Инвестициялар және олардың экономикадағы маңызы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Елдің тұрақтылығын және экономикалық өсуің анықтайтын басты фактор жоғары инвестициялық белсенділік болып табылады.

Қазақстанда жүзеге асырылатын экономикалық реформалар халық шарушылығының негізгі звеносы - кәсіпорынның құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның шаруашылық айналым жүйесіндегі мәртебесін өзгертті. Кезінде мемлекеттік меншікке негізделген экономиканың барлық салаларыңда әрекет еткен кәсіпорындардың орнына жеке, аралас, акционерлік меншікке негізделген миллиондаған кәсіпорындар пайда болып және осы күнге дейін әрекет етуде. Осының барлық басқару механизмінің өзгеруіне және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін инвестициялық қызметті ұйымдастыру, кәсіпорының бәсеке қабілеттілігінің артуына және тұтас алғанда елдің экономикасына ықпалын тигізді.

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарының дамуымен қатар кәсіпорындардың шаруашылық қызметіннің тәжірибесінде қаржылық инвестициялар кең тарады.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі оның шаруашылық қызметінің ажырамас, маңызды бөлігі. Кәсіпорын экономикасында инвестициялар баға жетпес орын алады. Қазіргі заманғы өндіріске сай тұрақты өсіп отыратын капитал сиымдылығы мен ұзақ мерзімді факторларының үнемі артуы тән. Кәсіпорын табысты жұмыс істеу үшін, өнімнің сапасын арттыру үшін шығындарды төмендетіп, өз өнімінің бәсеке қабілеттілігін арттырып, нарықтағы өз беделін күшейту үшін өндіріске капитал жұмсауы қажет.

Инвестициялардың барлық типтері кәсіпорынның өміршеңдігін сақтау және дамуы үшін маңызды мәнге ие.

Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Шетел инвестицияларды тартудың маңызды принципі олардың елде өткізілетін құрылымлық және инвестициялық саясатына сәйкес маңызды салаларға бағытталуын білдіреді.

Бірінші жағдайда инвестор өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады.

Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд (пайда) алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Ақша қаражаттарының жаңа өндірістер құруға жұмсалымын өзінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін қаржы қаражатты тарту мақсатында акциялар шығарған басқа кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге асырады.

Сонымен қатар инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен гранқа арналған инвестициялардан басқа инвестиция түрлері.

Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Мысалы, инвестор әртүрлі фирмалармен шығарылған бағалы қағаздаржың диверсификацияланған жиынтығы болып табылатын өзара қорының заимный фонд) акциясын сатып ала алады. Бұдан кейін инвестор бөлек алынған компанияның активтерінің талаптарына емес, бағалы қағаздар қоржынындағы үлесіне ие болады.

Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар - инвесторлар, сонымен қатар басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, шетел мемлекеттері және халықаралық ұйымдар.

Инвестициялық қызметтің объектілері жеке, мемлекеттік, жергілікті меншік формасындағы қайта құрылатын қорлар және ұлттық шаруашылық сферасындағы және барлық салаларындағы айналым қорлары, бағалы қағаздар, мақсатты ақшалай салымдар, меншіктің басқа да объектілері болып табылады.

Кәсіпорындағы инвестицияларды қаржыландырудың ірі қайнар көзі амортизациялық аударымдар болып саналады. Кәсіпорындағы құндық тозудың қорлануы жүйелі болады, ал бұл уақыыта негігі өндірістік қорлар өндірістің әр циклі сайын натуралды формада қайтарылуын талап етпейді.

1. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАЗМҰНЫ

1. 1 Инвестиция мәні, түсінігі.

Инвестициялар - бұл капиталды сақтау және арттыру мақсатында оның экономиканың әртүрлі салаларына ұзақмерзімді салымдары.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда(табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі эконоикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы

Жалпы түрде инвестициялар ақша қаражаттары, банктік салымдар, үлес (пай), акциялар және тағы басқа да бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал - жабдықтар, ллицензиялар, соның ішінде тауар белгілеріне берілетін лицензиялар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар, интеллектуалды құқықтар ретінде анықталады.

Қаржылық жағынан түсінігі бойынша инвестициялар - бұл табыс (пайда) алу мақсатында шаруашылық қызметке активтердің (қаражаттардың) барлық түрлері.

Сөйтіп, инвестициялар - бұл шығындау (жұмсау) арқасында белгілі нәтижеге қол жеткізуге болатын ресурс.

Инвестициялар нақты және қаржылық инвестициялар болып бөлінеді. Нақты инвестициялар-капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, жаңа кәсіпорындар құру, әрекет етіп тұрған кәсіпорындарды қайта қаруландыруға, қайта құруға жұмсалымы.

Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банктердің инвестициялық қоржында жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвесторларға және қайталама өтімді резевтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестициялардың басқа формасы жер учаскелерін, мүліктік құқықтарды (ақшалай эквивалентпен бағалатын), өндіріс меншігінің құқықтарына лицензияларды, өндіріс құпияларын (ноу-хау), жаңа технологияларға куәліктер, өндірістік үлгілерді, таурлық маркаларды, фирмалық атауларды, өндіріс технологиясы мен өнім сертификаттарын, жерді пайдалану құқығын сатып алу болып табылады.

Әрбір кәсіпорының (фирманың) қызметінің бір бөлігі инвестиялық операциялар болып табылады, яғни бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни бір жылдан асатын кезеніңде фирманың табысқа жетуін қамтамасыз ететін жобаларды іске асырудағы ақша қаражаттарын жұмсаумен байланысты операциялар.

Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың келесі түрлері бар:

  • Табиғи активтерге инвестициялар;
  • Ақша активтеріне инвестициялар;
  • Материалдық емес активтерге инвестиялар.

Табиғи активтерге өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар, өндіріс процесінде қолданылытын немесе жойылу қасиеті бар кез келген мүлік жатады.

Ақша активтеріне басқа да және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Бұл банктегі депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар, кепшіліктер.

Материалдық емес активтерге фирманың персоналын жеке оқыту немесе біліктілігін жоғарылату мақсатында арнайы бағдарламалар өткізу, таурлық белгілерді жетілдіру, тапқыштық патенттер және лицензиялар алу, сонымен қатар жерді пайдалану құқығын сатып алу нәтижесінде пайда болатын құндылықтар жатады.

Инвестициялардың осындай сыныптамасын енгізуді талап ететін себебі олармен байланысты тәуекелдің әртүрлі деңгейінде.

  1. Тип: өндірісті кеңейтуге жұмсалатын инвестициялар
  2. Тип: жаңа өндірісті құруға жұмсалатын инвестициялар
  3. Тип: Мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандыратын инвестициялар
  4. Тип: тиімділікті жоғарылатуға жұмсалатын инвестициялар

Инвестициялар толық ғылыми-техникалық және өндірістік циклмен қатар оның элементтерін: ғылыми зерттеулері, жобалық - конструкторлық жұмыстар, өндірісті кеңейту және қайта құру, жаңа өндірісті ұйымдастыру немесе жаңа өнімді шығару, тағы сол сияқты жұмыстарды инвестициялауға болады.

Инвестициялардың объектілерін келесі белгілері бойынша ажыратады:

  • жобаның масштабы (шағын және мегажобалар) ;
  • жобалардың бағыты (коммерциялық, әлеуметтік, мемлекеттік мүдделермен байланысты және тағы басқалар) ;
  • инвестициялық циклдің сипаты және мазмұны (өміршеңдік циклінің барлық кезеңдері немесе тек қана жеке бір кезеңі) ;
  • мемлекет қатысуының сипаты мен дәрежесі (мемлекеттік капитал салымдары, акциялар пакеті, салықтық жеңілдіктер, кепілдіктер мен басқа формалары) .

Өзінің өндірістік - экономикалық беделін сақтау және дамыту кәсіпорынның шаруашылық қызметінің маңызды жағы болып табылады.

Инвестициялық қызмет - инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет болып табылады. [5; 1]

Инвестициялық қызметтің субъектілері инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар (банктік, сақтандыру және делдалдық ұйымдар, инвестициялық қорлар) және инвестициялық процесінің басқа да қатысушылары болып саналады.

Инвесторлар - жеке, қарыз және тартылған қаражаттарды инвестициялар формасындағы салымдарды жүзеге асыратын және олардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ететін инвестициялық қызметтің субъектілері. Инвесторлар ретінде:

- өзара біріккен қызметіеің келісімшарт негізінде құрылатын жеке және заңды тұлғлар;

- мемлекттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары;

- кәсіпкерлік қызметтің шетел субъектілері (шетел инвесторлары) саналады.

1. 2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың құрылымы

Қазақстан Республикасындағы әрекет ететін заңнамаға сәйкес инвестициялық қызметтің келесі негізгі қаржыландыру көздері бар:

  • меншікті қаржылық ресурстар және ішкі шаруашылық резервтер;
  • азаматтардың, еңбек ұжымдар мүшелерінің үлестері, сатылған акциялар, тартылған қаражаттар;
  • заңды тұлғалар;
  • белгілі тәртіптегі кәсіпорын одақтарының орталықтандырылған ақша қаражаттары;
  • республикалық бюджет қаражаттары.

Кәсіпорынның меншікті қаржылық ресурстарына шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен капитал салымдарын қаржыландыруға бағытталған құрылтайшылардың жарғылық салымдары мен қорлары жатады.

Кәсіпорын иеленушілерінің үлестерінің ақшалай бөлігі ең алдымен негізгі қорлардың сатып алуына жұмсалады. Кейіннен бұл мақсатқа шаруашылық қызметінің нәтижесінде қалыптасқан қоры қолданады. Ең алдымен бұл қорларға өнімді өткізуден түскен табыстың құрамына кіретін амортизациялық аударымдар және пайда.

Кәсіпорындардағы инвестицияларды қаржыландырудың ірі қайнар көзі амортизациялық аударымдар болып саналады. Кәсіпорындағы құндық тозудың қорлануы жүйелі болады, ал бұл уақытта негізгі өндірістік қорлар өндірістің әр циклі сайын натуралды формада қайтарылуын талап етпейді.

Нәтижесінде кәсіпорынның негізгі капиталын кеңейту үшін бағытталуы мүмкін еркін ақша қаражаттары (амортизациялық аударымдарды өндіріс шығындарына қосу арқылы) қалыптасады. Сонымен қатар жыл сайын тағайындалған нормалар бойынша (баланстық құнынан %) амортизация есептелетін жаңа объктілер іске қосылады. Бірақ мұндай объектілер нормативті қызмет ету мерзімінің аяқталуына дейін орын толтыруды талап етпейді.

Пайда - қосымша өнімнің құнын бейнелейтін кәсіпорынның таза табысының негізгі формасы. Оның мөлшері өткізілген өнім, жұмыс немесе қызмет бағасы мен оның толық өзіндік құны арасындағы айырмашылықты құрайтын ақшалай табысының бір бөлігі ретінде көрсетіледі. Пайда кәсіпорынның коммерциялық қызметінің жалпылама көрсеткішіболып табылады. Салықтарды және тағы басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорын қарамағында (бюджетінде) таза табыс қалады. Оның бір бөлігін өндірістік және әлеуметтік сипаттағы капитал салымдарын бағыттауға болады. Капиталдың бұл бөлігі кәсіпорында қалыптасатын жинақтау қоры немесе басқа қорларының құрамындағы инвестицияларға қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, кәсіпорындар капитал салымдарына сақтандыру органдарының табиғи апаттар, түрлі авариялардан жоғалтулардың залалын өтеу түріндегі қаражаттарды қолданыла алады.

Қарыз қаражаттары несиелер (банктердің, басқа қаржылық институттардың) есебінен қалыптасады. Несие - қайтарылу мен өтеу шартында ақша қозғалысы себебінен пайда болатын қарыз беруші мен кредитор арасындағы экономикалық қатынас. Несиелік реттеудің маңызды элементі қарыз проценті болып табылады. Қазіргі уақытта инвесторлар тездетіп нәтиже пайда немесе табыс алу формасында беретін несиені кәсіперлік қызметтің сфераларына тартады.

Заңды және жеке тұлғалардың капитал салымдарын банктік несиелендірудің объектілері келесі шығындар бола алады:

  • өндірістік және өндірістік емес тағайындау объектілерінің құрылысы, кеңеюі, қайта құрылуы мен техникалық қайта қаруландырылуы;
  • жылжымалы және жылжымайтын мүлікті машиналар, құрал жабдықтар, транспорт құралдары сатып алу;
  • ғимараттар мен құрылымдар;
  • ғылыми техникалық өнімді, интеллектуалды құндылықтар және меншіктің басқа объектілерін шығару бойынша біріккен кәсіпорындардың қалыптасуы;
  • қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру.

Заңды және жеке тұлғалардың несие қатынастарының негізі несие келісімшарты болып табылады. Бұл құжатта келесі талаптар қарастырылады: берілетін несиелердің көлемі, қолдану, төлеу реті мен мерзімі, проценттік ставкалар және несие үшін басқа да төлемдер, міндеттерді қамтасыз ету формалары кепіл шарты, сақтандыру шарты

Банкке ұсынылатын құжаттар тізімі. Ұзақ мерзімді несиені төлеудің нақты мерзімдері және кезенділігі банктің қарыз алушының келісімі бойынша, шығындардың өтелуі, қарыз алушының қаржылық жағдайы мен төлемқабілеттілігі, несие тәуекелі, несие ресурстарының өтімділігінің жылдамдату қажеттілігін ескере отырып тағайындалады. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық техникасының лизинг нарығы да даму үстінде, мәселен, американдық фирмалармен комбайндармен жабдықтау туралы келісімге қол жетті. Өңдейтін және өңдеуші өндіріс үшін лизинг бойынша қызмет көрсететін аймақтық компания ретінде 1995 жылы «Азиялизинг» компаниясы тіркелді.

Қазақстанда лизингтік бизнестің дамуына келесі алғышарттар бар:

  1. Лизинг берушілер ретінде лизингтік фирмалар мен банктер емес, машиналар мен жабдықтарды өздері өндіретін кәсіпорындар. Лизингтің осындай формасы Ресей, Украина, Өзбекстан және Балтық машинақұрылысының кәсіпорындарымен кең қолданыс таба алады.
  2. Батыс Еуропа, АҚШ және Жапонияның өндіруші кәсіпорындары;
  3. Лизинг нарығының конверсия барысында өндірістік қажеттіліктерге қайта негізделген техника, жабдықтар және транспорт құралдары сияқты объектілері қызықтырады;

Біздің Республикамыздағы лизинг мәселелерінің неғұрлым кездейсоқ объектілері:

  1. Жеңіл өнеркәсіп үшін;
  2. Болат өндіру және оны прокаттау, қара және түсті металлургияның басқа қажеттіліктері үшін;
  3. Ауылшаруашылығының өнімін өндеу үшін;
  4. Дәрі - дәрмектер өнімдері үшін машиналар мен жабдықтар болып табилады.

1. 3 Шетел инвестицияларының тәжірибесі, мәні

Қазақстандағы қазіргі нарықтық экономика, халықаралық интеграциялық процестер, сонымен қатар ҒТП әлемдегі экономикақ қатынастарға қатысушыдардың қызметіне, әсіресе инвестициялық қызметінеде әлемдік нарықтағы бәсекеқабілетілігін арттыруғы мүмкіндік беретін инвестициялардың қызметіне жаңа талапкер қояды.

Республика экономикасына шетел капиталын тарту тікелей шетел инвестициялары (ТШИ) ; инвестицияларық жобаларға және тауарлық сатып алушыларға, дамуға ресми көмек түрінде жүзеге асады.

Ресми көмек респудликаға техникалық және қаржылық түрінде беріледі. Тікелей шетел инвестициялары (ТШИ) мемлекеттің инвестиция блогының маңызды құраушысы ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Тікелей шетел инвестициялары-бір елдің басқа елдің экономикалық секторына капитал жұмсалымын бейнелейтін халқаралық инвестициялық қызметің категориясы.

