Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
1.1. Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2. Ш.Уалихановтың тарихи зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ. Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері
2.1. Ш.Уалихановтың Жетісу өңірі мен қырғыз халықтарын
зерттеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Ш.Уалихановтың Қытай жеріндегі зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ІІІ. Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармалары
3.1. Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармаларының орны ... ... ... ... .24
3.2. Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармаларының
этнографиялық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Алаулаған аз ғана өмірінде кейінгі ұрпаққа өшпестей рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған аса көрнекті ғалым ағартушы және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына өткен жылы ғана 170 жыл болды. Ш.Уалихановтың аса дарынды ғалым ретінде тарих, этнография, беунелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға, сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор екенін ескере отырып, оның терең энциклопедист ғалым екеніне сөз жоқ.
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов – Қазақстанда, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің “Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды” [ 19 ,160 б] дегеніндей, Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Шоқан ашқан жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижелерін кейінгі ғалымдар өз еңбектері мен зерттеулеріне негіз етіп алатын. Жастарды ғылым жолына үйретуде де Шоқан Уалиханов есімі әрдайым биік орындарды иемденеді. “Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет” [ 20, 5б ] депШоқан Уалихановтың өзі айтқандай жастарға оның мұраларын жеткізіп, сол сияқты энциклопедиялық білім алуға шақыры аса маңызды іс.
Қазақтан бой көтерген Шоқан Уалиханов өз халқының мәдени, ғылыми өркендеуін аңсаған ағартушы ұлы ғалымның этнографиялық зерттеулерінің ғылыми дүниедегі орны қандай екенін анықтау және оның шығармаларының этнографиялық тұстарының тарихи деректілігін көрсету жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады. Шынында да Шоқан Уалихановтың этнографиялық зерттеулері тарихи ортада қаншалықты құнды екенін көрсету қажеттігі жұмыстың барысында айқындалған.
Зерттелу дәрежесі. Шоқан Уалиханов жөнінде бірқатар зерттеулер мен шығармалар жарық көрген болатын. Жалпы Шоқанды білуге ұмтылушылық өз заманында-ақ басталды деуге болады. Сондықтан жұмыстың зерттелу дәрежесін кезеңдермен қарастыруға болады.
Замандастары көзқарасы: Ең алдымен Ш.Уалихановтың өз кезіндегі оның достары мен әріптестері Ф.М.Достаевский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, К.К.Гутковский, ақын А.Маяков, академик Н.И.Веселовский, П.П.Семенов-Тяншанский, Е.П.Ковалевский т.б. ғалымдар өз естеліктерінде және еңбектерінде Шоқанды өте жоғары бағалап және оның есімі мен шығармаларына құрметпен қарайды, оның замандасы болғанын мақтаныш етеді. Шоқан Уалихановтың замандастарының жазған шығармалары оның тұлғалық қасиеттерін айқындай түседі. Мұндай шығармалар ретінде қазақ әдебиетінде жарық көрген “Замандастар лебізі” атты мақалада Г.Н.Потаниннің, А.Н.Платниковтың, С.Я.Капустиннің, П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің айтқандары, Шоқан Уалиханов жөнінде бірқатар ой пікірлерден үзінділер келтірілген. Мұндай пікірлердің тағы бір көрінісі Қазақстан мұғалімдері “Шоқан туралы ойлар” атты мақалада айқындала түсті. Мұнда П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің, Г.Н.Потаниннің, С.Мұқановтың, Ф.М.Достаевскийдің пікірлерінен үзінділер келтіріледі. Осы кезде жарық көретін “Современник” жұрналында былай делінген болатын “Шоқан Уалихановтың қабілеттігі және жігерлігі сонша, Сібірде тұратын бұратана халықтар арасында бұрын соңды ондай адам болған емес” /19, 5 б]. Осылайша Шоқан Уалихановтың аса зеректігі мен қабілеттілік қасиеттері кейінгі кездегі қолдау ғана емес өзінің кезінде де бағалаған болатын.
Қазақ тілінде Шоқан жайлы алғаш материалдар 1870 жылдардан бастап жарық көрді. “Айқап” басылымының 1870 жылы 9 санында және 1872 жылғы 1 санында ол туралы құнды мақалалар жарияланды. Ұлы ғалымның дүниеге келгеніне 60 жыл толуы қарсаңында “Айқап” газетінің 1894 жылғы 18 санында берілген мақалада: “Шоқан Уалиханов ғалым, өнер иесі, халықтық ғадет – заңын біліп, даңғыл биік жолға шықса да өзінің туған жайынан жатырқамай әлі ұмытпады” делінген.
Шоқан Уалиханов еңбектерінің тұңғыш басылымы 1804 жылы Орыс географиялық қоғамының жазбаларында жарық көрді. Бұл басылымды шығыстанушы Н.И.Веселевский әзірлеген болатын. Оған Шоқан Уалихановтың неғұрлым ілгері шығармалары: қазақтың ХVІІІ ғ. өмір сүрген аса ірі феодалдарының бірінің өмірі мен қызметіне арналған, сондай-ақ қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі баяндалған. «Абылай» деген мақаласы, қазақтың діни нанымдары мен әдет-ғұрпына арналған «Қырғыздардағы шаман дінінің қалдықтары» деген еңбегі, «Жоңғар очеркі» және ғалымның «Алтын шаһардың немесе 1858-1859 жылдардағы Қытайдың Нанлу провинциясының алты шығыс қалалары жайлы» деген көлемді туындысы және басқа еңбектері енгізілген.
Кеңес үкіметі кезіндегі көзқарастар: Ендігі кезекте кеңес үкіметі кезіндегі ғалымдардың Ш.Уалиханов жөніндегі зерттеулерде аса көп Ш.Уалихановтың шығармаларындағы тарихи, археологиялық және этнографиялық тұстарды зерттеуші ғалымдар аз болған емес. Жалпы Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеуде Ш.Уалихановтың шығармалары тың дерек болып табылады. Сондықтан Ә.Марғұлан секілді ғалымдар Ш.Уалихановтың еңбектеріне баға беріп талдайды да және оған сүйене
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі.

1. Асфандиярова М. «Манас» және Шоқан. //Алматы ақшамы 1997 ж. 5 қараша.
2. Бегалин С. Шоқан асулары. Алматы, Жазушы- 1971 ж.
3. Бейсенова Ә. Жиханкез. //Егемен Қазақстан. 2005 ж. 8-қыркүйек.
4. Бікебаева Н. Ш.Уалиханов – ғалым, ағартушы. //Қазақстан
тарихы. 2001. № 1.
5 Бердібаев Р. «Шоқан Уалиханов және қырғыз ауыз әдебиеті.» //Қазақстан мектебі 1989 ж. №1. 43-50 б.
6. Букетов Е. “Ұлы мұрат мұрагері.» //Мәдениет және тұрмыс 1989ж. №9.
7 Валиханов Ч. Записка о судебной реворме. Алматы, Жетіжарғы- 2004 ж.
8. Валиханова Г.Ш. Проблемы теории и истории казахской культуры в творчестве Ч.Ч.Валиханова. Алматы- 2004 ж.
9. Дулатова Д.И. Шоқан – тарихшы. Алматы- 1996 ж.
10. Елеусізова М. Шоқанның экономикалық көзқарастарынан… //Ақиқат 1995 ж. №6. 62 бет.
11. Жақсылықов А. «Құнды зерттеу.» //Қазақстан 1988ж. №11 63-64б.
12. Ивлев Н. Шоқан туралы тың дерек. //Жұлдыз 1989 ж. №2
13. Қанафияұлы Н. Ұлы дала және Шоқан. //Санат 1997.№11.
14. Қанафияұлы Н. Шоқан - әдебиетші, публицист. Алматы- 1998 ж
15. Марғұлан. Шоқан және Манас. Алматы, Жазушы-1971 ж.
16. С.Мұқтарұлы Шоқан және өнер. Алматы, Өнер- 1985 ж.
17. Марғұлан Ә.К. “Көшпенділер өркениеті мен рухани мәдениетінің тарихы” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Павлодар- 2004 ж.
18. Өтениязов С. Шоқанмен қайта кездесу. Алматы, Қазақстан –1990.
19. Өтениязов С. Шоқан және Катрина Гутковская. //Шарайна
20 Оралбаева Г. Ұлы ғалымның туғанына 170 жыл. //Жас қазақ. 2005 ж. 15 шілде.
21 Первые этногрофы Казахстана. Алматы, Білім- 2002 ж.
22 Сүтеева Қ. Шоқан еңбектеріндегі төл тарихқа қатысты деректер. //Қазақстан тарихы. 2002 ж. №4.
23 Стелкова И.И. Валиханов. Москва, Молодая гвардия- 2004 ж
24. «Сахараның бетін кескендеген»…//Білім және еңбек 1985ж. №9
25. Ш.Уалиханов Таңдамалы. Алматы, Жазушы-1980ж.
26. Ш.Уалиханов әдебиеттер көрсеткіші. //редактор Березина Г.Н., Жүсіпбекова Б.К. Алматы, Қазақстан- 1985 ж.
27. Ш.Уалиханов Таңдамалы (шығармалар жинағы) І том. Алматы- 1961 .
28. Шоқан Уалиханов Ұлы ғалым. //Қазақ тарихы 1998ж. №4-5б.
29. Шыңғысбеков Т. Өшпес мұра. //Қазақстан мұғалімі 1996ж. №10 .
30. Ысқақов Б. Ұмытылмас есімдер. Алматы- 1994 ж.
31. Чокан Валиханов и современность
Алматы. Наука, 1988.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
1. Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. Ш.Уалихановтың тарихи зерттеулері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ. Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері
2.1. Ш.Уалихановтың Жетісу өңірі мен қырғыз халықтарын
зерттеуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Ш.Уалихановтың Қытай жеріндегі зерттеулері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІІ. Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармалары
3.1. Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармаларының орны
... ... ... ... .24
3.2. Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармаларының
этнографиялық маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...28

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 32

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Алаулаған аз ғана өмірінде кейінгі ұрпаққа
өшпестей рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған аса көрнекті
ғалым ағартушы және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына өткен
жылы ғана 170 жыл болды. Ш.Уалихановтың аса дарынды ғалым ретінде тарих,
этнография, беунелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға,
сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор екенін ескере отырып,
оның терең энциклопедист ғалым екеніне сөз жоқ.
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов – Қазақстанда,
Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі
мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен
ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі
шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің “Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану
ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды” [ 19 ,160 б] дегеніндей,
Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары
ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-
саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Шоқан ашқан жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижелерін кейінгі ғалымдар
өз еңбектері мен зерттеулеріне негіз етіп алатын. Жастарды ғылым жолына
үйретуде де Шоқан Уалиханов есімі әрдайым биік орындарды иемденеді.
“Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім
қажет” [ 20, 5б ] депШоқан Уалихановтың өзі айтқандай жастарға оның
мұраларын жеткізіп, сол сияқты энциклопедиялық білім алуға шақыры аса
маңызды іс.
Қазақтан бой көтерген Шоқан Уалиханов өз халқының мәдени, ғылыми
өркендеуін аңсаған ағартушы ұлы ғалымның этнографиялық зерттеулерінің
ғылыми дүниедегі орны қандай екенін анықтау және оның шығармаларының
этнографиялық тұстарының тарихи деректілігін көрсету жұмыстың өзекті
мәселесі болып табылады. Шынында да Шоқан Уалихановтың этнографиялық
зерттеулері тарихи ортада қаншалықты құнды екенін көрсету қажеттігі
жұмыстың барысында айқындалған.
Зерттелу дәрежесі. Шоқан Уалиханов жөнінде бірқатар зерттеулер мен
шығармалар жарық көрген болатын. Жалпы Шоқанды білуге ұмтылушылық өз
заманында-ақ басталды деуге болады. Сондықтан жұмыстың зерттелу дәрежесін
кезеңдермен қарастыруға болады.
Замандастары көзқарасы: Ең алдымен Ш.Уалихановтың өз кезіндегі оның
достары мен әріптестері Ф.М.Достаевский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев,
К.К.Гутковский, ақын А.Маяков, академик Н.И.Веселовский, П.П.Семенов-
Тяншанский, Е.П.Ковалевский т.б. ғалымдар өз естеліктерінде және
еңбектерінде Шоқанды өте жоғары бағалап және оның есімі мен шығармаларына
құрметпен қарайды, оның замандасы болғанын мақтаныш етеді. Шоқан
Уалихановтың замандастарының жазған шығармалары оның тұлғалық қасиеттерін
айқындай түседі. Мұндай шығармалар ретінде қазақ әдебиетінде жарық көрген
“Замандастар лебізі” атты мақалада Г.Н.Потаниннің, А.Н.Платниковтың,
С.Я.Капустиннің, П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің айтқандары, Шоқан Уалиханов
жөнінде бірқатар ой пікірлерден үзінділер келтірілген. Мұндай пікірлердің
тағы бір көрінісі Қазақстан мұғалімдері “Шоқан туралы ойлар” атты мақалада
айқындала түсті. Мұнда П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің, Г.Н.Потаниннің,
С.Мұқановтың, Ф.М.Достаевскийдің пікірлерінен үзінділер келтіріледі. Осы
кезде жарық көретін “Современник” жұрналында былай делінген болатын “Шоқан
Уалихановтың қабілеттігі және жігерлігі сонша, Сібірде тұратын бұратана
халықтар арасында бұрын соңды ондай адам болған емес” 19, 5 б]. Осылайша
Шоқан Уалихановтың аса зеректігі мен қабілеттілік қасиеттері кейінгі
кездегі қолдау ғана емес өзінің кезінде де бағалаған болатын.
Қазақ тілінде Шоқан жайлы алғаш материалдар 1870 жылдардан бастап жарық
көрді. “Айқап” басылымының 1870 жылы 9 санында және 1872 жылғы 1 санында ол
туралы құнды мақалалар жарияланды. Ұлы ғалымның дүниеге келгеніне 60 жыл
толуы қарсаңында “Айқап” газетінің 1894 жылғы 18 санында берілген мақалада:
“Шоқан Уалиханов ғалым, өнер иесі, халықтық ғадет – заңын біліп, даңғыл
биік жолға шықса да өзінің туған жайынан жатырқамай әлі ұмытпады” делінген.
Шоқан Уалиханов еңбектерінің тұңғыш басылымы 1804 жылы Орыс
географиялық қоғамының жазбаларында жарық көрді. Бұл басылымды шығыстанушы
Н.И.Веселевский әзірлеген болатын. Оған Шоқан Уалихановтың неғұрлым ілгері
шығармалары: қазақтың ХVІІІ ғ. өмір сүрген аса ірі феодалдарының бірінің
өмірі мен қызметіне арналған, сондай-ақ қазақ халқының жоңғар
басқыншыларына қарсы күресі баяндалған. Абылай деген мақаласы, қазақтың
діни нанымдары мен әдет-ғұрпына арналған Қырғыздардағы шаман дінінің
қалдықтары деген еңбегі, Жоңғар очеркі және ғалымның Алтын шаһардың
немесе 1858-1859 жылдардағы Қытайдың Нанлу провинциясының алты шығыс
қалалары жайлы деген көлемді туындысы және басқа еңбектері енгізілген.
Кеңес үкіметі кезіндегі көзқарастар: Ендігі кезекте кеңес үкіметі
кезіндегі ғалымдардың Ш.Уалиханов жөніндегі зерттеулерде аса көп
Ш.Уалихановтың шығармаларындағы тарихи, археологиялық және этнографиялық
тұстарды зерттеуші ғалымдар аз болған емес. Жалпы Қазақстан тарихы мен
этнографиясын зерттеуде Ш.Уалихановтың шығармалары тың дерек болып
табылады. Сондықтан Ә.Марғұлан секілді ғалымдар Ш.Уалихановтың еңбектеріне
баға беріп талдайды да және оған сүйене отырып өз еңбектерін жазады да.
Ә.Марғұлан авторлығымен “Шоқан Уалиханов – Орта Азия халықтарын зерттеуші”
атты мақаласы жарық көрген болатын. Мұнда Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі,
Қазақстан мен Орта Азияның тарихын және мәдениетін зерттеуші ретіндегі орны
көрсетілген. Ғ.Уалихановтың “Тұңғыш қазақ этнографы” мақаласында Шоқанның
қазақ, қырғыз, Шығыс Түркістан халықтарының тұрмыс салтын зерттеуі
айтылады. Сонымен қатар бірнеше мақалаларда Шоқан Уалихановтың аттың
ертұрмандарына, киім кешекке, сәулет ескерткіштері жөніндегі пікірлері мен
көзқарастары айтылады.
1940 жылы Шоқан Уалихановтың өмірі мен творчестволық қызметін зерттеу
жүргізіле бастады. А.Х.Айдарова 1945 жылы “Шоқан Уалиханов” атты көлемді
кітап бастырып шығарды. Айдарованың құрастыруымен ғалымның мақалалары мен
хаттары 1947 жылы орыс тілінде, 1949 жылы қазақ тілінде жарық көреді.
Шоқантанушы зерттеушілер Омбының, Томскінің, Ташкенттің, Москва мен
Ленинградтың архив қорларын қарап шығып, едәуір мөлшерде деректі
материалдар жинайды. Осы негізде 1958 жылы оның Таңдамалы шығармалары
жинағы шығарылады, оған бұрын жарияланбаған еңбектері, атап айтқанда, 1856
жылы жазылған Құлжа күнделігі енгізіледі. Сонымен бір мезгілде Шоқан
Уалиханов шығармалар жинағының бес томдық академиялық басылымы үшін оның
қол жазбаларын, мақалаларының неғұрлым аяқталған нұсқаларын іріктеу
жөніндегі жұмыс мықтап қолға алынды. Қазақ СССР Ғылым Академиясы тарих
институтының Ә.Қ. Марғұлан бастаған ғылыми қызметкерлері зор жұмыс атқарды.
Солардың күш салуы арқасында Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов еңбегінің
академиялық басылымының бес томы жарыққа шықты. [9,6 б].
Ғалым шығармашылығының ғылыми тұрғыда байсалды сөз еткендер қатарына
Ә.Марғұлан, З.Ахмедов, С.Зиманов, Н.Фитисов, Е.Бекмаханов, Е.Букетов,
Ш.Сәтбаев, М.Елеусізова, И.Стрелкова, П.Косинка, А.Х.Айдарова,
Д.И.Дулатова, С.Бақбергенов және басқа да қаламгерлер елеулі шығармалар
жазды.
1985 жылы Шоқан Уалихановқа қатысты орысша-қазақша мазмұндалған екі
мыңдай әдебиет қамтыған көрсеткіш жарық көрді. Ондағы материалдар екіге
бөлінеді. Бірінші бөлімінде Шоқан Уалихановтың еңбектері, шығармаларының
жеке басылымдары мақалалары мен хаттар көрсетілді. Жеке кітаптар мен газет
жұрналдарда басылған еңбектері, фольклорлық және тарихи-этнографиялық
зерттеулері мен хаттары жеке топтастырылып берілген. Көрсеткіштің екінші
бөлімінде Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі жайлы материалдар жинақталған.
Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдегі көзқарастар: Енді кезектегі Шоқан
жөніндегі ізденушіліктің бір кезеңі тәуелсіздіктен кейінгі уақыт. Бұл
уақытта С.Өтениязовтың Шоқанның өскен ортасымен оның туған туыстарымен,
яғни Шорман би ұрпақтарының қазақ мәдениеті мен тарихында алатын орны нақты
суреттелген “Шоқан өскен орта” атты кітабы, Шоқанның публицистік,
гуманистік, ағартушылық, жазушылық қабілетіне ден қойылып жазылған.
Валиханова Г.Ш. авторлығымен “Проблемы терии и истории казахской культуры в
творчестве Ч.Ч.Валиханова” атты еңбек жарық көрді, мұнда Шоқан Уалихановтың
қазақ халқына байланысты тарихи мәдени зерттеулеріне баға берілген болатын.
И.Стеклованың “Валиханов” еңбегінде ғалымның өмірі мен қызметіне егжей-
тегжей тоқталу байқалады. Дәл осындай үрдісте Б.Сқақовтың “Ұмытылмас
есімдер” атты еңбегі жарық көрген болатын. Н.Қанафияұлының “Шоқан -
әдебиетші публицист” атты еңбегінде ғалымның ауыз әдебиетіне аса мол көңіл
аударғанына мән берілді.
Шоқан Уалиханов еңбектеріне шетелдіктердің көзқарасы: Ш.Уалихановтың
Орта Азия мен Шығыс Түркістан тарихын зерттеу ісіне сіңірген еңбегін
дүниежүзілік ғылым таныған. Оның еңбектері орыс, ағылшын, неміс, француз
тілдерінде жарияланған. Ш.Уалихановтың қауіпті Қашқария сапарынан алып
қайтқан тың деректері 1860-1861 жылдары орыс, неміс баспасөздерінде
жариялануы, “Жоңғар очеркінің” және Қытайдың батыс провинциясы жөніндегі
шығармаларының 1865 жылы ағылшын тілінде Лондонда басып шығуы Шоқан
есімінің кең таралуына септігін тигізді.
Француздың жаханды шарлаған жихангез географы, Франциядағы 1848 жылғы
революцияға қатысқан Элизо Реклю “жар және адам” деген он тоғыз томдық
күрделі еңбегінде Шоқанның атын П.П.Семеновпен қатар қояды. Реклю еңбегінің
жетінші томында “Қытайлық Түркістан” деген үлкен тарауында Шоқанның
материалдарын мол пайдаланылған.
Шоқан үшін Айғанымның қара шаңырағы мен Шыңғыс үйінен кейін алтын ұя
болған поляк офицері Козмиревич Гутковскийдің үйі болатын. Өз үйінің адамы
болып кеткен Шоқанның мезгілсіз қаза болуы Гутковский үйінің де қатты
қайғысы болды. Сондықтан да К.К.Гутковский Омбыда, Сырымбетте, Баянауылда
және Алтын кемелде болып, Шоқанның қолға түскен қағаздарын Петербургке алып
кетіп, дереу қазақ ғалымының толық жинағын жарыққа шығаруға кірісті. Бірақ
1867 жылы Гутковскийдің кенеттен қайтыс болуына байланысты бұл іс аяқсыз
қалады. Оның қызы Катрина Гутковская Шоқан Уалихановқа тиісті әкесі
жинақтаған және өзіндегі барлық жазбаларды сақтайды. Қаншалықты қиындықтар
басынан өтсе де Шоқан шығармаларын көз қарашығындай сақтап, 1920 жылы
оларды Академия архивіне әкеліп тапсырады. Сол күннен бастап Ленинградтағы
КСРО ғылым академиясы архивінде әйгілі қор – “Шоқан Уалиханов қоры” пайда
болды [19, 18-19 б]. Осы бір тамаша кісінің арқасында Шоқанның аса құнды
ғылыми мұрасы біздің заманымызға жеткізілді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Шоқан Уалихановтың этнографиялық
шығармаларының және басқа зерттеулеріне сүйене отырып бұл зерттеулердің
тарихи маңыздылығы мен деректік мәнін анықтау басты мақсат болып табылады.
Аталған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер алға қойылған:
- Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметін көрсету;
- Ш.Уалихановтың ғылыми жолға түсу барысын анықтау,
- Ш.Уалихановтың Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихын
анықтаудағы орнын көрсету;
- Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулеріне тоқталу;
- Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармаларының маңыздылығын
көрсету.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс жазылу барысында тақырыпты жан-жақты қарастыру
мақсатында және жұмыстың ғылымилығын жоғарылатуда үш бөлімге бөлініп
қарастырылған.
Кіріспе бөлімінде жұмыс жөніндегі мәліметтер айқындалып, жұмыстың
өзектілігі, зерттелу дәрежесі, хронологиясы, географиялық еңбегі сынды
тақырыптарымен жазылған.
Негізгі бөлімінде жұмыстың негізгі мәтіні айтылған болатын және бірнеше
тараулар негізінде жазылған.
Бірінші тарауда Ш.Уалихановтың ғалым ретіндегі тарихи орны көрсетілген,
мұнда Ш.Уалихановтың өмірі мен шығармашылық қызметі, Ш.Уалихановтың Орта
Азия мен Қазақстан тарихына тоқталуы мен зерттеулеріне талдау жасалған.
Екінші тарауда Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері қарастырылған,
мұнда Ш.Уалихановтың Қазақстан мен Орта Азияға байланысты зерттеулері мен
Шығыс Түркістан яғни Қытай жерлеріндегі этнографиялық зерттеулер
көрсетілген және Азия халықтарының тұрмысы, салт-дәстүрі, киім-кешегі,
мәдениеті, ауыз әдебиетінің ерекшеліктеріне байланысты зерттреулерге талдау
жасалынған. Үшінші тарауда Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармалары
қарастырылған, мұнда архитектуралық және суретшілік өнеріне баға беріліп,
мұның маңыздылығына талдау жасалынған.
Қорытынды бөлімінде Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулеріне талдау
жасалып, жұмысқа жалпы қорытынды түйін жасалынған.
Хронологиясы: Шоқан Уалихановтың этнографиялық зерттеулеріндегі
хронологиялық шеңберді анықтайтын болсақ Шоқан уалиханов 1835 жылы туылғаны
белгілі, өзінің балалық дәуренін Құсмұрын мен Сырымбетте өткізген. Шоқан
осында ең алғашқы халық ауыз әдебиетіне, халық мәдениетінің ерекшеліктеріне
көңіл бөледі, ал 1847 жылдан бастап Ш.Уалиханов ғылыми дүниені жетік біле
бастап оған ден қоюды бастайды. 1855 жылы Шоқан генерал Гасфорттың сапарына
қатысады. Орталық Қазақстан, Жетісуды және Тарбағатайды аралайды. 1856-1857
жылдары Шоқан Құлжа қаласына және Алатау қырғыздары мекендейтін жерлерге
саяхат жасайды. 1858-1859 жылдары Шоқан өзін ержүрек саяхатшы даңқына
бөленген атақты Қашқар саяхатына барып қайтады. Міне осы үш саяхат
шеңберінде Шоқан Уалихановтың аса құнды әрі аса бай мақалалары мен
шығармалары жарық көреді. Алайда Ш.Уалиханов өзінің ғылыми зерттеулерін
1865 жылға дейін жалғастырған.
Географиялық шеңбері: Шоқан Уалихановтың этнографиялық зерттеулерінің
географиялық шеңбері Орта Азия мен Қазақстан халықтарының мекен еткен
территория аясында болып табылады. Ш.Уалихановтың еңбектерінде ұйғырлар,
қырғыздар, қарақалпақтар, қоқандықтар, дүнгендер, қытайлар жөніндегі
этнографиялық мәліметтер мол. Сондықтан Ш.Уалихановтың этнографиялық
зерттеулері де осы халықтар мекен еткен жерлер болып табылады.
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны.

1.1. Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі.

Шоқан Уалиханов (дұрыс есімі – Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан – анасының
еркелеп қойған аты) 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған,
әкесі Шыңғыс Уалиханов атақты аға сұлтан (бүгінде алғашқы этногрофшы
ретінде де танылуда), арғы атасы орта жүздің ханы Абылай болған. Шоқанның
балалық шағы әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата мекені – Сырымбетте
өтеді. Бала Шоқанның сана сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле беруіне
әжесі айғаным үлкен әсер еткен.
Шоқан әуелі Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының
негіздерін меңгереді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Сонымен қатар
араб тілін кейіннен ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Шоқан осы уақытта халық
поэзиясына да құмартады. Ол Қозы көрпеш – Баян сұлу, Еркөкше халық
дастандарын жазып алады және шығыстың халық поэзиясына қызығушылық
танытқан. Н.М.Ядринцевтің айтуынша Шоқан ақын жанды ... алам еді. Оған араб
өлеңдері қатты ұнайтын және ол өзінің ұстазы Костылецкиймен бірге сол
өлеңдерге рахаттанып, мәз болып отыратын [25, 20 б] дейді.
1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет ұзақ
сапар шегіп, әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді, Мұнда Шыңғыс өз баласын
Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Осында Шоқан Уалиханов білім нәрімен
сусындалып ғана қоймай орыстың мәдениеті мен демократиялық көзқарастарымен
танысады. Ол Г.Н.Потанин, Н.Ф.Анненский, ұстаздары Н.Ф.Костылецкиймен
достық қатынастарын орнатады. Шоқан Уалиханов корпуста жүріп-ақ көп кітап
оқып үлгереді. С.Ф.Дуров, П.П.Семеов-Тяншанский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев
Уалихановтың көп білетіндігін, әсіресе шығыс әдебиетінен көп мағлұматы бар
екенін жоғары бағалаған.
Шоқан кадет корпусын 1853 жылы он сегіз жасында бітіріп, армиялық атты
әскердің корнеті деген офицерлік атақ алып шығады.
Ресми жағынан Сібірдің казак әскерінің алтыншы әскер полькінің офицері
болып тағайындалғанымен, шынында, Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының
жанында қалдырылады да, бір жыл өткеннен соң Батыс Сібір мен Қазақстанның
Солтүстік аудандарын басқарып отырған генерал Гасфорттың адьютанты болып
тағайындалады. Сонымен қатар өлкенің бас басқармасы бойынша Шоқан
Уалихановқа төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер қызметі де жүктеледі.
1854-1857 жылдары Шоқан Ұлы жүз қазақтарының және қырғыздардан бұғы,
сарыбағыш және солту руларының Россияға бейбіт жолмен қосылуы туралы
мәселені шешуге жігерлі түрде қатысады.
1855 жылы Шоқан генерал Гасфорттың сапарына қатысады. Орталық
Қазақстанды, Жетісуды және Тарбағатайды аралады. Оның маршруты Омбыдан
Семейге дейін, одан Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін болды. Ал
қайтар жолда Шоқан Алтын Емел жотасына дейін ғана Гасфортмен бірге болып,
осы жерден Жоңғар қақпасына дейін барады. Алакөл ауданы мен Тарбағатайға
сапар шекті, содан кейін Орталық Қазақсстанға беттеп Қарқаралы, Баянауыл
және Көкшетау арқылы жүрді, Күзде Омбыға оралды.
1856 жылдың басында Уалихановқа поручик шені берілді. 1856 жылы
Уалихановтың ғылыми еңбегінің дамып өркендей беруіне кең өріс ашылады. Ол
Коментовский деген білімді офицердің басшылығымен ұйымдастырылған үлкен
әскери-ғылыми экспедицияға қатысты. Экспедиция мақсаты қырғыз халқымен
танысу және Ыстықкөл алабын картаға түсіріп алу еді [25, 41 б].
1856 жылы күзінде Шоқан Семенов-Тяншанскиймен бірлесіп Құлжаға саяхат
жасайды. 1856 жылы тамыз айының бас кезінде Шоқан Уалиханов ресми түрде
Құлжа құлжа қаласына барады және жолшыбай Батыс Қытайдың бірнеше шекаралық
аудандарына соға түседі. [25, 49 б] Уалиханов Құлжа өлкесінде үш айдай
болып содан кейін күздің соңғы айларында Омбы қаласына қайтып оралады. 1857
жылы Шоқан Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегеді.
1858-1859 жылдары Шоқан өзін ержүрек саяхатшы даңқына бөлеген атақты
Қашқар саяхатына барып қайтады. Бұл кезде Қашқарға бару өте қауіпті еді,
Цин әулетінің феодалдық езуіне наразы болған жергілікті халықтардың
көтерілісі бүкіл Шығыс Түркістанға тегіс жайылған болатын. Әйтсе де ғылымға
мүлдем белгісіз болып отырған ертеде қалыптасқан мәдениеті бар Қашқариядай
бай елді зерттеудің маңызы өте зор еді. Шоқан Қашқарияға сапар шегетін
керуенге Қарамолада 1958 жылы 28 маусымда қосылады. Осылайша 1958 жылы
қыркүйек айында Қытай империясының шекарасынан өтеді. Ал Қашқарияда
Уалиханов жарты жылдай болады. “Ш.Уалиханов өзінің Қашқарияға деген
саяхатын он ай, он төрт күнде ойдағыдай аяқтап, 1859 жылдың он екінші
сәуірінде Верныйға (Алматыға) келеді. Он бір жарым ай дем алып, Омбыға
қайтады да, өзінің жинаған материалдарын өңдеуге кіріседі” [25, 69 б].
Жалпы Қашқар саяхаты Уалихановтың денсаулығына үлкен зиян келтіреді.
Қашқарияға сапарын Уалиханов Петербургке баяндамен алып барады. Уалиханов
Петербургте әртүрлі салада қызмет атқарады. Ол бірнеше мекемеде бас штабтың
әскери-ғылыми комитеті мен Азия департаментінде, Университет пен
географиялық қоғамда қызмет істейді. Бас штабтың ғылыми комитетінің
тапсыруы бойынша Орта Азия мен Шығыс Түркістан карталарын құрастырады.
Шоқанның редакциясымен “Балқаш көлі мен Алатау жоталарының аралығындағы
кеңістіктің картасы”, “Іле сыртындағы өлкенің батыс бөлімін барлау” (1856),
“Құлжа қапасының жоспары”, “Ыстықкөл экспедициясының нәтижелері туралы
есепті баяндамаға қажетті карта” (1856), “Қытай империясының Батыс
өлкесінің картасы” және басқалары жасалынды.
1861 жылдың көктемінде Шоқан Уалиханов қатты ауруға шалдығып,
Петербургтен еліне қайтады.
1864 жылы Шоқан Уалиханов генерал Черняевтің әскери экспедициясына
шақырылып, Әулиеата бекінісін, олардағы соғыс әрекеттеріне қатысады. Алайда
генерал Черняевтың әділетсіз істеріне Шоқан қатты наразы болады, тіпті,
жалғыз Шоқан емес, Россияның бүкіл алдыңғы қатарлы адамдары наразылық
білдіреді.
Шоқан Уалиханов Черняевпен келісе алмайды. 1864 жылдың июль айында ол
Черняевтың әрекеттеріне наразы болған бір топ офицерлермен бірге Верный
қаласына қайтады.
Содан соң Шоқан Верныйдан кетіп, албан руының аға сұлтаны Теректің
ауылына барады. Сонда тұры ол Терек сұлтанның қарындасына үйленеді.
Ауылда трған кезінде Шоқан Ұлы жүз қазақтарының тарихи аңыздарын
зерттеп, Батыс Қытайдағы дүнген көтерілісіне көңіл аударып, Петербургпен
және Батыс Сібір әкімшілігімен байланысып отырады [25, 88 б].
Бас штаб пенАзия департаменті Шоқан Уалихановты өмірінің ең соңғы
күніне дейін орнынан босатпай оны қызметте деп есептеді.
Уалиханов өзінің бірден бірге мендей түскен науқасынан айырыла алмайды.
1865 жылы, сәуір айында Шоқан Алтын Емел жотасының етегіндегі Көшен тоғаны
деген жерде, Тезек сұлтанның ауылында қайтыс болады. Осылайша қазақтың аса
көрнекті ғалымы және ағартушысы Шоқан Уалихановтан мол тарихи,
географиялық, этнографиялық, әдеби, мәдени мұа қалдырылды. Ол тым қысқа
өмірінің ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, географиясы
мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектері мен қоғамдық саяси
тақырыптағы толып жатқан шығармаларын да жазып үлгерді. Шоқан Уалиханов
терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы ғылымда да бірқатар
мәселелерді жаңаша көтере білген кемелді ірі ғалым еді. Шынында да Шоқан өз
тағдырын аз ғана жаспен өткізседағы осыған дейін зерттелмеген Орта Азия мен
Қазақстан жерлерін зерттеуге үлкен көңіл бөліп зор мұра мен ғылыми дүние
қалдыра алды. Осыған Шоқанды итермелеген оның зеректілігі, білімділігі және
таланттылығы десек те сонымен қатар Шоқанды зор ғылыми мұра қалдыруына
өскен ортасы, достары мен заман талабы да әсер етті. Осы кездегі алғашқы
этнографтардың қатарына Шоқанның әкесі Шыңғыс Уалиханұлында жатқызған
болатын.
1.2. Ш.Уалихановтың тарихи зерттеулері

Ш.Уалихановтың мол ғылыми мұрасының негізгі бөлігі халық ауыз
әдебиетіндегі туындыларға негізделген екенін байқауға болады. Шоқан
Уалихановтыңаңыз эпостарды жинап талдау жасауы, сол арқылы Орта Азия мен
Қазақстан халықтарының тарихын, тағдырының бұралаң жолдарын, шығу тегін,
қоныс өрісін өзге елдермен мәдени байланыс дәрежесін дүниетанымын наным
сенімін анықтамақ болып, қыруар жұмыс атқарғанын ғылыми ерлік деп айтуға
тұрарлық. Осындай жұмыстары арқылы Шоқан іргелес жатқан бауыр-туыс елдің
рухани әлемін сол кездегі зиял жұртшылыққа таныстырып, халықтар достығын
нығайтуға нақтылы қадам жасаумен қатар, тарих ғылымы нысанасы жетуге
тырысты.
Шоқан тарихи маңызы бар мақалаларындағы негізгі тақырып Абылай ханның
жүргізген саясаты мен қазақ және жоңғар қарым-қатынасы төңірегінен шығады.
Оның Абылай, Шуна - батыр, ХVІІІ ғасырдағы батырлар жөніндегі тарихи
мұра және тағыда басқа мақалалары қазақ-жоңғар қарым-қатынасында және
тарихтағы Абылай ханға деген көзқарастарда жаңа бетті ашқандай болды.
Жоғарыда аталғандай Шоқан өз шығармаларының көпшілігін ауыз әдебиетінің
туындыларына жүгінген әсіресе ақын және жыраулардың шығармаларына жүгінеді.
Ол өз еңбектерінде тарихты зерттеу жағынан халықтың поэзиялық рухы тамаша.
Себебі: біріншіден дала халқында тарих таңқаларлық есте сақтау қабілеті бар
импровизатор арқылы жетеді, екіншіден ақын жыраулар өз заманының жағдайын
толықтай суреттеуі, үшіншіден ауыз әдебиетіндегі поэмалар салт-санамен,
мақал-мәтелмен, құқықтық кодекстерімен бірегей болып табылады. Сондықтан ол
өткен кездегі халықтың тарихи және рухани дүниесін танытады және де бізге
көптеген тарихи қосымша мәліметтерді береді және олардың қайдан шықанын
түсіндіреді [27, 391 б] деп ауыз әдебиетін зерттеуге деген құлшынысын
түсіндіреді. Сонымен қатар Шоқан Уалиханов дерек ретінде орыс-жоңғар, және
Қытай қарым-қатынасына байланысты архивтік деректерді пайдалана білді.
Ш.Ш.Уалихановтың қазақ-жоңғар және Абылай хан мәселесіне көп еңбек
етті, алайда оның зерттеулеріндегі кейбір қорытындылар, көзқарастар мен
пікірлер қазіргі тарихта қолдау таппайды. Ол өз мақалаларында XVIII
ғасырдың ортасындағы жоңғар еліндегі жағдайды былайша суреттеуге тырысқан:
1745 жылы қырғыздар арасындағы үлкен болып саналған Қалдан Церен өледі,
және жоңғарияда біріншілік үшін талас тартыстар байқалады. Қалмақтық
Тайдзилер Абылайдан көмек іздеуге мәжбүр болды. Ал Абылай хан жоңағрларға
деген ескі кекшілдіктен бұл жағдайды пайдаланып жоңғарларды әлсіретуге
тырысып, талас тартысты бірде бірінші, бірде екінші жақты жақтап созуға
тырысты [27, 391 б].
Айта кететін жайт Абылай хан көрегенділік пен даналық таныта білген
сұлтан. Ол осы кездегі өзгерістерді түсіне білді. Оның көз алдында осыдан
аз ғана бұрын құдіретті мемлекет талқандалды және Абылай бұл оқиғадағы Цин
империясының ролін бағалай білген. Сондықтан оның түсінігінше жақын көрші
ретінде Циндіктерді көргенше, жоңғарларды таныған дұрысырақ болады, себебі
Циндіктер қазақ хандығы үшін үлкен қауіпті тудыратын еді. Ал жоңғарлар
үнемі жаугершілікте жүргендіктен онсызда әлсіреп қазақ хандығы үшін
ешқандай қауіпті тудырмайтын. Жоңғар қонтайшысы Әмірсанаға әскери көмек
бере отырып Абылай досына бірегей мемлекетті сақтауға жәрдемдесті. Бұл
тарихи тұжырым бүгінде көпшілік тарихшылар мен зерттеушілердің көңілінен
шығады. Неліктен Ш.Уалихановта осындай тұжырымға келмейді деген сұраққа
келсек Шоқан жыраулардың деректері мен орыс архивтерінің деректеріне
сүйенді, сондықтан өзіндік заманына да сай тұжырымдарға, зерттеулеріндегі
нәтижелерге келіп отырды.
Жалпы Шоқан Уалихановтың тарихи зерттеулердегі тереңдік пен кеңдіктің
нағыз белгілері айқын көрінетін екі тақырыптың бағытында жұмыс жүргізгені
мәлім, яғни жоғарыда аталған Абылай мен қазақ-жоңғар қатынастарына аса көп
назар аударады. Шынында да бүгінде бұл екі тақырып айналасында бірқатар
көзқарастар деректермен ашылмаған істер де бар. Міне осындай өзіндік
тұжырымдарын алғашқылардың бірі болып Шоқан Уалиханов салған.
Шоқан Уалиханов сонымен қатар Қазақстан мен Орта Азия халықтарының
тарихында зерттеуге аса назарлықпен қарағаны белгілі. Ең бастысы Шоқан
Уалиханов қырғыз халқы жөніндегі зерттеулер жүргізе отырып халықтың шығуын
тарихи оқиғаларын дерек көзі ретінде ауыз әдебиетін пайдалана отырып
зерттейді. Сонымен қатар өз зерттеулерінде “Қытай шежірелері мен Абылғазы
еңбектерінен біз қырғыз халқы жайлы деректер таптық ...” [25, 128 б] деп
атайды. Осылайша Шоқан қырғыз халқын зерттеуде Қытай шежірелері мен
Абылғазы шежіресі және Риттердің “Erdkunde von Asien” деген еңбегінде дерек
ретінде пайдаланады.
Жалпы Шоқан Уалихановтың еңбектерінде қырғыздар, хакастар, ұйғырлар,
дүнгендер, қарақалпақтар және жекелеген тайпалардың шығу тегі соми тарихы
егжей-тегжей қарастырылған. Сондықтан Шоқан Уалихановты тек қазақ халқының
зерттеушісі ретінде қарастырмай Орта Азия халықтарының ғалымы ретінде
көрсету белгіленуде. Шынында да Шоқанның Орта Азия халықтарының тарихын
зерттеуде еңбегі мол. Алайда мұндай еңбектің құны ауыр-ақ болды. Мұнда айта
кететін жайт Шоқанның еңбектері, мақалалары, құнды зерттеулері Ресейдің
Орта Азияны басып алудағы танып білуіне көмекші құрал болғанын ескермей
кетуге болмайды.
Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері.

2.1. Ш.Уалихановтың Жетісу өңірі мен Қырғыз халықтарын зерттеуі.

Ш.Уалиханов еңбектерінен өз маңызын әлі жоғалтпаған өзіндік және жан-
жақты терең ойлар мен идеяларды, қорытындыларды, қызғылықты гипотезалар мен
фактілік мәліметтерді кездестіреміз. Ғалымның танымының кеңдігі,
білімдарлығы, өзекті және өте күрделі де өте қиын проблемаларды зерттеу
шеберлігі, Шығыс халықттарының өмірі мен мәдениетін, олардың тағдырына
алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің рөлі мен маңызын терең түсіну оқырманды
таң қалдырады.
Шоқан қазақ халқының ежелгі тарихын зерттеуде археологиялық және
архитектуралық ескерткіштерді маңызды дерек деп есептейді. Оның ойынша,
көшпенділер қаланың қираған орны, қоныс қалдықтары сияқты материялдық
мәдениеттің елеулі қалдықтарын қалдыра алмайды. Алайда Қазақ даласында,
деді ол, зерттеушілердің назарын аударатын әр түрлі қабыр үстіндегі
ескерткіштер, қорғандар, мавзолейлер, діни ескерткіштер көп кездеседі,
өйткені қазба кезінде табылған заттар ежелгі халықгардың салт-дәстүрін,
әдет-ғұрпын, діни нанымдарын, кәсібін, материалдық мәдениет деңгейін
сипаттайды.
Төңкеріске дейінгі тарихнамада қазақтардың шығу тегі туралы көптеген
құнды бақылаулар кездеседі. Мәселен, Шоқан еңбектерінде аса қызғылықты
антропологиялық бақылаулар берілген. Бұл мәселені шешуді ол туған халқының
тарихы мен этнографиясын зерттеу қызметінің негізгі міндеті деп есептеді.
Оның “Жоңғар очерктері”, “Қырғыздар туралы жазбалар”, “Қырғыздар шежіресі”
және тағы да басқа еңбектерінде қазақтардың физикалық кейпі туралы
“түріктер мен маңғолдардың араласуы нәтижесінде қалыптасты, бірақ маңғол
тамыры едәуір басым болған” [27, 210 б] дейді. Сонымен қатар оның
дәлелдеуінше “бұл халық XIV ғасырдан бұрын қалыптасқан жоқ”. [27, 130 б].
Қазақтардың этникалық бірлігінің мұндай хронологиясы Қазақстанның ежелгі
тарихы бойынша қазіргі кездегі ғалымдардың мәліметтерімен сәйкес келеді.
Ш.Уәлиханов А.Левшин мен А.Вамбери қолдаған қазақ халқы маңғолдар дәуіріне
дейін құрылды деген ғылыми болжамды үзілді-кесілді жоққа шығарады. Бұл
оқиғаны ол XIV ғасырдың екінші жартысында түркі-маңғол ордаларының ыдырап,
Қазақ Ордасының құрылуымен байланыстырады. Бірақ мемлекеттілік халықтың
міндетті белгісі болып табылмайды. Қазақ даласындағы халықтың құрылуы
феодалдық құрылыстың қалыптасуы мен байланысты. Қазақ хандығының құрылуын
XV ғасырмен XVI ғасыр басындағы қазақ халқының ауыртпалықсыз қалыптасуын
қамтамасыз еткен қолайлы жағдай ретінде қарастырған дұрысырақ.
Ш.Уәлиханов қазақ халқы құрылғаннан кейін де оның құрамына жекеклеген
ру-тайпалық құрылымдардың кіргенін түсінді. Қазақ халқының ру-тайпалық
құрылымын, жекелеген тайпалар мен рулардың шығу тегін, олардың жерге
қоныстануын зерттей отырып, бұл халықтың негізін Кіші жүзге кірген тайпалар
құрды деген қорытындыға келеді [27,207-208 б]. XIV ғасырдың екінші жартысы
мен XV ғасырда қазақтарға Ұлы және Кіші жүз тайпалары қосылады. Бұдан
кейінгі дәуірде басқада тайпалардың, мысалы ноғайлардың қосылуы байқалады.
Бірақ бөлініп кеткендер де болған.
Уәлихановтың еңбектерінде қазақ халқын құраған әр түрлі ру-тайпалық
топтардың тарихы бойынша көптеген құнды мәліметтер келтірілген.
Шоқан этногенетикалық мәселелерде, ең алдымен, шындыққа сәйкес келетін
және жан-жақты деректерді пайдаланып, шектес ғылымдардың ғылыми
қорытындыларына сүйене отырып шешу қажеттігін жақсы түсінген. Оның
алдындағы әріптестері жазба деректерге баса назар аударған болса, ол жазба
деректермен қатар қазақ тарихнамасында алғашқылардың бірі болып қазақ
халқының, оның этникалық территориясының, шаруашылығының, тілі мен
мәдениетінің қалыптасуын зерттеуге таптырмайтын дерек ретінде этнография
мен фольклор мәліметтерін, қазақ аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдерін жоғары
бағалайды. Этнографиялық және фольклор деректерінің ежелгі тарихты
зерттеудегі маңызы туралы ғалымның ойлары оның “Жоңғар очерктері”,
“Оңтүстік сібір тайпалары туралы”, “Қырғыз шежіресі” деп аталатын еңбектері
мен мақалаларында анық баяндалған.
Ш.Уалиханов Ұлы жүзді зерттеуге елеулі үлес қосқан. XIX ғасырдың
ортасына дейін ғылымда Ұлы жүз бен қырғыздардың этникалық тобы қазақтардан
ерекше халық құрады деген қате пікір үстемдік еткен болатын. Шоқан қазақтар
мен қырғыздар арасындағы этникалық және антропологиялық айырмашылықтарға
қатысты дәлелді фактілерді келтірген төңкеріске дейінгі Қазақстан
зерттеушілерінің бірі. Бұл, ең алдымен, XIX ғасырдың ортасында аталған
халықтар туралы теріс түсініктер болуына байланысты айтылды. “Мен осынау
мүлде өзгеше екі халықты шатастырмауды атап көрсетуді қажет деп есептеймін”-
деп жазған Ш.Уәлиханов [27,401б]. Ол осы халықгардың айырмашылығын
материалдық және рухани мәдениет саласында ғана емес, олардың физикалық
келбеті саласында да көрсетуге тырысады. Шоқан өзінің көркем суреттерінде
Омбының жекелеген қазақтардың және Ыстықкөл қырғыздарының бейнелерін қатар
салып, арнайы антропологиялық салыстырулар жүргізеді. “Бұл екі халық,,-деп
жазды сосын ол,- тілі, шығу тегі, салт-дәстүрі бойынша ерекшеленеді. Тіпті
буруттардың бет әлпетінде қайсақтарға жат өзгешеліктері бар”. [27, 402б].
Ғалым олардың суреттерін сала отырып өзіндік физикалық ерекшеліктерін
көрсетеді. Өз сюжеттерінде, суреттері мен картиналарында жоғары қабақтың
ашық қыртысын беттегі үшінші түкті жабындымен шебер үйлестіреді. “Сартай
әулетінен шыққан Сарбағыш”, “Боранбай” және тағы да басқа этюттерінде ол
сирек сақалмен үйлестіре отырып, өзіндік физикалық қасиеттерін ғана емес,
нәсіл түрінің бірқатар антропологиялық ерекшелігінің негізін құрайды.
Сондықтан Ш.Шыңғысұлының “Үлкен, Орта және Кіші қырғыз—қайсақ ордалары
қырғыздардан ерекшеленетін қазақ деген халықты құрайды...” деп атап тұрып
көрсетеді [27, 401 б] Тұтастай алғанда халықтардың Шоқан дәл байқаған
нәсілдік айырмашылықтары тек қазіргі кездегі антропологиялық материалдарда
жан-жақты дәлелденді. Шынымен-ақ қазақтар мен қырғыздардың қазіргі кездегі
антропологиялық сипаттамаларында олар оңтүстік нәсілінің әртүрлі
нұсқаларына жатады. Олар арнайы әдебиетте Казақстандық және Тянь-Шань
маңайындағылар деп аталады. Олардың негізгі антропологиялық ерекшеліктері
мынау: қазақтармен салыстырғанда қырғыздарда денедегі үшінші түкті
жабындының сиректігі, эпикантустың болуы, беттің тығыздығының жоғары
деңгейі, бас сүйектегі мұрынның шығыңқы орналаспауы, жоғарғы тістерінің
күрек тәрізділігі мен азу тістеріндегі метаконойдтың буын-буын
қыртыстарының жиілігі және монголоидты сипаттың басқа да дерматоглифті,
серологиялық комплекстерінің болуы. Тұтас алғанда кеңес антропологтарының
еңбектерінде қазақтар мен қырғыздар арасындағы антропологиялық ерекшеліктер
Ш. Уалиханов жүз жыл бұрын көрсеткен белгілермен шамалас беріледі.
Ш.Шыңғысұлы қазақ халқының тарихы мен этнографиясы бойынша өзіне дейін
белгісіз болып келген жазба деректерді іздеп тауып, зерттеді. Атап айтқанда
орыс деректерін зерттеді, оларды өз еңбектерінде кеңінен пайдаланды. Ал
шығыс деректерін зерттеуге Уалиханов 1853—1856 жылдары бет бұрды. Осы
жылдары ол Профессор И.Н.Березинге хат және оның Алтын Орда мен Қырым
хандарының тархандық атақтарына арналған Хандық атақтар кітабына
естеліктер жазған.
XIX ғасырдың ортасында тархандық атақтарды көптеген орыс ғалымдары
зерттеген. Соның бірі — белгілі шығыстанушы И.Н.Березинге хат және оның
еңбектеріне рецензия жазады. Алайда бұл еңбектер жарыққа шыкқан жоқ, ал
тархан атақтары бұдан кейін арнайы зерттелмеді. Тек А.Н.Самойлов
қана И.Н.Березиннің жұмысына бірнеше түзетулер енгізді.
Уалиханов шығармаларының бірінші томында жарияланған тархан атақтары
туралы еңбектері бұл тарихи құжаттарға ғалымдардың назарын қайта аударды
және Алтын Орданың әлеуметтік-эканомикалық тарихын зерттеуде маңызды рөл
атқарды. Қазақ ғалымы тархан мәтіндерін қазақ халқының этногенезі
тұрғысынан зеттеді.
Уалихановқа белгілі көптеген шығыс қолжазбалары арасынан ол Рашид-ад-
диннің "Джами-ат-тауарих" , Мұхаммед Хайдардың "Тарих-и-Рашиди" және
Қадырғали Қасымұлы Жалайыридың "Джами-ат-тауарих" ("Жылнамалар жинағы")
еңбектеріне назар аударады.
Рашид-ад-диннің шығармалары Уалихановқа француз шығыстанушысы С.
Д.Оссонның, Қазан университетінің профессоры Ф.И.Эрдманның, Қадырғали
Жалайыридың және М.Картмердің де еңбектерінен белгілі болған. Бірақ ол бұл
шығармамен 1860 жылы Петерборға келгеннен соң И.Н.Березиннің аудармасы
қолына тигеннен кейін ғана жақын танысады. Бұл басылымды зерттей отырып, ол
И.Н.Березиннің аудармасы мен түсініктеріне баға беруді, шығарманы
конспектілеп, оның мәліметтерін содан кейін барып қана қазақ халқының
этногенезін зерттеуге пайдалануды бірінші мақсат етіп қояды.
Сөйтіп еңбекті конспектілейді және басып шығарушының атына бірнеше сыни
ескертпелер жасайды. [27, 138-139 б]. Ол қытай деректерімен салыстырғанда
құнды тарихи — этнографиялық мәліметтер бар деп Рашид-ад-дин шығармасын
жоғары бағалайды.
Мұхаммед Хайдардың қолжазбаларымен де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов және қазақ тарихы
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Шоқан Уәлиханов Шығарма
Шоқанның жеке және қызметтік хаттары
Шоқан Уәлиханұлы
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың қазақ тарихын зерттеудегі зор мұрасының бүгінгі күндегі маңыздылығы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964)
Көнеден жаңаға бет алған образ
Пәндер