Саяси билік түсінігі және оның ерекшеліктері


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1 Саяси билік түсінігі және оның ерекшеліктері.

2 Биліктің құрылымы, функциялары, деректері, қоры.

3 Билікті ұйымдастыру мен іске асыру принциптері.

4 Пайдаланылған әдебиеттер

1. Саяси билік түсінігі және оның ерекшеліктері.

Билік саясаттанудың негізгі түсінігі болып табылады. Ол саяси институттарды, саяси қозғалыстарды және саясаттың өзін түсінудің кілті болып табылады. Биліктің анықтамасы, түсінігі, оның мәні мен сипаты саясат пен мемлекет табиғатын түсіну үшін аса маңызды болып табылады, барлық қоғамдық қатынастардың ішінен саясат пен саяси қатынастарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Билік феноменін шешу, билік табиғаты мен билік ету механизмдерінің барлық жаңа түсініктерін ашып беру саясаттанудың басты міндеттері болып табылады. Саяси биліктің парадокстары мен механизмдерінің шешімін табудағы алғашқы қадам Үндістан, Қытай мен Грецияның ерте кезінде-ақ жасалды.

Билік саясатпен тікелей байланысты маңызды саяси категориялардың бірі. Атап айтқанда, мемлекет территориясы билікпен анықталады, халықтың барлық қызығушылықтарын іске асыруды да билік қамтамасыз етеді.

Билік адамзат дамуының барлық кезеңдеріне тән қоғамдық қатынастардың ерекше түрлерін көрсетеді.

Билік анықтамасы: Саяси әдебиеттерде биліктің көптеген анықтамасы бар. Мысалы, Т. Гоббс билікті болашақта жетістікке жету құралы ретінде көрсетеді және өмірдің өзен билікке деген мәңгілік және үздіксіз тырысу, ол тек өліммен тоқталады деп біледі.

Р. Дальдің түсінігінше, билік адамның өз еркімен істегісі келмегенді екінші адамға істетуге мүмкіндік береді. Ал Х. Арендт билік бір адамға емес, тек қана бірге әрекет ететін топқа тән деп есептейді.

Г. Ласссуэл мен А. Каплан «билік пен қоғам» деген кітапта билікті шешім қабылдауға қатысу деп түсіндіреді.

Саяси билік - бұл әлеуметтік қатынастар мен жеке тұлғаның мінез-құлқын жөнге салатын арнайы әлеуметтік институт. Саяси билік - бұқара, топ, ұйымдардың мінез-құлқына мемлекеттегі бар қаражат арқылы әсер етуді анықтайды. Адамгершілік және отбасы билігінен саяси биліктің ерекшелігі тұлғалық - тікелей емес, қоғамдық - жанама түрдегі сипатқа ие. Саяси билік институттардың қызмет етуіндегі (президент, үкімет, парламент, сот) жалпы шешімдер мен барлығына бірдей шешімдер қабылдауда көрінеді. Нақты субъектілер арасындағы қатынастарды реттеуші құқықтық биліктегі айырмашылығы халықтың көп бөлігін мақсаттарына жетуіне жұмылдырады, тұрақтылық, жалпы келісім жағдайында топтар арасындағы қатынастарды реттейді.

2. Биліктің құрылымы, функциялары, деректері, қоры.

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:

1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.

2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.

3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.

4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.

5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.

6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру.

7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.

8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу.

9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т. с. с.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:

1. Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.

2. Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей.

3. Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.,

Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.

Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.

Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді.

1. Институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары орнаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі.

2. Жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді.

3. Құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік болып, сыртқы саясат қатынастарында, дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі.

4. Биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық, т. с. с. болып топталады.

5. Қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел, т. с. с. билігі болып бөлінеді.

6. Әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық, т. с. с. болып бөлінеді.

Сонымен қатар билікте “объект”, “субъект” деген ұғымдар бар. “Объект”- өзгертуші, “субъект” - іс-әрекетті жасаушы.

Биліктің объектілері:

1. Мемлекет. 6. Әкімшілік.

2. Ел. 7. Ведомстволар.

3. Аймақ. 8. Ұйымдар.

4. Штат. 9. Өндірістер.

5. Республика. 10. Жеке тұлға.

Биліктің субъектілері:

1. Мемлекет.

2. Әлеуметтік топ, тап.

3. Әлеуметтік топтар жүйесі.

4. Әлеуметтік топтарға сүйенген шағын адамдар тобы.

Биліктің легитимділігі

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.

Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет.

Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің басшысын белгілі бір мезгілге тура немесе жанама түрде халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс.

Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:

1. Әдет-ғұрыптық легитимдік - халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы: хан, патша, сұлтан, т. с. с.

2. Харизматикалық легитимдік - ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі - қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т. с. с.

3. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі - қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтың ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

3. Билікті ұйымдастыру мен іске асыру принциптері.

Саяси биліктің әртүрлі, саяси институттар мен саяси қатынастардың жүйесімен сипатталатын үш дәрежесі бар. Институционалды биліктің құрылысы өзара бірлікте әрекет ететін үш функционалды деңгейге бөлінді.

1. Биліктің жоғарғы сатысының макросаяси жүйесі (үкімет, оның орталық мекемелері) қоғамның негізгі ішкі процесіне және мемлекеттің сыртқы саясатына тарайды.

2. Биліктің орта немесе аралық деңгейі (мезобилік) биліктің орта буындарынан құрылған олар әр дәрежедегі бюрократтанған (муниципалдық) жергілікті жердегі басқару орындарындағы биліктерді де қамтиды.

3. Биліктің микро деңгейлік өзін-өзі басқаратын адамдардың арасында тікелей саяси қарым-қатынаста болатын ұсақ топтар жатады. Осы деңгейде адамдардың саяси мәдениеті дамығандығынан көрініс береді, көзқарасы, пікірлері қалыптасқан болады.

Микробилік - қоғамдағы шағын билік жүргізудің процесстері. Бұл микро деңгейдегі билік өзін-өзі басқаратын ұйымдардың арасындағы билік.

Ал енді осы қоғамда бір адамдардың екінші адамдарға бағынуының әлеуметтік себебінің негізгісі, билік ресурстарының - көздерінің әуелде біркелкі бөлінбеуінен шығады. Осындай жағдайда жоғарғы өкілдікке ие өкімет билігі өз ресурсының үлкен арсеналының мүмкіндігіне жүгінеді. Ал ол, сенімсіз осал кезінде өзі де, оның әр сатыдағы биліктері беделінен айырылады. Бұл ресурс - терминнің өзі кең де, тар да мағыналарда қолданылады.

Саяси биліктің ресурстары дегеніміз олардың үстінен бағынушыларға ықпал жасау мен билікті іске асыруға бағытталған әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Адамдардың әр түрлі қажеттіліктерімен мүдделерінің қызығушылығын қанағаттандыруы әр түрлі болатындай, билік ресурстары - көздері де сан қырлы және әр алуан. Олар әрқилы жіктеледі. Соның бірі саясаттанушы А. Этционидің жіктеуі. Ол пайда келтіру, ықтиярсыз көндіру және нормативтік ресурстар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Саяси билік және саяси жүйе
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұны
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Мемлекеттің пайда болуы
Басқару нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz