Қазақстан Республикасының 2030 және 2050 бағдарламасы


ЖОСПАР
Кіріспе
І - БӨЛІМ. Қазақстанның 2030 және 2050 бағдарламаларының басты мақсаты
ІІ - БӨЛІМ. Қазақстанның Қазақстан 2030 және 2050 стратегиялық даму бағдарламасының негізгі бағыттары
2. 1 "Қазақстан-2030" Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
2. 2 ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері
ІІІ - БӨЛІМ. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізгі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады.
Оларға:
1. Ұлттық қауіпсіздік;
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
3. экономикалық өсу;
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
5. Энергетика ресурстары;
6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;
7. Кәсіпқой мемлекет құру.
Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.
Тақырыптың қызықтылығы, Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу.
Тақырыптың актуалдығы. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыра түседі.
Қазақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стратегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізеді.
І - БӨЛІМ. Қазақстанның 2030 және 2050 бағдарламаларының мақсаты
Ежелгі заманнан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келген, ал мағынасына үнілсек «Стратегия» грек тілінен - генерал өнері деген мағынаны білдіреді. Стратегия термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылса, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінде де жалпы концепция ретінде қолданылуда.
Мақсаты негізгі өңірлік және әлемдік экономикада бәсекеге қаблетті мамандануды қалыптастыру, экономикалық әлеуетті және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңестіктік ұйымдастыру негізінде елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету және халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Аумақтық даму стратегиясының басымдылықтары:
Елдегі экономикалық белсенділікті өзіне шоғырландыратын және елдің қалған бүкіл аумағы үшін «локомотив» рөлін атқаратын «басып оза» өсу аймақтарын (өсу плюстерін) қалыптастыру. Орталық Азиядағы сауда - экономикалық және сервистік - технологиялық орталық ретінде Қазақстанның экономикалық кеңістігін әлемдік шаруашылық жүйесіне кіріктіру. Ел аумағын ұтымды игерумен ұйлестіре отырып, экономика және еңбек ресурстарын экономикалық жағынан перспективалы және тыныс - тіршілік үшін қолайлы аудандарға шоғырландыру. Кластерлік даму, өзін - өзі ұйымдастыру және ішкі ресурстарды жұмылдыру тетіктерін енгізу жолымен өңірлердің бәсекеге қаблеттілігін арттыру.
Стратегияның іске асырудың негізгі бағыттары:
Алға қойылған елді орнықты және серпінді дамытуды қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізу өңірлік және әлемдік экономикада ел мен оның өңірлерінің бәсекеге қаблеттілікке мамандануын, елдің экономикалық әлеуетін және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыруды қалыптастыру жөніндегі өзара байланысты міндеттерді тиімді іске асыруға және соның негізінде елдің барлық аумақтарының теңгерімді әлеуметтік - экономикалық дамуының жұмыс істеуіне байланысты.
Осы стратегияны іске асыру бағыттары көбінесе елдің аумақтық даму аспектілерін қамтиды. Сонымен қатар Стратегияда елдің орта мерзімді даму жоспарлары мен мемлекеттің басқа да бағдарламалық құжаттарында көзделген өзара байланысты шаралар шеңберінде макроэкономикалық реттеу мен қаржы секторын дамыту, қолайлы іскерлік және инвестициялық климат құру, өндірістің адами капитал, ғылыми - техникалық әлеует және басқа да бағыттар сияқты факторларын тұтастай дамыту мәселелері бойынша жалпы үйлестіру жүзеге асырылатын болады.
Стратегия дегеніміз - мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан - жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз - басшы қабылдаған терең, ұшқыр, логикалық шешімдер мен әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті немесе ұйымды мақсатына жеткізу үшін, арнайы стратегиялық әдіс - тәсіл тізбегі.
Стратегия жалпы белгілі бір ортада, жетістікке немесе пайдаға жету мақсатында ойлап табылған әдіс - тәсілдер тізбегі. Стратегияда мақсатқа жету үшін уақыт сонымен қатар жоспарды талар етеді. Қазіргі заманда стратегия әрбір саланың құрамдас бөлігі болып табылады, экономикада өзінің мақсатына тікелей жету үшін пайдалы қазбаның маңызы зор. Стратегияның ең бірінші мақсаты пайдалы қазбаны тиімді және шектеулі қолдану. Белгілі бір әрекет, ресурстарды тиімді пайдалану арқылы, мақсатқа жеткізген болса, бұл стратегияның дұрыс ойластырылғанын білдіреді.
Стратегиялық жоспарлау мемлекеттің дамуы үшін шешім қабылдауға қажетті құрал болып табылады. Оның басты міндеті - мемлекетте жаңадан енгізілген жоспарларды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері төмендегідей:
- Стратегияны көпшілік жағдайда жоғары басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейлерінің қатысуы көзделеді;
- Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл бір мемлекеттің даму болашағы үшін де жасалады;
- Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен негізделуі тиіс;
- Стратегиялық жоспар мемлекеттің айқындылығын, дербестігін білдіреді;
- Стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы керек.
ІІ - БӨЛІМ Қазақстанның Қазақстан 2030 және 2050 стратегиялық даму бағдарламасының негізгі бағыттары
Қазақстан-2030 Стратегиясы- ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат - ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт - ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік - қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс) : ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді.
Болашақты алыстан болжайтын стратег саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму статегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгіліп берді. Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан - жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа және принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриатизм. Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні - түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту. 2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс.
Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында айрықша атап өткен қазақстандық патриотизм мен барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі - тұтас стратегияның табысты жүзеге асуының кепілі. Мемлекеттік тілдің конституциялық мәртебесіне сай биікке көтерілуі, барлық этнос өкілдерінің оны ұлтты ұйыстырушы негізгі құрал ретінде жүрекпен қабылдап, ниетпен үйренуі, Ата Заңымызда атап көрсетілген дін бостандығын есте сақтаумен бірге ел дәстүріне қайшы келетін түрлі ағымдардан сақ болуы, әркімнің өз ұлттық даралығын сақтай отырып, ортақ құндылық - қазақстандық мәдениет, қазақстандық дәстүр мен даралық арқылы бірігуі, түптеп келгенде, стратегияның барлық басымдықтарының түбегейлі орындалуына, сол арқылы стратегияның түпкі мақсаты - Мәңгілік ел болуымызға негіз қалайды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын мемлекетіміздің Мәңгілік ел болу жолындағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісіне теңей отырып, бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біздің аспан астында адамзат баласы қанша жасаса, сонша ғұмыр кешетін ұлы ел бола алатынымызды атап өтті.
Алдыңғы толқын - аға буынға, ортаңғы буын - отандастарға, кейінгі толқын - жастарға айтылған қуатты үндеу кім-кімді де тебірентпей қоймайды, әркімді Қазақстанның алтын ғасырында ұлы тарихтың иесі атанып, ұлы істерді өз қолдарымен жасауға жігерлендіреді.
Бүгінгі күн кешегі күннің шәкірті. Халқымыз сан ғасырлық тарихында бастан өткерген қиындықтардан ой түйе отырып, ондай сәттерді кейінгі ұрпақтың көрмеуі үшін еңбек ету - біздің негізгі мақсатымыз, тиісінше, ерен еңбек арқылы жеткен жетістіктерімізден пайым жасай отырып, болашақ қазақстандықтар одан биік белестерді бағындыруына жол салу біздің басты мұратымыз болуы тиіс.
"Қазақстан-2030" Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
Біз алға қойған мақсаттарға дәйекті де табанды түрде қадам басып келеміз. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыстың өзінде ұлттық экономикамыз өсуін жалғастырды.
Бүгінгі күні мен үшін 2030 Стратегиясының мерзімінен бұрын орындауға қол жеткен параметрлерінің тұтас бір қатарын іске асырудың қорытындыларын шығару үлкен абырой.
- ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын
сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық. Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды. Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық.
2. Біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ сақтап, нығайттық. Біздің саясатымыз табысты болды. Біз демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам институттарын дәйекті түрде қалыптастырдық. Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен институты құрылды. Бізде бұрын ешқашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі күллі саяси спектрді көрсететін партиялар жұмыс істейді. Бізде көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар. Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі бағыттағы 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2, 5 мыңдай БАҚ бар, оның 90%-ы - жеке иелікте. Қазақстан бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналды. Әлемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі нақ біздің елімізде өтті. ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының көпірі болуға тиіс.
- ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ІШКІ САЛЫМДАРДЫҢ
ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ АШЫҚ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.
Біз дамудың нақты, орнықты және үдемелі қарқынына қол жеткізу міндетін қойдық. Біз осы міндетті тарихи тұрғыдан алғанда аса қысқа мерзімде шештік. Дәл осы «Қазақстан-2030» Стратегиясында басты назар экономикалық өсуге аударылды. Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1, 7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. Елдің ІЖӨ 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7, 6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті. Біз сыртқы сауданың - 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік. Осы жылдар ішінде мұнай өндіру - 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік. Бұл - ықтимал экономикалық және қаржылық сілкіністерден қорғайтын сенімді қалқанымыз. Бұл - бүгінгі және болашақ ұрпақ қауіпсіздігінің кепілі. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд. теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл ішінде жалпы көлемі 101, 2 млрд. теңге сомасындағы кредит болатын 225 жоба мақұлданды. Біз - бүгін халқының табысы орташа деңгейдегі және серпінді дамитын экономикасы бар елміз.
4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Адамдардың жағдайын түбегейлі өзгертудің, өмір сүру жағдайын жақсартудың өмірлік маңызы бар. Атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі. Орташа айлық жалақы 9, 3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті. Егер 1999 жылы қаржыландыру 46 млрд. теңгені құраса, 2011 жылы 631 млрд. теңге болды. Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі - Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер құрылды. Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалды. Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда. Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.
Біз қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүгізудеміз. «Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен 65, 4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді.
Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың 94, 7%-ын қамтыды. 1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды. Біз әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін дамытудамыз. Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды. 1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды.
Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды.
5. ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР. Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді. Біз экономиканың заманауи, тиімді мұнай-газ және тау-кен өндіру саласын құруға тиіс едік. Біз бұл міндеттің үдесінен шықтық. Біз бүгін шикізат секторының табысын болашақ экономиканы құру үшін пайдаланудамыз. Елдің ІЖӨ-де мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады, ол 1997 жылғы 3, 7%-дан 2006 жылы 14, 7%-ға және 2011 жылы 25, 8%-ға өсті. Біз өткізу нарықтарын әртараптандырып, өз позицияларымызды берік орнықтырдық, сол арқылы өнімімізді өткізудің бір бағытқа тәуелділігін азайттық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz