Windows жүйесінің негізгі ұғымдары


Кіріспе

1. WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Windows туралы жалпы мағлұматтар

1. 2 WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары

2. WINDOWS ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

2. 1 Терезе

2. 2 Жұмыс столы

2. 3 Белгішелер, жарлықтар, бумалар

2. 4 Windows-ті іске қосу

3. «Дискілерге қызмет көрсету. Файлдарды архивтеу. Антивирустық программалар»

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адам мен компьютер арасында байланысты ұйымдастырушы қызметiн, яғни пайдаланылатын негiзгi интерфейс рөлiн MS-DOS жүйесiнде командалық жол атқарады. Бұл жол арқылы адам мен MS-DOS жүйесi арасында сұхбат өте қолайсыз болды. Бiр команданы орындау үшiн ондаған символдарды теруге тура келдi. Осы операциялық жүйемен негiзiнен тек маман программалаушылар ғана тiкелей жұмыс iстейдi де, көптеген адамдар ондай дәрежеге жете алмады. Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде (ең кең таралғандарының бірі - Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ, тікелей орындау жүзеге асырылады.

Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

DEC фирмасы компьютерлерінің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылады, олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын. UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесініен негізгі артықшылығы - оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі, яғни бірнеше программаларды параллель орындау қасиеті.

80-ші жылдардың ортасында MS (РС) -DOS - тың мұндай кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды, солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.

80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3. 1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3. 1 немесе одан кейінгі Windows 3. 11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады.

Осылайша WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT операциялық жүйелерi пайда болды.

1. WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Windows туралы жалпы мағлұматтар

Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows 95, Windows 98, Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows 95 жүйесінің, сондай-ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары Windows 3. 1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, барлық негізгі идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3. 1-ден Windows 95-ке өту әрине MS-DOS-тан бірден Windows 95-ке өтуге қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.

Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS-DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана. Бұдан былай WINDOWS жүйесі деген сөзді 3. 1х (кез келген сан) және Windows 95, Windows 98 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.

1. 2. WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS мынандай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

• компьютердің барлық ақпараттық құрал-жабдықтарын басқару;

• файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

• қолданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WINDOWS жүйесі:

• бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

• әртүрлі программалар арасында мәліметтермен алмасуды;

• масштабталатын қаріптерді қолдануды;

• мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;

• бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

2. WINDOWS ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

2. 1. Терезе

Терезе - WINDOWS жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, WINDOWS сөзінің нақты аудармасы «терезелер» екені осыны білдіреді.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі прогаммалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. WINDOWS терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін терезе ішінде екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның жұмысы да аяқталады.

Терезе шекаралары - бұл терезенің приметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан -терезенің жұмысының аумағы деп талады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т. б.

Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде де) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симайтын информацияның бар екендігін көрсетеді.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

• толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;

• қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;

• белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтілгіш белгішеге айналып кеткен.

2. 2. Жұмыс столы

Жұмыс столы - екінші негізгі ұғым. Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер WINDOWS, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі OS, т. б. ) интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т. б. ) орналасуы мүмкін. Олар, сізді қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады. WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер (немесе шартбелгілер) түрінде орналасқан.

2. 3. Белгішелер, жарлықтар, бумалар

Белгіше (Icon) - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экрандағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т. б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай белгішелер кездеседі:

• қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;

• белгілі бір топтар белгішесі;

• функциялар белгішесі.

Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар және т. б. ) өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен қатынас жасау Shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың (каталогтың) өзі орналастырылған болса, онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал, егер де сіз жұмыс столынан Shortcut белгішесін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.

Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98) және программалық топтарды (Windows 3. 1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума - каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог - файлдарға арналған контейнер, программалық топ - жеке программаларға арналған, контейнер, т. с. с.

2. 4. Windows-ті іске қосу

Windows 98 операциялық жүйесі компьютер ток көзіне қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Ал, Windows 3. х жүйесі MS DOS үстіндегі жапсырма жүйе болғандықтан әдеттегі қарапайым программа тәрізді жүктеледі, яғни оны іске қосу командалық қатарда win командасын теріп, енгізу пернесін басқанда ғана жүзеге асады, мысалы: С: > win командасын тергеннен кейін экранға Windows жүйесі жіктелу кезіндегі стандартты бейне шығады. Оның толық жүктелу уақыты 1-2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бейне экранға тұра берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болғаны, мұндайда мамандар көмегі қажет болады.

3. «Дискілерге қызмет көрсету.

Файлдарды архивтеу. Антивирустық программалар»

Дискіні форматтау - операциялық жүйе және оның қосымшалары дискіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т. б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға, жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.

Дискіні тексеру стандарт қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows операциялық жүйесі жайлы
Ақпараттарды өңдеудің техникалық құралдары
Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа
Windows жүйесінің негізгі функциялары
WINDOWS жүйесі
Компьютердің құрылысы
Windows жүйесінде жұмыс істеу негіздері
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері. Негізгі функциялары
Windows жүйедегі жұмыс істеу негіздері
Windows туралы жалпы мағлұматтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz