Банк қызметін реттеу және қадағалау
КІРІСПЕ 3
1 БАНК ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
2 БАНК ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 8
3 БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 16
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22

КІРІСПЕ
Банктік бәсекелестік ұлғаймалы күшейіп келе жатқан жағдайында Қазақстан экономикалық қатынастардың жаңа деңгейіне көшуде. Осы орайда банк қызметін реттеу саясатын ауыстыруға және құзіретті органның банктік қадағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкес екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау қағидаттарына қойылатын талаптарды мақсатты бағытты күшейтуге объективті қажеттілік туындап отыр.
Өткен жүз жылдықтың 90-жылдарынан еліміздің банк жүйесінің қалыптасуынан бері Қазақстан бақылау бойынша Базельдік комитеттің капитал тұрғысындағы Келісімдеріне, Еуропалық экономикалық қауымдастықтың Банктік комиссиясының банктік тәуекелдерді реттеу қағидаларына және өзге де халықаралық келісімдерге қосылды. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасында біздің еліміздің ерекшелігіне орай Базель-2-нің негізгі ережелері, яғни капиталға санды талаптар, реттеуші органдардың қадағалауы, нарықтық тәртіп қолданылуда.
Қазақстанның банк жүйесі 2012 жылы әлемнің көптеген дамыған елдерімен ТМД елдерінің ішіндегі ең мықтыларының бірі ретінде танылды, бұл реттеуші органдардың, яғни Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу бойынша Қазақстан Республикасы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің үйлестірілген жұмысын куәландырады.
2013 жылы басталған әлемдік қаржы дағдарысы халықаралық қаржы нарықтарына кері әсерін тигізді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып ғаламдық дағдарыстың салдарын сезінді, және де ол банк секторын ерекше шарпып өтті.
Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу бойынша Қазақстан Республикасы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен көрініс тапқан қадағалаушы органдар әлемдік қаржы дағдарысының пайда болуының алғашқы сипаттарына жеткілікті түрде белсенді және жылдам әрекет еткен жоқ, бұл әрине, оның банк қызметіне әсер ету көлемдеріне септігін тигізді.
Бұл жағдайларда бірінші кезекте әлемдік қаржы дағдарысының әсер етуі турасындағы банктік реттеудің қолданылып отырған механизмдерін өзгерту мен жетілдіру мәселелері туындайды.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу бойынша Қазақстан Республикасы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі тарапынан қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша бірлескен әрекеттері жасалды, «Қаржылық тұрақтылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және өзге де бағдарламалық құжаттар қабылданды. Сонымен бірге банк жүйесін реттеу мен тәуекелдерді басқарудың жүйесін ауыстыру, Қазақстан экономикасындағы соңғы өзгерістерді есепке ала отырып, банктік реттеу мен қадағалау механизмін түзету қажеттілігі туындап отыр.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Банковское дело / Под. ред. О.МЛаврушина. – М: Финансы и статистика, 2010 – 576 с.
2. Журналы: «Банки Казахстана» №1,2,6,7,8,11; «Вестник КазНу» 2011 -2012.
3. Ақша, несие, банктер Ғ.С.Сейітқасымовтың жалпы ред – Алматы: Экономика, 2011-465 бет.
4. Банки и банковские операции: Учебник/Под ред. проф. Е.Ф.Жукова – М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2003.- 600с.
5. "Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР ҰБ Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы №74 қаулысы
6. ҚР ҰБ Басқармасының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №383 қаулысы
"Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелер» негізгі заң актілері 2013 жылғы 1 мамыр.
9. www.afn.kz
10. «ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010 жылғы қызметінің нəтижелері туралы»
11. Маркова О.М. «Коммерческие банки и их операции» / М: Банки и биржи, 2009.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 БАНК ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4
БАНК ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
8
3 БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
16
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
КІРІСПЕ
Банктік бәсекелестік ұлғаймалы күшейіп келе жатқан жағдайында
Қазақстан экономикалық қатынастардың жаңа деңгейіне көшуде. Осы орайда банк
қызметін реттеу саясатын ауыстыруға және құзіретті органның банктік
қадағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкес екінші деңгейлі банктер қызметін
қадағалау қағидаттарына қойылатын талаптарды мақсатты бағытты күшейтуге
объективті қажеттілік туындап отыр.
Өткен жүз жылдықтың 90-жылдарынан еліміздің банк жүйесінің
қалыптасуынан бері Қазақстан бақылау бойынша Базельдік комитеттің капитал
тұрғысындағы Келісімдеріне, Еуропалық экономикалық қауымдастықтың Банктік
комиссиясының банктік тәуекелдерді реттеу қағидаларына және өзге де
халықаралық келісімдерге қосылды. 2012 жылдан бастап Қазақстан
Республикасында біздің еліміздің ерекшелігіне орай Базель-2-нің негізгі
ережелері, яғни капиталға санды талаптар, реттеуші органдардың қадағалауы,
нарықтық тәртіп қолданылуда.
Қазақстанның банк жүйесі 2012 жылы әлемнің көптеген дамыған елдерімен
ТМД елдерінің ішіндегі ең мықтыларының бірі ретінде танылды, бұл реттеуші
органдардың, яғни Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу бойынша
Қазақстан Республикасы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
үйлестірілген жұмысын куәландырады.
2013 жылы басталған әлемдік қаржы дағдарысы халықаралық қаржы
нарықтарына кері әсерін тигізді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде
алғашқылардың бірі болып ғаламдық дағдарыстың салдарын сезінді, және де ол
банк секторын ерекше шарпып өтті.
Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу бойынша Қазақстан
Республикасы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен көрініс
тапқан қадағалаушы органдар әлемдік қаржы дағдарысының пайда болуының
алғашқы сипаттарына жеткілікті түрде белсенді және жылдам әрекет еткен жоқ,
бұл әрине, оның банк қызметіне әсер ету көлемдеріне септігін тигізді.
Бұл жағдайларда бірінші кезекте әлемдік қаржы дағдарысының әсер етуі
турасындағы банктік реттеудің қолданылып отырған механизмдерін өзгерту мен
жетілдіру мәселелері туындайды.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қаржы нарықтары мен қаржы
ұйымдарын реттеу бойынша Қазақстан Республикасы агенттігі мен Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі тарапынан қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша
бірлескен әрекеттері жасалды, Қаржылық тұрақтылық туралы Қазақстан
Республикасының Заңы және өзге де бағдарламалық құжаттар қабылданды.
Сонымен бірге банк жүйесін реттеу мен тәуекелдерді басқарудың жүйесін
ауыстыру, Қазақстан экономикасындағы соңғы өзгерістерді есепке ала отырып,
банктік реттеу мен қадағалау механизмін түзету қажеттілігі туындап отыр.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметтерінің біріне - екінші
деңгейдегі коммерциялық банктердің қызметтерін қадағалау және реттеу
жатады. Екі деңгейлі банктік, жүйе жағдайында Ұлттық банкінің негізгі
мақсатының бірі - бұл банктік қызметті макроэкономикалық деңгейде басқару
процесін ұйымдастыру еліміздегі банктердің және басқада қаржы-несие
институттарының қызметтерін реттеу, банктік, және ақша жүйелерінің қызмет
етуінің тұрақталығын ұстап отыру болып табылады.
Ұлттық банк банктік қызметтерді қадағалау және реттеу кезінде тікелей
(әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерді қолданады.
Банктік қызметтерді реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банкінің
айналыстағы ақша массасын басқару үшін қолданылатын қызметтері жатады
(несие беру және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар). Банктік
қызметтерге әсер етудің мұндай жанама жолдары икемдірек және тезірек болып
келеді.
Бір деңгейлі жоспарлы-орталықтандырылған банктік жүйе кезінде банктік
қызметті қадағалау және реттеудің әкімшілік әдістері басым болды. Ал екі
деңгейлі нарықтық типтегі жүйелерге экономикалық әдістердің басым болуы
тән.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы да негізінен осы
әдістерге сүйенеді.
Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктермен қарым-қатынастары келесі
қағидаларға сүйене отырып қалыптасады:
Ұлттық банк:
- банктік тораптың кызмет етуіне жалпы жағдай жасауға және шынайы
банктік бәсеке қағидаларын орнатуға өз септігін тигізеді;
- банк қызметтерін заңға сәйкес реттейді (әкімшілік және экономикалық
әдістемелері арқылы);
- ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында банк
қызметтерін қадағалайды;
- банктердің шұғыл қызметіне араласпайды. Коммерциялық банктер өз
қызметі барысында Ұлттық банкінің заңдары мен ережелеріне сүйенеді. Ұлттық
банк және коммерциялық банктер бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.
Ұлттық банк міндеттеріне лицензиялау және лицензияны қайтып алу,
жарғыны тіркеу және банктерді тіркеуді жүргізу (Қазақстан аумағында
орналасқан банктерді), сонымен қатар, "Қазақстан Республикасы банктері және
банктік қызметтері туралы" Заңға сәйкес банктерді қадағалау кіреді. Осы
мақсатта Ұлттық банк:
- банктің құрылтайшыларын (акционерлерін), олардың бекіткен шектен
асқан акциялар көлемін, иемденуіне, иелік етуіне, басқаруына бақылау
жасауға;
- банктің басқару орындарына кандидаттардың іскерлік жарамдылығын
анықтауға;
- банктердің және олардың филиалдарын тексеруге, соның ішінде, орнында
немесе аудиторлық ұйымды шақыру арқылы, өзінің бақылау және қадағалау
қызметтерін дұрыс жүзеге асыру үшін керекті ақпаратты алуға құзыретгі.[1]
Банктер Ұлттық банкінің шешімдерін орындамаған жағдайында, оларға айып-
пұлдық жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
Банк қызметтерін реттеу, сонымен қатар, коммерциялық банктердің
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың несие берушілері мен
салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк банктер үшін келесі
пруденциалдық нормативтерді белгілейді:
- жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
- меншікті қаражаттарының жеткіліктілік коэффициенте
- баланстың өтімділік көрсеткіштері;
- Ұлттық банкіде орналастырылған міндетті резервтер мөлшері;
- бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
- банктің құрылтайшыларына, акционерлеріне, жарғылық капиталында банк
қатысатын заңды тұлғаларға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
- ашық валюталық позиция лимиттері.
Ұлттық банк бекітетін пруденциалдық нормативтер еншілес банктерге,
банктік бірлестіктерге және өзінің күнделікті балансы бар олардың
филиалдарына да қолданылады.
Қазақстан Республикасында инфляция процестерін ақша-несиелік реттеу
әдісімен тоқтату мүмкін емес жағдайда, Ұлттық банкіге қоммерциялық
банктердің несиелік салымдарына шек қою және сол операциялар бойынша
мөлшерлемені өзгертуге құқық беріледі.
Ұлттық банк директивті сипаттағы, яғни барлық коммерциялық банктердің
орындалуы міндетті нормативтерді және банктердің қызметтері мен қаржылық
жағдайын талдайтын бағалау нормативтерін қолданады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк банктік қызметті қадағалау және
реттеу барысында клиеттердің мүмкін болатын шығындарын жабуға арналған
міндетті сақтандыру қорларын құру тәртібін анықтайды. Аталған қорлар
банктердің табыстары есебінен қалыптасады.
АҚШ-тық федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің
орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның
ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр. ФРЖ
өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша-басқа елдердің орталық
банктерінен өзгешеленеді.
ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі -
жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс
орталықтандырылуын болдырмау. Осы-дан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк
бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің
басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқыктық
мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер
жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер
формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары
коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыған
қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері
және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік
мекемелерінің қатарына жатады.
ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады - Басқарушылар кеңесі; 12
федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше-банктері. Одан баска
ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Ферералдық комитеті (АНФК) және
Федералдық консультативтік кеңес. Барлық акша және банк жүйелерінің өзегі -
ФРЖ-нің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы
басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің
мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі - 14 жыл, әр екі
жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі
үшін, жоғары маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.[2]
Басқарушылар Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мәселелерін шешеді
және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік
банктердің үш негізгі белгісі болады:
1) олар орталық банктер болып саналады;
2) квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді;
3) "банктердің банкісі"
Федералдық резервтік банктер - "банктердің банкі", өткені олар орталық
банктің барлық қызметін орындайды. ФРЖ-нің жұмысында АНФК маңызды роль
атқарады. OJI ақша және қаржы нарығы арқылы коньюнктураға әсер етудің
негізгі оперативті органы болып табылады. On ФРЖ есебінен мемлекеттік
облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді.
Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал
басшылары-нан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп,
банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.
Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9
директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше-банктер округынан, 3-
і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және
өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі
қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау,
коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету
және т.б. атқарады. Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26
шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875 ж.) пен
Неміс жер банкі (1948ж) болған. Банк капиталы - 290 млн неміс маркасы
толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кенсесі Франфурт-на-Майне қаласында
орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер
мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.[2]
Банкілердің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың
депозиторларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
ақша-несие жүесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкілетті орган
банкілердің қызметін реттеуді, соның ішінде:
- күдікті және сенімсіз активтерге қарсы провизияларды қоса,
пруденциалдық қалыптарды және банкілер сақтауға міндетті басқа да нормалар
мен лимиттерді белгілеу;
- банкілер орындауға міндетті нормативтік құқықтық құжаттарды
басып шығару;
- банкілердің қызметін инспекциялау;
- банкінің қаржы жағдайын сауықтыру жөнінде ұсыныстар беру;
- банкілерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудің
шектеулі шараларын қолдану;
- банкілерге санкциялар салу арқылы реттеуді жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да,
шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады.
Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкілетті орган белгілейді.
Банкілердің қызметін инспекциялауды уәкілетті орган дербес не басқа
ұйымдарды қатыстыра отырып жүргізеді.[3]
Инпекциялауды жүзеге асырушы адамдар банкілердің қызметін тексеру
барысында алынған және банкілік не коммерциялық құпия болып табылатын
мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттері мен корреспонденттері
банк шоттарының бар екендігі, олардың иелері мен нөмірлері туралы, сол
есепшоттар мен банкінің өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы
туралы, банк операциялары туралы сондай-ақ банкінің сейф жәшіктерінде,
шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүліктерінің бар
екендігі, олардың иелері, сипаты мен құны туралы мәліметтер кіреді.
Таратылу процесіндегі банк берген несиелер туралы мәліметтер банк
құпиясына жатпайды.[4]
Банкілер өз депозиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің
операциялары мен депозиттері жөніндегі құпияға, сондай-ақ банкілердің сейф
жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүліктердің
құпиясына кепілдік береді.
2 БАНК ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Банкілердің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және
заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен, сондай-
ақ өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелері бойынша Қазақстан
Республикасының заң құжаттары мен Президентінің Заңдары негізінде және
оларды орындау үшін шығарылатын уәкілетті органның, Ұлттық Банктің
нормативтік құқықтық құжаттарымен реттеледі.
Уәкiлетті орган банк қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру
мақсатында:
1.Жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктік холдингтiң iрi
қатысушысы мәртебесiне ие болуына, банктердiң еншілес ұйым құруына және ие
болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту тәртiбiн айқындайды,
көрсетiлген рұқсаттарды бередi не беруден бас тартады;
2. Банктердiң меншiк капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
3.Банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру бойынша талаптарды
белгiлейдi;
4.Банктік топтар үшiн пруденциалдық нормативтерді және сақталуы мiндеттi
өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
5. Салымдарға (депозиттерге) мiндеттi ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)
тәртiбiн белгiлейдi;
6.Активтердi және шартты мiндеттемелердi жіктеу мен оларға қарсы
провизиялар құру тәртібiн белгiлейдi;
7.Банктердiң және банктерге аудит жүргiзуге лицензиясы бар аудиторлардың
тiзiлiмiн жүргiзедi;
8. Банктiң аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заң
актілерiнде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және
осындай шара қолдану туралы шешiм қабылдайды;
9. Банк заңдарында белгіленген жағдайларда банктi консервациялау туралы
шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны)
тағайындайды;
10. Банк заңдарында белгiленген жағдайларда банк заңдарында көзделген
барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны қайтарып
алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi)
тағайындайды;
11. Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өзге де функцияларды
жүзеге асырады.[5]
Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың
депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган
банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
-күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық
қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi
белгiлеу;
-банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
-банкiлердiң қызметiн тексеру;
-банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;
-банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi
шараларын қолдану;
-банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
Банк конгломераттары мiндеттi түрде сақтау үшiн уәкiлеттi орган
белгiлейтiн пруденциалдық нормативтердiң құрамына:
-жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi;
-өз капиталы жеткiлiктiлiгiнiң коэффицентi;
-бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең көп мөлшерi енедi.
Уәкiлеттi орган халықаралық банк тәжiрибесiнде пайдаланылатын қосымша
пруденциалдық қалыптар және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен
лимиттер белгiлеуге құқылы.
Уәкiлеттi орган банк заңдарына сәйкес банктердi және (немесе) банк
холдингтерiн не олардың лауазымды адамдарын және (немесе) банк акцияларының
жиырма бес процентiнен астамын иеленетiн банктiң iрi қатысушылары - жеке
тұлғаларды пруденциалдық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi
өзге де нормалар мен лимиттердi банктiң бұзғаны үшiн жауапқа тарту жөнiнде
шаралар қолданады.
Уәкiлеттi орган банк холдингi жоқ банктерге және банк
конгломераттарына жекелеген пруденциялық нормативтер мен аталған банкке
және банк конгломератына тән тәуекел факторларының ықтимал ең жоғары
өзгерiстерi кезiнде туындайтын әлеуеттi қомақты шығындардың орнын толтыру
үшiн жеткiлiктi деңгейдегi олардың нормативтiк мәнiн белгiлеуге құқылы.[6]
Банктiң қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы
мәселенi шешу мақсатында уәкiлеттi орган белгiлi бiр күнге банк және банк
тобы капиталының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi
нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiн, белгiлi бiр күнге
шектi банк және банк конгломераты капиталының мөлшерiн, ашық валюталық
позицияларды есептеу тәртiбi мен олардың лимиттерiн, тиiстi есеп беру
түрлерi мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Банк уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген
өз капиталы жеткiлiктiлiгiнiң коэффициентiн бұзған жағдайда, банк уәкiлеттi
органға қайта капиталдандыру жоспарын жiберуi тиiс. Жоспарды бұзушылықтарды
жою жөнiндегi iс-шараларды және олардың мерзiмiн егжей-тегжейлi көрсете
отырып, өз капиталы жеткiлiктiлiгiнiң коэффициентiн бұзған күннен бастап
бiр айдың iшiнде ұсыну қажет.
Банк холдингтерi, сондай-ақ банктiң дауыс беретiн және (немесе)
орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды
қоспағанда) жиырма бес процентiнен астамын тiкелей және жанама иеленетiн
банктiң iрi қатысушылары - жеке тұлғалар уәкiлеттi органның нормативтiк
құқықтық актiлерiнде көзделген банктiң және банк конгломератының меншiктi
капиталы жеткiлiктiлiгiнiң коэффициенттерiн қолдау жөнiнде шаралар
қабылдауға мiндеттi.
Банктiң қаржылық жай-күйi нашарлаған жағдайда банк холдингi уәкiлеттi
органның талабы бойынша банктiң қаржылық жай-күйiн жақсарту үшiн шаралар
қолдануға, оның iшiнде банктiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге
жеткiлiктi мөлшерде банктiң меншiктi капиталын ұлғайтуға мiндеттi.
Банк қызметiн жүзеге асыруға байланысты залалдардың орнын жабу
мақсатында банкiлер резервтiк капитал құруға мiндеттi. Резервтiк капитал
дивидендтер төленгенге дейiн банкiлердiң таза кiрiсi есебiнен құрылады.
Банкiнiң резервтiк капиталының ең төменгi мөлшерiн уәкiлеттi орган
белгiлейдi.[7]
Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз
қызметiн бақылауды және оның сенiмдiлiгiн тиiстi дәрежеде қамтамасыз ету
мақсатында банкiлер күдiктi және сенiмсiз талаптарды бөле отырып және
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейтiн
тәртiп пен шарттар бойынша оларға қарсы провизия (резервтер) жасай отырып,
берiлген несиелер мен басқа да активтердi классификациялауды жүзеге асыруға
мiндеттi.[8]
Банкiлердiң қызметiн тексерудi Ұлттық Банк дербес не басқа ұйымдарды
қатыстыра отырып жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiне тексеру жүргiзу кезiнде
банктердiң аффилиирлендiрiлген тұлғаларының қызметiн олардың банктер
қызметiне ықпал ету дәрежесi мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге
құқылы.
Уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген
мәселелер бойынша банкiлер, сондай-ақ олардың аффилиирлендiрiлген тұлғалары
тексерушi органға көмек көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар
мен қызметкерлерге сауал-сұрақ қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн
қажеттi кез келген ақпарат көздерiн алуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банкiлердiң қызметiн тексеру
барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi адамдарға беруге тыйым
салынады.
Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банкiлердiң қызметiн тексеру
барысында алынған және банкiлiк не коммерциялық құпия болып табылатын
мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапты болады.
Банкiнiң қаржы жағдайы нашарлаған реттерде уәкiлеттi орган оның
акционерлерi алдына қаржыны сауықтыру, басшылықты ауыстыру қажеттiгi туралы
немесе:
-депозиттер қабылдауды шектеу туралы;
-жарғылық капиталды ұлғайту туралы;
-дивидендтер төлеудi тоқтатып, провизияларды ұлғайту туралы;
-жекелеген филиалдар мен өкiлдiктердi жабу арқылы, сондай-ақ қызметкерлердi
қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды азайту туралы;
-банкiнiң кез келген лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерiн мүлдем
немесе уақытша қызметтен шеттету туралы;
-жоғары тәуекел деңгейлi банк операцияларының кейбiр түрлерiн тоқтата тұру
немесе шектеу туралы ұсыныстар берудi қоса, банкiнi қайта құру қажеттiгi
жөнiнде мәселе қоюға құқылы.
Ықпал етудiң шектеулi шаралары
Уәкiлеттi органның пруденциалдық қалыптарының және сақталуға мiндеттi басқа
да нормалары мен лимиттерiнiң бұзылғанын, нормативтiк құқықтық құжаттарының
бұзылғанын уәкiлеттi орган тапқан, банкiнiң лауазымды адамдары мен
қызметкерлерiнiң оның қаржы қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ оның
депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп
төндiретiндей заңсыз әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған реттерде
уәкiлеттi орган банкiге мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн
қолдануға:
а) мiндеттеме-хат талап етуге;
б) банкiмен жазбаша келiсiм жасасуға;
в) ескерту жасауға;
г) атқарылуға мiндеттi жазбаша нұсқама беруге құқылы.
Банкiнiң мiндеттеме-хатында орын алып отырған кемшiлiктердi мойындау
фактiсi және банк басшылығының жоспарланған шаралар тiзбесiн көрсете
отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде қоятындығы туралы кепiлдемесi
болуға тиiс.
Жазбаша келiсiм - бұл анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi
туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы
банк пен уәкiлеттi орган арасындағы келiсiм.
Жазбаша нұсқама - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға
бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы банкке
нұсқау.
Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның
орындалуын тоқтата тұрмайды.
Банк мiндеттеме-хаттың, жазбаша келiсiмнiң немесе жазбаша нұсқаманың
осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалғаны туралы уәкiлеттi органды
хабардар етуге мiндеттi.
Егер орын алып отырған кемшiлiктер Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде
жойылмаған немесе уәкiлеттi орган банктiң Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда, жазбаша ескерту осы Заңның 47-
бабында көзделген санкцияларды банкiге қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi
органның хабардар етуi болып табылады.
Ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның
нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Осы бапта келтiрiлген шаралар, егер уәкiлеттi орган осы тұлғалардың,
оның лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерiнiң жолсыздықтары, заңсыз
әрекетi немесе әрекетсiздiгi банктiң қаржылық жағдайын нашарлатқанын
анықтаса, банктiң iрi қатысушыларының, банк холдингiнiң, сондай-ақ банк
конгломератының құрамына кiретiн ұйымдардың аффилиирленген тұлғаларына
қатысты да қолданылуы мүмкiн.
Ұлттық Банк реттелуi өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан
Республикасы заңдарының талаптарын бұзу анықталған жағдайда, банкке немесе
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ықпал ету
шараларын қолдануға құқылы.
Уәкiлеттi орган төменде көрсетiлген негiздер бойынша банкiге бұрын
қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оған санкциялар қолдануға
құқылы.
Санкциялар ретiнде уәкiлеттi орган мынадай шаралар қолдануға:
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша
айыппұл салуға;
-белгiленген негiздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын
жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не оны қайтарып алуға;
- белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша банкiнi консервациялауға;
- көзделген негiздер бойынша банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуға
құқылы;
- банктiң меншiктi капиталының терiс мөлшерi болған жағдайда негiздемелер
бар болса, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банк
акцияларын (акционерлердiң үлесiн) уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша
акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi
түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz