ТЖ кезіндегі құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
география және табиғатты пайдалану факультеті
СОӨЖ
Тақырыбы :ТЖ кезіндегі құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Орындаған:
Қабылдаған:
Алматы 2014
Жоспар:
- Кіріспе
Төтенше жағдайға түсініктеме және оның түрлері
- Негізгі бөлім:
- Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары.
- Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға
басшылық жасау
- Құтқару шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу
- Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқықтары
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Төтенше жағдай дегеніміз - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;
Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бөлінуде ормандарға, өсімдіктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері орналасқан. Мұндағы апаттар үлкен адам құрбандықтарына материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар, мемлекеттік әскери және шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.
Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принцптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді. Халықты қорғау принцптері - бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі ресми белгілеген ережелер. Халықты апат, зілзала т. б қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып белгіленген АҚ жоспарларымен анықталады. Төтенше жағдайдың түрін, көлемін, сипатын анықтау АҚ, ТЖ ұйымдарының барлау құрылымдарының негізгі міндеттері. Бұл жұмысты төтенше жағдайдың штабтары, әскери бөлімдері, арнайы барлау органдары ұйымдастырып, жүргізеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
ТЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына - ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.
2. 1 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 1997 ж. 27 наурыздағы № 87-I Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Осы Заң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн құрылған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметi кезiнде қоғамдық қатынастарды реттейдi, құтқарушылардың мәртебесiн белгiлейдi. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын жою немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-әрекеттер;
Құтқарушы - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат;
Құтқарушылардың мәртебесі - құтқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Төтенше жағдайды жою басшысы - төтенше жағдайды жою кезінде жұмыстар жүргізуді басқаратын немесе өкілеттігіне төтенше жағдайларды жою жатқызылып, орталық немесе жергілікті атқарушы орган тағайындаған басты өкімші және жауапты адам;
Төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл жұмыстар - құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың жұмыс қабілетін қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет.
Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері - орасан зор. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі бар: жер слкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты табиғи апаттар жиі болып жатады. Жер сілкінісі кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Жеңіл үйіндінің астында қалғандарды тез арада босатып, балалардың, ауруларды, қарттардың қауіпсіздігіне назар аударылады. Ғимаратқа кірер алдында баспалдақтың, қабырғаның қауіпінің бар-жоқтығына назар аударылады. Адамдарды құтқарудың ең қиыны жанып жатқан мекемелерден қауіпсіздік шараларын сақтай отырып алып шығу.
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: Сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.
Сел қаупіне тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер құруға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті. Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірлеген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары таратылады.
Қар көшкіні қауіпі кезінде тауға шығу қажетті жағдайда кезек күттірмейтін жұмыс үшін, атап айтқанда құтқару жұмысы үшін тік жартастан, оның ең биік бөлігіне немесе жартасқа жақын тар жерден өту қажет. Бұл беткейді шамалы сілкінтеді. Зардап шегушіні қазып алғаннан кейін оның бетінің алдын бос кеңістіктің бар жоғын немесе бетіне қардың қатып қалмағандығын анықтау қажет. Бірден жүректің соғысы мен құрсақтың қысылу дәрежесін тексеру керек.
- ауызбен мұрындағы қарды кетіріп «ауызға ауыз» немесе «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет.
- бір уақытта зардап шегушіні қйықтау қапшығына салып жылыту керек.
Дауылдан кейінгі негізгі жұмыстар
- зардап шеккендерді іздеу, жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару;
- жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардан адамдарды құтқару;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу;
- шыққан өртті сөніру;
- өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық энергетикалық желелердегі аварияларды жою.
Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:
Көмекті кешіктірмеуге қажет. Жасанды тыныс алу мен жүректі сылауды бір минуттан артық тоқтатпай, зардап шегушіге өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру қажет.
Су тасқынынан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.
Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басылуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету, су түбін тереңдету, ғимараттар мен үй жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, құтқару құралдарын жасау және даярлау. Құтқару жұмыстары кезінде халық ұстамдылық сақтап құтқарушылар талаптарын қатаң орындауға тиіс.
Техногендік сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары .
Халықты құтқарудың негізгі әдістері мыналар:
- қорғаныс ғимараттарына жасыру;
- халықты таратып қоныстандыру және көшіру;
- жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын пайдалану;
- дер кезінде хабарландыруды ұйымдастыру;
- азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық зақымданудан қорғау;
- радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
- өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;
- зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыспен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;
Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе әуе шабуылынан, сол сияқты қауіпті жағдайдан қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.
Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы құтқару жұмыстары .
Әуеден шабуыл болғанда радиоактивтік немесе химиялық зақымданғанда - біріншіден АҚ штабынан қауіптер туралы хабар түседі. Төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құрылады.
- барлау топтары - 15-16 адамнан тұрады
- қоғамдық тәртіп қорғау топтары
- санитарлық дружина -25 адам
- санитарлық бекеттер -2-3
- құтқарушы топтар 30-35 адам
- бірнеше өрт сөндірушілер топтары, әрқайсысында 4-5 адам
Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары. Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің, коммуналды энергетикалық және технологиялық қондырғылардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендігі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары АҚ басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады. Қозғалыс жүргізу жұмыстарын жүргізгенде бір жақты қозғалыс үшін биіктігі -1мм, ені -3-3. 5м, жол ашса, ал екі жақты қозғалыс үшін ені -6-6. 5м эксковаторлар жол ашып, өрт сөндіргіш машиналармен біруақытта жұмыс атқара отырып өрт сөндіріледі. Осындай жұмыстардың артынша дереу іздестіру құтқару жұмыстарын қолмен немесе кіші механизация құралдарын қолданумен іске асырады. Құтқарылғандарға алғашқы көмек көрсетіледі.
2. 2 Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға басшылық жасау
1. Төтенше жағдайларды жоюға тартылған барлық күштер мен құралдарға басшылық жасауды және олардың өзара iс-қимылдарын ұйымдастыруды төтенше жағдайларды жою басшылары жүзеге асырады.
2. Төтенше жағдайларды жою басшысының өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады.
3. Төтенше жағдайлар аймағына бiрiншi болып келген авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының басшылары өздерiне төтенше жағдайларды жою басшыларының өкiлеттiгiн қабылдайды және ол өкiлеттiктi төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарларымен белгiленген немесе орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, осы төтенше жағдайларды жою өз өкiлеттiгiне жатқызылған ұйымдардың басшылары тағайындаған төтенше жағдайларды жою басшылары келгенге дейiн атқарып, олардың қарамағына кiредi.
4. Төтенше жағдайларды жою басшыларын белгiленген тәртiпте мiндетiн атқарудан шеттетiп, басшылықты өзiне қабылдаудан немесе басқа лауазымды адамды тағайындаудан басқа ретте олардың төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау қызметiне араласуға ешкiмнiң құқығы жоқ.
5. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың бүкiл көлемiн жүргiзуге технологиялық мүмкiндiк болмаған жағдайда төтенше жағдайларды жою басшылары бiрiншi кезекте төтенше жағдайлар аймақтарындағы адамдарды құтқару жөнiнде барлық мүмкiн болған шараларды қолдана отырып, аталған жұмыстарды толық немесе олардың бiр бөлiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдай алады.
2. 3 Қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың, құтқарудың негізгі принцптері мыналар:
Құтқару шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды:
- бейбіт және соғыс уақытындағы АҚ жоспарларын әзірлеу;
- халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау;
- ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікті ұстау;
- көшіру шараларын даярлау;
- бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.
Осыған байланысты халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, бүкіл республикада міндетті түрде жүргізілуі қажет. Құтқару шараларының сипаты мен көлемі төтенше жағдай сипатына, қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныс маңыздылығы мен жергілікті жағдайларға байланысты. Төтенше жағдайда, бірінші кезекте, халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде шаралар АҚ тобына жатқызылатын қалаларда мынандай тәртіппен жүргізіледі.
- қызметтері соғыс уақытында да тоқталмайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерін, АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру;
- АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылармен қызметшілерді бұрынан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және бөлінген орындарға орналастыру
2. 4 Құтқару және шұғыл жұмыстарға тартылған құтқарушылар аталған жұмыстарды орындау орнына бет алу кезінде барлық транспорт түріне кезектен тыс билет алуға құқылы.
Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқылы:
- адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шешім қабылдауға;
- өз міндеттерін атқару үшін толық әрі нақты ақпараттарды алуға;
- құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау үшін аймаққа және мекемелердің өндірістік нысандарына, тұрғын үйлерге ешбір кедергісіз кіруге;
- төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардан белгіленген қауіпсіздік ережелерін орындауын талап етуге;
- құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес экипировкалануға және жабдықталуға;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша төтенше жағдай аймағында тұрған мекемелердің байланыс құралдарын, транспорттарын, заттарын және басқа да материалдық құралдарын адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда пайдалануға;
- көмекші іздестіру иттерін қолдану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысқан құтқарушылар медициналық мекемелер мен қалпына келтіру орталықтарында медициналық және психологиялық қалпына келтіруге құқылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz