Ұлттық экономика


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Ұлттық экономика үлгісінің дамуы мен қалыптасуының объективтік тенденциялары
  3. Ұлттық экономикалық жүйе және ұлттық экономика үлгісі. Ұлттық экономика үлгісін қалыптастыру қағидалары
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды. Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған.

Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б. т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:

Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.

Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы.

Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.

Ұлттық экономика үлгісінің дамуы мен қалыптасуының объективтік тенденциялары

XX ғасырдың, әсіресе, оның екінші жартысындағы дамуының әлемдік тәжірибесі әр түрлі, ең алдымен қазіргі уақытта дамыған елдердің экономикасында пайда болған бірқатар тұрақты заңды тенденцияларды анықтауға мүмкіндік береді. Қоғамды қайта құру мен Қазақстанның тиімді ұлттық экономикалық жүйесін құру жөніндегі шараларды ойдағыдай жүзеге асыру үшін елдің қазіргі кезеңдегі нақты, ұлттық, тарихи және өркениеттік ерекшеліктері жағдайындағы осы тенденцияларды міндетті түрде ескеру қажет.

Бірінші. Нарықтық экономика қоғам дамуында, ресурстарды нарықтық бөлу мен олардың тиімділігін бағалау негізгі рөл атқаратынын тағы да дәлелдеді. Өйткені нарық - экономикалық қызметті үйлестірудің өктемді нысаны, ол - қоғамдағы өндіріс пен тұтынудың байланысының сипатын анықтайды және қоғамда шаруашылық жүргізудің негізгі нысаны. XX ғасырда нарық жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алса да қазіргі жағдайда да оның негізгі элементтері мен қасиеттері сақталды. Бұған, біріншіден, бастамашыл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын нарық субъектілерінің жеке тәуелсіз жағдайы мен осының арқасында капиталистік тенденциялардың дамуы жатады. Екіншіден, нарық жүйесінде бірін-бірі толықтыратын толық нарық жүйелерінің болуы тиіс. Үшіншіден, нарықтық қызметті құқықтық қамтамасыз етуді қоса алғанда, нарық жүйесі нарық институттарының толық жүйесінсіз жұмыс істей алмайды. Нарықтық экономика экономикалық жүйенің микро- және макродеңгейлерінің бірлігі ретінде көрсетілген элементтердің барлығын біріктіреді. Кез келген элементті жеткілікті бағаламаудың салдарынан елдің нарықтық әлеуеті толықтай пайдаланбауына әкеп соқтыруы ықтимал. Сондықтан Қазақстан экономикасының алдына жаңа ұлттық экономика үлгісін қалыптастыру, яғни экономиканың негізі ретіндегі нарық жүйесін құру міндеті түр.

Осыған байланысты бұрынғы социалистік жүйенің тәжірибесін ескерудің маңызы зор. Осы тәжірибеге тарихи келеңсіздік, кездейсоқтық деп қарасақ, онда біз қазіргі кезеңнің дамуының жалпы заңдылықтары мен тенденцияларын терең түсіне алмаймыз. Ал осы тәжірибені әлемдік дамудың қайшылықтарын шешудің нысаны мен тәсілі ретінде қарастырсақ, онда керісінше заңдылықтарды елемеу - нақты қатынастардың қиындықтары экономикалық жүйені шешілмейтін қарама-қайшылықтарға душар етеді әрі ең соңында оның құрдымға кетуіне әкеп соқтырады.

Ұлттық экономикалық жүйе және ұлттық экономика үлгісі. Ұлттық экономика үлгісін қалыптастыру қағидалары

Бір деңгейде дамып келе жатқан бірқатар елдердің ұлттық экономикалық жүйелері көбінесе ұқсас келеді. Осы елдердің деректері, әдетте, әлеуметтік қорғау жүйелерімен, экономикалық институттарымен, мемлекеттік экономикалық саясаттың қағидаларымен және т. б. ұқсайды. Мұндай жағдайда осы елдердің даму үлгісі немесе ұлттық экономикасының үлгісі бірдей деп айтылады.

Сөйтіп, осы ұғым сол бір экономикалық жүйе негізінде дамитын елдердің тобына ұлттық экономиканың сол бір қасиеттері мен белгілері тән (елдердің айырмашылықтарына қарамастан) екенін білдіреді. Нәтижесінде әлемнің барлық ұлттық экономикалық жүйелерін ұқсас (үлгілер) топтар бойынша жіктеуге, ал сол бір экономикалық жүйенің базасында әр алуан ұлттық экономикалық жүйелер емес, сонымен бірге әр түрлі ұлттық экономикалық үлгілер қатар өмір сүре алады. Осы орайда ұлттық экономика үлгілерінің саны ұлттық экономика жүйелерінің санынан сөзсіз аз болады.

Дәлел ретінде Еуропадағы бірқатар ұлттық экономикалық үлгілерді келтіруге болады. Қазіргі уақытта солтүстік елдердің ұлттық экономикасының үлгісі (Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания), оңтүстік еуропалық үлгісі (Португалия, Италия, Греция) жеке атап өтіледі. Мұның өзінде латынамерикандық даму үлгісінің еуропалық үлгіден біршама дәрежеде әлеуметтік теңсіздігімен ерекшеленеді. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қарқынды дамуына орай зерттеулерде бірқатар жылдам дамып келе жатқан Азия елдері атап өтіледі. Әрине, Африканың көп елдерін африкандық ұлттық экономикалық үлгісінің ерекше түріне жатқызуға болады.

Сөйтіп, ұлттық экономика үлгілерін жеке бөлудің арқасында бірқатар елдердің экономикалық дамуының ерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге ұлттық елдік ерекшеліктерге қарамастан олардың экономикалары мен экономикалық құрылымындағы ортақ нәрселерді жүйелеп, анықтауға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Экономикалық өсуді өндірістің нақты көлемінің өсуі шапшаңдығы жағынан қарағанда, әдетте экономикада күрделі құрылымдық немесе институционалдық өзгерістер орын алмайды деп тұжырымдалады. Өндірістің құрылымы мен институционалдық орта қалыптасып болған және өзгерістер жоқ, тұрақты деп есептеледі. Дамудың осындай сипаты, тұтастық қасиеттері бар және сыртқы ортамен үйлесімді өзара әсер ететін экономикалық жүйелерге тән болады. Ұзақ мерзімді уақыт деп әдетте негізгі капиталдың өмірлік циклына тең уақыт түсініледі. Осындай тұжырым экономикалық өсудің неокейнстік және неоклассикалық теорияларына тән болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы. Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Халықаралық экономикалық қатынастар: мәні және түрлері
Экономикалық тепе - теңдіктің қалыптасуы
Қазақстан Республмкасындағы көлеңкелі экономика
Ұлттық экономика және экономикалық жүйелер
Ұлттық экономика және оның қызметтерінің деңгейі
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Негізгі экономикалық мәселелер
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz