Тіршілік орталары, факторлардың организмдерге әсері және экологиялық жүйелердің типтері


Жоспар:

1. Тіршілік ортасы

2. Факторлардың организмге әсері

3. Организмдердің негізгі тіршілік орталары

4. Экологиялық жүйелердің негізгі типтері

Кіріспе

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар - топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз - организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп - тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз. Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бейімделуі) . Жер бетіндегі тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік ортасына бөлінеді.

1. Сулы орта

Су - тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді, яғни, қысымы жоғары, қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы, күн сәулесін күшті сіңіреді. Сулы ортада өмір сүретін ағзалар - гидробионттар деп аталады. Гиробионтар - суда өмір сүретін экологиялық топтарға жататын -планктондар (өсімдіктекті ағзалар -фитопланктондар, жануартекті ағзалар - зоопланктондар) жатады. Судың жоғарға қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар - нейстондар деп аталады. Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады. Су түбінде мекен етуші ағзалар бентостар деген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар - фитобентос, жануартекті ағзалар - зообентостар) .

Гидробионттардың бейімделу ерекшеліктері. Су жануарларының сулы ортада бағытын табуы, көру бағытының шектеулілігі, дыбысқа жоғары бағыттылық (эхолокация -дыбыс толқындарының таралуын қабылдау (киттәрізділер) ) Фильтрация (сүзу) - қоректену көзі. Кейбір гидробионттар қоректенуі жағынан өзгелерден ерекшеленеді, олар көп мөлшердегі суды сүзіп, ондағы кездесетін органикалық заттар текті ағзалармен көптеген ұсақ ағзаларды ұстап қорек етеді. Су тоғандарының кеуіп қалу жағдайларына бейімделушілік ерекшелктері. Бұндай су тоғандары негізінен өзен тасқындарынан, қатты жаңбырдан, қардың көп мөлшерде еруінен кейін уақытша пайда болады да, жануарлар тоғанға ерекше жағдайдағы өмірге - гипобиозға бейімделіп алады, ол кезде олар аз қозғалады, тіпті цисталық кезеңдегі өмір кешеді десе де болады.

2. Құрлықты орта

Ауа ортасындағы тіршілік сулы ортаға қарағанда эволюциялық дамуда кейінірек пайда болды. Сулы ортаға қарағанда бұл ортадаға өмір күрделірек. Жанурлар денесі ауамен қоршалған- газтәрізді ортада қысым төмен, оттегінің мөлшері жоғары, су тамшыларының мөлшері керісінше төмен. Бұлар тыныс алу жағдайын күрт өзгертеді, сонымен қатар, су алмасу мен тірі ағзалардың қозғалысы да өзгереді. Көптеген түрлерде ауа лектерінің көмегімен таралу - анемохория дамыған. Ауа лектерінмен ағзалардың пассивті қабылдануы -аэропланктондар деп аталады. Бұл ортаның өзіндік ерекшелігі -температураның жылдам өзгеруі болып табылады. Құрлық - ауалы ортаның жағдайы ондағы ауа - райының өзгерісіне тікелей байланысты. Ауа - райының өзгерісіне байланысты жер бетінің 20 км. бетіндегі атмосферасының үздіксіз өзгерісіне әкеледі (тропосфераның шегі) . Ауа -райының көп жылдық тұрақты өзгерісі сол жердің климатына сәйкес сипатталады. Сонымен қатар, жерүсті тіршілігі үшін ол жердің жарық түсу жағдайы, жергілікті жер рельефі және грунтының құрамы, жауын - шашындардың (жауын, бұршақ, қар) мөлшеріне де көп байланысты.

3. Топырақ - тіршілік ортасы

Топырақ - құрлық үстінің жұқа борпылдақ, ауамен байланысып жататын бөлігі. Бұл үшфазалы жүйе, оның қатты бөлігі ауаме, сумен қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен толтырылған жолақтардан тұрады. Бұндағы температура өзгеріп отырады, жер беті өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай.

Топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары:

Мезофауна - недәуір ірілеу ағзалар (0, 1 - ден 2-3 мм - ге дейінгі) жиынтығы, негізінен буынаяқтылар (кенелер, алғашқы қанатсыз жәндіктер мен қанаттылардың ұсақ түрлері, қырықаяқтар және басқалар) . Олар үшін топырақ ұсақ үңгірлер жүйесі сияқты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық факторлар: түрлері, организмге әсері және тіршілік орталары
Экологияның дамуы, ХХІ ғасырдың күн тәртібі және экологиялық факторлардың организмдерге әсері
Абиотикалық факторлар және экологиялық факторлардың түрлері: тірі организмдерге әсері мен төзімділік шектері
Экологиялық факторлардың қоршаған орта мен организмдерге әсерін бағалау
Экологиялық факторлар мен тіршілік орталары: жіктелуі, заңдылықтары және ағзалардың бейімделуі
Жалпы экология және тұрақты даму: аутэкология, экологиялық факторлар мен негізгі тіршілік орталары
Мутагендік факторлардың тірі организмдерге әсері және селекцияда мутагенезді қолдану
Ағза мен орта: мекен ету орталары және экологиялық факторлардың тірі ағзаларға әсері
Аутэкология: организм мен қоршаған ортаның өзара қатынасы, тіршілік орталары және тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері
Экологиялық факторлар: жіктелуі, организмдерге әсері және негізгі заңдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz