денеге құйғанда, бiрiнен-бiрiне жұқтырады.
Есiрткi бизнесмендерi мен әккi нашақорлар түрлi себептермен өздерiнiң әрiптестерiн таңдап, тауып, оны құрбандарына айналдыра алады. Не нәрсеге болса да, елiктегiш жасөспiрiмдердi алдымен торға түсiредi. Бiр-екi рет сынақ үшiн пайдаланып, уды байқамай денесiне жайып алған талай көкөрiм жас, нашақорлар қатарына қосылуда. Осы бiр улы заттың қуаттылығы сондай жасөспiрiм түгiлi, есi дұрыс денi сау ересек адамдарды да оп-оңай соңынан ертiп кете барады.
Қазiргi кезде есiрткiнiң жетпеген жерi қалмады. Сәндi ғимаратты әсем қалалардан тартып, аңғал ағайындар тұратын ауыл-аймақты түгел қамтуда. Қайда барса да, құрбандардың алдыңғы шебiнде жасөспiрiмдер тұрады. Ел ертеңi үшiн бұл кiм-кiмдi де ойландырары сөзсiз. Соңғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашақорлық-қоғам дерті жайлы ақпарат
Нашақорлық ғасыр дерті. Нашақорлармен жұмыс істеу
Есірткінің адам ағзасына әсері
Нашақорлық - ғасыр дерті. Қазақстанда нашақорлықпен күрес шаралары
Нашақорлық – ғасыр дерті
Нашақорлық
Нашақорлық жайлы
Нашақорлық пен маскүнемдік
Қазіргі жастар арасындағы мәселелер
Нашақорлық - қоғамдық дерт
Пәндер