Қазақстан шетел инвесторлары үшін ең алдымен табиғи ресурстардың бай қорлары есебін тартымды болып табылады. Тәуелсіздік алған кезінен бастап Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялардың қөлемі жылына орташа 1-1, 5 млрд. АҚШ доллар ($) (ТМД елдерінің ішінде Ресейден екінші орын) құраған. 2003 жалдың соныңда Қазақстан экономикасына жинақталған инвестициялардың көлемі 23 млрд. $ -тікелей шетел инвесторлары. Елдің экономикасына түскен ТШИ жиынтық көлемінің 75-80 % мұнай - газ секторына бағытылып, республиканың көптеген әлеуметтік және қаржылық проблемаларын шешеуге ықпал етті. Мұндағы ағынның 60% ғана шикізаттық салаларға келді (мұнай мен газді өндеу -46%, металл рудаларын өндеу 14% )

Республикадығы ТШИ көлемі үнемі өсіп отыруда 2003 жалы олрдың жылдық ағыны 4595, 7 млн. $ ал нетто-ағыны 20188 млрд. $құрыды. 1993-2003 жж. ТШИ динамикасына көніл бөлсек, олардың көлемінің өсу тенденциясын байқауға болады.

Соңғы кезде ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшысында айналды. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық денгейдегі кредит рейтингі берілген.

Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғарыкөрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай -газ саласындағы ресурстарды игеруінде жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы қаражаттарының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасынан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батысың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретінде Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы тусінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы «Шеврон» корпорациясының келуі және онымен біргей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа ТҰК үшін өзіндік белгі болды. Инвесторлардың мұнай-ғаз саласына қатысты нормалар мен ережелердің аңықталмаландығына қарамастан, шетел компанияларымен көптеген келісімшарттарға қол қойылды. Шетелдердің Қазақстандағы жекешелендірілген фирмаларды сатып алуы ТШИ тартудың тәсілі болды.

Қазақстанда жасалған осындай келісімшарттардың екеуі 1987-1999 жж. Аралығында шетел фирмалары қатысқан 50 ірі жекешендіру бойынша мәмілелердің ішінде 33 және 44 орында ие болды. Бұл 1996 жылы «Мобил» (АҚШ) корпорациясының 1, 1 млрд. $ « теңіз шевройл» компаниясын және 1997 жылы «Дэу» (Корея) корпорациясының 1, 4 млрд. $ «Казтелеком» компаниясын сатып алуы.

ТШИ тартудың ең тиімді формаларының бірі-біріккен кәсіпорындар, атап айтқанда тарнсұлттық корпорациялар (ТҮҚ) атауға болады.

1996 жылы республикада 995 біріккен кәсіпорындар шетелдермен бірігіп жұмыс жасаса, 2003 жылы басына қарай Қазақстан территориясында шетел компаниялардың қатысуымен 5300 біріккен кәсіпорындар қызмет етті. Ең белсенді серіктес елдер АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Швейцария, Қытай, Ресей, Түркия, Иран, Италия, Нидерланды елдері.

АҚШ Қазақстан экономикасын инвестициялаудың жиынтық көлемі бойынша бірінші орында. 2002 жылы АҚШ 24, 7 млрд. $ Ұлыбритания -15, 3; Швейцария - 12, 8; Италия - 11, 5; Нидерланды - 9, 3; Ресей - 5, 3; Канада-4 млрд. $ инвестиция құйды. 1993-2003 жылдардың аралығында АҚШ Қазақстанға 6629 млрд. $ инвестицияларды.

Инвестициялық саясат экономикалық стратегиясының басты элеметті бола отырып оның мақсаттарымен, міндеттерімен сипаталады.

Қазақстандағы ТШИ көбінесе шикізат, әсіресе мұнай бағытына ие болғандықтан, шетел инвестицияларын тарту мындай мақсаттарға жетудің негізгі шрты:

  • мұнай саласын кері жабдықтаудың базасымен камту, оны өндеу мен өндіруді алдынғы қатарды технологияларға көшіру;
  • мұнай-газ кешенінің мекемелерінің өндірістік және әуеметтік инфрақұрылымын дамыту жобалалрының іске асуы;
  • мұнай және мұнай өнімдердін экспорттаудан валюталық түсімдерінің дамуын камтымасыз ету.

Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында «Эксон мобил», «Шелл», «Эни», «шеврон тексако», «Тоталь», «Бритиш перолеум», «Лукойл», Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың қазақстандық рынокта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.

Мұнай газ құрылыс саласының дамуы ең алдымен Қазақстандағы ірі Теңгіз және Қарашығанық газ конденсатының туындыларын игерумен байланысты.

Жаңа зауыты салу болды. Берілген іске қосуда «Brchtel Enka» кәсіпорыны бірікті. Бұл жобағам «Train 5» («пятая нитка») деген атау берілд.

Соңғы 30 жылда қоры 10 милиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орның ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланғанқорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты.

Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік нарықтарға тасымалдау үшін инфрақұрылымын жасаудың манызы бұдан кем емес болатын. Кеңестік кезенде ішкі рыноққа бағдарланған Қазақстаннаң мұндай тұрба құбырлары жоқ еді. Тәуелсіздік жылдарындағы тұнғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий тұрба құбыры консорциумы болды. КТК-ның іске қосылуымен біз тасымал маршруттарын белсенді ету жөнінде дәйекті саясатты жүзеге асыра бастадық. Өткен жыл Каспий бойынша келіссөз процесінде сірескен сеңді бұзып өткен жыл болды. Ресеймен әріптестік қазір қайрандағы бірлескен ірі жобаларда нақты жүзеге асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба құбырының құрылысы басталды.

Біздің еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай факторының рөлін бағаламау мүмкін емес. Шынында да, 1985 жылмен салыстырғанда бүкіл әлемде көмірсутегі шикізатын өндіру 1, 3еседен кем болып отырғанда, біз өндіру көлемін 225, 4 пайызға ұлғайта алдық, ал Ресей сексенінші жылдар кезеңіндегі деңгейді енді ғана қалпына келтіре бастады.

Шынында да, мұнайдың арқасында біз экономикалық жүйені өзгерту процесін жеделдете алдық. Бірақ та дамудың қазіргі динамикасына қол жеткізуге энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағаның артуы ғана ықпал етіп қойған жоқ. Бұл экономикалық өзгерістердің нәтижесі. Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасты.

Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның тиімділігін көтерді. Самсунг және Қазақмыс корпорациялары саланың дамуына 1 833, 5 млн жұмсады. Бұл 2000 жылы ақ шақпақ мыс шығару жөніндегі 1990жылғы деңгейден 9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мыс өңдірудің көлемі бұрынғы жылдардың үздік көрсеткіштерінен асып түсті. Испат Қармет өндірістің дамуына 500 млн. доллардан астам жұмсады. Қарметкомбинат металдармен және полимерлермен қапталған металл табақшалар шығарудың қуатты индустрияландыру кезеңінен өтті.

Қазхром мен Қазалюминий 537, 2млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады. Нақ осы салалар бүгінде ел бюджетін негізгі толықтырушылардың бірі.

2. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒЫТ - БАҒДАРЫ.

2. 1 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Қазақстанда инвестициялық қызмет қаржыландыру ішкі және сыртқы қайнарларының ұдайы өндіріс процесі дамуына бағытталған . Мемлекет шетел капиталына мүмкіндігінше бет алады.

Бұл позицияны Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрақты қолдайды, «біздің мақсатымыз- дүниежүзілік бірлестікте Қазақстанда инвестицияға тартымды орын беру, оған инвесторларды белсенді тарту » деп атап өтті [4. 87]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялар - экономикалық дамудың ресурстары
Инвестицияның экономикадағы рөлi және шетелдік инвестициялар
Ақшаға деген сұраныс
Инвестициялар экономикалық дамудың ресурстары ретінде
Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты
Пайыз және кәсіпкерлік табыс
Қазақстандық өнеркәсіптік корпорациялардың инвестициялық саясаты
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару туралы
Ел экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар
Ел экономикасындағы шетелдiк инвестициялар мен компаниялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz